100%200%
Мойынқұм ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    Жер қатынастары бөлімі

     

    АНЫҚТАМА

     

    1. Жалпы мәлімет

    Мойынқұм ауданының жалпы жер көлемі 5 045 071 га., оның ішінде: ауылшаруашылығындағы жерлер 679 698 гектар, елді мекендердің жерлері 56 853 гектар, өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және өзге мақсатқа арналған жерлер 10 063 гектар, орман жер қоры 1 925 594 гектар, су қорының жері 308 964 гектар, босалқы жерлер 608 862 гектар, басқа облыстар немесе басқа мемлекеттердің қолданысында (Сарышаған полигоны) 1 455 037 гектар.

     

    1. Шаруа қожалығындағы, Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, акционерлік қоғамы, және босалқы жерлер туралы мәлімет

    Аудан бойынша 1 акционерлік қоғамы, 12 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, 754 шаруа қожалығы және мал айдау жолдары бар олардың иелігінде жалпы  679 698  гектар  оның ішінде  7 873 гектар суармалы егістік, 22 983 гектар шабындық,  614 395 гектар жайылымдық, жолдар және көшелер астындағы жерлер 1 046 гектар, басқа жерлер 33 451гектар.

    1 акционерлік қоғамының иелігінде жалпы 2 560 гектар оның ішінде:        2 560 гектар жайылымдық.

    12 жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің иелігінде жалпы 93 545 гектар оның ішінде: 479 гектар суармалы егістік, 2 734 гектар шабындық,  91 663 гектар жайылымдық, басқа жерлер 1 228 гектар.

    754  шаруа  қожалығының  иелігінде жалпы 393 637 гектар оның ішінде:  7 394  гектар  суармалы  егістік,  20 249  гектар  шабындық,  365 994 гектар жайылымдық.

    Мал айдау жоларының иелігінде жалпы 189 956 гектар оның ішінде: 156 687 гектар жайылымдық, басқа жерлер 33 269 гектар.

    Мойынқұм ауданы бойынша бос жатқан ауыл шаруашылығы жерлері жалпы 608 862  гектар оның  ішінде  суармалы  егістік  533 гектар, шабындық 35 176 гектар, жайылымдық 357 544 гектар.

     

    1. Базалық ставкалары туралы мәлімет

    Жамбыл Облысы Әкімдігінің 2015 жылғы 29 сәуірдегі № 79 қаулысы және Жамбыл Облысы Маслихатының 2015 жылғы 25 маусымдағы №38-10 шешімімен бекітіліп бөлімге берілді, Мойынқұм ауданы бойынша әр елді мекендер жерлеріне базалық ставка белгіленді.

    Бүгінгі таңда Базалық ставкалардың коэффиценттерін және бағалау аймақтарының шекараларын белгілеу мен жерлерді аймақтарға бөлу бойынша тиісті жұмыстар атқарылып, аудандық маслихаттың 2018 жылғы 14 наурыздағы №23-3 шешімімен бекітіліп. Әділет басқармасына тіркеу жұмыстары жүргізілуде.

     

    1. Балхаш –Алакөл су бассейн инспекциясы

     

    Балхаш көлінің жағалауына суды қорғау белдеулерін орнату жөнінде, Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысына 2016 жылдың 12 шілдесінде № 1-1787 санды хатпен Мойынқұм ауданы аумағына кіретін Балқаш көлінің жағалауына су қорғау аймақтары мен белдеулерін (водоохранные зоны) бекіту қажет екендігі жөнінде ұсыныс беріліп, бақылауға алынды.

    Мойынқұм ауданы аумағындағы Балқаш көлінің жағалауына су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеуге облыстық бюджеттен облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы 6863,0 мың теңгеге ЖСҚ әзірледі. ЖСҚ сәйкес су қорғау белдеулерін жасауға облыстық бюджеттен  қаржы бөлу қажет.

     

    Қолда бар жер қорына құжаттамалық түгендеу жұмыстары туралы

     

    2017 жылдың 13 наурызында Аудан әкімдігінің  №51 қаулысымен 2017-2021 жылдарға арналған жер қатынастары саласындағы мақсаттарды жүзеге асыру бойынша жұмысшы топ құрылып, аталған қаулыға 2017 жылдың 5 шілдесінде аудан әкімдігінің №127  қаулысымен өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, бүгінгі таңға тиісті жұмыстар атқарылуда.

    Аудандық прокуратура тарпынан 2017 жылдың 6 қарашасында аудан әкімдігінің №216 қаулысымен аудан аумағындағы ауыл шаруашылығы жерлеріне және өзіндік қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін, берілген жер телімдеріне түгендеу жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмысшы топ құрылды.

    Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігімен бекітілген «2017-2019 жылдарға арналған жер қатынастары саласындағы мақсаттарды жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарына» сәйкес қолда бар жер қорына құжаттамалық түгендеу жұмыстары ауыл шаруашылығы мақсатындағы шаруа қожалықтарына және Мемлекеттік емес ауыл шаруашылық заңды тұлғаларына берілген жер телімдерін анықтау жұмыстары толық аяқталды.

    Ағымдағы жылдың 6 наурызында Облыс әкімдігінің жер қатынастары басқармасының басшысымен аудан әкімдігінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігімен бекітілген «2017-2019 жылдарға арналған жер қатынастары саласындағы мақсаттарды жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарына» сәйкес қолда бар жер қорына құжаттамалық түгендеу жұмыстары жөнінде семинар-кеңес ұйымдастырылды.

    Бүгінгі таңда ауданның елді мекен жерлерін түгендеу жұмыстары жүргізілуде. Атап айтар болсақ 16 ауылдық округтері түгендеу жұмыстарын аяқтап электронды нұсқасын жолдады.

    Пайдаланбай жатқан жерлер

    2016 жылдың 24 наурызында Аудан әкімдігінің  №159 қаулысымен аудан аумағында 2012-2015 жылдары ауыл шаруашылығы, тұрғын үй, коммерциялық мақсаттар үшін берілген жерлердің есебін анықтап, өз мақсатында пайдаланбай жатқан жер пайдаланушылар мен меншік иелерін анықтау мақсатында жұмысшы топ құрылып, тиісті жұмыстар жүргізілуде.

    Мойынқұм ауданы бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің мемлекет меншігіне қайтарылғаны 2015 жылы 11 шаруа қожалық барлық жер көлемі 63,3 гектар,  2016 жылы 4 шаруа қожалық барлық жер көлемі 71,5 гектар. Облыс әкімдігінің жерлерді пайдалану мен қорғалуын бақылау басқармасына (Жер инспекциясына) жолданғаны 2015 жылы 5 шаруа қожалық барлық жер көлемі 32,3 гектар,  2016 жылы 6 шаруа қожалық барлық жер көлемі 25,68 гектар. Қайтарылған жердің қайта айналымға енгізілгені 2015 жылы 24 шаруа қожалық барлық жер көлемі 19126 гектар,  2016 жылы 35 шаруа қожалық барлық жер көлемі 26802 гектар.

    Ауданда жер игеру мәселесі бойынша алдын-ала түгендеу жұмыстары жүргізіліп, елді мекендеріндегі игермей жатқан суармалы жер пайдаланушылардың тізімі жасақталды. Онда 68 шаруа қожалығында барлығы  528,64 гектар суармалы жерлердің игерілмей жатқандығы анықталды. Анықталған жер пайдаланушылармен тиісті жұмыстар жүргізіліп, 15 шаруа қожалығының барлығы 104,28 гектар суармалы жер телімінің иелері туралы толық мәлімет алынып, облыс әкімдігінің жерлерді пайдалану мен қорғалуын бақылау басқармасына 29.09.2017 жылы №4-2430 санды хатпен жолданды.

    Аудан әкімдігінің 2017 жылғы 28 желтоқсанындағы №258 қаулысымен 31 шаруа қожалыққа берілген қаулылардың күші жойылып, жер телімдері мемлекет меншігіне қайтарылды. Қайтарылған жер телімдерінің көлемі 1786,76 гектар оның ішінде 186,76 гектар суармалы егістік, 1600 жайылымдық.

    Мойынқұм ауданы бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің 2018 жылдың 2 айында мемлекет меншігіне қайтарылғаны 3 шаруа қожалық барлық жер көлемі 733 гектар.

    2018 жылы 2700 гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жоспарланып отыр.

    Елді мекендердің шекараларын (шегін) өзгерту туралы

    Аудан бойынша 9 (тоғыз) елді мекеннің (Күшаман, Қылышбай, Көкжелек, Жамбыл, Қарабөгет, Сарыөзек, Шығанақ, Ақсүйек, Байтал) шекарасын белгілеп өзгеріс енгізу жөнінде тиісті құжаттарын жинақтап, 2017 жылдың 29 тамызында аудан әкімдігінің №178 қаулысы қабылданып, аудандық мәслихатқа ұсынылып, 2017 жылдың 13 қазанында №16-4 шешімімен бірлескен қаулы және шешім жобасы дайындалып, Жамбыл облыстық Әділет басқармасынан тіркеуден өтті.

    Аудан бойынша 11 (он бір) ауылдық округтің (Қызылтал, Ұланбел, Биназар, Қарабөгет, Бірлік, Кеңес, Мойынқұм, Хантау, Ақбақай, Шығанақ, Мыңарал) шекарасын белгілеп өзгеріс енгізу жөнінде тиісті құжаттарын жинақтап, 2017 жылдың 29 тамызында аудан әкімдігінің №179 қаулысы аудандық мәслихатқа ұсынылып, 2017 жылдың 28 қарашасында №18-5 шешімімен бірлескен қаулы және шешімге қол қойылып. Қазіргі таңда округтердің шекарасын белгілеп өзгеріс енгізу жөніндегі бірлескен қаулы мен шешімді Облыс әкімдігі мен облыстық мәслихаттың қарауына ұсыну үшін тиісті құжаттар әзірленуде.

     

    Жайылымдар  туралы

    2017 жылдың 29 желтоқсанында «Мойынқұм ауданы бойынша жайылымдырды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2018-2019 жылдарға арналған іс-шара жоспары туралы» №20-3 алтыншы шақырылған Мойынқұм аудандық мәслихатының шешімімен 2018-2019 жылдарға арналған іс-шара жоспары бекітілді.

     

    Аукцион, конкурс туралы

    Мемлекет меншігінде тұрған жер телімдерін ашық сауда-саттықтар (конкурстар, аукциондар) арқылы беру жұмыстары ұйымдастылуда. Атап айтқанда 2018 жылдың 20 наурызында аукцион ұйымдастырылып, онда 14 жер телімі, жалпы көлемі 2,1779 гектар аукционға ұсынылды. Ұсынылған 14 жер телімінің ішінен 1 жер теліміне, жалпы көлемі 0,0050 гектарға құжаттары өткізіліп, 7986 теңгеге сатылды. Ал қалған жер телімдері кейінге қалдырылды.

    2018 жылдың 04 сәуірінде конкурс арқылы 137 жер телімі оның жалпы жер көлемі 68983,8277 гектар, суармалысы 300,9831 гектар, шабындығы 66879,9646 гектар, Жайылымы 1802,88 гектар жер телімдерін конкурс арқылы беру жоспарлануда.

    Мемлекеттік қызмет көрсету (Е-лицензия)

    Аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсету стандартына сәйкес 8 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Атап айтар болсақ:

    1. «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру»
    2. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»
    3. «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу»
    4. «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту»
    5. «Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға рұқсат беру»
    6. «Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру»
    7. «Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту»
    8. «Суарылатын егістікті алқаптардың суарылмайтын түріне ауыстыруға рұқсат беру»

    2018 жылдың екі айында барлығы 32 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

    «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту» қызметі бойынша – 22 қызмет.

    «Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту» қызметі бойынша – 10 қызмет.

    2018 жылы атқарылатын жұмыстар

    1. Пайдаланбай жатқан жерлерді мемлекет меншігіне алу жұмыстарын жүргізу.
    2. Аудан бойынша 11 (он бір) ауылдық округтің (Қызылтал, Ұланбел, Биназар, Қарабөгет, Бірлік, Кеңес, Мойынқұм, Хантау, Ақбақай, Шығанақ, Мыңарал) шекараларына өзгеріс енгізу жөнінде, Облыс әкімдігі мен облыстық мәслихатқа бекіту үшін ұсыныс енгізу.
    3. 2017-2019 жылдар аралығында жердің барлық санаттарындағы жерлерді құжаттамалық тексеруден өткізу жоспарына сәйкес, елді мекен жерлерін, өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және ауыл шаруашылығынан өзге мақсатқа арналған, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтар санаттарындағы жерлерді қамту.
    4. Ауданның 2018 жылғы жер есебін (балансын) әзірлеп, облыстық жер қатынастары басқармасына тапсыру.

     

        

     Мойынқұм ауданының мәліметі Жер қатынастары бөлімі

     

    • Жалпы көлемі – 5 045 071 га.
    • Ауыл шаруашылық алқаптары2 565 156,77 га.

     

    оның ішінде:

    Жайылым – 2 480 785,77 га.

    Шабындық – 75 406 га.

    Көп жылдық екпелер – 79 га.

    Егістік – 8 886 га.

     

    • Ормандық алқаптары713 000 га.

     

    оның ішінде: ағаш өскен жерлер – 674 423 га.

    ағаш өспеген жерлер – 38 577 га.

     

    • Су асты жерлер288 651 га.

    оның ішінде: -көл асты жерлер – 284 814 га.

    – өзен, бұлақ асты жерлер – 3 837 га.

     

    • Басқа жерлер1 447 108 га.

    оның ішінде: Құмдар – 43 210 га.

    басқа алқаптар – 1 403 898 га.

    • Каналдар, коллекторлар асты жерлер:1 374 га.
    • Жолдар және көшелер асты жерлер:22 849,98 га.
    • Құрлыс астындағы жерлер:249,25 га.
    • Құрлымы бұзылған жерлер:645 га.
    • Батпақты жерлер:1 501 га.
    • Мемлекеттік орман қорына жатпайтын, ағашты –бұталы алқаптар:4 536 га.

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Мойынкумского района