ӨНЕР БИІГІНЕН КӨРІНДІ

6 қараша 2019

ӨНЕР БИІГІНЕН КӨРІНДІ

Жақында облыстық білім  басқармасының  жоспарына сай мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталықта «Өнерге қанат қаққандар» ән-би және өнер байқауына ауданымыздан Саз мектебінің домбырашылар ансамбілі «Аспапта ойнау»  және Балалар шығармашылық орталығының тәрбиеленушілері «Вокал» номинациялары бойынша қатысып, өз өнерлерін көрсетіп қайтты.  Аталмыш байқауда Л.Қашкенова жетекшілік еткен Балалар шығармашылық орталығының «Вокал» үйірмесінің тәрбиеленушілері «Алау» триосы (А.Қазбек, А. Бақыт, Ә.Манарбек) 1 орынды жеңіп алып, үстіміздегі жылдың 16-17 қараша күндері өтетін республикалық жарысқа жолдама алды. Өнер биігінен көріне білген өнерпаздарға алдағы уақытта өтетін республикалық жарыста тек сәттілік тілейміз.

Соңғы жаңалықтар

Телефон қабылдау

8 (00000) 0 00 00