ҚАРТТАРҒА ҚАМҚОРЛЫҚ ЖАСАЛДЫ

4 қазан 2019

ҚАРТТАРҒА ҚАМҚОРЛЫҚ ЖАСАЛДЫ

Аға буын өкілдерін, қазыналы қарттарымызды құрметтеу бүгінгі ұрпақ – біздің басты парызымыз. Қарияларымыздың үлгісі мен өнегесі тәлім мен тәрбиенің бастауы деп білеміз.Көпті көрген данагөй қарттарымыздың өнегелі өмірін үлгі ете отырып, ғибрат боларлық сөздерін бойымызға сіңіріп, үлкенге құрмет көрсету әр азаматтың парызы. Осы күндері қарттарды құрметтеп көңіл бөлу шаралары барша жерде жүргізіліп келеді. Осы орайда аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен 1 қазан – Халықаралық қарттар күні мерекесіне орай «Аман жүрші, қарттарым»  атты қамқорлық акциясы өткізілді.Акцияның мақсаты –  қазіргі қоғамды қарт адамдардың проблемаларына назар аудартып, қайырымдылық істер жасау.Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері ауданның өсіп-өркендеуіне үлес қосқан қарттар З.Демьянова, А.Көпбосынов, Е.Қапезовтердың үйлеріне арнайы барып, жағдайларымен танысты. Оларға  сыйлықтар табыс етіп,  Халықаралық қарттар күнімен құттықтап, дендеріне саулық, отбастарына тыныштық, ұзақ ғұмыр тіледі. Ал қариялар болса оларға алғыстарын айтып, баталарын берді.

 

Соңғы жаңалықтар

Телефон қабылдау

8 (00000) 0 00 00