ӘБДІКЕРІМ АҒАҒА ЕШКІМ ШАҚ  КЕЛМЕДІ

4 қазан 2019

ӘБДІКЕРІМ АҒАҒА ЕШКІМ ШАҚ  КЕЛМЕДІ

Әбдікерім ағаға ешкім шақ келмедіХалықаралық қарттар күніне орай аудандық Мәдениет үйіндегі «Білім орталығында» дойбыдан аудан ардагерлері арасында турнир өтті. Аудан әкімдігінің денешынықтыру және спорт бөлімі ұйымдастырған шараға Мойынқұм ауылының 9 ардагері қатысты. Олардың арасында ең үлкені 80 жасқа тақаған Сеңгірбаев  Сабыр ағаның болғанын айта кеткен жөн.Турнирдің ашылу салтанатында аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Жамбыл Қалыбаев, Мойынқұм ауылдық округінің әкімі Сержан Садуақасов, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Манарбек Көшкімбаевтар сөз алып, алдымен ардагерлерді Халықаралық қарттар күні мерекесімен құттықтап, оларға зор денсаулық тіледі. Содан соң аталған турнирде жеңіске  жетулеріне тілек білдірді.Ардагерлер дойбы ойнында  өз шеберліктерін көрсетті. Аса тартысты өткен бәсекеде бірі жеңіп, бірі жеңіліп жатса, тең түсіп жатқандарда болды.Турнир қорытындысында барлық қарсыласынан басым түскен еңбек ардагері Әбдікерім Тойшыбеков бірінші орынды иеленді. Ал аудандық «Мойынқұм таңы» газетінің бас редакторы Сүндетулла Әбілов екінші,  еңбек ардагері Қажым Зарипов үшінші орынға қол жеткізді. Мойынқұм ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұханбетқұл Сабыров ынталандыру сыйлығына ие болды.Жеңімпаздарға аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Қалыбаев диплом, медаль және бағалы сыйлықтарды табыс етті. Міне осылайша турнирді ұйымдастырушыларға алғыстарын айтқан ардагерлер қарттар күні мерекесінде бастары қосылып, бір жасап қалды.

Соңғы жаңалықтар

Телефон қабылдау

8 (00000) 0 00 00