ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ –САУАПТЫ ІС

16 қыркүйек 2019

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ –САУАПТЫ ІС

Елімізде 2019 жылдың 1 шілде – 30 қырқүйек аралығында «Балаларға бірге көмек берейік», «Мектепке барар жол» атты республикалық акция өтуде. Бұл акциялардың мақсаты-әлеуметтік көмек алуға құқығы бар, аз қамтылған, көпбалалы, тұрмысы қолайсыз отбасыларының балаларына, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және басқада санаттағы балаларға әлеуметтік көмек көрсету  Қайырымдылық акция шарасының барысында мектептің әлеуметтік жағдайы төмен оқушыларына Мирный ауылының кәсіпкерлері қаржылай көмек көрсетті. Демеушілік  жасаған, кәсіпкерлерден жиналған қаржы  -25000 теңгені құрады.Осы қаржыға – мектебіміздегі  әлеуметтік көмекті қажет ететін 3 оқушыға мектепке қажетті құралдар сатып алынып, берілді. Міне осылайша кәсіпкерлер Б. Садырбаева, Г.Малиновсая  А.Арыстанова, А.Ерке, А. Артеменколар қолдары ашық, жүректері жомарт жандар екендігін көрсетті.  «Қайырымдылық жасасаң қайырымын өзін көресің»  – деген екен дана халық. Осы акцияға орай мектеп әкімшілігі Мирный ауылы маңында жұмыс істеп жатқан «ТОО Орг строй Mining» компаниясының ұжымына Үндеу хат жолдаған болатын. Осы Үндеу хатымыз нәтижелі болып, «ТОО Орг строй Mining» компаниясы басшылығы жаңа оқу жылында мектебімізге теледидар мен музыкалық орталықты сыйға тартты. Бұл игі іс емес, сонымен қатар мектебімізге деген қамқорлық пен ықылас болды. Қамқорлық аясында жүргізілген мейірімділік шараның өтуіне демеушілік еткен  азаматтарға мектеп директоры А.Сәлібеков ұжымының атынан ризалығын білдіріп, алғысын айтты.  Осындай қайырымдылық акциялары әлі де өз жалғасын таба береді деп сенеміз.

Соңғы жаңалықтар

Телефон қабылдау

8 (00000) 0 00 00