100%200%
Мойынқұм ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі аудандық комиссияның жұмысы туралы

    Мойынқұм ауданында 2017 жылдың 12 айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылған жұмыстары туралы анықтама

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» №234 қаулысын іске асыру мақсатында ауданда осы бағытта атқарылатын іс жоспары бекітілген. Сонымен қатар, Мойынқұм ауданы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған 2017 жылға арналған кешенді әлеуметтік-мәдени іс-шаралар жоспары бекітіліп, өз кезегінде орындалуы қадағаланып отырады.
    Ауданда сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру мақсатында аудан әкімінің ресми сайтында (http://moinkum.zhambyl.kz/) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері» атты жеке бөлім ашылған. Ашылған бөлім: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша ауданда атқарылған жұмыстар туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі аудандық комиссияның жұмысы туралы», «Үкіметтік емес ұйымдардың атсалысуы», «Мақалалар, баннерлер», «Акция «Өзіңнен баста», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия және заңнамалар»- атты 5 тараудан тұрады. Аудан көлемінде іс-шаралар жоспарын орындау барысында атқарылған жұмыстар бойынша мәліметтер осы бөлімге енгізілуде.
    Аудандық «Мойынқұм таңы» газетінен арнайы «Жемқорлық жегі құрт» атты айдар ашылған.
    Есепті жылдың арнайы айдарымен (Жемқорлыққа жоқ өріс 2017 жыл 3 наурыз №22), (Жемқорлық қауіпті құбылыс 2017 жыл 17 наурыз №26), (Жемқорлыққа қарсы мекемемен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды 2017 жыл 14 сәуір №34), (Сыбайлас жемқорлық – қоғамның өзекті дерті 21.04.2017ж. №36), (Мақсат-сыбайлас жемқорлықты жою 23.05.2017ж №43), (Жемқорлықпен күресу әрбір азаматтың борышы 16.06.2017ж. №50), (Жемқорлыққа жол берілмейді 27.06.2017ж. №53, Қандай әрекеттер жемқорлыққа жатады 24.11.2017 ж №96),8-мақала жарық көрді.
    Аудан орталығында «Біздің міндет халыққа қызмет» және «Жемқорлық фактілерімен кездескен жағдайда», «Парақорлық- балалардың арманын ұрлау», «Парасыз қоғам – ұлт болашағы» тақырыптарында баннерлер орналастырылған.
    Сонымен қатар Мойынқұм ауданындағы мемлекеттік органдар ғимараттарында және халық көп шоғырланатын орындарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында ақпараттық жадынамалар (А4 форматта) орналастырылған.
    Ауданда 2017 жылдың 12 айында аудандық прокуратура және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, аудан әкімдігінің бөлім, ауылдық округ әкімі аппараттары қызметкерлерінің қатысуымен ҚР «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар туралы», ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы», ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңдарының негізгі бағыттарын және басқа да нормативтік құқықтық актілерді талқылау-түсіндіру мақсатында 4 семинар-кеңес, 6-дөңгелек үстел отырыстары ұйымдастырылды, 12-құқықтық дәріс оқылды.
    2017 жылғы наурыз айында «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысында, аудан әкімі аппаратының сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын, сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру бойынша 2016 жылы атқарылған жұмыстары бойынша мемлекеттік-құқықтық бөлімшесімен есеп беріліп, жергілікті басылымда жарияланды.
    Ауданның барлық мемлекеттік мекемелерінде сенім телефондары орнатылған. Сенім телефондарының нөмірлері жергілікті «Мойынқұм таңы» газетінде тоқсан сайын жарияланып тұрады. Берілген есептік мерзімде аудан әкімдігінің бөлімдері мен ауыл, ауылдық округ әкімі аппараттарында орнатылған сенім телефондарына аудан тұрғындарынан өтініш арыздар түспеген. Барлық мекемелерде сенім телефондарына түсетін өтініш-арыздарды тіркеуге арнайы журналдар ашылған. Аталған мекемелердің ғимараттарында жеке және заңды тұлғалардың өтініш арыздарына арнайы жәшіктер орнатылған.
    Есептік мерзімде 5 тұлғаға қатысты– 8 сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыс орын алған:
    Аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маман–есепшісі және Қылышбай ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы (бас есепшісі) Г.Мукашеваға бүгінгі таңда 4 қылмыстық іс жүргізілуде.
    1. ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабының 2 бөлігінің 3 тармақшасы (Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу), 2-рет;
    2. 190 бабының 2 бөлігінің 3 тармақшасына, (Алаяқтық)
    3. Осы тұлғаға 361 бабының 1 бөлігіне сәйкес (Лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану).
    Хантау ауылдық округ әкімі М.Абдикеримовке
    4. ҚР Қылмыстық кодексінің 189 бабтың 2 бөлігінің 3 тармақшасына (Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу) сәйкес қылмыстық іс қозғалуда.
    5. Хантау ауылдық округ әкімі аппаратының бас есепшісі С.Самалдыковаға ҚР ҚК 361 бабының 1 бөлігіне сәйкес (Лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалануқылмыстық іс қозғалған.
    6. Шығанақ ауылдық округі әкімі В.Жунусоваға ҚР ҚК 366 бабының 1 бөлігіне сәйкес (пара алу)қозғалған.
    7. Аудан әкімдігінің білім бөлімінің Ленин атындағы орта мектебінің директоры Л.Спанбековаға ҚР Қылмыстық кодексінің 190 бабының 3 бөлігімен (екі немесе одан да көп адамға қатысты жасалған алаяқтық) қылмыстық іс қозғалған.
    2016 жылдың осы мерзімінде 3 тұлға қатысты 4 қылмыстық іс орын алған болатын:
    1. Мойынқұм аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметінің УПИ полиция аға лейтенанты А.Туганбаевқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 362 бабының 2 бөлігі бойынша 2 қылмыстық іс қозғалған. Атап айтқанда, 04.03.2016 жылы азамат М.Абданбаевтан 50 мың теңге алу бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 362 бабының 2 бөлігімен (билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану) іс қозғалған, 16.03.2016 жылы азамат Б.Муратбековтан 20 мың талап еткені бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190 бабының 3 бөлігімен (екі немесе одан да көп адамға қатысты жасалған алаяқтық) қылмыстық іс қозғалған.
    2. Аудандық ішкі істер бөлімінің әкімшілік полиция бөлімінің аға инспекторы Р.Бельгимбаевқа 16.03.2016 жылы азамат Х.Полатовтан 100 мың теңге талап еткені үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 361 бабының 2 бөлігімен (лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану) қылмыстық іс қозғалып жұмыстан босатылған.
    3. Аудан әкімдігінің сәулет, қалақұрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы М.Қожахметовке Мемлекеттік фукцияларды орындауға лауазымды адам бола тұра пара берушінің пайдасына өзінің қызметтік өкілеттігіне кіретін әрекеттерді жасау үшін делдал арқылы пара алғаны үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 366 бабының 1 бөлігімен (пара алу)қылмыстық іс қозғалып жұмыстан босатылған.
    2017 жылғы осы мерзімде сыбайлас жемқорлық сипатындағы 1 құқықбұзушылық орын алған:
    1. Қызылотау ауылдық округінің әкімі А.Сарышөкенге:
    ҚР мемлекеттік қызметі туралы Заңының 50 бап, 1тармағының 4), 5) тармақшаларына сәйкес (мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық)
    ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің 2017 жылғы 18 сәуірдегі №3-4/12 шешімінің негізінде аудан әкімінің 2017 жылғы 21 сәуірдегі № 163ө өкімімен жұмыстан босатылды.
    2016 жылы 2 сыбайлас құқықбұзушылық орын алған болатын:
    1. Аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Садуов Жандос Адилхановичке Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 4 бабының 1 тармағының 60) тармақшасын бұзғаны (егер біртекті тауарлар, көрсетілетін қызметтердің құндық мәндегі жылдық көлемі жүз еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспаса, біртекті тауарларды, қызметтерді сатып алынады делінген ал бұл: 300 мың теңгені мемлекеттік сатып алу порталына салмай бір көзден сатып алу бойынша мердігермен келісім шарт жасағаны үшін яғни) үшін Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 44 бабының 3 тармағының 4) тармақшасына сәйкес қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолданылған.
    2. Қызылтал ауылдық округі әкімі аппаратының бас есепшісі Мусалимайева Гульназ Джанысовнаға Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 5 бабының 3 тармағын бұзғаны үшін ((Мемлекеттік сатып алу порталына көрсетілетін қызметтерді және жұмыстарды, сатып алынатын тауарларды қосымша құн салығымен бірге соммаларын жариялап отырған) Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 44 бабының 3 тармағының 4) тармақшасына сәйкес қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолданылған.
    Бұл бағыттағы жұмыстар қатаң бақылауға алынған.

     

    Сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылымыстық іс-әрекеттер
      2014 жыл 2015 жыл 2016 жыл 2017 жылдың

    11 айы

    Барлығы 5 адамға

    5 қылмыс

    4 адамға

    4 қылмыс

    4 адамға

    5 қылмыс

    4 адамға

    8 қылмыс

    – Бөлім басшыларының саны 1 қылмыс қозғалған 3 бөлім басшысына

    3 қылмыс қозғалған

     2 бөлім басшысына 2 қылмыс қозғалған
    – Ауылдық округ, ауыл әкімдер саны 2 округ әкіміне

    2 қылмыс

    -Ауылдық округ ауыл әкімдерінің және бөлімдердің мамандар саны 4 маманға

    4 қылмыс қозғалған

    1 маманға

    1қылмыс қозғалған

    2 маманға

    5 қылмыс қозғалған

    -АІІБ ЖПҚ (УПИ) 2 УПИ

    3 қылмыс қозғалған

    -Мектеп директорлар саны       1 қылмыс қозғалған
    Сыйбайлас жемқорлық бойынша құқық бұзушылықтар
    Барлығы 11 адам 15 адам 2 адам 1 адам
    – Бөлім басшыларының саны 2 2
    – Ауылдық округ, ауыл әкімдер саны 1
    -Ауылдық округ ауыл әкімдерінің және бөлімдердің мамандар саны 2 11 2
    -АІІБ ЖПҚ (УПИ)
    -Мектеп директорлар саны 3 2  
    -Балабақша меңгерушілері 4

     

      Мойынқұм ауданында сыбайлас жемқорлыққа

    қарсы  күрес мәселелері бойынша аудандық

    комиссия мәжілісінің

    № 2  Х А Т Т А М А С Ы

     

     

     

    Мойынқұм ауылы                                                                  21 қыркүйек 2016 жыл

     

     

    Төрағалық еткен: Аудан әкімі Б.Нүркенов, комиссия төрағасы

     

    Қатысқандар: С.Оразымбетов, Т.Жаманкулов, Н.Әділов, А.Зәуірбеков, С.Әбілов, Н.Құмғанбаев, Б.Ибраев.

    Шақырылғандар: Аудан әкімдігінің экономика және жоспарлау бөлімінің басшысы С.Төлегенов, аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысының міндетін атқарушысы Б.Әлімбетов

     

    К  Ү Н   Т Ә Р Т I Б I:

     

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015 – 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 2016 жылдың 8 айында орындалуы туралы.

     

    Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудан әкімі сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының Мойынқұм ауданында 2016 жылдың 8 айында атқарылған жұмыстарын, яғни аудан әкімдігінің бөлімдері мен ауылдық округ, ауыл әкімдері аппараттарының қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша біліктіліктерін арттыру, сонымен қатар жауаптылықтарын күшейту мәселері талқыға салды.

    Күн тәртібіндегі мәселелерді талқылай келе Мойынқұм ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша аудандық комиссия (бұдан әрі комиссия) тиісті әкімшілік аумақтық бірлік шегінде мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы қызметін үйлестіруді қамтамасыз ететін консультативтік кеңесші орган ретінде  аудандық комиссия  ШЕШІМ ЕТЕДІ:

    1. Аудан әкімдігінің бөлімдері мен ауылдық округ, ауыл әкімдері:

    – Нормативтік құқықтық актілерді даярлау кезінде, актілерді қабылдау кезінде, (бұйрық, өкім, шешім) міндетті түрде, аудан әкімі аппаратының басшысы мен аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімшесіне тексерту және тұрақты түрде кеңес (консультация) алынсын;

    – Аудан әкімдігінің бөлімдері мен ауылдық округ, ауыл әкімі аппараттарының ғимараттарында қол жетімді етіп, Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру  және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралары туралы стенд 2016 жылдың 30 қыркүйегіне ілінсін;

    – алдағы уақытта кемшіліктерге жол бермеу жөнінде шаралар қабылдап, мемлекеттік қызметкерлердің қолданыстағы заңнама нормаларын сақтауын және қызметтік міндеттерін тиісті дәрежеде орындауларына қатаң бақылау жүргізуді;

    – Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының толық орындалуын қамтамасыз етсін;

    – бұқаралық ақпарат құралдарында мақалалар жариялауды, дөңгелек үстелдер, конференциялар, дәрістер, семинарлар, бринфингтер өткізу практикасын жалғастыруды;

    – сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша аудандық комиссияның хаттамалық шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етсін.

    1. Аудан әкімдігінің қаржы бөлімі мен аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімшесіне:

    -Аудан әкімдігінің бөлімдерінің басшылары мен қызметкерлері және ауылдық округ, ауыл әкімдері мен  тиісті жауапты мамандарына мемлекеттік сатып алу Заңнама саласы бойынша дәрістер оқытып, нәтижесі бойынша тестілеу жұмыстарын жүргізсін.

    1. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімшесіне жүктелсін.

     

     

     

              Комиссия төрағасы                                                            Б.Нүркенов  

               

     

     

            Комиссия  хатшысы                                          Т.Жаманкулов

     

     

     

     

    Мойынқұм ауданында сыбайлас жемқорлыққа

    қарсы  күрес мәселелері бойынша аудандық

    комиссия мәжілісінің

    № 1  Х А Т Т А М А С Ы

     

     

     

    Мойынқұм ауылы                                                                  03 мамыр 2016 жыл

     

     

    Төрағалық еткен: Аудан әкімі Б.Нүркенов, комиссия төрағасы

     

    Қатысқандар: С.Оразымбетов, Р.Аманғазиева, Т.Жаманкулов, Н.Әділов, А.Зәурбеков, С.Әбілов, Н.Құмғанбаев, Н.Нұрхожаев.

    Шақырылғандар:

    Аудан әкімдігінің бөлім басшылары, ауылдық  округ, ауыл әкімдері, мекеме басшылары.

     

     

    К  Ү Н   Т Ә Р Т I Б I:

     

     

    1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015 – 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 2016 жылдың 1 тоқсанында орындалуы туралы.

     

    Хабарламашы: аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімшесінің басшысы Р.Аманғазиева.

    Күн тәртiбiндегi мәселе бойынша есеп бергендер:

    Аудан әкімдігінің жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарлама бөлімінің басшысы С.Сатылғанов

    Бірлік ауылдық округ әкімі Т.Мұсақұлов

    Күн тәртібіндегі мәселелерді талқылай келе Мойынқұм ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша аудандық комиссия (бұдан әрі комиссия) тиісті әкімшілік аумақтық бірлік шегінде мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы қызметін үйлестіруді қамтамасыз ететін консультативтік кеңесші орган ретінде  аудандық комиссия  ШЕШІМ ЕТЕДІ:

    1. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша, Мойынқұм ауданыны әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімшесінің басшысы Р.Аманғазиеваның хабарламасы назарға алынсын.
    2. Аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөліміне:

    Алдағы комиссия отырысына аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөлімінде көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттері бойынша есеп берілсін.

    1. Аудан әкімдігінің бөлімдері мен ауылдық округ, ауыл әкімдері:

    – алдағы уақытта кемшіліктерге жол бермеу жөнінде шаралар қабылдап, мемлекеттік қызметкерлердің қолданыстағы заңнама нормаларын сақтауын және қызметтік міндеттерін тиісті дәрежеде орындауларына қатаң бақылау жүргізуді;

    – Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының толық орындалуын қамтамасыз етсін;

    – саяси партиялармен және қозғалыстармен бірлесе отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта қоғамдық тыңдаулар, акциялар және іс-шаралар өткізуді;

    – бұқаралық ақпарат құралдарында мақалалар жариялауды, дөңгелек үстелдер, конференциялар, дәрістер, семинарлар, бринфингтер өткізу практикасын жалғастыру;

    – сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша аудандық комиссияның хаттамалық шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етсін.

    1. 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімшесіне жүктелсін.

     

     

     

                   Комиссия төрағасы                                            Б.Нүркенов  

               

     

     

                   Комиссия  хатшысы                                          Т.Жаманкулов

     

     

     

     

           

     

     

    « Б Е К І Т Е М І Н»

    Аудан әкімі

    ______________ Б.Нүркенов

                                                                                                                        « _____» _____________2016 жыл

     

     

    Мойынқұм ауданы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған 2016 жылға арналған кешенді әлеуметтік – мәдени іс-шаралар жоспары

     

    Іс-шараның атауы Аяқталу нысаны Жауапты орындаушылар Орындалу мерзімі Қаржы мәселесі
    1 Білім мекемелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытына арналған сынып сағаттары Аудан әкімі аппаратына ақпарат Аудан әкімдігінің білім бөлімі және ауылдық округ, ауыл әкімдері Тоқсан сайын Қажет етпейді
    2 Жемқорлыққа «ЖОҚ» дейміз атты флешмоб өткізу Аудан әкімі аппаратына ақпарат Аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі Маусым айы Қажет етпейді
    3 Тұрғындардың құқықтық сауаттылығын артыру және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру Іс-шаралар Аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі Жыл ішінде Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде
    4 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті қалыптастыру бойынша конкурстық іс-шаралар ұйымдастыру Конкурс өткізу Аудан әкімдігінің бөлімдері, ауылдық округ, ауыл әкімдері Тамыз айы Жергілікті бюджет қаражаты шегінде
    5 «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» тақырыбында жастармен кездесулер өткізу Аудан әкімі аппаратына ақпарат Аудан әкімдігінің бөлімдері, ауылдық округ, ауыл әкімдері және жастар орталығы Тамыз айы Қажет етпейді
    6 «Жемқорлықсыз ел гүлденген ел!» жастар форумын өткізу Аудан әкімі аппаратына ақпарат Аудан әкімдігінің бөлімдері, ауылдық округ, ауыл әкімдері және жастар орталығы Қыркүйек Жергілікті бюджет қаражаты шегінде
    7 Орын алған сыбайлас жемқорлық көріністерінің барлық фактілеріне жариялылықты қамтамасыз ету Аудан әкімі аппаратына ақпарат Аудан әкімдігінің бөлімдері, ауылдық округ, ауыл әкімдері Үнемі Қажет етпейді
    8 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тиімділігін арттыру жолдары» тақырыбына дөңгелек үстел өткізу Аудан әкімі аппаратына ақпарат Аудан әкімдігінің бөлімдері, ауылдық округ, ауыл әкімдері және жастар орталығы Қараша Қажет етпейді
    9 «Сенім телефонынның», жеке және заңды тұлғалардың арыздары мен хаттарына арналған пошта жәшіктерінің оңтайлы жұмыс істеуін қамтамасыз ету Аудан әкімі аппаратына ақпарат Аудан әкімдігінің бөлімдері, ауылдық округ, ауыл әкімдері Үнемі Қажет етпейді
    10 Сыбайлас жемқорлыққа ұғымын және сыбайлас жемқорлықтың орын алу фактілері кездескен жағдайда азаматтардың әрекет ету тәртібін түсіндіретін ақпараттар орналастыру (ғимараттың көрнекі орнына) Ақпараттар орналастыру Аудан әкімдігінің бөлімдері, ауылдық округ, ауыл әкімдері Жыл ішінде Қажет етпейді
    11 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы билбордтар, керемелер дайындау және орналастыру Аудан әкімі аппаратына ақпарат Аудан әкімдігінің бөлімдері, ауылдық округ, ауыл әкімдері Жыл ішінде Жергілікті бюджет қаражаты шегінде
    12 Азаматтардың бойында ізгілікті тәрбие мен зиялылық қасиеттер қалыптастыру мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұратын азаматтық ар-намысты насихаттайтын тақырыптарда балаларға және ересектерге арналған, театрландырылған қойылымдарды дайындау Қойылымдар сахыналау Аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Жыл ішінде Қажет етпейді
    13 Жас ұрпақ бойына еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезім қалыптастыруға бағытталған көркем және деректі фильмдер көрсету (Елбасы Н.Назарбаев туралы «Отты өзен», «Теміртау», «Тығырықтан жол тапқан», «Көшпенділер», «Жаужүрек мың бала» т.б көркем фильмдер, «Батыр Бауыржан», «Әлия», «Мәншүк», Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында» т.б деректі фильмдер) Кино көрсету Аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Жыл ішінде Қажет етпейді
    14 Ғибадат үйлеріне келуші азаматтар арасында сыбайлас жемқорлықтың қоғамға кері әсері туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу Аудан әкімі аппаратына ақпарат Аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі Тұрақты Қажет етпейді
    15 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2011-2015 жылдарға арналған салалық бағдарламасын және 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы сратегиясының мақсаттары мен міндеттерін түсіндіру мақсатында елді мекендегі тұрғындардың алдында есеп беру Аудан әкімі аппаратына ақпарат Аудан әкімдігінің бөлімдері, ауылдық округ, ауыл әкімдері Тоқсан сайын Қажет етпейді
    16 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларды зерделеу бойынша дөңгелек үстелдер және семинарлар өткізу Аудан әкімі аппаратына ақпарат Аудан әкімдігінің бөлімдері, ауылдық округ, ауыл әкімдері Тоқсан сайын Қажет етпейді

     

     

       Мойынқұм ауданы бойынша 2015 жылдың 12 айында сыбайлас жемқорлық

     құқықбұзушылығын жасаған мемлекеттік қызметкерлері      ТІЗІМІ

     

    Р/с Аты жөні Лауазымы Бұзылған заң талабы Ұсыныс енгізген орган Қолданылған тәртіптік жаза
                                                                             

                                                                                   2015 жылдың  12 айы

     

    1 Оршыбек Әділет Дүйсенбекұлы

    09.02.1993 ж

    Жамбыл ауылдық округі аппаратының жетекші маманы ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 12 бабының 1 тармағының 10 тармақшасы (жеке және заңды тұлғалардың арыз-өтiнiштерiн қараудың және өз құзыретiне кiретiн өзге де мәселелердi шешудiң заңда белгiленген тәртiбiн әлденеше рет бұзу) Мойынқұм аудандық прокуратурасы Жамбыл ауылдық округі әкімінің 29.06.2015 жылғы №26 өкімі

    қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту

    2 Иманалиева Анар Тогаевна

    21.07.1962 ж

    Бірлік ауылдық округі аппаратының бас маманы ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 12 бабының 1 тармағының 10 тармақшасы (жеке және заңды тұлғалардың арыз-өтiнiштерiн қараудың және өз құзыретiне кiретiн өзге де мәселелердi шешудiң заңда белгiленген тәртiбiн әлденеше рет бұзу) Мойынқұм аудандық прокуратурасы Бірлік ауылдық  округі әкімінің

    29.06.2015 жылғы №26 өкімі

    қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту

    3 Кораласбаева Акбота  Асановна

    20.02.1991 ж

    Кеңес ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 12 бабының 1 тармағының 10 тармақшасы (жеке және заңды тұлғалардың арыз-өтiнiштерiн қараудың және өз құзыретiне кiретiн өзге де мәселелердi шешудiң заңда белгiленген тәртiбiн әлденеше рет бұзу) Мойынқұм аудандық прокуратурасы Кеңес ауылдық округі әкімінің

    29.06.2015 жылғы №33 өкімі

    қызметіне толық  сәйкес еместігі туралы ескерту

    4 Адилбекова Бактыгул Джорабаевна

    10.01.1964 ж

    Ақбақай ауылы әкімі аппаратының бас маманы ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 12 бабының 1 тармағының 10 тармақшасы (жеке және заңды тұлғалардың арыз-өтiнiштерiн қараудың және өз құзыретiне кiретiн өзге де мәселелердi шешудiң заңда белгiленген тәртiбiн әлденеше рет бұзу) Мойынқұм аудандық прокуратурасы Ақбақай ауылы әкімінің

    29.06.2015 жылғы №10 өкімі

    қызметіне толық  сәйкес еместігі туралы ескерту

    5 Умбеталина Балгул  Архарбаевна

     

    Ақсүйек ауылы әкімі аппаратының бас маманы ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 12 бабының 1 тармағының 10 тармақшасы (жеке және заңды тұлғалардың арыз-өтiнiштерiн қараудың және өз құзыретiне кiретiн өзге де мәселелердi шешудiң заңда белгiленген тәртiбiн әлденеше рет бұзу) Мойынқұм аудандық прокуратурасы Ақсүйек ауылы әкімінің 29.06.2015 жылғы №19 өкімі

    қызметіне толық  сәйкес еместігі туралы ескерту

    6 Молдабаев Досжан Оразбекович Мирный  ауылы әкімі аппаратының бас маманы ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 12 бабының 1 тармағының 10 тармақшасы (жеке және заңды тұлғалардың арыз-өтiнiштерiн қараудың және өз құзыретiне кiретiн өзге де мәселелердi шешудiң заңда белгiленген тәртiбiн әлденеше рет бұзу) Мойынқұм аудандық прокуратурасы Мирный ауылы әкімінің 29.06.2015 жылғы №24 өкімі

    қызметіне толық  сәйкес еместігі туралы ескерту

    7 Копбаев Канат Жапарович Биназар ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 12 бабының 1 тармағының 10 тармақшасы (жеке және заңды тұлғалардың арыз-өтiнiштерiн қараудың және өз құзыретiне кiретiн өзге де мәселелердi шешудiң заңда белгiленген тәртiбiн әлденеше рет бұзу) Мойынқұм аудандық прокуратурасы Биназар ауылдық  округі әкімінің

    29.06.2015 жылғы №30 өкімі

    қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту

    8 Умбеталиева Асет Конырбековна Мойынқұм ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 12 бабының 1 тармағының 10 тармақшасы (жеке және заңды тұлғалардың арыз-өтiнiштерiн қараудың және өз құзыретiне кiретiн өзге де мәселелердi шешудiң заңда белгiленген тәртiбiн әлденеше рет бұзу) Мойынқұм аудандық прокуратурасы Мойынқұм ауылдық  округі әкімінің

    29.06.2015 жылғы №43 өкімі

    қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту

    9 Кошеков Жанибек Балмуханович Мойынқұм аудан әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімшесінің басшысы ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 12 бабының 1 тармағының 3,4 тармақшасы 3)мемлекеттік қызметке тұратын және қызметін жоғарылататын кезде заңда көзделмеген артықшылықтар беру (тамыр-таныстық, отбасылық жақындық).

    4) шешiмдер әзiрлеу мен қабылдау кезiнде заңды және жеке тұлғаларға заңсыз артықшылық көрсету

    Мойынқұм аудандық прокуратурасы Аудан әкімінің 2015 жылғы 19.02.2015 жылғы №105  өкімі

    Қызметінен босатылған

    10 Баялиев Акылбай Баялиевич Мойынқұм аудан әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімшесінің басшысы ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 12 бабының 1 тармағының 3, 4 тармақшасы 3)мемлекеттік қызметке тұратын және қызметін жоғарылататын кезде заңда көзделмеген артықшылықтар беру (тамыр-таныстық, отбасылық жақындық).

    4) шешiмдер әзiрлеу мен қабылдау кезiнде заңды және жеке тұлғаларға заңсыз артықшылық көрсету

    Мойынқұм аудандық прокуратурасы Аудан әкімінің 2015 жылғы 19.02.2015 жылғы №107 өкімі

    Қызметінен босатылған

    11 Сқақов Жайдар Жолбасарұлы Қылышбай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 12 бабының 1 тармағының 10 тармақшасы (жеке және заңды тұлғалардың арыз-өтiнiштерiн қараудың және өз құзыретiне кiретiн өзге де мәселелердi шешудiң заңда белгiленген тәртiбiн әлденеше рет бұзу) Мойынқұм аудандық прокуратурасы Қылышбай ауылдық  округі әкімінің

    25.04.2015 жылғы өкімі №24

    қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту

    12 Егембердиева Күлбағира Қызылотау ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 12 бабының 1 тармағының 10 тармақшасы (жеке және заңды тұлғалардың арыз-өтiнiштерiн қараудың және өз құзыретiне кiретiн өзге де мәселелердi шешудiң заңда белгiленген тәртiбiн әлденеше рет бұзу) Мойынқұм аудандық прокуратурасы Қызылотау ауылдық  округі әкімінің

    25.09.2015 жылғы №26 өкімі

    қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту

    13 Малдыбаева Асемкул Естаевна Аудан әкімдігінің білім бөлімінің Қ.Сәтбаев атындағы орта мектебінің директоры ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 12 бабының 1 тармағының 10 тармақшасы (жеке және заңды тұлғалардың арыз-өтiнiштерiн қараудың және өз құзыретiне кiретiн өзге де мәселелердi шешудiң заңда белгiленген тәртiбiн әлденеше рет бұзу) Мойынқұм аудандық прокуратурасы Аудан әкімдігінің білім бөлімінің басшысының

    27.07.2015 жылғы №215 бұйрығыЖамбыл облысындағы тәртіптік кеңесінің №1-3-6/81 шешім негізінде

    қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту

    14 Абуова Каракоз Амангельдыевна Аудан әкімдігінің білім бөлімінің Қашқантеңіз бастауыш мектеп меңгерушісінің міндетін атқарушысы ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 12 бабының 1 тармағының 10 тармақшасы (жеке және заңды тұлғалардың арыз-өтiнiштерiн қараудың және өз құзыретiне кiретiн өзге де мәселелердi шешудiң заңда белгiленген тәртiбiн әлденеше рет бұзу) Мойынқұм аудандық прокуратурасы Аудан әкімдігінің білім бөлімінің басшысының

    27.07.2015 жылғы №215 бұйрығыЖамбыл облысындағы тәртіптік кеңесінің №1-3-6/81 шешім негізінде

    қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту

     

     

     

     

    Мойынқұм ауданы бойынша 2015  жылдың 12 айында қозғалған  сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстық істердің

                                                                                              ТІЗІМІ

     

    Р/с Аты – жөні

    туған күні, айы, жылы

    Атқаратын қызметі Қылмыстық іс қозғаған орган Бұзылған заң талаптары Нәтижесі
                                                                        

                                                                      2015 жылдың 12 айы

    1 Бейсебаев Бәкен Тұрарқұлұлы Аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Мойынқұм аудандық прокуратурасы  ҚР Қылмыстық Кодексінің 307 бабының 2 бөлігі (2014 жылдың шілде-желтоқсан айларында мекеме есепшісіне еңбек ақыдан бөлек ақы аударып отыруды тапсырып, мемлекетке 765 727 теңге материалдық зиян келтірген) Мойынқұм аудандық сотының 14 шілде 2015 жылғы 2- 28-15 санды үкімімен  2 жылға шартты жаза тағайындалған.

    /үкім заңды күшіне енбеген/

     

     

          

                             

     

     

     

     

    Мойынқұм ауданында сыбайлас жемқорлыққа

    қарсы  күрес мәселелері бойынша аудандық

    комиссия мәжілісінің

    № 3   Х А Т Т А М А С Ы

     

     

    Мойынқұм ауылы                                                                  26 қазан 2015 жыл

     

    Төрағалық еткен: Аудан әкімі Б.Нүркенов, комиссия төрағасы

     

    Қатысқандар: С.Оразымбетов, Р.Аманғазиева, Т.Жаманкулов, Ж.Орынбеков, С.Әбілов, С.Ибраимов.

    Шақырылғандар:

    Аудан әкімдігінің бөлім басшылары, ауылдық  округ, ауыл әкімдері, мекеме басшылары.

     

    К  Ү Н   Т Ә Р Т I Б I:

     

    1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015 – 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 2015 жылдың 9 айында орындалуы туралы.

     

    Хабарламашы: аудан әкімі аппаратының басшысы   С.Оразымбетов, аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімшесінің басшысы Р.Аманғазиева.

    Күн тәртібіндегі мәселелерді талқылай келе  аудандық комиссия мәжілісі ШЕШІМ ЕТЕДІ:

    1. 1. Аудан әкімі аппаратының басшысы С.Оразымбетовтың, аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқытық бөлімшесінің басшысы Р.Аманғазиеваның хабарламары назарға алынсын.
    2. 2. Аудан әкімдігінің бөлімдері мен ауылдық округ, ауыл әкімдерінің аппаратына,  аумақтық органдарының басшыларына (келісім бойынша):

    – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегисын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының толық орындау;

    – жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін заң нормаларының талаптарына сәйкес, мерзімінде қарауын қамтамасыз етуге;

    – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру мәселелерінде «Нұр Отан» партиясының филиалдары жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік Қоғамдық кеңестермен, өзге де қоғамдық ұйымдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен  өзара іс-қимыл жасауды күшейтуге;

    – профилактикалық шаралардың тиімділігін арттыру бойынша нақты жұмыстар атқаруды;

    – қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының профилактикасы бойынша жұмыстарды жан-жақты талдап, оның тиімділігін арттыру жөнінде қосымша шаралар қабылдауды;

    – атқарылған жұмыстардың нәтижелері туралы бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жариялауды қамтамасыз ету тапсырылсын;

    1. Аудан әкімдігінің жер қатынастар бөліміне:

    – жер қатынастары саласында автоматтандыруға жататын мемлекеттік қызметтердің тізбесін кеңейту мәселесін пысықтауды;

    – мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің базасын мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен және деректер базасымен интеграциялау жөніндегі жұмысты жалғастыруды;

    – жер учаскелерін өткізу оларға жалға алу құқығын беру бойынша аукциондар өткізу практикасын талдауды;

    – жер учаскелерін сатып алу, құрылыс жұмыстарына рұқсат алу тәртібі, сондай-ақ осы саладағы заңнаманы БАҚ арқылы түсіндіру жұмысын ұйымдастыруды;

    – өз бетімен басып алу және заңсыз салу фактілерін болдырмау мақсатында бос жер учаскелерін игеру және саяжайлық, бау-бақшалық қоғамдастықтарды кеңейту заңдылығының жүйелі мониторингін қамтамасыз ету тапсырылсын.

    1. Атқарылған жұмыстар туралы бір ай мерзім ішінде аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімшесіне жазбаша хабарлама беру   тапсырылсын.
    2. Қазақстан Республикасының қолданыстағы Заң нормаларын түсіндіру бойынша өткізілетін семинардың кестесін бекітіп, дәрістер, бринфингтерді тиісті деңгейде өткізуді қамтамасыз ету аудан әкімі аппаратының мемлекеттік – құықтық бөлімшесіне тапсырылсын.
    3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы С.Оразымбетовке жүктелсін.

     

     

                   Комиссия төрағасы                                            Б.Нүркенов  

                           

     

                   Комиссия  хатшысы                                          Т.Жаманкулов

     

     

     

     Мойынқұм ауданында 2015 жылдың 1 жартыжылдығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша атқарылған жұмыстар туралы

    АНЫҚТАМА                                                                 

     

     

    Мойынқұм ауданы әкімдігінде 2015 жылдың 1 жартыжылдығында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен  оған қарсы шараларды ұйымдастыру жөнінде бірқатар жұмыстар атқарылды.

    Мойынқұм ауданы әкімдігімен 2011 жылы 14 шілдеде қабылданған  «Мойынқұм ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2011-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы» қаулысының іс шаралар жоспарына сәйкес, аудан әкімдігінің бөлімдері, ауыл және ауылдық округтер тиісті шараларды  жүзеге асырады.        

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша аудандық комиссияның жұмыс жоспарына сәйкес жыл басынан 1 рет комиссия отырысы өткізіліп, ауданда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнаманың орындалуы жөнінде аудан әкімдігінің бөлім басшылары мен  ауыл және ауылдық округ әкімдіктерінің атқарылған жұмыстары талқыланды.  

    Аудан әкімінің сайтында (http://moinkum.zhambyl.kz/) «сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері» атты жеке бөлім ашылып, атқарылған жұмыстар бойынша мәліметтер енгізілуде.

    Мемлекеттік және құқықтық органдардың өкілдерінің қатысуымен оқу орындарында, мемлекеттік мекемелерде, кәсіпорындар мен ұйымдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2 семинар- кеңес, 4 «дөңгелек үстелдер» ұйымдастырылды.

    Жергілікті басылым «Мойынқұм таңы» газетінен арнайы «Жемқорлық жегі құрт» атты айдар ашылған.

    Аталған айдарға  6 айда 6 мақала жарияланды («Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу жайы сөз болды», (2015 жылғы 23 қаңтардағы №12) «Жемқорлық қоғамның жегі құрты», (2015 жылғы 25 ақпандағы №20 «Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу-міндет» (2015 жылғы 13 наурыздағы №24), «Жемқорлыққа жол бермейік» (2015 жылғы 17 наурыз №25) «Сыбайластық қылмысқа жетелейді» (2015 жылғы 24 сәуір №39)  

    Аудан орталығында «Біздің міндет халыққа қызмет» және «Жемқорлық фактілерімен кездескен жағдайда» тақырыбында баннерлер орналастырылған.

    Сыбайлас жемқорлыққа күресте халықтың құқықтық сауаттылығы деңгейін жоғарлату мақсатында Мойынқұм аудандық прокуратура және құқық қорғау органдарының қызметкерлері аудан әкімдігінің бөлім, ауылдық  округ әкімі аппараттары қызметкерлерінің қатысуымен ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы, ҚР «Мемлекеттік сатып алу» Заңы, ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңдары басқ нормативтік құқықтық актілер бойынша дәрістер оқылды.

    Биылғы жылы аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі арқылы «Тұрғындардың  құқықтық сауаттылығын арттыру және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған  іс-шаралар  ұйымдастыру» деген тақырыпта әлеуметтік жоба іске асырылуы жоспарланған. Аталған жобаға 350,0 мың теңге қаржы қаралған.

    «Нұр Отан» партиясының Мойынқұм аудандық филиалы жанынан сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі қоғамдық кеңес құрылған.

    Қоғамдық кеңестің азаматтарды қабылдау кестесі жергілікті басылым «Мойынқұм таңы» газетіне  тұрақты жарияланып отырады.

    Мойынқұм ауданы әкімдігінің бөлімдерінде, ауыл және ауылдық округ әкімі аппараттарында сенім телефондары қызмет етеді. Аталған телефон нөмірі жергілікті «Мойынқұм таңы» газетінде тоқсанына бір рет жарияланып тұрады.

    2015 жылдың 1 жартыжылдығында аудан әкімдігінің бөлімдеріне және ауылдық округ әкім аппараттарына сенім телефонына арыз түспеген. Сенім телефоны бойынша түсетін өтініш-арыздарды тіркеуге алу үшін арнайы журналдар ашылған. Аталған мекемелердің ғимараттарының дәліздерінде жеке және заңды тұлғалардың арыздары мен хаттарына арналған жәшіктер ілінген.

    27 мамыр 2015 жылғы өткен аудан әкімдігінің алқа мәжілісінде Мойынқұм ауданы әкімдігімен 2011 жылы 14 шілдесінде бекітілген Мойынқұм ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2011-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының орындалуы бойынша аудан әкімдігінің бөлімдері мен ауыл және ауылдық округтердің жұмыстары зерделеніп, алқа мәжілісінің қаулысы қабылданды. Қаулымен бекітілген тапсырмалар орындалуда.

    Атқарылған шараларға қарамастан ауданда сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқықбұзушылықтар әліде орын алуда.

    Мемлекеттік қызметшілерге қатысты 2014 жылдың 1 жартыжылдығында 4 сыбайлас жемқорлық қылмыстары тіркелсе, 2015 жылдың 1 жартыжылдығында 4  қылмыстық (оның 2 – Есіркепов М.Ш., Төлепбергенов Б. – 2014 жылы қызметінен босатылған, алайда олар аудан көлемінде жасалған сыбайлас қылмыстар бойынша биылғы жылдың есебіне  кіреді) іс тіркелген.

    Атап айтқанда,  2014 жыл 1 жартыжылдық  Аудан әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Б.Төлепбергенов

    1) Автокөлік алу үшін қаржыны тауар жеткізілмей аударған (2,1 млн тенге)

    2) Мойынқұм ауылының су жүйесін жөндеуге бөлінген қаржының мақсатсыз жұмсаған. Жұмыс аяқталмай қаржы аударған (9 млн теңге)

    оттың үкімі негізінде қызметінен босатылды/

    1. Қызылотау,  Қарабөгет,  Хантау ауылдық округ әкімдігінің жетекші маман-қаржы агенттері (Жексенбаев А., Шардарбекова Р., және Жалғасбай Н.) 2010-2013 жылдар аралығында өздеріне қосымша еңбек ақы жазып отырған.   /соттың үкімінің негізінде аталған мамандар жұмыстан босатылды/.

    2015 жыл 1 жартыжылдық  «Мойынқұм ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Б.Бейсебаев  2014 шілде айы мен желтоқсан айларының аралығында мекеме есепшісіне еңбек ақыға қосымша қаржы аудару туралы  нұсқаулар беріп, мемлекетке  765 727 теңге залал келтіргені үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 307 бабының 2 бөлігімен айыпталған.

    Мойынқұм аудандық сотының 14 шілде 2015 жылғы 1-28-15 санды үкімімен ҚР Қылмыстық кодексінің 63 бабымен 2 жыл шартты жаза тағайындалған.  /сот үкімі заңды күшіне енбеген/

    Мойынқұм ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жетекші маман –есепшісі Г.Мукашева 01 қаңтар 2013 жыл 31 желтоқсан 2014 жыл аралыгында мемлекет бюджетінен енбек акы ретінде негізсіз артық қаражат аударып, мемлекетке барлыгы 1 166 794 тенге молшерінде залал келтірген деген айыппен қылмыстық іс қозғалған.  /қылмыстық іс құқық қорғау органы қарауында/

    М.Есиркепов   бұрынғы «Жұмыспен қамту» орталығының директоры жұмысқа орналастырамын деп азаматша  Қ.Избасаровадан 186 000 теңге заңсыз ақша сұрап, алаяқтық жасаған. Аталған тұлға 8 желтоқсан 2014 жылы қызметінен босатылған.

    Б.Тулепбергенов  бұрынғы аудан әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы 2013 жылы аудан аумағындағы елді мекендердін автомобиль жолдарына орташа жондеу жумыстарын жургізу барысында Ф-2, Ф-3 құжаттарына жалған мәліметтер енгізген. Аталған тұлға 11 сәуір 2014 жылы босатылған.

    2014 жылдың 1 жартыжылдығында 10 сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылығы орын алса, 2015 жылдың 1 жартыжылдығында 10 құқық бұзушылық орын алған.

    2014 жылдың 1 жартыжылдығы  аудан әкімдігінің ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Ж.Жақсымбетов төтенше жағдайға қаралған қаржыны 16.09.2013 жылы «Мойынқұм ауыл құрылыс» ЖШС-мен заңға қайшы №12 келісім шарт жасаған, құны 3,0 млн теңге. Қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолданылды

    Аудан әкімдігінің ветеринария бөлімінің басшысы Сейсебеков Қамбар Қуандықұлы «Қуат-Мойынқұм» ЖШС -не 23,2 млн теңгені мемлекеттік сатып алу нормасын қолданбаған және салық декларациясына жалған мәліметтер енгізген. қызметінен босатылды

    1. Аудан әкімдігінің білім бөлімі КММ–нің 3 орта мектеп директоры (М.Әуезов Қ.Рысқұлбеков және  Амангелді атындағы о.м.)  аз қамтылған отбасы балаларының құжаттарын дұрыс жинамай, (аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен анықтама сұратпаған), ыстық тамақпен қамту тізіміне енгізген.
    2. 5 бала-бақша меңгерушісі («Балбөбек», «Балдәурен», «Бөбек» «Балауса», «Ақбөпе») жұмысқа орналастыру кезінде тиісті кәсіптік біліміне сәйкес және арнайы қосымша дайындықтан өтпеген педагогтерді қабылдаған үшін

    Білім бөлім басшысының бұйрығымен қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.

    2015 жылдың 1 жартыжылдығы аудан әкімі аппаратының басшысы А.Баялиев  және  аудан әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімшесінің басшысы Ж.Көшеков  «Жұмыспен қамту»  орталығының директорын қызметке қабылдауда заңсыз артықшылықтар көрсеткен. (аудан әкімінің өкімімен қызметінен босатылған)

    Биназар ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Ж.Көпбаев, Кеңес ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман есепшісі А. Қораласбаева, Бірлік ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы А.Иманалиева, Ақбақай ауылы әкімі аппаратының бас маман-қаржы агенті Б.Әділбекова, Жамбыл ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маман-есепшісі Ә. Оршыбек, Мойынқұм ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-есепшісі Ә. Үмбетәлиева, Ақсүйек ауылы әкімі аппаратының жетекші маман қаржы агенті Б. Үмбеталина, Мирный ауылы әкімі аппаратының бас маманы Д. Молдабаев

    ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының талаптарын бұзып (мемлекеттік сатып алу  барысында сатып алу жүргізілетін сомаға қосымша құн салығын қоса беріп отырған) ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы Заңының 12 бабының 1 тармағының 10 тармақшасындағы құқықбұзушылықты жасаған.

           Аталған тұлғаларға ауылдық округ әкімдерінің өкімдерімен қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту берілді.

     

                                  Құрметті комиссия мүшелері

     

    Жоғарыда айтылғандардың негізінде, аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі комиссия алдағы уақытта, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған шараларды күшейтіп, сыбайлас жемқорлықтың  алдын алу мен профилактикалық жұмыстарды одан – әрі жандандыра түсетін болады деп сендіруге рұқсат етіңіздер.

     

    Мойынқұм ауданында сыбайлас жемқорлыққа

    қарсы  күрес мәселелері бойынша аудандық

    комиссия мәжілісінің

    № 2   Х А Т Т А М А С Ы

     

     

    Мойынқұм ауылы                                                                  27 шілде 2015 жыл

     

     

    Төрағалық еткен: Аудан әкімі Б.Нүркенов, комиссия төрағасы

     

    Қатысқандар: Н.Ұласбекұлы, Ж.Орынбеков, С.Жақыт, С.Оразымбетов, С.Әбілов, Р.Аманғазиева  Т.Жаманкулов

     

    Шақырылғандар:

    Аудан әкімдігінің бөлімдерінің басшылары, мекеме басшылары, ауылдық  округ, ауыл әкімдері

    К  Ү Н   Т Ә Р Т I Б I:

     

    1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың 2015 жылдың І – жартыжылдығында  Мойынқұм ауданында орындалуы туралы.

     

          

          Күн тәртiбiндегi  мәселе бойынша хабарлама жасаған:

    Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімшесінің басшысы   Р.Аманғазиева

     

    Күн тәртiбiндегi мәселе бойынша есеп бергендер:

    Аудан әкімдігінің Биназар ауылдық округі әкімі Е.Әмірханов, Бірлік ауылдық округ әкімі Т.Мұсақұлов

     

    «Мойынқұм ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша аудандық комиссия (бұдан әрі комиссия) тиісті әкімшілік аумақтық бірлік шегінде мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы қызметін үйлестіруді қамтамасыз ететін консультативтік кеңесші орган ретінде  аудандық комиссия  ШЕШІМ ЕТЕДІ:

     

    1. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша, Мойынқұм ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімшесінің басшысы Р.Аманғазиеваның хабарламасы назарға алынсын.

    1.1 Аудан әкімдігінің бөлімдері мен ауылдық округ, ауыл әкімдері:

    – сыбайлас жемқорлық көріністері ұлғаюына байланысты, оның алдын – алу мақсатында тиісті іс-шаралар жоспарын нақтылып, жүзеге асырлуын;

    – алдағы уақытта  орын алған кемшіліктерге жол бермеу жөнінде  шаралар қабылдап, аудан әкімдігінің бөлімдері мен ауылдық округ, ауыл әкімдері, мемлекеттік қызметкерлердің қолданыстағы заңнама нормаларын сақтауын және қызметтік міндеттерін тиісті дәрежеде орындауларына қатаң бақылау жүргізуін қамтамасыз етсін;

    – қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының профилактикасы бойынша жеткіліксіз жұмыс деңгейінің себептерін жан-жақты талдап, оның тиімділігін арттыру жөнінде қосымша шаралар қабылдап, нәтижесі бойынша бір ай мерзім ішінде аудан әкімі аппаратын хабардар етсін;

    – сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша аудандық комиссияның хаттамалық шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етсін;

    – саяси партиялармен және қозғалыстармен бірлесе отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта қоғамдық тыңдаулар, акциялар және іс-шаралар өткізуді;

    – бұқаралық ақпарат құралдарында мақалалар жариялауды, дөңгелек үстелдер, конференциялар, дәрістер, семинарлар, бринфингтерді тиісті деңгейде өткізу ;

    – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты қалыптастыру мақсатында мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіп жатқан саясаты туралы ақпараттан тұратын түсіндерме-насихаттау материалдарын әзірлеп, таратылуын қамтамасыз ету;

    – Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» және басқа да Заң нормаларын түсіндіру жұмыстарын, соның ішінде білікті мамандарды тарта отырып қызметкерлер арасында аппараттық оқулар ұйымдастыруды қамтамасыз етіп, атқарылған жұмыстар туралы аудан әкімі аппаратын хабардар етсін.

    1. Аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі: (М.Көшкімбаев)

    Арнайы бөлінген қаржыға сәйкес өткізілетін іс-шараларға үкіметтік емес ұйымдармен білікті мамандарды тарта отырып дәрістерді оқуды ұйымдастырсын.

    1. Аудан әкімдігінің қаржы бөлімі:(Б.Шынжарбеков)

    Аудан әкімдігінің қаржы бөлімінде функционалдық міндетіне  мемлекеттік сатып алуға жауапты маман бекітілсін және келесі комиссия отырысына мемлекеттік сатып алу бойынша атқарылған жұмыстар бойынша есеп беру тапсырылсын.    

    1. Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімшесіне: Қазақстан Республикасындағы 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының орындалуын жыл қортындысы бойынша талдап, комиссияның қарауына ұсынсын.
    2. 5. Осы хаттаманың орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы С.Оразымбетовке жүктелсін.

     

     

                   Комиссия төрағасы                                           Б.Нүркенов  

                           

     

                   Комиссия  хатшысы                                          Т.Жаманкулов

     

     

     

    « Б Е К І Т Е М І Н»

    Аудан әкімі

    ______________ Б.Мәдікенов

                                                                                                                        « _____» _____________2015 жыл

     

     

     

    Мойынқұм ауданы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған 2015 жылға арналған кешенді әлеуметтік – мәдени іс-шаралар жоспары

     

    Іс-шараның атауы Аяқталу нысаны Жауапты орындаушылар Орындалу мерзімі Қаржы мәселесі
    1 Білім мекемелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытына арналған сынып сағаттары Аудан әкімі аппаратына ақпарат Аудан әкімдігінің білім бөлімі және ауылдық округ, ауыл әкімдері Тоқсан сайын Қажет етпейді
    2 Жемқорлыққа «ЖОҚ» дейміз атты флешмоб өткізу Аудан әкімі аппаратына ақпарат Аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі Маусым айы Қажет етпейді
    3 Тұрғындардың құқықтық сауаттылығын артыру және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру Іс-шаралар Аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі Жыл ішінде 350,0 мың теңге
    4 «Сыбайлас жемқорлыққа – жол жоқ» атты конференция өткізу Мемлекеттік органдарға ұсыныс енгізу Аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі Шілде айы Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде
    5 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті қалыптастыру бойынша конкурстық іс-шаралар ұйымдастыру Конкурс өткізі Аудан әкімдігінің бөлімдері, ауылдық округ, ауыл әкімдері Тамыз айы Жергілікті бюджет қаражаты шегінде
    6 «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» тақырыбында жастармен кездесулер өткізу Аудан әкімі аппаратына ақпарат Аудан әкімдігінің бөлімдері, ауылдық округ, ауыл әкімдері және жастар орталығы Тамыз айы Қажет етпейді
    7 «Жемқорлықсыз ел гүлденген ел!» жастар форумын өткізу Аудан әкімі аппаратына ақпарат Аудан әкімдігінің бөлімдері, ауылдық округ, ауыл әкімдері және жастар орталығы Қыркүйек Жергілікті бюджет қаражаты шегінде
    8 Орын алған сыбайлас жемқорлық көріністерінің барлық фактілеріне жариялылықты қамтамасыз ету Аудан әкімі аппаратына ақпарат Аудан әкімдігінің бөлімдері, ауылдық округ, ауыл әкімдері Үнемі Қажет етпейді
    9 «Жемқорлыққа жол бермейік» тақырыбына дөгелек үстел отырысын өткізу Аудан әкімі аппаратына ақпарат Аудан әкімдігінің бөлімдері, ауылдық округ, ауыл әкімдері және жастар орталығы Қазан Қажет етпейді
    10 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тиімділігін арттыру жолдары» тақырыбына дөңгелек үстел өткізу Аудан әкімі аппаратына ақпарат Аудан әкімдігінің бөлімдері, ауылдық округ, ауыл әкімдері және жастар орталығы Қараша Қажет етпейді
    11 «Сенім телефонынның», жеке және заңды тұлғалардың арыздары мен хаттарына арналған пошта жәшіктерінің оңтайлы жұмыс істеуін қамтамасыз ету Аудан әкімі аппаратына ақпарат Аудан әкімдігінің бөлімдері, ауылдық округ, ауыл әкімдері Үнемі Қажет етпейді
    12 Сыбайлас жемқорлыққа ұғымын және сыбайлас жемқорлықтың орын алу фактілері кездескен жағдайда азаматтардың әрекет ету тәртібін түсіндіретін ақпараттар орналастыру (ғимараттың көрнекі орнына) Ақпараттар орналастыру Аудан әкімдігінің бөлімдері, ауылдық округ, ауыл әкімдері Жыл ішінде Қажет етпейді
    13 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы билбордтар, керемелер дайындау және орналастыру Аудан әкімі аппаратына ақпарат Аудан әкімдігінің бөлімдері, ауылдық округ, ауыл әкімдері Жыл ішінде Жергілікті бюджет қаражаты шегінде
    14 Азаматтардың бойында ізгілікті тәрбие мен зиялылық қасиеттер қалыптастыру мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұратын азаматтық ар-намысты насихаттайтын тақырыптарда балаларға және ересектерге арналған, театрландырылған қойылымдарды дайындау Қойылымдар сахыналау Аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Жыл ішінде Қажет етпейді
    15 Жас ұрпақ бойына еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезім қалыптастыруға бағытталған көркем және деректі фильмдер көрсету (Елбасы Н.Назарбаев туралы «Отты өзен», «Теміртау», «Тығырықтан жол тапқан», «Көшпенділер», «Жаужүрек мың бала» т.б көркем фильмдер, «Батыр Бауыржан», «Әлия», «Мәншүк», Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында» т.б деректі фильмдер) Кино көрсету Аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Жыл ішінде Қажет етпейді
    16 Жоғары және арнаулы оқу орындары студенттеріне және мектеп оқушыларына «Жемқорлықпен күрес – жалпыхалықтық іс», «Взгляд на коррупцию» және т.б тақырыптарында құқықтық ақпарат сағаты, диспут, кітап көрмесін өткізу, ақпараттық досье ұйымдастыру Түсіндіру жұмыстарын жүргізу Аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Жыл ішінде Қажет етпейді
    17 Ғибадат үйлеріне келуші азаматтар арасында сыбайлас жемқорлықтың қоғамға кері әсері туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу Аудан әкімі аппаратына ақпарат Аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі Тұрақты Қажет етпейді
    18 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2011-2015 жылдарға арналған салалық бағдарламасын және 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы сратегиясының мақсаттары мен міндеттерін түсіндіру мақсатында елді мекендегі тұрғындардың алдында есеп беру Аудан әкімі аппаратына ақпарат Аудан әкімдігінің бөлімдері, ауылдық округ, ауыл әкімдері Тоқсан сайын Қажет етпейді
    19 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларды зерделеу бойынша дөңгелек үстелдер және семинарлар өткізу Аудан әкімі аппаратына ақпарат Аудан әкімдігінің бөлімдері, ауылдық округ, ауыл әкімдері Тоқсан сайын Қажет етпейді

     

     

     

    « Б Е К І Т Е М І Н»

    Мойынқұм аудан әкімі

    ______________ Б.Мәдікенов

                                                                                                                        « _____» _____________2015 жыл

     

     

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015 – 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» №234 қаулысын іске асыру жоспары

     

     

    Іс-шараның мазмұны Аяқтау нысаны Орындауға жауаптылар Орындалу мерзімі
    1 Жергілікті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қызметі туралы арнайы тараулардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету интернет-ресурстарда тараулар Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық бөлімшесі  2015 жылдың  ІV тоқсаны
    2 Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу бойынша мәліметтерге, сондай-ақ тұрғын үй алған азаматтардың тізімдеріне еркін қолжетімділікті қамтамасыз ету ақпаратты жергілікті атқарушы органдардың интернет-ресурстарында орналастыру Аудан әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі 2015 жылдың ІV  тоқсаны
    3 Жергілікті атқарушы органдардың жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестердің жұмыс жоспарларында қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша мәселелерді көздеу жұмыс жоспары Аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі Тұрақты
    4 Жастар ұйымдарын тарта отырып және оқу бағдарламаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие мәселелерін енгізе отырып, білім беру мекемелерінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру жөніндегі жұмыс жоспарын бекіту жұмыс жоспары, оқу бағдарламалары Аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі  

    Жыл сайын

     

    5 Халық тарапынан сыртқы бағалауды алу және қоғам пікірін есепке алу мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру жөніндегі жоспар іс-шараларынын орындалу барысы туралы есептерді БАҚ-та, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі аудан әкімінің сайтында жариялау жариялымдар Аудан әкімдігінің бөлімдері және ауылдық округ, ауыл әкімдері Тұрақты
    6 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның іске асырылуы туралы жыл сайынғы есепті БАҚ-та орналастыру есеп Мойынқұм ауданында сыбайлас жемқорлыққа

    қарсы  күрес мәселелері бойынша аудандық

    комиссия

    2015 жыл тоқсан сайын
    7 Іс-шараларды жоспарлау мен іске асырудың барлық кезеңдерінде бюджетті қалыптастыруға қатысушыларды жауапкершілікке тартудың және жауапкершіліктің аражігін ажыратудың тиімді тетігін құру мәселесін пысықтау ақпарат Аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі, қаржы бөлімі, экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі  2015 жылдың III тоқсаны
    8 Сауда объектілері әкімшіліктерінің мемлекеттік кірістер органдарында дара кәсіпкерлер ретінде тіркелмеген және/немесе ресми еңбек қатынастарын ресімдемеген жалға алушы жеке тұлғаларға алаңдарды беруі бойынша бақылауды жетілдіру мәселесін пысықтау ақпарат Аудан әкімдігінің қаржы бөлімі, ауылдық округ, ауыл әкімдері, аудандық кірістер басқармасы(келісім бойынша) 2015 жыл тоқсан сайын
    9 Жеке қосалқы шаруашылықтарда мал басын есепке алуды жетiлдiру мәселесін пысықтау ақпарат Аудан әкімдігінің ауылдық округ, ауыл әкімдері Тұрақты
    10 Кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізе отырып, ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтылған халықты заңдастыру бойынша жағдайлар жасау және ынталандыру шараларын жүргізу жөніндегі жұмысты жалғастыру ақпарат Аудан әкімдігінің ауылшаруашылық бөлімі, ауылдық округ, ауыл әкімдері 2015 жыл тоқсан сайын

     

     Салалық бағдарламаға жүргізілген мониторинг

    бойынша жедел есептілік

     

    Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жөнiндегi

    2011 – 2015 жылдарға арналған салалық бағдарлама

    (салалық бағдарламаның атауы)

     

    Есеп кезеңі –  2014 жыл
    Іске асырылу кезеңі –  2011-2015ж
    Мемлекеттік органның атауы –  Мойынқұм ауданы әкімінің аппараты
    (салалық бағдарламаны орындауға жауапты орган)

     

    Салалық бағдарламаны қабылдаған құжат

     

     

     

    Салалық бағдарламаның орындалуы

     

    Атауы

     

    Өлшем

    бірлігі

    Жоспар Дерек Жетістікке жетпеу жөнінде ақпарат
    1 2 3 4 5
    Мақсат 1
    Нысаналы индикаторлар 1.1

    Қазақстан 2015 жылға қарай «Транспаренси Интернэшнл» рейтингiнде сыбайлас жемқорлықты түйсiну индексi бойынша 180 елдiң iшiнен 90-шы орынды иеленетiн болады.

    Сыбайлас жемқорлық сипатында қылмыстар мен құқық бұзушылықтар санын төмендету
    Міндет 1.1.1
    Нәтиже көрсеткіштері 
    1. Сыбайлас жемқорлық қауiптерiн азайту бойынша мемлекеттiк органдар қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыру Жергілікті атқарушы және мемлекеттік огандарда

    сыбайлас жемқорлық фактілерін төмендету

    2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған іс-шаралар өткізу.
    3. Көлеңкелі экономиканың деңгейін төмендету
    Іс-шаралар Аяқтау нысаны Орындауға жауаптылар Орындау мерзiмi Орындалу туралы ақпарат /

     орындалмауы

    1 2 3 4 5 6
     1 Саяси партиялармен және қозғалыстармен бірлесе отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта қоғамдық тыңдаулар, акциялар және іс-шаралар өткізу Тиiстi iс-шаралар өткiзу Жамбыл облысы әкімдігінің басқармалары, аудандармен Тараз қаласының әкімдері Тұрақты «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалымен бірлесіп,

    сыбайлас жемқорлыққа байланысты жағымсыз құбылыстардың алдын алу бойынша қоғамдық мекемелерде үгіт – насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес – баршамызға ортақ міндет» атты тақырыпта дөңгелек үстел, «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» атты жастар акциясы, «Нұр Отан» ХДП-ның аудандық филиалында «Партиялық бақылау посттарының жұмысын ұйымдастыру және бақылауды жүзеге асыру жолдары» атты семинар-тренинг өткізілді.

     

    2 Лицензияланатын қызмет түрлерін және мемлекеттік органдардың рұқсат беру функцияларын қысқарту, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметтің қандай да бір түрін ұйымдастыруға лицензияларды алу және рұқсат беру тәртібін оңайлату жөніндегі жұмысты жалғастыру Жамбыл облысы әкімдігінің басқармалары, аудандармен Тараз қаласының әкімдері Үнемі   Мойынқұм ауданы әкімдігінің бөлімдерімен лицензияланатын қызмет түрлерін және мемлекеттік органдардың рұқсат беру функцияларын қысқарту, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметтің қандай да бір түрін ұйымдастыруға лицензияларды алу және рұқсат беру тәртібін оңайлату жөніндегі жұмыстар жүргізілді.
    9 Бұқаралық ақпарат құралдарында шығу, дөңгелек үстелдер, конференциялар, дәрiстер, семинарлар, брифингтер өткiзу практикасын жалғастыру, бұл ретте тренингтiк оқытудың жаңа нысандары мен әдiстерiн пайдалану Медиа жоспарларды бекiту Жамбыл облысы әкімдігінің басқармалары, аудандармен Тараз қаласының әкімдері Жыл сайын Мойынқұм аудандық прокуратура және құқық қорғау органдарының қызметкерлері аудан әкімдігінің бөлім, ауылдық  округ әкімі аппараттары қызметкерлерінің қатысуымен ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы, ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңдары бойынша дәрістер оқылды. Аудандық «Мойынқұм таңы» газетінің бетіне  «Сыбайлас жемқорлыққа жол бермейік», (2014 жылғы 18 ақпандағы №20) «Жемқорлық қоғам дамуын тежейді», (2014 жылғы 18 наурыздағы №23 «Басты талап жемқорлыққа жол бермеу» (2014 жылғы 23 мамырдағы №41), «Сыбайлас жемқорлықпен  күрес ортақ» «жемқорлықтың алдын алайық» (2014 жылғы 27 мамырдағы №42), «жемқорлықпен күресу азаматтық борыш» (2014 жылғы 20 маусымдағы №50) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі принциптері»(2014 ж 5 қыркүйек №70-71)  т.б. мақалалар жарияланды.

     

    10 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша мемлекеттік органдар өкілдерімен Интернет конференциялар, «тікелей желі» жүргізу тәжірибесін жалғастыру Интернет конференциялар, «тікелей желі» Жамбыл облысы әкімдігінің басқармалары, аудандармен Тараз қаласының әкімдері Жыл сайын Халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы құқықтық ақпаратқа барынша қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімінің сайтында (http://moinkum.zhambyl.kz/) «сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері» атты жеке бөлім ашылып, атқарылған жұмыстар бойынша мәліметтер енгізілуде.

     

    11 Мемлекеттік қызметшілерді шақыра отырып орта және жоғары оқу орындарында сабақтар жүргізуді және білім беру жүйесінің педагогикалық қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта біліктіліктерін арттыруды жалғастыру Сабақтардың жоспарлары Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы, аудандармен Тараз қаласының әкімдері

     

    Тұрақты    15.03.2014 жылы мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында М.Жұмабаев атындағы орта мектепте семинар өтті.

     

    12 Мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қызметін түсіндіретін әдістемелік ұсыныстар, көрнекі және оқу құралдарын қолжетімді үлгіде дайындауды қамтамасыз ету Әдістемелік ұсыныстар, оқулықтар Жамбыл облысы әкімдігінің басқармалары, аудандармен Тараз қаласының әкімдері Тұрақты Орындалған жоқ.
    14 Республикалық және жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта тұрақты айдарлар мен жарияланымдар, теледидар бағдарламалары мен радио хабарларын жасау, сондай-ақ жарнамалық-имидждiк роликтер, брошюралар, буклеттер мен жадынамалар шығарудың кешендi шараларын жүзеге асыру БАҚ, теле, -радио-бағдарламаларына айдарлар, брошюралар Жамбыл облысы әкімдігінің басқармалары, аудандармен Тараз қаласының әкімдері Тұрақты Аудандық «Мойынқұм таңы» газетінде «Жемқорлық індет-жою міндет», «Партиялық бақылау іс үстінде» атты тұрақты айдарлар ашылды.

    «Жемқорлыққа – Жоқ дейміз», «Жемқорлық – індет, оның алдын алу – міндет» атты тақырыпта жасалған көрнекі үндеу хаттар, плакаттар мекемелерге таратылып, қоғамдық орындарға ілінді

    15 Сыбайлас жемқорлық ұғымын, сыбайлас жемқорлықтың орын алу фактілері кездескен жағдайда азаматтардың әрекет ету тәртібін, сондай-ақ мұндай фактілерге астыртын болысқаны үшін жауапкершілікті түсіндіретін жадынамалар әзірлеу және халықтың әртүрлі топтары арасында тарату, сондай-ақ мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастыру Жаднама Жамбыл облысы әкімдігінің басқармалары, аудандармен Тараз қаласының әкімдері Жыл сайын «Жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен Сыбайлас жемқорлық ұғымын, сыбайлас жемқорлықтың орын алу фактілері кездескен жағдайда азаматтардың әрекет ету тәртібін, сондай-ақ мұндай фактілерге астыртын болысқаны үшін жауапкершілікті түсіндіретін жадынамалар әзірленіп, халықтың әртүрлі топтарының арасында таратылды.
    16 Азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын жүйелі және мақсатты қалыптастырумен айналысатын азаматтық қоғам субъектілерін қолдауды қамтамасыз ету Ақпарат Жамбыл облысы әкімдігінің басқармалары, аудандармен Тараз қаласының әкімдері Жыл қорытындысы бойынша Азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын жүйелі және мақсатты қалыптастырумен айналысатын азаматтық қоғам субъектілерін  қолдауды қамтамасыз етуде жұмыстар жүргізілуде.

    Атап айтсақ азаматтық қоғам субъектілері болып табылатын қоғамдық бірлестіктермен өзара бірлескен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында іс шаралар ұйымдастырылды.

    18 «Сенім телефонының», жеке және заңды тұлғалардың арыздары мен хаттарына арналған пошта жәшіктерінің оңтайлы жұмыс істеу тәжірибесін кеңейту Ақпарат Жамбыл облысы әкімдігінің басқармалары, аудандармен Тараз қаласының әкімдері Жыл қорытындысы бойынша

     

    «Сенім телефонының», жеке және заңды тұлғалардың арыздары мен хаттарына арналған пошта жәшіктерінің оңтайлы жұмыс істеу тәжірибесін кеңейту мақсатында аудан әкімдігінің бөлімдері, ауылдық округ әкімі аппараттарының сенім телефондары бұқаралық ақпарат құралдарында және интернет ресурстарында жарияланған.  Жеке және заңды тұлғалардың арыздары мен хаттарына арналған пошта жәшіктері жұмыс істейді және тіркеу журналдары ашылған.
    19 Жер учаскелерiн бекiту кезiнде Қазақстан Республикасы Жер кодексi талаптарының бұзылуының алдын алуға және анықтауға бағытталған iс-шараларды өткiзудi қамтамасыз ету, жеке меншiкке берiлген жердi заңсыз қайта бөлуге жол бермеу Iс шаралар өткiзу Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасы,аудандармен Тараз қаласының әкімдері Тұрақты Аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімі мен  ауылдық ,  округтерде Жер кодексінің талаптарының бұзылуының алдын алуға және анықтауға бағытталған іс-шаралар өткізілді. Жер кодексін түсіндіру мен жерді, жеке меншікке тұрақты, уақытша, жалға беру барысында және жеке меншікке берілген жерді заңсыз қайта бөлуге байланысты  мәселелерді түсіндіру жиындары мен кеңестер өткізілді.
    22 Мемлекеттік органдар басшыларының қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен тұрақты түрде кездесулер өткізуін тәжірибеге енгізу Кездесулер Жамбыл облысы әкімдігінің басқармалары, аудандармен Тараз қаласының әкімдері Тұрақты Мемлекеттік органдар басшыларының қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен тұрақты түрде кездесулер өткізуі тәжірибеге енгізілуде.
    23 Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлер, сондай-ақ жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерінің берілуін қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету Ақпарат Аудандармен Тараз қаласының әкімдері Жыл қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының 44 бабында елді мекеннің бас жоспарлары, сондай-ақ қоныс аралық аумақтарға арналған аудандық жоспарлау жобалары болмаса, жер учаскелерін құрылыс үшін беруге тиым салынады деп көрсетілген. Осы негіздерге байланысты ауданда бас жоспардың жасалуы аяқталғанға дейін  жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерінің берілуі тоқтатылған.
    25 Журналистік тексеру жүргізу арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша көмек көрсететін журналистерді көтермелеуді қамтамасыз ету Ақпарат Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы, аудандармен Тараз қаласының әкімдері Жыл қорытындысы бойынша Орындалмады.
    28 Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлық деңгейін бағалауды және рейтинг беруді жүзеге асыратын халықаралық ұйымдармен тұрақты негізде өзара іс-қимыл жасау Халықаралық ұйымдарға тиісті ақпарат беру Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы, аудандармен Тараз қаласының әкімдері Тұрақты Орындалмады.

    Халықаралық ұйымдар жоқ.

    29 Процессинг орталықтарымен жол қозғалысы ережелерiн бұзуды бейнеқадағалау және тiркеу жүйелерiн енгiзу Пайдалануға беру актiлерi ІІД Тұрақты
    31 Халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы құқықтық ақпаратқа барынша қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында «сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері» атты жеке бөлімдер ашу Интернет ресурстардағы бөлімдер Жамбыл облысы әкімдігінің басқармалары, аудандармен Тараз қаласының әкімдері Тұрақты Халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы құқықтық ақпаратқа барынша қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімінің сайтында (http://moinkum.zhambyl.kz/) «сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері» атты жеке бөлім ашылды.

     

    37 Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізудің ашықтығын арттыру Ақпарат Жамбыл облысы әкімдігінің басқармалары, аудандармен Тараз қаласының әкімдері Тұрақты Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізудің ашықтығын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу» Заңын түсіндіру жұмыстары мен мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізуде пікірлерін ортаға салу «дөңгелек үстелдер»  ұйымдастырылды.
    47 Бақылау, рұқсат беру және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын, сонымен қатар олардың қызметін регламенттейтін қолданыстағы актілерге, сыбайлас жемқорлықтың пайда болуы үшін жағдай туғызатын мемлекеттік органдардың өкілеттігіне талдауды жалғастыру Ақпарат Жамбыл облысы әкімдігінің басқармалары, аудандармен Тараз қаласының әкімдері 2012 жыл
    51-4 Құрамына азаматтық қоғам институттарының, БАҚ өкілдерін енгізе отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі өңірлік комиссиялар құру Комиссияларды құру туралы әкімдіктердің қаулылары Аудандармен Тараз қаласының әкімдері 2013 жылғы 1-тоқсан Мойынқұм ауданы әкімдігінің қаулысымен комиссия құрылған, комиссия құрамы өзгертіліп, мәслихаттың шешімімен бекітіліп тұрады.
    59 Республикалық мемлекеттік және комуналдық мемлекеттік кәсіпорындар функцияларының бірқатарын бәсекелі ортаға аудару Ақпарат Жамбыл облысы әкімдігінің басқармалары, аудандармен Тараз қаласының әкімдері 2014 жылғы 2-тоқсан Республикалық мемлекеттік және коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар функцияларының бірқатарын бәсекелі ортаға аудару оның ішінде  «Жамбыл облысы бойынша жылжымайтын мүлік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны және «Мөлдір» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
    60 Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарда жұртшылықтың өкілдері институтын (тәуелсіз қоғамдық кеңестер) енгізу жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу және ұсыну Ұсыныс Жамбыл облысы әкімдігінің басқармалары, аудандармен Тараз қаласының әкімдері 2014 жылғы 2-тоқсан Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарда жұртшылықтың өкілдері институтын (тәуелсіз қоғамдық кеңестер) енгізу жөніндегі ұсыныстарды әзірленіп бекітілді
    60-1 Мемлекеттік қызметшілердің табыстары мен мүлкінің декларациялануын онда жазылған мәліметтердің нақтылығын тексеру жүйесін жақсарту бөлігінде жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу Ұсыныс Жамбыл облысы әкімдігінің басқармалары, аудандармен Тараз қаласының әкімдері 2014 жылғы 2-тоқсан -Мемлекеттік қызметшілердің табыстары мен мүлкінің декларациялануын онда жазылған мәліметтердің нақтылығын тексеру жүйесін жақсарту бөлігінде жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірленіп акциялар ұйымдастырылды.

     

     

     

     

     

     

     

     

    Мойынқұм ауданында сыбайлас жемқорлыққа

    қарсы  күрес мәселелері бойынша аудандық

    комиссия мәжілісінің

    № 1   Х А Т Т А М А С Ы

    Мойынқұм ауылы                                                                  27 наурыз 2015 жыл

     

    Төрағалық еткен: Аудан әкімі Б.Мәдікенов, комиссия төрағасы

     

    Қатысқандар: С.Оразымбетов, Р.Аманғазиева, Т.Жаманкулов, Ж.Орынбеков, С.Әбілов, С.Ибраимов.

    Шақырылғандар:

    Аудан әкімдігінің бөлім басшылары, ауылдық  округ, ауыл әкімдері, мекеме басшылары.

     

    К  Ү Н   Т Ә Р Т I Б I:

     

    1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015 – 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 2015 жылдың 9 айында орындалуы туралы.

     

    Хабарламашы: аудан әкімі аппаратының басшысы   С.Оразымбетов, аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімшесінің басшысы Р.Аманғазиева.

    Күн тәртібіндегі мәселелерді талқылай келе  аудандық комиссия мәжілісі ШЕШІМ ЕТЕДІ:

    1. 1. Аудан әкімі аппаратының басшысы С.Оразымбетовтың, аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқытық бөлімшесінің басшысы Р.Аманғазиеваның хабарламары назарға алынсын.
    2. 2. Аудан әкімдігінің бөлімдері мен ауылдық округ, ауыл әкімдерінің аппаратына,  аумақтық органдарының басшыларына (келісім бойынша):

    – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегисын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының толық орындау;

    – жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін заң нормаларының талаптарына сәйкес, мерзімінде қарауын қамтамасыз етуге;

    – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру мәселелерінде «Нұр Отан» партиясының филиалдары жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік Қоғамдық кеңестермен, өзге де қоғамдық ұйымдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен  өзара іс-қимыл жасауды күшейтуге;

    – профилактикалық шаралардың тиімділігін арттыру бойынша нақты жұмыстар атқаруды;

    – қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының профилактикасы бойынша жұмыстарды жан-жақты талдап, оның тиімділігін арттыру жөнінде қосымша шаралар қабылдауды;

    – атқарылған жұмыстардың нәтижелері туралы бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жариялауды қамтамасыз ету тапсырылсын;

    1. Аудан әкімдігінің жер қатынастар бөліміне:

    – жер қатынастары саласында автоматтандыруға жататын мемлекеттік қызметтердің тізбесін кеңейту мәселесін пысықтауды;

    – мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің базасын мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен және деректер базасымен интеграциялау жөніндегі жұмысты жалғастыруды;

    – жер учаскелерін өткізу оларға жалға алу құқығын беру бойынша аукциондар өткізу практикасын талдауды;

    – жер учаскелерін сатып алу, құрылыс жұмыстарына рұқсат алу тәртібі, сондай-ақ осы саладағы заңнаманы БАҚ арқылы түсіндіру жұмысын ұйымдастыруды;

    – өз бетімен басып алу және заңсыз салу фактілерін болдырмау мақсатында бос жер учаскелерін игеру және саяжайлық, бау-бақшалық қоғамдастықтарды кеңейту заңдылығының жүйелі мониторингін қамтамасыз ету тапсырылсын.

    1. Атқарылған жұмыстар туралы бір ай мерзім ішінде аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімшесіне жазбаша хабарлама беру   тапсырылсын.
    2. Қазақстан Республикасының қолданыстағы Заң нормаларын түсіндіру бойынша өткізілетін семинардың кестесін бекітіп, дәрістер, бринфингтерді тиісті деңгейде өткізуді қамтамасыз ету аудан әкімі аппаратының мемлекеттік – құықтық бөлімшесіне тапсырылсын.
    3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы С.Оразымбетовке жүктелсін.

     

                   Комиссия төрағасы                                           Б.Мәдікенов   

                           

     

                   Комиссия  хатшысы                                          Т.Жаманкулов

     

     

     

                                                                                                «БЕКІТЕМІН»

                                                                                  Комиссия төрағасы, аудан әкімі

                                                                               __________________   Б.Мәдікенов

                                                                                __________ желтоқсан 2014 жыл

     

     

    Мойынқұм ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері

    бойынша аудандық комиссия жұмысының 2015 жылға

    ІС-ЖОСПАРЫ

     

     

                                                       I тоқсан ішінде

     

    1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың 2014 жылы Мойынқұм ауданында орындалуы туралы

    Хабарламашы: Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімшесінің басшысы М.Мыңбаев

    1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі, аудан әкімдігінің жер қатынастар бөлімі мен Кеңес, Биназар ауылдық округ әкімдерінің орындауы туралы.

    Есеп берушілер: аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы, аудан әкімдігінің жер қатынастар бөлімінің басшысы және Кеңес, Биназар ауылдық округ әкімдері

     

                                           II тоқсан ішінде

     

    1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың 2015 жылдың 1-ші жартыжылдығында Мойынқұм ауданында орындалуы туралы

    Хабарламашы: Мойынқұм ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімшесінің басшысы М.Мыңбаев

    1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың Мойынқұм, Бірлік, Биназар ауылдық округі әкімдерінің орындау барысы туралы

    Есеп берушілер: аудан әкімдігінің Мойынқұм, Бірлік, Биназар ауылдық округінің әкімдері

     

                                        III тоқсан ішінде

     

    1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнаманың 2015 жылдың 9 айында  жергілікті атқарушы органдарымен орындалуы туралы

    Хабарламашы: аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімшесінің басшысы М.Мыңбаев

    1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың аудан әкімдігінің ауылшаруашылығы, аудан әкімдігінің құрылыс, сәулет және қалақұрылысы бөлімі, білім бөлімі, Қарабөгет ауылдық округ әкімдерінің орындау барысы туралы

    Есеп берушілер: аудан әкімдігінің ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы, аудан әкімдігінің құрылыс, сәулет және қалақұрылысы бөлімі және білім бөлімінің басшысы,  Қарабөгет ауылдық округ әкімдері

     

     

                                            IV тоқсан ішінде

     

    1. Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған салалық бағдарламасының іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы.

    Хабарламашы: аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімшесінің  басшысы, комиссия мүшесі М.Мыңбаев

    1. Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған салалық бағдарламасының іс-шаралар жоспарының орындалуы аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі, аудан әкімдігінің денешынықтыру және спорт бөлімі  және Ақсүйек, Ұланбел, Қызылтал ауылдық округі әкімдерінің орындауы туралы.

    Есеп берушілер: аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы, аудан әкімдігінің денешынықтыру және спорт бөлімінің  басшысы, Ақсүйек, Ұланбел, Қызылтал ауылдық округінің әкімдері.

     

    Комиссия хатшысы, аудан әкімі

    аппаратының  мемлекеттік-құқықтық

    бөлімшесінің бас маманы                                                                                                   Т.Жаманкулов       

       

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Мойынкумского района