Құрлыс бөлімі

 

2016 жылғы 12 айдың қорытындысы бойынша мәлімет

Құрылыс бойынша 

 

  1. «Шығанақ ауылындағы 140 орындық балабақша құрылысы» нысанының  құрылыс  монтаж жұмыстарын  Тараз қаласынан «Тараз Құрылыс инвест» ЖШС-і жүргізіп, аяқтаған болатын. Нысан 2016 жылдың 16 қыркүйегіндегі №16 қабылдау актісімен пайдалануға берілген.

Ауыз су жеткіліксіз болып тұр, себебі ауыл суы азғана уақытқа беріледі, сол себептен 10 м3 су қоймасын жерге орнатуды қажет етеді.

  1. Сметалық құны 49239,93 мың теңгені құрайтын Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Ұланбел ауылындағы  М. Әуезов атындағы орта мектебі ғимаратының қазандығын, жылу құбырын және жылу жүйесін қайта құру  нысанына Тараз қ. «Алимжан Company» ЖШС мердігер болып 12.04.2016 жылы №13 келісім шарт бойынша құрылысты жүргізді, қазіргі уақытта нысан құрылысы толығымен аяқталып, 2016 жылғы 18 қазанда №18 қабылдау актісімен пайдалануға берілді.

 

ЖСҚ бойынша

1.«Мойынқұм ауданы Мыңарал ауылындағы К.Қасымов атындағы  орта мектебінің  ғимараты мен жылу жүйесін қайта құрылымдау (Реконструкция)  қазандық құрылысын жүргізу» жұмыс жобасы бойынша ЖСҚ мемлекеттік сапартамадан  (1,3 млн. тг.) өтуде.

Бас жоспар бойынша

2016 жылы Мирный, Ақсүйек, Қашқантеңіз, Бурылбайтал ауылдарының оңайлатылған бас жоспарын әзірлеуге 10 млн. теңге қаржы қаралып, толықтай игеріліп, мәслихат бекітуіне ұсынылды.

 

ПДП бойынша

2016 жылы Кеңес, Бірлік, Биназар ауылдарының егжей –тегжейлі жоспарын дайындауға 10 млн. теңге қаржы қаралып, 9,5 млн. теңгесі игерілді, құжаттар желтоқсан айының үшінші онкүндігінде дайын болады.

Соңғы жаңалықтар

Телефон қабылдау

8 (00000) 0 00 00