Мойынқұм ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер, мен демонстрацияларды өткізу қосымша тәртібі

Мойынқұм ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер, мен демонстрацияларды өткізу қосымша тәртібі

Мойынқұм аудандық мәслихатының 2016 жылғы 22 ақпандағы  №43-3 шешімімен бекітілген

 

Мойынқұм ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер, мен демонстрацияларды өткізу қосымша тәртібі

  1. Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер, мен демонстрацияларды өткізу жөнінде өтініш жергілікті атқарушы органға беріледі.
  2. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткізу туралы өтініштерді еңбек ұжымдарының, қоғамдық бірлестіктердің немесе Қазақстан Республикасы азаматтарының жекеленген топтарының он сегіз жасқа толған уәкілдері береді.
  3. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткізу туралы өтініш оны өткізудің белгіленген датасынан кемінде он күн бұрын жазбаша нысанда беріледі. Өтініште шараны өткізу мақсаты, нысаны, өткізілетін жері немесе қозғалыс маршруттары, оның басталатын және аяқталатын уақыты, қатысушылардың ықтимал саны, уәкілдердің (ұйымдастырушылардың) және қоғамдық тәртіптің сақталуына жауапты адамдардың тегі, аты, әкесінің аты, олардың тұратын және жұмыс істейтін (оқитын) жері, өтініштің берілген датасы көрсетіледі. Өтініштің берілген мерзімі оның жергілікті атқарушы органда тіркелген күннен бастап есептеледі.
  4. Жергілікті атқарушы орган өтінішті қарайды және өтініште көрсетілген шараның өткізілетін уақытынан кемінде бес күн бұрын уәкілдерге (ұйымдастырушыларға) қабылданған шешім туралы хабарлайды.

.        5. Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер, мен демонстрацияларды өткізу туралы өтініш берген кезде осы Қосымша тәртібінің 3 тармағындағы талаптар сақталмаған жағдайда жергілікті атқарушы орган жаңадан өтініш беру жолымен жіберілген кемшіліктерді жоюды ұсынған ресми жауап беріледі. Жаңа өтінішті қарау мерзімі оның түскен күнінен бастап есептеледі.

  1. Жергілікті атқарушы орган басқа азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық қауіпсіздікті, сондай-ақ көліктің, өзге де инфрақұрылым объектілерінің қалыпты жұмыс істеуін, жасыл желектер мен шағын сәулет нысандарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, қажет болған жағдайда, өтініш жасағандарға шараны өткізудің өзге уақыты мен жерін ұсынады.
  2. Жиналыстар мен митингілерді өткізу арнайы орны болып келесі орындар белгіленсін:

 Мойынқұм ауылы, Б.Омаров көшесі Абылайхан алаңы.

  1. 8. Шерулер мен демонстрацияларды өткізу арнайы орындар болып келесі маршруттар бекітілсін:

 Мойынқұм ауылы, Б.Омаров көшесінің Ә.асылбеков көшесімен қиылысынан бастап Абылайхан көшесінің қиылысына дейін.

  1. Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер, мен демонстрациялар және оларға қатысушылардың сөз сөйлеуі өтініште көрсетілген мақсаттарға сәйкес, белгіленген мерзімде және шартта белгіленген орында өткізіледі.
  2. Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер, мен демонстрацияларды өткізу кезінде уәкілдер (ұйымдастырушылар), сондай-ақ басқа да қатысушылар қоғамдық тәртіпті сақтауға міндетті.
  3. Шараларды ұйымдастырушылармен оларға қатысушылар:

1) көліктің және жаяу жүргіншілердің қозғалысына бөгет жасауға;

2) елді мекеннің инфрақұрылым объектілерінің үздіксіз жұмыс істеуіне кедергі келтіруге;

3) жергілікті атқарушы органның рұқсатынсыз киіз үйлер, шатырлар, өзге де уақытша құрылыстар тұрғызуға;

4)  жасыл желектерге, шағын сәулет нысандарына залал келтіруге;

5) өзімен бірге суық қаруды, атыс және өзге де қаруды, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығына қарсы азаматтарға және заңды тұлғалардың меншігіне материалдық залал келтіру үшін пайдаланылуы мүмкін арнайы жасалған немесе бейімделген заттарды алып жүруге;

6) шараны өткізу кезінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуші мемлекеттік органдар өкілдерінің қызметіне кез келген нысанда араласуға;

7) арақ ішкен және есірткі пайдаланған күйінде қатысуға

рұқсат етпейді.

  1. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткізу орындарда спирттік ішімдік ішуге, есірткі, психотроптық заттарды және оларға ұқсас заттарды, прекурсорларды; матаға немесе қағазға жазылған ұрандарды, кермелерді, басқа да материалдарды (көзбе, аудио/бейне); сонымен қатар қоғамдық тәртіп бұзушылыққа, қылмыс жасау мен кім болса да оған тіл тигізіп қорлауға рұқсат етілмейді.
  2. Пикеттер өтініште көрсетілген мақсаттарға сәйкес, белгіленген мерзімде және шартта белгіленген орында өткізілу керек.
  3. Пикет өткізу барысында:
  • пикет өткізу нысан алдында отыруға, тұруға;
  • көрнекі үгіт-насихат құралдарын пайдалануға;
  • пикет тақырыбына сай қысқа ұрандар, слогандарды айқайлап айтуға рұқсат етіледі.
  1. Пикетті митинг/жиналыс/шеру және т.б. түрде қайта форматтау/жалғастыру үшін жергілікті атқарушы органнан белгіленген тәртіпке сәйкес қосымша рұқсат алу талап етіледі.
  2. жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыруға рұқсат беруден бас тарту жағдайда немесе оны өткізуге тыйым салынғаны туралы шешім қабылданса, ұйымдастырушылар/өкілдер барлық дайындық іс-шараларын болдырмау жөнінде және потенциалды қатысушыларды тиісінше хабарландыруға міндетті;
  3. Егер жиналысты, митингіні, шеруді, пикет қоюды немесе демонстрацияны өткізудің мақсаты нәсілдік, ұлттық, әлеуметтік араздықты, діни төзімсіздікті, тектік астамшылықты, қоздыру, республиканың конституциялық қүрылысын күш қолданып құлату, аумақтық тұтастығына қол сұғу, сондай-ақ  Конституцияның, Заңдар мен өзге де нормативтік актілерінің басқа қағидаларын бұзу болса, немесе оларды өткізу қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігіне қатер төндіретін болса, жергілікті атқарушы орган бұларды өткізуге тыйым салады.
  4. Бұқаралық шараларды темір жол, су және әуе көлігінің объектілерінде, сондай-ақ мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін жіне халықтың тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдардың (қалалық қоғамдық көлік, сумен, электр қуатымен, жылумен және басқа энергия көздерімен жабдықтау) жанында, денсаулық сақтау мен білім беру мекемелерінің жанында өткізуге жол берілмейді.
  5. Егер: өтініш берілмеген болса, тыйым салу туралы шешім шығарылса, сондай-ақ азаматарында өмірі мен денсаулығына қауіп төнетін, қоғамдық тәртіп бұзылатын, жағдайда жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар жергілікті атқарушы орган өкілінің талап етуі бойынша сөзсіз тоқтатылуға тиіс.
  6. Жергілікті атқарушы орган өкілінің талабын орындаудан бас тартылған жағдайда оның нұсқауы бойынша ішкі істер органдары жиналысты, митингіні, шеруді, пикет қоюды және демонстрацияны тоқтату жөнінде қажетті шаралар қолданады.
  7. Жиналыстарды, митингілерді, шерулерді, пикеттерді және демонстрацияларды ұйымдастыру мен өткізудің белгіленген тәртібін бұзған адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап береді..
  8. Жиналыстарды, митингілерді, шерулерді, пикеттерді және демонстрацияларды өткізу кезінде оларға қатысушылардың азаматтарға, қоғамдық бірлестіктерге, мемлекетке келтірген материалдық залалы үшін заңда белгіленген тәртіп бойынша өтем жасалуға тиіс.
  9. Жиналыс, митинг, шеру, пикет, демонстрация өткізілетін жерде қоғамдық тәртіпті сақтау, үй-жайлар беру, санитарлық тазарту, жарық беру және радиоландыру жөніндегі туындаған барлық қосымша шығындарды оларды ұйымдастырушылар өтейді.

 

 

 

 

 

Соңғы жаңалықтар

Телефон қабылдау

8 (00000) 0 00 00