«Нұр Отан» партиясы Мойынқұм аудандық филиалының кезектен тыс ХХVІ конференциясы өтті.

«Нұр Отан» партиясы Мойынқұм аудандық филиалының кезектен тыс ХХVІ конференциясы өтті.

Бүгін «Нұр Отан» партиясы Мойынқұм аудандық филиалының кезектен тыс ХХVІ конференциясы өтті. Конференция жұмысына «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы Саяси кеңесінің мүшесі, аудандық мәслихаттың депутаты Б.Исабеков, партияның Мойынқұм аудандық филиалы Саяси кеңесі мен партияның аудандық мәслихатындағы депутаттық фракциясының мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, бірқатар аудандық мекеме, кәсіпорын және құқық қорғау органдарының басшылары, үкіметтік емес ұйымдар, шаруа қожалықтарының жетекшілері, кәсіпкерлер, жастар қоғамдық бірлестіктері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Күн тәртібінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты 2018 жылғы 5 қазандағы Жолдауын іске асыру барысы туралы, «Нұр Отан» партиясының 20 жылдығы. Жасампаздық және әлеуметтік даму кезеңі» туралы, «Нұр Отан» партиясының 2030 жылға дейінгі Бағдарламасы жобасының негізгі ережелерін талқылау туралы, «Нұр Отан» партиясы Мойынқұм аудандық филиалы Саяси кеңесі құрамына өзгерістер енгізу туралы, «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалының кезектен тыс ХХIV конференциясына делегаттар сайлау мәселелері қаралды.

Соңғы жаңалықтар

Телефон қабылдау

8 (00000) 0 00 00