Кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі

Кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі

  Мойынқұм ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі бойынша 2018 жылдың қаңтар –ақпан айларында атқарылған жұмыстар туралы хабарлама

КӘСІПКЕРЛІК

Ауданда 2018 жылдың қаңтар –ақпан айларында барлығы 1703 шағын және орта бизнес субъектілер саны  (шаруа қожалықтар 587) тіркелген, олардың 96 шағын кәсіпкерлік субъеті болса (ЖШС- жауапкершілігі шектеулі серіктестер), 1021 субъекті жеке кәсіпкер болып тіркеліп отыр.

2018 жылдың қаңтар –ақпан айларында  барлық шағын және жеке кәсіпкерлік саласы бойынша өндірілген өнім, көрсетілген қызмет, жасалған жұмыс көлемі 209,3 млн. теңгені құрап, былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырсақ  109,8 пайызды құрап (2017 жыл – 195,7 млн.тң),  13,6 млн. теңгеге өнім артық өндірілген, сондай –ақ,  бюджетке түскен салық көлемі  26,8 млн.теңгені құрап отыр.

Шағын кәсіпкерлік

2018 жылдың қаңтар айында ауданда 96 шағын кәсіпкерлік субъектілер тіркелген болса, олардың ішінара  жұмыс істеп тұрғаны   71 субъекті,  яғни 73,9 % құрап отыр. Оларда  2018 жылдың қаңтар  – ақпан айларында 137,2 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, 2017 жылдың осы мерзімімен салыстырсақ  103,8 % артып отыр (2017 жыл – 132,1 млн.теңге). 2018 жылдың 2 айында шағын кәсіпкерлік субъектілерден  бюджетке түскен салық көлемі 15,8 млн. теңге құрады,        аудандық кірістер басқармасының мәліметі бойынша           2018 жылдың 2 айында жұмысшылар саны 201 адамды құрады.

Жеке кәсіпкерлік

Ауданда 2018 жылдың қаңтар ақпан айларында 1021 жеке кәсіпкер тіркелген, оның ішінде 872 жұмыс істеп тұр, яғни 85,5 % құрап отыр. 2018 жылдың қаңтар -ақпан айларында 72,1  млн. теңгенің өнімі өндіріліп, 2017 жылдың осы мерзімімен салыстырсақ  113,2 % артып отыр (2017 жыл қаңтар айында – 63,7 млн.теңге). 2018 жылдың қаңтар –ақпан айларында жеке кәсіпкерлік субъектілерден    бюджетке түскен салық көлемі 11,0 млн. теңге құрады, аудандық кірістер басқармасының мәліметі бойынша 2018 жылдың қаңтар –ақпан айларында жұмысшылар саны 91 адамды құрады.

 «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы

«Бизнестің жол картасы-2020» біріңғай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында аудан бойынша 2012 -2017 жалпы сомасы 1449,9 млн теңгені  құрайтын 11 жоба жүзеге асырылды. Бағдарламаның   1 бағыты- «Жаңа бизнес-бастамаларын қолдау» сыйақы мөлшерлемесінің бөлігін субсидиялау тетігі бойынша жалпы сомасы 69,9 млн. тенгеге 8 жоба, Инфрақұрылымды дамытуға 1377 млн.теңгені құрайтын 2 жоба болса, грантқа ие болған 3,0 млн теңгеге 1 жоба жүзеге асырылып отыр.

2017 жылы ауданда жалпы сомасы 40  млн. теңгені құрайтын құрайтын 2 жоба бағдарлама аясында қолдауын тапты, атап айтсақ, олар Мойынқұм ауылының жеке кәсіпкері Даулетбакова Бахыткүл нан өнімдері қызметін кеңейтуге, нан өнімі түрлерін ұлғайтуға 5 млн.теңге «Қазақстан халық банкі» АҚ-ы арқылы несие қол жеткізіп және ол несиені мемлекет тарапынан субсидиялауға оң шешімін алды, яғни банк несиені 19 % берсе, оның 10 % мемлекет кәсіпкерге қайтарып береді. Екінші жоба, ол ауданымыздың аймағынан өтетін республикалық маңызы бар «Меркі-Шу- Бурыбайтал» автожолына құрылыс жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отырған «Аркантас» ЖШС-гі «Forteleasinq» АҚ-ы арқылы 16 пайызбен лизингке 35,6 млн тенгеге асфальт төсегіш техника алып, 10 пайыздық мемлекеттік қолдау тауып отыр.

 Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері бойынша жаңа жобалар

  1. Мирный кентінде гранит тасын өндіру мақсатында «Туран Инвест» ЖШС-гі жұмысын бастағалы отыр (бас құрылтайшы Ақмола облысында тіркелген) , жер қойнауын пайдалануға рұқсаттары алынған, маусым айында Мойынқұм ауданына тіркеліп, филиалын ашты.
  2. 2. ГРЭ-21 ауылында «Оргстрой» ЖШС-гі жаңадан екі гранит тасын өндеуге арналған цех құрылысы аяқталып, 6 желтоқсан күні Елбасының қатысуымен телекөпір арқылы салтанатты түрде ашылды.
  3. Шығанақ ауылында республикалық маңызы бар автожол бойында «KazStar Сonstruсtion kompani» ЖШСгі кемпинг құрылысы аяқталып, жолаушыларға толық қызмет көрсетуде. Кемпинг құрамына жанар – жағар май станциясы, дүкен, қонақ үй, техникалық қызмет көрсету орталығы кіреді.
  4. Бірлік ауылында Шу-Бурыбайтал автожол бойында халыққа қоғамдық тамақтандыру көрсету саласында тойхана құрылысы аяқталып, халыққа қызмет көрсетуде.
  5. Бірлік ауылында жылыжай құрылысы аяқталып, көкөніс өсірумен айналысып, аудан жұртшылығын өніммен қамтуда.
  6. Мойынқұм ауылында жеке азамат тарпынан халыққа қызмет көрсету орталығының құрылысы жүргізілуде, ол жерде болашақта вулканизация, жөндеу жұмыстары және дүкен жұмыс жасайды. Құрылыс жұмыстары аяқталу үстінде.
  7. Мойынқұм ауылында Амангелді көшесінің бойында компьютерлік қызмет көрсету офисінің құрылысы аяқталып, жұмысып бастап кетті.
  8. Мыңарал ауылында жеке кәсіпкер наубайхана құрылысын аяқтады.
  9. 10. Мыңарал аудында орналасқан «Рудгормаш» ЖШС –гі жұмысын басталғалы отыр.

Туризм

Бүгінгі таңда аудан аумағында 45 археологиялық, 46 сәулет және 6 тарихи және монументальді өнер ескерткіштері барлығы 97 нысан есепте тұр.

Аудан әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің ұсынысы:

Маршрут 1.  (2 күн) Ұланбель, Қарабөгет ауылдық округтері аймағы

Тараз қаласыҰланбелауылдық округі – Құралай сұлудың кесенесі –Қаракөл, Шу өзені жағаларында демалыс орындары – балықшылар үйі (рыбачий домик) балық аулау, құс ату – Қарабөгет ауылдық округі –Айжігіт кесенесі – Қоскүмбез –Төлеубек кесенесі (Кемпірбай шебердің жұмыстары) –Мойынқұм ауылдық округі – Ж.Қуанышбаевтың музейі-  Қ.Рысқұлбеков  аллеясы – батырлар аллеясы  – Күшаман ауылдық округі – Қырбас мазары – Бірлік ауылдық округі – Қ.Рысқұлбековтың музейі – Биназар батырдың ескерткіші – Тараз   қаласы

Маршрут 2.  (2 күн)

Тараз қаласыБірлік ауылдық округі – Қ.Рысқұлбековтың музейі – Биназар батыр ескерткіші – Хантау ауылдық округі  – Биназар батырдың мавзолейі «Хан таулары» молалар – Хан қорасы  – Хан тағы –  Құландарды қырған орлар – Сұңқар шоғысы – Тараз   қаласы

Маршрут 3.  (2 күн) Демалу маршруты

Тараз қаласы Шығанақ ауылдық округі Балхаш көлінің жағасы- демалыс орындары – балық аулау, құс ату, аң аулау, қайықпен серуендеу, су айдынындағы спорт ойын түрлері,  тағы да басқа ойын сауық түрлері.

Мыңарал  ауылдық округі – Балхаш көлінің жағасы- демалыс орындары – балық аулау, құс ату, аң аулау, қайықпен серуендеу, су айдынындағы спорт ойын түрлері,  тағы да басқа ойын сауық түрлері.

Сонымен қатар, жоғарыда аталған тарихи және мәдени ескерткіштерді  ескере отырып, маршрут жобаларын Тараздан келген турфирмаларға ұсыну

 

 

Үдемелі индустриалдық – инновациялық  дамыту бағдарламасы (Индустриалдық карта) 2010 – 2014 жж.

Аудан бойынша  Республикалық индустриалдық картасына (2010-2014 жж) енгізілген жалпы құны – 51,9 млрд. теңгені құрайтын  4 жоба қазіргі таңда жемісті жұмыс істеп келеді:

  • «Мыңарал Тас Компани» ЖШС-гі (Мыңарал цемент зауыты), жалпы құны 34,9 млрд теңгені құрайтын, жылдық қуаты 1,4 млн.тонна цемент шығару;
Заттай өндірілген өнім көлемі

(мың тонна)

Ақшалай өндірген өнім көлемі (млн тң)
                                                      БОЛЖАМ
2017 жыл

3 ай

2018 жыл

3 ай

 

+: – 2017 жыл

3 ай

2018 жыл

3 ай

%
104,1 163,1      +59,0 1364,0 2025,3 148,5

Осы өнімді шығаруға 600-ға жуық адам жұмылдырылып, тұрақты жұмыс орындармен қамтылып отыр, компанияның өзінде 231 адам жұмыс істеуде, оның ішінде 50 (21%) адам Мойынқұмдықтар, орташа жалақысы 155000 теңгені (өздерінен алынған мәлімет бойынша) құрайды.  Зауыт соңғы модификациядағы құрал-жабдықтармен жабдықталған. 2018 жылдың қаңтар- ақпан айларында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі – 89,8 млн.теңге құрап отыр, оның ішінде  құрал-жабдықтар сатып алу– 89,8 млн.теңге.

  • «Хантау цемент зауыты» жоба инициаторы «ACIG» акционерлік қоғамы, жалпы құны 8,3 млрд. теңгені құрайтын, жылына 500,0 мың тонна цемент өндіру;
Заттай өндірілген өнім көлемі

(мың тонна)

Ақшалай өндірген өнім көлемі (млн тң)
БОЛЖАМ
2017 жыл

3 ай

2018 жыл

3 ай

 

+: – 2017 жыл

3 ай

2018 жыл

3 ай

%
70,4 43,0 -27,4 684,6 266,5 38,5

2014 жылы бұл жоба іске қосылып, бүгінгі таңға 250 адамды тұрақты жұмыс орындармен қамтамасыз етіп, оның ішінде  аудан жұртшылығы – 130 адам құрап отыр (52,0%). Орташа жалақысы 140000 теңгені құрайды.

  • «Альбасар» ЖШС гі сот шешімімен банкрот деп танылды.
  • «Ақбақай алтын алу фабрикасын қайта жаңарту» жобасы жылына 1,0 млн.тонна кен шығаратын, жалпы құны 8,1 млрд. теңге. Қазіргі таңда кәсіпорында 1019 адам тұрақты жұмыс істеуде, оның ішінде Мойынқұмдықтар 461 адам, яғни (45,2 %) құрайды.
Заттай өндірілген өнім көлемі

(кг)

Ақшалай өндірген өнім көлемі

(млн тң)

БОЛЖАМ
  2017 жыл

3 ай

2018 жыл

3 ай

 

+: – 2017 жыл

3 ай

2018 жыл

3 ай

%
Алтын 133 149 +16 3683,3 3454,1 93,7
Күміс 23 29 +6
Өндірілген кен 53,9 46,6 -7,3 2157,5 1686,0 78,1

2018 жылдың қаңтар – ақпан айларында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі – 528,2 млн.теңге құрап отыр, оның ішінде құрылыс-монтаж жұмыстарына – 88,2 млн.тң, машиналар, құрал-жабдықтар сатып алу, жабдықтар – 440,0 млн.тң. Орташа жалақысы 217680 теңгені құрайды  (қаңтар айы).

5) Мыңарал ауылында орналасқан Мыңарал балық зауыты, инициаторы «Мыңарал компаниясы» ЖШС 2013 жылы аумақтық индустриалдық картасына ұсынған, жалпы құны 600,0 млн.теңгені құрайтын, жылына 1,5 мың тонна балық өндейтін, зауыт құрылысы 2014 жылдың желтоқсан айында аяқталып, жүзеге асырылған жоба.  Зауытта  балық етінен филе, котлет, балық фаршы жасалады және кептірілген балық өндіріледі. Осы жұмыстарға жергілікті халық арасынан жұмысшылар қабылданып, қазіргі таңға зауытта        56 адам жұмыс істеуде, оның ішінде Мойынқұмдықтар 54 адам, яғни (96,4 %) құраса, орташа жалақысы 38060 теңге болып отыр. (желтоқсан мәлімет). 2017 жылы Өндірілген өнім шет мемлекеттерге экспортталады, қаңтар-желтоқсан айларында барлығы 235,3 млн. теңгені құрайтын 295,4 тонна өнім Ресей мемлекетіне экспортталды. 2017 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі – 66,6 млн.теңге құрап отыр, оның барлығы құрал-жабдықтар сатып алуға арналған.

Заттай өндірілген өнім көлемі

(тонна)

Ақшалай өндірген өнім көлемі (млн тң)
БОЛЖАМ
2017 жыл

3 ай

2018 жыл

3 ай

 

+: – 2017 жыл

3 ай

2018 жыл

3 ай

%
88,0 37,0 -51,0 38,0 2,7 7,1

2015-2019 жж. арналған Үдемелі индустриалды – инновациялық бағдарламасы аясында және Инвестиция тарту барысында

атқарылып отырған жұмыстар.

Ауданда 2015-2019 жж.аймақтық кәсіпкерлік картасына жалпы сомасы 3,1 млрд теңгені құрайтын 3 инвестициялық жобалар жоспарланып, аймақтық индустриалдық қартаға енгізілді, олар:

2015 жылы

  1. Мирный ауылында Шолпан станциясында «Казгранит» ЖШС-гі жалпы сомасы 200 млн.теңге, жобаның жылдық қуаты – брусчатка 30 000 кв.метр, гранит блоктары 6000 кв.метр, ақшаға шаққанда 462 млн теңгені құрайтын жоба болашақта граниттен брусчатка, поребрик және плита өнімдерін өндіруге бағытталған. Жоба 2015-2018 жж жүзеге асырылып, тұрақты 40 жаңа жұмыс орындары ашуды жоспарлаған болатын. Жоба жүзеге асырылу үшін  қажетті жер телімі бөлініп, жоба орналастырылатын жерде бүгінгі таңға ірге тасы қаланып, қажетті құрылыс материалдары жеткізілген. Бүгінгі күнге қаржы тапшылығына байланысты жоба жүзеге асырылмауда. Сондықтан, аудан әкімдігі тарапынан Өңірлік үйлестіру кеңесіне жобаны Өңірлік кәсіпкерлік картасынан алу жөнінде ұсыныс жасалған болатын, үстіміздегі жылдың 12 наурызда өткен кеңес отырысының №4 хаттамасымен ұсыныс қанағаттандырылып, жоба картадан алынды.

 

  1. Ақсүйек ауылында орналасқан «Ер – тай» ЖШС– гі – жалпы құны 1,2 млрд.теңгені құрайтын, Ақсүйек байыту фабрикасын модернизациялау және жаңғырту жұмыстары арқылы флотациялық – гравитациялық байыту фабрикасына айналдыру жобасы аймақтық кәсіпкерлік картасына енгізіліп, іске асырылуда. Жобаның жылдық қуаты 300 мың тонна кен өндіру болса, одан       18,0 мың тонна мырыш және қорғасын концентратын өндеу болса, ақшалай 6974 млн. теңгені құрайды. 2015 жылдың желтоқсан айына дейін фабрикада реконструкция жұмыстары жүргізіліп, өндірістік қуаттарды бірінші сынамалы тексерістен өткізілді, фабрикада негізгі технологиялық құралдардың монтаж жұмыстары аяқталған, фабрикаға және Ақсүйек ауылының халқына қажеттілік ететін ауыз су жүйесіне де жөндеу жұмыстары жүргізілді, сонымен қатар, фабриканы электр қуатпен қамтамасыз ету жұмыстары аяқталды. Кәсіпорынның берген мәліметі бойынша жобаның жалпы сомасының 15% игерілді, яғни 180 млн.теңге. Техникалық регламент бойынша кен құрамында қорғасынның көлемі 8% болу керек , ал «Родниковое» кен орнының кені оған сәйкес келмегендіктен фабрика басшылығы Шу ауданына қарасты «Дружное» кен орнын алу жұмыстарын жүргізуде, бұл бағытта кәсіпорын тарапынан қажетті жұмыстардың барлығы жүргізіліп, 2018 жылдың I жартыжылдығына дейін кен орнына контракт алу жұмыстары аяқталуын күтуде. Сондықтан, аталған жоба 2018 жылы іске қосылып, фабрика мен кен орны өз жұмысын бастайды деп жоспарланып отыр.

 

2016 жылы

  1. «Оргстрой» ЖШС-гі – Мирный ауылдық округінде ГРЭ-21 ауылында орналасқан гранитті өндіру мақсатында жоба құны 1,7 млрд. теңгені құрайтын жаңа инновациялық технологияларды пайдалану тәсілдерін қолдануды және гранит өндеу цех құрылысы жүзеге асыру жобасын ұсынып, іске асыруда.

Аталған кәсіпорын аудан көлемінде 17 жылдан бері жұмыс жасап келеді, егер 2015 жылға дейін кәсіпорын тек гранитті өндіру жұмыстарымен айналысса, бүгінгі таңға гранитті өндеумен айналысып, бордюр, плита, поребрик сияқты құрылыс материалдарын шығарып келеді. Индустриалдық жоба ретінде бүгінгі күні толықтай құрылыс жұмыстары жүргізілді, яғни гранит карьерінде жаңа құрал-жабдықтар орналастырылып, пайдаланылуы басталды, сондай-ақ, өндіріс базада (ГРЭ-21) 2 цех құрылысы аяқталып, цехтар жаңа құрал жабдықтармен жабдықталған. Сонымен қатар, гранит тасын өндеу үшін үнемі су айналымы тоқтамай жұмыс жасауды талап етеді, сондықтан, кәсіпорында ол мәселе толықтай шешімін тауып, Италия мемлекетінде жүзеге асырылатын тәсілді қолданып, сол мемлекеттен жаңа жабдықтар әкелініп, орнатылған.

Бүгінгі таңға аталған жобаның жоспарлаған 4 цехының 2 цехы толықтай аяқталық жұмысшыларды қабылдауға дайын болып тұр, наурыз айында бұл кәсіпорын 200-ге жуық жаңа жұмыс орындарын ашуды жоспарлап отыр.

2017 жылы 6 желтоқсан күні -индустрияландыру күні Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қатысуымен салтанатты түрде ашылды.

Сонымен қатар, «Атыналмас» акционерлік компаниясы» Акционерлік қоғамы  Елбасының 2017 жылдың 31 қаңтарда Қазақстан халқына жолдауындағы 1 басымдық «Цифрлық Қазақстан»  жеке бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Цифрлық кен орны» атты жобаны ұсынды, Елбасы бұл жоба туралы өз пікірін айтып өтті, телекөпір жүргізушілері біздің жобаны индустрия флагманы деп атап өтті.

 

Заттай өндірілген өнім көлемі

(тонна)

Ақшалай өндірген өнім көлемі (млн тң)
2017 жыл

2 ай

2018 жыл

2 ай

 

+: – 2017 жыл

2 ай

2018 жыл

2 ай

%
1200 986 -214 4,5 2,6 57,7

 

Сауда –саттық және қоғамдық тамақтандыру саласы

Аудандағы сауда нүктелері, тойхана, қоғамдық тамақтандыру орындары мен басқа да жеке кәсіпкерлік субъектілері

2018 жылдың 1 айында аудан бойынша барлығы жұмыс істеп тұрған 872 жеке кәсіпкерлік субъекті болса, оның 203-і сауда нүктелері, оның ішінде 105 азық түлік, 35 азық – түлік емес, 56 аралас тауарлар, 5 автобөлшектер  және аудан орталығында 2 құрылыс материалдарын сататын дүкендер. Сондай – ақ, барлығы 7 тойхана, оның 3-і Мойынқұм ауылында, 34 қоғамдық тамақтандыру орындары болса, оның 10 аудан орталығында, 23 басқа округтерде орналасқан. Республикалық, облыстық маңызы бар автожолдардың бойында 13 жанар жағар май станциялары орналасқан, олардың 3-і тоқтап тұр, ал 4-і Мойынқұм ауылында жұмыс жасайды.

 

III) Көтерме дүкендердегі қалыптасқан бағаларға жасалған мониторинг нәтижесі

Аудан орталығы Мойынқұм ауылында 3 көтерме дүкен жұмыс жасайды, олардың барлығы тауарларды Тараз қаласынан тасымалдайды, кейбір тауар түрлері Шу қаласындағы ірі тауар өндірушілердің филиалдарынан тасымалданады, мысалы «Маслодел», «ФудМастер», «Алматы продукт», «Прима». Аталған көтерме дүкендерден Мойынқұм, Күшаман, Қызылту, Жамбыл, Қылышбай, Қарабөгет ауылдарының дүкен иелері бөлшек саудағы сатып алады. Сонымен қатар, Кеңес, Бірлік, Биназар және жоғарыда аталған ауылдарға қосымша Шу қаласынан көтерме сауда фирмалардың өкілдері зат тасымалдайды, мысалы арақ-шарап, сусын түрлері, жуғыш және тазалағыш заттар, тағыда басқа тауарлар.

Мыңарал, Шығанақ, Ақсүйек ауылдарының кәсіпкерлері тауарды Алматы қаласынан тасымалдайды, ал Мыңарал ауылы қосымша Қарағандыдан тасымалдайды. Аудан бойынша баға әр кезде, әр түрлі қалыптасқан, себебі ауданның елді мекендері орталық базарлардан өте қашық орналасқандықтан. Дегенмен, көтерме саудамен айналысатын дүкендердің бағасы Шу қаласындағы «Сауда Сервис» орталық базарындағы бағалармен бірдей, сондықтан, ауыл тұрғындары осы дүкендерден сауда жасауда.

Бірінші сұрыпты бидай ұны

  • Биназар, Бірлік, Мойынқұм ауылдарына ұнды дүкен, наубайханаларға «Алтын сапа», «Мутлу эконом», «Ақ тоған» Қарағанды астық фирмаларының атынан автокөлікпен Шатаев Асан  тасымалдайды.
  • Тасымалданатын ұн көлемі 45-50 тонна (1 айда)
  • бүгінгі таңға ұнның орташа бағасы  5000 теңге (50 кг) – 100 теңге – 1 кг;

 

Жеке тұлғаларға Электр қуатын тарату  тарифтері

1 Жеке тұлға

 

1 адам (1 айға) 80 квт-14,41 теңге

 

80 кВ  асқан  жағдайда – 17,94 теңге
150 кВ жоғары – 22,43 теңге

 

Заңды тұлғаларға электр қуатын тарату тарифтері

Тәулік мезгілі Тариф
Заңды тұлғалар үшін: 1КВТ.сағат құны  ҚҚС-сыз, теңге

Для юридических лиц тенге  1кВт.час  без НДС

Күндізгі  тұтыну мезгілі

Зона дневного  потребления

19,10 22,28
Кешкі тұтыну  мезгілі

Зона вечернего  потребления

40,04 46,69

Мойынқұм ауданы бойынша ауыз су тарату  тарифтері туралы мәлімет

р\с атаулары  (1 текше метр)  (1 адамға )
01.01.2016ж 01.11.2017 ж
1 Жеке тұлғалар

 

22,19 теңге 70,72 теңге
2 Заңды тұлғалар

 

138,13 теңге 138,13 теңге

 

Мойынқұм ауданы бойынша жолаушы тасымалдау қызметінің

  тарифтері туралы мәлімет (жергілікті бюджеттен субсидияланатын)

р\с атаулары 1 адамға  (1 адамға )
01.11.2016ж 01.11.2017 ж
1 Мойынқұм ауылы

 

Автобекет-Орталық аурухана №1,2 маршрут

 

40 теңге

 

 

40 теңге

  ҰОС, ауған соғысы ардагерлері, 1,2 топтағы мүгедектер, Чернобыль апатына қатысушылар Тегін

 

Тегін

 

  Оқушыларға 20 теңге

 

20 теңге

 

  Студенттер 25 теңге 25 теңге
  Аудан арасында тасымалдау

 

2 Мойынқұм-Кұмөзек-Қарабөгет-Сарыөзек

 

    01.04.2017ж

 

01.11.2017ж
   Құмөзек 300 теңге

 

300 теңге
  Қарабөгет

 

400 теңге

 

400 теңге
  Сарыөзек 500 теңге 500 теңге

 

Жолаушыларды тасымалдау қызметі (такси)

Бағыты Көлік түрі Бағасы 01.01.2017ж Бағасы 01.12.2017ж
1 Мойынқұм -Тараз Маршруттық такси 1600 теңге 1600 теңге
такси 3000 теңге 3500 теңге
2 Мойынқұм – Алматы Маршруттық такси 1600 теңге 1600 теңге
  Жекеменшік маршруттық такси 2000 теңге 2000 теңге
3 Мойынқұм – Шу Такси

 

1200 теңге 1500 теңге

 

 

 

Қоғамдық монша қызметі

 

Орталық монша Ерлер Әйелдер Балаларға
Бір адам басына 500 тг 500 тг 250 тг
Жаз мезгілінде аптасына орта есеппен 15-20 адам

Қыс мезгілінде аптасына орта есеппен 50-70 адам

 

Шаштараз қызметі

  Ерлер шашын алу құны Әйелдер шашын алу құны (ең төмен бағасы) Балаларға Аптасына  келетін адам саны (жобамен) Айына қызмет көрсетілетін адам саны

(жобамен)

Шаштараз 600 тг 700тг 400 тг 320 1300

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Соңғы жаңалықтар

Телефон қабылдау

8 (00000) 0 00 00