100%200%
Мойынқұм ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімі

     

    Тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің 12 айдағы атқарған жұмыстары туралы

    Мәлімет

      

    Аудандық энергетика, тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық және бюджеттік сала нысандарын 2016-2017 жылдардағы күзгі – қысқы кезеңдегі тұрақты жұмысқа дайындау бойынша аудан әкімдігінің  3 мамыр 2016 жылы № 192 қаулысы шығып, дайындық жұмыстарының сапалы өтуін қадағалау жөнінде аудандық штаб құрылған. Қаулының орындалуын жүзеге асыру мақсатында штаб мүшелері тарапынан елді мекендердегі әлеуметтік  нысандардың  қазандықтарының  техникалық  жағдайы  тексеріліп қазіргі уақытта қысқы маусымда барлық қазандықтар қалыпты жағдайда жұмыс істеуде. Аудан бойынша 32 қазандық  орналасқан. Білім  саласы  бойынша  28, оның  ішінде орта мектептерде 23,  балабақшаларда 5 қазандық, орталық ауруханада 1, өкпе ауруына қарсы  ауруханада 1, Мәдениет үйінде 1, ішкі істер  бөлімінде 1  барлығы 32 қазандық.

    Қазандықтарға бөлінген 96 операторларды қайта курс дайындығынан өткізу бойынша 1 млн. 265 мың теңге қарастырылып, мердігер ЖК «Омарова» келісім шарт жасалынып, барлық операторлар оқытылды.

    2016-2017 жылдары қысқы жылыту маусымына дайындық паспортын алуға 34 бюджеттік мекеме өтініштерін жазып, қажетті құжаттарын өткізген. Аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің тарапынан әр нысанның электр энергиясы, өртке қарсы берілген актілерінің дұрыстығы жөнінде нысандарды тексеріп, «Е-лицензия» веб-порталы арқылы 34 нысанға (оның ішінде 32-сі энергетика басқармасында тіркеуде, қалған 2 нысанды тіркеу жұмыстары жүргізілуде) дайындық паспорты берілді.

    Білім саласы бойынша аудандағы 25 мектептің 23–і орта, 2–і бастауыш мектеп, 14 бала  бақша, 5 мектептен тыс мекеме барлығы  44 нысан жұмыс істейді. Бүгінгі таңда барлық 44  мекеме  қысқы жылыту маусымына дайын.

    ЕСКЕРТУ: бір мектептен тыс мекеме Саз мектебіне көмір берілмейді. Себебі Саз мектебі аудандық мәдениет үйінде орналасқандықтан.

    Жалпы білім саласындағы мекемелерге 2016-2017 жылдарғы қысқы маусымда қажет етілетін 7737 тонна көмірге (оның ішінде  Құлан көмірі 4561 тонна, Шұбаркөл көмірі 3176 тонна) аудандық бюджеттен  84 млн. 215 мың теңге бөлініп, 25 орта мектептерге қажетті 6021 тонна (Шұбаркөл көмірінен қажетті- 2010 тонна толығымен түсірілді немесе -100%, жеңімпаз ИП «Иманалиева» Тараз қ., Құлан көмір қажетті -4011тонна толығымен түсірілді немесе – 100%, жеңімпаз «Көміртау» ЖШС Қарағанды қ.).

    Ауданымыздағы 14 балабақшаға  қажетті 1540  тонна (Шұбаркөл- 990 тонна, Құлан көмір-550 тонна) көмір бүгінгі таңда толығымен түсірілді немесе 100 пайызға орындалды ( жеңімпаз «Аманат» ЖШС Тараз қ.).  Мектептен тыс 5 мекемеге 186 тонна көмір (шұбаркөл-186) толығымен түсіріліп немесе 100% орындалды.

    Сонымен  қатар  Мойынқұм ауылында  дизельді  отынымен жылытылатын  М.Жұмабаев  орта  мектебіне  47 тонна  сұйық отынға  аудандық бюджеттен бөлінген  4 млн. теңгеге , мердігер  ИП «Қожа-Ахмет» пен келісім шартқа отырып, қазіргі уақытта жанар жағармай бекетінің сұйық отынды сақтау қоймасында тұр(Мойынқұм ауылында).

    Білім саласы бойынша мектеп нысандарын 2016 жылы күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен –67 млн. 500 мың теңге, аудандық бюджеттен – 36 млн. 600 мың теңге бөлініп жөнедеу жұмыстары жүргізілді.

    Атап айтқанда:

    Мойынқұм ауданы Ақбақай ауылындағы Ақбақай о.м аудандық бюджеттен 1,5 млн теңге қаржы бөлініп қазандығына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген (қазандық  ішіне бір қазан ауыстырылып насостармен ауа сорғыш ауыстырылды).(ЖК «Тазалық»)

    Мойынқұм ауданы Сарыөзек ауылындағы Қ.Сәтбаев о.м  аудандық бюджеттен 3,0 млн теңге ғимаратының жылу жүйесіне ағымдағы жөндеу жүргізілген (мектеп ішіндегі құбырлар мен батареялар ауыстырылды)         . (ИП “Марат”) Мойынқұм.

    Қылышбай ауылындағы Ә.Төлепбергенов о.м ақтау сырлау жұмыстары жүргізілген. Қазандығы  1дана «Алатау» КТГ-300, 1 дана «Алатау» КТГ-400 қазанымен жылытылуда. Аудандық бюджеттен        5,0 млн тенге ағымдағы жөндеу жұмыстары бойынша терезелер ауыстырылып, жөндеу жұмыстары жасалынған. ИП “Аскар”.

    Мойынқұм ауылы Т.Рысқұлов т.м ақтау сырлау жұмыстары жүргізілген. Қазандығы 2 дана КТГ-350 қазанымен жылытылуда. Аудандық бюджеттен 5,0 млн тенге бөлініп ағымдағы жөндеу жұмыстары  жасалынған (терезелері ауыстырылды). (ТОО Ақ алем строй).

    Мойынқұм ауылындағы М.Жұмабаев о.м аудандық бюджеттен 7,0 млн тенге бөлініп  ауласына  абаттандыру жұмыстары жүргізілді. (ИП “Молдабеков)  М.Жұмабаев  атындағы о.м қазандығы сұйық отынмен жылытылуда. 2017 жылы қатты отынға ауыстыру жоспарлануда.

    Мойынқұм ауданындағы Қияқты стансасындағы  Ағыбай батыр атындағы негізгі мектебінің жылу жүйесі 2 дана «Алатау» КТГ-250 қазанымен жылытылуда.  Шағын орталық ғимаратын ағымдағы жөндеу жұмыстарына ақау актісіне сәйкес (есік терезелері, шатыры ауыстырылып,  сылақ  жұмыстары  жүргізілген)  ағымдағы  жөндеу жұмыстары  жүргізілді. (ИП “Тазалық). (аудандық бюджеттен 7,5 млн тенге қаржы бөлінген). Жылыту жүйесіне арнай бөлме қосылып жай пеш қойылған.

    Мойынқұм ауданындағы Мойынқұм ауылындағы Аула клуб қосымша білім беру мекемесіне ағымдағы жөндеу жұмыстарына (терезелер ауыстыру) аудандық бюджеттен 7,6 млн тенге бөлініп ағымдағы жөндеу жұмыстарынан өтті. (ИП “Шуылдақова С). Аула клуб мекемесі жай пешпен жылытылуда.

    М.Әуезов орта мектебінің қазандығын ауыстыру  жұмыстарына  аудандық құрылыс бөліміне облыстық бюджеттен 49,0 млн теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары  жүргізілді.  (ТОО Алимжан и компания)

    Мыңарал ауылындағы Қасымов о.м ақтау сырлау жұмыстары жүргізіліп, жылу жүйесі 1 дана «Алатау» КТГ-250, 1 дана «Алатау» КТГ-300 қазанымен жылытылуда. (Облыстық бюджеттен 4,8 млн тенге бөлініп мектеп ауласына қоршау жұмыстары жүргізілді  (ИП “Айгерим”)

    Мойынқұм ауданы Бірлік ауылындағы «Ақбөпе» балабақшасының жылу жүйесі 2 дана НР-80 қазанымен жылытылады, ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстарына жүргізіліп (есік терезелерін ауыстыру, сылақ жұмыстары) облыстық бюджеттен бөлінген 11,4 млн тенге толығымен игерілген. (ТОО “Бернұр”) Тараз қаласы .

    Ұланбел ауылындағы «Балдырған» балабақшасының жылу жүйесі жай пешпен жылытылады, ғимаратына ағымдағы жөндеу жүргізіліп (есік терезелерін аустыру, сылақ жұмыстарын жүргізу, сыртқы сылақ жұмыстарын жүргізу) облыстық бюджеттен бөлінген  2,3 млн тенге толығымен игерілген. (ТОО Талас сервис құрылыс).

    Мәдениет саласы бойынша  ауданда 1 аудандық мәдениет үйі,  17 клуб, 19 кітапхана орналасқан. Оның ішінде аудандық мәдениет үйі мен 5 ауылдық  клубқа  200 тонна көмірге (155 тн. Қарасай, 45 тн. Шұбаркөл), аудандық бюджеттен бөлінген 1 млн. 200 мың теңгеге, мердігер  жеке  кәсіпкер И.Төлебаевпен келісім-шартқа отырып, келісім-шарт негізінде қажетті 200 тонна көмір толығымен түсірілді немесе – 100% орындалды.  Бүгінгі таңда барлық қазандықтар қалыпты жағдайда жұмыс істеуде.

    ЕСКЕРТУ: 2017 жылдың басында қосымша тағы да 1 млн. 200 мың теңге бөлінетін болады.

    Денсаулық сақтау саласы бойынша  1 орталық аурухана,                         1 туберкулезге қарсы аурухана, 1 ауылдық емхана, 8  дәрігерлік амбулатория,  5 фельдшерлік-акушерлік тірек, 8 медициналық  тірек барлығы 24 нысан қызмет көрсетеді. Денсаулық  сақтау  саласындағы  барлық емдеу мекемелеріне  2016 – 2017  жылғы от жағу мерзіміне республикалық бюджеттен  196 тонна сексеуілге  1 млн. 176 мың теңге, 630 тонна тас көмірге (630 Шұбаркөл), 9 млн. 40 мың теңге,  240  тонна  дизель отынына 23 млн.  760 мың теңге бөлінген. Денсаулық сақтау саласына  қажетті 630 көмірге бөлінген  9 млн. 40 мың теңгеге мердігер «Серікбаев Б.С.»  ЖШС-мен  келісім – шартқа отырып, бүгінгі таңда қажетті 630 т көмір толығымен түсіріліп немесе 100% орындалды. Аудандық орталық ауруханаға қажетті 240 тонна дизель отынының жеңімпазы ЖК «Есенхожаев» пен келісім-шарт жасалынып, бүгінгі таңда жанаржағармай бекетінің сақтау қоймасында тұр. Қазіргі уақытта денсаулық сақтау саласы бойынша  24  нысан  қысқы маусымда қалыпты жағдайда жұмыс істеуде. (Қосымша кесте)

     

    Аудан бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін

    қамтамсыз ету мақсатында 2015 жылы атқарылған және 2016 жылы атқарылып жатқан  жұмыстары туралы

    АНЫҚТАМА

     

    Ауданда жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында біршама жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда: МАИ қызметкерлерімен бірлесе отырып аудандық комиссия құрылып, аудан әкімдігінің қаулысымен бекітілген. Комиссияның атқаратын жұмыстарына сай іс-шаралар бекітілген. Оның міндетіне ауданның барлық елді мекендерінде «Қауіпсіз жол» акциясын ұйымдастыру, жол ережесіне еңгізілген жаңа өзгерістер жөнінде тұрғындарға түсініктеме жұмыстар жүргізу туралы мәселелер қаралды.  2016 жылы жол қауіпсіздігіне байланысты 8 рет комиссия отырысы өткізілді. Осының ішінде қыс маусымына байланысты 2 рет (қаңтар,ақпан айларында),  біреуі жыл қорытындысы бойынша. Ағымдағы жылы көпірлердің қауіпсіздігіне және жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан нысандардын сапасын және қысқы мезгілде пайдаланымдағы автомобиль жолдарын күтіп ұстау жұмыстарын атқаратын мекемелердің инертті материалдарын, техникаларының дайындығын тексеруге байланысты 5 рет және 1 рет ауданымызда қардың жауғанына байланысты пайдаланымдағы автомобиль жолдарындағы қауіпті аймақтарындағы жағдайларды зерделеу бойынша қараша айында комиссия отырысы өткізілді.

     

    Автомобиль жолдары  туралы.

    Барлық жолдар: Аудан аумағында жалпы 1138 шақырым автомобиль жолдары өтеді. Оның 342 шақырым  республикалық  маңыздағы жол  торабы, 511 шақырым облыстық маңыздағы жол  торабы, 284 шақырым аудандық  маңыздағы  жол торабын  құрайды.Сонымен қатар  аудан елді мекендерінің көше аралық 189,3 шақырым автомобиль жолдары бар.

    Автомобиль жолдарының жөнделуі туралы.

    Облыстық мәндегі жолдар:

    Бірлік-Мойынқұм-Ұланбел облыстық мәндегі автомобиль жолының 2014-2015 жылдарға 3 участок бойынша жалпы құны 1 млрд. 064 млн. 693 мың теңгеге орта жөндеу жұмыстары жүргізілді;

    – Оның 658,2 млн. теңгесі 2014 жылы игерілді. Атап айтқанда 54-76 шақырым аралығын (22 шақырым)  «Құлан жолдары» ЖШС-і   143,9 млн. теңге,

    – 76-95 шақырым аралығын (19 шақырым) (2015 жылға өтпелі) «Тараз көлік жолы» ЖШС-і  422,4 млн. теңге.

    – 95-115  шақырым аралығын  (20 шақырым) (2015 жылға өтпелі) «Компания инвест МК» ЖШС 498,4 млн. теңгеге орта жөндеу жұмыстарын  атқарды.

    2015-2016 жылдары аталған автожолдың 25-54 шақырым аралығын (29 шақырым Бірлік-Мойынқұм) орташа жөндеу жұмыстарына 479,8 млн. теңге бөлінді. Оның 252,0 млн. теңгесі 2015 жылға игеріліп, «Жамбыл жол» ЖШС орта жөндеу жұмыстарын атқарды. 2016 жылға қарастырылған 227, 8 млн. теңге игеріліп,  бүгінгі таңда жөндеу  жұмыстары аяқталған.

    Сонымен қатар 0-25 шақырым аралығын жөндеуге мердігер «Сапа Консалдинг» ЖШС анықталып,   (2016-2017 жылдары өтпелі) облыстық бюджеттен бұл жұмысты атқаруға 530,3 млн. теңге бөлініп оның 291,9 млн. теңгесі 2016 жылға қаралып игеріліп, қараша айының 1 он күндігінде  орта жөндеу жұмыстары осы жылға аяқталды.

    Аудандық мәндегі жолдар

    2015 жылы Мойынқұм ауданы бойынша Мойынқұм ауылы Амангелді көшесінің 3,7 шақырымы  78, 5 млн. теңгеге, Мынарал ауылына кіре беріс Садықов көшесінің 3,7 шақырымы 55, 4 млн. теңгеге және Мирный-Қияқты (2015-2016 жылдыры өтпелі) 12 шақырым орташа жөндеуге  123,5 млн.  теңге бөлініп, оның    7 шақырымы 67,5 млн. теңгеге  2015 жылы  орташа  жөндеу жұмыстарынан өткізілді. Қалған 55,9 млн теңгеге 2016 жылы жөндеу жұмыстары жүргізілген. Жалпы аталған жұмыстарды  атқаруға  206,7 млн теңге облыстық бюджеттен бөлінген.

    – Аудан елді мекендерінің көшелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін аудандық бюджеттен 10,6 млн. теңге бөлінген. Оның  3,6 млн. теңгесіне Мойынқұм және Көкжелек ауылдарының көшелеріне ағымдағы (ямочный) жөндеу жұмыстарын жүргізуге «Мойынқұм Сәулет» ЖШС-мен келісім-шарт жасалынып игерілді. Қалған 7,0 млн. теңгеге  Мойынұм ауылының 5 көшесіне ағымдағы (гравийный)  жөндеу жұмыстары жүргізілді.

    2016  жылы  автомобиль  жолдарына  орташа  жөндеу  жұмыстарын  жүргізуге  облыстық  бюджеттен  201,7  млн.  теңге  бөлінді.

    Хантау ауылы Биназар көшесі – 1,35 шақырым орташа жөндеу жұмыстарын электронды сатып алу жолымен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу арқылы «Компания инвест мк» ЖШС жеңімпаз атанып, мердігермен 25 млн. 715 мың теңгеге келісім шартқа отырып, бүгінгі таңда орташа жөндеу жұмыстары кестеге сәйкес аяқталып, облыстық бюджеттен бөлінген қаражат толығымен игерілді.

    Көкжелек ауылына кіре-беріс-5,8 шақырым автомобиль жолын орташа жөндеу жұмыстарын электронды сатып алу жолымен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу арқылы «Компания инвест мк» ЖШС жеңімпаз атанып,мердігермен 53 млн. 817 мың теңгеге келісім шарт жасалынып, бүгінгі таңда орташа жөндеу жұмыстары аяқталып, бөлінген қаражат толығымен игерілді.

    Ақсүйек ауылына кіре-беріс – 4 шақырым автомобиль жолын орташа жөндеу жұмыстарын электронды сатып алу порталы арқылы «Ғимарат-М» ЖШС жеңімпаз атанып, мердігермен 52 млн. 640 мың теңгеге келім шарт жасалынып, бүгінгі таңда орташа жөндеу жұмыстары аяқталып, бөлінген қаражат толығымен игерілді.

    Мирный-Қияхты – 12 шақырым (2016 жылға өтпелі) автомобиль жолының қалған 7 шақырымына облыстық бюджеттен бөлінген 55,959 млн. теңгенің бүгінгі таңда орташа жөндеу жұмыстары аяқталып, бөлінген қаражат толығымен игерілді.

    Сонымен  қатар  аудан  орталығына  светофор  орнатуға  аудандық  бюджеттен  5,0 млн. теңге  қаржы  бөлінді. Оның ішінде: 4,5 млн. теңгеге  жаңа  светодиодты светофор  орнатуға  және  500,0 мың  теңгесі  светофорды  күтіп  ұстау  жұмыстарына бөлініп,    электорнды мемлекеттік сатып алу порталы арқылы «Қазақбай» ЖШС жеңімпаз атанып, мердігермен 4 млн. 18 мың теңгеге келісім шарт жасалынып, 3  бағдаршамды орнату жұмыстары аяқталып, бөлінген қаражат толығымен игерілді.

    Аудан, бойынша елді мекен көшелерін жарықтарын күтіп ұстау жұмыстарын мемлекеттік сатып алу порталы арқылы «Қазақбай» ЖШС жеңімпаз атанып, мердігермен 2 млн. 679 мың теңгеге келісім шартқа отырып, бүгінгі таңда бөлінген қаражат толығымен игеріліп жұмыс өз дәрежесінде атқарылды.

    Мойынқұм  ауылы  Амангелді  көшесіне  жаяу жүргіншілерге арналған жол жөндеуге (тротуар)  35 млн. теңге  бөлініп,  мемлекеттік сатып алу порталы арқылы «Ал Кон Сер лтд» ЖШС жеңімпаз атанып, мердігермен 35 млн. теңгеге келісім шарт жасалынып, бүгінгі таңда бөлінген қаражат толығымен игеріліп, жөндеу жұмыстары аяқталды.

    Сондай-ақ аудан елді мекендерінің көшелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін аудандық бюджеттен 9,0 млн. теңге бөлінді. Аталған қаражатқа Мойынқұм ауылы Б.Омаров көшесінің 1,4 шақырымы, Қабышев көшесінің 0,5 шақырымы ағымды (гравиный) жөндеуден және аудан орталығының көшелері ағымды (ямочный) жөндеу жұмыстарынан өткізілді. Мойынқұм ауылының Мұқанов және Ауезов көшелеріне үнемделген қаражатқа орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге жобалық-сметалық құжаттары жасалынып, электронды мемлекеттік сатып алу порталы арқылы жеңімпаз «Жамбыл жолдары» ЖШС-мен 6 млн. 925 мың теңгеге келісім шарт жасалынып, бөлінген ақша толығымен игеріліп, жөндеу жұмыстары жүргізілді.

    «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы аясында ҚР Үкіметінің арнайы резервінен Мойынқұм ауданындағы елді мекендердегі көшелерге ағымдағы жөндеу, абаттандыру және кіші футбол алаңының жұмысын жүргізуге республикалық бюджеттен – 71 млн. 353 мың теңге және облыстық бюджеттен – 7 млн. 928 мың теңге бөлінді. Бүгінгі таңға елді мекендердегі көшелер, абаттандыру жұмыстары  жүргізуге мердігерлермен келісім-шарт жасалынып, республикалық бюджеттен – 60,759 млн теңге, облыстық бюджеттен – 6,757 млн. теңге қаражат игерілді.

    Ауданішілік автомобиль көлігімен жолаушылар және багажды тұрақты тасымалдау туралы

    Мойынқұм ауданында ауданішілік жолаушылар және багажды тұрақты маршрутын ұйымдастыру бойынша  Мойынқұм ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 25 ақпандағы «Автомобиль көлігімен жолаушылар және багажды тасымалдау қызметін көрсету барысында, конкурстық ұсыныстарды бағалау және конкурстың жеңімпаздарын анықтау жөніндегі конкурстық комиссиясын құру туралы» №133 қаулысы қабылданып, бүгінгі таңда 4 бағытқа , атап айтқанда: Мойынқұм ауылыны Автобекет-Орталық аурухана, Мойынқұм-Жамбыл, Мойынқұм-Қылышбай және Мойынқұм-Құмөзек-Қарабөгет-Сарыөзек ауылдарының бағыттарына  2016 жылдың 5 сәуірінде ашық конкурс жарияланып, конкурсқа  ЖК «Рысымбетов П.Р» және ЖК «Сәулет» өтініш білдірді. Конкурстың нәтижесі бойынша ЖК «Рысымбетов П.Р.» ҚР Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушының 2015 жылдың 26 наурызындағы  №349 бұйрығының талаптарына сәйкес келуіне байланысты жеңімпаз атанып, қазіргі уақытта Мойынқұм ауылындағы Автобекет-Орталық аурухана бағыты бойынша қаражат бөлініп, маршрут жүргізілуде. Алдағы уақытта құрылған комиссия аудан орталығынан жолаушылар көлігімен қамтылмаған Мыңарал, Шығанақ, Ақсүйек және Хантау-Мирный елді мекендеріне конкурс ойнатуға шешім қабылдауда.

    Елді мекен көшелерінің автомобиль жолдарының орташа жөндеу жұмыстарына (жалпы сомасы 903,4 млн. теңге) 46 жобалық сметалық құжат дайындалған.

     

    Проблемалық мәселе;

    Мойынқұм ауданындағы облыстық мәндегі  Бірлік-Мойынқұм-Ұланбел автомобиль жолының 54 шақырымындағы көпірдің апаттық жағдайда тұруына байланысты, ауданымыздағы Қылышбай, Қарабөгет, Ұланбел елді мекендеріне жолаушылардың қатынасы қиындап барады. Осыған байланысты жоғарыда аталған көпірді 2017 жылы күрделі жөндеуден немесе жаңа көпір құрылысын жүргізуге сұранаыс жасалынып, бүгінгі таңда облыстық құрылыс басқармасының тарапынан ЖСҚ жасалынып, мемлекеттік сараптамадан өткізілуде.

     

    Қысқы маусымда автомобиль жолдарын күтіп ұстау жұмыстарының дайындығы туралы

    Ауданның жер көлемі облыс жер көлемінің 42,7 пайызын алып жатса, оның 342 шақырымы Республикалық маңыздағы жол торабы, 512 шақырымы облыстық жол торабын құраса, 284 шақырымы ішкі аудандық  жол торабын құрайды.

    Аудан аумағынан өтетін «Меркі-Шу-Бурыл байтал» республикалық мәндегі тас жолдың 140-273 шақырым аралығын немесе 133 шақырым тас жолын қыс мезгілінде күтіп ұстау жұмысын  №37-ЖЖБ мекемесі атқарады. Бұл  мекемеде 1-Погрузчик,  3-Камаз, 1 – Рено,  2-Автогрейдер, 2- МТЗ тракторы жалпы 9 техника  және 22 адам жұмыс істейді. Жол қауіпсіздігіне байланысты 1 қарашаға дейін 114 жол белгісі қойылды.Аталған шақырымда 1 ДЭП және 3 қауіпті аймақ бар.  Ағымдағы жылы мекемеге қажетті 2000 т құм, 200 т тұз инертті материалдардан (оның ішінде Мойынқұм ауданына қажетті 750 тонна құм, 80 тонна тұз), бүгінгі таңда  250 тонна құм. 25 тонна тұз қалып отыр.

    Алматы-Астана республикалық мәндегі  тас жолдың  281-490 шақырым аралығын қыс мезгілінде күтіп-үстау жұмыстарын №36-ЖЖБ мекемесі  атқарады.  Бұл  мекемеде 1-Погрузчик,  2-Камаз, 2-Автогрейдер, 1 ЗИЛ, 1 Газель жалпы 7 техника  және 22 адам жұмыс істейді. Жол қауіпсіздігіне байланысты 1 қарашаға дейін 84 жол белгісі қойылды.Аталған шақырымда 2 ДЭП және 28 қауіпті аймақ бар.  Ағымдағы жылы мекеме қажетті 3000 т құм, 200 т тұз инертті материалдардан, бұрынғыдан 400 тонна құм, 40 тонна тұз (1600 тонна құм, 160 тонна тұзбен толықтырылып), қазіргі уақытта 2000 тонна құм, 200 тұз қалып отыр.

    Аудан аумағындағы облыстық мәндегі жол туралы

    1.Бірлік-Мойынқұм–Ұланбел  0-157 км.,

    1. Ақбақай –Мирный  0-110,6 км.,
    2. Бірлік-Мойынқұм–Ұланбел-Шығанақ  157-344 км.,
    3. Малы Камкалы-Ұланбел  0-5,8км.,

    5.Аккуль –Ойық-Ұланбел  117-168,6

    Облыстық мәндегі жалпы ұзындығы 512 шақырымды құрайтын автомобиль жолын қыс мезгілінде күтіп ұстау жұмыстарына облыстық бюджеттен 12 млн. 647 мың теңге бөлінді. 2015-2016 жылдары бөлінген қаражаттын «Айша Т Жол» және «Берікболсын» ЖШС-мен келісім шарт жасалынып, 5 млн. 951 мың теңгесі игеріліп, қалған 6 млн. 696 мың теңгесі қараша желтоқсан айларына қалып отыр.  Атап айтқанда «Бірлік-Мойынқұм-Ұланбел» 0-157 шақырым аралығын және «Ақбақай-Мирный» 0-110  шақырым аралығын жалпы 267 шақырым автомобиль жолдарын «Айша Т Жол» ЖШС-і атқарады. Бұл мекемеде 1-Эксковатор,  2- МТЗ тракторы, 1-Камаз, 1 – Газ-53, 1-РУМ 6 жалпы 6 техника  және 10 адам жұмыс істейді. Жол қауіпсіздігіне байланысты 1 қарашадан бастап  42 жол белгісі қойылды. Аталған шақырымда 1 ДЭП және 3 қауіпті аймақ бар.  2016-2017 жылдардағы  қысқы маусымға 300 тонна құм, 30 тонна тұз және 280 тонна араласқан инертті материалдардан, 220 тонна құм, 22 тонна тұз қалып отыр.

    Ал «Бірлік-Мойынқұм-Ұланбел» 157-343 шақырым аралығы, «Аккуль –Ойық-Ұланбел» 117-168,6 шақырым аралығы және Малы Камкалы-Ұланбел  0-5,8 шақырым аралығы жалпы 244,4 шақырым автомобиль жолдарын «Берікболсын жолдары» ЖШС-і атқарады. Бұл мекемеде 2- МТЗ тракторы, 1-Камаз, 2 – Зил,  1-Автогрейдер  жалпы 6 техника  және 8 адам жұмыс істейді. Жол қауіпсіздігіне байланысты 1 қарашадан бастап 60 жол белгісі қойылды.  Аталған шақырымда 1 ДЭП және 5 қауіпті аймақ бар.  2016-2017 қысқы маусымға мекеме тарапынан  155 тонна араласқан инертті материалдан, 90 тонна инертті материалдар қалып отыр.

     

     

       Аудан аумағындағы жергілікті мәндегі жол туралы

    Аудандық жергілікті мәнде 284 шақырым тас жолдың қыс мезгілінде  күтіп-ұстау  жұмыстарын «Айша Т Жол» ЖШС мердігермен келісім-шарт жасалынып, қараша-желтоқсан айларында қысқы мезгілде күтіп ұстау жұмыстарын атқаратын болады. Бүгінгі таңға аталған мекемеде 150 тонна құм, 10 тонна тұз жиналған және арнайы  «Камаз»,  1 дана қар тазалау құралдарымен қамтылған  «МТЗ-81» тракторлары, 1 дана погрузчик және РУМ6-1 жұмыс атқаратын болады. Бүгінгі таңда 70 тонна құм, 6 тонна тұз қалып отыр. (Қосымша кесте)

     

    Көріктендіру,  абаттандыру  және санитарлық  тазалау жұмыстары

    Өткен  2015 жылы  тазалық  айлықтарына  байланысты   аудан  әкімдігінің  3  наурыз  2015 жылғы  «Елді  мекендерді  көктемгі  көріктендіру, көгалдандыру, абаттандыру  және  санитарлық  тазалау  жұмыстары  туралы»  № 37,  «Елді  мекендерді  күзгі   абаттандыру  және  санитарлық  тазалау  жұмыстары  туралы»  № 266  қаулылары  қабылданып,    тиісті  іс – шаралар жасалды.  Аталған қаулылар  аудандық    «Мойынқұм  таңы»  газетінде  жарияланды.

    Жалпы көктемгі және күзгі  абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық  тазалау  жұмыстарына  аудандық  бюджеттен  барлығы  52 млн. 525 мың теңге  қаржы  қарастырылды, оның  ішінде  санитарлық  тазалыққа    42 млн. 525 мың теңге, абаттандыруға  10 млн. мың теңге бөлініп, бүгінгі таңда игерілу үстінде.

    Санитарлық  тазалық  айлығына  «Мөлдір»  КММ  тарапынан  Камаз – 1 дана,  погрузчик  – 2 дана,  1 дана  МТЗ – 82 тракторы  тіркемесімен  және Мойынқұм, Шығанақ  әкімшіліктерінің  теңгеріміндегі  МТЗ – 82 тракторлары   тіркемелерімен  тасымалдау, тиеу, тазалау  жұмыстарына  жұмылдырылды.

    Сонымен қатар Мойынқұм ауданындағы елді мекендердің санитарлық тазарту жұмыстарын жүргізу мақсатында аудандық бюджеттен бөлінген қаражатқа жобалық-сметалық құжаттары дайындалып, жеңімпаз «Мойынқұм-Сәулет» ЖШС келісім-шарт жасалынып, мердігер тарапынан Қарабөгет, Ұланбел, Мыңарал, Қызылтал, Ақсүйек, Мирный, Ақбақай ауылдық округтерінде жиналған күл-қоқыстарды арнайы орындарға шығарып, елді мекендегі күл-қоқыстар жинақталды.

    Аудан елді мекендері көктемгі және күзгі мезгілдерде елді мекендерде отырғызылатын ағаш көшеттерін Мойынқұм, Көктерек,  Бурыл – Байтал  орман  шаруашықтарына  12  мың  түп  терек  қаламшаларын  дайындауға  тапсырыс беріліп, қазіргі таңда 9 мың түп ағаш көшеттері отырғызылды. Сонымен қатар  мекемелер, қоғамдық ұйымдар мен жеке  секторлар   350  түп  туя,  380 түп  қарағаш,  800  түп  жеміс – жидек  және  3200  түп  гүл  сая – бақ,  бау – бақша, көше  бойларына егуді жоспарлап, бүгінгі таңда 200  түп  туя,  260 түп  қарағаш,  500  түп  жеміс – жидек  және  2000  түп  гүл  сая – бақ,  бау – бақша, көше  бойларына  көктемгі көріктендіру мезгілінде отырғызылса, қазіргі уақытта жоспарға сәйкес егу жұмыстары аяқталды.

    Жыл  басынан  51,2  шақырымнан аса  көше,  1000  тоннаға жуық  күл – қоқыс, 16 мың  шаршы метр  саябақтар  тазалау,  1700 жуық  қарағаш  түптері  балақтау,  5700  метрге  жуық  бордюр  мен 3100 мертге жуық қоршауға  арналған  темір  бетондарды әктеу жоспарланды. Бүгінгі таңда елді мекендерді күзгі абаттандыру, көріктендіру және санитарлық тазалауға жоспарланған жалпы ұзындығы  32,9 шақырымға жуық  арық және каналдар, 51 шақырым көше  тазаланып, 5700 метрге жуық бордюрлердің 3700 метрі, 3100 метрге жуық қоршау әктеліп,   527  тоннаға  жуық  кездейсоқ  күл – қоқыс  арнайы  орындарға  шығарылды.

    Елді – мекендерде  апта  сайын  ұйымдастырылған  сенбіліктер  барысы  аудандық  газет  бетіне  жарияланып,  атқарылған  шаралар  туралы  мәліметтер  беріліп  отырылды.

    Сонымен қатар Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  елді  мекендерді  көгалдандыру  және  жасыл  аймақтар  құру  жөнінде  берілген  тапсырмасына  сәйкес  облыс  тарапынан  біздің  ауданға  2016-2017  жылдары  106 га. жерге  «Жасыл белдеу» құру тапсырылған болатын. Осыған байланысты  аудан  әкімдігінің  25  ақпан  2016  жылы  № 140  қаулысы қабылданып,  қазіргі  уақытта  біршама  жұмыстар  атқарылып, өз нәтижесін көрсетті.

    Ағымдағы жылдың қазан,қараша айларында Кеңес, Бірлік, Биназар, Көкжелек және Күшаман ауылдарының айналасына жасыл белдеу құру мақсатында қалған 10 га жерге жеміс жидек, терек, қарағаш ағаштары отырғызу жұмыстары кенеттен қар жауғанына байланысты 2017 жылдың наурыз, сәуір айларында жалғасатын болады.

     

     

     Полигондар  туралы

    Жалпы  аудан  бойынша  ауыл, ауылдық  округтерде  22  полигон  орналасқан.  Бүгінгі  таңға  полигондар орналасқан жер телімдері заңдастырылған. Алайда полигондардың  жағдайлары  санитарлық – экологиялық   және  стандарттық  нормаларға   сәйкес  келмей  отыр. Барлық полигондардың  айналасы  қоршауды  қажет  етеді.  Облыстық  табиғи  ресурстар және  табиғат  пайдалануды  реттеу  басқармасы  арқылы қоршаған  ортаны  қорғау  эмиссиясына  сәйкес рұқсат алу жұмыстары жүргізілуде.

    2010 – 2015  жылдарда  «Ақбұлақ»  бағдарламасы  бойынша

    Аудан   бойынша  су  құбыры  желісінің  жалпы  ұзындығы  бүгінгі  таңға   254,33 км  құрайды.  Су  құбырларына  «Мөлдір»  КМК   техникалық қызмет  көрсетеді. «Ауыз  су  бағдарламасы»  бойынша  2006 – 2010 жылдары 7 елді  мекенге  ауыз  су құбырлары  тартылды  (Бірлік,  Биназар, Қылышбай,  Кеңес, Құмөзек, Жамбыл, Назарбеков).  Бөлінген  қаржы  729 043 мың теңге.

    2010 жылы  су  құбырларының  ұзындығы  74,2  км  құраған  болатын. 2011 – 2015  жылдары   елді  мекендерге  тартылған  су  құбырларының  жалпы  ұзындығы  58,27  км. Салыстырмалы  түрде   2015 жылы  су  құбырлары  2011  жылға  қарағанда  44  пайызға  өсті. Атап  айтқанда:  «Ақ  бұлақ»   бағдарламасы   бойынша   2011 – 2015 жылдары  7  елді  мекенге  су  құбырлары  тартылды. Оның  ішінде: Күшаман  ауылына – 2012 ж, Шығанақ  ауылына – 2012 ж, Мыңарал  ауылына – 2013 ж, Мыңарал станциясына – 2013 ж, Ұланбел  ауылына – 2014 ж.  Бөлінген  қаржы  3 100 497 мың теңге.

    2011 жылы  аудан   бойынша  25  елді  мекеннің  8 елді  мекені  орталықтандырылған  су  құбырларын  пайдаланып  келді, атап  айтқанда: Мойынқұм, Бірлік , Биназар  , Қылышбай , Кеңес, Құмөзек, Жамбыл  және Назарбеков  ауылдары.  2015 жылы  орталықтандырылған  ауыз  суға   14  елді  мекен  ие  болды. Атап  айтқанда:  жоғарыда  көрсетілген  9  елді  мекенге Күшаман , Шығанақ , Мыңарал , Мыңарал стансасы, Ұланбел   және  Мойынқұм  ауылы  қосылды. Сонымен  қатар  Бурыл  байтал  стансасы, Қияхты  және  Мирный  ауылдарының  ауыз  су  жүйелерінің  ішкі құрылысы  2014  жылы аяқталды. Бүгінгі  таңға  аудан  бойынша 14 елді  мекен  орталықтандырылған,   6 ауылдық  елді мекен тасымалданатын  және  5 елді  мекен  аула  құдықтарынан    ауыз  суды  пайдаланады.

    «Ақ бұлақ» бағдарламасы  бойынша  дайын   жобалық-сметалық құжаттары

    2016  жылы  мемлекеттік  сараптамалары  бар, құны  1 580 137,49 мың теңге құрайтын 2  құрылыс  нысаны  облыстық  құрылыс  басқармасына  тапсырылған. Олар:  Балқаш  көлінен  Бүрылбайтал  станциясына  дейінгі  аралықтағы  су  желісі  құбырын  жүргізу  және  қабылдау  имараттарының  құрылысы  және  Бурылбайтал-Қияхты-Мирный  елді  мекендеріне  су  желісі  құбырын  жүргізу  және  су  қабылдау  имараттарының  құрылысы.

    Темір  жол  бекеттеріндегі  елді  мекендер  толықтай  ауыз  сумен  қамтылған

    Ауыз  су құбырларын  жөндеу  бойынша

    «Мөлдір»  КМК  ағымдағы  жылы  су құбырларын  ауыстырып,  жөнделеді  деп  жоспарламаған.  Алайда мекеменің ағымдағы жылдың 12 ай қорытындысы бойынша атқарған жұмыстары, атап айтқанда: Мойынқұм ауылының 65 жеке тұрғын үйдің ауласына және  ДЭУ мекемесінің жанындағы  6 жеке  тұрғын үйге  500 метр ауыз су құбыры тартылды.

     

                              Аудан  елді мекендерінің  ауыз сумен қамтылуы  туралы

    Мойынқұм  ауданы  бойынша  25 елді  мекеннің  бүгінгі  таңға  14 елді  мекені  немесе  60 % (Ұланбел, Құмөзек, Қылышбай, Мойынқұм, Жамбыл, Күшаман, Назарбеков, Бірлік, Кеңес, Биназар, Хантау, Шығанақ, Мыңарал,  Мыңарал стансасы  елді  мекендері)  орталықтандырылған ауыз су  жүйесімен қамтылған. Орталықтандырылған 14 елді  мекенде 5161 аула  болса, оның 3574  ауласына  69 %  ауыз су кіргізілді.  Жалпы ауданда 32 385 тұрғын болса, оның 26 739 тұрғыны  орталықтандырылған ауыз су  жүйесімен қамтылып, аудан тұрғындарының  82,5 % таза ауыз сумен қамтылып отыр.

    1. «Ауыз  су»  бағдарламасы  бойынша  2006 жылы  Бірлік, Биназар, Қылышбай ауылдарының, 2009 жылы  Кеңес, Құмөзек ауылдарының,  2010  жылы Жамбыл, Назарбеков ауылдарының ауыз су нысандары қолданысқа берілген.
    2. «Ақ  бұлақ»  бағдарламасы  бойынша  2012 жылы  Күшаман, Шығанақ ауылдарының ,  2013 жылы  Мыңарал  ауылы, Мыңарал  стансасы,  2014  жылы Бурыл – Байтал стансасы, Мойынқұм, Ұланбел  ауылдарының ауыз су  нысандары қолданысқа  берілген.

     

    Электр  жүйесі  бойынша       

    Аудандық электр жүйесі бойынша 35 кВ және одан жоғары 9 подстанциялар жұмыс істейді. 2015 – 2016 жылдардағы жылыту маусымына күрделі жөндеуден 3, ағымдағы жөндеуден 9 подстанцияны жөндеуден өткізу жоспарланып,  нысан  жұмыстары  толығымен аяқталды.

    0,4 кВ –  әуелік  линия ( ВЛ – 0,4 кВ)  166 шақырымды құрайды, оның ішінде  ағымдағы  жылы күрделі  жөндеуден  жоспар  бойынша  39,0  шақырымның  бүгінгі таңға  39,0 шақырымы немесе 100 %,  ағымдағы жөндеу  бойынша  жоспар  61 шақырым  бүгінгі таңға орындалғаны  61 шақырым, яғни  100 %.

    6 – 10 кВ  328 шақырым күрделі жөндеу  жоспар  39,0,  орындалғаны 39,0 шақырым – 100 %,  ағымдағы  жөндеу  114  шақырым  орындалғаны – 114 шақырым немесе 100 %.

    35 кВ – 238 – жоспар бойынша 238 шақырымын  ағымдағы жөндеуден өткізу, орындалғаны  238 шақырым немесе  100 %.

    110 кВ – 434 шақырымның 294,4 шақырымын жоспарға сәйкес күрделі және ағымды жөндеуден өткізуге, оның ішінде 20 шақырым күрделі жөндеуден, орындалғаны – 20 шақырым немесе 100 %. 146,4 шақырым ағымдағы жөндеуден, орындалғаны – 146,4 шақырым немесе 100 % .

    Сонымен қатар Мыңарал ауылындағы, бұрынғы балық зауытының есебінде болған, ВЛ – 10 – 5 шақырым әуе желісі, 0,4 кВ  9  шақырым әуе желісі, ПС 160 кВт – 1 дана подстанциясы, ПС 100 кВт–2 дана подстанциясы.

    Ақсүйек ауылындағы «Шығыс  кен  басқармасы» ЖШС – нің есебінде болған ұзындығы 10,4 шақырымды құрайтын әуе желісі, 2,4  шақырым 0,4 кВ кабель желісі.

    Мирный  ауылындағы  «Батыс Кен Басқармасы»  ЖШС – нің есебінде болған ұзындығы 7,1 шақырым 0,4 кВ әуе желісі, 5,7 шақырым 0,4 кВ  кабель желісі иесіз болып  қалған.

    Бүгінгі таңда аталған елді мекендердегі иесіз қалған электр желілерін коммуналдық меншікке алу бойынша, ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімшесі тарапынан Жамбыл облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына ағымдағы жылдың 14 қазанында талап арыз берілді.

    Ақбақай ауылындағы электр энергиясын беру желісі аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің теңгеріміне алынып, ағымдағы жылы сенімгерлік басқаруға беруге байланысты аудан әкімдігінің қаржы бөлімі арқылы конкурс жарияланып, жеңімпаз «Алтын алмас» АҚ атанып, сенімгерлік басқаруға байланысты келісім шарт жасалынып, бүгінгі таңда электр желісін, қосалқы стансасын күтіп ұстау және елді мекендерді электр энергиясымен қамтамасыз ету жұмыстарын атқаруда.

    Проблемалық мәселелер: Ақбақай  ауылында орналасқан «Алтын  Алмас» АҚ елді мекенді электр жарығымен, ауыз сумен (тасымалды) қамтамасыз етіп отырады.  Алайда,  «Алтын  Алмас»  АҚ  елді мекенге көмек беру, әлеуметтік мәселелерді шешу, су тасып беру, электр жарығымен  қамтамасыз ету, қоғамдық моншаны күтіп ұстау жөніндегі мәселелерден бас тартып отыр (бірінші вице президент Б.Джалоловтың  16.06.2015 жылғы № 788 қатынас хаты).

                                         

    Коммуналдық  тұрғын  үйлердің  төлемақысы  туралы

    Төлемақы  мөлшері  тұрғын  үйдің  алаңы  мен  соғылған  жылына  байланысты формуламен  есептеледі. Бүгінгі таңда 9 коммуналдық пәтер мен қызметтік пәтерлерде тұратын азаматтармен келісім-шарт жасалынып, төлемақылары төленіп отыр.

     

    Мойынқұм ауданындағы  елді  мекендердегі  шамдар,түнгі  жарықтандыру, билборд  және  стендтер

    Мойынқұм  ауданы  бойынша 16  ауылдық  округ пен  25  елді  мекендерде  бүгінгі  таңда  шамдар – 149, түнгі жарықтандыру – 1591, билборд – 51, стенд – 10.

    Мойынқұм ауданы  елді мекендерін  түнгі жарықтандырумен  2016 жылы мердігер «Қазақбай» ЖШС қамтамасыз етіп, аудандық бюджеттен  бөлінген – 14 млн. 883 мың теңге  (оның ішінде 2 млн. 900 мың теңге  күтіп ұстауға) жұмсалды.

    1. Мыңарал : шамдар – 12, түнгі жарықтандыру  – 30, билборд – 4, стенд-жоқ;
    2. Шығанақ : шамдар – 5, түнгі жарықтандыру – 69, билборд – 2, стенд – 1;
    3. Бурыл байтал: шамдар – 5, түнгі жарықтандыру-5, билборд, стенд-жоқ;
    4. Мирный: шамдар – 1, түнгі жарықтандыру  – 20, билборд – 1, стенд-3;
    5. Ақсүйек: шамдар – 4, түнгі  жарықтандыру – 36, билборд – 4, стенд-жоқ;
    6. Хантау: шамдар – 2, түнгі  жарықтандыру – 20, билборд – 2, стенд – 2;
    7. Қияхты: шамдар-жоқ, түнгі жарықтандыру-16, билборд,стенд-жоқ;
    8. Биназар: шамдар – 8, түнгі жарықтандыру – 35, билборд-жоқ, стенд-2;
    9. Бірлік: шамдар – 32, түнгі  жарықтандыру – 89,  билборд – 10;
    10. Кеңес: шамдар – 4, түнгі  жарықтандыру – 64, билборд – 6, стенд – жоқ;
    11. Қызылтал : шамдар – 2, түнгі  жарықтандыру – 52, билборд, стендтер жоқ;
    12. Жасұлан: шамдар,билборд, стенд – жоқ, түнгі жарықтандыру – 17;
    13. Күшаман: шамдар – 6,  түнгі  жарықтандыру – 35, билборл, стендтер жоқ
    14. Жамбыл: шамдар – 3, түнгі  дарықтандыру – 59, билборд – 4, стенд – 1;
    15. Мойынқұм: шамдар – 48, түнгі жарықтандыру – 765, билборд – 14, стенд – жоқ;
    16. Қылышбай: шамдар – 8, түнгі жарықтандыру – 51, билборд – 2, стенд – 1;
    17. Қарабөгет: шамдар– 7, түнгі жарықтандыру – 7, билборд – 1, стенд-жоқ;
    18. Құмөзек: шамдар – жоқ, түнгі жарықтандыру – 10, билборд – 1, стенд-жоқ;
    19. Сарыөзек: шамдар-жоқ, түнгі жарықтандыру-7, билборд-жоқ, стенд-жоқ;
    20. Ұланбел: шамдар – 2, түнгі жарықтандыру-23, билборд,стенд-жоқ;

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Мойынкумского района