Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

 

Мойынқұм ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында 2018 жылдың 1 тоқсанында атқарылған жұмыстар туралы

                                                                                                                              АНЫҚТАМА

Аудан әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының қызметі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы  № 919 қаулысымен бекітілген нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған  Бағдарламасының 3 бағытын жүзеге асыруға негізделген.

Бағдарламаның 1-бағыты бойынша (бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету):

  1. Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау
  2. Жұмысшы кадрларды қысқа мерзімді кәсіптік оқыту

Аталған бағыт бойынша ағымдағы жылы 174-адамды қысқа мерзімді курстарға оқыту жоспарланған. Жалпы қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 51 069 000 теңге бөлінген. Оқыту курстары ағымды жылдың сәуір айынан басталады.

Бағдарламаның 2-бағыты бойынша (Жаппай кәсіпкерлікті дамыту)

  1. Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту
  2. Кәсіпкерлік бастамаларды несиелендіру
  3. Шағын несиелерді кепілдендіру

Бағдарламаның екінші бағыты бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқыту курсына 234 адамды оқыту жоспарланып отыр.

Бағдарламаның 3-бағыты бойынша (Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту):

  1. Жұмысқа орналасуға ықпал ету
  2. Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру
  3. Жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаң құру
  4. Инфрақұрылымды және ТКШ-ның дамыту есебінен жұмыспен қамтамасыз ету :

Әлеуметтік жұмыс орындарына 2018 жылы республикалық және жергілікті бюджет арқылы 18,957 млн. теңге көлемінде қаржы қаралып, барлығы 135 азаматты жұмысқа тарту жоспарланып отыр, 15 жеке кәсіпкерлер және шаруа қожалықтармен келісім-шарт жасалып, барлығы 90 жұмыссыз әлеуметтік жұмыс орындарына жолданды. Бөлшектенген жоспар бойынша 3,160 млн.тенге қаражат игерілді.

Жастар іс-тәжірибесі бойынша 2018 жылы республикалық және жергілікті бюджет арқылы 16234,0 млн. теңге көлемінде қаржы қаралып, 6-айлық мерзімдік жұмысқа жыл аяғына дейін барлығы 112 адамды тарту жоспарланып отыр. Есептік мерзімге 16 азамат жастар іс-тәжірибесіне жолданып, бөлшектенген жоспар бойынша 2,001 млн. тенге қаражат игерілді.

        Қоғамдық жұмыстарына 2018 жылы жергілікті бюджеттен 35027,0 млн. теңге көлемінде қаржы қаралып, аудан бойынша 334-жұмыссызды уақытша жұмысқа тарту жоспарланған. Берілген есептік мерзімде 111 жұмыссыз қоғамдық жұмысқа жолданып, 5,391 млн. тенге қаражат игерілді.

Аудан әкімдігінің жұмыспен қамту  және әлеуметтік бағдарламалар  бөлімінің  2017 жылдың  12 айында атқарған жұмыстары жөнінде туралы   АНЫҚТАМА 

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ

Аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде 2018 жылдың 01 қаңтарына жалпы қайрылғандар (өтініш бергендер) саны 940 адам, оның ішінде  жұмыссыз ретінде ресми тіркелген 376 адам,  жыл басынан жұмыспен қамту шарасына барлығы 758 адам тартылса, оның ішінде 632 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Яғни жалпы жұмыспен қамту шарасына тартылған  758 адамды,  жыл басынан қайрылған (өтініш берген) 940 адамға бөлгенде тұрақты жұмысқа орналастыру көрсеткіші 80,6 пайызды құрап отыр.  (Жыл аяғына жоспар 79,1 пайыз)

ПРОБАЦИЯ ҚЫЗМЕТІ

2017 жылдың  12   айы бойынша бас бостандығынан айыру  орындарынан босап шыққан 14 азамат, оның ішінде 4 азамат квота бойынша тұрақты жұмысқа,  6 азамат ақылы қоғамдық жұмыспен, 1 азамат әлеуметтік жұмыс орынымен қамтылса, 3 азамат қысқа мерзімдік қайта даярлау курсына жіберілді. Пробация қызметінің есебінде тіркеуде тұрған 15 азамат оның 8 азамат ақылы қоғамдық жұмысқа, 4 азамат квота бойынша тұрақты жұмысқа жолданса, 3 азамат қысқа мерзімді қайта даярлау курсына жіберілді.   Бас бостандығынан айыру босап шыққан азамат Т.Ноғайбеков  өкпе ауруымен ауырғандығына байланысты қуатты тамақтану үшін айына 12372,0 теңгеден 3 айға 37116,0 теңге  әлеуметтік көмек алса, Т.Ділімбетовке және Е.Исабековке  30,0  теңгеден  бір жолғы әлеуметтік көмек берілді.

МҮГЕДЕКТЕРГЕ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК

Аудандық зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының мәліметіне сәйкес, аудан бойынша 794 мүгедек бар, оның ішінде I-ші және II-ші топтағы мүгедектер саны  367, III-ші топтағы мүгедектер саны 323 және бала кезінен мүгедектер саны 104 адамды құрайды. Соның ішінде жеке оңалту бағдарламасының негізінде бөлім тарапынан 278 мүгедектерге: республикалық бюджеттен 6855,0 мың теңге қаржы қаралып, оның 6855,0 мың теңгесі игерілді, жергілікті бюджеттен 30125,5 мың теңге қаралып, оның 30125,5 мың теңгесі игерілді. Атап айтқанда: жеке көмекшіге 72 адамға 12954 мың теңге, гигиеналық құралға 76 адамға 6977,7 мың теңге, үйде әлеуметтік қызмет көрсетуге 50 адамға 9012,8 мың теңге, мүгедек баланы үйден оқытуға 31 балаға 1181,0 мың теңге  әлеуметтік көмек көрсетілді.

АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК

4 отбасылары нақты анықталып, оның 14 мүшелеріне 388,0 мың теңге  «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек» тағайындалды.

18 – ЖАСҚА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАР ЖӘРДЕМАҚЫСЫ

18 жасқа дейінгі Мемлекеттік балалар жәрдемақысын тағайындауға жергілікті бюджеттен  36508,5 мың теңге   қаралып,  2018 жылдың  1 қаңтарына 18 жасқа дейінгі 527 отбасының 1639 балаларына  36479,1 мың теңге мемлекеттік балалар жәрдемағы тағайындалды.

ӨРЛЕУ ШАРТТЫ АҚШАЛАЙ КӨМЕК

2017 жылдың  12 айында  42 отбасының 272 мүшелеріне республикалық бюджеттенн 4991,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен 2739,0 мың теңге шартты ақшалай көмек тағайындалды.

АУДАН БОЙЫНША КЕДЕЙШІЛІК ДЕҢГЕЙІ

2017 жылдың 12 айында  ресми тіркелген аз қамтылған 11 отбасы 72 мүшесі бар. Осының ішінде кедейшілік шегінен төмен тұратын (кедейшілік шегі 8858 теңге) осы 11 отбасының 72 мүшесін ауданның жалпы халық саны 32900-ге бөлгенде, аудан бойынша кедейішілік деңгейі 0,2 пайызды құрайды.

(Мойынқұм 50 адам, Қызылтал 9, Бірлік 13)

МЕРЕКЕ КҮНДЕРІНЕ ОРАЙ БІР ЖОЛҒЫ КӨМЕК

Мойынқұм аудандық мәслихатының 2016 жылғы 16 мамардағы         №2-10 шешімімен бекітілген «Мойынқұм ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің  және мұқтаж азамттардың жекелеген  санатарының тізбесін  айқындаудың Қағидасына сәйкес» 2017 жылдың 12  айында  мереке күндеріне орай әр түрлі санаттағы азаматтарға бір жолғы әлеуметтік көмектер берілді. Атап айтсақ: 9 мамыр жеңіс күні мерекесіне орай ҰОС қатысушысы 1 ардагерге 150,0 мың теге, тыл еңбеккерлері 75 адамға 15,0 мың теңгеден 1125,0 мың теңге, ҰОС мүгедектерінің жесірлері 16 адамға 15,0 мың теңгеден 240,0 мың теңге, 26 сәуір  Чернобель апатына қатысушы 6 адамға 30,0 мың теңгеден 180,0 мың теңге, 15 ақпан Ауған соғысына қатысушыларға 20 адамға 30,0 мың теңгеден 600,0 мың теңге, Семей полигонына қатысушы 5 адамға 150,0 жергілікті уәкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына жататын 21 адамға 30,0 мың теңгеден 630,0 мың теңге, үйі өртенген 1 адамға 226,9 мың теңге әлеуметтік көмектер берілсе,  өкпе ауруымен ауыратын науқас адамдарға қуатты тамақтануға ай сайын 29 адамға 21,9 мың теңгеден  2227,0  мың теңге әлеуметтік көмектер берілді.

Ауылдық елді мекендерде  тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау жергілікті бюджеттен 8280,0 мың теңге  жоспарланған. Оның 5,0 мың теңгеден 1656 мамандарға 8280 мың  төленді.

ЕҢБЕК ЗАҢДЫЛЫҒЫН САҚТАУ ЖӨНІНДЕГІ МЕМОРАНДУМДАР

01.02.2015 – 30.07.2017 жыл аралығында аудан әкімі мен ірі, орта және кіші өндіріс орындары, жеке кәсіпкерлермен жұмысшылардың еңбек жалақыларын уақытылы төлеу, негізсіз штат санын қысқартпау және өндіріс орындарында техникалық қауіпсіздікті сақтау жөнінде барлығы 58 кәсіпорындармен (жоспар-50) меморандумдарға қол қойылды. Олардың ішінде, Барлығы 1780 жұмысшысы бар,  2-ірі кәсіпорын  ол Аудандық аурухана (640 жұмысшысы бар), Жамбыл өндірістік цемент компания (250 жұмысшысы бар) 4-орта кәсіпорын олар, «Юг цемент строй» ЖШС-гі  (240 жұмысшысы бар) , «Эврика» ЖШС-ы (98 жұмысшысы бар),  «Аль -Басар»  ЖШС-ы (82 жұмысшысы бар), «1000-Арал» ЖШС (143 жұмысшысы бар) 52-кіші (50 адамға дейін жұмысшысы бар) кәсіпорындар. Барлығы, 20-Жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 1-Комуналдық мемлекеттік мекеме, 12-Шаруа қожалығы, 25-Жеке кәсіпкер, Ірі кәсіпорынға жататын «Алтыналмас акционерлік компаниясы»  Облыс әкімімен меморандумға отырған. Қазіргі таңға дейін аталған кәсіпорындар меморандумның талаптарын бұзған фактілер анықталған жоқ.

ҰЖЫМДЫҚ ШАРТ

2016 жылдың 12 айында 23 мекеме ұжымдық шарт жасса, 2017 жылдың 12 айына 14 мекеме   бітуіне қарай  Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасына құжаттарын өткізіп тіркеуден өтті.

ШЕТ- ЕЛ АЗАМАТАРЫ МЕН ОРАЛМАНДАР

Мойынқұм ауданы  бойынша  ауданда  тқрақты тұрып жатқан шет-ел азаматтарының санын аудандық ішкі істер бөліміндегі миграция полициясының мәліметті бойынша.

Мойынқұм ауылынан – 17 адам. Оның ішінде орыс – 1, қырғыз – 10, татар – 2, украйн – 2, өзбек-1, қарақалпақ-1.

Ақсүйек ауылынан – 19 адам. Оның ішінде орыс – 5, қарақалпақ – 1, қазақ – 13.

Бірлік ауылынан – 8 адам. Оның ішінде орыс – 3, қырғыз – 1, өзбек – 2, қарақалпақ – 1, неміс – 1.

Мирный ауылынан –5 адам. Оның ішінде орыс -4, ұйғыр -1.

Кенес ауылына – 7 адам. Оның ішінде қырғыз – 3, қазақ – 2, қазақ – 1, күрт, өзбек-1.

Ақбақай ауылынан – 3 адам. Оның ішінде орыс 1, қазақ – 2.

Мынарал  ауылынан – 2 адам: 1 қазақ, 1 қырғыз өзбек.

Сарыөзек ауылынан – 2 адам:1 татар, 1 қырғыз.

Хантау ауылынан – 2 адам оның ішінде қырғыз -1, өзбек – 1.

Биназар ауылынан – 2 адам қырғыз.

Назарбек ауылынан – 1 адам қырғыз.

Бұры-Байтал ауылынан – 2 адам қырғыз

Шығынақ ауылынан – 6 адам: 3 орыс, 1 қазақ,2 қырғыз

Ескертпе: Бұл жоғарыда көрсетілген азаматтардың барлығы виза бойынша уақытша куәлік алғандар. Оралмандары жоқ.

Соңғы жаңалықтар

Телефон қабылдау

8 (00000) 0 00 00