ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ БАСТЫ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

27 тамыз 2019

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ БАСТЫ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Ұлтты қалыптастыратын орта – оның ұлттық мектебі. Сондықтан қазақ мектебінің тағдыры – ел тағдыры. Ұлтымыздың болашағын ойлаған алаштың ардақтылары мұны әрқашан ескеріп, «Ұлттық мәдениеттен жұрдай рухпен тәрбиелеген ұрпақтан халқымыздың қажеті мен мүддесін жақтайтын пайдалы азамат шықпайды»- деп, ұлт болашағын ұлттық мектепте, ұлттық рухта тәрбиелеу керектігін көрсеткен. Осы ретте мереке қарсаңында саланың жаңа оқу жылына дайындық барысын білу мақсатында аудан әкімдігі білім бөлімінің басшысы Жайдар Жазықбаевпен сұхбаттасқан едік.
-Жайдар Саттарқұлұлы биылғы жаңа оқу жылында білім саласында қандай өзгерістер бар?
– Бүгінгі таңда аудандағы барлық білім мекемелерінің 2019-2020 оқу жылына дайындықтары жақсы. Аудан бойынша білім бөліміне қарасты 45 білім беру мекемесі бар. Яғни, 24 мектеп (21 орта, 2 негізгі, 1 бастауыш), 15 балабақша, мектеп жанынан құрылған 7 шағын орталық және 5 мектептен тыс мекемелер, психологиялық-педагогикалық түзету кабинетін құрайды. 2019-2020 оқу жылында 24 мектепте 6249 оқушы (былтырғы жылы 6100 оқушы) білім алмақ. Оның ішінде болжаммен – 640 (былтырғы жылы 662 оқушы) бүлдіршін мектеп табалдырығын аттағалы отыр.
Білім саласы бойынша 44 нысанға 8050 тонна көмір қажет. Оның ішінде 5152 тоннасы «Құлан» көмір, 2898 тоннасына «Шұбаркөл» көмірін алуды жоспарлап отырмыз. «Шұбаркөл» көмірін алуға 53 млн. 90 мың теңге, «Құлан» көмірін алуға 34 млн 962 мың теңге қарастырылса, барлық білім нысандары бойынша 8050 тонна көмір сатып алуға 93 млн 946 мың теңге және сұйық отынға 4632, 0 мың теңге қаржы бөлінді. Барлығы 98 млн 578 мың теңгені құрап отыр. Сонымен қатар мектептер бойынша 6624 тонна көмір, Балабақшалар бойынша 592 тонна, мектептен тыс мекемелерге 798, 5 тонна, коррекциялық мектепке 35,5 тонна көмір және 1 мектепке 30 тонна сұйық отын жеткізілді.
Аудан мектептеріне жаңа модификациялық кабинет алу үшін аудандық бюджеттен 92 млн 725, 0 мың теңге қаржы бөлінді. Оған 4-физика, 1-химия, 3-биология, 4-робототехника, 1-ағылшын кабинеттері алынды. Бүгінгі таңда 1 химия, 3 биология, 4 робототехника кабинеттері мектептерге орнатылып, іске қосылды. Сондай-ақ аудан мектептерін интерактивті құрылғылармен жабдықтау үшін аудандық бюджеттен 50000,0 мың теңге қаржы бөлінді. Аудандағы барлық мектепке 100 дана (500 мың теңге) интерактивті құрылғылар алынып, іске қосылды.
-Қандай пәндерге сабақ беретін маман тапшы? Жаңа оқу жылында оқушылар оқулықпен толық қамтылды ма?
2019-2020 оқу жылында барлығы 986 мұғалімнің 864-і жоғары, 122-сі – арнаулы орта білімді. Жоғары санатты -283, бірінші санатты-240, II санатты -245 мұғалімдер қызмет етеді. 2019-2020 оқу жылында аудан бойынша 32 маманға қажеттілік бойынша сұраныс жасалынды. Оның ішінде математика-10, ағылшын тілі-6, орыс тілі-6, бастауыш-2, қазақ тілі-1, физика-1, әлеуметтік педагог-1, психолог-1.
2019-2020 оқу жылында оқулықтар алуға жергілікті бюджеттен 79 миллион 400 мың теңге қаржы бөлініп, оқушылардың оқулықпен қамтылуы 100 пайызды құрап отыр. 4, 9, 10 сыныптардың жаңа оқулықтары толық жеткізілді. 10 баспадан 47000 дана кітап алынды.
-Білім ошақтарындағы ағымдағы жылғы жөндеу жұмыстары қалай жүргізілді?
-Аудан мектептеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін аудандық бюджеттен 12785,0 теңге қаржы бөлінді. Ауданымыздағы Абай, Б.Момышұлы, Қ.Рысқұлбеков, №1 орта мектеп ғимараттарының инженерлік – құрылымдарын ағымдағы жөндеу жұмыстарына қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың тамыз айының соңында аяқталуға жақын. Абаттандыру жұмыстары бойынша В.Терешкова атындағы орта мектебінің дәретханасын жөндеу жұмыстарына 2382,42 мың теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары аяқталды. Т.Рысқұлов атындағы тірек мектебінің пандусын орнату жұмыстарына 726,0 мың теңге бөлінсе, М.Жұмабаев атындағы мектеп-лицейнің 2- ғимаратының шатырын ағымдағы жөндеу жұмыстарына 6983,82 мың теңге бөлініп, оны «Архат Өркендеу» ЖШС ұтып алды. Құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың тамыз айының аяғына дейін аяқталмақ. Сондай-ақ аталған мектептің жылу жүйесіне 5045,12 мың теңге бөлінсе, мектепке модульді қазандық орнату үшін облыстық бюджеттен 13850,0 мың теңге бөлініп, облыстық энергетика басқармасы өткізген конкурсқа сәйкес Қарағанды қаласындағы «TGE» ЖШС ұтып алды. Ә.Молдағұлова атындағы және Ағыбай батыр атындағы негізгі мектептерге модульді қазандық орнату үшін облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары толығымен аяқталды.
– Әңгімеңізге рахмет!
Жаңа оқу жылы

Соңғы жаңалықтар

Телефон қабылдау

8 (00000) 0 00 00