100%200%
Мойынқұм ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    Сауда-саттыққа шығарылатын жер учаскелері бойынша ақпарат

    Сауда-саттыққа шығарылатын жер учаскелері бойынша ақпарат нысаны

     

    Жер учаскесінің орналасқан жері Жер учаскесінің нысаналы мақсаты Жер учаскесінің ауданы,

    га

    Бастапқы құны,

    теңге

    Жер учаскесінеқұқық түрі Жер учаскелеріне ауыртпалықтар (шектеулер)
    1 2 3 4 5 6 7
                 

     

    Аукционның өткізілу тәртібі:

    Сауда-саттық ағылшын әдісінде аукционшы нысанның бастапқы және көтерілген бағасын жариялайды. Қатысушылар нөмірді көтеру арқылы бастапқы бағасын жоғарлатады. Бірақ, ол жариялаған бағадан кем болмауы керек. Аукционшы нысанды сауда-саттыққа салуға қатысушылардың нөмірлерін хабарлап, бағасын бекітеді де оны жоғарылатуды ұсынады. Нысанды саудалау ең жоғарғы баға ұсынылғанға дейін жүргізіледі. Жекешелендірілетін нысанның саудасына кемі екі қатысушы бастапқы бағаны көтерген жағдайда ғана нысан бойынша сауда саттық өтті деп саналады.

    Жер учаскелерінің сату тәртібі: Нысанға байланысты пайдалану, игеру шартын тұжырымдау, нысанның жобасын алу үшін сәулеттік жобалау тапсырмасын алу, сервитутты белгілеу, уақытылы жер салығын төлеу. Саудада анықталған жер учаскесінің құны сауда-саттықтың шартына қол қойылғаннан соң 5 банкі күннен кешікпей 50 пайыздық  көлемінде аванс ретінде төленеді, қалған сомасы 30 күн тізбелік күннен кешікпей сауда-саттық шартына қол қойылған күннен бастап төлену тиіс. Саудаға қатысу үшін жер учаскесі бағасының 5% кепілдік сомасынан тұрады. Кепілдік жарна «Мойынқұм ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекетік мекемесінің төмендегі депозиттік есеп шотына аударылады. ИИК KZ120705034631760006, мемелекеттік мекеменің коды 4631760, СТТН 210700211008,  БСК KKMFKZ2A, КБЕ 12 «Мойынқұм аудан әкімдігінің жер қатынастар бөлімі» К. М. М.

    Аукционға қатысушы ретінде тіркелу

    үшін төмендегідей құжаттар қажет:

     

    1. Сауда-саттыққа қатысу жөніндегі өтініш.
    2. Жеке тұлғаны куәландыратын құжат наториалды расталған.
    3. Кепілдік жарнаның төлемін растайтын төлем құжаттың көшірмесі.
    4. Өкілдің өкілеттігін растайтын құжат.
    5. Қатысушының банктегі есеп шоты.
    6. Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары наториалдық кеңседен куәландырған жарғының, заңды тұлғаның тіркеу жөніндегі куәліктің көшірмесін қосымша тапсырады.

    Өтініштер ақпараттық хабарлама жарияланған күннен бастап қабылданып, аукцион өткізілетін жерде оның басталуына 1 сағат қалғанда аяқталады.

     

    Мекен-жай Мойынқұм ауданы, Мойынқұм ауылы, Амангелді көшесі №147 аудан әкімдігінің ғимараты.

    Аукционның өткізілу жөніндегі қосымша ақпараттарды 2-13-56, 2-48-68 телефоны арқылы білуге болады.

     

     

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Мойынкумского района