МЕЙІРІМДІЛІК ПЕН ТҮСІНІСТІККЕ ЖОЛ АШЫҚ

6 қараша 2019

МЕЙІРІМДІЛІК ПЕН ТҮСІНІСТІККЕ ЖОЛ АШЫҚ

 

Жуырда аудандық Мәдениет үйіндегі «Коворкинг» орталығында Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен мүмкіндігі шектеулі жастар арасында «Мейірімділік пен түсіністікке жол ашық» атты фестиваль болып өтті.                                                                                Мүмкіндігі шектеулі жастардың қоғамға бейімделулеріне көмек көрсету, олардың бойындағы дарындылық пен өмірге деген құштарлығын көре білу, қоғамда өз орыны бар екендігіне сенімді болуларына жәрдем беру, бауырмалдыққа, кішіпейілдікке баулу – аталмыш іс-шараның негізгі мақсаты болды.                                                                                         «Таныстыру», «Марапаттау» кезеңдері бойынша өткен фестивальға Мойынқұм ауылынан Таңшолпан Қалиқызы, Ернар Жайлау, Жамбыл ауылынан Сұңғат Айнабек, Бірлік ауылынан Джалель Давыдов, Қылышбай ауылынан Әсел Тілегенова, Мыңарал ауылынан Ахат Омаровтар өздерінің өмірге деген ерекшеліктері мен әуестігі, ата-аналары және өмірдің негізгі құндылықтары туралы арнайы дайындап әкелген бейнероликтерін слайд арқылы көрсетті.                                                                                                                    Мейірімге толы салтанатты фестиваль соңында қатысушылар Алғыс хаттар, бағалы сыйлықтармен марапатталып, естелік суреттерге түсті

Соңғы жаңалықтар

Телефон қабылдау

8 (00000) 0 00 00