Болатбек Әбішев 70 жаста

25 маусым 2019

Болатбек Әбішев 70 жаста

64838872_387165948810346_8163208206500233216_o
Аудандық Мәдениет үйінде биназарлық ақын әрі сазгер Болатбек Әбішевтiң 70 жасқа толуына арналған “Мойынқұм – алтын бесігім” атты шығармашылық кеш өтті. Кештiң ашылуында аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Есеев, Биназар ауылының Төбе биi-Жарқылқасын Асылбековтер құттықтау сөз сөйлеп, ақынға шығармашылық табыс тiлеп, сый-сияпат жасады.
100 – ге тарта әндер мен “Өмір – дария, өмір – өлең”, “Қозғалтсаңшы, кеудемнiң бiр жартасын”, “Шөкім бұлт” атты жыр жинақтарының авторы Болатбек Әбішев өзінің бiрнеше өлеңдерiн оқып берді.Жиналған көпшілік “Тараз триосы” мен аудандық Мәдениет үйінің әншілері орында ған ақын өлеңiне жазылған әндерді тыңдап, “Айлун” бишілер тобының биiн тамашалады.

Соңғы жаңалықтар

Телефон қабылдау

8 (00000) 0 00 00