Қарабөгет ауылдық округі

Қарабөгет ауылдық округі

Қарабөгет ауылдық округінің әкімі Бағдат Сатыбалдиев

Ауылдық округте Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында көптеген іс-шаралар өткізілді. Мектеп, балабақшаларда арнайы бөлмелер ашылып, стендтер орнатылды. Әртүрлі кездесулер, спорттық жарыстар өткізілді.

Округте 285 отбасы, 1658 халық, әр ауыл бойынша айтатын болсақ Құмөзекте 126 отбасы,  халық саны – 760, Қарабөгетте 85 отбасы,  халық саны 506, Сарыөзекте 87 отбасы, халық саны – 385.

Округте 3 орта мектеп, 2 балабақша, 1 шағын орталық, 3 дәрігерлік тірек, 3 пошта, 1 учаскелік полиция бөлімі, 3 кітапхана, Құмөзек ауылында ауыз су тарату мекемесі, РЭС бөлімі, телекоммуникация бөлімі және 6 азық-түлік дүкендері, 1 наубайхана халыққа қызмет көрсетеді.

Округтегі жағдайы төмен отбасыларымен мүгедектер есепке алынып, округ әкімінің ұсынысымен әлеуметтік жәрдемдер көрсетіліп отырады. Көктемгі,  күзгі қоғамдық орындарды көгалдандыру, көгеріштендіру санитарлық тазалық айлықтарына байланысты елді мекендерде адам өміріне қауіпті 100 түп ағаштар кесілді, 240 түп тал-дарақтар түбі әктелді, 150 түп бағаналар әктеліп, сырланды. 100 шаршы метр жерге гүлзарлар отырғызылды. 600 метр көшелер мен арық – тоғандар тазаланды. 70 түп жеміс – жидек және қара ағаштар отырғызылды.

Қарабөгет, Құмөзек ауылдарындағы Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарға орнатылған ескерткіштері әктеліп, сырланып айналасын тазарту жұмыстары жүргізілді.

Округтегі орта мектептер мен балабақшалар және мекемелер қысқа толықтай дайын. Ы.Алтынсарин орта мектебіне республикалық бюджеттен 182 млн.  теңге бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылды. А.Байтұрсынов орта мектебіне жылу жүйелерін орталықтан жылыту үшін жылыту  қазандығы Ы.Алтынсарин мектебінен  ауыстырылды.   Оқушылардың жазғы демалыстары ұйымдастырылды.

Орта мектептердегі білімнің сапасы ҰБТ – да анықталатыны белгілі. Өткен оқу жылында ҰБТ – ның қорытындысы Ы.Алтынсарин орта мектебі 86,  А.Байтұрсынов орта мектебінде 67,  Қ.Сәтбаев орта мектебінде 56 балл болды. Ы.Алтынсарин мектебіне  140, А.Байтұрсынов мектебіне  120,  Қ.Сәтбаев орта мектебінде  84 оқушы оқиды. Округте 2017 жылы  ешқандай қылмыстар тіркелген жоқ.

Округтегі тұратын халықтың әл – ауқатының артуы мен тұрмыстық жағдайының жақсаруы ауыл шаруашылығы, оның ішінде мал шаруашылығымен тікелей байланысты.  Округтегі МІҚ 3847, қой-ешкі 14710, жылқы 448, түйе 28, үй құстары 3230 басты құрап отыр. Жыл ішінде 3496 цн ет, 304 цн сүт, 375 цн жүн, 347 мың дана жұмыртқа өндірілді.

Округтегі үш елді мекендерде 3 дәрігерлік тіректер жұмыс атқарады. Және де бір жедел жәрдем автокөлігі бар.  2017 жылы медпунктерге қабылдауға 960 адам тіркелген, ол адамдар әр түрлі сырқаттармен ем қабылдаған. Бірыңғай ұлттық денсаулық жүйесі арқылы медициналық профилактикалық және скринингтер қолға алынып, жылына бір рет ұйымдасқан түрде ауданнан білікті мамандар арнайы көлікпен келіп, халықтың денсаулығын бақылауға алып, флюрографиалық тексерулер жүргізілді. Сонымен қатар ана мен бала өлімінің алдын алу мақсатында жүкті әйелдер үнемі бақылауда болады.  Жыл ішінде 28 сәби дүниеге келді.  Құмөзек ауылында  мешіт жұмыс істейді. Әр жұма сайын мешітке  6  адам  барып тұрады.

Округте  14 пен 35 жас аралығындағы жастар саны – 352. Жастар тәжірибесінде  3 жас жұмыс істейді. Ақбақай кен байыту  комбинатында вахталық ауысыммен  14  жас азамат жұмыс істейді.

Сарыөзек және Қарабөгет ауылына кіреберіс жолдар жөнделді, Мойынқұм – Ұланбел тас жолының Сарыөзек ауылынан 22 шақырым жөнделді.  Құмөзек ауылындағы №2 бөлімшеге қатынайтын Сарытөбе көпірі жөнделді. Сарыөзек ауылынан ескі Байталға қатынайтын жолды су шайып кетуіне байланысты КСН –нің қаржысымен  1млн. 900 мың теңгеге жол биіктеп көтеріліп, қалпына келтірілді.

Округте мерекелік іс – шаралар жоспары жасалынып өткізіліп отырады. Сәуір айынан  бастап Мойынқұм – Сарыөзек, Сарыөзек – Мойынқұм бағытында «Газел» автомашинасы  3 ауыл халқына қызмет көрсетуде. Жыл соңына қарай округтегі 3 ауылға да ұялы байланыс орнатылды.

Құмөзек ауылының Жамбыл көшесіне 700,  Қарабөгет ауылының Жамбыл көшесіне 500, Сарыөзек ауылының Қуанышбаев көшесіне 350 мың теңгеге жарықтандыру жұмыстары жүргізілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Соңғы жаңалықтар

Телефон қабылдау

8 (00000) 0 00 00