АУДАН ӘКІМІ ҚАБЫЛДАУ ЖАСАДЫ

15 тамыз 2019

АУДАН ӘКІМІ ҚАБЫЛДАУ ЖАСАДЫ

ААудан әкімі қабылдау жасады
Аудан әкімі Мәден Мұсаев аудан аумағында жол жөндеу жұмыстарымен айналысып жатқан «Сине Мидас Строй», «Synоhaidrо», «Азер инсаат», «АБК-автодор НС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өкілдерін қабылдады. Оларды «Казавтожол» мекемесі директорының орынбасары Дәукен Сейдуалиев бастап келді.
Аталған мердігерлер аудандағы «Балқаш-Бурыбайтал, «Бурыбайтал-Шу», «Бурыбайтал-Ақсүйек» бағыттарындағы 332 шақырым жолды 2,5-3 жыл көлемінде жөндейтін болады. Ал бұған мемлекеттен 100 млрдқа жуық теңге бөлініп отыр. Енді осы жол сапалы, өз мерзімінде жөндеуден өтуі тиіс.
– Сіздер біздің аудан аумағындағы жолдарды жөндеу жұмыстарымен айналысып жатырсыздар. Демек, біз сіздермен тікелей байланыста жұмыс істейміз. Бұл ретте менің айтарым Сіздер осы аудан аумағында жұмыс істеп жатқандықтан біздің аудандық кірістер басқармасына тіркелулеріңіз қажет. Сөйтіп, салық басқа жаққа емес осы ауданға түсуі керек. Кездескен қиын мәселелер болса бірлесе шешетін боламыз,- деді аудан басшысы Мәден Тоқтарбайұлы.
Жолшылар аудан әкімінің ұсынысын қабыл алып, бір апта көлемінде аудандық кірістер басқармасына тіркелетіндерін айтты. Сондай-ақ аудан басшысына сұрақтарын қойып, оған жауап алды.

Соңғы жаңалықтар

Телефон қабылдау

8 (00000) 0 00 00