ПАЙДАСЫ МОЛ КЕЗДЕСУ

6 қараша 2019

ПАЙДАСЫ МОЛ КЕЗДЕСУ

 

Өткен аптада ауданға Жамбыл облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Мәден Мәди Мейірбекұлы келіп, аудан әкімдігінде ауданымыздағы мемлекеттік қызметшілермен кездесу өткізді. Кездесуге ауыл, ауылдық округ әкімдері, олардың мамандары, аудан әкімдігінің бөлім басшылары мамандарымен, аудан әкімі аппаратының мамандары қатысты.Кездесуді ашқан аудан әкімі аппаратының басшысы Амангелді Нәметқұлов жиында жақында ғана тағайындалған Жамбыл облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі  Мәди Мәтенді көпшілікке таныстырудан бастады. Содан соң мемлекеттік қызмет жөніндегі уәкілдің атқаратын қызметтері, мемлекеттік қызметшілердің міндеттері жайлы кеңінен баяндады.    -Мемлекеттік қызметшілердің жекелеген азаматтармен тығыз байланыста жұмыс жүргізуі керек екенін ел Президенті ерекше атап өтті. Мемлекеттік қызметшілер халықтың көз алдында еңбек етуде. Сондықтанда оларға деген қоғамдық бақылау күшейіп, зерделеу жұмыстары  жүргізілуде. Мемлекеттік қызметшілер белгілі бір шектуден аспауы тиіс. Жұмыс уақытын тиімді пайдалану, артық нәрсеге бармауы керек, – деді Мәди Мейрбекұлы.  Кездесуге қатысқан аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Қызыр Елеусізов айтып отырғанның барлығымен келісетінін айта келіп, мемлекеттік қызметшілердің  міндеттерінің көп екені, алайда құқықтарының үнемі қорғала бермейтінін жеткізді. Оған М.Мәтен жауап берді.Кездесуді аудан әкімі аппаратының басшысы А.Нәметқұлов қорытындылады.

Соңғы жаңалықтар

Телефон қабылдау

8 (00000) 0 00 00