“Суармалы егiстiктi алқаптардың суарылмайтын түрiне ауыстыруға рұқсат беру” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

“Суармалы егiстiктi алқаптардың суарылмайтын түрiне ауыстыруға рұқсат беру” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 27 наурыздағы
№ 272 бұйрығына
17-қосымша
“Суармалы егiстiктi алқаптардың суарылмайтын түрiне ауыстыруға рұқсат беру” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Ескерту. Стандарттың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 21.01.2016 № 24 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Жалпы ережелер
1. “Суармалы егiстiктi алқаптардың суарылмайтын түрiне ауыстыруға рұқсат беру” мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 21.01.2016 № 24 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2. Мемлекеттік қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті облыстардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) аудандардың жергілікті атқарушы органдарының кеңсесі;
www.egov.kz “электрондық үкімет” веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар пакетін тапсырған күннен бастап – 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық еместігі анықталған жағдайда көрсетілген қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қарастырудан жазбаша дәлелді бас тартады;
2) құжаттар пакетін тапсыру үшін кезек күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;
3) құжаттарды алу кезінде кезекте күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің суармалы егiстiктi алқаптардың суарылмайтын түрiне ауыстыру шешімі (бұдан әрі рұқсат) туралы қаулысы не осы стандарттың 9-1-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық.
Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілген қызметті алушының “жеке кабинетіне” көрсетілген қызмет берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлы қол (ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында жолданады.
Мемлекеттік көрсетілген қызметті алу үшін көрсетілген қызметті алушы қағаз жеткізгіште жүгінген жағдайда көрсетілген қызметтің нәтижесі электрондық форматта ресімделеді және басып шығарылады.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 20.07.2016 № 318 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес мереке және демалыс күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Өтініштер қабылдау және мемлекеттік көрсетілген қызметтің нәтижесін беру сағат 13.00-ден бастап 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден бастап 17.30-ға дейін.
Мемлекеттік қызмет кезек тәртібінде алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз көрсетіледі;
2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілген қзметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған жағдайда Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілген қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не уәкілетті тұлға; құзыретін растайтын құжат бойынша заңды тұлға; нотариалды расталған сенімхат бойынша жеке тұлға) көрсетілген қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
көрсетілетін қызметті берушіге:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
3) құрамында ауыл және су шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі орталық уәкілетті органдарының тиісті келісімдері мен қорытындылары бар, суармалы жерлерді суарылмайтынға ауыстыру бөлігіндегі тұжырымдары және ұсыныстары бар түсiндiрме жазба;
4) суарылатын егістікті суарылмайтын алқап түріне ауыстыру көзделген жерлердің экспликациясы;
5) суарылмайтын жерлерге ауыстыру көзделген суармалы жерлердің орналасқан жерін, олардың алаңын, пайдалану түрін, ауыстыру себебін көрсете отырып, далалық қарап тексеру актiсi және келісетін мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері мен осы жерлердің барлық мүдделі уәкілетті жер пайдаланушылары (иелері) қол қойған, анықталған суарылатын жерлерді көрсете отырып, далалық қарап тексеру актісі;
6) суарылмайтын жерлерге ауыстыруға жататын суарылатын жерлердің сапалық сипаттамасы;
7) жалпы теңгерімділік құны мен тозу сомасын көрсете отырып, негізгі мелиоративтік қорларды одан әрі пайдалануға жарамсыздығы туралы актіні қоса бере отырып, суландыру желісінің техникалық жай-күйі туралы мәліметтер.
порталда:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық өтінім;
2) құрамында ауыл және су шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі орталық уәкілетті органдарының тиісті келісімдері мен қорытындылары бар, суармалы жерлерді суарылмайтынға ауыстыру бөлігіндегі тұжырымдары және ұсыныстары бар түсiндiрме жазбаның электрондық көшірмесі;
3) суарылатын егістікті суарылмайтын алқап түріне ауыстыру көзделген жерлердің экспликациясының электрондық көшірмесі;
4) суарылмайтын жерлерге ауыстыру көзделген суармалы жерлердің орналасқан жерін, олардың алаңын, пайдалану түрін, ауыстыру себебін көрсете отырып, далалық қарап тексеру актiсiнің электрондық көшірмесі және келісетін мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері мен осы жерлердің барлық мүдделі уәкілетті жер пайдаланушылары (иелері) қол қойған, анықталған суарылатын жерлерді көрсете отырып, далалық қарап тексеру актісінің электрондық көшірмесі;
5) суарылмайтын жерлерге ауыстыруға жататын суарылатын жерлердің сапалық сипаттамасының электрондық көшірмесі;
6) жалпы теңгерімділік құны мен тозу сомасын көрсете отырып, негізгі мелиоративтік қорларды оның әрі пайдалануға жарамсыздығы туралы актіні қоса бере отырып, суландыру желісінің техникалық жай-күйі туралы мәліметтердің электрондық көшірмесі.
Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші “электрондық үкімет” шлюзы арқылы арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.
Көрсетілген қызметті алушыдан барлық қажетті құжаттарды алған кезде:
көрсетілген қызметті берушіге – қағаз жеткізгіште өтініштің қабылданғанын растаушы құжат пакетінің қабылданған күні мен уақыты көрсетіліп, кеңсеге тіркелгені туралы белгі соғылған көшірме болып табылады;
порталда – “жеке кабинетке” мемлекеттік қызмет көрсетуге сауалдың қабылданғаны туралы хабар жіберіледі, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілген қызмет нәтижесін алатын күн мен уақыты көрсетілген хабарлама жолданады.
9-1. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға арналған негіздер:
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;
2) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажет етілетін келісу туралы сұранымға уәкілетті мемлекеттік органның теріс жауабы;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айрылған болуы болып табылады.
Ескерту. 2-тарау 9-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 20.07.2016 № 318 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін
қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілген қызметті берушінің басшысының атына, Министрліктің мекенжай бойынша беріледі: Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй.
Шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
Шағымды көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның екінші данасында немесе оған ілеспе хатта қойылады) шағымның қабылдағанын растау болып табылады.
Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша не порталда алуға болады.
Портал арқылы электрондық түрде жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға “жеке кабинетінен” өтініш туралы оны өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылатын ақпарат қолжетімді болады.
Шағымда:
1) жеке тұлға үшін – оның тегі, аты, әкесінің аты, пошталық мекенжайы;
2) заңды тұлға үшін – оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап пошта байланысы арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Портал арқылы электрондық түрде жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға “жеке кабинетінен” өтініш туралы оны өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылатын ақпарат қолжетімді болады.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте сотқа жүгінуге құқығы бар.
4. Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда
көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері
ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Министрліктің www. economy.gov.kz интернет-ресурсында;
2) көрсетілетін қызметті берушінің ғимараттарындағы стенділерде орналастырылған.
13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.
14. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 74-21-98. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы 1414.
“Суармалы егiстiктi алқаптардың
суарылмайтын түрiне ауыстыруға
рұқсат беру” мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
қосымша
нысан
_____________________________________
ауданының (облыстық маңызы бар
____________________________________
қаланың) әкімі (Т.А.Ә. (ол болған кезде)
_____________________________________
(жеке тұлғаның Т.А.Ә. (ол болған кезде)
_____________________________________
не заңды тұлғаның толық атауы)
_____________________________________
(ЖСН (БСН), жеке немесе заңды тұлғаның
_____________________________________
жеке басын куәландыратын құжаттың
_____________________________________
деректемелері, байланыс телефоны,
____________________________________
мекенжайы)
Өтініш
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 21.01.2016 № 24 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
_________________________________________________бойынша орналасқан,
(жер учаскесінің мекенжайы (орналасқан орны)
жер учаскесінің нысаналы мақсаты _______________________, кадастрлық нөмір _____________, алаңы _____________ гектар суармалы егістікті алқабын_____________________________________байланысты суарылмайтын
(ауыстыру қажеттілігінің себебін көрсету)
түріне ауыстыруыңызды сұраймын.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Өтініш беруші _________________________________________________
(жеке тұлғаның Т.А.Ә. (ол болған кезде) немесе заңды тұлғаның не уәкілетті тұлғаның атауы, қолы)

Соңғы жаңалықтар

Телефон қабылдау

8 (00000) 0 00 00