Мойынқұм ауданы әкімінің алғыс сөзі

Мойынқұм ауданы әкімінің алғыс сөзі

Аудан сайтына қош келдіңіздер!


       Біз сіздерді Мойынқұм ауданының ресми сайтында әрдайым қуанышпен қарсы аламыз. 
Ауданымызда  өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, табиғатты пайдалану , шағын және орта бизнес, жұмыс орындарын ашу, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет  және  спорт мәселелері  ойдағыдай шешімін табуда.
 
     Сіздер біздің сайт арқылы ауданымыздың  тарихымен,   тек өзіне тән  құндылықтарымен таныс боласыздар.
 
    Cайт арқылы аудандағы  мемлекеттік органдардың құрылымдары  туралы біле алатын боласыздар.
Оларды ел ертеңін ойлайтын  білікті азаматтар басқаруда.
 
    Сіздің жасыңызға, қызметіңізге қарамастан сайттан  қызығушылығыңызды  оятатын  беттер  айқара ашылатын болады. 
 
   Ауданда болып жатқан қоғамдық-саяси , мәдени  шаралар,  жаңалықтармен дер кезінде хабардар болып, керекті  мағлұматқа ие боласыздар.
 
   Ұрпақтар сабақтастығын сақтай отырып, еліміздің өркендеуіне бағытталған игі шараларды бірге насихаттайық.   Бұл біздің тарихымызды жасауға қосқан  үлесіміз болып саналады.
 
    Мойынқұм ауданының ресми сайты  Сіздермен бірлесе отырып, туындаған мәселелерді өзара тиімді шешуге көмегін тигізетін болады.
 

Соңғы жаңалықтар

Телефон қабылдау

8 (00000) 0 00 00