Мәдениет бөлімі

Аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі және оған қарасты аудандық мәдениет үйі, орталық кітапхана жүйелері бойынша 2016 жылы атқарылған жұмыстарының ЕСЕБІ

 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы №110 Жарлығын және «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында       Мойынқұм ауылы,  Мойынқұм колледжінде арнайы қазақ, орыс, ағылшын тілдерінің курстары ұйымдастырылып, әр тілден оқыту жұмысы жүргізілуде.

Аталған бағдарламаны жүзеге асыруға бағытталған көптеген байқаулар мен конкурстар, іс-шаралар жүйелі өткізіліп, жеңімпаздар облыстық байқауларға қатысуда.

Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында белгіленген нысаналы индикаторлардың бірі –«ҚАЗТЕСТ» жүйесі арқылы анықталатын мемлекеттік қызмет көрсететін ұйымдардағы 200 қызметкерлердің арасында «ҚАЗТЕСТ және диктан жазу іс-шаралры өткізілді.

Бөлім бойынша аудан әкімдігінң жанынан құрылған 2 комиссия жұмыс жасайды. Тіл бағдарламасы бойынша «Ономастика комиссиясы»  және Мәдени мұра тұжырымдамасы аясында «Тарихи және мәдение ескерткіштерді қорғау комиссия» отырыстары тұрақты түрде өткізіліп тұрады.

Аудан әкімі аппараты мен оған бағынысты бөлімдердегі және ауылдық округтерінің құжат айналымы тоқсан сайын зерделеніп облыс әкімдігіне есебі беріледі. Бүгінгі күні аудан бойынша 11 айдың қорытындысы бойынша құжат айналымы кіріс құжаттары 98 пайызды құраса, шығыс құжаттары 100 пайыз мемлекетік тілде жүргізіледі.

Аудан әкімдігіне қарасты бөлімдер  -13, Ауылдық округтердегі әкімінің аппараттары-16, Облыстық басқармалар мен департаменттерге қарасты мекемелер -8, Аудан әкімдігінің білім бөліміне қарасты мектеп және балабақшалар-48, Аудандық орталық ауруханаға қарасты медециналық пунктар-16, Аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты ауылдық клубтар мен кітапханалар-38. Барлығы -139 мекеменің бүгінгі күні маңдайшалары ҚР Үкіметінің №1371 қаулысына 120-сы сәйкестендірілді.

Көше тақтайшаларын біріздендіру бойынша, облыс әкімдігінің 2010 жылғы 24 маусымдағы №192 қаулысын жүзеге асыру көше аншлагтарын бірыңғай үлгіде ілу үшін аудандық бюджеттен 2015 жылы 2 млн теңге, 2016 жылдың бірінші жарты жылдығына 600 мың теңге қаралған. Жалпы  аудан бойынша 251 көшенің 193-ші аншлагпен қамтылды.

Қалған көшелер Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министірлігінің 2016 жылғы 27 шілдедегі шығыс №13-02-32/2350 хатына сәйкеса көше атаулары мен көрсеткіштерінің (аншлаг) жазу үлгілері Республикалық ономастика комиссиясының оң қорытындысына ие болған көше тақтайшалары бойынша 2017 жылы жүзеге асырылады.

Мойынқұм ауданы бойынша жол бойында орналасқан ауыл атауы жазылған көрсеткіштерін бірыңғай үлгіде орнату үшін 5 млн 597 мың теңге қаралып бүгінгі күні орнатылуда.

 

 

Мәдениет үйі

         2016 жылдың басынан барлығы 18 мәдениет нысандары мен 1 «Зерде» бейнемобиль кешені жұмыс атқарып келеді: 1 аудандық мәдениет үйімен 17 ауылдық клуб. Олардың ішінде: Қылышбай, Күшаман, Қызылту, Кеңес, Хантау, Назарбеков ауылдық клубтары ыңғайластырылған. Оның ішінде: Назарбеков ауылдық клубы мектепте, қалғандары ауыл әкімшілігінің ішінде орналасқан. Басқа 11 клуб типтік.

 

Мәдениет үйінің кадрлық құрамы

 

Жалпы мәдениет үйінде штат бойынша 75 адам жұмыс жасайды. Оның ішінде: 20 жоғары білімді, 21 арнаулы орта білімді, 4 орта білімді мамандар бар.

Қазіргі таңда  мәдениет саласына төмендегі маман иелері жетіспейді:

  1. Хореограф
  2. прима қобызшы
  3. қылқобызшы
  4. шертер
  5. прима
  6. режиссер-2

 

      Театрлар бойынша: Аудан бойынша 2 халықтық атағы бар театрлар қызмет көрсетеді. Олар: «Мойынқұм» және «Құмөзек» халық театрлары.         

      2016 жылғы халықтық атағын қорғады. Репертуарлары: «Құдалар», «Бес бойдаққа бір той», «Құралай сұлу», «Тәлкек тағдыр», «Отырардың күйреуі», «Көгілдір такси» т.б.

 

      Аудандық мәдениет үйінің материалдық техникалық базасын нығайту мақсатында :Бүгінгі таңда «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы аясында Шығанақ ауылдық клубын күрделі жөндеуден өткізу үшін 5 млн 589 мың теңге қаражат қаралып, мемлекеттік сатып алу жүйесі бойынша «ВЕГА» ЖШС  мердігер болып  анықталып, жөндеу жұмыстары аяқталды.

Мәдениет үйінің әртістеріне киім кешек тіктіру үшін аудандық бюджеттен 750 мың теңге қаражат қаралып сапалы киімдер алынды.

Аудандық мәдениет үйінің шатырын жөндеу және сахнаның үстін жылыту жұмысына ЖСҚ дайындалып, 1 млн 800 мың теңге аудандық бюджеттен бөлінді.

Аудандық мәдениет үйінің үлкен залы сахнасына заманауи сапалы LED экран 5 млн 100 мың теңгеге мемлекеттік сатып алу жүйесі арқылы жеңімпаз анықталып орнатылды.

Сондай ақ, 1 млн 900 мың теңгеге үлкен залы сахнасына заманауи сапалы музыкалық түрлі-түсті жарықтандыру қондырғысы мемлекеттік сатып алу жүйесі арқылы жеңімпаз анықталып, қазіргі таңда келісім-шарт жасалынып жатыр.

 

      2016-2017 жылдарға клуб мекемелеріне қысқы жылыту маусымына 280 тонна тас көмір 1 млн 790 мың теңге қаралып, оның: 790 мың теңгесіне 110 тонна тас көмір 1-жарты жылдықта  игерілді.

Қалған 1млн теңгенің -170 тонна тас көмірі 4 ші жартыжылдықта игеріледі.

 

     2016 жылдың 12 айында  Мәдени-көпшілік іс-шараларды өткізу үшін аудандық бюджеттен 6 млн 600 мың  теңге қаражат бөлініп  864 іс-шара өткізіліп, оған 15984 адам қамтылды.

2016жылы Аудандық мәдениет үйінде Ж.Жабаевтың 170 жылдығына орай «Жамбыл оқулары» байқауы  өтті.    Байқауға әр елді мекендерден 18 адам қатысып,жүлделі орындарды бөліске салды.

Осы байқаудың жеңімпазы Хантаулық Мелдеш Айгерім Тараз қаласында өткен «Жамбыл оқулары» байқауынан жүлдемен оралды.

Аудандық мәдениет үйінде талантты ақын Серік Томановтың 60 жылдық мерейтойына орай «Адасып қалған ақ бөкен» атты аудандық жас ақындар мүшайрасы өтті. Бір бас жүлде,бір бірінші орын,бір екінші орын,екі үшінші орын белгіленді.  Бас жүлдені Қызылту ауылынан келген Сүйіндік Кәрім иеленсе,бірінші орынды Биназар ауылынан келген Бекжан Толымбек алды. Кеш соңы әсем әнмен жалғасын тапты.

Аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Оралхан Бөкей атындағы Көркемсөз оқу шеберлерінің аудандық байқауы өтті.

Бірінші орынды Құмөзек ауылынан келген Б.21 жасар ,жергілікті мектептің мұғалімі Б.Шайдахметов иеленді.

Аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбековтың туылғанына 50 жыл толуына орай «Жырым да сен,сырым да сен- Ер Қайрат!» атты аудандық патриоттық әндерді орындашылар байқауы өтті.  Байқауға 12 елді мекеннен үміткерлер қатысты. Бас жүлдені М.Жұмабаев орта мектебінің 9 сынып оқушысы Айғаным Дүзелбай иеленсе, бірінші орынды Құмөзек ауылынан келген Г.Искакова мен Хантау ауылынан келген Б.Шаймерден иеленді.Барлық жүлдегерлерге аудан әкімінің алғыс хаттарымен бағалы сыйлықтар тапсырылды. Қалғандары ынталандыру сыйлықтарымен ,грамоталармен марапатталды. Кеште орындалған әрбір ән,жеткіншек болашақ ұрпақтың еліне,жеріне деген ілтипаты мен сүйіспеншілігінен сыр шертіп тұрды.

        ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Мойынқұм ән-би ансамбльінің кезекті аттестациядан өтуіне орай «Жүрегім нәр алған – Мойынқұмнан!» атты концерті болды. Осымен бірге мәдениет үйінде «Мойынқұм», «Құмөзек» халық театрлары да кезекті аттестациядан өтіп, «халықтық»атақтарын иеленді.

         Бірлік ауылдық клубында « Ел іші- өнер кеніші» тақырыбының аясында «Бірлік аулдық клубының үйірме жұмыстарының –озық тәжірибесі» атты көшпелі семинар кеңес өтті.

        15 тамыз 2016 жылы ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында Қылышбай ауылында ауылдық клубында клуб меңгерушілер арасында «Тәуелсіздік таңының тууы тым қымбатқа түскен-ді» атты аудандық семинар өтті.

        29 тамыз 2016 жылы ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Мойынқұм аудандық мәдениет үйінің  әдіскері Г.Айтимованың ұйымдастыруымен  «Тәуелсіздік тұғырым, мәңгі шырқар ән-жырым» фестивалінің аясында «Көркейе бер,ауылым» атты ауылдық мәдениет және өнер күндері байқауы» Бірлік ауылдық округінен бастау алды. Орталығы Бірлік ауылы болған байқауға, Биназар ауылдық округі, Хантау ауылдық округі, Кеңес ауылдық округі, Көкжелек ауылдық округтері қатысты.

       2016 жылдың 9 қыркүйегінде ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Мойынқұм аудандық мәдениет үйінің  ұйымдастыруымен  «Тәуелсіздік тұғырым, мәңгі шырқар ән-жырым» фестивалінің аясында «Көркейе бер,ауылым!» атты ауылдық мәдениет және өнер күндері байқауы Бірлік ауылдық округінен бастау алып осы күні Шығанақ ауылында жалғасын тапты. Орталығы Шығанақ ауылы болып оған Мыңарал, Ақсүйек, Мирный ауылдық округтері қатысты.

        2016 жылдың 10 қыркүйегінде ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Тараз қаласында өткен «Жамбылым-ән бесігім!» атты жергілікті сазгерлердің байқуына Мойынқұм  ауданынын атынан ақын-сазгер Болатбек Әбішев қатысты. Байқауға ұсынылған әндерді сазгер өзі немесе әншілерге орындатуына болады делнгендіктен Мойынқұм аудандық мәдениет үйінің әншісі Ерлан Айтқабыл Б.Әбішевтың «Батыр Қайрат» әнін, Гүлдана Алиева «Қазақстаным» әндерін  орындап үшінші орын иеленіп қайтты.

     16шы қыркүйек күні Жамбыл ауылында  Күшаман ауылдық округі мен Қылышбай ауылдық округтерінің қатысуымен Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған «Көркейе бер ауылым» атты ауылдың мәдениет және өнер күндері байқауы өтті.

      Осы жылдың 23 қыркүйегінде Қарабөгет ауылдық округі мен Ұланбел ауылдық округтері арасында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Көркейе бер,ауылым!»атты ауыл мәдениет және өнер күндері өтіп,өз мәресіне де жетті.

Қазіргі таңда: 1. «Мойынқұм», «Құмөзек» халық театрларының әртістерінің қатысуымен Б.Мұқайдың «Тәлкек тағдыр» спектаклін көрермендерге ұсыну мақсатында дайындық жұмыстары жүргізілуде.

«Мойынқұм» ән-би ансамблінің мүшелері Қызылорда облысынң Шиелі ауданында өткен Ы.Жақаевтың 125 жылдық мерейтойына арналған Республикалық іс-шараға концерттік бағдарламасымен барыпүлкен дәрежеде өткізіп қайтты.

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай облыстық іс-шаралар кестесіне сәйкес, 23 қарашада Қордай ауданында Мойынқұм күндері мерекелік концерті өткізілді.

 

Ауылдар арасында жас таланттарды анықтау, кәсіби шығармашылығын шыңдау мақсатында конкурстар, фестивальдер, шығармашылық кештер мен отбасы байқаулары жүйелі түрде ұйымдастырылады.

Аудандық мәдениет үйі, ауылдық клубтар жанынан қолөнер шеберлері үйірмесі, кешкі би, кино қойылымдар, концерттік кештер  тұрақты түрде өткізіледі.

 

 

Мойынқұм аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

бойынша ақпарат

 

 

Ауданбойынша 1- орталық кітапхана, 19-ауылдық кітапхана филиалы және 1-балалар кітапханасы.

 

Кітап қоры                251365,  мемлекеттік тілде   141449

Оқырман саны         11150

Кітап берілімі          215049, мемлекеттік тілде 171609

Жаңа кітаптар          2710,   мемлекеттік тілде  2287

 

 

Қаралған қаражаттар: 2016 жылға кітап қорын толықтыруға 1500,0 мың теңге, Мерзімді басылымдарға 700,0 мың теңге, «Рабис» бағдарламасына 1000,0 мың теңге  қаражат бөлініп, 8 ауылдық кітапхана «Рабис»  бағдарламасымен  жұмыс жасауда.

Аудандық орталық кітапханасының аға редакторы А.Байғожаева Алматы қаласындағы ұлттық кітапханасында өткен «Катализаторлар мектебіне» білімін жетілдіру мақсатында оқып келді.

Үстіміздегі жылдың қыркүйек айында «Аудандық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы» ашылды.

 

Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму», «Жолдау – 2015– айқын мақсат, нақты қадам»   дөңгелек үстел,  «Тәуелсіздікке 25 жыл – еліміздің ерлік жолы», «Қазақтың өткені сырлы, ертеңі нұрлы»,  «Тарихтың ақтаңдақ жылдары»  «Ел дамуының еңселі бағыты»  әңгіме,  «Ата-бабам аңсаған –Тәуелсіздік»  танымдық кеш, «Менің елім Қазақстан»  тарихи сағат, «Тәуелсіздік – бәрінен қымбат», «Тәуелсіздік-ел тірегі», «Ақыл жаста, асыл таста »,  «Мемлекеттік рәміздер-елдігіміздің белгісі, ерлігіміздің жаршысы», «Терроризм мен діни экстремизмге қарсы іс қимыл»,  «Ұлт бірлігі- ұлы байлық »,  өзге ұлт өкілдерімен кездесу кеші, «Мың тағзым, саған, Ұлы Жеңіс», «Ана –гүл, ана-жыр, ана өмір шуағы»-«Ана тілім – мақтанышым, мерейім», «Ана тілімізді ардақтаймыз», «Мұқағали –мәңгілік ғұмыр», «Жыр жүйрігі», Жырау ақын Жамбыл Жабаевтың – 170 жылдығына орай  «Жыр дүлдүлі – Жамбыл» атты әдеби – сазды кеш, т. б көптеген кештер мен кітап көрмелері ұйымдастырылды. Осы ісшараларға орай, әдістемелік құралдар, бибилиографиялық көрсеткіштер шығарылды. Көптеген ісшаралар аудандық газетте жарияланды.

 

 

 

 

 

Қысқаша

 

 

 

 

 

 

 

 

Мойынқұм ауданы мәдениет ошақтарының 2016 жылы атқарған

мәдени көпшілік іс-шараларының жазбаша есебі.

 

           2016 жылы барлығы 18 клуб мекемелері мен 1 «Зерде» бейнемобиль кешені жұмыс атқарып келеді: 1 аудандық мәдениет үйі, 2 ауылдық мәдениет үйі,15 ауылдық клуб.

Ыңғайластырылған клуб саны-6  ( Қылышбай, Күшаман, Қызылту, Кеңес, Хантау, Назарбеков, ). Назарбеков ауылдық клубы мектепте,қалғандары ауыл әкімшілігінің ішінде орналасқан.

12 клуб мекемесі  типтік ғимаратта орналасқан.

2016-2017 жылдарға клуб мекемелеріне қысқа дайындық мақсатында 1млн.700 мың теңге қаражат қаралып,оның 700 мың теңгесіне 80 тонна тас көмір түсірілді.Қалған 1 млн. Теңгесі осы жылдың тамыз айында мәдениет үйіне және клуб мекемелеріне тас көмір түсіріледі деп жоспарлануда.

         Осы жылдың 6 айында клуб жүйесінде 75 штат бірлігінде 75 қызметкер жұмыс атқарады. Оның ішінде мамандар саны- 45 .

Жоғары білімді-21, арнаулы орта-20, орта білімді-4.

Мойынқұм аудандық мәдениет үйі  орталық қазандықтан тас көмірмен, 10 ауылдық клуб мекемелері (Ұланбел, Қарабөгет, Сарыөзек, Құмөзек, Қылышбай, Жамбыл, Қызылту, Күшаман, Кеңес, Шығанақ, Биназар, Бірлік) көмірмен жылытылады (пеш, кіші қазандық). Ыңғайластырылған 5 (А.Назарбеков, Хантау, Ақсүйек, Мирный, Мыңарал) ауылдық клубында жылу жүйесі қосылмағандықтан тұрмыстық электр желісін пайдаланып отыр.  Мойынқұм ауданы бойынша 280 тонна көмір түсірілген.

Ауданда 61 клуб құрылымдар бар, оған 484 адам қамтылған. 3 ұжым «Мойынқұм», «Құмөзек», театрлары мен «Мойынқұм» ән-би ансамблі халықтық атағына ие.

 2016жылдың 18-қаңтарында аудандық мәдениет үйінің үлкен залында «Имандылық айнасы» атты Мәулід мерекесіне арналған кеш өткізілді. Мерекені аудандық мешттің иманы М.Исаев ашып,имандылық жайлы,қазіргі жастарымызды имандылық жолына тәрбие беру,оның маңызы жайлы қысқаша баяндама жасап өтті. Мерекеге аудан әкімі Б.Нүркенов  және бірнеше зиялы қауым өкілдері қатысты.  Сонымен қатар, барлық ауыл имандары да мерекег.е қатысып,өздерінің имандылық жолындағы ізгі тілектері мен атқарып жатқан жұмыстары жайлы айтты. Мереке соңында аудандық мәдениет үйінің әртістері имандылық тақырыптағы әндерімен көпшілік қауымды риза етіп,кешті әсерлі өткенінің куәсі болды

2016жылдың 4 ақпанында аудандық мәдениет үйінде Ж.жабаевтың 170 жылдығына орай «Жамбыл оқулары» өтті. Байқауға әр елді мекендерден 18 адам қатысып,жүлделі орындарды бөліске салды. Әрбір ақын өзінің Ж.Жабаевқа деген арнауымен қатар,ақынның бір өлеңін нақышына келтіріп,мәнермен оқып отырды. Қазылар алқасы тағайындалып жүзден жүйрік атанып үш орынға үміткерлер ие болды. Қазылар алқасы үш адамнан тұрды: 1. Нарбаева Г.-аудандық кітапхананың аға кітапханашысы. 2. Тәжібаева К. Аудандық саз мектебінің мұғалімі. 3. Ж.Қалыбаев-аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы,тіл жанашыры.  Қазылар алқасының шешімімен жүлделі бірінші орынды- Хантау ауылынан келген Мелдеш Айгерім,екінші орынды –Қызылтал ауылынан келген –Сүйінбекұлы Кәрім,үшінші орынды иеленді. Жеңімпаздар аудан әкімінің грамоталарымен,және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Ал, ауданнан бірінші орынды жеңіп алған Мелдеш Айгерім 2016 жылдың 24.02 Тараз қаласында өтетін «Жамбыл оқулары» байқауына қатысатын болды.

Биыл Жыр алыбы Жамбылдың 170 жылдық мерейтойына орай Биназар ауылдық клубында,Хантау,ауылдық клубтарында да ауыларалық Жамбыл оқулары өтті.

2016 жылдың 9 ақпан күні Аудандық мәдениет үйінің кіші залында ақиық ақын М.Мақатаевтың туылған күніне орай  «Мұқағали-мәңгілік ғұмыр» атты әдеби сазды кеш өткізілді.Сахна кешке сай безендіріліп,залға көрермен жиналғанша М.Мақатаевтың әндері орындалып тұрды. Кешке аудандық кітапхана қызметкерлері,аудандық саз мектебінің ұжымы,аудан әкімінің аппаратының қызметкерлері қатысты. Кешті аудан әкімінің орынбасары Б.Есеев ашып,М.Мақатаевтың өмірбаянына тоқталып өтті. Одан кейін аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі Тойшыбеков Ә. Сөз кезегін алып ақиық ақынның өлеңдерінен үзінді оқып берді. Кеште аудандық мәдениет үйінің әртістерімен бірге залдан көрермендер шығып,ақынның сөзіне жазылған бірнеше әндерді нақышына келтіре орындап халық ризалығына бөленді. Әсіресе аудандық кітапхананың қызметкерлі Бекенова Назираның орындауындағы «Есіңе мені алғайсың» әні көпшіліктің көңілінен шыға білді.

14 ақпан 2016 жылы аудандық мәдениет үйінің үлкен залында Кеңес Одағы әскерлерінің Ауғаныстан жерінен шығарылғанына 27 жыл толуына орай мерекелік іс-шара өтті. Зал көрерменге толған соң,фан-фар ойнатылып, ортаға жүргізуші шығып,салтанатты жиынды ашық деп жарияланатындығын хабарлады. Ауған соғысына қатысқан азаматтарды айтулы күндерімен құттықтау үшін аудан әкімінің орынбасары Есеев Б. сөз кезегін алып жиынды ашып берді. Бұдан кейін сөз алған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қалыбаев Ж.Қ., ауған соғысының ардагері Кравченко А.Д., Меркібаев Н.С. тер де ардагерлерді айтулы мерекемен құттықтап,игі тілектерін сездіріп жатты. Аудан әкімінің атынан ауған соғысының 16 ардагері грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Іс-шара мәдениет үйінің әртістерінің ән-шашуымен ұласын тапты.     

     19 ақпан күні ҚР 25 жылдығына орай Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне арналған «Тіл түтастығы – ел тұтастығы» атты мерекелік іс-шара өтті. Іс шараға аудандағы өзге ұлт өкілдерінен қонақтар шақырылды. Залға көрермен мен қонақтар жиналған соң,ортаға жүргізуші шығып,кешті ашық деп жариялады. Алғашқы мерекелік құттықтау сөзді аудан әкімінің орынбасары Есеев Б.Ж,алып жиналған халықты айтулы мерекемен құттықтап берді. Ауданымыздың  төмендегі азаматтары аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

  1. Ауданымыздың құрметті азаматы,тіл жанашыры Сатылғанов Жаппар
  2. Ауылымыздың тұрғыны грек ұлтының өкілі Сапаниди Н.И.
  3. М.Жұмабаев мектебінің қазақ тілі пәні мұғалімі Қалымбетова А.Б.
  4. Мойынқұм колледжінің қазақ тілі пәні мұғалімі Мұқашева Ғ.М.
  5. Мойынқұм таңы газетінің рдакциясының тілшісі,тіл жанашыры Сарыбаев Т.Іс-шара барысында М.Мақатаевтың өлеңдерімен қатар Қалымбетова А.өз шығармашылығынан өлеңдер оқылып,халық ризашылығын алып жатты. Кеш соңында Мойынқұм аудандық мәдлениет үйінің тәртістері әнннен шашу шашты.

26 ақпан 2016 жылы аудандық мәдениет үйінде ҚР 25 жылдығына орай қазақтың «бата беру» рәсімі көрсетілді. Мұнда мәдениет үйінің қызметкерлері арасынан келін мен күйеу жігіт таңдалып,келін түсетін үйдің от анасы ақ батасымен келінді қарсы алады. Көрсетілім,шағын қазақ ауылындағы қазақ үй ішінде өтеді. Үй маңында ауыл жастары жиналып ән айтылып,би биленіп жатады. Келінді енесі ақ батасымен қарсы алып, келін шымылдыққа отырады.Жас келінге ауыл ақсақалы бата беріп ақ тілегін білдіреді. Киіз үй ішінде дастархан жасалып,үсті ұлттық тағамдарға толды. Дастархан басына жиналғандарда  ауылдың алты ауызын айтып, келін түскен үй ән мен жырға бөленіп жатты.  Көрсетілімде келін: Ж.Омарова.,күйеу жігіт: Абеков Б., келіннің енесі: Г.Айтимова,бата берген ауыл ақсақалы Қ.Саденов. Рәсім аяқталған соң,ауылдың алты ауызы айтылып,ауыл жастары бірлесе кештің соңын ән мен жырға бөлеп тастады.

2016 жылдың 27 ақпанында Жамбыл ауылдық клубында Жыр алыбы Жамбылдың 170 жылдық мерейтойына арналған жыр мүшайрасы өтті. Мүшайраға ауданның әрн елді мекендерінен 15 адам қатысты. Жыр байқауына ауылдың ақсақалдары,аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы,мәдениет үйінің қызметкерлері қатысты. Мүшайра екі кезеңнен тұрды.  Әрбір қатысушы Ж.Жабаевтың әрбір шағармасына өте тиянақтылықпен,ыждаһаттылықпен оқып,одан алар тәлім тәрбиенің зор екендігіне көз жеткізді.  Байқауда қазылар алқасы тағайындалып,біріншгі,екінші үшінші орындар бөліске түсті. Бірінші орынды Хантау ауылынан келген Мелдеш Айжеңіп алды. Сондай ақ,ауылдық кітапханашы кітап көремесін дайындап,шолу жасап өтті.

2016 жылдың 29 ақпанында аудандық мәдениет үйінде талантты ақын Серік Томановтың 60 жылдық мерейтойына орай «Адасып қалған ақ бөкен» атты аудандық жас ақындар мүшайрасы өтті. Залға көрермен жиналған соң,жүргізуш ортаға шығып, Серік Томанов жайлы қысқаша баяндамасымен ашты. Кешке ауданның бірқатар зиялы қауым өкілдері мен қатар,ақынның өлеңдерін сүйіп оқитын бірнеше оқырмандар қатысты.Жыр мүшайрасына ауылдың 12 елді мекендерінен үміткерлер қатысты. Байқау екі кезеңнен тұрды. Байқау барысында аудан әкімінің орынбасары Б.Есеев үміткерлерге ақ ниеті мен ыстық ықыласын білдіріп,мерекемен құттықтады. Қазылар алқасы  бір бас жүлде,бір бірінші орын,бір екінші орын,екі үшінші орын белгіледі.  Бас жүлдені Қызылту ауылынан келген Сүйіндік Кәрім иеленсе,бірінші орынды Биназар ауылынан келген Бекжан Толымбек алды. Кеш соңы әсем әнмен жалғасын тапты.

2016 жылдың 1 наурызында аудандық мәдениет үйінде 1-наурыз Алғыс айту күніне орай мерекелік концерт өтті. Алғыс айту философиясының мәнін ашу мақсатында  іс-шараға сыйлы ақсақалдар мен зиялы қауым өкілдері,аудандық мешіт өкілдері мен көп балалы ата аналар қатысты. Алғыс айту күніне ороай мерекелік құттықтау сөз аудан әкімі Б.Нүркеновке беріліп,көпршілікті мерекемен құттықтап,аудан тарапынан марапаттау рәсімдерін жасады. Жаймашуақ көктемнің алғашқы күнінде өткізілген ризашылық күні адамдар бір біріне қуаныш,шаттық сыйлап,өз жетістіктерімен бөлісіп,бір біріне алғыс айтып жатты. Мәдениет үйінің әртістерінің ән шашуы халықты бір серпілтіп,іс-шара соңында залдағы көрермендер бір бірін құшақтап,ескерткішке суретке де түсіп жатты. Бекенова Назира «Елге сәлем!», Азаматқызы Бекзат «Мы желаев счастья вам!», Молданова Альбина «Туған елім» т.б. әндермен бірге ән салған көрермендер шат шадыман көңіл күйге бөленді.

Биыл елімізқде алғаш рет өткелі тұрған Алғыс айту мерекесі;

1.Жамбыл ауылдық клубында 29 ақпанда,

2.Қылышбай ауылдық клубында 1 наурызда,

3.Ұланбел ауылдық клубында 1 наурызда,

  1. Қарабөгет,Құмөзек,Сарыөзек ауылдық клубтарында да 1 наурызда,
  2. Биназар,Бірлік,Кеңес,Күшаман,Назарбеков ауылдық клубтарында 29 ақпанда,
  3. Мирный,Ақсүйек,мыңара,Шығанақ,Хантау ауылдық клубтарында 29 ақпанда өтті.

2016 жылдың 1 наурызында Аудандық мәдениет үйінде Оралхан Бөкей атындағы Көркемсөз оқу шеберлерінің аудандық байқауы өтті.ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты ,өмірден ерте өткен көрнекті жазушы О.Бөкейдің шығармашылығына шолу жасау сәтіне арналған кешке аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы М.Көшкімбаев пен зиялы қауым өкілдері,тіл жанашырлары қатысты.  М.Көшкімбаев ерекше талант  иесі О.Бөкейдің өміріне қысқаша шолу жасап өтті. Аудандық орталықтандырылған кітапхананың аға әдіскері Г.Нарбаева кітап көрмесін жасап,шолу жасап өтті. Жүргізуші ортаға шығып байқаудың ережесі таныстырылып, әр елді мекендерден келген 12 үміткермен көременді таныстырды. Әділқазылар алқасы тағайындалып,жүлделі орындар блерлгіленді.  Бір бірінші орын,екі екінші,екі үшінші орын белгіленіп,.қалған үміткерлдер ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды. Бірінші орынды Құмөзек ауылынан келген Б.21 жасар ,жергілікті мектептің мұғалімі Б.Шайдахметов иеленді. Жеңімпаздарға аудан әкімінің грамоталары мен бағалы сыйлықтар тапсырылды. Кеш соңы мәдениет үйінің әртістерінің қатысуымен әннен шашу шашты.

2016жылдың 8-наурызында Халықаралық әйелдер күніне орай « Жан шуағым мерекем» атты мерекелік концерт өтті. Залға халық жиналған соң,залдағы барлық әйел адамдарға  аудан әкімінің атынан гүл таратылды. Алғашқы мерекелік құттықтау сөзді аудан әкімі Нүркенов Бақытжан Балтабекұлы алып залдағы әйел азаматтарды көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтап,дендеріне саулық,отбастарына бақыт береке тілеп ашып берді. Бұдан соң залдағы барлық әйел көрермендерге аудан әкімінің бір тал райхан гүлдері таратылды.Осыдан соң аудан әкімі облыс әкімінің құттықтау хаттарын ауданның бірнеше азаматшаларына табыс етті. Сонымен қатар,аудан әкімінің Құрмет грамотасымен, «Алғыс хатымен» де бірнеше әйел адамдар марапатталды.

Екінші боп сөз алған аудандық маслихаттың хатшысы Ш.Амреқұлов та құттықтау сөзінен сөзінен соң,аудандық маслихаттың «Құрмет грамотасымен», «Алғыс хатымен» бірнеше азаматшаларды марапаттады.

Бұда соң  Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қалыбае Ж.К. жиналған әйелдер қауымын мерекелерімен құттықтап,шын,игі ниетін білдірді. Жиынның салтанатты бөлімінен соң,аудандық мәдениет үйінің әртістерінің қатысуымен мерекелік концерт болды. Концертті Әбдіқадыров Қажымұрат «  Ана» әнімен ашып,көрермендердің ризашылығына бөленді.

Және де Б.Жамалханов « Апа» әнін,Т.Жексембек «Гүл сыйлаңдар әйелге» т.б. көптеген аналарды дәріптеу тақырыбына арналған әсем әндер өз тыңдармандарын тапқандай болды.

Сонымен бірге,аудандық мәдениет үйінің басқа да әншілері аналарды,қыз келіншектерді көктем мерекесімен құттықтап,жүздеріне нұр,көңілдеріне гүл силады.

Үстіміздегі жылдың 12 наурызында Бірлік ауылында халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбековтың туылғанына 50 жыл толуына орай «Батыр Қайрат-мақтаным» атты конференция өтті. Ауылдық клуб алдындағы алаңда 12 наурыз күні таңғы сағат 8 ден музыка ойнап тұрды. Аудан әкімі Б.Нүркенов,ауыдан әкімінің орынбасары Б.Есеев бастаған бірнеше зиялы топ қауымдары клуб алдында орналасқае Қ.Рысқұлбековтың есккерткішіне тағзым етіп,гүл шоқтарын қойды. Клуб залы көрерменге толған соң, аудан әкімі Б.Нүркенов Қ.Рысқұлбековтың туылғанына 50 жыл толуына орай өткелі тұрған конференцияны ашып берді. Жүргізуші ортаға шығып,Қ.Рысқұлбековтың өміріне қысқаша шолу жасап өтті. Конференцияға ауылдың еңбек ардагерлері,Қайраттың әке-шешесінің көзін көрген ағайын жұрты,кластастары қатысты. Аудан әкімінің сөзінен соң,сөз кезегін алған Бірлік ауылдық ардагшерлер кеңесінің төрағасы  Нұрлыбаев Орынбай аға Қайраттың балалық шағы туралы,мектептегі кезі туралы,қандай зероек,елгезек жан болғандығы жайлы әңгіме етті.  Қайрат көпшіл,үлкенді ізет тұтып,кішіге мейірімді аға болған бала еді деп көзіне жас алды. Конференция соңында Бірлік ауылындағы Қ.Рысқұлбеков орта мектебінің оқушылары дайындаған концерт болды.

Халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбековтың 50 жылдығы әр елді мекендерде патриоттық әндерден жарыс,спорттық ойындардан жарыс, жас ақындардың жыр мүшайрасы іспеттес іс шаралар арқылы халық арасында өтіп жатты.

2016 15 наурызында аудандық мәдениет үйінде Қайрат Рысқұлбековтың туылғанына 50 жыл толуына орай «Жырым да сен,сырым да сен- Ер Қайрат!» атты аудандық патриоттық әндерді орындашылар байқауы өтті. Сахна тақырыпқа сай безендіріліп,патриоттық тақырыпта әндер орындалып тұрды. Байқауға 12 елді мекеннен үміткерлер қатысты. Қазылар алқасы тағайындалып,жүлделі орындар белгіленді. Сондай ақ,Мойынқұм ауданының мектептерінен де жоғары сынып оқушылары патроиоттық тақырыптағы әндерімен жүлдеге түсті.Байқауды аудан әкімінің орынбасары Б.Есеев ашып,үміткерлерге жеңіс тіледі. Ережеге сай үміткерлер сахна төріне шақырылып,көрермендермен таныстырылды. Әр үміткер екі әннен орындады. Қазылар алқасы ақылдаса келе бір бас жүлде,екі бірінші,екі екінші,екі үшінші орынды белгіледі. Бас жүлдені М.Жұмабаев орта мектебінің 9 сынып оқущысы Айғаным Дүзелбай иеленсе, бірінші орынды Құмөзек ауылынан келген Г.Искакова мен Хантау ауылынан келген Б.Шаймерден иеленді.Барлық жүлдегерлерге аудан әкімінің алғыс хаттарымен бағалы сыйлықтар тапсырылды. Қалғандары ынталандыру сыйлықтарымен ,грамоталармен марапатталды. Кеште орындалған әрбір ән,жеткіншек болашақ ұрпақтың еліне,жеріне деген ілтипаты мен сүйіспеншілігінен сыр шертіп тұрды.

          21 наурыз күні Мойынқұм ауылының орталық алаңында Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне орай «Қош келдің, әз-Наурыз» атты халықтық думан өтті. Мақсаты: Наурыз-жыл басы,яғни дін мейрамы емес,ұлт мейрамы екендігінің тарихи маңызын түсіндіру. Ата бабаамыздың  жалғасып келе жатқан ұлттық тәрбиесі туралы түсінік беру.

Орталық алаңға әр мекеме атыннан 10 киіз үй тігілді. Әр мекеме әр ауыл атымен аталып,қонақтарды күтіп жатты.

Наурыз думан аудандық мәдениет үйінің әртістерінің қатысуымен «Бір көшенің тұрғындары» атты көрініспен басталды.Көрініс аяқталған соң,ұлттық киімдегі екі жүргізуші жұртшылықты  «Наурыз» мейрамын тойлауға шақырды. Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесімен халықты құттықтау үшін сахна төріне аудан әкімі Нүркенов Бақытжан Балтабекұлы шықты. Аудан әкімі келген ұлттық мерекемен жиналған көпшілікті құттықтап,жақсылық,денсаулық,отбастарына байлық береке тіледі.Мерекелік бағдарлама бойынша әр ауыл өз алаңында  мерекелік концерттерін беріп жатты. Өнерпаздар әр ұлт өкілдерінің әндерін орындап,билерін билеп халықтық думанның нышандарын аша түсті. Орталық алаң халыққа лықа толды. Алаңның әр жерлерінде ауыл кәсіпкерлерінің ұйымдастыруымен сауда саттық жәрмеңкелері болып жатты. Алаңдағы ашық сахнаға аудандық мәдениет үйінің әртістері бірінен соң бірі шығып бағдарлама бойынша әндерін орындап жатты. Заманауи әндерге  сахна алдында жастар топ топқа бөлініп билерін билеп қызықты жандандыра түсті. Сонымен бірге,спорттық ойындар ойналып,жеңімпаздарға  сыйлықтар табыс етілді.

Әр ұлт өкілдерінің  бірлігі көрсетіліп,бір шаңырақ астында  шағын композиция  трионың орындауында «Атамекен» әнімен аяқталды. 

Әр елді мекендерде клуб меңгерушісінің мектеппен жергілікті органдармен бірлесе жұмыс жүргізуінің арқасында Наурыз думан мерекесі өз нақышына сай,елдіктің,қазақылықтың символы ретінде өз орнын тауып жатты.

25 наурыз сағат 11де мәдениет үйінің үлкен залында  «Дені сау ұлт,Дені сау жастар» атты акция өтті. Акцияны аудандық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының жетекшісі Асанбекова С.С.ашып баяндама жасады.Екінші болып сөз алған  «Нұр Отан»ХДП қоғамдық бірлестігінің  Мойынқұм аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сейдалиев М.С. елбасымыздың жастар мәселесіне  аса мән беріп отырғандығын,жастардың денсаулығын жақсартып,білімін көтеру мәселесіне мән беріп отырғандығын баса назарға алып өтті. Іс шара барысында аудандық мәдениет үйінің әртістерінің концерті болып жатты.

Фестивальге қатысқан әр отбасы іс шара шартына орай өз өнерлерін көрсетті.

 

Осындай іс-шаралар мәдениет үйіне қарасты ауылдық клубтарда да қызу қарқында өтіп жатыр.

   2016 жылдың 25-наурыз күні Халықаралық театр күніне орай аудандық мәдениет үйінің «Мойынқұм» халық театрының әртістері Баққожа Мұқайдың «Тәлкек тағдыр» драмасынан қойылым қойды. Театр актерлары көпшіліктің көңілінен шығып, ризашылығын алды.

Спектакль соңында дайындаған режиссер Е.Айтқабылдың еңбегі бағаланып, талқылау жасалды. Ауылды жерлерден клуб меңгерушілер, мекеме басшылары қатысып жақсы әсер алып қайтты.

Қойылымға ауданның құрметті азаматтары,акімшілік аппаратының қызметкерлері  арнайы шақыру қағаз арқылы шақырылды.

Қойылым тартымды да қызық өтіп,көпшілік ықыласына ие болды.  Соңынан аудандық мәдениет үйінің әншілері әннен шашу шашты.

1-сәуір күлкі күніне байланысты,ҚР 25 жылдығына орай  «Біз бақытты жастармыз» атты аудан жастарының қазақша КВН ойыны өткізілді.

КВН-ның басты мақсаты:  өз шығармашылығына өмірдегі, саясаттағы, жалпы қоғамдағы болып жатқан құбылыстарды өзек етуінде және халықтың сұранысын талаптарына сай орындауында.

КВН- аудандық мәдениет үйі, «Жастар орталығы»КММ, «Нұр Отан»ХДП аудандық филиалы, «Жас Отан» Жастар қанатының ұйымдастыруымен болды.

Күлкі күніне орай мерекелік Жайдарманды алғашқы болып «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Нүркенов Бақытжан Балтабекұлы құттықтау сөзбен ашты.

15-команда қатысып, нәтижесінде Жамбыл мектеп гимназиясы бас жүлдені иеленді.

11.04.2016ж. сағ.11-де  Ұлы Жеңістің 71 жылдығына орай Мойынқұм аудандық мәдениет үйінде Соғыс және тыл ардагерлерін марапаттауға арналған мәдени іс-шара өтті. Іс-шараны аудан әкімі Нүркенов Б.Б..ашып,марапат иегерлерін құттықтап,ізгі тілегін айтты.

Іс-шара барысында және соңынан да Мойынқұм аудандық мәдениет үйінің әртістерінің қатысуымен концерт өтті.

15-ші сәуір Қозы көрпеш Баян Сұлу ғашықтар күніне арналған «Ғашықтар жырлайды» атты ән кеші аудандық мәдениет үйінің үлкен залында өткізілді. Кешті «Айгөлек» бишілер тобы ашып, Асылбековтар отбасы жалғастырып, Биназар, Бірлік, Құмөзек ауылдарынан өнерпаздар, яғни жұптар көпшілікке ән-шашу жасады. Сонымен бірге мәдениет үйінің әртістері өнер көрсетті.

Соңында аудандық мәдениет үйінің директоры қортындылап, қатысушы өнерпаздарға алғысын білдірді

2016 жылдың 27 сәуірінде ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Мойынқұм ән-би ансамбльінің кезекті аттестациядан өтуіне орай «Жүрегім нәр алған – Мойынқұмнан!» атты концерті болды. Осымен бірге мәдениет үйінде «Мойынқұм», «Құмөзек» халық театрларының да кезекті аттестациясы өтіп жатты. Бұл іс-шараға облыстық халық шығармашылығы лорталығын,ың директоры Г.Садыробаев, облыстық халық шығармашылығы орталығының бөлім меңгерушісі Э.Дүтбаевалар келді. Мойынқұм х/т С.Балғабаевтың «Қыз жиырмаға толғанда» спектакльін, Құмөзек х/т  Б.Мұқайдың «Тәлкек тағдыр» драмасын ұсынды. Іс шараны тамашалауға аудан мекемелерінің қызметкерлері, басқа да қонақтар шақырылды.

Концернттік бағдарлама  Құрманғазының күйі «Балбырауынмен» ашылды. Оркестрдің орындауында бірнеше әндер,оркестрдің сүйемелдеуімен бірнеше әндер көрермен ризашылығына бөленіп орындалды. Концерт жергілікті ақын сазгер Б.Әбішевтың «Ата қоныс-Мойынқұм!» әнімен мәресіне жетті.

1.05.2016 жылы 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне арналған мерекелік концерт өтті. Мойынқұм алаңының орталық алаңы мерекелік көңіл күймен көз тарта безендірілген.

Іс-шараның мақсаты: Халықты,бірлікке,татулыққа,теңдікке шақыру. Қазақстан халқының достығын,бірлігін,ынтымағын паш ету,және келер ұрпаққа үлгі ету.

Екі жүргізуші ортаға шығып,жиналған ауыл тұроғындары мен қонақтарды 1мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен құттықтап өтті. Мерекелік шеруге Мойынқұм ауылынң мекемелерінен құралған 11 колонна әр ұлт өкілдері киімдерімен,сол ұлттың өнерін көрсетіп өтті. Колонналар орындарына барып тұрған соң,жүргізушілер ортаға аудан әкімі Нүркенов Бақытжан Балтабекұлын шақырып,алғашқы құттықтау сөз кезегін берді. Аудан әкімінің құттықтау сөзінен соң  Мойынқұм аудандық мәдениет үйінің әртістерінің қатысуымен,халықтар достығын бейнелейтін, үлкен композиция жасалды. Әр ұлт өкілінің киімін киген адамдар композиция соңын «Атамекен» әнімен толықтырып,нақышына келтіре аяқтап шықты. Композиция аяқтала салысымен аудандық мәдениет үйінің әншілерінің қатысуымен үлкен мерекелік концерт болды. Мерекелік концерт барысында алаң,халыққа лық толып,барлығы мерекелік көтеріңкі көңілде болғаны көзге көрініп тұрды. Мерекелік кеш соңы жастардың би кешіне ұласты.

6.05.2016 жылы Аудандық мәдениет үйінің үлкен залында 7 мамыр Отан қорғаушы күніне  арналып мерекелік концерт  болды. Сахна тақырыпқа сай безендіріліп,кешке арналған банер сахна төрінен орын алды. Жүргізуші ортаға шығып халықпен амандасқан соң, концертке жиналған жұртты мерекемен құттықтады. ІС-шараға ауылдардан,ауыл мектептерінен өнерпаздар тартылып,концернт қызықты өтті. Сонымен бірге «Мойынқұм» ән-би ансамбльі де өз өнерлерін ортаға салды.

9.05.2016ж. таңғы сағат 9 да  Мойынқұм ауданындағы Обелиск басында  Ұлы Отан Соғысының құрбандарын еске алып,гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Обелискке бара жолда мектеп оқушыларынан жанды дәліз жасалды. Аудан әкімі бастаған мекеме басшылары ескерткішке гүл шоқтарын қойып,мәңгі от алауына құрметті қарауыл барып тұрды. Сағ.9.05.те  Ұлы Отан соғысы құрбандарына құрмет көрсетуге арналған мерекелік концерт болды.

         Ұлы Отан соғысы құрбандарына  құрмет көрсету және еске алу үшін алғашқы сөз кезегі  –аудан әкімі Нүркенов Бақытжан Балтабекұлына берілді.

Екінші болып сөз алған ауңдандық соғыс және ардагерлер кеңесінің төрағасы Қалыбаев Ж.Қ.жиналган көпшілікті ерекемен құттықтап,болашаққа бейбіт өмір мен ашық аспан тіледі.

 

Осы мереке  Мойынқұм ауылының Орталық алаңында Ұлы Жеңістің 71 жылдығына орай  мерекелік концертпен жалғасын тапты.

Алаңның орта тұсында үлкен сахна орнатылды. Сахна мерекеге сай безендіріліп, радиодан соғыс тақырыбындағы әндер орындалып тұрды. Ұлы Жеңістің 71 жылдық мерекесіне арналған патриоттық тақырыптағы әндер орындалып,алаң халыққа мерекелік көңіл күй сыйлады. Мерекелік концертте  аудандық «сапта жүру,ән айту» байқауына қатысушы үздік атанған оқушылар взводы өнерлерін көрсетті. Мерекелік кеш барысында Аудандық мәдениет үйінің әртістерінің қатысуымен «Отан үшін от кешкендер» атты көрініс көрсетіліп,халық көңілінен шықты. Сондай ақ,аудандық мәдениет үйінің әншілерінің соғыс тақырыбындағы әндері де өз нақышына келтіріп орындалып жатты.

          2016 жылдың 12 мамырында Жазылбек Қуанышбаевтың туылғанына 120 жыл толуына орай «Жер тарихы-ел тарихы» атты мерекелік концерт өтті. Мерекелік концерт  екі алтын жұлдызды ардагер шопан атамыз Ж.Қуанышбаевқа арналған Қ.Саденовтың орындауындағы «Жазылбекшілер маршымен» ашылды. Мерекелік концертке атақты шопанның келіні аудандық музейдің директоры Л.Шойбаева балалаорымен қатысып,ата жайлы естеліктер айтылып,слайд көрсетілді. Кешке ауданның белді азаматтары мен қатар шопан атаеың туыстары қатысты. Мерекелік кеште аудан әкімінің орынбасары Б.Есеев айтулы күнмен көрермендерді құттықтап,қазіргі таңда сол атамыздың ізін басар ауыл жастарының көбейуіне,оларға үкімет атарпынан қолдаулар көрсетіліп мал шаруашылығының қолға алынса құба құп болатынын тілге тиек етті. Кеш барысында «Сарыарқа», «Айналдым елім», «Мойынқұм вальсі» сияқты танымал әндер шарықтата орындалып кешімізді қыздыра түсті. Аудандық мәдени ет үйінің әртістері әнмен шашу шашып,іс-шараның ажарын аса түсті.

2016 жылдың 19 мамыр күні аудандық мәдениет үйінің үлкен залында  Мәдениет және өнер қызметкерлері күні арналған салтанатты жиын өтті. Бұл мерекеге аудан әкімдігінің қызметкерлері,жергілікті мекемелерден және аудандық мәдениет үйінің бұрынғы басшылары мен бөлім басшылары қонаққа шақырылды. Алғашқы құттық тау сөз аудан әкімінің міндетін атқарушы Б.Есеевке беріліпі,ол кісі өзінің құттықтау сөзінің соңында аудан әкімінің марапаттарын тапсырды.

1.Аудан әкімінің Құрмет грамотасын Мәдениет үйінің кадр маманы Махамбетова Б. Алса,алғыс хатын  Сеңгірбаев Б.,Айтимова Г.,Тұрлығұлова Л. Алды.

  Екінші құттықтау сөз Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет,мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Жинақбаева Мүбарак Қасымқызына беріліп,ол кісі де Мәдениет басқармасының марапаты мен ақшалай сыйақысын тапсырды. Бірлік ауылдық клубының меңгерушісі Бірімқұлова Л. Мен Бекбосынов Ж. Облыстық марапатқа ие болды.

Бұл жолы мәдениет және өнер қызметкерлері залда қонақ ретінде отырып,концерттік программаны жергілікті мекеме ұжымдарынан ұйымдастырылған өнерпаздар қойды. Концерттік программа өте тартымды да,қызықты өтті.

2016 жылдың 23 мамырында «Діни экстремизм» жастармен кездесу кеші өтті. Кешке ауыл әкімдігінің жастармен жұмыс жөніндегі әдіскері Қ.Тоқтаров ашып, жастардың экстремизмге қарсы екендері,елдің болашағы үшін қандай да болсын бір экстремистік әрекетке қарсы бірлесе күш көрсететіндіктерін сөз етті. Кешке сондай ақ ауылдың полиция қызметкері М.Садыков қатысып,экстремизим жайлы қысқаша баяндама жасап өтті.

Хантау ауылдық клубында 2016 жылдың 18 наурызында нашақорлық пен анаша бизнесіне қарсы күрес күніне орай «Ұрпағың аман болсын десең…» атты ауыл жастарымен кездесу кеші өтті. Кешті ауылдың жастар орталығының әдіскері Төлеулиева П.ашып,нашақорлық жайлы қысқаша баяндама жасады. Іс-шараға ауылдың19-27 жас аралығындағы ауылда қызмет жасап жүрген,орта және кіші бизнесте жұмыс жасайтын жастары қатысты. Жастар өздерінің нашақорлық жайлы ойларын ортаға салып,пікірталас қызықты өтті. Кеш соңы жастардың би кешіне ұласты.

Қызылту ауылдық клубында 2016 жылдың 13 сәуірінде  жастар орталығымен бірлесе отырып, «Нашаға қарсы бірлесе күресейік» деген атпен дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге ауыл жастар орталығының әдіскері мен бірге бірнеше жастар және ауыл әкімі қатысты. Кешті ауыл әкімі ашып,нашақорлық жайлы деректі фильм көрсетілді.

Осы жылдың мамыр айының 16 сында Қарабөгет ауылдық клуб меңгерушісінің ұйымдастыруымен Нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес күніне орай мектептің жоғарғы сынып оқушыларымен,жыстар орталығының әдіскерінің қатысуымен кездесу өтті. Кеште нашақорлық жайлы деректі фильм көрсетіліп,соңынан фильм тақырыбы талқыланды.

2016 жылдың наурыз айының 11 нде Бірлік ауылдық клубында халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай «Нашақорлыққа жол жоқ» атты акция өтті. Акцияға ауылда әр түрлі мекемеде жұмыс жасайтын ауыл жастары қатысты. Акцияға қатысушылар нашақорлық туралы тақырыпта әртүрлі тақырыпты лозунглер алып шықты.

25-наурыз күні мәдениет үйінің кіші залында Нашақорлық пен наша бизнесіне қарсы дүниежүзілік күрес күніне байланысты «Жастар есірткіге қарсы» атты дөңгелек үстел өткізді.

Кешімізде алғашқы сөзді Нарколог – Ерболат Әліпбеков сөйледі. Алғашқы сөзінде Нашақорлық қоғамымызға дендеп енген қатерлі дерт екенін баяндап, есірткіге құмарлықтың жастар арасында  да кеңінен таралуы бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналғанын айтты. Шақырылған қонақтарымыз ауыл жастары, ішкі істер бөлімінің өкілдері де өз ойларын айтып, кешімізге ат салысып отырды. Аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Қалыбаев Жамбыл ағамыз, Ғасыр індеттеріне айналған нашақорлыққа қарсы бірлесіп жұмыс жасайық дей келе сөзін қорытындылады.

2016 жылдың 1 маусымында халықаралық балаларды қорғау күніне орай орталық аллеяда үлкен мерекелік іс-шара өтті. Балабақша балалары,мектептің төменгі сынып оқушылары аллеяда тас жолға сурет салудан жарыс өтті. Сондай ақ, ұлттық ойындардан,шахмат,шашкиден жарыстар өтті. Жарыс жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталды. Мерекелік безендірілген сахна маңында бал бұл жанған бүлдіршіндер ата аналарымен іс-шараны тамашалап,мәз мейрам көңілді күйде жүрді. Аллея маңында балаларға балмұздақ,тәтті тоқаштар сатылып мерекелік іс шара өз мәресіне жетті. Аудан әкімі Нүркенов Б. балаларды атаулы мерекемен құттықтап, болашақтарының жарқын болуын тіледі. Аз қамтылған отбасы балаларына аудан әкімі сыйлықтар тапсырды. Аудандық мәдениет үйінің әртістері іс-шараның басы қасында соңына дейін болып,жиналған жұртты тамаша әндерімен таңдандыра түсті.

2016 жылдың 4-маусым күні ҚР рәміздер күніне орай, мәдениет үйінің үлкен залында  салтанатты жиын өтті. Жиынды аудан әкімінің орынбасары Б.Есеев ашып,рәміздер жайлы баяндама жасады. Жиынға аудан әкімдігінің аппараты жергілікті мекемелердің басшылары қатысты.Аудандық мәдениет үйінің әншілері жиын соңынан өз тараптарынан жиналған халыққа әннен шашу шашты.

2016 жыл 16маусым күні Денсаулық сақтау қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне  арналған «Дәрігер деген-асыл адам кең жүрек» мерекелік жиын өтті. Халық жиналған соң,сахна сыртынан екі жүргізуші амандасып, мерекелік жиынды бастады. Мерекелік құттықтау сөз аудан әкімі Нүркенов Бақытжан Балтабекұлына берілді. Облыс әкімінің  Құрмет грамотасымен  «Алғыс хатымен» бірнеше азаматтармен азаматшалар марапатталды. Мерекелік ән-шашумен аудандық мәдениет үйі әншілерінің орындауында «Елге тілек» әнімен аяқтап,  қол соғып қошеметтеді.

2016 жылдың 17 маусымында Бірлік ауылдық клубында « Ел іші- өнер кеніші» тақырыбының аясында «Бірлік аулдық клубының үйірме жұмыстарының –озық тәжіриьбесі» атты көшпелы семинар кеңес өтті. Клуб меңгерушісі Бірімқұлова Лидия мен мәдени ұйымдастырушысы Баялиева Айнұр клуб аясында жқмыс жүргізетін қолданбалы қолөнер үйірмесі мен хор,вокалды аспаптар үйірмелерінің жұмыстарын көрсетті. Үйірме мүшелері түгелдей дерлік қатысып әркім өз жұмыстарына түсінік берді. Мектеп  оқушыларынан тұратын домбыра үйірме мүшелері домбырамен ән салып,би билеп,күй де шертілді. Үйірме жұмыстары туралы басқа клуб меңгерушілері де өз ойлароын ортаға салып,кем кетіктерін түгендеп,өздеріне керек дүниелерді бөлісіп жатты. Сонымен қатар,әр ауылдық клуб меңгерушісі өз клубтарындағы үйірме жұмыстары туралы слайд көрсетіп,оны салысытырып,талқыға салды.Семинар кеңестің аяғы ауыл өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты

 

6-шілде Астана  күніне орай  аудандық мәдениет үйінің жанындағы орталық  сахнада  «Туған күніңмен, Астана!»  атты салтанатты мерекелік ән – думан өтті. Өтетін орын мерекелік көңіл – күймен безендірілді. Орталық сахна мінбесі гүлмен, шармен, мерекеге сай көмкерілген. Мереке басталғанша Астана жайлы слайд көрсетіліп, музыка ойнап тұрды. Оған ауыл тұрғындары, мектеп оқушылары, балабақша бүлдіршіндері,  мекеме  ұжымдары қатысты.  Мерекелік кешті аудан әкімі Нүркенов Б.Б. ашып ауыл тұрғындарын мерекемен құттықтады. Астана туралы слайд көрсетіліп,Астананың бүгіні мен ертеңі жайлы деректі фильм көрсетілді. Аудандық мәдениет үйінің театр әртістерінің қатысуымен театрландырылған көрініс көрсетіліп жиналған халықтың көңілінен шықты. Мерекелік кеш орталық алаңда Астана күніне арналған мерекелік от шашу мен  көріктене түсті.  Мәдениет үйінің әртістері әннен шашу шашып,жиналған көрермендер орталық алаңда көпке дейін қызықтап жүрді.

 

7-шілде  ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай өткізілетін волейболдан аудандық жарыстың ашылу салтанаты өтті. Спорт кешенінің ішінде біркелкі спорттық киім киген аудандық жарысқа қатысушы командалар сапқа тұрғызылды. Әр команда алдында жас спортшы балалар команданың аты жазылған табличканы ұстап,кешен ішінде көңілді әуен ойнап тұрды. Жүргізуші жарысқа қатысушы командаларды таныстырып, Астана күні мерекесіне арналған аудандық жарыс ашық деп жариялады. Содан кейін  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалды. Құттықтау сөз аудан әкімінің орынбасары Есеев Бақытжан Жапарұлына берілді. Ән шашу айтылды. Құттықтау сөз аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Акимов Шакизат Ақбасұлына  берілді. Жарыс ережелерімен таныстыру үшін сөз жарыстың бас төрешісі Жұмағұлов Темірхан Әділханұлына берілді. Мәдениет үйінің әртістері де жарысқа өз үлестерін ән шашу арқылы қосты.

Сонымен қатар,аудандық мәдениет үйіне қарасты Құмөзек ауылдық клубында да Астана күніне орай «Астана жас қалам» атты мерекелік іс шара ұйымдастырылды. Іс-шараны ауылдық округтің әкімі мерекелік құттықтау сөзбен ашып берді. Құттықтау сөзден соң көпшілікті мерекемен құттықтады. Мерекелік іс-шарада Шілдебаева Самалдың  орындауындағы «Астана» әнімен мерекені ашып, концерттік бағдарлама әсем әнмен аяқталды. Мерекеге жиналған көрермен арасынан жастарда өз өнерлерін паш ете білді. Бұл мереке күні ауыл жастары жақсы көңіл күйге  бөленді. Мереке соңы жастар би кешімен аяқталды.

Ауылдық клубтардың барлығында дерлік Астана күніне арналған мерекелік іс-шаралар өте жоғары деңгейде өтіп жатты.

14 шілдеде аудандық мәдениет үйінде ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Күй тәңірдің күмбірі» атты аудандық байқау өтті. Байқауға әр ауылдық округтерден және Моынқұм ауылынан 16 адам қатысты. Әділқазылар алқасы тағайындалып,жүлделі орындар белгіленді. Қатысушылар жасы 14 пен 30 жас аралығында. Белгілі композиторлардың күйлерімен қатар,жергілікті ақын сазгерлердің де шығармалары орындалып өз тыңдармандарына жетіп жатты. Сонымен қатар,ауданға белгілі жас күйшілер өз шығаормаларын да орындап көрермен ризашылығына бөленді. Барлық күй тақырыптары ҚР Тәуелсізідігіне арналды.  Бірінші орынды Мойынқұм ауылынан 16 жасар Мелдеш Орынбасар иеленді. Екінші,үшінші орындарды Құмөзек ауылдық округі мен Биназар ауіылдық округінен келген талантты жастарымыз алды. Жүлделі орын иелері бағалы сыйлықтар мен аудан әкімінің грамоталарымен марапатталды.

22.07.2016ж. Аудандық мәдениет үйінде мәдениет үйінің әдіскері Г.Айтимованың ұйымдастыруымен елімізде орын алып жатқан террористік акт мәселесі желісінде «Ұрпақ тәрбиесі-ұлт болашағы» атты ауылдық клуб мекемелері меңгерушілері арасында  пікір алмасу отырысы болды. Отырысты Айтимова кіріспе сөзбен ашып,ортаға мәселе желісі бойынша  1.Терроризм ұғымын кім қалай түсінеді?, 2.Еліміздің болашағы жастардың қолында, 3.Қазіргі таңдағы жастарымыздың әдептеріне,өздерін ұстау,этика-эстетикасына,өзіндік мәдениетіне көңіл тола ма?. 4.Ұлттық қалпымызды сақтап қалу үшін әртүртлі діни ағымдардан қорғаштаудың қандай амалдарын көреміз ? т.б. сұрақтар  тастады.

Биназар ауылдық клубының меңгерушісі Тоқтыбаева М. тақырыпқа сай баяндама жасап,слайд көрсетілді. Пікір алмасу кешіне келген клуб меңгерушілері тақырыпты тереңдетіп талқылап,әрқайсысы өз ойларын ортаға салды. Және клуб меңгерушілеріне осы тақырыптас кештер өз ауылдарында өткізулері табысталды. Кеш соңында аудандық мәдениет үйінің әртістері Ж.Омарова,Жексембек Т., Н.Қажымұрат т.б. әннен шашу шашты.

 

Тамыз айының 6-сы күні Аудандық мәдениет үйінде ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Ерліктің арқауы, елдіктің бастауы-Тәуелсіздік» атты танымдылық сағат кеші өткізілді. Мақсаты: Тәуелсіз Республиканың құрылу тарихымен таныстыру. Отаншылдыққа, бірлікке, ынтымаққа тәрбиелеу. Бұл кешке ауылдың зиялы қауым өкілдері арнайы шақырылып, аудан әкімінің орынбасары Б.Ж.Есеев,аудан әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі М.Көшкінбаевтар қатысты. Бұдан жиырма бес жыл бұрын сонау ата бабамыз аңсап келген Тәуелсіздікті Қайрат,Ләззәт,Сабира сынды от жалын жастарымыздың қан төгісінің арқасында иелендік.  Мәдениет үйінің  әншілері Қасымжан Сәденов «Тәуелсіздік таңы » атты монологгын оқыса, Жамиля Омарова әннен шашу шашты. М.Жұмабаев атындағы мектептің оқушысы А.Мырзагелді, Мұқағали Мақатаевтың «Қазақстан»тәрізді өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Кеш тақырыбында ұйымдастырылған көрмеде еліміздің белгілі ақын жазушысы ОГ.Сүлейменовтың, М.Шахановтың  Тәуелсіздік тақырыбынгдағы  еңбектері мен Тәуелсіздік  тарихын айшықтайтын әдебиеттер ұсынылды. Кеш барысында кітапхана қызметкерлері Тәуелсіздіктің құрылуы мен тарихы туралы баяндама жасады. Кеш соңында келген қонақтарға алғыс айтылды.

15 тамыз 2016 жылы ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясындаҚылышбай ауылында ауылдық клуб меңгерушілер арасында «Тәуелсіздік таңының тууы тым қымбатқа түскен-ді» атты аудандық семинар өтті. Семинар сағат 10 да басталып, аудандық мәдениет үйінің директоры М.Сейділдаев алғы сөзбен ашып берді. Одан соң аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы М.Мұқашев семинарға қатысушыларды құттықтап сөз сөйледі. Келесі кезекте аудандық мәдениет үйінің әдіскері Г.Айтимова «Тәуелсіздік –тәңірдің сыйы» атты баяндама жасады.  Және семинарға келген клуб меңгерушілер арасында  Тәуелсіздік мерекесінің 25 жылдығына орай өткізіліп жатқан іс-шаралар туралы пікір алмасу өтті.

Қылышбай ауылдық клубының меңгерушісі Сыздықбаева А.дайындаған «Тәуелсіздік таңының тууы тым қымбатқа түскен-ді» атты мерекелік іс-шара өте қызықты өтті. Іс шара барысында Бекен қызы Гүлзаттың орындауында «Желтоқсан» өлеңі оқылып, Жас бүлдіршін Қайрат Есімнің баянда өнер көрсеткені көрермендер көңілінен шықты. Іс шара соңында шешімін табуды қажет ететін мәселелер бойынша пікір алмасу ,семинарды қортындылау болды.

 

 

17 тамыз, 2016 жыл Спорт күні мерекесіне орай волейболдан ерлер және кіші футболдан жасөспірімдер арасында өтетін аудандық турнирдің  ашылу салтанаты өтті.Спорт кешенінің ішінде біркелкі спорттық киім киген аудандық турнирге қатысушы командалар сапқа тұрғызылады. Әр команда алдында жас спортшы балалар команданың аты жазылған табличканы ұстап,кешен ішінде көңілді әуен ойнап тұрды. Спортшылар күні және ҚР  Тәуелсіздігінің 25  жылдығы мерекесіне арналған аудандық жарыс ашық деп жарияланып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалды. Құттықтау сөз аудан әкімі Нүркенов Бақытжан Балтабекұлына берілді. Албина Молданова «Қазақ елі» әнін орындады. Келесі сөз кезегі Ардагерлер кеңесінің төрағасы Қалыбаев Жамбыл ағамызға  берілді.

Төреби Жексембек «Кім білген» әнін орындады. Спорт күні мерекесіне арналған салтанатты жиын жабық деп жарияланып, жарыс ережелерімен таныстыру үшін сөз жарыстың бас төрешісі Жұмағұлов Темірхан Әділханұлына берілді.

26-тамыз сағат 10 да Мұғалімдер конференциясына орай аудандық мәдениет үйінің үлкен залында мерекелік концерт өтті. Іс шарада аудан әкімі Нүркенов Бақытжан Балтабекұлы ашып сөз сөйледі. Мұғалімдер марапатталып, әр түрлі сыйлықтарға ие болды. Арты  аудандық мәдениет үйінің артістерінің мерекелік концертімен ұласты.

 

Тамыз айының 26-і күні сағат 15.00 де аудандық мәдениет үйінің үлкен залында Қазақстан Республикасы Конститутциясының 23 жылдығына арналған мерекелік концерт, салтанатты жиын өтті. Өтетін орын мереке сай безендірілген. Жиында тәуелсіздікке қалай қол жеткізгендігіміз, Егемендігіміздің еңсесі нығайып, көп ұлтты Қазақстанымыз көркейіп, ел экономикасының өсіп-өркендеуі, халықтың әл–ауқатын артып, дамудың даңғыл жолын таңдағандығымыз жайлы айтылды. Жиынға  аудан әкімдігінің аппарат  жетекшілері, мекеме, бөлім басшылары, ауыл ақсақалдары, ауыл тұрғындары қатысты. Мерейлі мерекені ашып беру үшін сөзді аудан әкімі Нүркенов Бақытжан Балтабекұлына берілді. Ауданымыздың ұлағатты ұстазы, еңбек ардагері Демьянова Зинаида Михайлова мерекемен құттықтап, сөз сөйледі. Мереке соңында мәдениет үйі әртістерінің ән шашуымен және Мойынқұм халықтық ән-би ансамблінің фольклорлық концертімен жалғасты.

 

27-тамыз Мәдениет үйінің жанындағы орталық алаңда Кеншілер күніне орай «Кеншілер еңбегін, жастар еншілер» деген атпен кентіміздің жастары мен кеншілеріне арнап концерт ұйымдастырылып  өткізілді. Ел ішінде елге еңбегі сіңген кенші, қазіргі кезде ақсақалдар алқасының төрағасы Аушенов Көбен ағамыз кеншілерді мадақтап, құрметтеп осындай кездесу кеші ұйымдастырылып отырғандығына рахмет айта келе, ендігі кеншілер еңбегін жастар еншілер, өйткені Ақбақай кенті дәл қасымызда екенін ескере отырып, жастарға ұран тастай сөйлеп, өз ой- пікірін білдірді. Мереке соңы мәдениет үйі әртістерінің ән шашуымен аяқталды.

 

29-тамыз Конституция күніне арналып, Хантау ауылында өткен іс-шара да өз деңгейінде өтті. Ауыл әкімі ауыл азаматтарын,еңбек озаттарын құттықтап,өз марапаттарын табыс етті. Іс-шара соңынан ауылдық клуб меңгерушісі дайындаған мерекелік концерттік бағдарлама көпшілікке тарту етілді.

ҚР.Конституциясы күніне арналған мерекелік жиын ауданның барлық клубтарында жоғары дәрежеде аталып өтті.

29 тамыз 2016 жылы ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Мойынқұм аудандық мәдениет үйінің  ұйымдастыруымен  «Тәуелсіздік тұғырым, мәңгі шырқар ән-жырым» фестивалінің аясында «Көркейе бер,ауылым» атты ауылдық мәдениет және өнер күндері байқауы Бірлік ауылдық округінен бастау алды. Орталығы Бірлік ауылы болған байқауға, Биназар ауылдық округі, Хантау ауылдық округі, Кеңес ауылдық округі, Көкжелек ауылдық округтері қатысты.

Байқаудың мақсаты:  – ұлттық рухани сұранысты қанағаттандыру,

– тұрмыс салт дәстүрі,әдет ғұрыптарды насихаттау,

– ауылдың көркемдік этикалық танымын қалыптастыру,

– жас таланттардың шығармашылық белсенділігін арттыру, ауылдың мәдениетін көтеру, ұмыт қалған халық шығармаларын жандандыру, ұлттық қол өнер шеберлерін насихаттау,ұлттық өнерн жанрларын насихаттау. Әр округтен келген үміткерлер жанр бойынша сайысқа түсіп,жеңімпаздар ауданда өтетін гала концертке қатысып,сол кезде жүлделі орындар белгіленеді.Ал,бұл сайыста көзге түсіп көрермен көзайымына айналған екі округ болды. Бірлік және Биназар ауылдық округтері. Дәл осындай тәртіпте басқа да аулыдық округтерде тамыз-қыркүйек айларында өтіп жеңімпаздар ауданда бәсекеге түседі.

 

30-тамыз Шахтёр күні мерекесіне  арналған кеш ұйымдастырылып, Шығанақ ауылдық кентіне концерттік бағдарламамен мәдениет үйі әртістері әдемі кешке қатысты. Елімізде  қажырлы, ірі жанкешті еңбегімен  халқымыздың игілігі үшін абыройлы іс атқарған  кеншілерімізді  төл мерекелерімен шын жүректен құттықтап, аудан әкімінің  марапаттары мен сый сияпаттарына ие болды. Мұндай қрошеметке риза болған халық әсем көңіл күймен қайтты. Мерекеге қатысушыларда ақ тілектерін айтып, шын көңілдерін білдіріп жатты.

 

2016 жылдың 9 қыркүйегінде ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Мойынқұм аудандық мәдениет үйінің  ұйымдастыруымен  «Тәуелсіздік тұғырым,мәңг.і шырқар ән-жырым» фестивалінің аясында «Көркейе бер,ауылым!» атты ауылдық мәдениет және өнер күндері байқауы Бірлік ауылдық округінен бастау алып осы күні Шығанақ ауылында жалғасын тапты. Орталығы Шығанақ ауылы болып оған Мыңарал, Ақсүйек, Мирный ауылдық округтері қатысты.

Байқаудың мақсаты:  – ұлттық рухани сұранысты қанағаттандыру,

– тұрмыс салт дәстүрі,әдет ғұрыптарды насихаттау,

– ауылдың көркемдік этикалық танымын қалыптастыру,

– жас таланттардың шығармашылық белсенділігін арттыру, ауылдың мәдениетін көтеру, ұмыт қалған халық шығармаларын жандандыру, ұлттық қол өнер шеберлерін насихаттау,ұлттық өнерн жанрларын насихаттау. Әр округтен келген үміткерлер жанр бойынша сайысқа түсіп,жеңімпаздар ауданда өтетін гала концертке қатысып,сол кезде жүлделі орындар белгіленеді. Барлық округтен келген үміткерлер әр жанр бойынша берілген тапсырмаларды түгел қамтуға тырысып бақты. Сонда да болса,ерекшеленіп көзге түсіп халық ризашылығына бөленген Мирный ауылдық округі болды. Дәл осындай тәртіпте басқа да аулыдық округтерде тамыз-қыркүйек айларында өтіп жеңімпаздар ауданда бәсекеге түседі.

2016 жылдың 10 қыркүйегінде ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Тараз қаласында өткен «Жамбылым-ән бесігім!» атты жергілікті сазгерлердің байқпуына Мойынқұм ауданынын атынан ақын-сазгер Болатбек Әбішев қатысты. Байқауға ұсынылған әндерді сазгер өзі немесе әншілерге орындатуына болады делнгендіктен Мойынқұм аудандық мәдениет үйінің әншісі Ерлан Айтқабыл Б.Әбішевтың «Батыр Қайрат» әнін, Гүлдана Алиева «Қазақстаным» әндерін  орындап үшінші орын иеленіп қайтты.

Осы жылдың 13ші қыркүйегінен бастап  Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай Мойынқұм ән-би ансамбльінің мүшелері «Ауылым – алтын бесігім» атты концерттік бағдарламамен гастрольдік сапарға шықты. Гастрольдік сапар Кеңес ауылынан бастау алып,Ұланбел,Мыңарал елді  мекендерімен шектеліп тоқтайды. Концерттік бағдарлама патриоттық тақырыптағы эстрада әндерімен қатар күй,терме,дәстүрлі әндерді де қамтып өтеді.

16шы қыркүйек күні Жамбыл ауылында  Кшаман ауылдық округі мен Қылышбай ауылдық округтерінің қатысуымен Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған «Көркейе бер ауылым» атты ауылдың мәдениет және өнер күндері байқауы өтті. Әр ауылдық округ өз өнерлерімен қатар қазақтың салт дәстүрі мен әдет ғұрыптарынан көріністер тарту етті. Жамбыл ауылының орталығынан киіз үй тігіліп,кәсіпкерлер өз өнеркәсіптерін  алып шықты. Киіз үй іші ауыл қарттарымен ауыл қонақтарына толып,ауылдың алты ауызы айтылды. Әр ауыл өз өнерлерін ортаға салып,би биленіп әннен шашу шашылды. Көрермен көзайымына Жамбыл ауылының өнерпаздары айналды. Дәл осындай тәртіпте басқа да аулыдық округтерде тамыз-қыркүйек айларында өтіп жеңімпаздар ауданда бәсекеге түседі.

2016 жылдың 22 қыркүйегі күні аудандық мәдениет үйінің үлкен залында Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай  «Тіл-татулық тірегі» атты дөңгелек үстел өтті.Дөңгелек үстелді мәдениет үйінің қызметкері Лаура Тұрлығұлова жүргізді. Өтетін орын мерекелік көңіл күймен безендірілді. Сахна төріне «Мәңгілік ел! Мәңгілік тіл!» деп жазылған бильбордт ілінді. Ауданның өзге ұлт өкілдерінен қонақтар мен қатар тіл жанашырлары шақырылды. Алғашқыв сөз кезегі аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Мұқашев Мәлік Мұратәліұлына берілді.

Дөңгелек үстелде Елбасының жолдауындағы үш тілді игеру мәселесі,қазақ тілін дамыту бағытындағы көрсеткіштер,2025 жылда болатын латын әліппесі ену мәселесі тағы басқа көптегшен тіл туралы мәселелер қызу талқыға түсті.

Дөңгшелек үстел соңынан аудандық мәдениет үйінің әртістері Ж.Омарова, Е.Омаров, Қ.Абдықадыров, Г.Тайтимовалар тіл туралы әндерден шашу шашты.

 

2016 жылдың 21- 23  қазанында  – Ел Тәуелсіздігінің  25 жылдығына орай  Сыр  өңірінде  екі  мәрте  Социалистік  Еңбек  Ері  ақ күріштің атасы  атанған  Ыбырай  Жақаевтың  125 жылдық  мерейтойы  кең  көлемде  аталып  өтті.

Оған ауданымыздан  аудан әкімінің  орынбасары  Бақытжан  Жапарұлы  Есеев  бастаған  делегация  қатысып  қайтты.  Құрамында  еңбек  ардагерлері,  Жаз – Атаның ұлдары  мен  келіндері,  өнер  адамдары  бар  топты  шиеліліктер  ыстық  ықыласпен  қарсы  алып, құрмет көрсетті.

Мерейтой  алдымен  қызылорда  қаласындағы  Ы. Жақаевқа  арналған  ескерткішке  гүл  шоқтарын  қоюмен  басталды.  Оған  әкімі  Қ. Көшербаев, еңбек ардагерлері, еліміздің  түкпір – түкпірінен келген  меймандар  қатысты.

 Содан соң  мерейтой  Шиелі  ауданында  жалғасты. Мұнда  өткен  салтанантты рәсімде Қазақстан  республикасы Сенетының депутааттары Бекмырза  Еламанов, Мұрат Бақтярұлы, Мәжіліс депутаттары Абзал Ералиев, Наташа Жұмаділдаева, академиктер Досмұхамед Кішібеков, асқар Жұмаділдаев, ҚР ауыл шаруашылығы  министрлігі су ресурстары жөніндегі  комитетінің төрағасы  Ислам  әбішев, даңқты  палуан дәулет  Тұрлыханов  және басқа да елімізге  есімдері  танымал  азаматтар, өнер адамдарымен бірге  ауданымыздың  делегациясы  да  қатысты.Мерейтойлық  жиында  аудан әкімінің  орынбасары  Бақытжан  есеев  Жаз  -ата  мен Ыбйрай  атаның  мызғымас  достығы  жайында  шешіле  сөййлеп,  Жаз – Ата, ыбырай, Нұрмолда  аталар  бейнеленген  үлкен  түкті  кілемді  сыйға тартты.  Ауданымыддан  барған  Мәдениет  үйінің  өнерпаздары  ән  мен жырдан  шашу  шашып,  Болатбек  Әбішевтің  «Дихан  ата»  әнін  тұңғыш  рет  орындады.  Сондай – ақ ақын, композитор  Болатбек  Әбішев  Ыбырай  атаға  арнаған  толғауын  тебірене  оқыды.

Жиын  барысында  сөйлеген  Социалистік  Еңбек  Ері, 97  жастағы  абыз ана  Шырынкүл  Қазанбаева  өзінің  жібек  орамалын  Жаз – атаның  келіні  Ләйлә  Қожагелиеваға  жапты.

Мерейтоймен  қатар  аудан  орталығындағы  Иманжүміп  атындағы  орталық  стадионында  «Алтын  күз- 2016»  мерекесі  өткізіліп,  ауданның  белді  диқандары  марапатталды.  Мерейтой  аясында  қазақ  күресіннен  республикалық  жарыс,  «Диқан рухы  мәңгілік»  атты  ақындар  айтысы,  «Әлемнің әміршісі – Еңбек»  атты  партиоттық  әндер  байқауы  өткізілді.

Ақ күріштің  атасы, екі мәрте  Социалистік Еңбек  ері  Ыбырай  Жақаевтың 125 жылдық  мерейтойы  елдіктің, еңбек  адамына  деген  құрметтің  айқын  көрінісі  болды.  Мойынқұмдықтардың  тойға  шашуы  ретінде  ұсынған  өнері   екі  мәрте  Еңбек  Ерлері  Жазылбек  Қуанышбаев  пен  Ыбырай  Жақаевтың  ұлы  достығын  елімізге  тағы  да  бір  паш  етті.

Мойынқұм аудандық мәдениет үйі өнерпаздары Қызылорда облысы, Шиелі ауданында өткен, Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Ыбырай Жақаевтың 125-жылдық мерей тойына Мойынқұм ауданы, Мойынқұм халықтық ән-би ансамблінің өнерпаздары мерекелік концертін қойып қайтты. Ауданнан барлығы 42 адам барды. Мерекелік концертті Айтқабыл Ерлан мен Алиева Гүлдана жүргізіп отырды.  Аудандық мәдениет үйінде зал халыққа лық толды. Осының өзі аудан тұрғындарының, қала қонақтарының Мойынқұм ауданына деген, жалпы Мойынқұмдықтарға деген игі ықыластарын сездіргендей еді.   Мойынқұм халық аспаптар ансамблі Құрманғазының күйі «Балбырауынмен» мерекелік концертті ашып, «Ерке сылқым» бишілер тобы да, «Шашу» биімен көрікті етті. Ш.Қалдаяқовтың «Мойынқұмда» әнін М.Сейділдаев, М.Калиакбаров, Ғ.Иетаевтар орындап концертті одан бетер қызу қылды. Концерт соңында Қызылорда әкімі ортаға шығып, Мойынқұмдықтарды құттықтап, келешекте де биік белестер тілеймін деп сөзін аяқтады. Қойылған концерт көпшіліктің ойынан шығып, халықтың ризашылығына бөленіп жатты. Көрермендер өз ықыластарын гүл дестелері арқылы сездіріп, игі тілектерін жаудырып жатты.

       

   2016 жылдың 4 қараша  күні –   облыс әкімдігі  жастар  саясаты  мәселелері  басқармасының  ұйымдастыруымен  «Жастар – Тәуелсіздік  тірегі!»  атты  облыстық  жастар  керуені  ауданымызға  келіп,  бірлік  ауылының  халқы,   жастарымен  кездесті.  Кездесуге  халық  көп  жиналды.  Кездесу  алдында  облыстық  жастар  керуенінің   мүшелері  мен  ауыл  тұрғындары қазақтың  біртуар  ұлы,   «Халық  қаһарманы»  Қайрат  Рысқұлбековтың  ескерткішіне  гүл  шоғын  қойып,  ескерткіш  ретінде  суретке  түсті.

Ауылдағы  «Желтоқсан»  клубында  өткен  кездесуді  ауылдық  округінің әкімі  Талғат  Мұсақұлов Ел  тәуелсіздігінің  25  жылдығына  қысқаша  сөз  сөйлеп  ашты.

Облыстық  жастар  керуені  өздерінің  алғашқы  сапарын ауданымыздың  Бірлік  ауылынан  бастауы  да  тегін  емес.  Себебі:  ата – бабаамыздың ұзақ  жылдар  аңсаған  тәуелсіздігіміздің  бастауы  Желтоқсан  оқиғасы  екені  баршаға  аян.   Ал,  Бірлік ауылы  сол  оқиғаның  басты  кейіпкері,  «Халық  қаһарманы»  Қайрат рысқұлбековтің  туған  ауылы.

Кездесуде  «Нұр  Отан» партиясы  Тараз  қалалық  филиалы  «Жас  Отан»  жастар қанатының  төрағасы  Бақкелді  Тұрсынбек,  Бірлік  ауылдық ардагерлер  кеңесінің  төрағасы  орынбай  нұрлыбаев,  Нұр  Отан«  партиясы  Бірлік  бастауыш  ұйымының  төрағасы  Аманғали Молдабаевтар  сөз сөйлеп,  жиынға  қатысушыларды  мерекемен  құттықтап,  оларды  еліміздің  басты  құндылықтары  бірлік, тұрақтылық,  ауызбіршілікке  шақырды.

Кездесуде  Жамбыл  облыстық  филарминоясы  мен  Тарза  қаласындағы  мемлекеттік  педагогикалық  институтының  өнерпаздары  әуелете  ән  шырқап,  күмбірлеті  күй  төкті,  мың  бұрала  би биледі.  Олардың   расында  өзіміздің  жерлесіміз  бірліктік  Бектұр  Оңаловтың  әндеріне  көпшілік  ризашылықтарын  білдіріп, дүркірете  қол  соғып  отырды.

Кездесуге аудан   әкімдігі  ішкі  саясат  бөлімінің  басшысы  Манарбек  Көшкімбаев  қатысты.  Түс қайта  «Жастар – тәуелсіздік тірегі!»  атты облыстық  жастар  керуені   Шу,  Қордай  аудандарына  жүріп  кетті.

 

 

2016   жылдың 18 қараша күні  Ел Тәуелсіздігінің  25 жылдығына орай аудандық мәдениет үйінде «Тәуелсіздік

тұғырым, мәдениетім – мәртебем» атты Қордай ауданының мәдениет мен өнері күндері өтті.

Мәдениет үйінің фойесінде Қордай өңірінде туған мемлекет, өнер, әдебиет, мәдениет қайраткерлерінің суреттері, ауданның ауылшаруашылығ, өндіріс, денсаулық, мәдениет, білім, спорт салалары бойынша жеткен жетістіктерін бейнелейтін стендтер қойылып, мойынқұмдықтардың назарына ұсынылды. Көрермендер  алдында облыстық халыш шығармашылығы орталығының директоры Ғани Садырбаев,   Қордай ауданы  әкімінің орынбасары Бейқұт  жаманғазиев, Мойынқұм ауданы әкімінің орынбасары  Бақытжан Есеев сөз сөйлеп, тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы  құрметіне өткізіліп отырған мәдениет күндеріне қатысушыларға сәттілік тіледі.

Мәдениет және өнер күндері жазушы – драматург  Бек  тоғысбаевтың  «ант» пьесасын қоюмен басталды. Содан соң ән мен жырға, күйге, биге кезек берілді.  Мойынқұмдықтар қазақстан республикасы  мәдениет саласының үздігі  қарлығаш Қожағазинаның орындауындағы  К. Әзірбаевтың  «Туған жер»,  Әйгерім Барманбекованың  орындауындағы  халық әні «Бипыл», республикалық  «Жас Ұлан» армиялық ән байқауының жүлдегерлері  Мұрат Рысбеков пен Төлеген Қыдырбектің орындауындағы  «Батырлар ұраны» әні,  Асхат  Базарбаевтың орындауындағы  Ә. Желдібаевтың

«Сұлутөр»,  Қ. Мамытқалиевтың  «Қордайым» әндерін орындаған әншілер тобын көрермен қауым жылы қабылдады.

Көрермендер  «Махаббат» халықтық би ансамблінің бишісі  Нарке Мансураның орындауындағы  «Ерке сылқым» биін,  «Ойжайлау»  фольклорлық ансамблінің орындауындағы  М. Әубәкіровтың   «Наркескен» күйін, облыстық күйшілер байқауының жүлдегері  Қуаныш  Ахметовтың  орындауындағы А. Жайымовтың  «Шаттанамын» күйіне ұзқ қол шапалақтап, құрмет көрсетті.

 

2016 жылдың 16 қараша күні – Аудан әкімшілігінің ұйымдастыруымен ел  Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған  «Тәуелсіздікке – тағзым» атты   аудан  орталығынан  шыққан  автокеруен  3 бағытта  жүріп  өтті.

Автокеруендерді аудан әкімінің орынбасары  Бақытжан  Есеев,  аудандық ардагерлер  кеңесінің  төрағасы  Жамбыл  Қалыбаев, орталық аурухананың бас дәрігері, облыстық маслихаттың депутаты Жайдар  Әйтішевтер бастап кетті.  Үш бағытта  жолға  шыққан  автокеруен  насихатшыларының басты  мақсаты   Тәуелсіздік  жылдарындағы  жетістіктерді  халыққа  жеткізу. Құрамында  білім,  мәдениет, денсаулық, әлеуметтік сала,  бұқаралық  ақпарат  құралдары,  «Жастар» орталығының  өкілдері  бар автокеруен  ауданымыздың  барлық  елді – мекендерінде  болып,  халықпен  кездесетін  болады. Барлық  жиындарда халық  тарапынан  аса  ыстық  ықылас байқалса, соның  ішінде  ауылдарда  өткен  жиындар  өте  әсерлі  болады.  өйткені  аудандық  мәдениет  үйінің  әншілері  ән  айтқан  уақытта  халық  ыстық ықыластарын  мерекелік көңіл – күй  сыйлап,  ерекше  сезім  орнатты.

 

   2016 жылдың 23 қарашада – Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен Мойынқұм аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Тұңғыш Президент күніне орай,  Қордай  ауданында «Тәуелсіздік-тұғырым, мәдениетім-мәртебем» атты Мойынқұм ауданының мәдениет және өнер күніне арнап концерт қойып қайтты.

Аудан  өнерпаздары қордай  ауданына  аудан әкімдігі  мәдениет және  тілдерді  дамыту  бөлімінің  басшысы  мәлік  мұқашев  бастап  барды. Олар  аудандық  мәдениет  үйіне  «Құт  дарыған  өлке» тақырыбында  үлкен  стенді  қойды.  Онда  ауданнан  шыққан  мемлекет,  өнер,  әдебиет,  мәдениет  саласы  қызметкерлері  мен  аудан  мәдениетінің  қол  жеткен  жетістіктері  баяндалған.  Сондай – ақ  ісмер  шеберлер  қолынанн  шыққан  қол  өнер  бұйымдарына  да  қордайлықтардың  қызығушылықтары  басым  болғанын  айта  кеткен  жөн.

Концерттік  бағдарлама  алдында  жиналғандарды  облыстық  халық  шығармашылығы  орталығының  директоры  Ғани  Садырбаев,  аудан  әкімдігінің  мәдениет және  тілдерді  дамыту  бөлімінің  басшысы  Мәлік  Мұқашев,  Қордай  ауданы  әкімінің  орынбасары  Бейқұт Жаманғазиевтер  ел  Тәуелсіздігінің  25  жылдығымен  құттықтап,  мәдениет  күндеріне  қатысушыларға  сәттілік  тіледі.

Аудан  өнерпаздары  алдымен  махабаттың  символына  айналған,  дауылпаз  ақын  Иса  Байзақовтың  «Құралай  сұлу»  поэмасы  негізінде  жазылған  «Құралай  сұлу»  спектакілін  көрермендерге  ұсынды.   «Мойынқұм» ән – би ансамблінің  орындауында  бірнеше  күй  орындалса,  жергілікті  сазгерлер  бірліктік  Біржан  Толыбаевтың  «Көктерек  аруы», биназарлық  Болатбек  Әбішевтің  «Батыр  Қайрат,  мойынқұмдық  Марс  Сүленовтың « Мойынқұм  вальсі»  әндерін  шырқаған  Қ. Әбдіқадыров,  Б. Әбеков,  Г.  Тайтимоваларға  көрермендер  дүркін – дүркін  қол  соғып  отырды.  Ал,  белгілі  әншілер  Қ. Сәденов,  М.  Сейдилдаев,  М. Калиакбаров, Ғ. Иетаев,  Ж. Омаровалар  шырқаған  «Жазылбекшілер  маршы»,  «Мойынқұмда»,  «Құрбылар»  әндері  құлақ  құрышын  қандырды.  «Шашу»  бишілер  тобы  «Шашу»,  «Араб биін» әдемі  билеп,  жақсы  ой – пікір  қалдырды.

 

2016 жылдың  30 қараша күні – Қазақстан  Республикасы  мәдениет саласының үздігі,  композитор,  «Мойынқұм» халықтық ән – би ансамбілінің көркемдік жетекшісі, дирижері  Біржан  Қожағұлұлы  Толбаевтың  «Өмірі – өнермен өрілген» атты шығармашылық  кеші  аудан  әкімінің  қолдауымен  ауданымызда  алғашқы  рет  ұйымдастырылып өтті.

Мерекелік кеште аудан әкімі  Бақытжан  Нүркенов  шығармашылық кеш иегерін  құттықтап, үстіне шапан жауып, құрмет көрсетті.

Шығармашылық концерттің иегері Біржан ағаның  өзі де  сөз алып, 41 жыл сахна төрінде  өнерін көрсетіп, халқына адал қызмет етіп келе жатқанын баса айтты.

Қолдау жасаған аудан басшысына алғысын білдірді. Кеш қонағы, облыстық халық шығармашылығы  орталығының директоры  Ғани  Садырбаев  сахна төріне шығып, өзінің  біртуар тұлға Біржан  Толыбаевтың шәкірті екенін айта кетті.  Ауданның Құрметті азаматы  көкжелектік  еңбек ардагері Мұқан Сартов та өнерпаз    Біржанмен Мәскеуге,  Португалияға  бірге  барып, оның ауданның өнер жолында  атын шығаруға  үлес  қосқанын айтып, барған  сапарларынан естелік  айтып  берді.

Шығармашылық  кеште  Тараз қаласынан арнайы келген  жерлесіміз  Асылхан  Шүңіреков  бастаған  «Тараз» триосы  Біржанның  бірнеше үздік  әндерін  шырқап,  көрермендердің  қошеметіне ие болды. Сонымен  қатар  Қажымұрат  Абдықадыров,  Ақжан  Мәмбетәлиев,  Ерлан  Айтқабыл  сынды  аудандық мәдениет үйінің  әншілері   Біржанның  «Біржанның  әні»,  «Анашым»,  «Көктерек аруы»,  «Әсем  Астана» және  тағы да  басқа  әндерін  тамылжыта  орындады.  Концертте  ақын  Гүлнәр  Іпділдаеваның  сөзіне  жазылған  «Мойынқұм  вальсі»  әнін «Мойынқұм» ән – би ансам блі  ерекше  орындап, тындарманның  жүрегіне  жол  тапты.

 

 

2016 жылдың 1 желтоқсан  күні –  Аудан  орталығындағы  Абылайхан  алаңында  Қазақстан  Республикасы  Тәуелсіздігінің  25  жылдығына  орай  «Тәуелсіздігіміздің  25  жұлдызды  күні» облыстық  іс – шарасына сәйкес  Тұңғыш  Президент күніне  арналған Мемлекеттік  ту  көтеру  рәсіміне  байлансты  митинг  өтті.

Мерекелік   митингке  халық  көптеп  жиналды,  ырғақты  музыканың   ойнап  тұруы  да  халықтың   көңілін  көтергенін  байқатты.  Мерекеге  арналған   митингі  мемлекетіміздің  Туын  көтеру,  Әнұранмен басталды.   Митингіні  «Жастар

Ресурстық  орталығының  директоры  Е.  Абасов  ашып,  жүргізді.  Аудан  әкімі  Бақытжан  Нүркенов  жиналған  халықты  мерекемен  құттықтап,  сөз  сөйледі.    Аудан  басшысы  өз  сөзінде  25 жыл  ішінде  Қазақ  елі  әлемді  мойындатқан, дамыған  елге  айналып,  Туымыз әлем  төріндегі  айтулы  жиындарда  сан  мәрте  көтерілгенін  баса  айтып  кетті.  Мәдени – спорттық  шараларда ,  экономикалық  саяси  бәсекелестікте  әлем  санасатын  қуатты  ел  болғанымзға  тоқталды.

Митингіде  аудандық  ардагерлер  кеңесінің  төрағасы  Жамбыл  Қалыбаев,  аудандық  білім  бөлімінің  әдіскері,  Тәуелсіздігіміздің  құрдасы  Нүркен  Пернебай  сөз  сөйлеп,  жиыналғандарды  мерекемен  құттықтады.

 

Тұңғыш  Президен  күніне  байланысты  іс –  шара  сол күні  мәдениет  үйінде  жалғасты.  Онда  аудан  әкімдігі  мен  білім  бөлімінің  ұйымдастыруымен   «Елі  сүйген  елбасы»  атты  концерттік  бағдарлама  болып  өтті.

Мерекелік  концер  патриоттық  әсем  әнмен  басталды.  Мерекелік  концер  барысында  «Нұр  Отан»  партиясы  аудандық  филиалының   төрағасы,  аудан  әәкімі  Бақытжан   Нүркенов  «Нұр  Отан»  партиясы  қатарына  қабылданған  бірнеше  жасқа  партиялық  билет  тапсырды.  Оларға  жақсы  тілек  тіледі.

Мерекелік  концертте  аудандық  мәдениет  үйінің  өнерпаздары  Гүлгүл  Тайтимова,  Жамила  Омарова, Қажымұрат  Абдықадыров,  Ерлан  Айтқабыл,  Төреби Жексенбековтер  патриоттық  әндер  орындады.  Ал,   М.  Жұмабаев,  Жамбыл,  абай  мектептерінің  ұстаздары  орыс,  қазақ, корей халықтарының  билерін  мың  бұрала  биледі.  Концер  соңында  жиналғандарға  Елбасы  туралы  киноэпопея көрсетілді.

 

2016 жылдың  6 желтоқсан күні –  Аудандық мәдениет үйінің  ұйымдастыруымен  М.  Жұмабаев  атындағы  орта  мектебінде  «Діни  экстремизм – ғасыр  індеті»  атты  семинар  өтті.

Семинарға  аудан әкімдігі  ішкі  саясат  бөлімінің   басшысы  Манарбек Көшкімбаев,  ішкі  саясат бөлімінің  дін  істері  жөніндегі  бас  маманы  Нұрсұлтан  Убайдаш, ішкі  істер  бөлімінің  жасөспірімдермен  жұмыс  бөлімінің  аға  инспекторы,  майор Венера  Леспекова,  аудандық  білім  бөлімінің  тәрбие  жұмыстары  жөніндегі  аға  әдіскері  Нүркен  Пернебаев,  мәдениет  үйінің  қызметкерлері  Бектұр  Сырымбетов пен     ұйымдастырушы Жамиля  Омаровалар  қатысып,  тақырып  аясында  сөз қозғады. Семинар  барысында  қазіргі  уақытта  теріс  ұғымдардың  көбейгенін, ғаламтор  желісі  арқылы  түрлі  ағымдарға  шақыру  туралы  кеңінен  мәлімет  беріліп,  олардан  бойын  аулақ  ұстауға  кеңес  берілді.

Семинар  соңында  М.  Жұмабаев  орта  мектебі  директорының  тәрбие – ісі  жөніндегі  орынбасары  Алима Оспанова  келген  қонақтарға  алығысын білдірді.

 

2016 жылдың желтоқсан  айында – Қазақстан Республикасы  Тәуелсіздігінің  25  жылдығына  орай  Б.  Момышұлы  атындағы  орта  мектебінде  ауылдық  клуб  меңгерушісі  Болат  Жақсылықовтың  ұйымдастыруымен  «Қазақстан  республикасының  Тәуелсіздігі – тәңірдің  берген  ұлы  сыйы»  атты оқуышалр  арасында  мәнерлеп  оқу  мен  патриоттық  ән,  ұлттық  би  байқауы  өтті.

Байқауға   Көкжеле,  Мойынқұм,  Күшаман  ауылдарынан  барлығы  18  үміткер  қатысты.

Байқау тәуелсіздік  жырларын  мәнерлеп  оқу  мен  патриоттық  ән  мен  қазақтың  ұлттық  билерін  билеуден  тұрды. Байқаудың  әділқазылар  алқасы  мәдениет  үйінің  әншісі  Гүлгүл  тәйтімова,  мектептің химия – биолигоия  пәнінің   мұғалімі  арайлым  Жуасбаева  мен  бастауыш  сынып  мұғалімі  ақмарал  райымбековалар  байқауды  саралап,  әділ  бағалады.   Олар  жас  өнерпаздардың  дауыс  ырғанына,  мәтіннің  маңыздылығына,  орындау  тәртібіне,  әннің  тақырыбына,  өнерпаздардың  өнеріне   баға  беріп  отырды.

Байқау  барысында  Мұхтар  Шаханов, Күләш  Ахметова,  Жұбан  Молдағалиев,  Қайрат  Рысқұлбеков,  Мағажан  Жұмабаев,  Қалқаман  Сариннің  өлеңдері  оқылды. Ал,  күшамандық  Құралай  Жұмасіл  өз  шығармашылығынан  мәнерлеп  өлең  оқып  беріп, көрерменнің  көзайымына  айналды.  «Сымбат»,  «қазақ»  би  топтары  мың  бұрала  би  биледі.

Байқау  соңында  жеңімпаздар  анықталып,  бас  жүлдені  көкжелектік  Айғаным  Дәулет  жеңіп  алды.  Ал  І – орынды  күшамандық  Арайлым  Қадырқұл  иеленді.  ІІ –орынды  Дәурен  әддікерім  мен  Сағыныш  әбден  өзара  бөлісті.  ІІІ – орынды  Құралай  Жұмасіл,  мойнықұмдық  Елжан  Мырзалиев,  Әйгерім  Абылай  қанағат  тұтты.

Ал,  би  номинациясынан  жүлделі  орынды  Б.  Момышұлы  атындағы  орта  мектептің  бишілері  ешкімге  бермеді.  Атап  айтқанда:  І – орынды  8  сынып  оқушылары  жеңіп  алды.  ІІ  –  орынды  Аружан  Ордабай  иеленсе,  ІІІ – орынды  7  сынып  оқушыларына  бұйырды.  Барлық  қатысушылар  «Көрермен  көзайымы»  деген  Алғыс  хаттармен  марапатталып,  сыйлықтар  тапсырылды.

Аудандық мәдениет  үйінің  директоры  Мейржан  Сейдилдаев,  округ  әкімшілігі,  «Нұр  Отан»  партиясы  Көкжелек  ауылдық  бастауыш  ұйымының  төрайымы  Индира  Дәуренбековалар демеушілік  жасап,  барлық  қатысушыларға  қомақыт  сыйлықтар  тапсырды.

Іс – шара  соңында  Қызылту  ауылдық  клубының  меңгерушісі Болат  Жақсылықов  байқауға қатысушылар  мен  демеушілерге  алғысын  айтып,  жас  өнерпаздарға  өнер   жолында  талмай  іздене  берулеріне  тілек  білдірді.

Ауданның  Құрметті  азаматы,  үлкен  өнер  иесі  Мұқан  Сартов,  еңбек  арадегір  Ардақбай  Бекбосыновтар  жас  талант иелеріне  ақ  баталарын  берді.

 

2016 жылдың 9 желтоқсан күні – Кеңес ауылдық клубының  меңгерушісі   А. Смағұловтың ұйымдастыруымен Қазақстан  Республикасы  Тәуелсіздігінің 25 жылдығына  орай  «Тәуелсіздік  таңдарым» атты  патриоттық  әндер   байқауы  өтті.

Байқауға  Бірлік,  биназар,  А. Назарбеков,  Кеңес  ауылдарының  жасөспірімдері  қатысты.

Байқаудың   негізгі  мақсаты – Тәуелсіздік алған жылдардағы  қазақ  композиторлар  шығарған  ел,  туған  жер  туралы  әндер  мен  қоса  ел  Тәуелсіздігін жырлау, жастарға  үлгі  ету.  Қонақ  ретінде  ауылдағы  әйелдер  кеңесінің  төрайымы, ауданның  құрметті  азаматы  Гүлжаһан  Рысқұлова  байқауға  қатысушы  үміткерлерді  мерекелерімен  құттықтай  отырып, байқауда  үздік  шығуларына  тілек  білдірді.

Ал,  аудандық  мәдениет  үйінің  мәдени  ұйымдастырушысы  Жамиля  Омарова  қатысушыларды  таныстырып,  байқауды  жүргізіп  отырды.  Бірінші  бөлімде  байқауға  қатысқан  он  сегіз  үміткер  Отан,  туған  жер туралы  әндер  шырқады.

Соңында  екі  бөлімнің  қорытындысы  бойынша  жеңімпаздар  анықталып,  бас  жүлдені  бірлік  ауылынан  келген  Жанна  Сәбит  иеленсе,  бірінші  орынды  Серікхан Имбердиев  пен  Аяжан Шаһархан  жеңіп  алды.  Ал,  екінші  орынды  Биназар  ауылынан  келген  Мейрахан Айшолпанға  бұйырды.  Жеңімпаздар  ұйымдастырушылар  тарапынан  дайындаған  грамота, сыйлықтарға  ие  болды.

 

2016 жылдың  10  желтоқсан  күні  аудандық мәдениет үйінің  үлкен  залында  Тәуелсіздік  күніне  байланысты  аудан  әкімінің  салтанатты жиыны  өтті.

 

2016 жылдың 15 желтоқсан күні – Тәуелсіздік  күніне  орай, Бірлік ауылында  Қ. Рысқұлбековтың  ескерткішіне  гүл  шоқтарын  қойылды.

2016 жылдың  16  желтоқсан  күні  — Мойынқұм ауылындағы  Жастар  саябағындағы  Қ. Рысқұлбековтың ескерткішіне гүл  шоқтары қойылып,  еске алу  минтингісі  өтті.

  

   29 желтоқсан-Мәдениет үйінің ұжымдастарының балаларына арналған жаңа жылдық шырша ұйымдастырылды.Аудандық мәдениет үйінің артістері өздеріне жүктелген персонаждық рөлдерін жоғары деңгейде ойнап , бүлдіршіндерді ойнатып қызықты өткізді. Жаңа жылдық шыршаға келген балалар мәз мейрам болып, билеп көңіл көтерді.

 

31 желтоқсан – аудан  орталығындағы  абылайхан  алңында  жалпы  халықтық  мереке  ұйымдастырылды.  Мерекеде  аудан  әкімі  Жаңа  2017  жыл  мерекесімен  құттықтау  сөз  сөйледі.  Мерекелік  от  шашу  болып,  арты  мерекелік  концертке  ұласты.

 

 

 

 

Мойынқұм аудандық  орталықтандырылған  кітапханалар

жүйесінің 2016 жылғы   жылдық  атқарған

жұмыстарының  ақпараттық  есебі.

 

   Қазақстан –ежелгі ел, бірақ әлемнің қазіргі картасынан ол таяуда ғана, яғни 1991 жылы орын алды. Біздің Отанымыз-Егеменді Тәуелсіз Қазақстан мемлекеті. 120 –дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған Алатау өлкеде кеңшілігі керемет, дархан дастархандай далада егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі мыңғырған,өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп,оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады. Еліміз егемендік алған жылдардан кейін көптеген жетістіктерге  қол жеткіздік.

Өз тарихымыз, салт-дәстүріміз зерделеніп, жинақталған кең мағыналы кітаптар, әдеби зерттеулер жарық көре бастады. Қазақстан Республикасы экономикасы, әлеуметтік тұрмысы тұрақты дамып келе жатқан Орта Азиядағы беделді мемлекеттер  қатарына қосылды. Ата-бабамыз сан ғасырлар бойы ақ білектің күшімен,ақ найзаның ұшымен қорғаған ұланғайыр даласын ұрпағына аманаттап қалдырып, тәуелсіз еркін ел болғанын армандап еді. Бүгінде сол бабаларымыздың тілегі орындалып,еліміз егемендік алып,тәуелсіздігін жариялағанына 25 жыл толды. Бұл күнге қазақ елі оңайлықпен жеткен жоқ. Небір нәубеттен, асулардан өтті. Сондай асулардың бірегейі тәуелсіздіктің бастауы болған Желтоқсан оқиғасы еді. Биыл Желтоқсан оқиғасына 30 жыл. 1986 жылғы 16-17 желтоқсан біздер үшін ұмытылмас күн.

 

Соңғы жаңалықтар

Телефон қабылдау

8 (00000) 0 00 00