Гүлсім НАРБАЕВА,кітапхана ісінің ардагері. Аудандық аналар кеңесінің мүшесі.

1 мамыр 2020

Гүлсім НАРБАЕВА,кітапхана ісінің ардагері. Аудандық аналар кеңесінің мүшесі.

Гүлсім НАРБАЕВА,кітапхана ісінің ардагері. Аудандық аналар кеңесінің мүшесі.
Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаевтың  Қазақстан халқына арнаған Мәлімдемесін зейін салып, тыңдадым. «Ел басына күн туғанда»- мемлекет басшысы көптеген шешімдер қабылдап, халыққа қолдау көрсетуде. Әлемді абыржытқан індет біздің халқымызды да алаңдатуда. Атап айтар болсақ, көпбалалы, аз қамтылған отбасылар мен мұқтаж жандарға қаржылай көмек көрсету жалғасын таба беретіндігі айтылды. 1,1 миллионнан астам адамды азық-түлікпен қамтамасыз ету жоспарланса, сәуір-мамыр айларында 1,6 миллионнан астам адамға коммуналдық төлем үшін көмек көрсетілмек. Себебі,  еліміздегі қазіргі ахуалға байланысты төтенше жағдай режимі  11 мамырға дейін ұзартылып отыр.  Мәлімдемеде Қасым-Жомарт Кемелұлы қазіргі қасиетті Рамазан айының – шыдам мен төзім, сабыр мен қанағат айы екенін ескертіп, әр азамат халықтың денсаулығы үшін сабыр сақтап, жауапкершілікті сезінуі керектігін жеткізді. Алдағы Жеңіс күнінде Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне лайықты құрмет көрсетілетінін айтып, індетпен күрестің алдыңғы шебінде жүрген азаматтарға алғысын да жеткізді.  Сонау бес жарым ғасырдан бұрын Керей,  Жәнібек сұлтандарға еріп келіп,  Мойынқұмдағы Хантауының “Қозыбасы”
шыңында Қазақтың алғашқы ханы-Керейді ақ кигізге салып,  хан көтерген, Ұлы даланың ұрпақтарының басынан не өтпеді?! Қазақ халқы  небір зұлмат, нәубетті бастан кешірді.  Алла халқымызға разылық жасап, осы індеттің бетін аулақ қылса екен! Бұрын: “Қиын жас екенсің-ау, қырық деген,  Табысасың кей сәтте күдікпенен.  Тағдырына балаңның алаң болып,  Ой толғайсың кей сәтте биіктерден!… “- деген едім, лезде  алпыстың алқасына  келіп қалыппыз. “Алпысқа келгеннен-ақыл сұра!”-деген екен. Ондай ақыл қайдан болсын. Дегенмен,  айтпағым-осындай қысталаң уақытта тәртіпке бағынайық, ағайын, әрине қырандай еркін халыққа оңай емес, үйге тығылу. Айтуға оңай. Болашағымыз үшін,  сабыр сақтайық.  Бір үйде нешеу болсақ та,  бір -бірімізге қонақ екенбіз. Отбасы-отанымызды, ұлттық құндылықтарымызды бағалайық. Өзімізге есеп беріп,  рухани тазарайық! Сондай-ақ Бірігіміз жарасқан елімізді 1 мамыр Бірлік күнімен құттықтаймын, тыныштық пен бейбітшілік

Соңғы жаңалықтар

Телефон қабылдау

8 (00000) 0 00 00