Облыстық соттың төрағасы қабылдау жасады

3 желтоқсан 2019

Облыстық соттың төрағасы қабылдау жасады

Жамбыл облыстық сотының төрағасы Рүстем  Мырзакерім аудандық сотта сот әділдігін жүзеге асыру бойынша, сот жүйесінің ашықтығын, айқындығын және қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында аудан тұрғындарына жеке қабылдау өткізді.Алдымен білім қызметкерлері кәсіподағы аудандық комитетінің заңгері Бекен  Тілеужанов     ауданда мұғалімдердің іс-сапар  қаржатының төленбеуі  туралы аудандық сотқа шағым түсіргендігін айтты. «Аудандық сот іс-сапар шығынын төлеу қажеттігі туралы шешім шығарып, оны облыстық сот күшінде қалдырды. Міне осындай әділдік салтанат құрып, ұстаздардың іссапар шығындары төленетін болды. Осы үшін аудандық, облыстық сотқа ұстаздар атынан алғысымызды білдіреміз», – деді ол.  «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы, аудандық «Мойынқұм таңы» газетінің бас редакторы  Сүндетулла  Әбілов аудандағы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы тарапынан  мектеп директорларына мектептері күрделі жөндеуден өтпегені үшін 580 мың теңгеден айыппұл салғанын айтып, осыған байланысты мектеп директорларын қорғап, аталған мекеменің бір қаулысын бұзғаны үшін  аудандық сотқа алғыс білдірді.Осылайша қабылдауда болған екі азаматта аудандық, облыстық сотқа әділ шешім шығарып, білім саласы қызметкерлерінің құқығын қорғағандары үшін алғыстарын айтты. Қабылдауға Жамбыл  облыстық  сотының  судьясы Ардақ  Әкетаев, аудандық соттың төрағасы Бабырхан Абуев, аудандық соттың судьясы  Бағлан Дәлібаевтар  қатысты.Облыстық соттың төрағасы Қабылдаудан  соң Р.Мырзакерім аудандық  соттың жұмысымен оның ішінде жақында ғана ашылған фронт-кеңсенің  жұмысымен жан-жақты танысты.

Соңғы жаңалықтар

Телефон қабылдау

8 (00000) 0 00 00