100%200%
Мойынқұм ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    Рухани жаңғыру

           

                                                                                                   АУДАНДЫҚ СОТТА МҰРАЖАЙ АШЫЛДЫ

    Аудандық сотта Отан қорғаушылар және Ұлы Жеңіс күні мерекелері қарсаңында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында рухани-мәдени танымды кеңейтіп, патриоттық сана сезімді арттыру тұрғысында аудандық сот мұражайының ашылу салтанаты болып өтті.  Берері мол салтанатты жиынға аудан әкімі Бақытжан Нүркенов, мәслихат хатшысы Шахикерім Исабеков, аудан әкімінің орынбасарлары Мұратхан Естаев, Бақытжан Есеев,  Бақытжан Қалымбетов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жамбыл Қалыбаев, аудан прокуроры Нұржан Әділов, аудандық соттың бұрынғы төрағасы Орынбасар Абуев,  бірқатар мекеме басшылары, еңбек ардагерлері  және бұған дейінде аудандық сотта қызмет атқарғандар мен олардың  отбасылары қатысты.  Мұражайдың ашылуында сөз алған аудан әкімі Бақытжан Балтабекұлы игілікті бастаманың шынында берері мол дүние екендігін айтып, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы негізінде ашылып жатқан мұражайға өз қуанышын білдірді. Сондай-ақ аудандық сот төрағасы Бабырхан Абуевке көпке үлгі боларлық дүниені қолға алғаны үшін риясыз разылығын жеткізді.                                                         1999-2009 жылдары аудандық соттың төрағасы болып қызмет атқарған Орынбасар Абуев аудандық сот ғимаратының сүйегі мықты, мұндай ғимарат облысымызда тек біреу ғана екендігін ерекше сезіммен атап өтті. Сондай-ақ Орекең, өзі төрағалық еткен сол бір жылдарға шолу жасай отырып, тарих толқынындағы тамаша сәттерді еске алып, орамды ойларын ортаға салды. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жамбыл Қалыбаев бұл бастаманы алғашқылардың бірі болып бастаған аудандық сот ұжымына алғысын білдіріп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі. Бұдан кейін мұражайдың ашылу салтанатындағы лентаны  қию рәсімін аудан әкімі Б.Нүркенов пен ардагер судья Орынбасар Абуев  атқарды.

    Аудан құрылған жылдардан бері аудандық соттың төрағалары болған Қалдыбек Сағынаев, Шашубай Шөкелеков, Әбсамат Төрегелдиев, Нұрғали Сағынаев, Абай Есенбай, Нұрхат Кемелқұлов, Жәнібек Спанов, Орынбасар Абуев, Мақсат Мыстаев, Бақытжан Мүлкібаевтардың төрағалық еткен жылдары көрсетілген портреттері қабырғаға ілініп, келген қонақтардың көзайымына айналды.

    Иә, расында өткенге үңілмей, бүгінді бүтіндемесіміз анық. 1975-1981 жылдары аудандық соттың төрағасы қызметін абыроймен атқарған Шашубай Шөкелековтың жұбайы Алмагүл апай, баласы Қанат, келіні Алма және Шашубай атасының жолын жалғайтын болашақ заңгер немересі Нұркелді арнайы Шу ауданынан келіп, Ш.Шөкелековтың қызмет бабында пайдаланған жәдігерлерін мұражай қорына сыйға тартты. Ал  Нұрғали Сағынаевтың ұлы Ерғали мен қыздары Зәмзагүл, Зарина, Ғайни, Айнагүлдер шарапаты мол шараға өз алғыстарын білдіріп, сот ұжымына ақ тілектерін айтты.  Мұражайға Нұрғали ағаның кітабын сыйлады.

    Мұражай ішінде сол бір жылдардағы судьяның жұмыс креслосы, ВОМАН-301 радио, ескі телефон, стол, орындықтар, «Литвица» жазу машинкасы қойылған.  «Әділдіктің ақ жолы», «Асыл дара тұлғалар», «Тарих толқынында», «Тәуелсіздік белестері», «Көрікті ойдан – көрікті көркем сөз», «Жеті жарғы», «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тақырыбы аясындағы естелік суреттермен толыққан стендтер ілінген. Келген қонақтар әр стендке ерекше мән беріп, арқа-жарқа әңгіме-дүкен құрып, естелік суретке түсіп, сағынышқа толы тарихи суреттерді сөйлетіп жатты.

       Осылайша Бабырхан Абуев басқарған сот ұжымы Елбасы мақаласының әрбір тармағын жүзеге асыруда белсенділік танытып, рухани жаңғыру біздің дамуымыздың ең басты қағидасы болып қала беретіндігін тағы бір дәлелдеп көрсетті. Іс-шара соңында аудандық сот ұжымы өздерінің өмірден өткен әріптестеріне арнап дастархан жайды, құран бағыштады                     

     

     

    ТАРИХЫ ТЕРЕҢ-МОЙЫНҚҰМ

                  Туған жерге сүйіспеншілік туған тарихыңды тереңнен білуден басталады. Еліміздің әрбір тауы мен өзені, сайы мен қыры – тұнып тұрған тарих. Дегенмен ең бастысы жаһандық өзгерістер кезеңінде біз ұлттық  ерекшелігімізді, құндылығымызды сақтай білуіміз керек. XXI ғасырдағы Рухани жаңғырудың мәні осыда болмақ.

    Аудандық Ж.Қуанышбаев атындағы музейде балалар мен жасөспірімдер орталығы мен өнер мектебінің ұйымдастыруымен Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Тарихы терең-Мойынқұм» атты кеш өтті.

    Кешті аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Жамбыл Қалыбаев ашып, ауданымыздың тарихы жайлы сыр шертті. Қазақстан Республикасының әнұраны орындалып, аталған қосымша білім беру мекемелерінде тәрбиеленетін бір топ  оқушылар «Ата қоныс Мойынқұм», «Туған жер»,  «Мойынқұм алыптар мекені»  «Дала таңы» тәрізді өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Аудандық кітапхананың қызметкерлері кітап көрмесін өткізді.

    Жиынға «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шакизат Акимов, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Манарбек Көшкімбаев, аудандық «Мойынқұм таңы» газетінің бас редакторы Сүндетулла Әбілов, аудандық «Рухани жаңғыру» офисінің жетекшісі Нүркен Пернебаев, Өнер мектебінің директоры Сержан Сәдуақасовтар қатысты. Аға буын өкілдері Мойынқұм жерінің –тарихы бай, жыр дастандарға арқау болған киелі қасиетті жер екенін, әрбір адам өз тарихын терең біліп қана қоймай, заман талабына сай қасиеттерге де ие болуы керектігін айтып, келер ұрпаққа аудан тарихын терең біліп, оқуда озат болыңдар –деген, ізгі тілектерін жеткізді. Сондай-ақ Мойынқұм тарихы жөнінде әңгіме өрбітті.

    Қазақ хандары Керей мен Жәнібектің алғашқы ту тігіп «Қазақ» деп аталуы осы жерден бастау алған. Әркездері хан болған Абылайхан, Кенесары ханның жорық жолдары тікелей Мойынқұм жерімен байланысады.

    Асан Қайғы бабамыздың жер аралап жүріп: «Ей Мойынқұм! Жеті жыл қатарынан жұт болса да, тұяқты мал қалса, сенің бауырыңда қалады!»-деп сипаттағаны, бұл аймақтың адамға да, малға да жайлы қоныс болуға жарайды дегені. Иса Байзақов «Құралай  Сұлу»  поэмасына арқау болған кіші Қамқалыдағы Құралай күмбезі де бүгінде ғашықтардың тәу етіп баратын символына айналды. Тәуелсіздігіміздің бас қаһарманы, жерлесіміз-Қайрат Рысқұлбековтің көзі тірісінде жазған өлеңдері адам жүрегін тебірентпей қоймайды.

    Кеш соңында оқушылар Алғыс хаттармен марапатталды.

     

     

     

    ТАҒЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ

    Жуырда аудандық Мәдениет үйінің кіші залында Қазақстан Ғылым академиясының академигі, тарих ғалымдарының докторы Мәмбет Құлжабайұлы Қойгелдиевпен кездесу өтті. Кездесуге аудан әкімдігінің қызметкерлері, еңбек ардагерлері,мәдениет, білім, денсаулық салаларының өкілдері қатысты.

    Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында өткен байыпты басқосу барысында жиналған қауым ғалыммен ашық-жарқын әңгімелесіп, емін-еркін ой бөлісті.

    Кездесуді ашып жүргізген аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жамбыл Қалыбаев кездесудің маңыздылығын атап өтіп, Мәмбет Қойгелдиевтің өмір деректері және еңбектерімен көпшілікті таныстырды. Жүздесу барысында қазақ тарихында болған ордалы оқиғалар, ұлы тұлғалардың ұлағаты, Елбасының сарабдал саясаты әңгіме өзегіне айналды. Латын әліпбиі жайлы тағлымды ойлар ортаға салынды.

    Профессор Мәмбет Қойгелдиев өз сөзінде Елбасы мақаласының ұлтты біріктіруге бағытталған жаңа тарихи құжат екенін айтты.

    -Ұлттық қодқа ерекше мән беру керек, бұл шешуші мәселе. Ерте кезде бабаларымыз «Бір жылдығын ойлаған адам бидай егеді, он жылдығын ойлаған тал егеді, мың жылдығын ойлаған адам ұрпағына ізгілік егеді» деген. Қиын-қыстау заманда қазақ жеріне қаншама халық қоныс аударып келсе, солардың барлығы да қазақ халқына алғысын айтады. Себебі, қазақ өзі аш отырса да қолында бар асын солармен бөлісе жеген. Олар қазақтың мұндай жақсылығын ұмытқан жоқ. Ал бұл ізгілік бізге VІІ ғасырдан бастау алып келе жатқан қасиет. Міне, осының астарына терең үңілуіміз керек деген Мәмбет Құлжабайұлы тарих тағлымы, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы туралы пайымды пікірлерімен бөлісті.

    Кездесу соңында ғалым «Алаш қозғалысы» монографиясына қолтаңбасын қойып, қатысушыларға сыйға тартты.

     

     

    Болашақ бүгіннен басталады

            Жақында М.Жұмабаев атындағы орта мектептің мәжіліс залында «Жаңғыру арқылы жарқын болашаққа» атты байқау өткізілді. Оған М.Жұмабаев, Т.Рысқұлов тірек мектебінің ұстаздарынан құралған 17 үміткер қатысты.

    Байқауды ашқан аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Есеев байқауға қатысушы үміткерлерге сәттілік тіледі.

    Сайыс үш кезеңнен тұрды. Алғашқы таныстыру кезеңі бойынша «KZ» тобы қазақ елінің бауырмашыл, шыншыл халық екенін айтып,  қол өнермен жасалған «Рухани жаңғыру» эмблемасын ұсынса, «Русичи» тобы орыс ұлтының ұлттық биі мен әнін орындады. Ал «Инглэнд» тобы ағылшын тілінде Англия мемлекетін таныстырды. Екінші  Өнер сайысы кезеңінде «KZ» тобы «Қара жорға» биін билесе, Русичи тобы «Широка река» өлеңін орындап берді. «Инглэнд» тобының ұстаздары мультфильм кейіпкері Шрек пен Фионаның кейпінде  ән шырқады. Соңғы шешуші кезеңде әр мемлекеттің ұлттық ойындарын ойнаған ұстаздар көрермендерге қызықты көңіл күй сыйлады. Балалық шағын еске түсірді. Үш мемлекеттің тілдерінде сөйлеп, өнерін, ұлттық ойындарын, қол өнер бұйымдарын паш еткен ұстаздар әр түрлі пәннен сабақ беретін болса да, Елбасы мақаласында айтқан үш тұғырлы тіл саясатын жүзеге асыруды берік ұстанған, бәсекеге қабілетті, білікті мамандар екендіктеріне тағы бір көз жеткізді. Бірі ағылшын, орыс тілдерінде сұрақ-жауап айтса, бірі қазақ елінің ықылым заманнан дамыған ел екенін дәлелдеп, тоғызқұмалақ, асық ату сынды жеткіншектерді қырағылыққа, жүйріктікке, мергендікке  тәрбиелейтін ұлттық ойындарын ойнады.

    Байқауды  ұйымдастырған мектеп директорының тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары Әлима Оспанова Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін  келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат екеніне тоқталып, бұл байқауда орын берілмей, тек пікірлер тыңдалатынын жеткізді.

    Байқау барысында аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Жапарұлы  байқауға қатысқан барлық ұстаздарға жоғары баға беріп, ризашылығын білдірді.  Ұстаздардың өнеріне тәнті болған «Рухани жаңғыру» жобалық офисінің жетекшісі Нүркен Пернебаев «Бүгінгі шара ұйымдастырушыларына үлкен алғысымды білдіргім келеді. Сіздер дайындап отырған шәкірт, өздеріңіз сияқты талапшыл болсын» деген ізгі тілегін айтты.

    Әділқазылар алқасының мүшелері ағылшын, қазақ, орыс тілі пәндерінің ұстаздары Қ.Аманбаева, С.Оспанова, А.Тұңғышбаевалар үш тілде тілек айтып, жылы лебіздерін білдірсе, мектептің ардагер ұстазы С.Темьянова, Т.Рысқұлов атындағы тірек мектебі директорының тәрбие ісі – жөніндегі орынбасары А. Қасымбаева байқауға үш топтың бірдей атсалысқанын айтып, жеңістерімен құттықтады.

    Байқау соңында мектеп директоры Жаңыл Әшірімбетова ұстаздарға Алғыс хат пен ескерткіш сыйлығын табыс етті.

     


    Қариялар халық қазынасы

        Аудандық мәдениет үйінде  «Жастар орталығының» ұйымдастыруымен  Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында  қарияларымыздың жастарға  ғасырлар бойы қалыптасқан халық даналығын насихаттау, келер ұрпақты отансүйгіштікке баулып, ұлттық сана-сезімін, салт-дәстүрлерімізді құрметтеу  мақсатында  «Атадан – аманат, ұрпаққа – ұлағат» атты аудандық ақсақалдар байқауы өтті.

    «Ауылыңда биік төбең болса-ерттеулі атпен тең, ауылыңда қартың болса-жазып қойған хатпен тең»,-деген екен дана халқымыз. Қарттарымыздың қоғамдағы алатын орны ерекше. Олар байырғы кездері бір ауыл, бір рудың, тіпті бір елдің ғасырлап түйіні шешілмеген дауын екі ауыз сөзбен шешіп, тоқ етерін айтқан. Бұл байқауда да бір шаңырақтың емес, бір әулеттің емес, тұтас бір аймақтың ақылшысына айналған қариялар бас қосты. Олардың арасында Мойынқұмның кең даласын малға толтырған, туған жердің қасиетін таныған,  әр түрлі шаруашылықтарды басқарып, әр салада абыройлы қызметтер  атқарған аталарымыз болды.

    Сахнаға ұлттық киіммен шыққан қарттарымыз халқымыздың өміршең салт-дәстүр, адамгершілік қасиеттерін, қанатты сөздерін, өнерін паш ете отырып, бір серпіліп қалды.

    Байқауды аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Есеев ашып,  аталарымызға жылы лебізін айтып, байқауға сәттілік тіледі.

    Ұлтымыздың салт-дәстүрлерін ұлықтауға арналған байқауға ауданымыздан 9 ақсақал қатысып,  «Бердім, сәлем бәріңе, үлкен-кіші кәріңе», «Атамнан білдім ақыры…» ,   Өз өнерін көрсету (аспапта ойнау, ән айту, тағы басқа), «Атадан қалған ақ бата, ұрпаққа үлгі бақ бата»  тақырыптары бойынша сынға түсті. Байқау шарттары бойынша дайын фонограммаларды пайдалануға тыйым салынды. Сондай-ақ тіл нормасының сақталуына, сахна мәдениетіне баса назар аударылды.

    Әр кезеңде аталарымыз тапқырлық танытып, сыннан сүрінбей өтіп жатты. Бірінің жауабы бірінен асып түсіп, жоғары балға қол жеткізген қарияларды бағалауда оңайға түскен жоқ. Дегенмен барлық қарсыласына қарағанда әрбір сұраққа ұтымды, дәл жауап бере біліп, өз өнері, білімімен дараланған күшамандық қария Бабақұл Қарсыбеков I орынды жеңіп алды.  II орынды көкжелектік қария Мұқан Сартов,  III орынды Ұланбел ауылынан келген Сейітжан Қарнақбаев пен  Бірлік ауылының тұрғыны Қанжарбек Әбдірашов иеленді.

    Байқауға қатысушылардың ең үлкені 77 жастағы Көкжелек ауылының тұрғыны Мұқан ата болды. Ата медицина саласының ардагері, ауданның Құрметті азаматы. Кезінде «Мойынқұм» ән – би ансамблі құрамында Португалия елінде өнер көрсеткен азамат. «Сырлы қасықтың сыры кетсе де, сыны кетпейді»-демекші Мұқан ата баянды қолына алып, Шәмшінің бірнеше әнінен «попурри» орындағанда зал іші тыныштала қалды. Сондай-ақ шалғайдағы Ұланбел ауылынан келген Сейітжан ата бата берудің асқан шебері екендігін байқатты. Батагөй қария әртүрлі баталарды іркілмей беріп, өзін өлеңмен таныстыруда ақындық қырынан да танылды. Күшамандық Бабақұл Қарсыбеков баласы Жеңіс пен жерлесіміз, әуесқой сазгер Ноян Сейділдаевтің «Жүрегім нәр алғандай Мойынқұмнан» деген өлеңін тамылжыта орындады. Бірліктік Қанжарбек атамызда өнерден құралақан еместігін бұрыннан білетінбіз. Сондықтанда әнші атамыз баянның сүйемелдеуімен Е.Хасанғалиевтің «Атамекен» әнін нақышына келтіре шырқап берді. Ауданның Құрметті азаматы Мұханбетқұл Сабыров атамыз барлық баталардың түрін білетінін байқатып, жастарға бата берсе, Жамбыл ауылынан шыққан Бердіғұл  Бласовтың Үкілі Ыбырайдың «Гәкку» әнін домбырамен күмбірлете шырқауы, атамызға жарасып тұрды. 76 жастағы мойынқұмдық қария Мәулен Қариев Е.Хасанғалиевтің «Атамекен» әнін немересімен орындауын ерекше айтып кетуге болады. Биназарлық Сәрсенбай Рысқұлов сұрақтарға мүдірмей жауап беріп, баянмен «Мойынқұмда ауылым» әнін орындап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленсе, құмөзектік Қоштай Ердосов Шәмшінің «Арыс жағасында» өлеңін қазақы қоңыр даусымен шырқап, әншілік қырынан танылды. Міне қарияларымыздың әрқайсысы өзінше осындай даралығымен, даналығымен бір-бірінен кем түспеді. Бұл кісілердің барлығына бірдей орын берсе де болар еді. Алайда байқау болған соң жеңіс те, жеңіліс те болатыны белгілі.

    Байқау барысында ішкі саясат бөлімінің басшысы Манарбек Көшкімбаев, әділқазылар алқасының төрағасы Жамбыл Қалыбаев,  аудандық кітапхананың аға кітапханашысы Гүлсім Нарбаевалар сөз сөйлеп, шежірелі, өнерлі, ақылдары дария қарттарымызға дайындаған сыйлықтары мен Алғыс хаттарын табыс етті. «Қарты бар ел, қазыналы ел», – демекші әр үйдің берекесіне айналған қарттарымыз аман болсын.

     

     

     

    ЛАТЫН ӘЛІПБИІ – БІРЕГЕЙЛІК ПЕН ЖАҢҒЫРУ

    НЕГІЗІ

             Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласынан туындайтын мақсат-міндеттерді жүзеге асырып, қазақ жазуын латын әліпбиіне көшіру бастамасын насихаттау мақсатында аудандық Мәдениет үйінің кіші залында облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен «Латын әліпбиі –бірегейлік пен жаңғыру негізі» атты кездесу өткізілді. Оған  облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы Ерлан Наржанов, аудан және Тараз қаласы әкімдігінің қызметкерлері, бөлім, мекеме-ұйым басшылары мен қызметкерлері, кітапханашылар, ұстаздар мен ауыл тұрғындары қатысты.

    Кездесуді аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Есеев ашып, жүргізіп отырды. Кездесуде сөз алған Сулейман Демирель атындағы университетiнің профессоры, филология ғылымдарының докторы Құралай Күдеринова «Жаңа қазақ әліпбиі ұлттық стратегиялық мақсат» атты баяндамасында латын әліпбиіне көшудің әдістері мен тәсілдерін таныстырды.

    Елбасы Н.Назарбаев 2006 жылы өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІІ сессиясында  «Тіл боданынан айырылуды айтса»,  2012  жылы «Қазақ тілінің жағдайын жақсарту, балалар болашағы үшін қажет» деген болатын. Ол кезде ұлт толыққанды өз қайнауына жетпеді. Қазіргі таңда қазақ тілінде сөйлейтіндер саны 80 пайыздан асты. Сондықтан латын әліпбиіне көшетін уақыт жетті. Ал биыл Елбасымыз Н.Назарбаев 26 қазан күні «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Жарлыққа қол қойды.

    -Жаңа әліпбиге көшу арқылы компьютер тілі мен ағылшын тілін тез, әрі оңай меңгереміз деп ойлау кері пікір.  Мәселен, Жапония мемлекеті латын тілін білмей-ақ, технологияны әлемге танытуда. Ал ағылшын тілін оқу курстарына барып-ақ үйрене аламыз. Мақсат басқа да. Тәуелсіз ойлайтын, Тәуелсіз жазалатын ұрпақ өсіру. Ал Тәуелсіз ұрпақ болу үшін, бізде өз әліпбиіміз болу керек. Алайда санамыз латын әліпбиіне көшуге дайын емес. Бұл түсінікті де. Өйткені ұлттық жазу біржола толыққанды қалыптасқан кезде пайда болады.

    XX ғасырда «Сауатсыздық жойылсын»-деп, жазу заманы деді. XXI ғасырда жаппай жазалатын болдық. Сол сияқты 40 жылдары кирил әрпіне көшкенде орысша сөйлеп, жаза алатын боласыздар дегенде  халық сенбеді. 70 жылдары бүкіл қазақ орысша сөйлеп, ақыр соңында ана тілін ұмытқан ұрпақ пайда болды. Сонда олардың стратегиялық мақсаты орындалды. Міне қазіргі таңда бізге де жаңа әліпби қиял сияқты. Бұлда уақыт өте келе, 30 жылдан кейін орындалатын мақсат. Нәтижесін біз көрмейміз, келер ұрпақ көреді. Күні кеше А.Байтұрсынов атындағы тіл білімі институтына емле ережесіне тапсырыс бердік, яғни бұл жаңа әліпбимен жаз немесе маңдайшаға іліп қой деген сөз емес, жаңа әліпби жөнінде кейбір ұсыныстар қабылданса, әлі де өзгеруі мүмкін,  -деген Құралай Бимолдинқызы  емле ережесіндегі қиындықтар мен кемшіліктерге, сондай-ақ кейбір қауіптерге тоқталды. Мысалы, Жаңа әліпбиде ю және ь белгісі жоқ, сондықтан «компутер» деп жазылады. Ал бұл – ағылшын сөзі.  Сонымен қатар ағылшын латын стандартын өзгертпей қабылдауды жақтайтындар, әліпби ауыстыруды графика алмастыру деп қана ойлайтын бұқаралық сана келе жатқанын, терминдерді сындырып жазуға жас ұрпақ қарсы екенін айтып, себептерін талдап берді.  Сондай-ақ сөйлем ішіндегі апострофтар – бір әріптің орнын алатындықтан, мәтін бұрынғыдан 70 пайызға ұлғаяды екен, сонда кітаптар қалыңдайды, газет беттеріндегі мақалалар көлемі ұлғайып, шығын көбейеді. Апостроф қою арқылы түбір сөздердің арасы алыстай береді, сөздер бірге ме, бөлек пе ажырату қиын. Ағылшын тілінде апострофты оқылмайтын әріпке қояды. Бізде қазақша дәйекше деп А.Байтұрсынұлы қолданған.  Оқу жеңіл болғанмен, қиындықпен үйренуге тура келеді. Өздеріңіздің көзқарастарыңызды жазып, мақала беріңіздер. Өйткені сіздер ұрпақты оқытатын орта болғандықтан пікірлеріңіз тыңдалады,-деп сөзін қорытындылады.

    Мемлекеттік тілдің латын әліпбиіне көшіру тұрғысында келелі әңгіме қозағаған топ мүшесіне аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Ж.Қалыбаев жаңа әліпби нұсқасын өте сауатты жеткізгенін айтып, 6 әріпке апострофты қоймай, өзін қалдырса деген ұсынысын білдірді.

    Басқосу барысында  ауданның Құрметті азаматы, зейнеткер Мұқан Сабыров топ мүшелеріне «латын графикасына көшу бізге қиындық тудырмай ма?», «әліпби ауыстыру арқылы дұрыс сөйлеу мен жазу мәдениетін қалыпастырып әкете аламыз ба? дегендей сауалдарын қойып, тыңғылықты жауап алды.

    Осыдан кейін насихаттық топ Жамбыл атындағы мектеп гимназиясының мәжіліс залында болып, аталған тақырыпта түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

    Оған мектеп басшылығы, білім бөлімінің қызметкерлері мен ұстаздар қатысып, тиісті сауалдарын қойды, жауап алды.

     

     

     

    БІР СӘБИ – БІР АҒАШ»

          Өткен аптада аудан орталығындағы Ұлы Отан соғысының құрбандарына арналған обелискте «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Бір сәби – бір ағаш» жобасы бойынша үстіміздегі жылы туылған он үш сәбидің атынан ағаш отырғызу рәсімі болды.

    Рәсімде алдымен сөз алған аудан әкімі Бақытжан Нүркенов: «Мемлекет басшысының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аудан аумағын жасыл желекке айналдыру,өскелең ұрпақтың бойында туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, Жер ананы аялауға шақыру, патриотизмді нығайту мақсатында «Бір сәби- бір ағаш» жобасын жүзеге асыру қолға алынды. Жобаның мақсаты дүниеге жаңа келген нәрестеге «Ағаш бұтақтарындай жайқалып өсіп-өнсін» деген ниетті білдірді.

    Бүгінгі іс шара Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Егер біздің азаматтарымыз өздерінің ауыл маңдарында, өз үйлерінің айналасына барлық облыс, аудан, қала, ауыл орталықтарында жыл сайын ағаш отырғызатын болса, біз жасыл ел құрамыз. Мен мұны үлкен іс деп санаймын. Барша қазақстандықтарды жыл сайын ағаш отырғызуға шақырамын» деген сөзін қолдайтынымызды айқындайды деді.

    Содан соң сөз алған еңбек ардагері, ауданның Құрметті азаматы Күлдіманас Еркебаев, мойынқұмдық жас ана Назгүл Әлиева, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жамбыл Қалыбаев жобаның маңызы мен мәніне тоқталып, бұл үрдіс өміршең болсын деген ниеттерін жеткізді.

    Мұнан кейін арнайы өңделген жерге он үш сәбидің ата-аналары жасыл шырша көшетін отырғызды.

     

     

     

    БӘСІ  БИІК БАҒДАРЛАМА

         Елбасының биылғы Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аудан жұртшылығының қызу қолдауына ие болып қана қоймай, барлық салаға дерлік тың серпін беріп отыр. Алға қойылған мақсатқа жетуіміз үшін қоғамдық санамыздың ісімізден озып жүруі, яғни бұрынғы қол жеткізген нәтижелердің еселене түсуі керек-ақ. Біз бұған басымдық беріп отырмыз.

    Ауданда Елбасының  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын іске асыру бойынша 8 адамнан тұратын арнайы жұмысшы тобы құрылды.

    Бағдарламаға сай қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру, «Туған жер»,  «қазақстандағы 100 жаңа есім», «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» атты жобалары бойынша атқарылатын  іс-шаралар жоспары бекітілді.

    Сондай-ақ,  2017 жылғы 19 маусымдағы  аудан әкімінің № 240-ө өкімімен  жобалық офис (6 адамнан) құрылды. Жобалық офиске аудан әкімдігі аппаратында арнайы  бөлінген бөлме  қажетті  құрал-жабдықтармен жабдықталды.

    Бүгінгі таңға дейін қоғамдық сананы жаңғырту  тақырыбына  арналған әртүрлі форматтағы және  барлық салалар бойынша өткен 165 іс-шараның 106 мәдени-көпшілік, 57-спорттық, 2-ғылыми-ағартушылық  шаралар. Оған 8250 адам тартылды.

    Оның ішінде Елбасы мақаласын қолдау мақсатында 2017 жылғы 7 тамыз бен 31 желтоқсан аралығында бекітілген желілік кестеге сәйкес,  47 іс-шараның  28-і өтті.

    Жыл аяғына дейін 19 іс-шараға 2000 адам қатысады деп жоспарлануда.

    Рухани жаңғыру бағдарламасын насихаттау мен іске асыру жұмысына азаматтық қоғам институттары да кеңінен тартылуда.

    «Рухани жаңғырудың» басым бағыттарын іске асыру мақсатында жасалған медиа-жоспарға сәйкес, аудандық «Мойынқұм таңы» газетінде «Рухани жаңғыру», «Туған жер», «100 жаңа есім  атты арнайы тақырыптық айдарлар ашылып, бүгінгі күнге 46 мақала жарияланды.

    Сонымен қатар облыстық «Ақ-жол» газетінде -3, Знамя труда газетінде-1, «Арай газетінде-2 мақала  шықты.

    Аудан бойынша «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақала бойынша көше бойларында, мектептерде, мемлекеттік мекемелерде, қоғамдық орындарда 78 көрнекі-ақпарат құралдары орналастырылған. Білім ошақтарында арнайы бұрыштар ашылып, ауылдық округтердегі кітапханаларда тақырыптық сөрелер жасалған, клубтарда стендттер ілінген.

    Елбасының маңызды мақаласына орай, аудан әкімінің ресми сайтында 2 ақпарат орналастырылды.

    Әлеуметтік желілер арқылы (фейсбук, инстаграмм, ВКА т.б)  50-ден астам ақпараттар  таратылуда.

    Жобалық  офис бойынша: «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша 16 жоба әзірленіп, облыстық жобалық офиске ұсынылып, оның ішінде 5 жоба таңдалып алынды.

    Олар: 1. «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы бойынша  ««Көптілділік – халықаралық ынтамақтастықтың кілті» атты ғылыми практикалық конференция ұйымдастыру

    Жоба бойынша мектептерде латын әліпбиіне көшуде қол жеткізетін жетістіктер кеңінен насихатталады.

    1. «Рухани қазына» кіші бағдарламасы бойынша 2018-2020 жылдары аралығында ұлттық ойындар, көше ойындарының аудандық спартакиадасын ұйымдастыру. Жоба бойынша ұлттық құндылықтарымыз-тоғызқұмалақ, тағы басқа ұлттық ойындарымызды жаңғырту қолға алынады.
    2. «Туған жер» жобасы аясында «Н.Кемелқұловты еске алуға арналған бокстан ауданаралық турнир» өткізіледі. Бұл жоба арқылы туған жеріне адал қызмет атқарған азаматтарға құрметті қалыптастыру арқылы ауыл спортын дамыту іске аспақ.
    3. «Атамекен» бағдарламасы аясында «Менің қолымнан бәрі де келеді» жобасы бойынша мүмкіндігі шектеулі жастарға қолдау көрсете отырып, олардың қоғамдық белсенділігін арттыруға көмек көрсетілмек.
    4. «Қазақстанның киелі жерлері» бағдарламасы аясында «Өлкетану отантанудың алғашқы бастауы» атты  жоба іске асырылмақ. Жоба бойынша ауданның киелі орындарының картасы жасалып, ішкі туризмді дамыту іске асырылады.
    5. «Жомарт жүрек» бағдарламасы аясында Мойынқұм ауылынан жекеменшік 50 орындық балабақша ашу іске асады.(кәсіпкер А.Қалыбаев).

    Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы  қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру жұмыстары бойынша желілік кесте бекітіліп, 11 қыркүйектен 31 желтоқсанға дейін  80 іс-шара өткізу жоспарланып, оның 41-і өткізілді. Оған 1120 адам қатысты.

    Азаматтық сектор өкілдерінің қатысуымен «Ауданның киелі орындары»” атты кездесу,  «Туған жер- бақыт мекені» атты сазгер-ақын Қалибек Шайжанның шығармашылық кеші,  «Туған жерге туыңды тік» тақырыбында аудан жастарының кәсіпкерлермен пікір алмасу ұйымдастырылды.

    Алдағы уақытта   «Туған жер» жобасы шеңберінде «Жерұйығым-Мойынқұм» атты ауданнан шыққан тұлғалы, танымал, белгілі азаматтармен форум өткізу жоспарлануда.

    Сонымен қатар ауылды көркейтуге арналған «Бір сәби – бір ағаш» жобасын, «Мектепке тағзым» акциясы жыл сайын өткізіледі. Жерлесіміз, академик, ТИГУ-дің ректоры Ерболат Саурықов Құмөзек ауылына мешіт, шағын футбол алаңы, кіші жазғы сахна салып беруге ниет білдіріп отыр.

    Сонымен қатар ауданның, еліміздің тарихында ерекше орны бар тұлғалар Жазылбек Қуанышбаев, Айтбай Назарбеков, Дүбек Дүйсенбеков, Қайрат Рысқұлбеков, Қылышбай Ержанұлы, тағы басқа белгілі азаматтардың есімдерін жаңғыртып, құрмет көрсетуге бағытталған шаралар кешені қабылдануда.  Қазақ хандығының алғаш Ту тіккен жері – Қозыбасыға стелла – монумент орнату жоспарлануда.

    Сондай-ақ, аудан аумағындағы кәсіпкерлер мен ілкімді  азаматтары шақырылып ауылдық округтерден келіп түскен сұраныстарды  (спорттық алаңшалар, аллея, арка, т.б) жүзеге  асыру жоспарлануда.

    Ауданның табиғаты мен жер асты байлығын суреттейтін «Құт дарыған-Мойынқұм» атты кітап-фотоальбом шығару қолға алынады.

    «Қазақстандағы  100 жаңа есім» жобасына сәйкес ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, 27 азаматтың есімі облыстық ішкі саясат басқармасына жолданды. Қазір әлеуметтік желі арқылы тіркелген үміткерлерге қолдау көрсетіп, дауыс беру жұмыстары жүргізілуде.

    Тарихи ескерткіштердің қорғау аймағын заңдастыру мақсатында Құралай сұлу, Биназар баба кесенелерінің мемлекеттік актілерін жасау жоспарлануда.

    Аудан көлеміндегі тарихи-мәдени орындарға туристік бағытты дамыту мақсатында іс-шаралар жоспары жасалынды. Жастардың, мектеп оқушыларының Қырбас кесенесіне, Оңғарбай мазарына, Ақтөбе қалашығына экскурсиясы ұйымдастырылды.

    – 2018 жылы  «Қазақстан-бақыт мекені»  атты аудандық жас өлкетанушылар слетін өткізу жоспарлануда.

    Жаңару арқылы жарқын болашаққа бағыт  алдық. Қоғамымыздың рухани жаңғыруын айқындаған бағдарламалық құжат міндеттерін іске  асыру бағытында қолға алынған тірліктер өз жемісін береді деп сенеміз.

     

     

     

    БАҒАЛЫ БАСТАМА        

              Елбасымыз Н.Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастау туралы айтты. Елімізде мемлекеттік тілді латын әліпбиіне көшіру әңгімесі айтылғанына аз болған жоқ. Осы уақыттың ішінде мәселені талқылап-таразылауға бүкіл ел атсалысып, үн қосты. Барлығының пікірі «латын  әліпбиіне көшу – уақыттың өзі туындатқан қажеттілік, заман талабы» деген бір арнаға тоғысып жатты. Бұл дұрыс пікір, себебі латын әліпбиі әлемде кең қолданылады. Латын әліпбиіне көшу – біздің және ұрпақтарымыздың ақпараттық қолжетімділігін арттырып, ізденіс – таным көкжиегін кеңейте түседі. Өйткені, латын әліпбиі ХІV ғасырдан бері қолданыстағы, тілдік және рухани қоры мол, бүгінде ақпараттық  кеңістікке қанат жайған. Оған көшу біздің  елімізге мол ақпараттық кеңістікте еркін қанат қағуға, заманға сай лайықты рухани қарулануға мүмкіндік береді.

    Білім, ғылым, өндіріс саласына еніп жатқан жаңа технологияларға латын әліпбиі  арқылы қол жеткіземіз. Сондықтан латын әліпбиіне көшумен халықаралық ақпараттық кеңістікке шығу жеңілдейді яғни ғаламтор жүйесін халқымызға ана тілінде меңгеруге жол ашылады. Латын әліпбиіне көшу мемлекеттік тілдің қолданыс аясын одан әрі кеңейтуге мүмкіндік жасайды. Латын әліпбиіне ауысу – біздің ұлттық санамызды жақсартудың бір жолы.

    Латын әліпбиіне көшу туралы Елбасымыз Н.Назарбаев өз мақаласында  «2025 жылға қарай іс қағаздарын, мерзімді баспасөзді, оқулықтарды, бәрін де латын әліпбиімен басып шығара бастауға тиіспіз. Ол кезең де таяп қалды, сондықтан біз уақыт ұттырмай, бұл жұмысты осы бастан қолға алуымыз керек. Біз осынау ауқымды жұмысты бастауға қажетті дайындық жұмыстарына қазірден кірісеміз. Үкімет қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің нақты кестесін жасауы керек. 2017 жылдың аяғына дейін ғалымдардың көмегімен, барша қоғам өкілдерімен ақылдаса отырып, қазақ әліпбиінің жаңа графикадағы бірыңғай стандартты нұсқасын қабылдау керек. 2018 жылдан бастап жаңа әліпбиді үйрететін мамандарды және орта  мектептерге арналған оқулықтарды дайындауға кірісуіміз қажет»,- деп нақты тапсырма берген болатын. Сол себепті тарихымызды түгендеп, өркениетті өрлетіп, әлемдік аренадағы беделімізді әрмен қарай арттыру үшін әліпби ауыстыруымыз тарихи оқиға болмақ.

     

     

                     АВТОКЕРУЕН АУЫЛҒА  КЕЛДІ

           Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» ақпараттық автокеруені Кеңес ауылдық округіне келді. Мақсаты- жастарға мемлекеттік бағдарламалар және түрлі салалар аясында консультациялық алаң жұмысын ұйымдастыру және өткізу. Олар жастардың түрлі санаттарын қамти отырып, жастарға қатысты мәселелерді кең ауқымда түсіндіріп өтті.  Іс-шара «Кеңес» орта мектебінің мәжіліс залында ұйымдастырылды. Шараға психолог, кәсіпкерлік палатасы  кеңесші маманы, спорт, денсаулық, білім, дін істері, «Жас Отан», тілдерді дамыту салалары бойынша мамандар келіп, жастардың ойларын мазалап жүрген сұрақтарына жауап берді. Жастар алған жауаптарына қанағаттанды деген ойдамыз.

        Аудандағы жобалық офистердің цифровизациясы.

    Аудандық жобалық офис аудандық мәдениет үйінінің кабинетіне орналастырылған.

    Офис арнайы жаңа кеңсе-жиһаздарымен, оргтехникалармен жабдықталып, қамтылған.

    Мойынқұм ауданынан бастапқыда 21 жоба жасалынып, оның 14 облыстық офиске ұсынылды.

    «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы бойынша 5 жоба, «Көптілділік–халықаралық ынтамақтастықтың кілті», атты ғылыми-практикалық конференция, «Өткен заманның куәгерлері» атты экскурсия, «Білімді Қазақстан жастары-Мәңгілік елдің болашағы» атты форум, «Табиғат тартуы»атты кездесу, «Саналы азамат» атты жоғарғы сынып оқушыларымен кездесу.«Рухани қазына» кіші бағдарламасы бойынша 10 жоба, «Өлкетану отантанудың алғашқы бастауы» атты экскурсия, «Тіл тағдыры – ел тағдыры» атты ғылыми-практикалық конференция, «Көркейе бер ауылым» фестиваль, «Екі жұлдыз» атты аудандық байқау, «Букроссинг: выбор молодежи» атты акция, «Әлемді кітап арқылы танимын» атты байқау, «Киелі орындарға тағзым» атты экскурсия, «Ең үздік қазақстандық және әлемдік  классикалық 100 кітап» атты акция, «Менің қолымнан бәрі де келеді» мүмкіндігі шектеулі жандар арасында байқау, «Ауылым құт мекенім атты кешенді іс-шара».«Атамекен» кіші бағдарламасы бойынша 6 жоба. «Көше ойындары», «Н.Кемелқұловты еске алуға арналған жастар арасындағы бокс бойынша ауданаралық турнир», «Мәдени мұра-ұлттың мәйегі» атты экскурсия, «Балдаурен» денсаулық сақтау кешеніндегі балаларға арналған жазғы демалыс, «Сана сезім» қайырымдылық акциясы, «Жан жылуы» мүгедектер мен аз қамтылған отбасыларға қайырымдылық көмек көрсету.Сарапшылар кеңесінде 14 жоба қайта қаралып, 4 жоба өтіп, («Киелі орындарға тағзым» атты экскурсия, «Көптілділік–халықаралық ынтамақтастықтың кілті», атты ғылыми-практикалық конференция, «Менің қолымнан бәрі де келеді» мүмкіндігі шектеулі жандар арасында байқау, Көше ойындары») оның 10-ы кейін қайтарылды. Қайтқан 10 жобаның 8-ін қайта өңдеп, жаңа жобалар жасаланды. «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы бойынша 3 жоба “Ұлттық қолөнер-тәрбие көзі” атты қазақ ұлттық қолөнер байқауы, Ұлттық ат спорт ойындары, «Туған жердің тұлғалы перзенттері» атты 100 жаңа есімге енген тұлғалармен  кездесу. «Рухани қазына» кіші бағдарламасы бойынша 3 жоба «Мәдени мұра ұлттың мәйегі» атты экскурсия, «Алтын жүрек» атты қайырымдылық акциясы, Волонтер мектебі «Мойынқұм жастары» «Атамекен» кіші бағдарламасы бойынша 2 жоба. «Мойынқұм» жылыжайы, «Балалар ойын алаңы»

    Жобалық офисте жылдамдығы 8 мбит/с интернет желісі арқылы скайп қосылған және скайп арқылы облыстық офиспен байланыс жұмыс істеп тұр.

    Аудандық жобалық офистің (фейсбук) арнайы парақшасы ашылған. Атқарылған іс-шаралар туралы мақалалар аудандық «Мойынқұм таңы»»газетінде тұрақты түрде жарияланып тұрады.

    Басылым беттерінде, ағымдағы жылы Рухани жаңғыру мақаласына қатысты осы күнге дейін барлығы 23 мақала жарияланса, сондай-ақ әлеуметтік желілерде 20-ға жуық материалдар шығарылды.

    Аудан бойынша «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында көше бойларында, мектептерде, мемлекеттік мекемелерде, қоғамдық орындарда 158 көрнекі-ақпарат құралдары орналастырылды. Білім беру мекемелерінде арнайы бұрыштар ашылып, безендірілді. Билборд – 84, стенд – 56, брэндмауэр – 18.

    «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын ілгерілету бойынша іс-шаралардың жоспары жасалып, бекітілген. Жоспарға сәйкес бүгінгі таңда оның барлығы өткізілуде.

     

     

     

     

     

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Мойынкумского района