МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

16 қыркүйек 2019

МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

Жақында аудан әкімдігінде  аудан әкімі Мәден  Мұсаевтың төрағалығымен аудан әкімі аппаратының  кеңесі  өтті. Кеңесте аудан әкімі Мәден Мұсаев аудан әкімдігін жаңа ғимаратқа көшіру, №8 Мойынқұм колледжінің жатақханасының техникалық құжаттарын дайындау, ауылшаруашылығы саласында облыс тұрғындарының тұрмысын жақсарту мақсатында пилоттық жобаға енген Кеңес ауылдық округі бойынша атқарылып жатқан жұмыстар, осы округте салынатын клуб, «Радай» өзегінің көпір құрылысы, Көкжелек, Ақбақай, Хантау, Мирный, Ақсүйек, Қарабөгет-Сарыөзек ауылдарының топтық ауыз су жүйесінің жұмыстары туралы  мәселелер көтерілді. Көтерілген мәселелерге байланысты тиісті басшыларға нақты тапсырмалар  беріліп, жұмысты ширату керектігі тапсырылды.

Аталған жиынға аудан әкімінің орынбасарлары  М.Естаев, Б.Қалымбетов, аудан әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкілі А.Нәметқұлов, аудан әкімдігінің ауылшаруашылығы, құрылыс, сәулет және қала құрылысы, тұрғын үй, коммуналды шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдерінің басшылары Қ.Елеусізов, Е.Амантаев, А.Шалқарбеков, аудан әкімінің кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы Ғ.Қалмаш, аудандық кәсіпкерлік палатасының кеңесшісі Е.Әбілдаев және  облыстық инвесторларға қызмет көрсету, жобалық басқару, цифрландыру орталығының аудандық бөлімінің басшысы  А.Баймұратовалар қатысты.

Соңғы жаңалықтар

Телефон қабылдау

8 (00000) 0 00 00