7 қазан 2019

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР – МҰРАЖАЙДА

Аудан әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкілі Амангелді Нәметқұловтың ұйымдастыруымен  Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында аудан әкімі аппаратының  қызметкерлері Ж.Қуанышбаев атындағы аудандық мұражайға саяхат жасалды.Онда  мұражай экскурсаводы  Меруерт Қанқожаева табиғат бөлмесіндегі  ауданымызда қызыл кітапқа енген, аң құстарды, өсімдіктерді,  археологиялық бөлмедегі ауданымыздың картасы, Бірлік ауылының оңтүстігінен шығысқа қарай 5 шақырым жердегі «Төрткүл»қалашығынан табылған […]

Толығырақ
7 қазан 2019

ЖҮГЕРІГЕ ОРАҚ ТҮСТІ

Халықты азық-түлік және өнеркәсіпті шикізаттың түрлерімен қамтамасыз етуімен ерекшеленетін маңызды саланың бірі –ауылшаруашылығы  саласы. Әсіресе, қара жерден  өз несібесін тауып жүрген шаруалардың еңбегі ерекше. Ауданда «Дала аруы» атанған жүгері дақылына  орақ салынып, шаруалар бітік шыққан жүгеріні жинау науқанын бастап кетті.-Біздің «Байбарақ-Агро» деп аталатын кооперативіміздің 100 гектардан астам жері бар. Қазір соның 30 гектарына жүгері егіп, […]

Толығырақ
7 қазан 2019

ТАРЫ ЖИНАЛА БАСТАДЫ

Халық даналығында “Бидайдан бір тамғанда, тарыдан екі тамады”, “Кеспе көже күн батқанша, бидай көже ел жатқанша, тары көже таң атқанша» деп тары дақылының маңыздылығын ерекше атап көрсеткен. Сонымен қатар тарыны «жауынгер дақыл» деп те атаған. Жесең тойымды, денсаулыққа ерекше пайдасы көп дақылды біздің ауданнын Күшаман, Көкжелек, А.Назарбеков ауылдарының диқандары өсірумен айналысады. Бұл ауылдарда негізінен «қызыл […]

Толығырақ
7 қазан 2019

ПЕШ, ГАЗ ЖӘНЕ ЭЛЕКТР ТОҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ СЕБЕПШІЛЕРІ

Өртке қарсы қызмет қызметкерлері өрттің алдын алу үшін жыл сайын жылу беру маусымы алдында профилактикалық іс-шараларды өткізеді. «Жылыту пешін дұрыс орнату және пайдалану туралы» жаднама халыққа таратылады және өрт қауіпсіздігі ережелері түсіндіріледі.Жылыту пештерін қолданар кезінде мына өрт қауіпсіздігі ережелерін білу қажет: – тек отқа төзімді кірпіштен жасалған пешке от жағу керек, ал пештің алдындағы еденнің […]

Толығырақ
4 қазан 2019

ӘБДІКЕРІМ АҒАҒА ЕШКІМ ШАҚ  КЕЛМЕДІ

Халықаралық қарттар күніне орай аудандық Мәдениет үйіндегі «Білім орталығында» дойбыдан аудан ардагерлері арасында турнир өтті. Аудан әкімдігінің денешынықтыру және спорт бөлімі ұйымдастырған шараға Мойынқұм ауылының 9 ардагері қатысты. Олардың арасында ең үлкені 80 жасқа тақаған Сеңгірбаев  Сабыр ағаның болғанын айта кеткен жөн.Турнирдің ашылу салтанатында аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Жамбыл Қалыбаев, Мойынқұм ауылдық округінің әкімі Сержан […]

Толығырақ
4 қазан 2019

«КҮМІС АЛҚА» ТАПСЫРЫЛДЫ

Кеше аудан әкімдігінде аудан әкімі Мәден Мұсаев 6 бала туып, өсірген Мойынқұм ауылының тұрғындары  Сеңгірбаева Айнұр Сабырқызы мен Самбетбаева Айнұр Алпысбайқызын қабылдап, олардың жағдайларымен танысты. Содан соң екі ардақты анаға Қазақстан Республикасы Президентінің 16 қыркүйек 2019 жылғы Жарлығымен наградталған «Күміс алқа» алқасын салтанатты жағдайда тапсырып, гүл шоғын ұсынды, иықтарына ақ орамал жабылды. Сондай-ақ оларға аудан […]

Толығырақ
4 қазан 2019

ҚАРТТАРҒА ҚАМҚОРЛЫҚ ЖАСАЛДЫ

Аға буын өкілдерін, қазыналы қарттарымызды құрметтеу бүгінгі ұрпақ – біздің басты парызымыз. Қарияларымыздың үлгісі мен өнегесі тәлім мен тәрбиенің бастауы деп білеміз.Көпті көрген данагөй қарттарымыздың өнегелі өмірін үлгі ете отырып, ғибрат боларлық сөздерін бойымызға сіңіріп, үлкенге құрмет көрсету әр азаматтың парызы. Осы күндері қарттарды құрметтеп көңіл бөлу шаралары барша жерде жүргізіліп келеді. Осы орайда аудан әкімдігі […]

Толығырақ

Соңғы жаңалықтар

Телефон қабылдау

8 (00000) 0 00 00