100%200%
Мойынқұм ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    Нормативтік құқықтық актілер

    Нормативтік құқықтық актілер

    Мойынқұм ауданының аудандық маңызы

    бар жалпыға ортақ пайдаланылатын

    автомобиль жолдарының тізбесін,

    атаулары мен индекстерін бекіту туралы

     

     

    «Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңының 3 бабының 7 тармағына, 6 бабының 2 тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Мойынқұм ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Мойынқұм ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының  тізбесі, атаулары мен индекстері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
    2. «Мойынқұм ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға жіберуді;

    3) осы қаулының Мойынқұм ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

    1. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Мұратхан Тұрарханұлы Естаевқа жүктелсін.
    2. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

     

    Ауданәкімі                                                      Б.Нүркенов

     

     

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс,

    жолаушылар көлігі және автомобиль

    жолдары басқармасының басшысы

    _______________________Ә.Ахатаев

    «_____»__________2018жыл

     

     

     

    Мойынқұм ауданы әкімдігінің

    2018 жылғы «21» қыркүйектегі

    №265 қаулысына қосымша

     

     

    Мойынқұм ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстері

     

     

     

    Автомобиль жолдары
     

    Индекс

     

    Атауы

    Ұзақтығы

    (шақырым)

    1 КН-МО-1 ״ Жамбыл-Батырбек ״ 0-46 46
    2 КН-МО-2 ״Көкжелек ауылына кіре-беріс״ 0-4,7 4,7
    3 КН-МО-3 ״Жамбыл ауылына кіре-беріс״ 0-1 1
    4 КН-МО-4 ״Күшаман ауылына кіре-беріс״ 0-0,2 0,2
    5 КН-МО-5 ״Мойынқұм – Комсомол״ 0-14 14
    6 КН-МО-6 ״Сарыөзек ауылына кіре-беріс״ 0-4,6 4,6
    7 КН-МО-7 ״Қылышбай ауылына кіре-беріс״ 0-1,3 1,3
    8 КН-МО-8 ״Құмөзек ауылына кіре-беріс״ 0-0,3 0,3
    9 КН-МО-9 ״Қарабөгет ауылына кіре-беріс״ 0-1,7 1,7
    10 КН-МО-10 ״Қияхты станциясына кіре-беріс˝ 0-5 5
    11 КН-МО-11 ״Ақсүйек ауылына кіре-беріс״ 0-4 4
    12 КН-МО-12 ״Шығанақ ауылына кіре-беріс״ 0-1,6 1,6
    13 КН-МО-13 ״Мыңарал станциясына кіре-беріс״ 0-3 3
    14 КН-МО-14 ״Қияхты ст.-Мирный״ 0-12 12
    15 КН-МО-15 ״Хантау ауылына кіре-беріс״ 0-0,6 0,6
    16 КН-МО-16 ״Хантау станциясына кіре-беріс״ 0-2,4 2,4
    Барлығы: 102,4

     

     

    Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

    ________ облысының/қаласының Әділет департаменті

    Нормативтік құқықтық акті 11.10.2018

    Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік

    тіркеудің тізіліміне № 3964 болып енгізілді

     

    Результаты согласования

    Аппарат акима Жамбылской области – Руководитель аппарата Сабит Маденович Оразымбетов, 09.10.2018 16:59:58, положительный результат проверки ЭЦП

    КГУ «Отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог акимата Мойынкумского района Жамбылской области» – Заведующий сектора Кемел Серікұлы Ниязалы, 09.10.2018 17:12:58, положительный результат проверки ЭЦП

    КГУ»Управление строительства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог акимата Жамбылской области» – Руководитель Адилет Бегалиевич Ахатаев, 09.10.2018 19:05:18, положительный результат проверки ЭЦП

    Результаты подписания

    КГУ «Отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог акимата Мойынкумского района Жамбылской области» – Руководитель отдела Сакен Дакманович Есдаулетов, 10.10.2018 15:03:45, положительный результат проверки ЭЦП

    Аппарат акима Мойынкумского района – Аким Мойынкумского района Бахытжан Балтабекұлы Нуркенов, 09.10.2018 19:14:23, положительный результат проверки ЭЦП

     

     

    Мойынқұм ауылы

    Қауымдық сервитут
    белгілеу туралы

    Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Мойынқұм ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
    1. «АК Алтыналмас» акционерлік қоғамына талшықты-оптикалық байланыс желісінің (ТОБЖ) құрылысын жүргізіп, қызмет көрсету үшін жалпы алаңы 24,8561 гектарға, оның ішінде Мойынқұм ауданы аумағы жерінен 0,1 гектар, меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жерінен 18,5053 гектар, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының жерінен 0,0647 гектар және мал айдау жолы жерінен 6,1861 гектар жер учаскелерін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай 49 (қырық тоғыз) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
    2. «АК Алтыналмас» акционерлік қоғамы жер пайдаланушыларға қауымдық сервитут белгілеуден келтірілген шығынды толық көлемде өтеуді қамтамасыз етсін және талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу жұмыстары аяқталғаннан кейін бүлінген жерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізсін.
    3. «Мойынқұм ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамаларда белгіленген тәртіппен осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
    4. Осы қаулының орындалуын қадағалау аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Алдасүгірұлы Қалымбетовке жүктелсін.
    5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Аудан әкімі Б. Нүркенов

     

     

    Мойынқұм ауылы

     

     

    «Жамбыл облысы Мойынқұм  ауданы

    әкімдігінің Регламентін бекіту

    туралы» Мойынқұм ауданы әкімдігінің

    2015 жылғы 27 мамырдағы

    № 175 қаулысына өзгеріс

    енгізу туралы

     

     

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Мойынқұм  ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Жамбыл облысы Мойынқұм  ауданы әкімдігінің Регламентін бекіту туралы» Мойынқұм  ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 27 мамырдағы №175 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2691 болып тіркелген, 2015 жылдың 17 шілдесіндегі № 68 (6061) «Мойынқұм таңы» газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген қаулымен бекітілген Мойынқұм ауданы әкімдігінің Регламентiнде:

    18 тармақтағы «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» деген сөздер «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына» деген сөздермен ауыстырылсын.

    1. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Сәбит Мәденұлы Оразымбетовке жүктелсін.
    2. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

     

     

    Аудан әкімі                                                                Б.Нүркенов     

     

     

     

     

    Мойынқұм ауылы

     

    Аудан әкімдігінің кейбір қаулыларының күшін жою туралы

     

     

     

     

     

    Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару  туралы» Заңының 37 бабының 8 тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

    1. Мойынқұм ауданы әкімдігінің 2012 жылғы  23 шілдедегі «Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» №231 қаулысының (Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының Әділет басқармасында 2012 жылдың 16 тамызында №6-7-87 болып тіркелген, 2012  жылдың 4 қыркүйегінде №74(5747) «Мойынқұм таңы» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
    2. Мойынқұм ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы «2016 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» №395 қаулысының (Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2016 жылдың 15 қаңтарында №2901 болып тіркелген, 2016 жылдың 9 ақпанында №17-18(6125-6126) «Мойынқұм таңы» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
    3. «Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен және мерзімдерде осы қаулының тармақтарында көрсетілген нормативтік құқықтық актінің күші жойылды деп танылғаны жөнінде әділет органдарына және ресми жариялау көздеріне хабарлауды қамтамасыз етсін.
    4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Оразымбетов Сәбит Мәденұлына жүктелсін.

     

     

      Аудан әкімі                                                        Б.Нүркенов

     

     

     

     

     

    Мойынқұм ауылы

     «Б» корпусының мемлекеттік

    әкімшілік қызметшілерінің

    жұмысын бағалау әдістемесін

    бекіту туралы

     

     

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару  және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы                               23 қаңтардағы Заңына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңына сәйкес Мойынқұм ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Қоса беріліп отырған аудан, ауылдық округтер, ауыл әкімдері аппараттары мен жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдардың «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесі бекітілсін.
    2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Сәбит Мәденұлы Оразымбетовке жүктелсін.
    3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

     

     

               Аудан әкімі                                               Б.Нүркенов

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    Мойынқұм ауданы әкімдігінің
    2016 жылғы 11 наурыздағы

    №155 қаулысымен бекітілген

     

     

    Аудан, ауылдық округтер, ауыл әкімдері аппараттары мен жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдардың «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі

     

    1. Жалпы ережелер

     

    1. Аудан, ауылдық округтер, ауыл әкімдері аппараттары мен жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдардың «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және Аудан, қала, ауылдық округтер әкімдері аппараттары мен жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдардың «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі «Б» корпусының қызметшілері) қызметін бағалау алгоритмін айқындайды.
    2. «Б» корпусы қызметшілерінің қызметін бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың жұмыс тиімділігі мен сапасын анықтау үшін жүргізіледі.
    3. Бағалау «Б» корпусы қызметшісінің атқаратын лауазымындағы қызметінің нәтижелері бойынша:

    1) тоқсан қорытындысы бойынша (тоқсандық бағалау) – бағаланып жатқан жылдағы есептік тоқсаннан кейінгі айдың онынан кешіктірмей (бағалануы оныншы желтоқсаннан кеш емес өткізілетін төртінші тоқсанды қоспағанда);

    2) жыл қорытындысы бойынша (жылдық бағалау) – бағаланып жатқан жылдың жиырма бесінші желтоқсанынан кешіктірмей жүргізіледі.

    «Б» корпусының қызметшісін бағалау оның нақты лауазымда орналасу мерзімі үш айдан кем болған жағдайда өткізілмейді.

    Әлеуметтік демалыстағы «Б» корпусының қызметшілері бағалауды жұмысқа шыққаннан кейін осы Әдістеменің осы тармағында көрсетілген мерзімде өтеді.

    1. Тоқсандық бағалауды тікелей басшы жүргізеді және «Б» корпусы қызметшісінің лауазымдық міндеттерді орындауын бағалауға негізделеді.

    «Б» корпусы қызметшісінің тікелей басшысы өзінің лауазымдық нұсқаулығына сәйкес бағынатын тұлға болып табылады.

    Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдардың басшыларын бағалауды аудан әкімі және жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасары жүргізеді.

    1. Жылдық бағалау:

    1)   «Б» корпусы қызметшісінің есептік тоқсандардағы орта бағасынан;

    2)   «Б» корпусы қызметшісінің жеке жұмыс жоспарын орындау бағасынан;

    3)   айналмалы бағалаудан құралады.

    1. Мемлекеттік лауазымға тағайындау және мемлекеттік лауазымнан босату құқығы бар лауазымды тұлға «Б» корпусы қызметшісінің қызметін бағалауды өткізу үшін Бағалау жөніндегі комиссия құрылады, персоналды басқару қызметі оның жұмыс органы болып табылады.

    Ауылдық округтер, ауыл әкімдері, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдардың басшылары, аудан әкімінің орынбасарлары мен аппарат басшысы үшін аудан әкімі, аудан, ал ауылдық округтер, ауыл әкімдері аппараттары мен жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдардың қызметкерлері үшін аудан әкімі аппаратының басшысы комиссия төрағасы болып табылады.

    1. Бағалау жөніндегі комиссияның мәжілісі оның құрамының үштен екісінен астамы қатысқан жағдайда өкілетті болып есептеледі.

    Бағалау жөніндегі комиссияның төрағасы не мүшесі болмаған жағдайда, оларды алмастыру бағалау жөніндегі комиссияны құру туралы өкім немесе бұйрыққа өзгертулер енгізу арқылы уәкілетті тұлғаның шешімі бойынша жүзеге асырылады.

    1. Бағалау жөніндегі комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады.
    2. Дауыс беру қорытындысы Бағалау жөніндегі комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыс саны тең болған жағдайда, комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

    Бағалау жөніндегі комиссияның хатшысы аудан әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімінің қызметшісі болып табылады. Комиссия хатшысы дауыс беруге қатыспайды.

     

     

    1. Жұмыстың жеке жоспарын құрастыру

     

    1. «Б» корпусы қызметшісі жұмысының жеке жоспары «Б» корпусы қызметшісімен және оның тікелей басшысымен бірлесіп келесі жылдың бірінші қаңтарынан кешіктірмей осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құрастырылады.
    2. «Б» корпусының қызметшісін лауазымға осы Әдістеменің 10-тармағында көрсетілген мерзім өткеннен кейін тағайындалған жағдайда, атқаратын лауазымдағы «Б» корпусы қызметшісі жұмысының жеке жоспары оны лауазымға тағайындаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде құрастырылады.
    3. «Б» корпусның қызметшісі жұмысының жеке жоспарына:

    1)   «Б» корпусының қызметшісі туралы дербес деректерді (Т.А.Ә. (болған жағдайда), атқаратын лауазымы, «Б» корпусы қызметшісінің құрылымдық бөлімшесінің атауы);

    2)   мемлекеттік органның стратегиялық мақсаттарына (мақсаттарына), олар болмаған жағдайда оның функционалдық міндеттеріне сәйкес «Б» корпусы қызметшісінің жұмыс іс-шараларының атауы кіреді.

    Іс-шаралар қолжетімді, іске асатын, «Б» корпусы қызметшісі жұмысының функционалды бағытымен байланысады, нақты аяқтау нысанына ие болады.

    Іс-шаралардың саны мен күрделілігі мемлекеттік органның салыстыруында анықталады.

    3)   «Б» корпусы қызметшісінің және оның тікелей басшысының қолдары, жеке жоспарға қол қою күнін қамтиды.

    1. Жеке жоспар екі данада құрастырылады. Бір дана персоналды басқару қызметіне беріледі. Екінші дана «Б» корпусы қызметшісінің құрылымдық бөлімше басшысында болады.

     

     

    1. Бағалауды жүргізуге дайындық

     

    1. Персоналды басқару қызметі Бағалау бойынша комиссия төрағасының келісімі бойынша бағалауды өткізу кестесін қалыптастырды.

    Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бағалауға жататын «Б» корпусы қызметшісін және бағалауды іске асыратын тұлғаларды бағалу туралы уақытылы хабардар етуді қамтамасыз етеді және оларға бағалау парақтарын толтыру үшін жібереді.

     

     

    1. Лауазымдық міндеттерді орындауды бағалау

     

    1. Лауазымдық міндеттерді орындауды бағалау негізгі, көтермелеу және айыппұл баллдарынан құралады.
    2. Негізгі баллдар 100 балл деңгейінде белгіленеді.
    3. Көтермелеу баллдары ағымдағы жұмыстың орташа көлемінен асатын қызмет көрсеткіштері, сондай-ақ мазмұндық және/немесе ұйымдастырушылық жағынан күрделі болып табылатын қызмет түрлері үшін қойылады.
    4. Көтермеленетін қызмет көрсеткіштері мен түрлері мемлекеттік органдармен өз ерекшеліктеріне сүйеніп белгіленеді және атқарылған жұмыстын көлемі мен күрделігінің қосу тәртібімен бес деңгейлік шкала бойынша орналасады. Бұл ретте көтермеленетін қызмет көрсеткіштері мен түрлеріне Электронды құжат алмасудың бірыңғай жүйесінде және мемлекеттік органның Интернет-порталында белгіленетін де, белгіленбейтін де құжаттар мен іс-шаралар кіре алады.

    Әр көтермеленетін қызмет көрсеткіші мен түрі үшін «Б» корпусының қызметшісі тікелей басшыдан бекітілген шкалаға сәйкес «+1»-ден «+5» баллға дейін иеленеді.

    1. Айыппұл баллдары орындау және еңбек тәртібін бұзғаны үшін қойылады.
    2. Орындау тәртібін бұзуға:

    1)        жоғары тұрған органдардың, мемлекеттік орган басшылығының, тікелей басшының тапсырмаларын және бақылаудағы құжаттар мен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін  орындау мерзімдерін бұзу;

    2)        тапсырмаларды және бақылаудағы құжаттарды, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін сапасыз орындау жатады.

    1. Еңбек тәртібін бұзуға:

    1)        дәлелді себепсіз жұмыста болмауы;

    2)        дәлелді себепсіз жұмысқа кешігу;

    3)        қызметшілердін қызметтік әдепті  бұзуы жатады.

    Еңбек тәртібін бұзу фактілері туралы ақпараттың қайнары ретінде персоналды басқару қызметі, «Б» корпусы қызметшісінің тікелей басшысы, әдеп бойынша уәкілдің құжатпен дәлелденген мәліметі болады.

    1. Әр орындау және еңбек тәртібін бұзғаны үшін «Б» корпусының қызметшісіне әр бұзу фактісі үшін «-2» мөлшерінде айыппұл баллдары қойылады.
    2. Лауазымдық міндеттердің орындалуын бағалауды жүргізу үшін, «Б» корпусының қызметшісі тікелей басшыға осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған бағалау парағын келісу үшін жібереді.
    3. Тікелей басшы «Б» корпусы қызметшісінің еңбек тәртібін бұзғаны туралы персоналды басқару қызметі және әдеп бойынша уәкілдің берген мәліметтерін есепке ала отырып, бағалау парағында берілген деректердің растығын қарастырып, оған өзгертулер (болған жағдайда) енгізеді және онымен келіседі.
    4. Тікелей басшы келіскеннен кейін, бағалау парағы «Б» корпусы қызметшісімен расталады.

    «Б» корпусы қызметшісінің бас тартуы құжаттарды Бағалау жөніндегі комиссияның отырысына жіберу үшін кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда персоналды басқару қызметінің жұмыскері және «Б» корпусы қызметшісінің тікелей басшысы еркін нысанда танысудан бас тарту туралы акт құрастырады.

     

     

     

    1. Жеке жұмыс жоспарын орындауды бағалау

     

    1. Жылдық бағалауды өткізу үшін «Б» корпусының қызметшісі тікелей басшыға келісу үшін осы Әдістемеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған бағалау парағын жолдайды.
    2. Тікелей басшы бағалау парағын онда берілген мәліметтердің анықтылығы тұрғысынан қарастырып, түзету еңгізеді (болған жағдайда) және оған келісім береді.
    3. Тікелей басшымен келіскеннен кейін бағалау парағын «Б» корпусының қызметшісі растайды.

    «Б» корпусы қызметшісінің бас тартуы құжаттарды Бағалау жөніндегі комиссияның отырысына жіберуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда персоналды басқару қызметінің жұмыскері және «Б» корпусы қызметшісінің тікелей басшысы танысудан бас тарту туралы еркін нысанда акт жасайды.

     

     

    1. Айналмалы бағалау

     

    1. Айналмалы бағалау

    1) тікелей басшыны;

    2) «Б» корпусы қызметшісіне бағыныштыларды;

    3) тікелей бағыныштылар болмаған жағдайда – «Б» корпусының қызметшісі жұмыс істейтін құрылымдық бөлімшеде лауазымдарды атқаратын тұлғаларды (олар болған жағдайда) бағалау болып табылады.

    1. Осы Әдістеменің 29-тармағының 2), 3) тармақшаларында көрсетілген адамдардың тізімін (үштен аспайтын) «Б» корпусы қызметшісінің лауазымдық міндеттері және қызметтік өзара әрекеттестігіне қарай персоналды басқару қызметі бағалау жүргізілгенге бір айдан кешіктірмей анықтайды.
    2. Осы Әдістеменің 29-тармағында көрсетілген тұлғалар осы Әдістеменің 4-қосымшасына сәйкес нысанда айналмалы бағалау парағын толтырады.
    3. Толтырылған бағалау парақтары оларды алған күннен екі жұмыс күні ішінде персоналды басқару қызметіне жіберіледі.
    4. Персоналды басқару қызметі айналмалы бағалаудың орта бағасын есептейді.
    5. Айналмалы бағалау жасырын түрде жүргізіледі.

     

     

    1. Қорытынды баға
    2. Қызметшінің тікелей басшысы «Б» корпусы қызметшісінің тоқсандық қорытынды бағасын мынадай формула бойынша есептейді:

     

    ,

     

    – тоқсандық баға;

    a – көтермелеу баллдары;

    в – айыппұл баллдары.

    1. Тоқсандық қорытынды баға мынадай шәкіл бойынша қойылады:

    80 баллдан төмен – «қанағаттанарлықсыз»

    80-нен 105 баллға дейін – «қанағаттанарлық»

    106-дан 130 баллға дейін (қоса алғанда) – «тиімді»

    130 баллдан астам – «өте жақсы»

    1. Персоналды басқару қызметі «Б» корпусы қызметшісінің жылдық қорытынды бағасын мына формула бойынша Бағалау жөніндегі комиссия отырысына дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей есептейді:

    ,

     

    – жылдық баға;

    – есептік тоқсандардың орта бағасы (орта арифметикалық мән).
    Бұл ретте тоқсандық бағалардың алынған орта арифметикалық мәні осы Әдістеменің 36 тармағында көрсетілген шәкілді есепке ала отырып, бес баллдық бағалар жүйесіне келтіріледі, атап айтқанда:

    «қанағаттанарлықсыз» мәнге (80 баллдан төмен) – 2 балл,

    «қанағаттанарлық» мәнге (80-нен 105 баллға дейін) – 3 балл,

    «тиімді» мәнге (106-дан 130 баллға (қоса алғанда) дейін) – 4 балл,

    «өте жақсы» мәнге (130 баллдан астам) – 5 балл;

    ИП – жеке жұмыс жоспарын орындау бағасы (орта арифметикалық мән);

    – айналмалы бағалау (орта арифметикалық мән).

    1. Жылдың қорытынлы бағасы мынадай шәкіл бойынша қойылады:

    3 баллдан төмен – «қанағаттанарлықсыз»;

    3 баллдан бастап 4 баллға дейін – «қанағаттанарлық;

    4 баллдан бастап 5 балға дейін – «тиімді»;

    5 балл – «өте жақсы».

     

    1. Комиссияның бағалау нәтижелерін қарауы

     

    1. Персоналды басқару қызметі Комиссия төрағасымен келісілген кестеге сәйкес бағалау нәтижелерін қарау бойынша Комиссияның отырысын өткізуді қамтамасыз етеді.

    Персоналды басқару қызметі Комиссияның отырысына мынадай құжаттарды:

    1)      толтырылған бағалау парақтарын;

    2)      толтырылған айналмалы бағалау парағын (жылдық бағалау үшін);

    3)      «Б» корпусы қызметшісінің лауазымдық нұсқаулығын;

    4)    осы Әдістемеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Комиссия отырысы хаттамасының жобасын тапсырады.

    1. Комиссия бағалау нәтижелерін қарастырады және мына шешімдердің бірін шығарады:

    1)      бағалау нәтижелерін бекітеді;

    2)      бағалау нәтижелерін қайта қарайды.

    Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылдаған жағдайда Комиссия хаттамада тиісті түсіндірмемен келесі жағдайларда бағаны түзетеді:

    1)        егер «Б» корпусы қызметшісінің қызмет тиімділігі бағалау нәтижесінен көп болса. Бұл ретте «Б» корпусы қызметшісінің қызмет нәтижесіне құжаттамалық растау беріледі;

    2)        «Б» корпусы қызметшісін бағалау нәтижесін санауда қате жіберілсе

    3)        бірдей баға болған жағдайда бағалау нәтижелерін мәжбүрлі түрде саралау кезінде. Бұл ретте Комиссия қызметшілердің қол жеткізген нәтижелерінің мәні, маңыздылығы және өлшемдестігін есепке ала отырып, бағалау қорытындыларын түзетуге құқылы.

    1. Персоналды басқару қызметі бағалау нәтижелерімен ол аяқталған соң екі жұмыс күні ішінде «Б» корпусының қызметшісін таныстырады.

    «Б» корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.

    «Б» корпусы қызметшісінің танысудан бас тартуы бағалау нәтижелерін оның қызметтік тізіміне енгізуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда персоналды басқару қызметінің қызметкері танысудан бас тарту туралы еркін нұсқада акт жасайды.

    1. Осы Әдістеменің 40-тармағында көрсетілген құжаттар, сондай-ақ комиссия отырысының қол қойылған хаттамасы персоналды басқару қызметінде сақталады.

     

     

    1. Бағалау нәтижелеріне шағымдану

     

    1. Комиссия шешіміне «Б» корпусы қызметшісінің мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне шағымдануы шешім шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
    2. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган немесе оның аумақтық департаменті «Б» корпусы қызметшісінен шағым түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде шағым қарайды және бұзушылықтар анықталған жағдайда, мемлекеттік органға Комиссия шешімінің күшін жою туралы ұсыныс жасайды.
    3. Қабылданған шешім туралы ақпаратты мемлекеттік орган екі апта ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне береді.
    4. «Б» корпусы қызметшісінің бағалау нәтижелеріне сотта шағымдануға құқығы бар.

     

     

    1. Бағалау нәтижелері бойынша шешім қабылдау

     

    1. Бағалау нәтижелері бонус төлеу және оқыту бойынша шешім қабылдауға негіз болып табылады.
    2. Бонустар «өте жақсы» және «тиімді» бағалау нәтижелері бар «Б» корпусы қызметшілеріне төленеді.
    3. «Б» корпусының қызметшісін оқыту (біліктілігін арттыру) жылдық бағалаудың қорытындылары бойынша«Б» корпусы қызметшісінің қанағаттанарлықсыз болып танылған қызмет бағыты бойынша жүргізіледі.

    «Б» корпусының қызметшісі Комиссия оның қызметін жылдық бағалаудың нәтижелерін бекіткеннен кейін үш ай ішінде біліктілікті жоғарылату курстарына жіберіледі.

    1. «Қанағаттанарлықсыз» баға алған «Б» корпусының қызметшісі мемлекеттік әкімшілік лауазымға алғаш рет қабылданған тұлғаларға тәлемгер ретінде бекітілмейді.
    2. «Б» корпусы қызметшісінің қатарынан екі жыл қорытындысы бойынша «қанағаттанарлықсыз» мәндегі бағалау нәтижесі оны лауазымында төмендетуге негіз болып табылады. Кез-келген төмен тұрған бос лауазым болмаған жағдайда, «Б» корпусының қызметшісі заңнамамен белгіленген тәртіпте жұмыстан шығарылады.
    3. «Б» корпусының қызметшілерін бағалаудың нәтижелері олардың қызметтік тізімдеріне енгізіледі.

    Мойынқұм ауданы әкімі аппараты мен жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдардың «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесіне

    1-қосымша

    Нысан

     

     

    «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің

    жеке жұмыс жоспары

     

                                                                                жыл   

    (жеке жоспар құрастырылатын кезең)

     

    Қызметшінің Т.А.Ә. (болған жағдайда):______________________
    Қызметшінің лауазымы: __________________________________

    Қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы: _______________________________________________________

     

     

    р/с

    Шаралардың аталуы* Іс-шараның нәтижесі
    1 Іс-шара
    2 Іс-шара
    3 Іс-шара
    4

    Ескертпе:

    – шаралар мемлекеттік органның стратегиялық мақсаттарына (мақсаттарына), олар болмаған жағдайда қызметшінің функционалдық міндеттеріне сәйкестігін есепке ала отыра анықталады.

    Іс-шаралардың саны мен күрделілігі мемлекеттік органға сәйкес келуі тиіс

     

    Қызметші
    Т.А.Ә. (болған жағдайда)_______
    күні _______________________
    қолы ____________________
    Тікелей басшы

    Т.А.Ә. (болған жағдайда)____________
    күні ____________________________
    қолы ________________________

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    Мойынқұм ауданы әкімі аппараты мен жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдардың «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесіне

    2-қосымша

     

    Нысан

     

     

    Бағалау парағы

     

    _____________________тоқсан_____жыл

    (бағаланатын кезең)

     

    Бағаланатын қызметшінің Т.А.Ә. (болған жағдайда): _______________________
    Бағаланатын қызметшінің лауазымы: __________________________________

    Бағаланатын қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы: ___________________________________________________________________

     

    Лауазымдық міндеттерді орындау бағасы:

     

    № р/с Қызметшінің өзін-өзі бағалауы Тікелей басшының бағалауы Ескерту
    Көтермеле-нетін көрсеткіш

    тер мен қызмет түрлері туралы мәліметтер

    Орындау тәртібін бұзу туралы мәліметтер Еңбек тәртібін бұзу туралы мәліметтер Көтермеле

    нетін көрсеткіш

    тер мен қызмет түрлері туралы мәліметтер

    Орындау тәртібін бұзу туралы мәліметтер Еңбек тәртібін бұзу туралы мәліметтер
    1
    2
    3
    Өзін-өзі бағалау нәтижесі: Бағалау нәтижесі:

     

     

    Қызметші
    Т.А.Ә. (болған жағдайда)_______
    күні _______________________
    қолы ____________________
    Тікелей басшы

    Т.А.Ә. (болған жағдайда)____________
    күні ____________________________
    қолы ________________________

     

     

     

     

     

    Мойынқұм ауданы әкімі аппараты мен жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдардың «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесіне

    3-қосымша

     

    Нысан

     

     

    Бағалау парағы

     

    __________________________________________________жыл

    (бағаланатын жыл)

     

    Бағаланатын қызметшінің Т.А.Ә. (болған жағдайда): _______________________
    Бағаланатын қызметшінің лауазымы: __________________________________

    Бағаланатын қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы: ___________________________________________________________________

     

    Жеке жоспарды орындау бағасы:

     

    № р/с Аталуы Маңызы Қызметшінің өзін-өзі бағалау нәтижелері Басшының бағалау нәтижелері Ескерту
    1 Іс-шара 2-ден 5 ке дейін
    2 Іс-шара 2-ден 5 ке дейін
    3 Іс-шара 2-ден 5 ке дейін
    4

     

     

    Қызметші
    Т.А.Ә. (болған жағдай__________
    күні _______________________
    қолы ____________________
    Тікелей басшы

    Т.А.Ә. (болған жағдайда) ____________
    күні ____________________________
    қолы ________________________

     

     

     

     

     

     

     

     

    Мойынқұм ауданы әкімі аппараты мен жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдардың «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесіне

    4-қосымша

    Нысан

     

     

    Айналмалы бағалау нәтижелері

     

    __________________________________________________жыл

    (бағаланатын жыл)

     

    Бағаланатын қызметшінің Т.А.Ә. (болған жағдайда):_______________________
    Бағаланатын қызметшінің лауазымы: __________________________________

    Бағаланатын қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы: ___________________________________________________________________

     


    р/с
    Құзіреттін аталуы Маңызы Баға

    (балл)

    Тікелей басшы
    1. Бастамашылығы 2-ден 5 ке дейін
    2. Әрекеттестікке икемділігі 2-ден 5 ке дейін
    3. Қызметтік этиканы сақтау 2-ден 5 ке дейін
    БАРЛЫҒЫ:
    Бағынышты адам
    1. Жұмысты жоспарлай білу 2-ден 5 ке дейін
    2. Жұмысқа негіздей білу 2-ден 5 ке дейін
    3. Қызметтік этиканы сақтау 2-ден 5 ке дейін
    БАРЛЫҒЫ:
    Әріптесі
    1. Топта жұмыс істей білу 2-ден 5 ке дейін
    2. Қызметтік этиканы сақтау 2-ден 5 ке дейін
    БАРЛЫҒЫ:

    Мойынқұм ауданы әкімі аппараты мен жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдардың «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесіне

    5-қосымша

     

    Нысан

     

     

    Бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы
    ______________________________________________________
    (мемлекеттік органның атауы)

     

    _____________________________________________________________

    (бағалау түрі: тоқсандық /жылдық және бағаланатын кезең (тоқсан және (немесе) жыл)

     

     Бағалау нәтижелері

     


    р/с
    Қызметшілердің

    Т.А.Ә.

    (болған жағдайда)

    Бағалау нәтижелері туралы мәлімет Комиссияның ұсыныстары
    1.      
    2.

     

     

    Комиссия қорытындысы:
    ________________________________________________________________________________
    ________________________________________________________________________________

    Тексерген:

    Комиссия хатшысы: _______________________ Күні: _____________

    (Т.А.Ә. (болған жағдайда), қолы)

    Комиссия төрағасы: _____________________     Күні: ____________

    (Т.А.Ә. (болған жағдайда), қолы)

    Комиссия мүшесі: _________________________ Күні: _____________

    (Т.А.Ә. (болған жағдайда), қолы)

              

     

     

     

     

     

     

     

    Мойынқұм ауылы

     

     

    2016  жылға арналған мектепке дейінгі

    тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру

    тапсырысын, жан басына шаққандағы

    қаржыландыру және ата-ананың ақы

    төлеу мөлшерін бекіту туралы

     

     

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына және «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес Мойынқұм ауданының әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Қосымшаға сәйкес 2016 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.
    2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Жапарұлы Есеевке жүктелсін
    3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап заңды күшіне енеді және  оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    .

     

                 Аудан әкімі                                                   Б.Нүркенов

     

     

     

    Мойынқұм ауданы әкімдігінің  2016

    жылғы 28 қаңтардағы №15 қаулысына

    қосымша

     

     

    2016  жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие

    мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері

     

     

     

     

    Мектепке дейінгі мекемелер

     

    Мемлекеттік білім  беру тапсырысы , (орын) оның ішінде қаржыландырылатын Бір айға жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері, (теңге) оның ішінде қаржыландырылатын

     

    Бір айдағы ата-ананың ақы төлеу мөлшері

    (теңге)

    республикалық нысаналы трансферттер есебінен (орын)

     

    жергілікті бюджет есебінен (орын) респуб

    ликалық нысаналытрансферттер есебінен

    (теңге)

    республика

    лық бюджеттен қаржылан

    дырылатын балабақшаларға жергілікті бюджеттен қосымша бөлінетін қаржы (теңге)

    жергілікті бюджет есебінен

    (теңге)

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    1 Шағын орталықтар

     

     

    280

     

     

    11698

     

     

       4200
    2 Балабақша

    лар:

    760 500 27500 8074 31700 4200
    30  балаға дейін 80 100 24949 3398 45066
    31-ден 50 балаға дейін 270 95 24253 6240 33435
    51-ден 75 балаға дейін 145 0 21051 4658 0
    76-дан  175 балаға дейін 265 100 19382 18000 29915
    176-дан  250 балаға дейін 0 205 0 0 25225

     

     

     

     

     

     

    Мойынқұм ауылы

     

    Сайлау учаскелерін

    құру туралы

     

     

    «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының                   23 бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы                   23 қаңтардағы Заңының 33 бабына сәйкес аудан әкімі                                       ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:        

    1. Қосымшаға сәйкес Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының келісімімен Мойынқұм ауданының аумағында сайлау учаскелері құрылсын.
    2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Оразымбетов Сәбит Мәденұлына жүктелсін.
    3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

     

     

     

                Аудан әкімі                                                        Б.Нүркенов

     

     

     

     

     

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Жамбыл облыстық аумақтық

    сайлау комиссиясының төрағасы

    ________________ М. Сарыбеков

    «____» ____________ 2016 ж.

     

    Мойынқұм ауданы әкімінің

    2016  жылғы  27 қаңтардағы

    № 2 шешіміне қосымша

     

    Мойынқұм ауданы аумағындағы сайлау учаскелері және олардың шекаралары

     

    № 306 сайлау учаскесі

    Шекарасы: Кеңес елді мекені.

     

    № 307 сайлау учаскесі

    Шекарасы: Биназар елді мекенінің Н.Байқоныров, Ә.Өткелбаев, М.Қыдырбаев, Жайлаубек көшелері.

     

    № 308 сайлау учаскесі

    Шекарасы: Бірлік елді мекенінің Ә.Досымбаев, Ә.Тәшеков, Б.Әбдіқадыров, И.Ақылбаев, К.Сыздыққызы, Баданова, О.Исабеков, Ж.Қуанышбаев, Т.Түйтебай     көшелері, Биназар елді мекенінің Қ.Біртаев, Р.Шаңлақбаев, Қ.Имашев, Ш.Шаріпбаев, Ж.Әлімқұлов көшелері.

     

    № 309 сайлау учаскесі

    Шекарасы: А.Назарбеков елді мекені, Бірлік елді мекенінің Абай, Биназар,  М.Әуезов, М.Мәметова, Жайлаубек, Жамбыл, С.Шәкіров, Терсебай, Амангелді,  Тоқсабаев, Қ.Рысқұлбеков, Ғ.Асылбеков, Т.Інкәрбеков көшелері.

     

    № 310 сайлау учаскесі

    Шекарасы: Көкжелек елді мекенінің Жамбыл, Т.Әубәкіров, Бекқұлы би көшелері.

     

    № 311 сайлау учаскесі

    Шекарасы: Күшаман елді мекені, Көкжелек елді мекенінің Ы.Алтынсарин, Биназар, С.Айнақұлов, Смағұлов, Әбдіраимов, Көкжелек, Сырғабаев көшелері.

     

    № 312 сайлау учаскесі

    Шекарасы: Жамбыл елді мекені.

     

    № 313 сайлау учаскесі

    Шекарасы: Мойынқұм елді мекенінің Жамбыл, А.Назарбеков, Абылайхан, М.Мәметова, Ғ.Мұратбаев, Қ.Нұрбеков, Ғ.Мүсірепов, Б.Майлин, Ш.Қалдаяқов, Масютенко, Ағыбай Батыр көшелері.

     

     

     

    № 314 сайлау учаскесі

    Шекарасы: Мойынқұм елді мекенінің Көшенов, Ж.Аймауытов,   Ә.Ташкентбаев, І.Жансүгіров, М.Мақатаев, С.Мұқанов, Ә.Досымбаев, С.Құлбаев, А.Оспанов, М.Әуезов, Қажымұқан, Желтоқсан, С.Сейфуллин, К.Қабышев, А.Байтұрсынов, С.Нарымбетов, М.Өтемісов, Қ.Рысқұлбеков көшелері.

     

    № 315 сайлау учаскесі

    Шекарасы: Мойынқұм елді мекенінің Амангелді, Б.Омаров, Т.Нарбаев, Ә.Молдағұлова, Ә.Жапаров, Ш.Уалиханов, Ә.Асылбеков, Балуан Шолақ, Т.Әубәкіров, М.Пахаленко, С.Күлекеева көшелері.

     

    № 316 сайлау учаскесі

    Шекарасы: Қылышбай елді мекені, Абылан елді мекені, «Комсомол» бөлімшесі, Мойынқұм елді мекенінің Абай, Ж.Қуанышбаев, К.Нарымбетов, Ш.Тайбағаров, Б.Момышұлы, Құрманәлі, Молдабеков, Лесхоз көшелері.

     

    № 317 сайлау учаскесі

    Шекарасы: Құмөзек елді мекені.

     

    № 318 сайлау учаскесі

    Шекарасы: Қарабөгет елді мекені.

     

    № 319 сайлау учаскесі

    Шекарасы: Сарыөзек елді мекені.

     

    № 320 сайлау учаскесі

    Шекарасы: Ұланбел, Кіші Қамқалы елді мекендері.

     

    № 321 сайлау учаскесі

    Шекарасы: Хантау елді мекені.

     

    № 322 сайлау учаскесі

    Шекарасы: Қияхты елді мекені.

     

    № 323 сайлау учаскесі

    Шекарасы: Мыңарал стансасының Теміржолшылар, Мөлтек көшелері, Шығанақ елді мекенінің Қ.Сәтбаевтың 1 тұйығы, Қ.Сәтбаевтың 2 тұйығы, Айдаралиев, Ж.Қуанышбаев, Амангелді, Жеңіс, С.Сейфуллин, Ағыбай батыр, Қ.Сәтбаев, Қ.Рысқұлбеков, Балхаш, Абай, СМП 628 көшелері, Үшбалық, Қарасай елді мекендері.

     

     

     

    № 324 сайлау учаскесі

    Шекарасы: Мыңарал елді мекені, Қашқантеңіз стансасы, Мыңарал стансасының Абай көшесі.

     

    № 325 сайлау учаскесі

    Шекарасы: Ақбақай елді мекені.

     

    № 326 сайлау учаскесі

    Шекарасы: Мирный елді мекені.

     

    № 327 сайлау учаскесі

    Шекарасы: Ақсүйек елді мекені, Шығанақ елді мекенінің Ы.Алтынсарин, Наурыз көшелері, Байтал елді мекені, Бурыл Байтал стансасы.

     

     

     

     

     

     

     

     

    Мойынқұм  ауылы

     

     

    Аудан әкімінің кейбір

    шешімдерінің күшін

    жою туралы

     

     

                 Қазақстан   Республикасының  2001  жылғы  23  қаңтардағы   «Қазақстан Республикасындағы  жергілікті  мемлекеттік  басқару  және  өзін- өзі   басқару  туралы» Заңының 37- бабының 8- тармағына сәйкес  аудан  әкімі   ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес аудан әкімінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
    2. «Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада  белгіленген  тәртіппен  және   мерзімдерде осы шешімнің 1-тармағында көрсетілген нормативтiк құқықтық актінің күшi жойылды деп танылғаны жөнінде әдiлет органдарына және ресми жариялау көздеріне хабарлауды қамтамасыз етсін.
    3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Оразымбетов Сәбит Мәденұлына жүктелсін.

     

    Аудан әкімі                                                        Б.Нүркенов

     

     

     

     

    Аудан  әкімінің 2016 жылғы «27 »

    қаңтардағы № 1 шешіміне

    қосымша

     

     

    Аудан әкімінің күші жойылған кейбір

    шешімдерінің тізімі

     

     

    1. Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы әкімінің 2014 жылғы 28 ақпандағы «Сайлау учаскелерін құру туралы» № 1 шешімі. (Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2014 жылы 18 наурызда №2132 нөмірімен тіркелді).
    2. Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы әкімінің 2015 жылғы 14 желтоқсандағы «Сайлау учаскелерін құру туралы» Мойынқұм ауданы әкімінің 2014 жылғы 28 ақпандағы №1 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» №6 шешімі. (Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 8 қаңтарда №2892 нөмірімен тіркелді)

     

     

    Мойынқұм ауылы

     

    2016 жылға қоғамдық жұмыстарды

    ұйымдастыру  туралы

     

     

               «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 20 бабына және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы №836 Қаулысымен бекітілген  «Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесіне» сәйкес,  жұмыссыздар үшін қоғамдық жұмыстарды  ұйымдастыру мақсатында  Мойынқұм  ауданы әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Қосымшаға сәйкес ұйымдардың тізбелері, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландыру көздері бекітілсін, қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс айқындалсын.
    2. «Мойынқұм ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қоғамдық жұмыстарды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
    3. Аудан әкімі аппаратының бөлімшесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
    4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап заңды күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылдың 1 ақпанынан пайда болған қатынастарға таралады.
    5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Жапарұлы Есеевке жүктелсін.

     

    Аудан әкімі                                                    Б.Нүркенов

     

     

    Мойынқұм ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы «2016 жылғы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» №395 қаулысына келісім парағы

     

     

            

     

    «КЕЛІСІЛДІ»

     

    Қазақстан Республикасы «Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесінің бастығы

    ____________________ А.Ахметов

    «_____» ______________ 2015 жыл

     

     

     

     

    Мойынқұм ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №

    қаулысына қосымша

     

     

    Ұйымдардың тізбелері, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары,

    қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландыру көздері,

     қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс

     

    Ұйымның атауы Қоғамдық жұмыстардың түрлері Көлемі мен нақты жұмыс жағдайлары Қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландыру көздері

    (теңге)

     

    2016 жыл

     

    Сұраныс

     

    Ұсыныс

    1 «Кеңес ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ауданды санитарлық тазалау, көркейту және көгалдандыру Жұмысты толық емес жұмыс күні жағдайында  және икемді график бойынша ұйымдастыру 30000, 00

    жергілікті бюджеттен

    18 18
    2 «Бірлік ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ауданды санитарлық тазалау, көркейту және көгалдандыру Жұмысты толық емес жұмыс күні жағдайында  және икемді график бойынша ұйымдастыру 30000, 00

    жергілікті бюджеттен

    18 18
    3 «Биназар ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ауданды санитарлық тазалау, көркейту және көгалдандыру Жұмысты толық емес жұмыс күні жағдайында  және икемді график бойынша ұйымдастыру 30000,00

    жергілікті бюджеттен

    12 12
    4 «Қызылтал ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ауданды санитарлық тазалау, көркейту және көгалдандыру Жұмысты толық емес жұмыс күні жағдайында  және икемді график бойынша ұйымдастыру 30000,00

    жергілікті бюджеттен

    6 6
    5 «Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ауданды санитарлық тазалау, көркейту және көгалдандыру Жұмысты толық емес жұмыс күні жағдайында  және икемді график бойынша ұйымдастыру 30000,00

    жергілікті бюджеттен

    6 6
    6 «Мойынқұм ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ауданды санитарлық тазалау, көркейту және көгалдандыру Жұмысты толық емес жұмыс күні жағдайында  және икемді график бойынша ұйымдастыру 30000,00

    жергілікті бюджеттен

    21 21
    7 «Қылышбай ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ауданды санитарлық тазалау, көркейту және көгалдандыру Жұмысты толық емес жұмыс күні жағдайында  және икемді график бойынша ұйымдастыру 30000,00

    жергілікті бюджеттен

    6 6
    8 «Қарабөгет ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ауданды санитарлық тазалау, көркейту және көгалдандыру Жұмысты толық емес жұмыс күні жағдайында  және икемді график бойынша ұйымдастыру 30000,00

    жергілікті бюджеттен

    18 18
    9 «Ұланбел ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ауданды санитарлық тазалау, көркейту және көгалдандыру Жұмысты толық емес жұмыс күні жағдайында  және икемді график бойынша ұйымдастыру 30000,00

    жергілікті бюджеттен

    6 6
    10 «Қызылотау ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ауданды санитарлық тазалау, көркейту және көгалдандыру Жұмысты толық емес жұмыс күні жағдайында  және икемді график бойынша ұйымдастыру 30000,00

    жергілікті бюджеттен

    6 6
    11 «Ақбақай ауылы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ауданды санитарлық тазалау, көркейту және көгалдандыру Жұмысты толық емес жұмыс күні жағдайында  және икемді график бойынша ұйымдастыру 30000,00

    жергілікті бюджеттен

    3 3
    12 «Шығанақ ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ауданды санитарлық тазалау, көркейту және көгалдандыру Жұмысты толық емес жұмыс күні жағдайында  және икемді график бойынша ұйымдастыру 30000,00

    жергілікті бюджеттен

    12 12
    13 «Ақсүйек ауылы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ауданды санитарлық тазалау, көркейту және көгалдандыру Жұмысты толық емес жұмыс күні жағдайында  және икемді график бойынша ұйымдастыру 30000,00

    жергілікті бюджеттен

    6 6
    14 «Хантау ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ауданды санитарлық тазалау, көркейту және көгалдандыру Жұмысты толық емес жұмыс күні жағдайында  және икемді график бойынша ұйымдастыру 30000,00

    жергілікті бюджеттен

    12       12
    15 «Мыңарал ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ауданды санитарлық тазалау, көркейту және көгалдандыру Жұмысты толық емес жұмыс күні жағдайында  және икемді график бойынша ұйымдастыру 30000,00

    жергілікті бюджеттен

    12 12
    16 «Мирный ауылы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ауданды санитарлық тазалау, көркейту және көгалдандыру Жұмысты толық емес жұмыс күні жағдайында  және икемді график бойынша ұйымдастыру 30000,00

    жергілікті бюджеттен

    6 6
    17 «Мойынқұм ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Құжаттарды рәсімдеуге техникалық көмек көрсету Жұмысты толық емес жұмыс күні жағдайында  және икемді график бойынша ұйымдастыру 30000,00

    жергілікті бюджеттен

    3 3
    18 Қазақстан Республикасы «Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесі Құжаттарды рәсімдеуге техникалық көмек көрсету Жұмысты толық емес жұмыс күні жағдайында  және икемді график бойынша ұйымдастыру 30000,00

    жергілікті бюджеттен

    3 3
    Барлығы: 174 174

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    Мойынқұм ауылы

    «Сайлау учаскелерін құру туралы» Мойынқұм

    ауданы әкімінің 2014 жылғы 28 ақпандағы №1

    шешіміне өзгеріс енгізу туралы

     «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 23 бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»  Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33 бабына сәйкес аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

           1. «Сайлау учаскелерін құру туралы» Мойынқұм ауданы әкімінің 2014 жылғы 28 ақпандағы №1 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2132 тіркелген, аудандық «Мойынқұм таңы» газетінде 2014 жылы 1 сәуірде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

             көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

           2. Аудан јкімі аппаратыныѕ мемлекеттік-ќўќыќтыќ бґлімшесі заѕнамада белгіленген тјртіппен осы шешімнің јділет органдарында мемлекеттік тіркелуін жјне оныѕ ресми жариялануын ќамтамасыз етсін.

           3. Осы шешімнің орындалуын баќылау аудан јкімі аппаратыныѕ басшысы Оразымбетов Сәбит  Мәденұлына жїктелсін.

           4. Осы шешім јділет органдарында мемлекеттiк тiркелген кїннен бастап кїшiне енедi жјне оныѕ алєашќы ресми жарияланєан кїнінен кейін кїнтізбелік он кїн ґткен соѕ ќолданысќа енгізіледі.

     

                Аудан әкімі                                                              Б.Нүркенов

     

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Жамбыл облыстық аумақтық

    сайлау комиссиясының төрағасы

    _______________ М.Сарыбеков

    «   »________ 2015 жыл

                                                                                                                                                      Мойынқұм ауданы әкімінің

                                                                                                                                                     2015 жылғы  14 желтоқсандағы

                                                                                                                                                    № 6 шешіміне қосымша

    Мойынқұм ауданы аумағындағы сайлау учаскелері және олардың шекаралары

          № 306 сайлау учаскесі

          Шекарасы: Кеңес елді мекені.

          № 307 сайлау учаскесі

         Шекарасы: Биназар елді мекенінің Н.Байқоныров, Ә.Өткелбаев, М.Қыдырбаев, Жайлаубек көшелері.

          № 308 сайлау учаскесі

         Шекарасы: Бірлік елді мекенінің Ә.Досымбаев, Ә.Тәшеков, Б.Әбдіқадыров, И.Ақылбаев, К.Сыздыққызы, Баданова, О.Исабеков, Ж.Қуанышбаев, Т.Түйтебай     көшелері, Биназар елді мекенінің Қ.Біртаев, Р.Шаңлақбаев, Қ.Имашев, Ш.Шаріпбаев, Ж.Әлімқұлов көшелері.

          № 309 сайлау учаскесі

          Шекарасы: А.Назарбеков елді мекені, Бірлік елді мекенінің Абай, Биназар,

    М.Әуезов, М.Мәметова, Жайлаубек, Жамбыл, С.Шәкіров, Терсебай, Амангелді,  Тоқсабаев, Қ.Рысқұлбеков, Ғ.Асылбеков, Т.Інкәрбеков көшелері.

           № 310 сайлау учаскесі

          Шекарасы: Көкжелек елді мекенінің Жамбыл, Т.Әубәкіров, Бекқұлы би көшелері.

          № 311 сайлау учаскесі

          Шекарасы: Күшаман елді мекені, Көкжелек елді мекенінің Ы.Алтынсарин, Биназар, С.Айнақұлов, Смағұлов, Әбдіраимов, Көкжелек, Сырғабаев көшелері.

          № 312 сайлау учаскесі

          Шекарасы: Жамбыл елді мекені.

          № 313 сайлау учаскесі

          Шекарасы: Мойынқұм елді мекенінің Жамбыл, А.Назарбеков, Абылайхан, М.Мәметова, Ғ.Мұратбаев, Қ.Нұрбеков, Ғ.Мүсірепов, Б.Майлин, Ш.Қалдаяқов, Масютенко, Ағыбай Батыр көшелері.

              № 314 сайлау учаскесі

          Шекарасы: Мойынқұм елді мекенінің Көшенов, Ж.Аймауытов,   Ә.Ташкентбаев, І.Жансүгіров, М.Мақатаев, С.Мұқанов, Ә.Досымбаев, С.Құлбаев, А.Оспанов, М.Әуезов, Қажымұқан, Желтоқсан, С.Сейфуллин, К.Қабышев, А.Байтұрсынов, С.Нарымбетов, М.Өтемісов, Қ.Рысқұлбеков көшелері.

           № 315 сайлау учаскесі

          Шекарасы: Мойынқұм елді мекенінің Амангелді, Б.Омаров, Т.Нарбаев, Ә.Молдағұлова, Ә.Жапаров, Ш.Уалиханов, Ә.Асылбеков, Балуан Шолақ, Т.Әубәкіров, М.Пахаленко, С.Күлекеева көшелері.

          № 316 сайлау учаскесі

          Шекарасы: Қылышбай елді мекені, Абылан елді мекені, «Комсомол» бөлімшесі, Мойынқұм елді мекенінің Абай, Ж.Қуанышбаев, К.Нарымбетов, Ш.Тайбағаров, Б.Момышұлы, Құрманәлі, Молдабеков, Лесхоз көшелері.

          № 317 сайлау учаскесі

          Шекарасы: Құмөзек елді мекені.

          № 318 сайлау учаскесі

          Шекарасы: Қарабөгет елді мекені.

          № 319 сайлау учаскесі

          Шекарасы: Сарыөзек елді мекені.

          № 320 сайлау учаскесі

          Шекарасы: Ұланбел, Кіші Қамқалы елді мекендері.

          № 321 сайлау учаскесі

          Шекарасы: Хантау елді мекені.

          № 322 сайлау учаскесі

          Шекарасы: Қияхты елді мекені.

          № 323 сайлау учаскесі

         Шекарасы: Шығанақ елді мекенінің Наурыз, Айдаралиев, Ж.Қуанышбаев, Амангелді, Жеңіс, С.Сейфуллин, Ағыбай батыр, Қ.Сәтбаев, Қ.Рысқұлбеков, Балхаш, Абай көшелері, Үшбалық, Қарасай елді мекендері.

          № 324 сайлау учаскесі

         Шекарасы: Мыңарал елді мекені, Мыңарал стансасы, Қашқантеңіз стансалары.

          № 325 сайлау учаскесі

          Шекарасы: Ақбақай елді мекені.

          № 326 сайлау учаскесі

          Шекарасы: Мирный елді мекені.

          № 327 сайлау учаскесі

          Шекарасы: Ақсүйек елді мекені, Шығанақ елді мекенінің Ы.Алтынсарин көшесі, Байтал елді мекені, Бурыл Байтал стансасы.

     

     

     

    Мойынқұм ауылы

    Аудан әкімдігінің кейбір қаулыларының күшін жою туралы

     

                      Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару  туралы» Заңының 37 бабының 8 тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

    1. Мойынқұм ауданы әкімдігінің төмендегі көрсетілген қаулыларының күші жойылсын:

    1) 2015 жылғы 03 қыркүйектегі «Мойынқұм ауданы әкімдігінің білім бөліміне қарасты қосымша білім беру коммуналдық мемлекеттік мекемелері қайта ұйымдастыру жолымен мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындарына қайта құру туралы»  №296;

    2) 2015 жылғы 05 қарашадағы «Мойынқұм ауданы әкімдігінің тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Мойынқұм тазалық» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы «№ 340

    2. Осы қаулының орындалуын қадағалау аудан әкімі аппаратының басшысы Сәбит Мәденұлы Оразымбетовке жүктелсін.

                       Аудан әкімінің  міндетін          

                             атқарушы                                       Б.Қалымбетов

     

     

     

    Мойынқұм  ауылы

    Аудан әкімінің кейбір

    шешімдерінің күшін

    жою туралы

                Қазақстан   Республикасының  2001  жылғы  23  қаңтардағы   «Қазақстан Республикасындағы  жергілікті  мемлекеттік  басқару  және  өзін- өзі   басқару  туралы» Заңының 37- бабының 8- тармағына сәйкес  аудан  әкімі   ШЕШІМ ЕТЕДІ:

    1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес аудан әкімінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

             2. «Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада  белгіленген  тәртіппен  және   мерзімдерде осы шешімнің 1-тармағында көрсетілген нормативтiк құқықтық актінің күшi жойылды деп танылғаны жөнінде әдiлет органдарына және ресми жариялау көздеріне хабарлауды қамтамасыз етсін.

    3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Оразымбетов Сәбит Мәденұлына жүктелсін.

              Аудан әкімінің міндетін атқарушы                                                             Б.Қалымбетов

                                                                                               Аудан                                                                           әкімінің 2015 жылғы «     »                                                                                              қарашадағы  № шешіміне қосымша

    Аудан әкімінің күші жойылған кейбір

    шешімдерінің тізімі

    1. Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы әкімінің 2009 жылғы 28 желтоқсандағы «2010 жылы Мойынқұм ауданының аумағында 1993 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізуді ұйымдастыру туралы» № 34 Шешімі. (Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының Әділет басқармасында 2010 жылы 08 ақпанда № 51 нөмірімен тіркелді).

    2. Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы әкімінің 2012 жылғы 23 қаңтардағы «2012 жылы Мойынқұм ауданының аумағында тұратын 1995 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесiнде тiркеудi жүргiзудi ұйымдастыру туралы» №1 шешімі. (Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 24 ақпанда №6-7-77 нөмірімен тіркелді)

    Мойынқұм ауылы

    Мойынқұм ауданының шалғайдағы

    елді мекендерінде тұратын балаларды

    жалпы білім беретін мектептерге

    тасымалдаудың схемасы мен тәртібін

    бекіту туралы

              «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы Заңының 31-бабына, «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 14-бабы 3-тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес, Мойынқұм ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1.  Бекітілсін:

    1)1-қосымшаға сәйкес Мойынқұм ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы;

    2) 2-қосымшаға сәйкес Мойынқұм ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беру мектептеріне тасымалдау тәртібі.

    2. Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік- құқықтық бөлімшесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

    3.  Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Есеев Бақытжан Жапарұлына  жүктелсін.

    4.  Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


    Аудан әкімі                        Б.Нүркенов

     

    Мойынқұм ауданы әкімдігінің 2015

    жылғы03 қыркүйектегі №275

    қаулысына 2 қосымша

    Мойынқұм ауданының шалғай елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың тәртiбi

    1. Жалпы ережелер

          1. Мойынқұм ауданының шалғай елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың осы тәртiбi (бұдан әрі – Тәртіп) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі «Автомобиль көлiгi туралы» Заңының 14-бабына сәйкес әзірленген.

    2. Тасымалдаушыға және автокөлiк құралдарына тасымалдау кезiнде қауiпсiздiктi қамтамасыз ету бөлігiнде қойылатын талаптар

    2. Балаларды тасымалдау Қазақстар Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкес жабдықталған автобустармен жүргiзiледi.

    3. Балаларды тасымалдау мынандай жағдайда ұйымдастырылады егер:

    aвтомобиль жолдарының өткiзу қабiлетi автобустардың тұрақты қозғалысын жүзеге асыруға мүмкiндiк берсе;

    автомобиль жолдарының жай-күйi және олардың жайластырылуы жол жүрiсi қауiпсiздiгiнiң талаптарына сәйкес болған жағдайда.

    4. Балаларды тасымалдау үшiн мынадай жүргiзушiлерге рұқсат етiледi:

             1) жасы жиырма бес жастан кем емес, тиiстi санаттағы жүргiзушi куәлiгi және жүргiзушiнiң бес жылдан кем емес жұмыс өтiлi бар;

             2) автобустың жүргiзушiсi ретiндегi кемiнде соңғы үш жыл үздiксiз жұмыс өтiлi бар;

             5. Автобустарда жүк бөлiмiнен тыс жерлерде, жүк тасымалдауға жол берілмейді.

    6. Балаларды жаппай тасымалдауды және балаларды алыс қашықтықтарға тасымалдауды тасымалдаушы, балаларды оқытушылар немесе арнайы тағайындалған ересек адамдар (15 балаға бiр ересек адам) алып барған жағдайда ғана орындауы мүмкiн.

             7. Балалардың ұйымдастырылған топтарын тасымалдауды қамтамасыз ететiн тасымалдаушы жүргізушілердің еңбек және демалысын ұйымдастыру қағидасының талаптарына сәйкес, сондай-ақ тахографтарды және мынадай жағдайларды ескере отырып:

             маршруттар бойынша ұзақтығы 12 сағатқа дейiн бiр жүргiзушiмен, 12 сағаттан жоғары екi жүргiзушiмен;

             маршруттар бойынша ұзақтығы 16 сағаттан артық жүргiзушiлердiң және жолаушылардың кем дегенде 8 сағат толыққанды демалу үшiн (қонақ үйлерде, кемпингiлерде және т.б.) жағдайларды қамтамасыз етудi ескере отырып, жүргiзушiлердiң жұмысын ұйымдастырады.

          8. Автомобиль көлiгiмен балаларды тасымалдау (экскурсиялық және туристiктен басқа) жолда 4 сағаттан артық болған кезiнде және басқа көліктермен балаларды жеткiзудi ұйымдастыру мүмкiн болмаған жағдайда ғана жүзеге асырылады.

    9. Тапсырыс берушiнiң талабы бойынша қала маңындағы аймаққа немесе қалааралық қатынаста балалардың бiр жолғы тасымалдауын жүзеге асыратын тасымалдаушы техникалық жай-күйiн кезектен тыс тексеру үшiн жол полициясы бөлiмшелерiне автобусты жол жүру қарсаңында көрсетедi.

    3. Автокөлiк құралдарына қойылатын талаптар

    10. Балаларды тасымалдауға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес техникалық байқаудан өткен көлiк құралдары жiберiледi. Бұл ретте автобустардың конструкциясы мен техникалық жағдайы тиiстi стандарттардың талаптарына сай болуы қажет. Балаларды тасымалдауға арналған автобустардың кемiнде екi есiктерiнiң болуы және мыналармен:

             1) автобустың алдында және артында орнатылуы тиiс «Балаларды тасымалдау» деген төрт бұрыш айыратын белгiмен;

             2) сары түстi жылтыр шағын маягымен;

             3) әрқайсысының сыйымдылығы кемiнде екi литр болатын оңай алынатын өрт сөндiргiштермен (бiреуi – жүргiзушiнiң кабинасында, басқасы – автобустың жолаушылар салонында);

             4) екi алғашқы көмек дәрi қобдишаларымен (автомобильдi);

             5) екi жылжуға қарсы тiректермен;

             6) авариялық тоқтау белгiсiмен;

             7) колоннада жол жүргенде – автобустың алдыңғы терезесiнде қозғалыс бағытымен оң жағында орнатылатын, автобустың колоннадағы орны көрсетiлген ақпараттық кестемен;

             8) санитарлық паспортымен жабдықталған болуы тиiс.

             11. Балаларды тасымалдауға пайдаланатын автобустарда мыналар болуы қажет:

             ешқандай кедергiсiз ашылып, жабылатын жолаушылар салонының есiктерi мен авариялық люктер. Есiктерде өткiр немесе олардың бетiнен алыс тұрған шығыңқы жерлер болмауы тиiс;

             жабық жай-күйде жүргiзушiнiң кабинасы мен жолаушы салонына жауын-шашынның түсуiн толық болдырмайтын төбе, авариялық люктер және терезелер;
    берiк бекiтiлген тұтқалар және отырғыштар;

             жолаушыларға арналған креслолардың отырғыштары мен арқалықтарының таза және жыртықсыз тыстары;

             тегiс, шығыңқы жерлерi немесе бекiтiлмеген бөлшектерi жоқ баспалдақтары мен салонның еденi.

             Салон еденiнiң жамылғысы жыртықсыз материалдан жасалуы тиiс; шаңнан, кiрден, бояудан және олар арқылы көрудi төмендететiн өзге де заттардан тазартылған терезелердiң мөлдiр шынылары. Терезе ойығын ақпараттық немесе жарнамалық материалдармен 30 %-дан артық жабуға тыйым салынады;
    жылдың суық мезгiлiнде жылытылатын және ыстық мезгiлiнде желдетiлетiн, құрал-сайман және қосалқы бөлшектер тиелмеген жолаушылар салоны.
    12. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау кезiнде пайдаланылатын автобустар мен шағын автобустардың салондарын ылғалды жинау ауысымда кемiнде бiр рет және ластану шамасы бойынша жүргiзiледi.

             13. Сыртқы кузовты жуу аусымнан кейiн өткізіледі.

    4. Балаларды тасымалдау тәртiбi

             14. Балаларды тасымалдау техникалық жағдайы автомобиль көлiгiмен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасының талаптарына жауап беретін, кемiнде екi есiгi бар автобустармен жүзеге асырылады.

    15. Оқу орындарына тасымалдауды ұйымдастыру кезiнде тасымалдаушы жергiлiктi атқарушы органдармен және оқу орындарының әкiмшiлiгiмен бiрлесiп маршруттарды және балаларды отырғызудың және түсiрудiң ұтымды орындарын белгiлейдi.

    16. Автобусты күтiп тұрған балаларға арналған алаңшалар, олардың жүрiс бөлiгiне шығуын болдырмайтындай жеткiлiктi үлкен болуы тиiс.

    Алаңдарда жайластырылған өту жолдары болуы және жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарының аялдама пункттерiнен бөлек орналасуы тиiс.

    17. Балаларды оқу орындарына тасымалдауға тапсырыс беруші балаларды отырғызу және түсіру орындарының жай-күйін тұрақты түрде (айына кемінде бір рет) тексереді.

    18. Егер балаларды тасымалдау тәуліктің қараңғы мезгілінде жүзеге асырылса, онда алаңшалардың жасанды жарығы болуы тиіс.

    19. Күзгі-қысқы кезеңде алаңдар қардан, мұздан, кірден тазартылуы тиіс.
    20. Балалардың топтарын 22.00-ден бастап 06.00 сағатқа дейін автобустармен тасымалдау, сондай-ақ көрінім жеткіліксіз жағдайда (тұман, қар жауған, жаңбыр және басқалар) тыйым салынады. Тәулiктiң 22.00 сағатынан бастап 06.00 сағатына дейiн темiржол вокзалдарына және әуежайларға және олардан, сондай-ақ жақын арадағы демалыс орнына (қонатын жерге) дейiн жолда кiдiрiп қалған кезде балаларды тасымалдауға рұқсат етiледi.

    Тасымалдау қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн жол және метеорологиялық жағдайлардың қолайсыз өзгеруi кезiнде, автобустардың қозғалысын уақытша тоқтату туралы қолданыстағы нормативтiк құжаттарда көзделген жағдайда тасымалдаушы рейстi алып тастауға және бұл туралы тапсырыс берушiге дереу хабарлауға тиiс.

    21. Автобустардың қозғалыс кестесiн тасымалдаушы мен тапсырыс берушi келiседi.

    Жол жағдайларының қолайсыз өзгеруi кезiнде, басқа жағдайлар кезiнде (қозғалысқа шек қою, уақытша кедергiлердiң көрiнуi, бұл жағдайда жүргiзушi кестеге сәйкес жылдамдықты жоғарылатпай жүре алмайды), кесте жылдамдықты төмендету жағына (қозғалыс уақыттарының артуына) түзетiлген болуы тиiс. Кестенiң өзгеруi туралы тасымалдаушы тапсырыс берушiге хабарлауы тиiс, ол балаларды дер кезiнде хабарландыру бойынша шаралар қабылдайды.
    22. Балаларды жаппай тасымалдауға және алыс жерлерге балаларды тасымалдауға дайындық кезiнде тасымалдаушы тапсырыс берушiмен бiрлесiп балалардың жиналу пунктiнде және келу пунктiнде автобустардың аялдауы үшiн алаңшалардың болуын; отырғызу алаңшаларының болуын тексередi. Отырғызу және түсiру орындары автобус тұрағынан кемiнде 30 метр қашықтықта орналасуы тиiс.

    23. Тапсырыс берушi балаларды тасымалдайтын әрбiр автобусқа балалармен оларды жеткiзу орнына дейiн алып жүретiн, тапсырыс берушi-ұйым қызметкерлерiнiң немесе ата-аналарының iшiнен жауаптыларды белгiлейдi (мектепке, өзге бiлiм беру ұйымдарына балаларды тұрақты тасымалдауды жүзеге асырған кезде жауапты ретiнде ерiп жүрушiлер үшiн арнайы нұсқама алған жоғары сынып оқушыларын (16 жастан жоғары) белгiлеуге жол берiледi).
    24. Балаларды тасымалдау кезiнде автобустың жүргiзушiсiне мыналарға тыйым салынады:

    1) сағатына 60 километр артық жылдамдықпен жүруге;

    2) жүру маршрутын өзгертуге;

    3) балалар бар автобус салонында қол жүгi мен балалардың жеке заттарынан басқа кез келген жүктi, багажды немесе мүкәммалды тасымалдауға;
    4) автобуста балалар болған кезiнде, соның iшiнде балаларды отырғызу және түсiру кезiнде автобус салонынан шығуға;

    5) автомобиль легiнде жүру кезiнде алда жүрген автобусты басып озуға;
    6) автобуспен артқа қарай қозғалысты жүзеге асыруға;

    7) егер ол көлiк құралының өздiгiнен қозғалуын немесе оны жүргiзушi жоқ болғанда пайдалануын болдырмау шараларын қолданбаса, өз орнын тастап кетуге немесе көлiк құралын қалдыруға.

     

    Мойынқұм ауылы

     

    Жамбыл  облысы

    Мойынқұм  ауданы

    әкімдігінің Регламентін

    бекіту туралы

     
    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) және аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдіктерінің үлгі регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 сәуірдегі   № 546 Қаулысына сәйкес Мойынқұм ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Қоса беріліп отырған Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы әкімдігінің Регламенті бекітілсін.
    2. Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік- құқықтық бөлімшесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
    3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысының міндетін атқарушы Оразымбетов Сәбит Мәденовичке жүктелсін.
    4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

     

                

                  Аудан әкімінің міндетін атқарушы                                                           Б.Есеев

     

     

     

     

     

    Мойынқұм ауданы әкімдігінің
    2015 жылғы «27»  мамырдағы
    № 175  қаулысымен бекітілген

    Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы әкімдігінің Регламентi

    1. Жалпы ережелер
    2. Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының әкімдігі (бұдан әрi – әкiмдік) Қазақстан Республикасы атқарушы органдарының бiртұтас жүйесiне кiредi, атқарушы биліктiң жалпы мемлекеттiк саясатын тиiстi аумақты дамыту мүдделерiмен және қажеттiлiгiмен үйлестіру жүргiзудi қамтамасыз етедi.
    3. Аудан әкiмі (бұдан әрi – әкiм) әкімдік құрамын әкiм орынбасарларынан, әкiм аппаратының басшысынан, жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың бiрiншi басшыларынан құрады.

    Әкiм әкiмдік мүшелерiнiң санын айқындайды.
    Әкiм әкiмдіктің дербес құрамын айқындайды және аудандық мәслихаттың сессиясының шешiмiмен келiсiледi.

    1. Әкiмдік қызметi Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциясымен, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңымен, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерімен және осы Регламентпен реттеледi.
    2. Әкiмдіктің қызметін ақпараттық-талдауды тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуді аудан әкімінің аппараты (бұдан әрi – аппарат) жүзеге асырады.
    3. Әкiмдік іс қағаздарын жүргiзу және әкімдікке түсетiн хат-хабарларды өңдеу аппаратқа жүктеледi және «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң нормативтiк құқықтық актілерінiң талаптарына сәйкес әзiрленетiн әрі аудан әкiмдігi (бұдан әрi – әкiмдік) бекiтетiн тәртiппен жүзеге асырылады.
    4. Мемлекеттік органдарға жіберілетін шығыс хат-хабарлар (оның ішінде электрондық құжат форматында) елтаңбалық бланкіде мемлекеттік тілде ресімделеді (қажет болған жағдайда орыс тіліндегі нұсқасы қоса беріледі).
    5. Әкiмнiң орынбасарлары мен аппарат басшысы әкiмдіктің және әкiмнiң қарауына енгiзiлетiн актілер жобалары өтуiнiң осы Регламентпен белгiленген тәртiбiнiң сақталуын қамтамасыз етедi.
    6. Жұмысты жоспарлау
    7. Аппарат әкiмдік мүшелерiнiң және аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар (бұдан әрi – атқарушы органдар) басшыларының ұсыныстары бойынша әкiмдік мәжiлiстерiнде қаралатын мәселелердiң тоқсан сайынғы тiзбесiн жасайды.

    Әкімдіктің мәжiлiстерiнде қарауға жоспарланатын мәселелердiң тiзбесiн әкiм бекiтедi.

    Бекiтiлген тiзбе әкiмдік мүшелерiне, сондай-ақ, қажет болған жағдайда, атқарушы органдардың басшыларына және басқа да лауазымды адамдарға таратылады.

    Әкiм аппарат басшысы ұсынатын анықтама негiзiнде тiзбеден жоспарланған мәселенi алып тастау немесе оны қарауды басқа мерзiмге ауыстыру туралы шешiм қабылдайды.

    1. Әкiмдік мәжiлiстерiн дайындау және өткiзу тәртiбi
    2. Әкiмдік мәжiлiстерi айына кемінде бiр рет өткiзiледi және оны әкiм шақырады.
    3. Әкiмдік мәжiлiстерiнде әкiм, ал ол болмаған кезде – әкiмнiң мiндетiн атқарушы орынбасары төрағалық етедi.
    4. Әкiмдік мәжiлiстерi, әдетте, ашық болады және мемлекеттiк тілде және (немесе) орыс тiлiнде жүргiзiледi. Қажет болған ретте, жекелеген мәселелер жабық мәжiлiстерде қаралуы мүмкiн.
    5. Әкiмдік мәжiлiсi, егер оған әкiмдік мүшелерiнiң кемінде үштен екiсi қатысса, заңды болып есептеледi. Әкiмдіктің мәжiлiсiнде мәселенi қараудың нәтижелерi бойынша қаулы қабылданады. Қаулы әкiмдіктің қатысып отырған мүшелерiнiң көпшiлiк дауысымен қабылданады.
    6. Әкiмдіктің мәжілістерінде Қазақстан Республикасы Парламентiнiң, мәслихаттың депутаттары, ауылдық округтердiң әкiмдерi, сондай-ақ әкім бекіткен тізбе бойынша кеңесші дауыс құқығымен орталық атқарушы органдар аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары және өзге лауазымды адамдар қатыса алады.
    7. Аппараттың және атқарушы органдардың әкiмдік мәжiлiстерінде қарауға мәселелер дайындауы мынадай талаптарды сақтай отырып жүзеге асырылады:

    әкiмдік мәжiлiсiне енгiзiлетiн анықтамаларға, талдау материалдарына, қаулылардың жобаларына құжатты енгiзетiн органның бiрiншi басшысы не оны алмастыратын адам (бұдан әрi – бiрiншi басшы) алдын ала бұрыштама қояды, оның қолы осы органның ресми көзқарасын растау болып табылады;

    жоба мен анықтама, әдетте, аралығы екі жол арқылы басылған 5 бет мәтіннен аспауы тиiс;

    әрбiр мәселе бойынша жобаның және анықтаманың тақырыптары бiрдей болуы тиiс;

    әкiмдіктің мәжiлiсiне енгiзiлетiн материалдарға, қажет болған ретте, қосымша ақпараттық мәлiметтер қоса берiледi;

    мәселе енгiзетiн орган немесе аппарат талқыланатын мәселелер бойынша мәжiлiске шақырылғандардың тiзiмiн айқындайды және нақтылайды. Аппарат шақырылғандардың келуiн қамтамасыз етедi.

    1. Аппарат мәжіліс күн тәртібінің жобасын жасайды және әкіммен не оны алмастыратын адаммен келiсiлгеннен кейiн, оны және тиiстi материалдарды аппарат басшысы бекіткен жіберілім көрсеткішіне сай, мәжiлiске дейiнгi үш күнде әкiмдік мүшелерiне және шақырылғандарға, ал қажет болған ретте, басқа да лауазымды адамдарға таратады.

    Тиiстi органдар материалдарды уақытылы ұсынбаған жағдайда аппарат басшысы бұл туралы әкiмге немесе оны алмастыратын адамға баяндайды. Материалдардың уақытылы ұсынылмауына жауапкершiлiк тиiстi органдардың бiрiншi басшыларына жүктеледi.

    Әкiмнiң тапсырмасы бойынша шұғыл түрде әкiмдік мәжiлiсiн өткiзген кезде қаралатын мәселелер бойынша материалдар аппаратқа ол өткiзiлетiн күнi енгiзiлуi мүмкiн.

    1. Әкiмдік мәжiлiсiнде хаттама жүргізіліп, онда қатысқан лауазымды адамдар, талқыланатын мәселелердiң аты және мән-жайы, талқылау кезiндегi баяндамашылар мен сөз сөйлеушiлер, олардың сөйлеген сөздерiнiң негiзгi мазмұны, ескертулер және әкiмдік мүшелерi қабылдаған қаулы көрсетiледі. Әдетте, мәжiлiстiң стенографиясы жүргiзiледi, мәжiлiстерде қаралатын мәселелер ақпараттың электронды көздеріне жазылады.

    Әкімдік мәжілісінде қабылданған шешімдерді аппараттың тиісті бөлімі мәжіліс аяқталған күннен бастап үш күн мерзімде хаттамамен елтаңбалық бланкіде мемлекеттік тілде ресімдейді (қажет болған жағдайда орыс тіліндегі нұсқасы қоса беріледі), оған аппарат басшысы бұрыштама қояды және мәжілісте төрағалық етуші қол қояды.

    Әкiмдік мәжiлiстерiнiң хаттамаларына күнтiзбелiк жылға арналған реттiк нөмiрлер берiледi. Хаттамалар немесе олардың үзінділері оларға қол қойылған күнi әкiмдік мүшелерiне, ал қажет болған ретте, мәжiлiстерде тиiстi тапсырмалар берiлген басқа органдарға және лауазымды адамдарға таратылады. Жіберілім тiзбесiн аппарат басшысы бекiтедi.

    Әкiмдік мәжiлiстерiнiң хаттамалары (түпнұсқалары), сондай-ақ олардың құжаттары аппаратта сақталады.

    Әкiмдік мәжiлiстерiнiң хаттамалары және олардың құжаттары уақытша сақтау мерзiмдерi өткеннен кейiн мұрағатқа өткiзiледi.

    1. 4. Әкiмдік және әкiм актiлерiнiң жобаларын дайындау және ресiмдеу тәртiбi
    2. Атқарушы органдар әкімдік тиісті шешім қабылдауы үшін оның атына мынадай жағдайларда ұсыныстар енгізеді:

    1) мәселенi шешу әкiмдіктің құзыретiне кiргенде;

    2) жергiлiктi атқарушы органдар арасында келіспеушілік туындаған кезде.

    1. Атқарушы және басқа да мүдделі органдар (әзірлеушілер), сондай-ақ, аппарат әкімдік қаулыларының, әкім шешімдері мен өкімдерінің жобаларын (бұдан әрi – жобалар) дайындауды «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңына және осы Регламентке сәйкес жүзеге асырады.

    Мүдделi органдармен келiсiлген, бiрiншi басшылары немесе оларды алмастыратын адамдар қол қойған жобалар мемлекеттiк тiлiнде (қажет болған жағдайда орыс тiлiнде де), ал нормативтiк құқықтық актілер сонымен бірге әділет органдарына мемлекеттiк тiркеуге ұсынылатын нормативтiк құқықтық актілерге қойылатын талаптарды сақтай отырып ұсынылады.

    1. Жобалардың уақтылы, сапалы әзiрленуiне және әкiмдікке белгiленген мерзiмдерде ұсынылуына, сондай-ақ жобаның мемлекеттiк тілдегі және орыс тiліндегi мәтiндерiнiң түпнұсқалылығына оны әзірлеуді жүзеге асырушы органның бiрiншi басшысы дербес жауапты болады.
    2. Жобалар мiндеттi түрде мыналармен келісіледі:

    1) құзыретiне орай мүдделi атқарушы органдармен, бұл ретте жобаны келiсудегi мұндай мүдделiлік қаралатын мәселелердiң мән-жайы ескеріле отырып, белгiленедi;

    2) қаржы саласындағы тиісті атқарушы органмен – жобаның қаржылық орындылығы және қаржыландырумен қамтамасыз етiлуi мәселелерi бойынша.

    1. Жобаны әзiрлеушi жобаның көшiрмелерiн бiр мезгiлде барлық мүдделi атқарушы органдарға жiбередi.

    Бұл ретте атқарушы органдарда келiсу мерзiмi бiр мезгiлде есептеледi және жобалардың түскен әрі тiркелген кезiнен бастап 3 жұмыс күнiнен аспауы тиiс.

    Әкiм, әкiмнiң орынбасарлары және аппарат басшысы келiсудiң өзге мерзiмдерiн белгiлей алады.

    Әкiмнiң, әкiм орынбасарларының тапсырмалары бойынша шешiмдердi неғұрлым жедел қабылдау мақсатында атқарушы органдардың басшылары немесе лауазымды адамдар (лауазымы бойынша басшының орынбасарларынан төмен емес) жобаға бұрыштаманы кеңесте (мәжiлiсте) қоюы мүмкiн. Бұл ретте көрсетiлген лауазымды адамдар жобаның жасалуы немесе өздерiнiң бұрыштама қойғандығы туралы тиiстi атқарушы органның бiрiншi басшысына баяндайды.

    Жобаның көшiрмесiн келiсуге алған кезде атқарушы органдар жобаға басқа мүдделi органдардың алдын ала бұрыштама қоюларын талап етуге, сондай-ақ басқа желеу белгiлермен келiсуден бас тартуға тиiстi емес.

    1. Келiсушi орган жобаны қараудың нәтижелерi бойынша бiрiншi басшының не оны алмастыратын адамның қолы қойылған жауаптың мынадай нұсқаларының бiрiн әзiрлеушiге ұсынуы тиiс:

    1) жоба ескертулерсiз келiсiлді (жобада бұрыштама болады);

    2) жоба ескертулермен келiсiлді (жобада ескертулерiмен бұрыштама болады және ол қоса берілуі тиіс);

    3) жобаға келiсуден бас тартылды (дәлелдi бас тарту қоса берiледi).

    1. Келiсу мерзiмдерi аяқталғаннан кейiн жобаны әзiрлеушi мүдделi органдардың барлық ұсынысын жобаның түпкілікті нұсқасына жинақтайды (ескертулердi жояды). Бұл ретте, түпкiлiктi нұсқаны дайындау процесінде әзiрлеушi өзі келiскен атқарушы органдардың ескертулерiн мiндеттi түрде жояды.

    Жобаны әзiрлеушi жобаны аппаратқа енгiзу кезiнде мүддесi осы жобада қозғалып отырған орган бұрыштамасының болмау себептерiн (мұндай факт болған жағдайда) түсiндiрме жазбада көрсетедi, бұл ретте, енгiзiлген материалдарға тиiстi органға келiсу үшiн енгiзiлгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi қоса берiледi. Мұндай растау болмаған жағдайда, жоба мүдделi органға келiсуге жiберiлмеген болып есептеледi.

    1. Жобаны әзiрлеушi жобада бiр мезгiлде әкiмдіктің қаулыларын және (немесе) әкiмнiң шешiмдерi мен өкімдерiн қабылданатын актiлерге сәйкес келтiру жөнінде норма көздейдi және (немесе) нақты мерзiмдер белгiлей отырып, оларды сәйкес келтiру туралы тапсырманы көздейдi.
    2. Әзiрленген (пысықталған) жоба (оған тиiстi материалдармен бiрге) жоба бойынша сараптама жүргiзу және қорытынды дайындау үшiн (бұдан әрi – сараптама) аппаратқа енгiзiледi. Аппаратта тiркелер алдында жобаның іс қағаздарын жүргiзу талаптарына сәйкестiгi тексерiледi.

    Жобаның іс қағаздарын жүргізу талаптарына сәйкес еместiгi туралы ескертулер болған ретте, аппарат жобаны тiркеуге дейiн әзiрлеушiге қайтаруға құқылы.

    Жоба аппаратта тiркелгеннен кейiн оның мәтiндерiнiң мемлекеттiк тілдегі және орыс тiлiндегi түпнұсқалылығы тексерiледi және сараптамадан өтедi. Жобаға сараптама жүргізу мерзiмi жобаның әкім аппаратында тiркелген күнінен бастап 7 жұмыс күнiнен аспауы тиiс.

    Аппарат оның мәтiндерiнiң түпнұсқалылығын тексеру, сараптама жүргiзу барысында немесе оның нәтижелерi бойынша жобаны мынадай негiздер бойынша әзiрлеушiге пысықтауға қайтаруға құқылы:

    1) жоба мәтiндерiнiң мемлекеттiк тілдегі және орыс тiлiндегі мәтіндердің түпнұсқалы еместiгi;

    2) оның Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келмейтiндiгi;

    3) осы Регламенттiң талаптары бұзыла отырып ұсынылуы.

    Басқа желеулер бойынша терiс сараптамалық қорытынды жобаны қайтару үшiн негiз бола алмайды.

    1. Жобаларды әкiмнiң орынбасарларында келiсу мiндеттердiң бөлiнуiне сәйкес жүзеге асырылады. Әкімнің орынбасарларында мазмұндық сипатта ескертулер туындаған жағдайда, олар қажет болған ретте нәтижелерi хаттамамен ресiмделетiн кеңес шақырады. Жоба аппаратта сараптамадан өткеннен кейiн аппарат басшысы ол бойынша шешiм қабылдау үшiн әкiмге не оны алмастыратын адамға баяндайды.
    2. Әкiмдіктің қаулыларына, әкiмнiң шешiмдерi мен өкiмдерiне әкім қол қояды. Актілерге қол қойғаннан кейiн олардың түпнұсқаларына түзетулер енгiзiлмейдi.
    3. Аппарат әкімдік қаулыларының, әкім шешiмдерi мен өкiмдерiнiң куәландырылған көшiрмелерiн аппарат басшысы бекіткен жіберілімге сәйкес таратады.

    Әкiмдік қаулыларының, әкiм шешiмдерi мен өкiмдерiнiң түпнұсқалары аппаратта сақталады.

    Құжаттардың уақтылы шығарылуы және жөнелтiлетiн алушыларға таратылуы үшін жауапкершiлiк аппаратқа жүктеледi.

    1. Техникалық қателерi болған ретте әкiмдік қаулыларының, әкiм шешiмдерi мен өкiмдерiнiң бұрын таратылған даналары тек аппарат басшысының рұқсатымен ғана ауыстырылуы мүмкiн. Бұл жағдайда, бастапқыда таратылған құжаттар аппаратқа қайтарылып алынуы тиiс.
    2. Аппарат әкiмдік және әкiм қабылдаған актілердің есебiн, жүйеленуiн және бақылау даналарын жүргiзудi, оларға ағымдағы өзгерiстер мен толықтыруларды енгiзудi жүзеге асырады.
    3. Мемлекеттiк құпиялардан немесе заңмен қорғалатын құпиядан тұратындарынан басқа, әкiмдік және әкiм қабылдаған нормативтiк құқықтық актілермен танысу үшiн мүдделi адамдарға рұқсат беру мiндеттi болып табылады және оны аппарат басшысы айқындайтын тәртiппен аппарат жүзеге асырады.
    4. Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Үкiметiнiң, Премьер-Министрiнiң, әкiмдіктің және әкiмнiң актілерi мен тапсырмаларын орындауды ұйымдастыру тәртiбi
    5. Заң актілерін, Президент, Yкiмет, Премьер-Министр, әкiмдік және әкiм актілерін орындауды осы Регламентке және Қазақстан Республикасының өзге заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
    6. Заң актілері, Республика Президентiнiң, Республика Yкiметiнiң, Премьер-Министрiнiң, облыс және аудан әкiмдіктерінің және әкiмдерiнің актілері мен тапсырмалары және мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың өз құзыреттері шегіндегі өзге де тапсырмалары бақылауға алынады.
    7. Заң актілерінің, Республика Президентiнiң, Республика Yкiметiнiң, Премьер-Министрiнiң, облыс және аудан әкiмдіктерінің және әкiмдерінiң актілері мен тапсырмаларының уақытылы әрі сапалы орындалуына жауапкершiлiк осылар орындауға жiберiлген атқарушы органдардың бiрiншi басшыларына жүктеледi.
    8. Әкiмнiң және оның орынбасарларының тапсырмаларында құжаттарды орындаудың мерзiмдерi белгiленедi. Мерзiмдер орындалмаған жағдайда, құжаттың түскен күнiнен есептелетiн орындаудың бiр айлық мерзiмi, ал «шұғыл» деген белгі болған жағдайда – он күндiк мерзiм белгiленедi.
    9. Егер тапсырманың белгiленген мерзiмiнде орындалуы мүмкiн болмаса, онда тапсырманың орындалуына жауапты органның бiрiншi басшысы (не оның мiндетiн атқарушы адам) кiдiрудiң себептерi туралы хабарлауға және оны орындау мерзiмiн ұзарту туралы белгіленген тәртіппен өтiнiш беруі тиiс. Тапсырманы орындау мерзiмiн ұзартуға екi реттен артық жол берiлмейдi.
    10. Заң актілерінің, Республика Президентiнiң, Республика Yкiметiнiң, Премьер-Министрiнiң, облыс және аудан әкімдіктерінің және әкiмдерінiң актілері мен тапсырмаларының орындалу мерзiмдерiн бақылау жөнiндегi қызметтi қамтамасыз етуді аппарат әкім айқындаған тәртіппен жүзеге асырады.
    11. Аппарат заң актілерінің, Республика Президентiнiң, Республика Yкiметiнiң, Премьер-Министрiнiң, облыс және аудан әкiмдіктерінің және әкiмдерінiң актілері мен тапсырмаларының орындалу барысы туралы әкiмдi жүйелi хабардар ете отырып, әкімнің олардың орындалуын бақылау жөнiндегі қызметiн қамтамасыз етедi.

    Әкiмнiң орынбасарлары, аппарат басшысы заң актілерін, Республика Президентiнiң, Республика Yкiметiнiң, Премьер-Министрiнiң, облыс және аудан әкімдіктерінің және әкiмдерінiң актілері мен тапсырмаларын келісудің және орындаудың белгiленген тәртiбiнiң өрескел бұзылу фактiлерi бойынша кiнәлi лауазымды адамдарды тәртiптiк жауапкершiлiкке тарту жөнiнде ұсыныстар енгiзе алады

     

    Мойынқұм ауылы

     

    Мойынқұм ауданының ауылдық

    округтер және ауылдар әкімі аппараттарының

    Ережелерін бекіту туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және ґзін-ґзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы»  Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес Мойынқұм ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған Мойынқұм ауданының ауылдық округтер және ауылдар әкімі аппараттарының Ережелері бекітілсін.
      2. Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-қўқықтық бґлімшесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
    2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысының міндетін атқарушы Оразымбетов Сәбит  Мәденұлына жүктелсін.
    3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн ґткен соң қолданысқа енгізіледі.

     

     

     Аудан   әкімінің міндетін  атқарушы                          Б.Есеев

     

    Мойынқұм ауылы

    2015 жылға қоғамдық жұмыстарды

    ұйымдастыру  туралы

                «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Халықты жұмыспен қамту туралы»  Қазақстан Республикасының  2001 жылғы  23  қаңтардағы   Заңының  20 бабына  және  «Халықты  жұмыспен қамту туралы» Қазақстан   Республикасының  2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2001 жылғы 19 маусымдағы №836 Қаулысымен бекітілген  «Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесіне» сәйкес,  жұмыссыздар үшін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мақсатында Мойынқұм ауданы әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

             1. Қосымшаға сәйкес ұйымдардың тізбелері, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландыру көздері бекітілсін, қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс айқындалсын.

             2. «Мойынқұм ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қоғамдық жұмыстарды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.

             3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап заңды күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2015 жылдың 2 ақпанынан пайда болған қатынастарға таралады.

             4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Алдасүгірұлы Қалымбетовке жүктелсін.

    Аудан әкімі                                                Б.Мәдікенов

     Мойынқұм ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 08 сәуірдегі «2015 жылғы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» №151 қаулысына

    келісім парағы

     «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы «Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесінің бастығы

    ____________________ А.Сағынбеков

    «_____» ______________ 2015 жыл

    «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі  Жамбыл облысының Әділет департаменті Мойынқұм аудандық Әділет басқармасы» мемлекеттік мекемесі

    ___________________ С.Ибраимов

    «_____» ______________ 2015 жыл

                                                                                                                                                        Мойынқұм ауданы әкімдігінің

                                                                                         2015 жылғы «_____» ___________

                                    №____ қаулысына қосымша

                                                                                                                                                    

    Ұйымдардың тізбелері, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары,

     қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландыру көздері,

     қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс

     

     

     

    Ұйымның атауы

    Қоғамдық жұмыстардың түрлері

    Көлемі мен нақты жұмыс жағдайлары

    Қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландыру көздері

    (теңге)

    2015 жыл

    Сұраныс

    Ұсыныс

    1

    «Кеңес ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

    Ауданды санитарлық тазалау, көркейту және көгалдандыру

    Жұмысты толық емес жұмыс күні жағдайында  және икемді график бойынша ұйымдастыру

    30000, 00

    жергілікті бюджеттен

    10

    10

    2

    «Бірлік ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

    Ауданды санитарлық тазалау, көркейту және көгалдандыру

    Жұмысты толық емес жұмыс күні жағдайында  және икемді график бойынша ұйымдастыру

    30000, 00

    жергілікті бюджеттен

    12

    12

    3

    «Биназар ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

    Ауданды санитарлық тазалау, көркейту және көгалдандыру

    Жұмысты толық емес жұмыс күні жағдайында  және икемді график бойынша ұйымдастыру

    30000,00

    жергілікті бюджеттен

    8

    8

    4

    «Қызылтал ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

    Ауданды санитарлық тазалау, көркейту және көгалдандыру

    Жұмысты толық емес жұмыс күні жағдайында  және икемді график бойынша ұйымдастыру

    30000,00

    жергілікті бюджеттен

    8

    8

    5

    «Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

    Ауданды санитарлық тазалау, көркейту және көгалдандыру

    Жұмысты толық емес жұмыс күні жағдайында  және икемді график бойынша ұйымдастыру

    30000,00

    жергілікті бюджеттен

    8

    8

    6

    «Мойынқұм ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

    Ауданды санитарлық тазалау, көркейту және көгалдандыру

    Жұмысты толық емес жұмыс күні жағдайында  және икемді график бойынша ұйымдастыру

    30000,00

    жергілікті бюджеттен

    20

    20

    7

    «Қылышбай ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

    Ауданды санитарлық тазалау, көркейту және көгалдандыру

    Жұмысты толық емес жұмыс күні жағдайында  және икемді график бойынша ұйымдастыру

    30000,00

    жергілікті бюджеттен

    8

    8

    8

    «Қарабөгет ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

    Ауданды санитарлық тазалау, көркейту және көгалдандыру

    Жұмысты толық емес жұмыс күні жағдайында  және икемді график бойынша ұйымдастыру

    30000,00

    жергілікті бюджеттен

    14

    14

    9

    «Ұланбел ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

    Ауданды санитарлық тазалау, көркейту және көгалдандыру

    Жұмысты толық емес жұмыс күні жағдайында  және икемді график бойынша ұйымдастыру

    30000,00

    жергілікті бюджеттен

    8

    8

    10

    «Қызылотау ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

    Ауданды санитарлық тазалау, көркейту және көгалдандыру

    Жұмысты толық емес жұмыс күні жағдайында  және икемді график бойынша ұйымдастыру

    30000,00

    жергілікті бюджеттен

    8

    8

    11

    «Ақбақай ауылы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

    Ауданды санитарлық тазалау, көркейту және көгалдандыру

    Жұмысты толық емес жұмыс күні жағдайында  және икемді график бойынша ұйымдастыру

    30000,00

    жергілікті бюджеттен

    8

    8

    12

    «Шығанақ ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

    Ауданды санитарлық тазалау, көркейту және көгалдандыру

    Жұмысты толық емес жұмыс күні жағдайында  және икемді график бойынша ұйымдастыру

    30000,00

    жергілікті бюджеттен

    8

    8

    13

    «Ақсүйек ауылы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

    Ауданды санитарлық тазалау, көркейту және көгалдандыру

    Жұмысты толық емес жұмыс күні жағдайында  және икемді график бойынша ұйымдастыру

    30000,00

    жергілікті бюджеттен

    8

    8

    14

    «Хантау ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

    Ауданды санитарлық тазалау, көркейту және көгалдандыру

    Жұмысты толық емес жұмыс күні жағдайында  және икемді график бойынша ұйымдастыру

    30000,00

    жергілікті бюджеттен

    8

    8

    15

    «Мыңарал ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

    Ауданды санитарлық тазалау, көркейту және көгалдандыру

    Жұмысты толық емес жұмыс күні жағдайында  және икемді график бойынша ұйымдастыру

    30000,00

    жергілікті бюджеттен

    8

    8

    16

    «Мирный ауылы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

    Ауданды санитарлық тазалау, көркейту және көгалдандыру

    Жұмысты толық емес жұмыс күні жағдайында  және икемді график бойынша ұйымдастыру

    30000,00

    жергілікті бюджеттен

    8

    8

    17

    «Мойынқұм ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

    Құжаттарды рәсімдеуге техникалық көмек көрсету

    Жұмысты толық емес жұмыс күні жағдайында  және икемді график бойынша ұйымдастыру

    30000,00

    жергілікті бюджеттен

    1

    1

    18

    Қазақстан Республикасы «Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесі

    Құжаттарды рәсімдеуге техникалық көмек көрсету

    Жұмысты толық емес жұмыс күні жағдайында  және икемді график бойынша ұйымдастыру

    30000,00

    жергілікті бюджеттен

    2

    2

    19

    «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Жамбыл облысының Әділет департаменті Мойынқұм ауданының Әділет басқармасы» мемлекеттік мекемесі

    Құжаттарды рәсімдеуге техникалық көмек көрсету

    Жұмысты толық емес жұмыс күні жағдайында  және икемді график бойынша ұйымдастыру

    30000,00

    жергілікті бюджеттен

    2

    2

    Барлығы:

    157

    157

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Мойынкумского района