100%200%
Мойынқұм ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша ауданда атқарылған жұмыстар

     

    Мойынқұм ауданында 2018 жылдың 6 айында  сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылған жұмыстары туралы анықтама

     

     

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» №234 қаулысын іске асыру мақсатында ауданда осы бағытта атқарылатын іс жоспары бекітілген. Сонымен қатар, Мойынқұм ауданы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған 2018 жылға арналған кешенді әлеуметтік-мәдени іс-шаралар жоспары бекітіліп, өз кезегінде орындалуы қадағаланып отырады. Мойынқұм ауданы әкімдігі жанынан Қазақстан               Республикасының 2015-2025 жылдарға  арналған  сыбайлас     жемқорлыққа        қарсы стратегиясының    іске  асырылуына сыртқы      талдау    және        бағалау  жөніндегі     арнайы    мониторингтік  топ құрылған. Аталған топ «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесімен бірлесіп, аудан әкімдігінің жер қатынастыр бөлімінде  сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын, сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру бойынша 2017 жылы атқарылған жұмыстары бойынша есебін тыңдалып және мемлекеттік қызметті көрсету барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ  Жамбыл облысы бойынша филиалы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Мойынқұм аудандық бөлімінде Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға  арналған  сыбайлас     жемқорлыққа        қарсы стратегиясының    іске  асырылуына сыртқы      талдау    және        бағалау  жұмыстары жүргізілді.

    Ауданда сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру мақсатында аудан әкімінің ресми сайтында (http://moinkum.zhambyl.kz/) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері» атты жеке бөлім ашылған. Ашылған бөлім:   «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша ауданда атқарылған жұмыстар туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі аудандық комиссияның жұмысы туралы», «Үкіметтік емес ұйымдардың атсалысуы», «Мақалалар, баннерлер», «Акция «Өзіңнен баста», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия және заңнамалар»- атты 5 тараудан тұрады.  Аудан көлемінде іс-шаралар жоспарын орындау барысында атқарылған жұмыстар бойынша мәліметтер осы бөлімге енгізілуде.

    Аудандық «Мойынқұм таңы» газетінен арнайы «Жемқорлық жегі құрт» атты айдар ашылған.

    Есепті жылдың арнайы айдарымен (Келеңсіз құбылысқа жол берілмейді 2018 жыл 23 ақпан №20), (Жемқорлықпен күрес жүйелі жүргізілуде 2018 жыл 17 сәуір №35), (Жемқорлыққа қарсы саясаттың оң нәтижесі 2018 жыл 10 сәуір №33), (Жұмыла күресер кез келді №34 2018 жылы 13 сәуір), (Сыбайлас жемқорлықпен күрес көптің ісі 06.04.2018 ж №32), (Жемқорлық жегі құрт 20.03.2018 ж №28), (Жемқорлыққа жол жоқ 29.05.2018 жыл №46), (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл 01.06.2018 жыл №47) 8-мақала жарық көрді.

    Аудан орталығында «Біздің міндет халыққа қызмет» және «Жемқорлық фактілерімен кездескен жағдайда», «Парақорлық- балалардың арманын ұрлау», «Парасыз қоғам – ұлт болашағы» тақырыптарында 4 баннерлер орналастырылған.

    Сонымен қатар Мойынқұм ауданындағы мемлекеттік органдар ғимараттарында және халық көп шоғырланатын орындарда сыбайлас жемқорлыққа  қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында ақпараттық жадынамалар (А4 форматта) орналастырылған.

    Ауданда 2018 жылдың 6 айында аудандық прокуратура және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, аудан әкімдігінің бөлім, ауылдық  округ әкімі аппараттары қызметкерлерінің қатысуымен ҚР «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар туралы», ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы», ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңдарының негізгі бағыттарын және басқа да нормативтік құқықтық актілерді талқылау-түсіндіру  мақсатында 2 семинар-кеңес, 3-дөңгелек үстел отырыстары ұйымдастырылды,  5 -құқықтық  дәріс оқылды.

    Аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруы мен 2018 жылдың 6 айында 5 ісшара өткізілді. Атап айтқанда  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл», «Жемқорлықтың алдын-алу шаралары», «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты ескерту және алдын алу», «Сыбайлас жемқорлықпен күрес-ортақ іс», «Сыбайлас жемқорлық-заман дерті».

    Статистикалық мәліметке сүйенсек 2018 жылдың 6 айында сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтар тіркелмеген.

    Бұл бағыттағы жұмыстар қатаң бақылауға алынған.

    Мойынқұм ауданы бойынша

    Сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылымыстық іс-әрекеттер
      2014 жыл 2015 жыл 2016 жыл 2017 жыл 2018 жылы
    Барлығы 5 адамға

    5 қылмыс

    4 адамға

    4 қылмыс

    4 адамға

    5 қылмыс

    5 адамға

    8 қылмыс

    Қылмыс тіркелмеген
    – Бөлім басшыларының саны 1 қылмыс қозғалған

    (Аудан әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы)

    3 бөлім басшысына

    3 қылмыс қозғалған

    (Аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы, «Жұмыспен қамту» орталығының директоры, Аудан әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы)

     

     2 бөлім басшысына 2 қылмыс қозғалған

    (Аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлмінің бұрынғы басшысы, Аудан әкімдігінің сәулет, қалақұрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы)

     
    – Ауылдық округ, ауыл әкімдер саны 2 округ әкіміне

    2 қылмыс (Хантау, Шығанақ ауылдық округ әкімдеріне)

     
    -Ауылдық округ ауыл әкімдерінің және бөлімдердің мамандар саны 4 маманға

    4 қылмыс қозғалған

    (Ұланбел, Қызылотау, Қарабөгет, Хантау ауылдық округі әкімдерінің жетекші маман-қарыжы агенті)

    1 маманға

    1қылмыс қозғалған

    (Аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы)

     

    2 маманға

    5 қылмыс қозғалған

    (Мойынқұм ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы мен Қылышбай, Хантау ауылдық округ әкімінің бас есепшілеріне,

     
    -АІІБ ЖПҚ (УПИ) 2 УПИ

    3 қылмыс қозғалған

     
    -Мектеп директорлар саны       1 қылмыс қозғалған

    (Ленин атындағы орта мектептің директоры)

     

     
    Сыйбайлас жемқорлық бойынша құқық бұзушылықтар
      2014 жыл 2015 жыл 2016 жыл 2017 жыл 2018 жылы
    Барлығы 11 адам 15 адам 2 адам 1 адам Құқық бұзушылық орын алмаған
    – Бөлім басшыларының саны 2

    (Аудан әкімдігінің ветеринария және ауылшаруашылық бөлімдерінің басшылары)

    2

     (Аудан әкімі аппаратының басшысы және аудан әкімі аппаратының персенолды басқару бөлімшесінің басшысы)

     
    – Ауылдық округ, ауыл әкімдер саны 1

    (Қызылотау ауылдық округ әкімі)

     
    -Ауылдық округ ауыл әкімдерінің және бөлімдердің мамандар саны 2

     (Аудан әкімдігінің қаржы бөлімінің сектор меңгерушісі және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы)

    11

     (Жамбыл, Бірлік, Кеңес,Ақбақай, Ақсүйек, Мирный, Биназар, Мойынқұм, Қылышбай, Қызылотау, Хантау ауылдық округ, ауыл әкімдерінің мамандары)

    2

    (Аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы және Қызылтал ауылдық округі аппаратының бас есепшісі)

     
    -АІІБ ЖПҚ (УПИ)  
    -Мектеп директорлар саны 3

     (Аудан әкімдігінің білім бөлімінің Қ.Рысқұлбеков, Амангелді, М.Әуезов атындағы орта мектептерінің директорлары)

    2

    (Аудан әкімдігінің білім бөлімінің Қ.Сәтбаев және Қашқантеңіз мектептерінің директорлары)

       
    -Балабақша меңгерушілері 4

     ( Аудан әкімдігінің білім бөлімінің «Балбөбек», «Балдәурен», «Бөбек», «Балауса» балабақшаларының меңгерушілері)

     

    «Жастар- жемқорлыққа қарсы » атты  өткізілген акцияның

    АҚПАРАТЫ

          9 желтоқсан Дүниежүзілік жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай  «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын» іске асыру, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік орта қалыптастыру мақсатында «Жастар орталығы» КММ «Жас Отан» Жастар қанатымен бірлесе отырып №8 Мойынқұм колледжі жастарымен  «Жастар- жемқорлыққа қарсы » атты акциясы өткізілді.

    Бұл атаулы шараны «Жастар орталығы» КММ директоры Е.Абасов  жүргізді.

    Шара барысында Сыбайлас жемқорлықтың жиі бой көрсететін, ең қауіпті түрі-парақорлық. Бірінші кезекте пара берудің себептерін, пара алудың жағдайларын түп-тамырын жою үшін қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет. Яғни пара беру де, пара алу да пайдалы болмайтындай, үлкен қылмыс ретінде саналатындай жағдай, қоғамдық сана қалыптасуы қажет. Парақорлық мемлекеттік аппараттың қалыпты қызмет етуіне бөгет болып, билік және басқару органдарының беделіне нұқсан келтіреді, заңдылық қағидаларын жоққа шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделеріне қысымшылық жасайды деп атап өтті. Аталмыш акцияда сөз алған Шу аймағы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы басқармасының консультанты Мадяров Дамир Машарипұлы жастарға жемқорлықты емдемес бұрын аурудың пайда болу, даму, таралу жолдарын біліп, дерттің қозуына қолайлы жағдай тууына жол бермеуді, ол үшін бұл ауруға қоғам болып қарсы тұруға шақырды. Мойынқұм колледжінің директоры Дәурен Кенжебеков  сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп, жастарға ой салып осы кеселден аулақ болуға шақырды. Аталмыш акцияның соңы жастардың флешмобымен аяқталды.

     

    «2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын» орындау,жастар арасында кеңінен насихаттауға арналған кездесудің

    ХАТТАМАСЫ

    Мойынқұм ауылы                                                                  05.08.2015 ж

    Қатысушылар саны -40

    Төрағалық еткен: Б.Есеев –аудан әкімінің орынбасары

    Қатысушылар: ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің Шу аймағы бойынша басқармасының консультанты Мадяров Дамир Машарипұлы, «Жастар орталығы» КММ қызметкерлері, «Жас Отан» Жастар Қанатының мүшелері.

    Күн тәртібі: «2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын» орындау,жастар арасында кеңінен насихаттау.  

    Тыңдалды: Мадяров Дамир Машарипұлы– ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің Шу аймағы бойынша басқармасының консультанты.

    Есеев Бақытжан Жапарұлы- Аудан әкімінің орынбасары.

    Жарыссөз:

    М.Сейдалиев– «Нұр Отан» партиясы Мойынқұм аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары

    Е.Абасов –«Жастар орталығы» КММ директоры

    А.Алимбетов– Жас маман

    Күн тәртібіндегі мәселе толығымен қаралды. Кездесу барысында арнайы сауалнама  толтырылып, слайд көрсетілді.

     

    Жиналыс төрағасы                                                 Б.Есеев

    Хатшы                                                                      Е.Абасов

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Мойынкумского района