БИЫЛ СУ МОЛ БОЛАДЫ

1 мамыр 2020

БИЫЛ СУ МОЛ БОЛАДЫ

БИЫЛ СУ МОЛ БОЛАДЫ
Біздің ауыл кезінде егістікті жақсы пайдаланып, жүгері арпа, жоңышқа, көкөністен мол өнім алған. Алайда кейінгі 20 жылдан астам уақытта ауылға су келетін «Биназар» каналы жекешенің қолына өтіп, тазаланбай қалды, су келмеді.
Ауданға Мәден Мұсаев әкім болып келісімен басқа да ауылдармен бірге біздің ауылға егін суын әкелуді  бір жылда-ақ шешті.  Канал мемлекет есебіне қайтарылып, тазаланды. Көптен айтылып жүрген каналдың бас жағына биыл су реттегіш құрылғы соғылды. «Базарбай» учаскесінен осындай 2 су реттегіш орнатылып, диқандарға жағдай жасалды.
«Сөзден – іске» деген осы болар. Осындай жасалған жағдайлары үшін аудан басшысы М.Мұсаевқа алғыс айта отырып, биылғы жылдың дала жұмыстарын бастап кеттік.
Биыл бізде су мол болатынына сенеміз.
Ақылбек ҚЫБЫРАЕВ,
«Ардақ» шаруа қожалығының
жетекшісі.
Биназар ауылы.

Соңғы жаңалықтар

Телефон қабылдау

8 (00000) 0 00 00