“Тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

“Тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2017 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 859 бұйрығымен
бекітілген
“Тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1. “Тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау” мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап – 16 (он алты) жұмыс күні;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқcат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут.
Көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының ұсынылған құжаттар топтамасының толықтығын тексереді.
Осы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес ұсынылған құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – Өңірлік үйлестіру кеңесі отырысының хаттамасынан үзінді не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
7. Заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік қызмет тегін негізде көрсетіледі.
8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 13.00-ден 14.00-ге, 14:30-ға дейін түскі үзіліспен, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 8.30, 9.00-ден 18:00-ге, 18.30-ға дейін көрсетіледі.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.00-ге, 14-30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидия алуға арналған өтініш-сауалнама;
2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама (мөрмен және қол қоюмен расталған көшірме);
3) іске асырылатын жобаның (жобаның құрылысына рұқсат беру құжаттамасын, бизнес-жоспарды қоса бере отырып, еркін нысанда қалыптастырылады) сипаттамасы;
4) Бағдарламаға қатысуға мүмкіндік беретін шарттарда жобаны іске асыру үшін кредит беру мүмкіндігі туралы оң шешімі бар ЕДБ хаты.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) құжаттардың қабылданғанын растау болып табылады.
10. Көрсетілетін қызметті берушілер мынадай негіздер:
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің “Тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 31 қаңтардағы № 35 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14765 болып тіркелген) белгіленген талаптарға сәйкес келмеу негіздері бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша беріледі.
Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі және орны көрсетіле отырып, шағымды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) оның қабылданғанын растау болып табылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің атынан келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не болмаса көрсетілетін қызметті берушінің кеңесіне қолма қол беріледі.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым бере алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте сотқа жүгінуге құқығы бар.
4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, қойылатын өзге де талаптар
13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары www.mid.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
14. Көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алу мүмкіндігі бар.
15. Көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтерінің байланыс телефондары www.mid.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414.
“Тұрғын үй құрылысы
мақсаттары үшін жеке
кәсіпкерлік субъектілеріне
екінші деңгейдегі банктер
беретін кредиттер бойынша
сыйақы мөлшерлемелерін
субсидиялау” мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
қосымша
Нысан
Қайда: __________ әкімдігіне
кімнен ___________________
Субсидия алуға арналған № ____ӨТІНІШ-САУАЛНАМА
“Нұрлы жер” тұрғын үй құрылысы бағдарламасына сәйкес Сізден кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау туралы мәселені______________бойынша Өңірлік үйлестіру кеңесінің қарауына төменде аталғандарға сәйкес шығаруға бастамашылық етуіңізді сұраймын:
1. Қатысушы туралы мәліметтер
ЖКС атауы
Құрылтайшы (лар) туралы деректер
Заңды мекенжайы
Нақты мекенжайы
Пошталық мекенжайы
Мемлекеттік тіркеу/қайта
тіркеу күні, нөмірі
Қызмет түрі
Жетекшілік ететін ведомство, холдинг немесе бас компания
Жұмыс тәжірибесі
2. Басшылық
Бірінші басшы
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Лауазымы
Жұмыс/үй телефоны
Туған жылы және жері
Жеке басын куәландыратын құжаттың №
Тұрғылықты (нақты) жері
Тіркелген орны
Жұмыс тәжірибесі
Бас бухгалтер (бар болса)
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Жұмыс/үй телефоны
Туған жылы және жері
Жеке басын куәландыратын құжаттың №
Тұрғылықты (нақты) жері
Тіркелген жері
Жұмыс тәжірибесі
Байланыс жасаушы тұлға
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы
Жұмыс/үй телефоны
3. Меншік иелері
(құрылтайшы, қатысушылар, жауапкершілігі шектеулі серіктестік үшін – акциялардың 1 % және одан көп пайызына иелік ететін ортақ құрылтайшылар)
Атауы/ Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) % Деректемелері

4. Ағымдағы қызметі туралы ақпарат
Сала (ЭҚЖЖ сәйкес)
Кіші сала (ЭҚЖЖ сәйкес)
Өнімдер мен көрсетілетін қызметтер түрлері
Жылдық айналым
Соңғы есептік күнге пайда немесе шығын
Жұмыскерлердің нақты саны
Жобаның атауы (қысқаша сипаттамасы)
Жобаны іске асыру орны (облыс, қала)
Жұмыс орындарының саны
5. Банктік есепшоттар туралы ақпарат
Банктік деректемелері (барлық қызмет көрсетілетін банктердегі барлық ағымдағы және
жинақ шоттарын көрсету):
________________________________________________________________________________
6. Тарихы
ЖКС-ның жұмыс процесінде пайдаланылған барлық қарыздар, өтелген, сол сияқты қазіргі уақытта өтелмеген қарыздар да көрсетіледі.
Кредитор Сомасы Берілген күні Сыйақыны өтеу шарттары Негізгі қарызды өтеу шарттары БҚШ бойынша өтеу мерзімі Нақты өтеу күні
1
2
7. Қолданыстағы кредиттер туралы ақпарат
Күні және валюта бағамы: ___/___
Р/с
№ Кредитор атауы Банктік қарыз шартының деректемелері (№, күні) Сый-ақы мөлшерлемесі, % Кредит валютасы Кредит сомасы Негізгі борыш бойынша берешектің қалдығы, көрсетілген күнге Кредит мерзімінің аяқталу күні Кредит мақсаты (қысқаша сипаттама)

8. Басқа мемлекеттік бағдарламаларға қатысуы және ЖКС-ге қатысты қолданылатын мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпарат
Р/с
№ МБ /МҚШ атауы МДИ атауы Қосымша ақпарат

9. Кепілдіктер және келісімдер
ЖКС жергілікті (өңірлік) үйлестірушіге мыналарды мәлімдейді және мынадай кепілдіктер береді:
1. Осы өтінішпен бірге не жергілікті (өңірлік) үйлестірушінің сұрау салуы бойынша жергілікті (өңірлік) үйлестірушіге тапсырылған (ұсынылған) немесе ұсынылатын барлық деректер, ақпарат және құжаттама дұрыс болып табылады және төменде көрсетілген күндегі шындыққа толығымен сәйкес келеді, аталған деректер өзгертілген жағдайда жергілікті (өңірлік) үйлестірушіні дереу хабардар етуге міндеттенемін.
2. Осы өтінішті қарау шеңберінде талап етілген, банктік және коммерциялық құпияны қамтитын кез келген ақпаратты және құжаттарды жергілікті (өңірлік) үйлестірушінің алғашқы талап етуі бойынша беруге және ашуға міндеттенемін.
3. Жергілікті (өңірлік) үйлестіруші аталған куәландырулар мен кепілдемелердің дұрыстығын тексеруге міндетті емес.
4. ЖКС-ға жалған, толық емес және (немесе) дұрыс емес мәліметтерді бергені үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілік туралы ескертілген.
5. ЖКС-ның жарғылық құзыреті берілген өтінішке қол қоятын тұлғаға осы өтінішті беруге мүмкіндік беретіндігін ЖКС растайды.
6. Көрсетілген деректер мен ақпараттың дұрыс еместігі анықталған жағдайда көрсетілген деректердің дұрыс еместігін растайтын мәліметтер анықталатын кез келген кезеңде осы өтініштің қабылданбайтындығымен келісемін.
ЖКС жергілікті (өңірлік) үйлестірушіге төмендегілер бойынша өз келісімін береді:
1. Жергілікті (өңірлік) үйлестіруші осы өтініште көрсетілген мәліметтерді, ақпаратты және ЖКС ұсынған құжаттарды тексеру және қарау мақсатында мемлекеттік органдарға (қаржы агентіне) ұсынады.
2. Осы өтініште қамтылған барлық мәліметтер, сондай-ақ жергілікті (өңірлік) үйлестіруші талап еткен барлық құжаттар Бағдарлама шеңберінде субсидиялау үшін ғана ұсынылған.
3. Жергілікті (өңірлік) үйлестіруші ЖКС хабарлаған өзі туралы кез келген ақпаратты тексеру құқығын өзіне қалдырады, ал ЖКС ұсынған құжаттар мен өтініштің түпнұсқасы субсидиялау берілмеген болса да, жергілікті (өңірлік) үйлестірушіде сақталатын болады.
4. Жергілікті (өңірлік) үйлестірушінің осы өтінішті қарауға қабылдауы, сондай-ақ ЖКС ықтимал шығыстары (субсидиялауды алу үшін қажетті құжаттарды ресімдеу шығыстары және басқа да шығыстар) жергілікті (өңірлік) үйлестірушінің субсидиялауды беру немесе ЖКС көтерген шығындарды өтеу міндеттемесі болып табылмайды.
5. Субсидиялау туралы мәселені қарау тәртібімен танысқанымды және келісетінімді растаймын, кейін жергілікті (өңірлік) үйлестірушіге наразылық білдірмеймін.
10. Қосымшалар
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) _____________________________________________
(қолы) Күні
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЖКС Жеке кәсіпкерлік субъектісі
ЭҚЖЖ Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне сәйкес экономика секторы
МДИ Мемлекеттік даму институттары
МБ Мемлекеттік бағдарлама
МҚШ Мемлекеттік қолдау шаралары
БҚШ Банктік қарыз шарты

Соңғы жаңалықтар

Телефон қабылдау

8 (00000) 0 00 00