ТАБЫС АРТПАЙ, ЖАҒДАЙ ЖАҚСАРМАЙДЫ

27 тамыз 2019

ТАБЫС АРТПАЙ, ЖАҒДАЙ ЖАҚСАРМАЙДЫ

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Президент қызметіне ресми кірісу рәсіміндегі сөйлеген сөзінде маңызды 10 бағытты атап өтті. Соның біріншісі – “Халықтың табысын арттыру» болды. Міне сонда Президентіміз «Таяу арада Үкіметтің кеңейтілген отырысында біз еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған нақты міндеттерді айқындаймыз,- деген еді.
Енді міне көп ұзамай үстіміздегі жылдың шілде айының 15-і күні Үкіметтің кеңейтілген отырысы өткені баршаға белгілі. Бұл Мемлекет басшысының жаңадан жасақталған Үкіметтің кеңейтілген отырысына алғаш рет қатысуы. Сөз басында біріншіден Елбасына, одан кейін Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлына, биылғы әлеуметтік саладағы халықтың тұрмыс жағдайын жақсартуға бағытталған маңызды шешімдері үшін алғыс білдіргеніміз артық болмас.
Маңызды отырыстың күн тәртібінде бірқатар өзекті мәселелерді алға қойған мемлекет басшысы, биылғы бірінші жартыжылдықта әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша алға ілгерілеушіліктің бар екенін мәлімдеді. Яғни, биылғы қаңтар-маусым айларында экономикалық өсім 4,1 пайызды құраған. Нақтылап айтқанда құрылыс- 11,1 пайыз, сауда – 7,5 пайыз, көлік – 5,3 пайыз, ауыл шаруашылығы – 3,8 пайыз, және өнеркәсіп – 2,6 пайызға өсіп, басқа салалардың да даму қарқыны ойдағыдай жүріп жатқандығы айтылды. «Инфляцияның жылдық көрсеткіші 5,4 пайыз болды. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 11,7 пайызға өсті.
«Әрине, аталған экономикалық көрсеткіштердің барлығы халықтың тұрмысына оң ықпал етуі тиіс. Қазір осы бағытта атқарылған жұмыстарды талқылап, алдағы жоспарларды анықтаймыз. Басты мақсат – қолда бар мүмкіндіктерді, әлеуетімізді толық пайдалану. Аталған жетістіктерімізді еселеуіміз керек», – деген мемлекет басшысы, азаматтардың табыс деңгейін арттыруды басты мақсатымыз екенін нықтап айтты. Сондай-ақ, халықтың нақты табысы 6,3 пайызға өскен деп қарап отыруға болмайтындығын, алдымызда ауқымды жұмыстар күтіп тұрғанын сөз етті және азаматтардың әл-ауқатын арттыру мен экономиканың тұрақты өсімін сақтау үшін, Үкіметке және әкімдерге осы бағытта нақты шаралар қабылдауы керектігін тапсырды. Бұл дегеніміз еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткішіміз әлі де жақсара түсетіндігін айғақтайды. Үкіметтің кеңейтілген мәжілісінде ел экономикасы мен әлеуметін дамытуға бағытталған бірнеше мәселелер қаралды. Әрине, еліміз Тәуелсіздік алған жылдардан бері сатылай даму үдерісін еш бәсеңдеткен емес. Оған тарих куә. Сонымен қатар «Аурудың диагнозын ашып, дұрыс қойғанда ғана оған қарсы емнің шипасы болады» – деген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының экономиканың салаларын дамытуда ақсап жатқан көптеген жайларды маңызды отырыста ашып айтқаны өте дұрыс бағыт деп білемін.
Сондай-ақ маңызды жиында Мемлекет басшысы елді индустриаландыру аясында 2018 жылы индустрияландыру бағдарламасы бар-жоғы 35 пайызға ғана қаржыландырылғанын, бұл тұрғыда жобалар мен бағдарламаларды тиісті деңгейде қаржыландырылатындай етіп жоспарлау, ауыл шаруашылық жерлерге аудит жүргізіп, жер кадастры ақпараттық жүйесін цифрландыру, Су ресурстарының толық есебін шығару арқылы су құрылымдарды қалпына келтіріп, жаңадан суармалы жерлерді анықтау және көлемін көбейту, кәсіпкерлікті дамыту, қолайлы макроэкономикалық ортаны қалыптастыру, бюджет қаражатын тиімді пайдалану, әлеуметтік сала, білім және денсаулық сақтау салаларын күшейту, өңірлерді дамыту, мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет сапасын арттыру мәселелеріне де ерекше маңыз берді.
Президентіміздің алға тартып отырған мәселелері мемлекетіміздің даму көрсеткішін жоғарылатпаса, төмендетпейтіні анық. Сондықтан біз мемлекеттік қызметшілер болғаннан кейін, мемлекет басшысының тапсырмасы мен маңызды міндеттерін мінсіз орындауға, кеңейтілген отырыста қаузалған барлық мәселелерді шешу жолында белсене ат салысуымыз қажет.
ТАБЫС АРТПАЙ, ЖАҒДАЙ ЖАҚСАРМАЙДЫ2

Соңғы жаңалықтар

Телефон қабылдау

8 (00000) 0 00 00