Терроризмге қарсы тұру және террористік тұрғыдан осал объектілердің қорғалуын қамтамасыз ету бағытындағы заңнамалық актілер

Терроризмге қарсы тұру және террористік тұрғыдан осал объектілердің қорғалуын қамтамасыз ету бағытындағы заңнамалық актілер

Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне қойылатын талаптарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 191 қаулысы.

“Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы” 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса беріліп отырған Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне қойылатын талаптарбекітілсін.
  2. Осы қаулы 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 2-бөлімдіжәне 2015 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 3-бөлімді қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов

 

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 3 сәуірдегі
№ 191 қаулысымен
бекітілген

Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне қойылатын талаптар
1. Жалпы ережелер

  1. Қазақстан Республикасының террористік тұрғыдан осал объектілерінің тізбесіне енгізілген террористік тұрғыдан осал әрбір объектінің осы террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне қойылатын талаптарға (бұдан әрі – талаптар) сәйкес терроризмге қарсы қорғалу жүйесі болуы тиіс.
  2. Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесін (бұдан әрі – жүйе) құру мақсаты олардың террористік қауіп-қатердің әсерінен қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.
  3. Осы талаптарда пайдаланылатын ұғымдар мен терминдер:

1) террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесі – ғимараттардың, құрылыстар мен өзге де объектілердің терроризмге қарсы қауіпсіздігін қамтамасыз етуде пайдаланылатын инженерлік-техникалық нығайтылу, кіруді бақылау және басқару жүйесі, байланыс және хабардар ету жүйесі, телевизиялық бейнебақылау, сондай-ақ жарықтандыру жүйесі құрауыштарының жиынтығы;

2) инженерлік-техникалық нығайтылу – күзетілетін аймақтарға санкциясыз кіруге және басқа да қылмыстық қолсұғушылықтарға қарсы қажетті іс-қимылды қамтамасыз ететін конструктивті элементтер;

3) периметр – күзетілетін аумақтың (аймақтың) қоршалған құрылыс конструкцияларымен (тосқауылдармен) және бақылау-өткізу пункттерімен жабдықталған шекарасы;

4) бақылау-өткізу пункті – адамдарды және көлік құралдарының рұқсат берілген түрін өткізуді қамтамасыз етуге арналған арнайы үй-жай;

5) қауіпті аймақ – өздеріне қатысты террористік қауіп-қатерді іске асыру теріс салдарға әкеп соқтыруы мүмкін үй-жай, учаскелер және конструктивті элементтер;

6) күзетілетін аймақ – күзет сигнализациясы жүйесінің көмегімен бақыланатын параметрлердің өзгеруі анықталуы мүмкін (тиіс) ғимараттың және/немесе аумақтың (объектінің) бір бөлігі;

7) күзет шебі – объектінің белгілі бір аймағын немесе үй-жайды (периметр, көлем және оларға келу жолдары) бақылайтын инженерлік-техникалық құралдар мен қауіпсіздік жүйелерінің жиынтығы, олардан өту кезінде объектінің жай-күйін бақылау жабдығына немесе алып жүруге болатын хабарландырғыштарға (дыбыс, жарық индикациясы) тиісті хабарлама беріледі;

8) күзет сигнализациясының жүйесі – күзету объектісіне санкциясыз енуді, күзетілетін объекті тұтастығының бұзылуын анықтауға, объекті тұтастығының бұзылуы туралы ақпаратты жинауға, өңдеуге, беруге және сол қалпында ұсынуға арналған бірлесе әрекет ететін техникалық құралдардың жиынтығы;

9) күзет сигнализациясының шебі – электр тізбегіне тізбектеліп біріктірілген, осы тізбекке енгізілмеген басқа техникалық құралдардан тәуелсіз күзетілетін аймаққа (аймақтарға) ену (енуге әрекет) туралы хабарлама беруге мүмкіндік беретін күзет сигнализациясының бірлесе әрекет ететін техникалық құралдарының жиынтығы;

10) орталықтандырылған бақылау пульті – дербес техникалық құрал (техникалық құралдардың жиынтығы) немесе күзетілетін объектілерге ену туралы дабыл хабарламаларды қабылдау үшін орталықтандырылған күзет пунктінде орнатылатын хабарламаларды, қызметтік және бақылау-диагностикалық хабарламаларды беру, алынған ақпаратты өңдеу, көрсету, тіркеу және одан әрі өңдеу үшін, сондай-ақ (кері арна болған кезде) телебасқару командасына беру үшін оны сол қалпында ұсыну жүйесінің құрамдас бөлігі;

11) кіруді бақылау және басқару жүйесі – техникалық, ақпараттық, бағдарламалық, пайдалану үйлесімділігі бар және адамдар мен көліктің кіруін бақылауды және басқаруды жүзеге асыратын бірге әрекет ететін бақылау мен басқарудың техникалық құралдарының (механикалық, электр-механикалық, электр, электрондық құрылғылар, конструкциялар мен бағдарламалық құралдар) жиынтығы;

12) байланыс жүйесі – объектіні күзету қызметтерінің іс-қимылын жедел басқаруды қамтамасыз етуге арналған жедел байланыс жүйесі;

13) хабардар ету жүйесі – террористік тұрғыдан осал объектідегі адамдарды төтенше жағдайлар (авария, өрт, табиғи зілзала, шабуыл жасау, террористік акт) кезіндегі дабыл және қалыптасқан жағдайдағы іс-әрекеттер туралы жедел ақпараттандыруға (жарықпен және/немесе дыбыстық) арналған техникалық құралдар жиынтығы;

14) телевизиялық бейнебақылау жүйесі – объектінің жай-күйі туралы көрсетілімдерді алуға арналған техникалық, ақпараттық, бағдарламалық және пайдалану үйлесімділігі бар бірлесіп әрекет ететін техникалық құралдардың жиынтығы;

15) күзет бөлімшелері – террористік тұрғыдан осал объектілерді күзетуді қамтамасыз ететін күзет қызметінің субъектілері.

  1. Осы талаптар қолданыстағы, жаңадан жобаланатын, реконструкцияланатын және техникалық жаңғыртылған жеке меншік және ведомстволық бағыныстылық нысанына қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан террористік тұрғыдан осал объектілерге қойылады, сондай-ақ объектілерге қылмыстық қолсұғушылыққа қарсы іс-қимыл жасау мақсатында оларды инженерлік-техникалық құралдармен және қауіпсіздік жүйелерімен жарақтандырудың нормаларын, тәртібін белгілейді.
  2. Мемлекеттік күзетуге жататын объектілердің инженерлік-техникалық нығайтылуы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 қазандағы № 1151 қаулысыменбекітілген талаптарға сәйкес қамтамасыз етіледі.

Қарулы Күштер объектілерінің инженерлік-техникалық нығайтылуына қойылатын талаптар “Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпы әскери жарғыларын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрықтарымен айқындалады.

Күзетілетін адамдардың келуіне арналған террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне қойылатын қосымша талаптарды Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі осы талаптарды, олардың қауіпсіздігін қажетті деңгейде қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық, күзет, режимдік және өзге де шаралардың көлемі мен ерекшелігін ескере отырып белгілейді.

  1. Аса маңызды мемлекеттік, стратегиялық, қауіпті өндірістік объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне қойылатын талаптар
    Периметрдің инженерлік-техникалық нығайтылуына қойылатын талаптар
  2. Аумағы бар объекті периметрі бойынша адамдар мен көлік құралдарының бақылау-өткізу пунктін орап өтіп, объектіге және объектіден еркін өтуіне кедергі жасайтын қоршаумен жабдықталады.

Магистральдық құбырлар мен кен орындарының аумақтары да адамдар мен көлік құралдарының күзетілетін аймақтарға еркін өтуіне кедергі жасайтын қоршаумен жабдықталуы мүмкін.

  1. Қоршау күрделі құрылыс болып табылады және үлгілік жобалар бойынша салынады.
  2. Қоршау:

1) еркін өтуді болдырмайтын және объектінің режимдік шарттарын қанағаттандыратын биік әрі жерге терең орнатылған болуы;

2) конструкциясы қарапайым, беріктігі жоғары сапалы және ұзақ уақытқа төзімді болуы;

3) одан өтуді жеңілдететін түйіндер мен конструкциялардың болмауы тиіс.

  1. Сыртқы қоршауда жабылмайтын есіктер, қақпалар, кішкене қақпалар, сондай-ақ тесіктер, сыналар және басқа да зақымданулар болмауы керек.
  2. Қауіптілігі жоғары учаскелерде периметрді таранға қарсы және (немесе) өзге де қосымша бөгеуші құрылғыларды орнату арқылы күшейтуге болады.

Периметр инженерлік-техникалық конструкциялардан басқа жарықтандыру, байланыс және телевизиялық бейнебақылау жүйесі құралдарымен жарақталады.

  1. Объектілер периметрінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін инженерлік-техникалық конструкциялар мынадай сипаттамаларға сәйкес болуы тиіс:

1) барлық маусымдар мен тиісті климаттық аймақтардың сыртқы климаттық факторларына төзімділігі;

2) индустриялық кедергілерден және көлік құралдары, құстар мен жануарлар туындататын кедергілерден қорғалуы.

  1. Жарылғыш, аса қауіпті, бактериологиялық, биологиялық заттар, иондаушы сәулелендіру көздері, радиоактивті және қос мақсаттағы материалдарды әзірлеу, өндіру, сынау жұмыстарын жүргізумен айналысатын ұйымдардың объектілері мен үй-жайларының сыртқы қоршауына Ядролық материалдарды және ядролық қондырғыларды жеке қорғау туралы ережеге, сондай-ақ радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі санитариялық-гигиеналық талаптарға, тиісті қолдану саласындағы басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес арнайы талаптар қолданылады.
  2. Өткізу режимі орнатылған аса маңызды мемлекеттік, стратегиялық, қауіпті өндірістік объектілер бақылау-өткізу пункттерімен жарақталады.
  3. Бақылау-өткізу пункттерінің саны адамдар мен көлік құралдарының қажетті өту қабілетін қамтамасыз етуді ескере отырып айқындалады.

Автокөліктік бақылау-өткізу пункті адамдар өтуге арналған орталық бақылау-өткізу пунктіне жақын жерде орналасуы тиіс.

Автомобиль және теміржол көлігінің өткізетін бақылау-өткізу пунктін қатар қолдануға жол беріледі.

  1. Бақылау-өткізу пункттері ғимараттарының (үй-жайларының) сыртқы қоршау конструкциялары (қабырғалар мен жабындар) құқыққа қарсы сипаттағы іс-әрекеттерді қоса алғанда, сыртқы әсерлерге төзімді болуы және жақсы шолынуы тиіс.
  2. Бақылау-өткізу пункті жұмысшылар мен қызметшілердің жеке заттарын сақтайтын сақтау камерасымен, тексеріп қарау бөлмесімен, күзет бөлімшесі қызметкерлерін (концентраторларды, пульттерді, күзеттік телевизияның бейнебақылау құрылғыларын және т.с.с) орналастыруға арналған қызметтік үй-жаймен, техникалық қауіпсіздік жүйелерімен, өткелді (өтуді) ашу тетіктерін басқару құрылғыларымен, күзеттік жарықтандырумен және санитариялық тораппен жабдықталады.

Бақылау-өткізу пунктінде автоматтандырылған немесе механикалық қол құрылғылары, турникеттер, адамдардың санкциясыз өтуіне жол бермеуге арналған кішкене қақпалар орнатылады.

Бақылау-өткізу пунктін тексеріп қарау жүргізу үшін қажеттілігіне немесе қызметтік мұқтаждығына байланысты металдардың әртүрлі үлгілерін айқындауға қабілетті стационарлық және қол құралдарымен жабдықтауға болады.

  1. Көлік құралдарына арналған бақылау-өткізу пункті электрөткізгіші бар және қашықтықтан басқарылатын үлгілік жылжымалы немесе айқара ашылатын қақпалармен, оларды авариялық тоқтатуға және қолмен ашуға арналған құрылғылармен жабдықталады. Қақпалар өздігінен ашылуды (қозғалуды) болдырмайтын шектеуіштермен немесе бекіткіштермен жарақталады. Автокөлік құралдарына арналған бақылау-өткізу пункті оларды тексеріп қарауға арналған қарау алаңдарымен немесе эстакадалармен, шлагбаумдармен, ал теміржол көлігіне арналған бақылау-өткізу пункті жылжымалы теміржол құрылымын тексеріп қарауға арналған мұнарамен және алаңмен жабдықталады.
  2. Қақпаны басқару пульті бөгде адамдардың қол жеткізуін болдырмайтын орындарға орналастырылады.
  3. Бақылау-өткізу пунктінің үй-жайы байланыс, өрт сөндіру құралдарымен жарақталады және орталықтандырылған бақылау пультіне қосылған дабыл сигнализациясы жүйесімен жабдықталады.

Ғимараттар мен құрылыстардың инженерлік-техникалық нығайтылуына қойылатын талаптар

  1. Аса маңызды мемлекеттік, стратегиялық, қауіпті өндірістік объектілер аумағында үздіксіз өндірістік цикл жабдығы бар корпустарды қоса алғанда, ғимараттар мен құрылыстарды олардың басқа ғимараттар және құрылыстармен қалқалануын ескере отырып, периметрден барынша мүмкін болатын қашықтықта орналастыру қажет.
  2. Ғимараттар мен құрылыстардың сыртқы қабырғалары іргелі және Қазақстан Республикасының бекітілген нормалары мен қағидаларына сәйкес болуы тиіс.
  3. Ғимараттар мен құрылыстарда бекіткіш құрылғыларды орнату кезінде өртке қарсы қауіпсіздік шарттарын орындау қажет:

1) ғимараттар мен құрылыстардың сыртқы эвакуациялау есіктерінің іштен кілтсіз ашылмайтын бекіткіші болмауы тиіс;

2) ортақ дәлізге алып баратын баспалдақ алаңдарының есіктері, лифт холлдары мен тамбур-шлюздердің есіктері өздігінен және тығыз жабылатын құрылғылармен жабдықталады және олардың кілтсіз ашылуға кедергі келтіретін бекітулері болмауы тиіс.

  1. Ғимараттар мен құрылыстардың аумағына құдықтар, люктер, өтетін тесіктер, шахталар, ашық құбырлар, арналар және басқа осыған ұқсас құрылыстар арқылы енуге болатын кіретін және шығатын жерлері бар жерасты және жерүсті коммуникациялары тұрақты немесе алынатын темір торлармен, қақпақтармен, бекітілетін құрылғылары бар есіктермен жабдықталады.

Тұрақты құрылғылар ашылмайтын барлық коммуникацияларға, сондай-ақ диаметрі 250 миллиметрден (кесіндісі 250 х 250 миллиметрден көп) асатын барлық ойықтарға орнатылуы тиіс.

Күзет бөлімшесі үй-жайларының инженерлік-техникалық нығайтылуына қойылатын талаптар

  1. Күзет бөлімшелерінің үй-жайларын, әдетте ғимараттардың бірінші қабатында орналастырған жөн, бұл ретте үй-жайлар конструкциясына қойылатын талаптар ғимараттардың тиісті санатына қойылатын талаптарға сәйкес болуы тиіс.
  2. Бақылау мұнаралары, бекеттік саңырауқұлақ тәріздес қалқалар мен үйшіктер, тосқауыл түріндегі дуалдар жататын күзет бекеттерінің инженерлік конструкциялары мынадай сипаттамаларға сәйкес болуы тиіс:

1) бақылау мұнаралары кірпіштен, ағаштан, металдан немесе құрама темір бетоннан жасалады және күзетшілердің аумақтар мен объектінің маңайын көруін ұлғайту үшін орналастырылады. Мұнараның биіктігі және оны орнату орны жер бедеріне, кескін үйлесіміне және жергілікті шарттарға байланысты айқындалады;

2) мұнараларды жабдықтауға арналған техникалық құралдардың құрамы жобалауға арналған тапсырмамен айқындалады;

3) мұнараның конструкциясы күзетшіні атыс қаруымен зақымдаудан қорғауы тиіс;

4) бекеттік саңырауқұлақ тәріздес қалқалар әдетте наряд соқпағынан 1 метрден аспайтын қашықтықтағы бекеттер учаскелерінің ортасында оpaналастырылады;

5) бекеттік үйшіктер кірпіштен, ағаштан, құрама темір бетоннан, металл конструкциялардан, пластиктен, сығымдалған және ағаш бөлшектерден жасалады. Температура минус 300С-ден төмен аудандарда бекеттік үйшіктерде жылыту көзделеді. Бекеттік үйшіктердің көлемдері мен түрлерін жобалау ұйым айқындайды;

6) бекеттер учаскелерінің шекарасын белгілеу үшін шектеу белгілері қолданылады. Олар нөмірленеді және нарядтарға жақсы көрінетіндей және учаскенің сыртқы жағынан бөгде адамдарға көрінбейтіндей етіп біртіндеп орнатылады.

Күзет сигнализациясы жүйесіне қойылатын талаптар

  1. Құпия ақпарат немесе материалдық құндылықтар тұрақты немесе уақытша сақталатын барлық үй-жайлар, сондай-ақ олармен аралас барлық үй-жайлар, объекті ғимаратының периметрі бойынша бірінші және соңғы қабаттарда орналасқан бөлмелер мен осал орындар (терезе, есіктер, қақпақтар, желдеткіш шахталары мен қораптары) күзет сигнализациясы жүйесімен жабдықталады.
  2. Күзет сигнализациясы жүйесі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тізілімінде аккредиттелген және тіркелген сертификаттау органдарында, сынақ зертханаларында (орталықтарында) белгіленген тәртіппен сертификаттаудан өтеді.
  3. Жалған іске қосу мен табу ықтималдығына айрықша жоғары пысықталуды талап ететін объектілерде әртүрлі әрекет етудің түрлі физикалық қағидатындағы датчикті ұштастыратын құрамдастырылған жүйені пайдалану қажет. Сезгіш элементтердің орналасуы адамның еніп кіруі туралы сигнал бір уақытта бірнеше датчикте іске қосылатындай таңдап алынады, ал бөгеуілдер уақыт бойынша таралады.
  4. Күзет сигнализациясы жүйесімен күзеттің үш шебі жабдықталады.

Күзеттің бірінші шебімен:

1) объекті ғимараттары мен үй-жайларының периметрі бойынша құрылыс конструкциялары;

2) коммуникацияларды іске қосу орындары, желдеткіш арналар және тағы басқалар;

3) өрт сатыларына шығатын жерлер;

4) күрделі емес және күрделі (егер оларды қорғау қажет болса) қабырғалар қорғалады.

Күзеттің екінші шебімен үй-жайлардың көлемі қорғалады.

Күзеттің үшінші шебімен қоймалар, сейфтер, шкафтар немесе оларға келу жолдары қорғалады.

  1. Ғимараттың (үй-жайының) периметрі бойынша құрылыс конструкциялары:

1) есік оймалары, тиеу-түсіру қақпақтары – ашылуға және тесілуге;

2) шынымен қапталған конструкциялар – әйнектің “ашылуына” және “қирауына”;

3) коммуникацияларды, күрделі емес және күрделі (егер қажет болса) іске қосу орындары – “тесілуге”;

4) желдеткіш қораптарды, түтін өткізгіштер және басқалар – “қиратуға” және “соғу әсеріне” қарсы бұғатталады.

  1. Объектінің қауіпсіздігін арттыру үшін күзет сигнализациясы жүйесінің құрылымы:

1) осы объектінің жұмыс режиміне;

2) ғимараттар ішінде үй-жайлардың орналасу ерекшеліктеріне;

3) күзетілетін аймақтар санына қарай айқындалады.

  1. Күзетілетін аймақтар сындарлы аймақтарға кез келген тұсынан келгенде, кемінде күзеттің екі шебі бұзушылықты тіркейтіндей түрде орналастырылады.
  2. Күзеттің әр шебінен келген дабыл хабарламасы орталықтандырылған бақылау пультіне немесе объектінің ішкі күзет пультіне шығарылады.
  3. Орталықтандырылған бақылау пульті ұйымдастырылған үй-жайды ғимараттың екінші немесе үшінші қабаттарында орналастыру қажет. Орталықтандырылған бақылау пульті бір қабатты ғимаратта орналасқан жағдайда үй-жайдың құрылыс конструкциялары (қабырғалар, есіктер және терезелер) Қазақстан Республикасының бекітілген нормалары мен қағидаларына сәйкес болуы тиіс.
  4. Ішкі күзет пульттері күзет бөлімшелерінің қызметтік үй-жайларында немесе осы мақсаттар үшін арнайы жабдықталған үй-жайларда орналастырылады.

Кіруді бақылау және басқару жүйесіне қойылатын талаптар

  1. Кіруді бақылау және басқару жүйесі:

1) бақылау пункті арқылы күзетілетін үй-жайларға қызметкерлердің және объектіге келушілердің кіруін шектеуді;

2) әр қызметкердің және объектіге келушінің келу-кету уақытын тіркеуді;

3) ішкі үй-жайлардың ашылғаны туралы ақпарат алуды;

4) кіру осы кіру аймағына (үй-жайға) берілген уақыт аралығында немесе оператордың бұйрығы бойынша рұқсат етілген сәйкестендіру белгісін оқығаннан кейін тосқауыл құрылғысының ашылуын;

5) кіру осы кіру аймағына (үй-жайға) берілген уақыт аралығында рұқсат етілмеген сәйкестендіру белгісін оқығаннан кейін тосқауыл құрылғысының ашылуына тыйым салуды;

6) басқару құрылғыларындағы сәйкестендіру белгілерін санкцияланған өзгертуді (қосу, өшіру) және олардың кіру аймақтарымен (үй-жайлармен) және кірудің уақыт интервалдарымен байланысын қамтамасыз етуді;

7) сәйкестендіру белгілерін өзгерту (қосу, жою) үшін басқару құрылғысы құралдарының бағдарламаларына санкциясыз енуден қорғауды;

8) техникалық және бағдарламалық құралдарды басқару, режимді орнату элементтеріне және ақпаратқа санкциясыз қол жеткізуден қорғауды;

9) электр қуаты өшкен кезде сәйкестендіру белгілерінің бабы мен деректер базасын сақтауды;

10) төтенше жағдайлар, өрт, техникалық ақаулар кезінде белгіленген режим қағидаларына және өртке қарсы қауіпсіздік қағидаларына сәйкес тосқауыл құрылғыларын қолмен, жартылай автоматты немесе автоматты түрде ашуды;

11) жүйе операторының жұмыс орнынан кіру жүйесімен жабдықталған кез келген есіктің ашылуын немесе бұғатталуын;

12) рұқсат берілген сәйкестендіру белгісі оқылғаннан кейін өтетін жерден белгілі бір уақыттан кейін өту фактісі болмаған кезде тосқауыл құрылғысының автоматты түрде жабылуын;

13) сәйкестендіру белгілерін (кодын) іріктеуге әрекет жасалған кезде тосқауыл құрылғысының белгілі бір уақытқа жабылуын және дабыл белгісінің берілуін;

14) ағымдағы және алаңдататын оқиғалардың тіркелуін және хаттамаға енгізілуін;

15) басқару құрылғысымен байланыс болмаған кезде кіретін әрбір нүктедегі тосқауыл құрылғысынан оқығыштың дербес жұмысын қамтамасыз етуі тиіс.

  1. Оқығыштар мынадай функцияларды орындауы тиіс:

1) сәйкестендіргіштерден сәйкестендіру белгісін оқу;

2) енгізілген сәйкестендіру белгісін жадыда немесе басқару құрылғысының деректер базасында сақталғандармен салыстыру;

3) пайдаланушыны сәйкестендірген кезде тосқауыл құрылғысының ашылу сигналын қалыптастыру;

4) басқару құралымен ақпарат алмасу.

  1. Басқару құрылғылары мынадай функцияларды орындауы тиіс:

1) оқығыштардан ақпаратты қабылдау, оны өңдеу, берілген түрде көрсету және тосқауыл құрылғыларын басқару сигналдарын жасау;

2) олардың кіру сипаттамаларын (кодын, кірудің уақыт аралығын, рұқсат деңгейі және басқалар) беру мүмкіндігімен объект қызметкерлерінің деректер қорын енгізу;

3) қызметкерлердің кіру нүктесінен өтуін тіркейтін электрондық журналды жүргізу;

4) кіру нүктелеріндегі қауіпті ахуалдар туралы ақпаратты басым түрде шығару;

5) тосқауыл құрылғыларының, оқығыштар мен байланыс желілері жай-күйінің ақаусыздығын бақылау.

  1. Кіруді бақылау және басқару жүйесі сәйкестендіру белгілерін іріктеу немесе таңдау арқылы манипуляциядан қорғалуы, ал конструкциясы сыртқы пішіні мен құрама бөлшектеріндегі жазбалар қолданылатын кодтардың әшкереленуіне әкеп соқтырмауы тиіс.
  2. Объектіні кіруді бақылау және басқару жүйесімен жарақтандыру кірудің негізгі үш аймағында жүргізіледі:

1) бірінші аймақ – персоналдың, келушілердің кіруі шектелмеген ғимараттар, аумақтар, үй-жайлар;

2) екінші аймақ – кіру персоналдың шектелген құрамына, сондай-ақ бір реттік рұқсат қағаздары бойынша немесе объект персоналының ілесіп жүруімен келушілерге рұқсат етілген үй-жайлар;

3) үшінші аймақ – қатаң түрде белгіленген қызметкерлер мен басшылардың кіруіне болатын объектінің арнайы үй-жайлары.

Адамдарды бақылау пункті арқылы объектіге өткізу:

1) бірінші кіру аймағында бір сәйкестендіру белгісі бойынша;

2) екінші кіру аймағында екі сәйкестендіру белгісі бойынша (мысалы, электрондық карта және механикалық құлыптың кілті);

3) үшінші кіру аймағында екі немесе одан көп сәйкестендіру белгілері бойынша жүзеге асырылуы тиіс.

  1. Мыналар:

1) объектіге негізгі және қызметтік кіру есіктері;

2) ғимаратқа кіруге арналған сыртқы есік;

3) қызметтік үй-жайлардың есіктері;

4) күзет бөлімшелері үй-жайларының есіктері;

5) орталықтандырылған бақылау пункті үй-жайларының есіктері;

6) басшылықтың қалауы бойынша басқа үй-жайлар кіруді бақылау және басқару жүйесімен жабдықталуы тиіс.

Телевизиялық бейнебақылау жүйесіне қойылатын талаптар

  1. Телевизиялық бейнебақылау жүйесі:

1) күзетілетін аймақтардың, үй-жайлардың, периметрдің және объекті аумағының жай-күйі туралы көрінетін ақпаратты автоматтандырылған режимде күзет бөлімшесінің арнайы бөлінген үй-жайындағы жергілікті бақылау пунктінің не болмаса орталықтандырылған күзет пунктінің мониторларына беруді;

2) оқиғаны кейін талдау үшін бейнеақпаратты мұрағаттауды;

3) оқиғаны автоматты режимде немесе оператордың бұйрығымен бейнеқұжаттауды;

4) бұрын жазылған ақпаратты жаңғыртуды;

5) телекамераның уақытты, күнді беру және сәйкестендіргіш арқылы бейнежазуға жедел енуді қамтамасыз етуі тиіс.

  1. Объектіде:

1) аумақтың периметрі;

2) бақылау-өткізу пункттері;

3) тексеріп қарау үй-жайлары (бөлмелері), көлікті тексеріп қарау аймағы;

4) негізгі және қосымша есіктер;

5) сындарлы аймақтағы аумақтар мен үй-жайлар, олардың дәліздері;

6) объекті басшысының (меншік иесінің) қалауы бойынша басқа да үй-жайлар телевизиялық бейнебақылау жүйесімен жабдықталады.

  1. Объектінің аумағын немесе периметрін бақылауға арналған бейнекамералар климаттық аймаққа сәйкес сыртта орнату үшін климаттық факторлардың әсер етуі жағдайында жұмыс істеуі не климаттық факторлардың әсер етуі кезінде жұмыс істеу қабілетін қамтамасыз ететін қапталған термоқалталарда орналастырылуы тиіс.
  2. Егер күзетілетін аймақтағы жарықтандыру телекамералардың сезімталдығынан төмен болса, тәуліктің қараңғы уақытында көрінетін немесе инфрақызыл жарық диапазонының күзеттік жарықтандырылуы қосылуы тиіс. Күзетілетін жарықтандыру аймақтары телекамералардың шолу аймағымен сәйкес келуі тиіс.
  3. Телевизиялық бейнебақылау жүйесін, кіруді бақылау және басқару жүйесін, сондай-ақ өрттерді анықтау және сөндіру жүйелерін авоматтандырылған күзет кешеніне біріктіру ұсынылмайды.

Байланыс жүйесіне қойылатын талаптар

  1. Жедел байланыс жүйесі:

1) белгіленген тәртіппен бөлінген жедел байланыс жүйелері үшін жиілік диапазондарындағы жұмысты;

2) күзет пунктіндегі кезекші мен қызмет көрсету аумағындағы күзет нарядтарының арасындағы екіжақты радиобайланысты;

3) күзет нарядтары арасындағы қызмет көрсету аумағының шегінде екіжақты радиобайланысты;

4) күзетілетін объектілер мен іргелес жатқан аумақта орнатылған байланысты жеткілікті қамтамасыз ету үшін қызмет көрсету сыйымдылығы мен аймағын;

5) берілетін ақпараттың қорғалуын;

6) негізгісі өшіп қалған кезде базалық жабдықтың, коммутация орталығының және жүйенің диспетчерлік орталығының резервтік электрмен қоректендіруге автоматты түрде ауысу (және керісінше) мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс. Резервтік қорек көзінен жұмыс істеу уақыты – кемінде 2 сағат.

  1. Жедел байланыс жүйесі құрауыштарының конструкциясы оларды пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу кезінде қызмет көрсететін персоналдың электр қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс.

Хабардар ету жүйесіне қойылатын талаптар

  1. Хабардар ету жүйесі:

1) ғимараттарға, үй-жайларға, адамдар тұрақты түрде немесе уақытша болатын объекті аумағындағы учаскелерде дыбыстық және (немесе) жарықтық сигналдар беруді;

2) қауіптілік сипаты, эвакуациялау қажеттілігі мен жолдары, адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған басқа да іс-қимылдар туралы сөйлеу ақпаратын трансляциялауды жүзеге асыруы;

3) “Азаматтық қорғаныс туралы” Қазақстан Республикасы Заңының нормаларына сәйкес хабардар ету сигналдарын көздеуі тиіс.

  1. Объектіде мыналарды:

1) лауазымдық міндеттерінде штаттан тыс жағдайлардың алдын алу немесе олардың салдарын жою жөніндегі іс-шараларға қатысуы көзделген қызметкерлерді шақыру схемасын;

2) штаттан тыс жағдайлар кезінде қызметкерлердің іс-қимылдарын регламенттейтін нұсқаулықтарды;

3) эвакуациялау жоспарларын;

4) хабардар ету сигналдарының жүйесін қамтитын хабардар ету жоспары әзірленуі тиіс.

  1. Хабардар ету жүйесінің іс-қимылы барысында адамдарды эвакуациялау:

1) авариялық және күзеттік жарықтандыруды қосумен;

2) эвакуациялық процесті қиындататын (өтетін жерлерде, тамбурларда, баспалдақ алаңдарында және басқа жерлерде адамдардың топталуы) дүрбелеңнің және басқа да көріністердің алдын алуға бағытталған арнайы әзірленген мәтіндердің хабардар ету жүйесі арқылы берумен;

3) эвакуациялау бағыттары мен жолдардың жарық нұсқағыштарын автоматты қосумен;

4) қосымша эвакуациялық шығу есіктерін автоматты ашумен (мысалы, электр магниттік құлыптармен жабдықталған) сүйемелденуі тиіс.

  1. Хабардар ету сигналдары басқа мақсаттағы сигналдардан ерекшеленуі тиіс.

Хабарлағыштардың саны мен олардың қуаты адамдар тұрақты немесе уақытша болатын барлық жерлерде қажетті естілуді қамтамасыз етуі тиіс.

  1. Күзетілетін аумақта рупорлық дауыс күшейткіштерді қолданған жөн. Олар жарық беру бағандарында, ғимараттардың қабырғаларында және басқа да конструкцияларда орнатылуы мүмкін.

Объектідегі дауыс күшейткіштерді орналастыру дұрыстығы мен саны берілетін дыбыстық хабарламалардың анықтығына жергілікті жерде эксперимент жасау жолымен айқындалып, нақтыланады.

  1. Хабардар ету жүйелерінің коммуникацияларын объектінің радиотрансляциялау желісімен біріктіріп жобалауға жол беріледі.

Күзеттік жарықтандыруға қойылатын талаптар

  1. Периметр бойынша күзеттік жарықтандыру желісі сыртқы жарықтандыру желісінен жеке орнатылып, жеке-дара учаскелерге бөлінеді.
  2. Негізгі және ішкі қосалқы қоршауды жарықтандырудың (жарық беруі кемінде 100 люкс) жергілікті анықтау учаскелерін ескере отырып, периметрді қорғау жүйелерінен қосылу мүмкіндігі болуы тиіс.
  3. Күзеттік жарықтандыру аспаптары ретінде мол жарық беретін прожекторлар, қыздыру лампалары немесе балама үлгідегі шамдар қолданылуы тиіс.

Жарықтандыру аспаптары бекет күзетшілері мен бақылау-өткізу пункті бақылаушыларының көздерін қарықтырмайтындай орналастырылуы тиіс.

Жарықтандыру жолағы күзет бекеттеріне, нарядтардың соқпағына, бекеттік саңырауқұлақтарға түспеуі тиіс.

Шамдар арасындағы арақашықтық, олардың қуаты мен конструкциясы жарықтандыру нормалары бойынша қажетті жарықтың жаппай, біркелкі жолағын жасау есебінен алынуы тиіс.

  1. Күзет қызметтік үй-жайлары үшін жарықтандыру нормаларын айқындау қолданыстағы нормалар мен қағидалар негізінде жүргізілуі тиіс.
  2. Күзеттік жарықтандыру:

1) шамдардың жарық нүктелері бүркемеленетіндей және ені кемінде 3 метр тұтас жолақты құрайтындай қажетті біркелкі жарықтандырумен;

2) техникалық құралдар іске қосылған кезде бір учаске немесе бүкіл периметр бойынша жарықтандырудың автоматты түрде қосылу мүмкіндігімен;

3) жарықтандыруды басқару – кез келген учаскені немесе бүкіл периметрдегі жарықтандыруды қосу мүмкіндігімен қамтамасыз етіледі.

  1. Күзеттік жарықтандыру шамдары аумақтың ішкі қоршау желісіне тікелей жақын, қызмет көрсету үшін қолайлы және қауіпсіз жерлерде орнатылады.
  2. Қарауылдардың үй-жайлары, бақылау-өткізу пункттері, ғимаратқа кіретін жерлер, санатты үй-жайлардың дәліздері авариялық жарықтандырумен қосымша жабдықталуы тиіс. Жұмыстық жарықтандыру авариялық жарықтандыруға және кері ауыстыру автоматты түрде жүзеге асырылуы тиіс.
  3. Автокөлік және теміржол бақылау-өткізу пункттерін жарықтандыру көлікті және тасымалданатын жүктерді тексеріп қарауды қамтамасыз етуі тиіс. Жарықтандыру аспаптары тексеріп қаралатын көліктің біркелкі, оның ішінде астынан да жүзеге асырылатындай орналасуы тиіс. Қажет болған жағдайларда тасымалданатын жарықтандыруды пайдалану мүмкіндігін көздеген жөн.

Күзет сигнализациясы кіруді бақылау және басқару, телевизиялық бейнебақылау және жарықтандыру жүйелерінің электрмен қоректендірілуіне қойылатын талаптар

  1. Күзет сигнализациясы, кіруді бақылау және басқару жүйелері негізгі желілік қоректену болмаған кезде жабдықтың кемінде 12 сағат жұмысын қамтамасыз ететін аккумуляторлық қолдауы бар үздіксіз қоректендіру көздерінен тұруы тиіс.
  2. Автономды резервтік электрмен қоректендіру көздері кіруді бақылау және басқару, телевизиялық бейнебақылау жүйесінің, күзет және кезекші жарықтандырудың жұмысын:

1) қалаларда және қала үлгісіндегі кенттерде – кемінде 24 сағат;

2) ауылдық аудандарда – кемінде 48 сағат;

3) бару қиын аудандарда – кемінде 72 сағат қамтамасыз етуі тиіс.

  1. Адамдар көп жиналатын объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне қойылатын талаптар
  2. 1-қосымшаға енгізілген адамдар көп жиналатын объектілер міндетті түрде телевизиялық бейнебақылау жүйесімен жабдықталады.
  3. 2-қосымшаға енгізілген адамдар көп жиналатын объектілер міндетті түрде күзет сигнализациясы жүйесімен және құралдарымен, кіруді бақылау және басқару жүйесімен (бірінші аймақты қоспағанда), хабардар ету жүйесімен және құралдарымен, телевизиялық бейнебақылау жүйесімен жарақталады.
  4. Адамдар көп жиналатын барлық объектілерде белгіленген тәртіппен сертификаттау органдарында, сынақ зертханаларында (орталықтарында) сертификаттаудан өткен, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сертификаттау жүйесінің Мемлекеттік тізілімінде аккредиттелген және тіркелген жүйелер мен техникалық құралдар орнатылады.

Күзет сигнализациясы жүйесіне қойылатын талаптар

  1. Күзет сигнализациясы жүйелері санкциясыз кіру туралы хабарлауы тиіс.
  2. Күзет сигнализациясы жүйелері негізгіден резервтікке және кері электрмен қоректендіру көздерін қайта қосу кезінде жалған дабылдар бермеуі тиіс.
  3. Күзет сигнализациясы жүйелері оларды басқаруға санкциясыз енуден қорғалады.

Кіруді бақылау және басқару жүйесіне қойылатын талаптар

  1. Кіруді бақылау және басқару жүйесі объектілердегі өткізу және объектішілік режимді ұйымдастыруды қамтамасыз етуі және объектіні кірудің негізгі үш аймағына бөлуді көздеуі тиіс:

1) бірінші аймақ – персоналдың, келушілердің кіруі шектелмеген ғимараттар, аумақтар, үй-жайлар;

2) екінші аймақ – кіру персоналдың шектелген құрамына, сондай-ақ бір реттік рұқсат қағаздары бойынша немесе объект персоналы ілесіп жүретін келушілерге рұқсат етілген үй-жайлар;

3) үшінші аймақ – қатаң түрде белгіленген қызметкерлер мен басшылардың кіруіне болатын объектінің арнайы үй-жайлары.

  1. Кіруді бақылау және басқару жүйесі екінші және үшінші аймақтағы кіру шектелген үй-жайларға санкциясыз кіруді болдырмауды қамтамасыз етеді.
  2. Кіруді бақылау және басқару жүйесі сәйкестендіру белгілерін іріктеу немесе таңдау арқылы манипуляциядан қорғалуы, ал конструкциясы сыртқы пішіні мен құрама бөлшектеріндегі жазбалар қолданылатын кодтардың әшкереленуіне әкеп соқтырмауы тиіс.

Телевизиялық бейнебақылау жүйесіне қойылатын талаптар

  1. Телевизиялық бейнебақылау жүйесі көрнекі ақпаратты күзет бөлімшесінің арнайы бөлінген үй-жайында (болған жағдайда) не болмаса орталықтандырылған күзет пунктінде орналасқан техникалық құралға немесе жинауға, өңдеуге, көрсетуге және тіркеуге арналған техникалық құрал жиынтығына беруді қамтамасыз етуі тиіс.

Ақпаратты сақтау мерзімі кемінде 30 тәулікті құрауы тиіс.

  1. Телевизиялық бейнебақылау жүйесі күзетілетін аймақтардағы (аумақтағы, үй-жайлардағы) ахуалға бақылау жүргізуге, сондай-ақ санкциясыз ену фактісін көзбен шолып растауға, ахуалды бағалауға және құқық бұзушыларды сәйкестендіруге мүмкіндік береді.
  2. Телевизиялық бейнебақылау жүйесі автоматтандырылған режимдегі жұмысты қамтамасыз етуі тиіс.
  3. Жекелеген ғимаратта (ғимараттар кешенінде) орналасқан объектідегі телевизиялық бейнебақылау жүйесімен:

1) объектіге іргелес жатқан аумақтың периметрі;

2) бақылау-өткізу пункттері (бар болса);

3) тексеріп қарау үй-жайлары (бөлмелері) және көлікті тексеріп қарау аймағы (бар болса);

4) бас және қосалқы кіру есіктері;

5) адамдар көп жиналатын үй-жайлар (орындар) жабдықталуы тиіс.

Ғимараттың бір бөлігінде орналасқан объектідегі телевизиялық бейнебақылау жүйесімен:

1) адамдар көп жиналатын үй-жайларды (орындарды);

2) бас және қосалқы кіру есіктерін (бар болса) жабдықтау қажет.

  1. Егер күзетілетін аймақтағы жарықтандыру телекамералардың сезімталдығынан төмен болса, тәуліктің қараңғы уақытында көрінетін немесе инфрақызыл жарық диапазонының күзеттік жарықтандырылуы қосылуы тиіс. Күзетілетін жарықтандыру аймақтары телекамералардың шолу аймағымен сәйкес келуі тиіс.

Хабардар ету жүйесіне қойылатын талаптар

  1. Объектідегі және оның аумағындағы персонал мен келушілерді төтенше жағдайлар (авария, өрт, табиғи зілзала, шабуыл жасау, террористік акт) және қалыптасқан жағдайдағы іс-қимылдар кезінде жедел хабардар ету үшін хабардар ету жүйесі құрылады.
  2. Объектіде мыналарды:

1) лауазымдық міндеттерінде штаттан тыс жағдайлардың алдын алу немесе олардың салдарын жою жөніндегі іс-шараларға қатысуы көзделген қызметкерлерді шақыру схемасын;

2) штаттан тыс жағдайлар кезінде қызметкерлердің іс-қимылдарын регламенттейтін нұсқаулықтарды;

3) эвакуациялау жоспарларын;

4) хабардар ету сигналдарының жүйесін қамтитын хабардар ету жоспары әзірленуі тиіс.

  1. Хабардар ету жүйесі мынадай талаптардың (сипаттамалардың) орындалуын:

1) ғимараттарға, үй-жайларға, адамдар тұрақты түрде немесе уақытша болатын объекті аумағындағы учаскелерде дыбыстық және (немесе) жарықтық сигналдар беруді;

2) қауіптілік сипаты, эвакуациялау қажеттілігі мен жолдары, адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған басқа да іс-қимылдар туралы сөйлеу ақпаратын трансляциялауды;

3) “Азаматтық қорғаныс туралы” Қазақстан Республикасы Заңының нормаларына сәйкес хабардар ету сигналдарын қамтамасыз етуі тиіс.

  1. Хабардар ету жүйесі бойынша адамдарды эвакуациялау:

1) авариялық және күзеттік жарықтандыруды қосумен;

2) эвакуациялық процесті қиындататын (өтетін жерлерде, тамбурларда, баспалдақ алаңдарында және басқа жерлерде адамдардың топталуы) дүрбелеңнің және басқа да көріністердің алдын алуға бағытталған арнайы әзірленген мәтіндерді берумен;

3) эвакуациялау бағыттары мен жолдардың жарық нұсқағыштарын қосумен;

4) қосымша эвакуациялық шығу есіктерін (мысалы, электр магниттік құлыптармен жабдықталған) қашықтан ашумен сүйемелденуі тиіс.

  1. Хабардар ету жүйелерінің коммуникацияларын объектінің радиотрансляциялау желісімен біріктіріп жобалауға жол беріледі.
  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің2015 жылғы 3 сәуірдегі№ 191 қаулысына
1-қосымша

Адамдар көп жиналатын объектілер

Р/с

Адамдар көп жиналатын объектілер 1-топ
1 2 3
1. Сауда алаңы бар сауда объектілері 500-ден 2000 шаршы метрге дейін
2. Қоғамдық тамақтандыру объектілері 100-ден 500-ге дейін отыратын орны бар
3. Бір мезгілде көп адамның болу мүмкіндігі бар өздеріне жапсарлас ашық аумақты қоса алғанда, көп адамның келуіне арналған немесе дайындалған концерт залдары 200-ден 1000 адамға дейін
4. Бір мезгілде көп адамның болу мүмкіндігі бар өздеріне жапсарлас ашық аумақты қоса алғанда, көп адамның келуіне арналған немесе дайындалған спорт құрылыстары 200-ден 5000 адамға дейін
5. Бір мезгілде көп адамның болу мүмкіндігі бар өздеріне жапсарлас ашық аумақты қоса алғанда, көп адамның келуіне арналған немесе дайындалған ойын-сауық құрылыстары 200-ден 5000 адамға дейін
6. Бір мезгілде көп адамның болу мүмкіндігі бар өздеріне жапсарлас ашық аумақты қоса алғанда, көп адамның келуіне арналған немесе дайындалған көлік құрылыстары (вокзалдар, бекеттер, порттар, әуеайлақтар, әуежайлар) 200 және одан артық адам
7. Бір мезгілде көп адамның болу мүмкіндігі бар өзге де бұқаралық құрылыстар, (ғибадат үйлері, құрылыстары, мемлекеттік органдардың және ведомстволық бағынысты ұйымдардың, мемлекеттік қызметтер көрсететін жеке және заңды тұлғалардың, пошта желісі мен пайдаланушыларға қызмет көрсету объектілері) 200-ден 5000 адамға дейін
8. Бір мезгілде көп адамның болу мүмкіндігі бар өздеріне жапсарлас ашық аумақты қоса алғанда, көп адамның келуіне арналған немесе дайындалған білім беру ұйымдары 200-ден 3000 адамға дейін
9. Бір мезгілде көп адамның болу мүмкіндігі бар өздеріне жапсарлас ашық аумақты қоса алғанда, көп адамның келуіне арналған немесе дайындалған денсаулық сақтау ұйымдары 200-ден 2000 адамға дейін
10. Бір мезгілде көп адамның болу мүмкіндігі бар өздеріне жапсарлас ашық аумақты қоса алғанда, көп адамның келуіне арналған немесе дайындалған туристерді орналастыру орындары (қонақ үйлер, мотельдер, кемпингтер, туристік базалар, мейманханалар, демалыс үйлері, пансионаттар және туристердің тұруы мен оларға қызмет көрсету үшін пайдаланылатын басқа да ғимараттар мен құрылыстар) 200-ден 1000 адамға дейін

 

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 3 сәуірдегі
№ 191 қаулысына
2-қосымша

Адамдар көп жиналатын объектілер

Р/с

Адамдар көп жиналатын объектілер 2-топ
1 2 3
1. Сауда алаңы бар сауда объектілері 2000 және одан да көп шаршы метр
2. Қоғамдық тамақтандыру объектілері 500 және одан да көп отырғызатын орны бар
3. Бір мезгілде көп адамның болу мүмкіндігі бар өздеріне жапсарлас ашық аумақты қоса алғанда, көп адамның келуіне арналған немесе дайындалған концерт залдары 1000 және одан да көп адам
4. Бір мезгілде көп адамның болу мүмкіндігі бар өздеріне жапсарлас ашық аумақты қоса алғанда, көп адамның келуіне арналған немесе дайындалған спорт құрылыстары 5000 және одан да көп адам
5. Бір мезгілде көп адамның болу мүмкіндігі бар өздеріне жапсарлас ашық аумақты қоса алғанда, көп адамның келуіне арналған немесе дайындалған ойын-сауық құрылыстары 5000 және одан да көп адам
6. Бір мезгілде көп адамның болу мүмкіндігі бар өздеріне жапсарлас ашық аумақты қоса алғанда, көп адамның келуіне арналған немесе дайындалған көлік құрылыстары (вокзалдар, бекеттер, порттар, әуеайлақтар, әуежайлар) 200 және одан да көп адам
7. Бір мезгілде көп адамның болу мүмкіндігі бар өзге де бұқаралық құрылыстар, (ғибадат үйлері, құрылыстары, мемлекеттік органдардың және ведомстволық бағынысты ұйымдардың, мемлекеттік қызмет көрсететін жеке және заңды тұлғалардың, пошта желісі мен пайдаланушыларға қызмет көрсету объектілері) 5000 және одан да көп адам
8. Бір мезгілде көп адамның болу мүмкіндігі бар өздеріне жапсарлас ашық аумақты қоса алғанда, көп адамның келуіне арналған немесе дайындалған білім беру ұйымдары 3000 және одан да көп адам
9. Бір мезгілде көп адамның болу мүмкіндігі бар өздеріне жапсарлас ашық аумақты қоса алғанда, көп адамның келуіне арналған немесе дайындалған денсаулық сақтау ұйымдары 2000 және одан да көп адам
10. Бір мезгілде көп адамның болу мүмкіндігі бар өздеріне жапсарлас ашық аумақты қоса алғанда, көп адамның келуіне арналған немесе дайындалған туристерді орналастыру орындары (қонақ үйлер, мотельдер, кемпингтер, туристік базалар, мейманханалар, демалыс үйлері, пансионаттар және туристердің тұруы мен оларға қызмет көрсету үшін пайдаланылатын басқа да ғимараттар мен құрылыстар) 1000 және одан да көп адам

 

 

 

 

Терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) және теңіздік жедел штабтары туралы ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 маусымдағы № 587 Жарлығы.

Ескерту. Жарлықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 26.09.2018 № 759 Жарлығымен.

 

Қазақстан Республикасы Президенті

мен Үкіметі актілерінің жинағында

жариялануға тиіс

“Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы” Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі Заңы 4-бабы 2-тармағының 5) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Қоса беріліп отырған Терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) және теңіздік жедел штабтары туралы ережебекітілсін.

Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 26.09.2018 № 759 Жарлығымен.

  1. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан РеспубликасыПрезидентіН.Назарбаев

 

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2013 жылғы 24 маусымдағы
№ 587 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) және теңіздік жедел штабтары туралы ереже

Ескерту. Ереженің тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 26.09.2018 № 759 Жарлығымен.

  1. Жалпы ережелер
  2. Терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтар терроризмге қарсы операцияларды өткізуге қатыстырылатын мемлекеттік органдардың күштері мен құралдарын жедел басқаратын тұрақты жұмыс істейтін органдар болып табылады.
  3. Республикалық деңгейде терроризмге қарсы күрес жөніндегі

республикалық жедел штаб жұмыс істейді.

  1. Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктерінде өз қызметі бойынша республикалық жедел штабқа бағынысты облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтары жұмыс істейді.

Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 26.09.2018 № 759 Жарлығымен.
3-1. Терроризмге қарсы күрес жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін теңіздік жедел штабы құрлықтық қайраңда не болмаса теңізде жүзу құралдарында орналасқан теңіздегі экономикалық қызмет объектілеріне қатысты жасалған терроризм актілеріне дер кезінде ден қою және жолын кесу үшін құрылады.

Ескерту. Ереже 3-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Президентінің 26.09.2018 № 759 Жарлығымен.

  1. Терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) және теңіздік жедел штабтары қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, конституциялық заңдары, заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен өзге де нормативтік құқықтық актілер, сондай-ақ осы Ереже құрайды.

Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 26.09.2018 № 759 Жарлығымен.

  1. Терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) және теңіздік жедел штабтарының негізгі міндеттері, функциялары мен өкілеттіктері

Ескерту. 2-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 26.09.2018 № 759 Жарлығымен.

  1. Терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) және теңіздік жедел штабтарының негізгі міндеттері:

1) терроризмге қарсы операцияны өткізу бойынша күштер мен құралдарды қолдау және дайындығын дамыту үшін жағдай жасау;

2) терроризм актісінің жолын кесу, жедел медициналық көмек көрсету, медициналық-психологиялық қолдау, апаттан құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды өткізу, сондай-ақ күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету арқылы оның зардаптарын барынша азайту және (немесе) жою бойынша терроризмге қарсы операцияны дайындау мен өткізу болып табылады.

Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 26.09.2018 № 759 Жарлығымен.

  1. Негізгі міндеттерге сәйкес терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) және теңіздік жедел штабтарына мынадай функциялар жүктеледі:

1) терроризм актісінің жолын кесу бойынша мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметі мен өзара іс-қимылының тиімділігін арттыруға бағытталған шараларды әзірлеу;

2) мемлекеттік органдардың күштері мен құралдарын практикалық қолдану мәселелерін пысықтау бойынша терроризмге қарсы оқу-жаттығулар, жаттықтырулар мен тәжірибелерді өткізу;

3) террористік көріністерге ден қою бойынша күштер мен құралдардың дайындығын бағалау үшін қажетті ақпаратты жинау мен талдауды ұйымдастыру;

4) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) және теңіз акваториясы аумағында терроризмге қарсы операцияны өткізу тәртібі, соның ішінде терроризмге қарсы операцияны өткізу кезеңінде құқықтық режимді енгізу туралы шешім тұжырымдау;

5) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) және теңіз акваториясы аумағында терроризмге қарсы операцияны дайындау мен өткізуді басқару.

Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 26.09.2018 № 759 Жарлығымен.

  1. Терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) және теңіздік жедел штабтары:

1) мемлекеттік органдардан және жергілікті өзін-өзі басқару

органдарынан, лауазымды адамдар мен ұйымдардан терроризмге қарсы іс-

қимыл саласында қажетті ақпараттарды, құжаттар мен материалдарды сұратуға;

2) терроризм актісінің жолын кесу, оның зардаптарын барынша азайту және (немесе) жоюға қажетті орталық және жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдарын терроризмге қарсы операцияны өткізуге қатысуға тартуға;

3) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың талаптарына сәйкес шетел мемлекеттерінің арнаулы мақсаттағы бөлімшелерін тартуға;

4) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдармен және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, ұйымдармен және жеке адамдармен өзара іс-қимыл жасауға;

5) “Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы” 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 15-1-бабына сәйкес терроризмге қарсы операция өткізу кезеңінде қолданылатын шаралар мен уақытша шектеулер тізбесін айқындауға құқылы.

Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 26.09.2018 № 759 Жарлығымен.
8. Алып тасталды – ҚР Президентінің 26.09.2018 № 759 Жарлығымен.

  1. Терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) және теңіздік жедел штабтарының құрамы

Ескерту. 3-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 26.09.2018 № 759 Жарлығымен.

  1. Терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық жедел штабтың басшысы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы болып табылады.

Күзетілетін тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша терроризмге қарсы операцияны өткізу кезінде терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық жедел штабқа басшылық етуді Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы жүзеге асырады. Бұл жағдайда Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы оның бірінші орынбасары болады.

Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 26.09.2018 № 759 Жарлығымен.

  1. Терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық жедел штабтың тұрақты мүшелері мыналар болып табылады:

1) Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі (басшының орынбасары);

2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары (басшының орынбасары);

3) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы;

4) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі;

5) Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі;

6) Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі;

7) Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі.

Терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық жедел штаб басшысының шешімі бойынша штабтың құрамына өзге де мемлекеттік органдардың басшылары енгізілуі мүмкін.

Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 01.06.2019 № 57 Жарлығымен.

  1. Терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық жедел штабтың өзінің құзыретіне сәйкес қабылдаған шешімі оның құрамына және терроризмге қарсы күрес жөніндегі облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) және теңіздік жедел штабтарының құрамына өкілдері кіретін барлық мемлекеттік органдар үшін міндетті болып табылады.

Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 26.09.2018 № 759 Жарлығымен.

  1. Терроризмге қарсы күрес жөніндегі облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жедел штабтарының қызметін басқаруды Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органдарының бастықтары жүзеге асырады.

Терроризмге қарсы күрес жөніндегі теңіздік жедел штабтың басшысы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзетуді және Қазақстан Республикасының Каспий теңізіндегі шекара кеңістігінде орнатылған режимдердің орындалуына бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі бірлестігінің (өңірлік басқарманың) бастығы болып табылады.

Терроризмге қарсы күрес жөніндегі теңіздік жедел штаб басшысының бірінші орынбасары Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті аумақтық органының бастығы болып табылады.

Күзетілетін тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша терроризмге қарсы операцияны өткізу кезінде терроризмге қарсы күрес жөніндегі облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жедел штабтарының басшысын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық жедел штабтың құрамына кіретін мемлекеттік органдар немесе олардың аумақтық бөлімшелері өкілдерінің қатарынан тағайындайды.

Күзетілетін тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған терроризмге қарсы операцияны өткізу кезінде терроризмге қарсы күрес жөніндегі облыстық, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жедел штаб басшысының орынбасары күзетілетін тұлғаны алып жүретін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің жоғары лауазымды адамы болып табылады.

Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 26.09.2018 № 759 Жарлығымен.

  1. Терроризмге қарсы күрес жөніндегі облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) және теңіздік жедел штабтарының тұрақты мүшелері мыналар болып табылады:

1) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының аумақтық бөлімшесінің бастығы (штаб басшысының орынбасары);

2) Қазақстан Республикасы азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің бастығы;

3) жоғары тұрған қолбасшылықтың шешіміне сәйкес Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері гарнизонының бастығы;

4) Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы әскери бөлімінің командирі;

5) облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің бірінші орынбасары.

Терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб басшысының шешімі бойынша оның құрамына өзге де мемлекеттік органдардың басшылары енгізілуі мүмкін.

Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 26.09.2018 № 759 Жарлығымен.

  1. Терроризмге қарсы күрес жөніндегі облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қала) және теңіздік жедел штабының өз құзыретіне сәйкес қабылдаған шешімі олардың құрамына өкілдері кіретін барлық мемлекеттік органдар үшін міндетті.

Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 26.09.2018 № 759 Жарлығымен.

  1. Терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) және теңіздік жедел штабтарын өз жұмыс жоспарларында көзделген терроризмге қарсы оқу-жаттығулар мен жаттықтыруларды үйлестіру, өзара іс-қимылдарды жетілдіру, өткізу мәселелерін әзірлеу үшін олардың басшылары шақыруы мүмкін.

Терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) және теңіздік жедел штабтары қабылдайтын шешімдер оған терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб басшысы қол қоятын хаттама түрінде ресімделеді. Терроризмге қарсы операцияны өткізу кезеңінде қабылданатын шешімдерге терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтың барлық мүшелері қол қояды.

Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 26.09.2018 № 759 Жарлығымен.

  1. Терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтардың күштері мен құралдарының құрамы, жедел топтарды құру тәртібі, терроризмге қарсы операцияны дайындау мен өткізу барысындағы олардың іс-қимылдарының егжей-тегжейлі тізбесі Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Ішкі істер министрлігінің, Мемлекеттік күзет қызметінің, Қорғаныс министрлігінің, сондай-ақ терроризмге қарсы іс-қимылға өз құзыреті шегінде қатысатын өзге де мемлекеттік органдардың бірлескен нормативтік құқықтық актілерімен айқындалады.

Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 26.09.2018 № 759 Жарлығымен.

  1. Терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) және теңіздік жедел штабтарының қызметін ұйымдастыру

Ескерту. 4-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 26.09.2018 № 759 Жарлығымен.

  1. Терроризмге қарсы операцияны өткізуге тартылатын мемлекеттік органдардың күштері мен құралдарының тиімділігін арттыру мақсатында терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) және теңіздік жедел штабының басшысы терроризмге қарсы операцияны өткізудің үлгілік ведомствоаралық жоспарын бекітеді. Жоспарда мыналар көзделеді:

1) тартылатын күштер мен құралдардың есебі, атауы, саны, орналасуы, жедел топтардың қарулануы және техникалық жабдықталуы, олардың басшылары тағайындалады;

2) терроризмге қарсы операцияға қатысушыларды хабарландыру схемасы, жиынның бастапқы орны және жедел штаб пен оның жедел топтарының орналасуы;

3) өзге де мемлекеттік органдардың терроризмге қарсы операцияға қатысу дәрежесі;

4) терроризмге қарсы операцияны дайындау мен өткізудің жалпы тетігі.

Жоспардың іс-шаралары түрлі деңгейдегі терроризмге қарсы оқу-жаттығулар, жаттықтырулар мен тәжірибелер өткізу арқылы әзірленіп, ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Ішкі істер министрлігінің, Мемлекеттік күзет қызметінің және Қорғаныс министрлігінің, сондай-ақ өз құзыреті шеңберінде терроризмге қарсы іс-қимылға қатысатын өзге де мемлекеттік органдардың бірлескен бұйрығымен регламенттеледі.

Ескерту. 17-тармаққа өзгерістер енгізілді – ҚР Президентінің 04.05.2014 N 814; 26.09.2018 № 759 Жарлықтарымен.

  1. Қоғамдық қауіп-қатердің ауқымы мен дәрежесіне, терроризм актісінің күтілетін теріс салдарына байланысты терроризмге қарсы операцияға басшылықты терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) және теңіздік жедел штабының басшысы жүзеге асырады.

Аудандағы (облыстық маңызы бар қалада) терроризмге қарсы операцияны басқаруды терроризмге қарсы күрес жөніндегі облыстық жедел штаб күштері мен құралдары келгеннен және өрістетілгеннен кейін терроризмге қарсы күрес жөніндегі жоғары тұрған жедел штаб басшысы жүзеге асырады.

Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 26.09.2018 № 759 Жарлығымен.

  1. Терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық жедел штаб терроризмге қарсы операцияны өткізген кезде оның жұмыс тобы қызметке кіріседі.

Жұмыс тобының құрамына мемлекеттік органдар құрылымдық бөлімшелерінің басшылары кіреді. Топқа Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы жұмыс органының бастығы жетекшілік етеді. Күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша терроризмге қарсы операцияны жүргізу кезінде жұмыс тобының жетекшісі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі құрылымдық бөлімшелері бастықтарының қатарынан тағайындалады. Жұмыс тобы терроризм актісін дайындауға немесе оны жасауға байланысты жедел жағдайды талдауды, оның одан әрі дамуын болжауды, сондай-ақ басқару шешімдерін әзірлеуді жүзеге асырады.

Ескерту. 19-тармаққа өзгерістер енгізілді – ҚР Президентінің 04.05.2014 N 814; 26.09.2018 № 759 Жарлықтарымен.

  1. Терроризмге қарсы күрес жөніндегі облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) және теңіздік жедел штабтары терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық жедел штаб басшысының келісімі бойынша терроризмге қарсы операцияны өткізеді.

Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 26.09.2018 № 759 Жарлығымен.

  1. Терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) және теңіздік жедел штаб басшысы терроризмге қарсы өткізілетін операцияның басталуынан бастап ол аяқталғанға дейін оны өткізуге тартылған барлық әскери қызметшілері, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының қызметкерлері мен мамандары үшін басшы және бастық болады.

Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) және теңіздік жедел штаб басшысы терроризмге қарсы операцияға тартылатын шетел мемлекеттерінің арнаулы мақсаттағы бөлімшелерінің мамандары үшін бастық болады.

Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 26.09.2018 № 759 Жарлығымен.

  1. Атқаратын лауазымына қарамастан басқа лауазымды адамның

терроризмге қарсы операцияны жедел басқаруға заңсыз араласуына жол

берілмейді.

  1. Терроризмге қарсы күрес жөніндегі облыстық жедел штабтың күштері мен құралдары келгенге және өрістетілгенге дейін ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтары бірінші кезектегі шаралар шеңберінде терроризмге қарсы операцияны өткізеді. Терроризмге қарсы операцияны одан әрі өткізуді терроризмге қарсы күрес жөніндегі жоғары тұрған жедел штабтың басшысы тиісті бұйрық шығарған соң жүзеге асырады.

Терроризмге қарсы күрес жөніндегі облыстық жедел штабтың дер кезінде келуге мүмкіндігі болмаған жағдайда оның басшысы терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық жедел штабтың келісімі бойынша терроризмге қарсы операция өткізіліп жатқан әкімшілік-аумақтық бірлікпен шекаралас астананың, республикалық маңызы бар қаланың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтарының күштері мен құралдарын жібереді.

Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 26.09.2018 № 759 Жарлығымен.

  1. Терроризмге қарсы күрес жөніндегі облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) және теңіздік жедел штабтарын терроризмге қарсы операцияны өткізу жоспары бойынша іс-шараларды іске қосу кезінде үйлестіру мақсатында Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығының жұмыс органы қызметке кіріседі.

Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 26.09.2018 № 759 Жарлығымен.

  1. Терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) және теңіздік жедел штаб басшысы терроризмге қарсы операция өткізу кезінде:

1) терроризмге қарсы операцияны өткізудің басталуы мен аяқталуын хабарлау, терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) және теңіздік жедел штабтарының персонал құрамын айқындау және терроризмге қарсы операцияның үлгілік жоспарына сәйкес тартылатын жедел топтар туралы, күштер мен құралдарды пайдалану шектері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қару-жарақты қолдану тәртібі туралы;

2) терроризмге қарсы операция өткізу аймағын айқындау туралы;

3) қажет болған жағдайда “Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы” 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес оны өткізу кезеңінде терроризмге қарсы операция құқықтық режимін енгізу туралы;

4) кепілдегі адамдарды босату және террористерді залалсыздандыру бойынша операция өткізу туралы бұйрықтар шығарады. Әртүрлі қуатты ведомстволардың арнаулы мақсаттағы бірнеше бөлімшелерін бірлескен жедел-жауынгерлік қолдану кезінде арнаулы мақсаттағы бөлімше басшыларының бірін жиынтық тактикалық топтың командирі етіп тағайындайды.

Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 26.09.2018 № 759 Жарлығымен.

  1. Алға қойылған міндеттерді орындау үшін терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) және теңіздік жедел штабтарында іс-қимыл жасайтын мемлекеттік органдардың күштері мен құралдары бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша орталық мемлекеттік орган бекіткен нормалар бойынша қажетті материалдық-техникалық құралдармен жарақтандырылады.

Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 26.09.2018 № 759 Жарлығымен.

  1. Терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) және теңіздік жедел штабтарының ұйымдастырушылық іс-қимылдарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету терроризмге қарсы күрес жөніндегі тиісті жедел штабтардың құрамына лауазымды адамдары енгізілген мемлекеттік органдардың, олардың аумақтық бөлімшелерінің және ведомстволық қарасты мемлекеттік мекемелерінің есебінен жүзеге асырылады.

Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 26.09.2018 № 759 Жарлығымен.

  1. Терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) және теңіздік жедел штабтарының іс-қимылдарын ұйымдастырушылық және ақпараттық-талдамалық қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасы Терроризмге қарсы орталығының жұмыс органы, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органдары және Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің бірлестіктері жүзеге асырады.

Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 26.09.2018 № 759 Жарлығымен.

 

 

 

 

Терроризмге қарсы комиссиялар туралы үлгілік ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 маусымдағы № 589 Жарлығы.

 

“Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы” Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі Заңы 4-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Қоса беріліп отырған Терроризмге қарсы комиссиялар туралы үлгілік ережебекітілсін.
  2. Жергілікті атқарушы органдар үш ай ішінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) терроризмге қарсы комиссиялары туралы ережені қоса беріліп отырған Терроризмге қарсы комиссиялар туралы үлгілік ережегесәйкес бекітсін.
  3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев

 

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2013 жылғы 24 маусымдағы
№ 589 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Терроризмге қарсы комиссиялар туралы
ҮЛГІЛІК ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер

  1. __________________________________________________________

облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың,

______________________________________әкімдігі жанындағы___________

ауданның (облыстық маңызы бар қаланың)

___________________________________________________________________ облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның _______________________________________________________ терроризмге

(облыстық маңызы бар қаланың)

қарсы комиссиясы (бұдан әрі – терроризмге қарсы комиссия) орталық мемлекеттік органдардың аумақтық белімшелері мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының терроризмнің алдын алу, терроризм зардаптарын барынша азайту және (немесе) жою жөніндегі қызметін жүзеге асыратын консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

  1. Терроризмге қарсы комиссия Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығының шешімдерін __________________________

облыстың, республикалық маңызы

___________________________________________________________________

бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) _________ шегінде іске асырады.

  1. Терроризмге қарсы комиссия қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, конституциялық заңдары, заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері және өзге де нормативтік құқықтық актілер, сондай-ақ осы Ереже құрайды.
  2. Терроризмге қарсы комиссияның негізгі міндеттері, функциялары мен өкілеттіктері
  3. Терроризмге қарсы комиссияның негізгі міндеттері:

1) _________________________________________________________

облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның

_______________________ аумағында терроризмге қарсы іс-қимыл

(облыстық маңызы бар қаланың) саласындағы мемлекеттік саясатты, сондай-ақ осы саладағы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру бойынша Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығына ұсыныстар дайындауды іске асыруға қатысу;

2) орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың терроризмнің алдын алу, терроризм зардаптарын барынша азайту және (немесе) жою жөніндегі қызметін үйлестіру;

3) терроризмнің профилактикасы, терроризм керіністеріне ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою, террористік тұрғыдан осал объектілердің қорғалуын қамтамасыз ету, терроризм зардаптарын барынша азайту және (немесе) жою жөнінде шаралар әзірлеу, осы шараларды іске асыруға бақылауды жүзеге асыру;

4) терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді шешу болып табылады.

  1. Негізгі міндеттеріне сәйкес терроризмге қарсы комиссияға мынадай функциялар жүктеледі:

1) _________________________________________________________ облыста, республикалық маңызы бар қалада, астанада, ауданда (облыстық

________________ қалыптасқан жағдайды ескере отырып, терроризмнің

маңызы бар қалада) алдын алу, терроризм зардаптарын барынша азайту және (немесе) жою жөніндегі іс-шараларды жоспарлау және өткізу;

2) _________________________________________________________

облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы, аудандағы ____________________________ терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы

(облыстық маңызы бар қаладағы) ахуалға әсер ететін саяси, әлеуметтік-экономикалық, діни және өзге де процестерге мониторинг жасау, бағалау және болжау;

3) орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың терроризмнің алдын алу, оның зардаптарын барынша азайту және (немесе) жою саласындағы өзара іс-қимылын үйлестіру;

4) орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың терроризмнің алдын алу, оның зардаптарын барынша азайту және (немесе) жою саласындағы қызметінің үйлесімділігіне кері ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою;

5) терроризмнің алдын алу, оның зардаптарын барынша азайту және (немесе) жою саласындағы мемлекеттік органдардың қаржылық, материалдық-техникалық, кадрлық, ақпараттық және өзге де қамтамасыз ету мәселелерін шешу;

6) терроризмге қарсы комиссия аппаратының терроризмге қарсы комиссия шешімдерінің орындалу мәселелері бойынша есебін тыңдау;

7) төменгі тұрған комиссиялардың қызметін үйлестіру, терроризмнің алдын алу, терроризм зардаптарын барынша азайту және (немесе) жою бойынша практикалық және әдістемелік көмек көрсету (аталған тармақша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың терроризмге қарсы комиссиялары туралы ережелерде қолданылады);

8) террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын жақсарту бойынша жай-күйді зерделеу, проблемаларды талдау, іс-шаралар тұжырымдау;

9) терроризмге қарсы комиссияның құрамына кіретін орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар арасында терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзара ақпарат алмасуды ұйымдастыру;

10) терроризм профилактикасы саласында кадрлар даярлау және олардың біліктілігін арттыру шараларын әзірлеу мен үйлесімді жүзеге асыруда ынтымақтасты жүзеге асыру;

11) ________________________________________________________

облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы, аудандағы ________________________ террористік тұрғыдан осал объектілердің (облыстық маңызы қаладағы) тізбесін әзірлеу, бекіту, өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар дайындау;

12) терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

  1. Терроризмге қарсы комиссия өз міндеттерін жүзеге асыру үшін:

1) өз құзыреті шегінде орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың терроризмнің алдын алу, оның көріністерін барынша азайту және (немесе) жою жөніндегі іс- қимылдарын ұйымдастыруға, үйлестіру мен жетілдіруге қатысты ұсынымдар беруге;

2) терроризмге қарсы іс-қимыл жоспарлары мен бағдарламаларының жобаларын әзірлеуге;

3) терроризмнің алдын алу, оның зардаптарын барынша азайту және (немесе) жою мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдар мен ұйымдардың лауазымды адамдарынан белгіленген тәртіппен қажетті материалдар мен ақпаратты сұратуға және алуға;

4) орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың лауазымды адамдарын, сондай-ақ ұйымдардың өкілдерін (келісім бойынша) терроризмге қарсы комиссияның жұмысына қатыстыру үшін тартуға құқылы.

  1. Терроризмге қарсы комиссияның құрамы
  2. Терроризмге қарсы комиссияның төрағасы лауазым бойынша

__________________________________________________________________

облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның ________________________ әкімі болып табылады.

(облыстық маңызы бар қаланың)

  1. Терроризмге қарсы комиссияның төрағасы:

1) оның отырыстарына төрағалық етеді;

2) Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығымен келісілген терроризмге қарсы комиссияның тиісті жылға арналған жоспарын бекітеді;

3) Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығының басшысын терроризмге қарсы комиссияның жұмысы туралы хабардар етіп отырады.

  1. _________________________________________________________

облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның _______________________ терроризмге қарсы комиссиясы төрағасының (облыстық маңызы бар қаланың) орынбасары Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті аумақтық органының бастығы болып табылады.

  1. ___________________________________________________________

облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық __________________ аумағында орналасуына байланысты терроризмге маңызы бар қаланың) қарсы комиссияның дербес құрамына орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшылары, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілдері енгізіле алады.

  1. Терроризмге қарсы комиссия төрағасының шешімі бойынша комиссия құрамына тиісті органдармен келісім бойынша орталық мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзге де лауазымды адамдары енгізілуі мүмкін.

_____________________________________________________________________

облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар

________ әкімінің ұсынуы бойынша терроризмге қарсы комиссияның бар қаланың) дербес құрамын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның ____________________________ мәслихаты бекітеді. (облыстық маңызы бар қаланың)

  1. Терроризмге қарсы комиссияның жұмысын ұйымдастыру
  2. Терроризмге қарсы комиссия өз қызметін Қазақстан

Республикасының Терроризмге қарсы орталығының үйлестіруі бойынша орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерімен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын

атқарушы органдармен, меншік нысанына қарамастан ұйымдармен және қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасай отырып жүзеге асырады.

  1. Терроризмге қарсы комиссия өз жұмысын терроризмге қарсы

_____________________________________________________________________

облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы

_________ терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел бар штабымен өзара

қаланың) іс-қимылға құрады.

  1. Терроризмге қарсы комиссия өз қызметін жоспарлы негізде жүзеге асырады.
  2. Терроризмге қарсы комиссия әрбір жартыжылдықта өз қызметінің қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығын хабардар етіп отырады.

Терроризмге қарсы комиссияның қызметі туралы есептік ақпарат (отырыс хаттамаларының, анықтамалықтардың, ақпараттық-талдамалық материалдардың көшірмелері және т.б.) Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы белгілеген нысан мен мерзімдер бойынша қағаз және элоктронды тасығыштарда Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығының жұмыс органына жолданады.

  1. Терроризмге қарсы комиссияның отырысы тоқсанына бір реттен жиі өткізілмейді. Қажет болған жағдайда терроризмге қарсы комиссия төрағасының шешімі бойынша оның кезектен тыс отырысы өткізілуі мүмкін.
  2. Терроризмге қарсы комиссияның мүшелері отырыстарда қаралатын мәселелерді талқылау кезінде тең құқыққа ие болады.

Терроризмге қарсы комиссияның мүшесі отырысқа қатыса алмаған жағдайда, бұл туралы терроризмге қарсы комиссияның төрағасына жазбаша түрде алдын ала хабарлайды және өзін ауыстыру үшін тиісінше орталық мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесі, жергілікті өзін-өзі басқару органы, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган өкілінің кандидатурасы ұсынылады. Аталған өкіл терроризмге қарсы комиссияның төрағасымен келісілгеннен кейін оның отырысына кеңесші дауыс құқығымен қатыса алады.

Терроризмге қарсы комиссияның отырысы оның мүшелерінің жартысынан көбі қатысқан жағдайда заңды болып саналады.

  1. Шешімдер қарапайым көпшілік дауыспен қабылданады. Терроризмге қарсы комиссия мүшелерінің дауысы тең түскен жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
  2. Терроризмге қарсы комиссияның шешімі хаттамамен ресімделіп, оған терроризмге қарсы комиссияның төрағасы қол қояды.
  3. Терроризмге қарсы комиссияның құрамына кіретін орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органның басшылары терроризмге қарсы комиссияның шешімдерін іске асыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес актілер (бірлескен актілер) қабылдай алады.
  4. Терроризмге қарсы комиссияның қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді________________________ облыстың, республикалық маңызы

__________________________________________________ әкімі жүзеге

бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) асырады.

(Осы мақсаттар үшін әкім өз құзыреті шегінде әкімдіктің құрылымдық бөлімшесін (терроризмге қарсы комиссия аппаратын) айқындайды, сондай-ақ осы жұмысты ұйымдастыруға жауапты лауазымды адамды (терроризмге қарсы комиссия аппаратының басшысын) тағайындайды).

Терроризмге қарсы комиссия аппаратының жұмысына келісім бойынша терроризмге қарсы комиссия құрамына кіретін орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдары тартылады.

  1. Терроризмге қарсы комиссия аппараты:

1) терроризмге қарсы комиссия жұмыс жоспарының жобасын әзірлейді;

2) терроризмге қарсы комиссияның отырысын дайындау мен өткізуді қамтамасыз етеді;

3) терроризмге қарсы комиссияның шешімдерін орындауды бақылау жөніндегі оның қызметін қамтамасыз етеді;

4)_____________________________________________________________

облыста, республикалық маңызы бар қалада, астанада, ауданда (облыстық маңызы

__________ терроризмнің алдын алу саласындағы ахуалдың дамуына

бар қалада) ықпал ететін қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және өзге де процестер туралы ақпаратты талдайды, оның көріністеріне жәрдем ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі терроризмге қарсы комиссияның ұсыныстарын тұжырымдайды;

5) терроризмге қарсы комиссияның Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығының жұмыс органымен өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;

6) төмен тұрған терроризмге қарсы комиссия аппараттарының қызметін ұйымдастырады және үйлестіреді (осы тармақша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың терроризмге қарсы комиссиялар туралы ережелерінде қолданылады);

7) ____________________________терроризмге қарсы комиссиясының ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жұмысын үйлестіру мен бақылау бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың терроризмге қарсы комиссиясының қызметін қамтамасыз етеді;

8) терроризмге қарсы комиссияның іс қағаздарын жүргізуін жүзеге асырады.

 

 

 

ерроризм актісі қатерінің туындауы туралы ақпарат мониторингінің және халықты хабардар етудің мемлекеттік жүйесінің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеуі қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 9 тамыздағы № 611 Жарлығы

«Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес халықты терроризм актісінің қатерінің туындауы туралы уақтылы хабардар ету және оның жасалуына қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметті ұйымдастыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Терроризм актісі қатерінің туындауы туралы ақпарат мониторингінің және халықты хабардар етудің мемлекеттік жүйесінің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеуі қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен жергілікті атқарушы органдары өз актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтірсін.
3. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                          Н.НАЗАРБАЕВ

 

Қазақстан Республикасы
Президентінің
2013 жылғы 9 тамыздағы
№ 611 Жарлығымен
бекітілген

Терроризм актісі қатерінің туындауы туралы ақпарат
мониторингінің және халықты хабардар етудің мемлекеттік
жүйесінің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеу қағидалары

  1. Жалпы ережелер
  2. Осы Қағидалар терроризм актісі қатерінің туындауы туралы ақпарат мониторингінің және халықты хабардар етудің мемлекеттік жүйесінің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеуінің тәртібін белгілейді.
    2. Терроризм актісі қатерінің туындауы туралы ақпарат мониторингінің және халықты хабардар етудің мемлекеттік жүйесі – бұл жеке адамның, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды ұйымдастыру мен атқару мақсатында қызметі терроризм актісінің (актілерінің) қатері салдарынан немесе жасалуынан туындайтын дағдарысты ахуалдар мониторингін және оларға болжам жасауды жүзеге асыруға, Қазақстан Республикасының аумағында террористік қауіптіліктің деңгейін белгілеуге, терроризм актісінің (актілерінің) қатері немесе жасалуы кезінде мемлекеттік органдарға, меншік нысанына қарамастан ұйымдарға және халыққа ақпаратты және хабардар ету сигналдарын уақтылы жеткізуді қамтамасыз етуге бағытталған басқару органдарының, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар күштері мен құралдарының жиынтығы.
    3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
    1) терроризм актісі қатерінің туындауы туралы ақпарат мониторингі – республиканың түрлі өңірлерінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасының жекелеген учаскелерінде терроризм актісінің (актілерінің) жасалу салдарынан немесе жасалу қаупі салдарынан туындайтын дағдарысты ахуалдар белгілерін анықтау мақсатында орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардан, бұқаралық ақпарат құралдары мен ашық және жабық сипаттағы басқа да дереккөздерден уәкілетті мемлекеттік органдардың ахуалдық орталықтарына, басқару пункттеріне, кезекші және диспетчерлік қызметтеріне тұрақты негізде келіп түсетін, елде және шетелде болып жатқан оқиғаларға қатысты ақпаратты жүйелі түрде жинау және өңдеу;
    2) дайындалып жатқан немесе жасалған терроризм актісі (актілері) туралы анық ақпарат (нақты деректер) – дайындалып жатқан немесе жасалған терроризм актісі (актілері) туралы объективті шындыққа (фактілерге) сәйкес келетін деректер.
  3. Терроризм актісі қатерінің туындауы туралы ақпарат
    мониторингінің және халықты хабардар етудің мемлекеттік
    жүйесінің құрамы
  4. Терроризм актісі қатерінің туындауы туралы ақпарат мониторингінің және халықты хабардар етудің мемлекеттік жүйесінің құрамына:
    Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы;
    Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті;
    Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі;
    Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі;
    Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі;
    Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі;
    Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі;
    Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі;
    Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі;
    Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі;
    Қазақстан Республикасының «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі;
    жергілікті атқарушы органдар;
    Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті;
    Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті;
    Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі кіреді.
    Ескерту. 4-тармаққа өзгерістер енгізілді – ҚР Президентінің 04.05.2014 N 814; 29.08.2014 N 900; 17.09.2014 № 911Жарлықтарымен.
  5. Мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарына терроризм
    актісінің (актілерінің) қатері туындауы немесе жасалуы туралы
    ақпаратты жеткізу тәртібі
  6. Терроризм актісі қатерінің туындауы туралы ақпаратты Қағидалардың 4-тармағындакөрсетілген мемлекеттік органдардың ахуалдық орталықтары, басқару пункттері, кезекші және диспетчерлік қызметтері өз құзыретіне сәйкес тұрақты түрде қабылдайды, өңдейді және байланыс арналары арқылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ахуалдық орталықтарына дереу жібереді.
    Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі күзететін адамдарға немесе объектілерге қатысты терроризм актісі жасалу қатерінің туындауы туралы осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген мемлекеттік органдар алған ақпарат та Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің кезекші қызметіне дереу жіберіледі.
    Қазақстан Республикасының өңірлерінде терроризм актісінің (актілерінің) жасалуы немесе жасалу қаупі салдарынан дағдарысты ахуалдар туындаған кезде жағдай туралы ақпаратты облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдерінің аппараттары және орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері өз құзыретіне сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органдарына жібереді.
    Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 04.05.2014 N 814 Жарлығымен.
    6. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ахуалдық орталықтары террористік қауіптілік деңгейін анықтау мақсатында терроризм актісі қатерінің туындауы туралы келіп түскен ақпаратқа мониторингті, ұлттық мүдделерді қозғауы мүмкін халықаралық дағдарыстар мен шиеленістерді болжамдауды тұрақты негізде жүзеге асырады, террористік қатердің өрістеуі (таралуы, республиканың, басқа мемлекеттердің дағдарысты өңірлері, ақпараттық саладағы осал тұстарды табу) туралы тұрақты бағалаулар жүргізеді.
    7. Дайындалып жатқан немесе жасалған терроризм актісі (актілері) туралы анық ақпараттың негізінде қоғамдық қауіптіліктің ауқымын және дәрежесін, терроризм актісінің мемлекет аумағына немесе оның жекелеген өңірлеріне тигізетін күтілетін теріс салдарлары мен сипатын ескере отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті ахуалдық орталықтарының басшылары террористік қауіптілік деңгейі туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасын дереу хабардар етеді.
  7. Қазақстан Республикасының аумағындағы террористік қауіптілік
    деңгейін анықтау және терроризм актісі қатерінің туындауы
    туралы халықты хабардар ету тәртібі
  8. Қазақстан Республикасының барлық аумақтарында немесе өңірлері мен елді мекендерінің аумақтарында террористік қауіптіліктің мынадай деңгейлері:
    бірқалыпты («сары») – терроризм актісі (актілері) жасалуының нақты мүмкіндігі туралы растауды талап ететін ақпарат болған кезде;
    жоғары («қызғылт сары») – терроризм актісі (актілері) жасалуының нақты мүмкіндігі туралы расталған ақпарат болған кезде;
    шекті («қызыл») – жасалған терроризм актісі туралы ақпарат, сондай-ақ терроризм актісін (актілерін) қайталап жасау немесе террористік тұрғыдан осал объектілерге бір мезгілде террористік шабуылдар жасау мүмкіндігі туралы расталған ақпарат болған кезде белгіленуі мүмкін.
    9. Егер қабылданған шаралардың нәтижесінде террористік қауіптіліктің қатері жойылса, онда террористік қауіптілік деңгейі алып тастауға жатады.
    10. Қазақстан Республикасының жекелеген өңірлерінің және елді мекендерінің аумағында террористік қауіптіліктің бірқалыпты («сары») және жоғары («қызғылт сары») деңгейлерін белгілеу, өзгерту немесе алып тастау туралы шешімді Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті аумақтық органының бастығы облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімімен келісе отырып дереу қабылдайды, қабылданған шешім туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасын (немесе оны алмастыратын адамды) және облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтарының мүшелерін міндетті түрде хабардар етеді.
    11. Терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жедел штабтарын уақтылы өрістету мақсатында террористік қауіптіліктің белгіленген деңгейіне қарай Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, сондай-ақ өз құзыреті шегінде терроризмге қарсы іс-қимылға қатысатын басқа да мемлекеттік органдардың бірлескен нормативтік құқықтық актілерімен айқындалатын бірыңғай хабардар ету сигналы және олардың құрамына енетін мемлекеттік органдардың күштері мен құралдарын жауынгерлік пайдалануға келтірудің тиісті алгоритмдері қолданылады.
    Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 04.05.2014 N 814 Жарлығымен.
    12. Қазақстан Республикасының жекелеген өңірлерінің және елді мекендерінің аумағында террористік қауіптіліктің бірқалыпты («сары») және жоғары («қызғылт сары») деңгейлері белгіленетін мерзімді, террористік қауіптілік деңгейі белгіленетін аумақтың шекарасын және осы Қағидалардың 15-тармағында көзделген шаралар тізбесін, егер Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы (немесе оны алмастыратын адам) өзге шешім қабылдамаса, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті аумақтық органының бастығы облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімімен келісе отырып айқындайды.
    13. Қазақстан Республикасының барлық аумағында террористік қауіптіліктің бірқалыпты («сары»), жоғары («қызғылт сары») деңгейлерін, Қазақстан Республикасының жекелеген өңірлерінің және елді мекендерінің аумағында, сол сияқты оның барлық аумағында террористік қауіптіліктің шекті («қызыл») деңгейін белгілеу, өзгерту немесе алып тастау туралы шешімді Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы (немесе оны алмастыратын адам) қабылдайды. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы (немесе оны алмастыратын адам) террористік қауіптіліктің көрсетілген деңгейлері белгіленетін мерзімді, шегінде олар белгіленетін аумақтың шекараларын және осы Қағидалардың 15-тармағында көзделген шаралар тізбесін айқындайды.
    14. Террористік қауіптіліктің деңгейін белгілеу, өзгерту немесе алып тастау және ол белгіленетін мерзім, сондай-ақ шегінде ол белгіленетін аумақтың шекаралары, террористік тұрғыдан осал объектілер, террористік қауіптілік қатері төнген көлік объектілері, оны жою бойынша құзыретті мемлекеттік органдар қабылдайтын шаралар, дағдарысты жағдайлардағы азаматтық тұрғындардың іс-қимылдары туралы халықты хабардар етуді Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті және оның аумақтық органдары Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігімен, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігімен, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен, жергілікті атқарушы органдармен, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметімен бірлесіп бұқаралық ақпарат құралдары және телекоммуникация желілері арқылы, атап айтқанда:
    «Адамдардың өмiрiне, денсаулығына төнген қауiп-қатер және табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде қалыптасқан жағдайдағы iс-қимылдар тәртiбi туралы халықты хабардар ету, сондай-ақ қорғаныс, ұлттық қауiпсiздiк және құқықтық тәртiптi қорғау мүдделерiнде телерадио хабарларын тарату желiлерiн пайдалану қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1112 қаулысына сәйкес телерадиохабар желілері;
    Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен мемлекеттік органдардың интернет-ресурстары;
    «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 3-тармағына сәйкес ұялы байланыс;
    мерзімді баспа басылымдары жүзеге асырады.
    Террористік қауіптілік деңгейі туралы ақпарат сондай-ақ сыртқы (көзге көрінетін) болуы және адамдар көп жиналатын объектілерде плакат, стенд, жарық таблосы, билбордтар, транспаранттар түрінде орналастырылуы мүмкін.
    Террористік қауіптілік деңгейі туралы сыртқы (көзге көрінетін) ақпаратты орналастыру іс-шараларын жергілікті бюджет қаражаты есебінен жергілікті атқарушы органдар жүргізеді.
    Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 17.09.2014 № 911 Жарлығымен.
    15. Белгіленген террористік қауіптілік деңгейіне сәйкес терроризмге қарсы күрес бойынша республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) жедел штабтарының қызметін ұйымдастыруға тартылған мемлекеттік органдар, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар өз құзыретіне сәйкес жеке тұлғаның, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша мынадай шаралар қабылдайды:
    1) террористік қауіптіліктің «сары» деңгейінде:
    терроризм актісінің болуы мүмкін екендігі туралы ақпаратты тексеру бойынша іс-шаралар;
    аумақтық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың терроризм актілерінің салдарын жоюға арналған күштері мен құралдарының, сондай-ақ құтқару жұмыстарын жүргізу үшін пайдаланатын техникалық құралдардың және арнайы жабдықтардың есебін нақтылау;
    мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының жедел немесе шұғыл түрде медициналық көмек көрсету бойынша, сондай-ақ терроризм актісі салдарынан физикалық зиян келтірілуі мүмкін адамдарды медициналық эвакуациялауды ұйымдастыру бойынша мүмкіндігін бағалау;
    полиция нарядтарын және әскери қызметшілердің жекелеген санаттарын, сондай-ақ террористік тұрғыдан осал объектілердің дағдарысты ахуалдарды оқшаулау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын персоналы мен бөлімшелерін, алынған ақпаратқа байланысты тиісті салада мамандарды тарта отырып, нұсқамадан өткізу;
    көшелерге, алаңдарға, стадиондарға, скверлерге, саябақтарға, теміржол магистральдары желілеріне, теміржол вокзалдарына, әуежайларға, теңіз және өзен порттарына, метрополитен объектілеріне, бұқаралық және көпшілік іс-шаралар өткізетін орындарға, басқа да қоғамдық жерлерге, оның ішінде кинология қызметінің мамандарын тарта отырып, күшейтілген патрульдер шығару;
    әуежайларда, теңіз және өзен порттарында, метрополитен объектілерінде, теміржол вокзалдарында және сапаржайларда арнайы техникалық құралдарды қолдана отырып тексеріп қарау іс-шараларын өткізу барысында режимдік шараларды күшейту;
    жарылғыш құрылғылар қою орындарын анықтау мақсатында инфрақұрылым объектілерін, жылу, газ құбырларын, газ тарату станцияларын, энергетика жүйелерін тексеруді және қарап шығуды жүзеге асыру;
    көпшілік қатысатын және бұқаралық іс-шараларға қатысушылардың негізгі маршруттарына инженерлік-техникалық барлау жүргізу, жарылғыш құрылғыларды анықтау және залалсыздандыру мақсатында террористік тұрғыдан осал объектілерді және адамдар көп жиналатын орындарды зерттеп қарау;
    болуы мүмкін терроризм актісінің қатері және қажетті іс-қимылдар туралы халықты хабардар ету;
    2) террористік қауіптіліктің «қызғылт сары» деңгейінде (террористік қауіптіліктің «сары» деңгейі белгіленгенде қабылданатын шаралармен қатар):
    әуе, су, автомобиль, теміржол көліктерінде, сондай-ақ террористік тұрғыдан осал объектілерде терроризм актілерін дайындауға және жасауға қатысы бар адамдарды іздеуді ұйымдастыру жөніндегі шараларды жандандыру;
    террористік қауіптілік деңгейі белгіленген аумақтың шегінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1427 қаулысымен бекітілген Ішкі мигранттарды тіркеу қағидаларын Қазақстан Республикасы азаматтарының, оның ішінде лауазымды адамдардың сақтауына, сондай-ақ шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында уақытша болу немесе тұрақты тұру, Қазақстан Республикасына кіру, Қазақстан Республикасынан шығу және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өту тәртібін сақтауына бақылауды күшейту;
    терроризм актісінің қатерін жоюға тартылған күштер мен құралдарды практикада қолдану бойынша дайындық іс-шараларын өткізу;
    террористік тұрғыдан осал объектілердің дағдарысты ахуалдарды оқшаулау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын персоналы мен бөлімшелерінің дайындығын тексеру және олардың терроризм актісінің жолын кесу мен адамдарды құтқару жөніндегі мүмкін болатын іс-қимылдарын пысықтау;
    терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимі енгізілген жағдайда жекелеген жергілікті жер учаскелерінен және объектілерден көшірілген адамдарды уақытша орналастыруға жарамды орындарды, сондай-ақ оларды азық-түлікпен және киіммен қамтамасыз ету көздерін анықтау;
    көлік құралдарын – адамдарды эвакуациялауға, мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын – терроризм актісі салдарынан физикалық және моральдық зиян келтірілуі мүмкін адамдарды қабылдауға жоғары дайындық режиміне келтіру;
    терроризмге қарсы операцияны өткізу үшін жедел штабтарға берілген күштер мен құралдарды дайындық жағдайына келтіру;
    террористік тұрғыдан осал объектілерді күзетуді күшейту;
    террористік қауіптілік деңгейі белгіленген аумақта көлік құралдарының қозғалысын бақылауды күшейту, қару мен жарылғыш заттарды анықтайтын техникалық құралдарды қолдана отырып, көлік құралдарын тексеріп қараудан өткізу;
    3) террористік қауіптіліктің «қызыл» деңгейі белгіленген кезде (террористік қауіптіліктің «сары» және «қызғылт сары» деңгейі енгізілген кезде қабылданатын шаралармен қатар):
    тиісті мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын төтенше режимге көшіру;
    терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимі енгізілген жағдайда жекелеген жергілікті жер учаскелерінен және объектілерден көшірілген адамдарды уақытша орналастыру пункттерін құру, терроризм актісінен (актілерінен) зардап шеккен адамдарды уақытша орналастыру пункттерін қауіпсіз аймақтарда құру, адамдардың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін мүлікті (азық-түлік, киім және басқа да мүлік) жеткізуді ұйымдастыру;
    адамдарды құтқару, қараусыз қалған мүлікті күзету бойынша жедел шаралар қолдану, құтқару қызметтерінің және құралымдарының үздіксіз жұмыс істеуіне жәрдемдесу.
    Террористік қауіптіліктің «қызғылт сары» және «қызыл» деңгейлерінде республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызды қаланың) терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы басшысының шешімі бойынша «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі Заңының 15-1-бабында көзделген шаралар қолданылуы мүмкін.
    16. Террористік қауіптіліктің деңгейлерін белгілеу, өзгерту немесе алып тастау туралы шешім, сондай-ақ террористік қауіптілік деңгейі белгіленген мерзімдер туралы және шегінде ол белгіленетін аумақтың шекаралары туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдары арқылы дереу жариялануға тиіс.

 

 

 

ҚазақстанРеспубликасыныңтеррористіктұрғыданосалобъектілерініңтізбесінбекітутуралы

ҚазақстанРеспубликасыҮкіметінің 2013 жылғы 28 тамыздағы № 876 қаулысы

«Терроризмгеқарсыіс-қимылтуралы» 1999 жылғы 13 шiлдедегiҚазақстанРеспубликасыЗаңының 4-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына сәйкесҚазақстанРеспубликасыныңҮкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. ҚосаберіліпотырғанҚазақстанРеспубликасыныңтеррористіктұрғыданосалобъектілерінің тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулыалғашқыресмижарияланғанынанкейінкүнтізбелік он күнөткенсоңқолданысқаенгізіледі.

      ҚазақстанРеспубликасының
      Премьер-Министрі                      С. Ахметов

ҚазақстанРеспубликасы
Үкіметінің
2013 жылғы 28 тамыздағы
№ 876 қаулысымен
бекітілген

ҚазақстанРеспубликасыныңтеррористіктұрғыданосалобъектілерініңтізбесі

Ескерту. Тізбегеөзгерісенгізілді – ҚРҮкіметінің 16.10.2014 N 1098 қаулысымен (алғашқыресмижарияланғанкүніненкейінкүнтізбелік он күнөткенсоңқолданысқаенгізіледі).

Р/с № Объектілердіңатауы
1 2
1. Аса маңыздымемлекеттікобъектілер
1 Орталықатқарушымемлекеттікоргандардың, арнаулы, құқыққорғауоргандарының, олардыңқұрылымдықжәнеаумақтықбөлімшелерінің, жергіліктіөкілдіжәнеатқарушыоргандардыңәкімшілікғимараттары мен объектілері
2 ҚазақстанРеспубликасыҰлттықБанкініңобъектілері, оныңфилиалдары мен қоймалары
2. Стратегиялықобъектілер
3 ҚазақстанРеспубликасыМемлекеттіккүзетқызметiiшкiiстероргандарыныңбөлiмшелерiменбiрлесiпкүзететiн, ҚазақстанРеспубликасыныңПрезидентiбекiтетiнтiзбегеенгiзiлгенҚазақстанРеспубликасыныңобъектiлерi, сондай-ақмемлекеттiкмаңызы бар объектiлер
4 ҚазақстанРеспубликасыҚарулыКүштерiнiң, басқа да әскерлері мен әскериқұралымдарыныңәскерибөлiмдерi
5 Мемлекеттiкматериалдықрезервтерi бар объектiлер (медициналықпрепараттарды, жанар-жағармайматериалдарынсақтауқоймалары, азық-түлiкжәнекиiм-кешекқоймалары)
6 Ауырқылмысжасауғакүдіктіадамдардыстационарлық сот-психиатриялықсараптамаданөткізужәнезерттеужөніндегімемлекеттікұйым
7 Ғарышинфрақұрылымыныңобъектілері
8 Тыныс-тiршiлiктiқамтамасызетуобъектiлерi, оныңiшiндемынадайсалада: жылуменжабдықтау – жылуэлектрорталықтары (50 Гкал жоғары); ауызсуменжабдықтау – су жинақтауқұрылыстары
9 Отын-энергетикалықпайдалықазбалардыөндiруменжәнеөңдеуменбайланыстыобъектiлер, химия өнеркәсiбiнiңобъектiлерi
10 Су шаруашылығыобъектiлерi (гидротехникалыққұрылыстар: гидротораптар, шлюздер, бөгеттер; су ресурстарынбасқаруүшiнпайдаланылатын су қоймалары)
11 Республикалықмаңызы бар байланыс, теле-жәнерадиохабарларынтаратуобъектiлерi
3. Қауіптіөндірістікобъектілер
12 Аса қауiптi, бактериологиялық, биологиялық, химиялық, есiрткiқұралдарынжәнепрекурсорлардыәзiрлеу, өндiру, сынақтанөткiзу, зерттеужәнесақтаужөнiндегiмемлекеттiкұйымдардыңжәнемекемелердiңобъектiлерi
13 Заңдытұлғалардыңжарылғышжәнеулызаттардысақтаужөнiндегiобъектiлерi
14 Атом энергиясынпайдалануобъектілері
4. Адамдаркөпжиналатынобъектілер
15 500 жәнеодан да көпшаршы метр саудаалаңы бар саудаобъектілері
16 100 жәнеодан да көпотырғызуорындары бар қоғамдықтамақтануобъектілері
17 Бірмезгілде 200 жәнеодан да көпадамның болу мүмкіндігі бар іргелесашықаумағынқосаесептегенде, көпадамдардыңкелуінеарналғаннемеседайындалған концерт залдары
18 Бірмезгілде 200 жәнеодан да көпадамның болу мүмкіндігі бар іргелесашықаумағынқосаесептегенде, көпадамдардыңкелуінеарналғаннемеседайындалған спорт құрылыстары
19 Бірмезгілде 200 жәнеодан да көпадамның болу мүмкіндігі бар іргелесашықаумағынқосаесептегенде, көпадамдардыңкелуінеарналғаннемеседайындалғанойын-сауыққұрылыстары
20 Бірмезгілде 200 жәнеодан да көпадамның болу мүмкіндігі бар іргелесашықаумағынқосаесептегенде, көпадамдардыңкелуінеарналғаннемеседайындалғанкөлікқұрылыстары (вокзалдар, бекеттер, порттар, аэродромдар, әуежайлар)
21 Өзге де бұқаралықғимараттар – ғибадатүйлері (құрылыстары), мемлекеттікоргандардың, ведомстволықбағыныстыұйымдардың, мемлекеттікқызметкөрсететінөзге де жекежәнезаңдытұлғалардыңобъектілері, поштажелісі мен бірмезгілде 200 жәнеодан да көпадамның болу мүмкіндігі бар байланысқызметтерінпайдаланушыларғақызметкөрсетуобъектілері
22 Бірмезгілде 200 жәнеодан да көпадамның болу мүмкіндігі бар іргелесашықаумағынқосаесептегенде, көпадамдардыңкелуінеарналғаннемеседайындалғанбілім беру ұйымдары
23 Бірмезгілде 200 жәнеодан да көпадамның болу мүмкіндігі бар іргелесашықаумағынқосаесептегендекөпадамдардыңкелуінеарналғаннемеседайындалғанденсаулықсақтауұйымдары
24 Бірмезгілде 200 жәнеодан да көпадамның болу мүмкіндігі бар іргелесашықаумағынқосаесептегенде, көпадамдардыңкелуінеарналғаннемеседайындалғантуристердiорналастыруорындары (қонақүйлер, мотельдер, кемпингтер, туристiкбазалар, қонақжайлар, демалысүйлерi, пансионаттаржәнетуристердіңтұруы мен оларғақызметкөрсетуүшiнпайдаланылатынбасқа да ғимараттар мен құрылыстар

 

 

 

 

 

Террористіктұрғыданосалобъектілердіңтерроризмгеқарсықорғалуыныңүлгілікпаспортынбекітутуралы

ҚазақстанРеспубликасыҮкіметінің 2013 жылғы 12 қарашадағы № 1217 қаулысы.

“Терроризмгеқарсыіс-қимылтуралы” 1999 жылғы 13 шілдедегіҚазақстанРеспубликасыЗаңының 4-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына сәйкесҚазақстанРеспубликасыныңҮкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қосаберіліпотырғантеррористіктұрғыданосалобъектілердіңтерроризмгеқарсықорғалуының үлгілікпаспортыбекітілсін.
  2. Осы қаулыалғашқыресмижарияланғанкүніненбастапкүнтізбелік он күнөткенсоңқолданысқаенгізіледі.

ҚазақстанРеспубликасыныңПремьер-МинистріС. Ахметов

 

  ҚазақстанРеспубликасы
Үкіметінің
2013 жылғы 12 қарашадағы
№ 1217 қаулысымен
бекітілген

Террористіктұрғыданосалобъектілердіңтерроризмге
қарсықорғалуыныңүлгілікпаспорты ____________________________________________

(объектініңатауы)

БЕКІТЕМІН: КЕЛІСІЛДІ:

ОбъектініңбасшысыБастық

_____________________________

(аумақтықішкіістер органы

бөлінісініңатауы

____________________________ _____________________________

(қолы, Т.А.Ә.) (қолы, Т.А.Ә.)

20__ жылғы “___” ___________ 20__ жылғы “___” ____________

мөрорнымөрорны

________________________

(елдімекенніңатауы)

________________

(жасалғанкүні)

Мазмұны

  1. Объектітуралыжалпымәліметтер
  2. Объектініңсипаты
  3. ҚазақстанРеспубликасыныңҮкіметіайқындайтын объектілердіңтерроризмгеқарсықорғалужүйесінеқойылатынталаптарғасәйкесобъектініңинженерлік-техникалықжарақтандырылуыжәнетерроризмгеқарсықорғалуытуралымәліметтер
  4. Объектініңжоспары
  5. Объектіғимаратының (құрылысының) қабатбойыншажоспарлары
  6. Объектіғимаратының (құрылысының) инженерліккоммуникациялықсхемасы

Объект туралыжалпымәліметтер

  1. Объект туралыжалпыақпарат:

1) санаты;

2) қызметініңбейіні;

3) толықжәнеқысқашаатауы;

4) ведомстволықтиесілігі, ұйымдық-құқықтықнысаны;

5) мөрбедерініңүлгісі;

6) пошталықмекенжайы, телефоны, факсы, электрондықмекенжайы;

7) басшының, басшыорынбасарыныңтегі, аты, әкесініңаты (жұмыс, үйжәнеұялытелефондары).

  1. Объектініңсипаты
  2. Объектініңжалпыалаңы (шаршы метр).
  3. Аумақтаавтопаркингтің (тұрақорнының саны), бөлекғимараттар мен құрылыстардыңболуы.
  4. Периметрібойыншақоршау, периметрдіжәнеобъектініңпериметріменшектесетінбасқа да аумақтыңучаскелерінкүзетшебіменжабдықтау.
  5. Объектініңәрбіржекеғимаратындағыжәнеқұрылысындағыүй-жайлардың саны (бірлік, шаршы метр).
  6. Объектідегіәрбірғимараттыңесептісыйымдылығы (еңкөп/ең аз адам).
  7. Объектініңжұмыс (объектігекелу) режимі.
  8. Әрбірғимаратқажәнеқұрылысқаарналғанкіретінжәнешығатынбөлекесіктерінің (оныңішіндеқосымшажәнеапаттық) саны.
  9. Эвакуация жолдарыныңболуыжәне саны.
  10. ҚазақстанРеспубликасыныңҮкіметіайқындайтынобъектілердің
    терроризмгеқарсықорғалужүйесінеқойылатынталаптарғасәйкес
    объектініңинженерлік-техникалықжарақтандырылуыжәне
    терроризмгеқарсықорғалуытуралымәліметтер
  11. Объектініжекекүзетубойыншақызметтеркөрсететінкүзетқызметісубъектісі (бұданәрі – КҚС) _______________________________.

(КҚС-тыңатауы, күзетқызметтерінеарналғаншарт №, күзетқызметіменайналысуқұқығынаарналғанлицензияның №, берілгенкүні, кімберді)

  1. Объектікүзетінің саны:

Жұмылдырылғанбарлықкүзетшілер: _____________________________;

күндізгіауысымға: ____ ___ сағат __ минуттан ___ сағат ___ минутқадейін;

түнгіауысымға: ____ ___ сағат __ минуттан ___ сағат ___ минутқадейін;

тәулікбойы: ____ ___ сағат __ минуттан ___ сағат ___ минутқадейін.

  1. Күзетқызметкерлеріндеқару-жарақ пен арнайықұралдардыңболуы:

қызметтік, табельдікатысқаруы _______ бірлік.

арнайықұралдар ______________________________________________;

(әрбіртүрініңжәнемоделініңатауы мен санынкөрсету)

қызметтік (қарауылдық) иттердің саны _________________________.

  1. Техникалыққауіпсіздікқұралдарыныңкөмегіменобъектінікүзетуқызметтерінкөрсететінкүзетқызметініңсубъектісі __________.

(КҚС-тыңатауы, күзетқызметтерінеарналғаншарт №, күзетқызметіменайналысуқұқығынаарналған лицензия №, берілгенкүні, кімберді)

  1. Объектініңтерроризмгеқарсықорғалуыбойыншақойылатынталаптарғасәйкестігі ______________________________________________.

(сәйкестікдәрежесінкөрсету: толығыменсәйкескеледі/ішінарасәйкескеледі/сәйкескелмейді)

  1. ҚазақстанРеспубликасыныңҮкіметіайқындайтынобъектілердіңтерроризмгеқарсықорғалуынқойылатынталаптарғасәйкесобъектініңтерроризмгеқарсықорғалуынқамтамасызетубойыншақабылданғаншаралартуралымәліметтер (паспорттыңажырамасбөлігіболыптабылатынжекелегенқосымшаменресімделеді).
  2. Объектініңжоспары

(паспорттыңажырамасбөлігіболыптабылатынжекелегенқосымшамен

ресімделеді)

  1. Объектініңжоспарында:

1) учаскенің (объектіаумағының) шекарасы, атауы, сондай-ақобъектіаумағынаіргелескөшелер мен өтужолыныңорналасуы;

2) объектіаумағындабөлекғимараттар мен құрылыстардыңорналасуы;

3) объектіаумағына/аумағынанкіретін/шығатын (негізгі, қосалқы, авариялық) есіктер;

4) объектініңинженерліккоммуникациялық (объектіаумағындажүргізілген, ғимараттар мен құрылыстардыэлектрмен, сумен, газбенжәнежылуменжабдықтаужелілеріауаныжелдетужәнебаптау) сызбасы;

5) күзетбекеттері, техникалықбақылауқұралдары, күзетсигнализациясы, бейнебақылаукамераларыорналастырылғанжерлер;

6) жарылғышқауіпті, өрткеқауіпті, улызаттарды, қауіптібиологиялық, ядролықжәнерадиоактивтіматериалдардысақтау (өндіру) орындары;

7) төтеншежағдайлар, оныңішінде терроризм актілеріқаупітуралыхабарлауқұралдарыныңболуыкөрсетіледі.

  1. Объектіғимараттарының (құрылыстарының) қабатбойынша
    жоспары

(паспорттыңажырамасбөлігіболыптабылатынжекелегенқосымшамен

ресімделеді)

  1. Қабатбойыншажоспарда:

1) ғимараттан/ғимаратқашығатын/кіретін (негізгі, қосалқы, авариялық) есіктер;

2) техникалықбақылауқұралдары, күзетжәнеөртсигнализациясы, бейнебақылаукамералары;

3) күзетбекеттерініңорналасуы;

4) авариялықжәнетөтеншежағдайлартуындағанкезде персонал мен келушілердіэвакуациялаусхемасы;

5) зардапшеккендердіорналастыруғажәнеалғашқыкөмеккөрсетугеарналғанболжамдыорындар (“Ғимаратішіндегіқауіпсізаймақ”, пана) көрсетіледі.

  1. Объектіғимараттарының (құрылыстарының) инженерлік
    коммуникациялықсхемалары

(паспорттыңажырамасбөлігіболыптабылатынжекелегенқосымшамен

ресімделеді)

  1. Объектіғимаратының (құрылысының) инженерліккоммуникациялықсхемасында:

1) объектіғимаратын (құрылысын) электрменжабдықтаусхемасы;

2) объектіғимаратын (құрылысын) суменжабдықтаусхемасы;

3) объектіғимаратын (құрылысын) газбенжабдықтаусхемасы;

4) объектіғимаратын (құрылысын) жылуменжабдықтаусхемасы;

5) телекоммуникация, ауаныжелдетужәнебаптаужелілерініңсхемасы;

6) құлыпсалынатынлюктар мен торларорнатылған (ғимараттар мен құрылыстардыңүй-жайларында) жерлер, сондай-ақолардыңкілттерінсақтайтынорындаркөрсетіледі.

 

 

 

 

Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы

Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі N 416-I Заңы.

1-тарау. Жалпы ережелер

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) адамдар көп жиналатын объектілер – сауда алаңы 500 және одан да көп шаршы метр болатын сауда объектілері, 100 және одан да көп отыратын орны бар қоғамдық тамақтану объектілері; көп адамдардың келуіне арналған немесе дайындалған, бір мезгілде 200 және одан да көп адамның болу мүмкіндігі бар, өздеріне жапсарлас ашық аумақты қоса алғанда, концерт залдары, спорт, ойын-сауық, көлік және өзге де көпшілік ғимараттары, білім беру және денсаулық сақтау ұйымдары, туристерді орналастыру орындары;

2) арнаулы мақсаттағы бөлімше – терроризм актілерінің жолын кесу үшін құрылған бөлімше;

3) кепілге алынған адам – кепілге алынған және (немесе) ұсталған адамды босату шарты ретінде мемлекеттік органды, жергілікті өзін-өзі басқару органын немесе халықаралық ұйымды қандай да бір іс-қимыл жасауға немесе қандай да бір іс-қимыл жасаудан тартынуға мәжбүрлеу мақсатында кепілге алынған және (немесе) ұсталған жеке адам;

4) күш қолдану идеологиясы – күш қолдануды, оның ішінде саяси, діни, идеологиялық және өзге де мақсаттарға қол жеткізу үшін террористік әдістер мен құралдарды пайдалана отырып күш қолдануды жақтайтын қоғамдық теориялар, көзқарастар мен идеялар жүйесі;

5) терроризм – күш қолдану идеологиясы және халықты үрейлендіруге байланысты және жеке адамға, қоғам мен мемлекетке залал келтіруге бағытталған күш қолдану және (немесе) өзге де қылмыстық әрекеттерді жасау не жасаймын деп қорқыту жолымен мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының немесе халықаралық ұйымдардың шешім қабылдауына әсер ету практикасы;

6) терроризм актісі – адамдардың қаза табу қаупін төндіру, едәуір мүліктік залал келтіру не қоғамға қауіпті өзге де салдарлардың туындау қаупін төндіретін жарылыс жасау, өрт қою немесе өзге де іс-әрекеттер жасау немесе жасаймын деп қорқыту, егер бұл іс-әрекеттер қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты үрейлендіру не Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, шет мемлекеттердің немесе халықаралық ұйымдардың шешімдер қабылдауына әсер ету мақсатында жасалса, сондай-ақ нақ сол мақсаттарда адам өміріне қастандық жасау, сол сияқты мемлекет немесе қоғам қайраткерінің мемлекеттік немесе өзге де саяси қызметін тоқтату не осындай қызметі үшін кек алу мақсатында оның өміріне қастандық жасау;

6-1) терроризм актісін жасауға шақыру – жария түрде айтылған немесе таратылатын ақпараттық материалда көрініс тапқан, жеке тұлғаны терроризм актісін жасауға итермелеу мақсатында оның санасына, еркіне және мінез-құлқына әсер ететін үндеу;

7) терроризмге қарсы операция – адам күшін, қызметтік иттерді, жауынгерлік және өзге де техниканы, қару мен арнайы құралдарды пайдалана отырып, терроризм актісінің алдын алу, жолын кесу, террористерді, жарылғыш құрылғыларды зиянсыздандыру, жеке тұлғалар мен ұйымдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі, сондай-ақ терроризм актісінің салдарларын барынша азайту және (немесе) жою жөніндегі арнайы іс-шаралар кешені.

Күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі күзет іс-шаралары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының шешімі бойынша осы Заңға сәйкес терроризмге қарсы операциялар шеңберінде өткізіледі;

8) терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимі – терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың жұмыс істеуінің айрықша режимі, бұл кезде терроризмге қарсы операция өткізілетін аймақта терроризмге қарсы операцияны өткізу кезеңіне жекелеген шаралар, азаматтардың, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың құқықтары мен бостандықтарына, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтарына уақытша шектеулер белгілеуге жол беріледі;

9) терроризмге қарсы операцияны өткізу аймағы – терроризмге қарсы операцияның басшысы айқындаған, шегінде аталған операция өткізілетін жердің немесе акваторияның жекелеген учаскелері, әуе кеңістігі, көлік құралы, үй, құрылыс, ғимарат, үй-жай және оларға іргелес аумақтар;

10) терроризмге қарсы іс-қимыл – мемлекеттік органдардың және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының:

терроризм профилактикасы;

террористік іс-әрекетті анықтау, оның жолын кесу, террористік қылмыстарды ашу және тергеу;

шұғыл медициналық көмек көрсету, медициналық-психологиялық сүйемелдеу, авариялық-құтқару және өртке қарсы іс-шаралар өткізу, террористік әсер етуге ұшыраған объектілердің қалыпты жұмыс істеуін және экологиялық қауіпсіздігін қалпына келтіру, терроризм актісінің салдарынан жәбірленуші адамдарды және оның жолын кесуге қатысқан адамдарды әлеуметтік оңалту, терроризм актісінің салдарынан жәбірленуші адамдарға моральдық және материалдық зиянды өтеу жолымен терроризм салдарларын барынша азайту және (немесе) жою жөніндегі қызметі;

11) терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган – терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті ведомствоаралық үйлестіруді өз өкілеттігі шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

12) терроризмді қаржыландыру – жеке тұлғаның не адамдар тобының не заңды тұлғаның іс-әрекетінің террористік сипатын не берілген мүліктің, көрсетілген ақпараттық, қаржылық және өзге де қызмет түрлерінің террористік іс-әрекетті жүзеге асыру не террористік топты, террористік ұйымды, заңсыз әскерилендірілген құралымды қамтамасыз ету үшін пайдаланылатынын көрінеу ұғынып жасаған адамның оларға ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті, мүлікке құқықты немесе мүліктік сипаттағы пайданы беруі немесе жинауы, сондай-ақ сыйға тартуы, айырбастауы, қайырмалдық жасауы, қайырымдылық көмегі, ақпараттық және өзге де қызмет түрлерін көрсетуі не қаржылық қызметтер көрсетуі;

13) терроризм профилактикасы – мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыратын, терроризмнің пайда болуы мен таралуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау, зерделеу, жою жөніндегі құқықтық, экономикалық, әлеуметтік, ұйымдастырушылық, тәрбиелік, насихаттық және өзге де шаралар кешені;

14) террорист – террористік іс-әрекетті жүзеге асыруға қатысушы адам;

14-1) террористік материалдар – терроризм актісін жасау тәсілдері мен құралдары туралы ақпаратты, сондай-ақ террористiк iс-әрекет белгілерін және (немесе) оны жүзеге асыруға шақыруды қамтитын не осындай iс-әрекеттi жүзеге асыру қажеттiлігiн негiздейтiн немесе ақтайтын кез келген ақпараттық материалдар;

15) террористік топ – бір немесе бірнеше террористік қылмыс жасау мақсатын көздейтін ұйымдасқан топ;

16) террористік тұрғыдан осал объектілер – аса маңызды мемлекеттік, стратегиялық объектілер және стратегиялық маңызы бар экономика салаларының объектілері, қауіпті өндірістік объектілер, адамдар көп жиналатын объектілер, олардың тізбесін және оларға қойылатын тиісті талаптарды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды;

17) террористік ұйым – террористік іс-әрекетті жүзеге асыратын не өзінің іс-әрекетінде терроризмді пайдалану мүмкіндігін мойындайтын, оған қатысты террористік ұйым деп тану туралы сот шешімі қабылданған және заңды күшіне енген ұйым;

18) террористiк iс-әрекет – төмендегі әрекеттердің кез келгенін жасау:

терроризм актiсiн ұйымдастыру, жоспарлау, дайындау, қаржыландыру және iске асыру;

терроризм актiсiн жасауға айдап салу;

терроризм актiсiн жасау мақсатында заңсыз әскерилендiрiлген құралымды, қылмыстық қоғамдастықты (қылмыстық ұйымды), ұйымдасқан топты ұйымдастыру, сол сияқты осындай құрылымдарға қатысу;

террористердi азғырып тарту, қаруландыру, үйрету және пайдалану;

терроризм актiсiн ұйымдастыруға, жоспарлауға, дайындауға және жасауға ақпараттық тұрғыдан немесе өзгедей жәрдемдесу;

терроризм идеяларын насихаттау, террористiк материалдарды тарату, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желілерін пайдалана отырып тарату;

көрсетілген әрекеттер террористік іс-әрекетті жүзеге асыру не террористік ұйымды қамтамасыз ету үшін пайдаланатынын ұғына отырып, террористерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес іс-әрекеті террористік деп танылған ұйымдарға қаржылық, құқықтық көмек көрсету немесе өзге де жәрдемдесу.

Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда – ҚР 2013.01.08 № 63-V (алғашқы ресми жариялағанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді – ҚР 04.07.2014 № 233-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 03.11.2014 № 244-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 16.11.2015 № 403-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
2-бап. Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы

  1. Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
  2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

Ескерту. 2-бап жаңа редакцияда – ҚР 2010.04.08 № 266-IV Заңымен.
3-бап. Терроризмге қарсы іс-қимылдың қағидаттары мен мақсаты

Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда – ҚР 2010.04.08 № 266-IV, 2013.01.08 № 63-V (алғашқы ресми жариялағанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

  1. Қазақстан Республикасында терроризмге қарсы іс-қимыл мынадай негізгі:

1) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау, террористiк қылмыстарды жасау салдарынан қауiп төнген адамдардың өмiрi мен денсаулығын, құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау басымдығы;

2) заңдылықты сақтау;

2-1) терроризмге қарсы іс-қимыл шараларының террористік қауіп дәрежесіне мөлшерлес болуы;

3) терроризмнің алдын алуға басымдық беру;

4) террористік iс-әрекеттi жүзеге асырғаны үшiн жазаның болмай қалмайтындығы;

5) терроризмге қарсы іс-қимылдың саяси, ақпараттық-насихаттық, әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, арнайы және өзге де шараларының жүйелі болуы және оларды кешенді пайдалану;

6) терроризмге қарсы операцияларды жүргiзу кезiнде тартылатын күштер мен құралдарға жедел басшылық жасауда дара басқару;

7) терроризмге қарсы іс-қимылдың жария және жария емес әдістерінің ұштасуы;

8) терроризмге қарсы операциялардың тактикасы, нысандары, әдістері, құралдары және қатысушыларының құрамы туралы мәліметтерге шектеулі қолжетімділікті қамтамасыз ету қағидаттарына негізделеді.

  1. Қазақстан Республикасында терроризмге қарсы іс-қимылдың мақсаты жеке адамды, қоғамды және мемлекетті терроризмнен қорғау болып табылады.

Ескерту. 3-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 2010.04.08 № 266-IV, 2013.01.08 № 63-V (алғашқы ресми жариялағанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
2-тарау. Терроризмге қарсы іс-қимылды ұйымдастырудың негіздері

Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 2010.04.08 № 266-IV Заңымен.

4-бап. Терроризмге қарсы іс-қимылдың жалпы мемлекеттік жүйесі

  1. Мемлекет террористердің қол сұғушылығынан қауіпсіздікті қамтамасыз ету субъектісі болып табылады.
  2. Қазақстан Республикасының Президенті:

1) терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын айқындайды;

2) терроризм актісі қатерінің төнуі туралы халықты уақтылы хабардар ету және мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары жүзеге асыратын, оны жасауға қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметті ұйымдастыру мақсатында ақпарат мониторингінің мемлекеттік жүйесінің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеуі және халықты терроризм актісі қатерінің төнуі туралы хабардар ету қағидаларын бекітеді;

3) Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы туралы ережені бекітеді;

4) терроризмге қарсы комиссиялар туралы үлгілік ережені бекітеді;

5) республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) және теңіздік терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтары туралы ережені бекітеді;

6) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде, ішкі суларында, аумақтық теңізінде, континенттік қайраңында терроризм актілерінің жолын кесу үшін, теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қаруды, жауынгерлік техниканы және арнайы құралдарды қолдану тәртібі туралы нұсқаулықты бекітеді;

7) Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

  1. Қазақстан Республикасының Үкiметi:

1) мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметін қажетті күштермен, құралдармен және ресурстармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

2) терроризмнiң алдын алу, терроризм салдарларын барынша азайту және (немесе) жою жөнiндегi шараларды әзiрлеу мен жүзеге асыруды ұйымдастырады;

3) Қазақстан Республикасында терроризмге қарсы iс-қимыл саласындағы қызметтi ұйымдастыру тәртiбiн айқындайды;

4) террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне қойылатын талаптарды айқындайды, олардың тізбесін, сондай-ақ террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының үлгілік паспортын бекітеді;

5) арнаулы және түзеу мекемелерінде діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жасау бойынша ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік, прокуратура органдарының және діни қызмет саласындағы уәкілетті органның өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекітеді;

6) терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының құқыққа сыйымды әрекеттерімен терроризм актісінің жолын кесу кезінде жеке және заңды тұлғаларға келтірілген зиянды өтеу қағидаларын бекітеді;

7) терроризм актісінің салдарынан жеке және заңды тұлғаларға келтірілген мүліктік зиянды өтеу қағидаларын бекітеді;

8) терроризмге қарсы іс-қимыл саласында өзiне Конституциямен, заңдармен және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiмен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.

  1. Мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару органдары терроризмге қарсы іс-қимылды өз құзыреттері шегінде жүзеге асырады.
  2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасында терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган болып табылады, ол:

1) мемлекеттік органдардың және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметін үйлестіреді;

2) Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қауіпсіздік жүйелерін жетілдіру және террористік қатерлерді бейтараптандыруға дайын болу жөніндегі шаралар кешенін іске асыруын бақылауды жүзеге асырады;

3) өз өкілеттігі шегінде терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді;

4) Қазақстан Республикасының Президентіне терроризмге қарсы іс-қимыл бойынша қолданылатын шаралар туралы жыл сайынғы баяндаманы ұсынады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентін және Үкіметін террористік қатерлер туралы ағымдағы хабардар етуді жүзеге асырады;

5) террористік тұрғыдан осал объектілердің басшыларын террористік қатерлердің сипаты мен ерекшелігі туралы хабардар ету, терроризмге қарсы іс-қимыл мен терроризмге қарсы қорғалу жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, террористік тұрғыдан осал объектілерде терроризмге қарсы практикалық оқу-жаттығуларды өткізу арқылы олардың терроризмге қарсы қорғалуы деңгейінің артуына ықпал етеді;

6) осы Заңда, өзге де заңдарда, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

Мемлекеттік органдардың терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметін үйлестіру осы органдардың өзара іс-қимылына қол жеткізу, өзара ақпарат алмасу және ортақ міндеттер мен мақсаттарды іске асыру үшін олардың іс-әрекеттерінің келісілуі арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік органдардың терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы шешімдерін іске асыру үшін аталған органдардың нормативтік құқықтық және құқықтық актілері шығарылуы мүмкін.

Қызметті үйлестіруді:

терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның жанынан құрылатын, тұрақты жұмыс істейтін Қазақстан Республикасы Терроризмге қарсы орталығының шеңберінде ұлттық қауіпсіздік органдары;

облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының жанынан құрылатын терроризмге қарсы комиссиялар шеңберінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдіктері жүзеге асырады.

Терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз ету үшін олардың уәкілетті өкілдері Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығының жұмыс органына іссапармен барады немесе жіберіледі.

Мемлекеттік органдардың уәкілетті өкілдерінің Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығының жұмыс органына іссапармен баруының немесе оларды жіберудің тәртібі Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы туралы ережеде айқындалады.

Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы туралы ережені және терроризмге қарсы комиссиялар туралы үлгілік ережені Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.

Терроризмге қарсы комиссиялар туралы үлгілік ереженің негізінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдері терроризмге қарсы комиссиялар туралы ережелерді бекітеді.

  1. Қажет болған кезде терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметке өз құзыреті шегінде өзге де мемлекеттік органдар тартылуы мүмкін.

Жергілікті атқарушы органдар орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының терроризм профилактикасы, сондай-ақ терроризмге қарсы комиссиялар арқылы тиісті аумақта терроризм салдарларын барынша азайту және (немесе) жою жөніндегі қызметін үйлестіреді.

Олардың шешімдерін іске асыру үшін тиісті комиссиялардың құрамына өкілдері кіретін органдардың құқықтық актілері шығарылуы мүмкін.

Ескерту. 4-бап жаңа редакцияда – ҚР 2010.04.08 № 266-IV Заңымен, өзгерістер енгізілді – ҚР 2012.02.13 № 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2010.04.08 № 266-IV, 2013.01.08 N 63-V (алғашқы ресми жариялағанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.11.2014 N 244-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 22.12.2016 № 28-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
5-бап. Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдарының өзара iс-қимылы

Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді – ҚР 2010.04.08 № 266-IV Заңымен.

Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдары өз құзыретi шегiнде:

1) мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың мүмкiндiктерiн, сондай-ақ азаматтардың көмегiн пайдалана отырып, бiр-бiрiмен өзара iс-қимыл жасайды;

2) террористік iс-әрекетке жататын және осы мемлекеттiк органдардың құзыретiне енгiзiлген әрекеттердiң дайындалу фактiлерi мен белгiлерi туралы хабардар етедi және өзара қажеттi көмек көрсетедi;

3) терроризмге қарсы бiрлескен операцияларды жүргiзедi.

Ескерту. 5-бапқа өзгерту енгізілді – ҚР 2010.04.08 № 266-IV Заңымен.
6-бап. Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдарының шет мемлекеттердiң органдарымен және халықаралық құқық қорғау ұйымдарымен өзара iс-қимылы

Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді – ҚР 2010.04.08 № 266-IV Заңымен.

Терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары терроризмге қарсы іс-қимыл саласында ұлттық заңнамаға және халықаралық шарттарға сәйкес шет мемлекеттердің органдарымен, халықаралық құқық қорғау ұйымдарымен ынтымақтастық орнатады, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттердің аумағында жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын жүргізеді.

Қазақстан Республикасы терроризм актісін кімнің қай жерде жасағанына қарамастан, террористік іс-әрекетке қатысты адамдарды басқа мемлекеттердің құзыретті органдарының сұратуы бойынша өз аумағынан қуғындайды.

Ескерту. 6-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 2010.04.08 № 266-IV Заңымен; 28.12.2016 № 36-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
3-тарау. Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы іс-қимылды
жүзеге асыратын мемлекеттік органдарының құзыреті

Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 2010.04.08 № 266-IV Заңымен.

7-бап. Терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының құзыреті

Терроризмге қарсы іс-қимылды мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде жүзеге асырады:

1) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары Қазақстан Республикасының заңдарымен өздерінің қарауына жатқызылған террористік қылмыстарды анықтайды, олардың алдын алады, жолын кеседi және оларды тергеп-тексереді, террористік қатерлерді талдауды және болжауды жүзеге асырады, терроризмге қарсы операциялар өткізуді ұйымдастырады, қарсы барлау шаралары арқылы террористік іс-әрекетке қарсы іс-қимылды жүзеге асырады, шет мемлекеттердің тиісті құзыретті органдарымен, сондай-ақ халықаралық ұйымдармен ынтымақтасады;

2) Қазақстан Республикасының ішкi iстер органдары Қазақстан Республикасының заңдарында өздерінің қарауына жатқызылған террористік қылмыстарды анықтайды, олардың алдын алады, жолын кеседi және тергейдi, терроризмге қарсы операцияларды өткізуге қатысады, террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастырады және оның жай-күйін бақылайды;

3) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі “Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы” Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің, күзетілуге жататын өзге де күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, күзет іс-шараларын ұйымдастырады және өткізеді.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының шешімі бойынша күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі терроризмге қарсы операциялар өткізіледі;

4) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі терроризмге қарсы операцияларды өткізу кезінде әуе, су және жер беті кеңістігіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысады, сондай-ақ осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;

5) сыртқы барлау саласындағы уәкілетті орган террористік ұйымдар, сондай-ақ террористік іс-әрекетке қатысы бар адамдар тарапынан төнетін террористік қатерлерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне залал келтірілуіне жол бермеу мақсатында барлау қызметін жүзеге асырады, Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің және олардың персоналының террористік қатерлерден қорғалуын қамтамасыз етуге қатысады;

6) Қазақстан Республикасының қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органы қаржы мониторингін жүзеге асырады және “Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы” Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл жөніндегі өзге де шараларды қолданады;

7) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган жасалған терроризм актісінің салдарынан туындаған техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан халықты және аумақтарды қорғау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады, сондай-ақ оның салдарларын жоюға қатысады;

7-1) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган қауіпті өндірістік объектілердің терроризмге қарсы қорғалуы жай-күйінің мониторингін ұйымдастыруға қатысады;

8) сыртқы саясат саласындағы уәкілетті орган терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі халықаралық ынтымақтастық саласында Қазақстан Республикасының сыртқы саяси бағытын іске асыруды қамтамасыз етеді;

9) байланыс және ақпарат саласындағы уәкілетті орган әлеуметтік маңызы бар құндылықтарды және этносаралық келісімді насихаттауды қамтамасыз етеді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ақпараттық кеңістігінде терроризм идеологиясын таратуға қарсы іс-қимылды жүзеге асырады;

9-1) мәдениет саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасында ішкі саяси тұрақтылықты және этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған шараларды іске асыруды қамтамасыз етеді;

10) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган террористік әсер етуге ұшыраған объектілердің қалыпты жұмыс істеуі мен экологиялық қауіпсіздігін қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларға қатысады;

11) мемлекеттік жоспарлау саласындағы уәкілетті орган ұлтаралық және конфессияаралық жанжалдарды және терроризм көріністерінің әлеуметтік-экономикалық алғышарттарын болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі басымдықтарын қалыптастыруға бағытталған шаралар кешенін әзірлеу мен іске асыруды жүзеге асырады;

12) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган гидротехникалық құрылыстардың терроризмге қарсы қорғалуы жай-күйінің мониторингін ұйымдастыруға қатысады, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды, аса қауіпті организмдер көздерінің физикалық қорғалуына мемлекеттік фитосанитариялық бақылауды жүзеге асырады;

13) көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган мүдделі мемлекеттік органдарды көлік-коммуникация саласының объектілерінде терроризмге қарсы іс-қимыл жасау жөніндегі міндеттерді шешуге қажетті ақпаратпен жедел қамтамасыз етуді ұйымдастырады және өз құзыреті шегінде олардың терроризмге қарсы қорғалуы жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз етеді;

14) алып тасталды – ҚР 07.11.2014 № 248-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

15) экономикалық тергеу қызметі террористік қылмыстар жасау құралдары ретінде пайдаланылуы мүмкін қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және өзге де нәрселерді Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы заңсыз өткізуді анықтау және оның жолын кесу жөніндегі іс-шараларды, сондай-ақ терроризмді қаржыландыру көздерінің, арналарының және тәсілдерінің алдын алуды, анықтауды, жолын кесуді жүзеге асырады;

16) атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті орган ядролық қондырғылардың, радиациялық көздердің, радиоактивті материалдарды сақтау пункттерінің терроризмге қарсы қорғалуының жай-күйін, ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды, радиоактивті қалдықтарды бірыңғай мемлекеттік есепке алу және бақылау жүйелерін бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады, өндірістік объектілердің терроризмге қарсы қорғалуы жай-күйінің мониторингін ұйымдастыруға қатысады;

17) әділет органдары терроризм актісінің салдарынан жәбірленуші жеке және заңды тұлғаларға және оның жолын кесуге қатысқан адамдарға өз құзыретіне қатысты мәселелер бойынша, оның ішінде қажетті құжаттарды беруде тегін қажетті құқықтық көмекті ұйымдастырады;

18) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган терроризм актісінің салдарынан зардап шеккен адамдарды және оның жолын кесуге қатысқан адамдарды жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша шараларды іске асыруды және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіруді қамтамасыз етеді;

19) білім және ғылым саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін және жоғары оқу орындарында факультативтік сабақтар өткізу жолымен қоғамда терроризмге қарсы сананы қалыптастыруды қамтамасыз етеді;

20) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган терроризм актісінің салдарларын барынша азайту және (немесе) жою жөніндегі шараларды іске асыруға қатысады, шұғыл медициналық көмекті, терроризм актісінің салдарынан жәбірленуші адамдарды медициналық-психологиялық сүйемелдеуді ұйымдастырады;

21) діни қызмет саласындағы уәкілетті орган конфессияаралық келісімді, азаматтардың діни қызметке құқықтарын қамтамасыз етеді және күш қолдану идеологиясы мен терроризмді насихаттауға жол бермеу мақсатында діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасайды.

Ескерту. 7-бап жаңа редакцияда – ҚР 2013.01.08 N 63-V (алғашқы ресми жариялағанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді – ҚР 11.04.2014 № 189-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 2014.06.10 № 206-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2014 N 233-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 03.11.2014 N 244-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 07.11.2014 № 248-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 22.12.2016 № 28-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2017 № 124-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
8-бап. Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдарының терроризмге қарсы іс-қимылдағы құзыреті

Ескерту. 8-бап алып тасталды – ҚР 2013.01.08 N 63-V (алғашқы ресми жариялағанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

9-бап. Терроризмге қарсы іс-қимылда Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына жәрдемдесудің міндеттілігі

  1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарының лауазымды адамдары терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға жәрдемдесуге және қажетті көмек көрсетуге міндетті.
  2. Қазақстан Республикасының азаматтары дайындалып жатқан немесе жасалған терроризм актісі туралы мәліметтерді терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға дереу хабарлауға міндетті.
  3. Дайындалып жатқан немесе жасалған терроризм актілері туралы ақпаратты мемлекеттік органдарға беру азаматтық борышты орындау болып бағаланады. Терроризм актісін болғызбауға немесе оның жолын кесуге көмектескен ақпарат үшін терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен сыйақы белгілейді және төлейді.

Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда – ҚР 2010.04.08 № 266-IV Заңымен; өзгеріс енгізілді – ҚР 02.08.2015 № 343-V (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
4-тарау. Террористік іс-әрекеттің алдын алу, анықтау және жолын кесу

10-бап. Террористік іс-әрекеттің алдын алу

  1. Қазақстан Республикасының аумағында:

1) терроризмді насихаттауға;

2) террористік ұйымдардың, сондай-ақ заңсыз әскерилендірілген құралымдардың құрылуына, тіркелуіне және жұмыс істеуіне тыйым салынады.

  1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдарының террористік іс-әрекетке қатысқан шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне тыйым салуға құқығы бар.
  2. Алып тасталды – ҚР 2013.01.08 N 63-V(алғашқы ресми жариялағанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Ескерту. 10-бап жаңа редакцияда – ҚР 2010.04.08 № 266-IV Заңымен, өзгеріс енгізілді – ҚР 2013.01.08 N 63-V (алғашқы ресми жариялағанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
10-1-бап. Терроризмге қарсы ақпараттық-насихаттық іс-қимыл

  1. Терроризмге қарсы ақпараттық-насихаттық іс-қимыл:

терроризмнің қауіптілігін түсіндіру;

террористер өз көзқарастары мен идеяларын насихаттауды солардың көмегімен жүзеге асыратын нысандарды, әдістерді және амалдарды әшкерелеу;

қоғамда терроризмге қарсы сананы қалыптастыру;

терроризм профилактикасында терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың және азаматтық қоғам институттарының күш-жігерін біріктіру;

терроризмді қолдаудың әлеуметтік базасын қысқарту мақсатында жүзеге асырылады.

  1. Терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар:

өз құзыреті шеңберінде терроризмге қарсы ақпараттық-насихаттық іс-қимылды ұйымдастыруға және үйлестіруге;

осы қызметке бұқаралық ақпарат құралдары, заңды тұлғалар, азаматтық қоғам институттары, діни бірлестіктер өкілдерінің қатысуын ынталандыруға;

қоғамда терроризмге қарсы сананы қалыптастыруға қатысуға міндетті.

Ескерту. 4-тарау 10-1-баппен толықтырылды – ҚР 2013.01.08 N 63-V (алғашқы ресми жариялағанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
10-2-бап. Террористік тұрғыдан осал объектілерді қорғау

Террористік тұрғыдан осал объектілерді қорғау үшін осы объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының және терроризм актілерінің салдарларын жоюға және (немесе) барынша азайтуға мемлекеттік органдардың, заңды тұлғалардың дайындығының деңгейін арттыру жөніндегі құқықтық, ұйымдастырушылық, инженерлік-техникалық, арнайы, күзеттік және өзге де шаралар жүзеге асырылады.

Ескерту. 4-тарау 10-2-баппен толықтырылды – ҚР 2013.01.08 N 63-V (алғашқы ресми жариялағанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
10-3-бап. Меншік нысанына қарамастан, террористік тұрғыдан осал объектілер меншік иелерінің, иеленушілерінің, басшыларының немесе өзге де лауазымды адамдарының, террористік тұрғыдан осал объектілер бойынша күзет қызметтерін көрсету туралы шарт жасасқан күзет қызметі субъектілерінің міндеттері

Ескерту. 10-3-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 22.12.2016 № 28-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

  1. Меншік нысанына қарамастан, террористік тұрғыдан осал объектілердің меншік иелері, иеленушілері, басшылары немесе өзге де лауазымды адамдары террористік әрекеттің алдын алу, сондай-ақ объектілерді терроризмге қарсы қорғау және олардың қауіпсіздігін тиісті деңгейде сақтау мақсатында:

1) тиісті өткізу режимін, объектілерге қойылатын қойылатын талаптарға сәйкес оларды қазіргі заманғы инженерлік-техникалық күзет жабдықтарымен жарақтауды қамтамасыз ету;

2) үлгілік паспорттың негізінде – өздеріне сеніп тапсырылған объектілердің терроризмге қарсы қорғалуы паспортын әзірлеу;

3) персоналды үй-жайларды қарап тексеру техникасына үйрету, жарғыш құрылғылардың орнатылуы мүмкін орындарды анықтау бойынша профилактикалық және оқу-жаттығу іс-шараларын өткізу;

4) жасалған терроризм актісінің салдарынан туындаған техногендік сипаттағы қатерлерді жою бойынша мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлескен іс-қимылдарды жоспарлау мен пысықтау;

5) объектінің ақпараттық желілерін қорғауды, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды іске асыруға міндетті.

Терроризм актісі жасалған жағдайда меншік нысанына қарамастан, террористік тұрғыдан осал объектілердің басшылары және (немесе) қызметкерлері жасалған терроризм актісі туралы Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына немесе ішкі істер органдарына дереу хабарлауға және персоналды эвакуациялауды қамтамасыз етуге міндетті.

1-1. Тиісті өткізу режимін қамтамасыз ету, өз персоналын үй-жайларды қарап тексеру техникасына оқытып-үйрету, жарылғыш құрылғылардың орнатылуы ықтимал орындарды анықтау бойынша профилактикалық және оқыту іс-шараларын өткізу, терроризмге қарсы қорғаудың техникалық құралдарын тиісінше пайдалану жөніндегі міндеттерді террористік тұрғыдан осал объектілердің меншік иелерімен, иеленушілерімен немесе басшыларымен күзет қызметтерiн көрсету туралы шарт жасасқан күзет қызметінің субъектілері де орындайды.

  1. Тиісті іс-шараларды іске асыру мақсатында меншік нысанына қарамастан, террористік тұрғыдан осал объектілердің меншік иелері, иеленушілері, басшылары немесе өзге де лауазымды адамдары қажетті қаржыландыруды көздеуге міндетті.
  2. Меншік нысанына қарамастан, террористік тұрғыдан осал объектілер меншік иелерінің, иеленушілерінің, басшыларының немесе өзге де лауазымды адамдарының, сондай-ақ террористік тұрғыдан осал объектілер бойынша күзет қызметтерін көрсету туралы шарт жасасқан күзет қызметі субъектілерінің көрсетілген міндеттерді орындамауы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.

Ескерту. 4-тарау 10-3-баппен толықтырылды – ҚР 2013.01.08 N 63-V (алғашқы ресми жариялағанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді – ҚР 22.12.2016 № 28-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
10-4-бап. Террористік материалдарды әкелуге, басып шығаруға, әзірлеуге және (немесе) таратуға жол бермеу

  1. Қазақстан Республикасының аумағына террористік материалдарды әкелуге, оларды басып шығаруға, әзірлеуге және (немесе) таратуға тыйым салынады.
  2. Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін, онда басып шығарылатын, әзірленетін және (немесе) таратылатын және террористік іс-әрекет белгілері және (немесе) оны жүзеге асыруға, оның ішінде терроризм актісін жасауға шақыру қамтылған не осындай іс-әрекетті жүзеге асыру қажеттілігін негіздейтін немесе ақтайтын ақпараттық материалдарды прокурордың өтініші бойынша осындай талаптарды мәлімдеген прокурордың орналасқан жері бойынша немесе осындай материалдардың табылған жері бойынша сот оларды әкелуге, басып шығаруға, әзірлеуге және (немесе) таратуға тыйым сала отырып, террористік деп таниды.

Ескерту. 4-тарау 10-4-баппен толықтырылды – ҚР 03.11.2014 N 244-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
11-бап. Террористік iс-әрекеттi анықтау

  1. Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдары террористік iс-әрекеттi анықтауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өткiзедi.
  2. Қазақстан Республикасының аумағындағы мемлекеттiк органдар мен ұйымдар, террористік iс-әрекет белгiлерi бар барлық оқиғалар туралы терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын органдарға хабарлауға мiндеттi.

Ескерту. 11-бапқа өзгерту енгізілді – ҚР 2010.04.08 № 266-IV Заңымен.
12-бап. Терроризм актісінің жолын кесу

  1. Терроризм актісінің жолын кесу, террористерді, жарылғыш заттарды зиянсыздандыру, жеке адамдар мен ұйымдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ оның зардаптарын барынша азайту және (немесе) жою мақсатында терроризмге қарсы операция жүргізіледі.
  2. Адамдардың өмірі мен денсаулығын, материалдық құндылықтарды және объектілерді сақтау, сондай-ақ күш қолданбастан терроризм актісінің жолын кесу мүмкіндіктерін зерделеу мақсатында террористермен келіссөз жүргізуге жол беріледі. Келіссөз жүргізу оралымды штаб басшысы осыған арнайы уәкілдік берген адамға тапсырылады.
  3. Егер террористің (террористердің) терроризм актісін тоқтатуға келіспеуі себепті онымен (олармен) келіссөздер мақсатына қол жеткізілмесе және адамдардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп-қатер төніп тұрса, терроризмге қарсы операцияның басшысы террористі (террористерді) жою туралы шешім қабылдауға құқылы.
  4. Күзетілетін адамға немесе объектіге айқын қауіп-қатер төнгені анықталған немесе ондай қауіп-қатерді өзге заңды құралдармен жою мүмкін болмаған жағдайда террорист (террористер) терроризмге қарсы операция басшысының өкімімен келіссөз жүргізілмей және ескерту жасалмай жойылуы мүмкін.
  5. Мемлекеттік органдардың терроризмге қарсы операцияға қатысушы бөлімшелері Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес адам күшін, қызметтік иттерді, әскери және өзге де техниканы, қару мен арнаулы құралдарды қолданады.

Ескерту. 12-бап жаңа редакцияда – ҚР 2010.04.08 № 266-IV Заңымен.
12-1-бап. Террористік ұйымдарды, террористік деп танылған ақпараттық материалдарды және террористік іс-әрекетті жүзеге асырғаны үшін жауаптылыққа тартылған адамдарды есепке алу

  1. Терроризм профилактикасы, оны анықтау және оның жолын кесу мақсатында өз құзыреті шегінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік орган соттардың шешімдері негізінде террористік ұйымдарды, террористік деп танылған ақпараттық материалдарды және террористік іс-әрекетті жүзеге асырғаны үшін жауаптылыққа тартылған адамдарды есепке алуды жүргізеді.
  2. Сот ұйымды террористік деп таныған және террористік іс-әрекетті жүзеге асырғаны үшін оны тарату арқылы іс-әрекетіне тыйым салған, сондай-ақ ақпараттық материалдарды террористік деп таныған не террористік іс-әрекетті жүзеге асырғаны үшін адамдарды жауапқа тартқан кезде өз құзыреті шегінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органға сот ақпараттық есепке алу құжаттарын дереу жіберуге міндетті.
  3. Өз құзыреті шегінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік орган сот террористік деп таныған ұйымдардың және ақпараттық материалдардың бірыңғай тізімдерін жүргізеді.

Көрсетілген тізімдер өз құзыреті шегінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органның интернет-ресурсында орналастырылуға тиіс.

Ескерту. Заң 12-1-баппен толықтырылды – ҚР 2009.08.28 № 192-IV (2010.03.08 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; жаңа редакцияда – ҚР 03.11.2014 N 244-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
13-бап. Оралымды штабтар

  1. Терроризмге қарсы іс-қимыл жасау мақсатында тұрақты жұмыс істейтін республикалық және облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) және теңіздік жедел штабтары құрылады.
  2. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы республикалық жедел штабтың басшысы болып табылады.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органының бастығы облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) жедел штабтың басшысы болып табылады.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзетуді және Қазақстан Республикасының Каспий теңізіндегі шекара кеңістігінде белгіленген режимдердің сақталуына бақылауды жүзеге асыратын Шекара қызметі бірлестігінің (өңірлік басқармасының) бастығы теңіздік жедел штаб басшысы болып табылады.

  1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінiң бастығы “Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы” Қазақстан Республикасының Заңынасәйкес күзетiлуге жататын адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған терроризмге қарсы операцияны өткiзу кезiнде республикалық жедел штабтың басшысы болып табылады.

Облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) жедел штабтың басшысын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы республикалық жедел штабтың құрамына кіретін мемлекеттік органдардың немесе олардың аумақтық органдарының өкілдері қатарынан тағайындайды.

  1. Республикалық оралымды штабтың құрамына терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың және өз құзыреті шегінде терроризмге қарсы операциялар жүргізуге қажетті көмек көрсете алатын өзге де мемлекеттік органдардың басшылары кіреді.

Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) және теңіздік жедел штабының құрамына терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің және терроризмге қарсы операция жүргізуге өз құзыреті шегінде қажетті көмек көрсете алатын өзге де мемлекеттік органдардың басшылары кіреді.

  1. Алып тасталды – ҚР 12.07.2018 № 180-VІ(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
    Ескерту. 13-бап жаңа редакцияда – ҚР 2010.04.08 № 266-IV Заңымен, өзгерістер енгізілді – ҚР 2013.01.08 N 63-V (алғашқы ресми жариялағанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2014 N 233-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 03.11.2014 N 244-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

13-1-бап. Терроризмге қарсы операцияға басшылық жасау

  1. Терроризм актісінің қоғамдық қауіптілігінің ауқымы мен дәрежесіне, күтілетін теріс салдарларына қарай терроризмге қарсы операцияға басшылық жасауды республикалық немесе облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) және теңіздік жедел штабының басшысы жүзеге асырады.
  2. Оралымды штабтың басшысы терроризмге қарсы операция басталғаннан бастап ол аяқталғанға дейін операция басшысы және оны жүргізуге тартылатын барлық әскери қызметшілердің, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының қызметкерлері мен мамандарының бастығы болады. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес оралымды штабтың басшысы терроризмге қарсы операцияға қатысуға тартылатын шет мемлекеттердің арнайы мақсаттағы бөлімшелері мамандарының бастығы болады.
  3. Оралымды штабтың басшысы:

1) терроризмге қарсы операцияның жүргізілу аймағының шекарасын, басталу және аяқталу уақытын айқындайды, берілген күштер мен құралдардың қолданылу бағыттары мен шегі туралы шешім қабылдайды;

2) бұқаралық ақпарат құралдарының және қоғамның өкілдерімен байланыста болуға жауапты болатын оралымды штабтың өкілін айқындайды;

3) терроризмге қарсы операцияны жүргізу туралы шешім қабылдайды және әскери өкім (әскери бұйрық) шығарады.

  1. Республикалық жедел штабтың басшысы терроризм актісінің жасалғаны туралы немесе оның дайындалып жатқаны, сондай-ақ терроризмге қарсы операцияның басталғаны туралы расталған ақпаратты алған кезде Қазақстан Республикасының Президентіне, Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесіне, Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына және Қазақстан Республикасының Үкіметіне дереу хабарлайды.
  2. Атқаратын қызметіне қарамастан басқа лауазымды адамның терроризмге қарсы операцияның оралымды басшылығына заңсыз араласуына жол берілмейді.

Ескерту. Заң 13-1-баппен толықтырылды – ҚР 2010.04.08 № 266-IV, өзгерістер енгізілді – ҚР 2013.01.08 N 63-V (алғашқы ресми жариялағанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2015 № 275-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
14-бап. Терроризмге қарсы операцияларды жүргізуге тартылатын күштер мен құралдар

  1. Терроризмге қарсы операцияларды жүргізу үшін оралымды штабтарға терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың қажетті күштері мен құралдары беріледі.
  2. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес, қажет болған жағдайларда терроризмге қарсы операцияға қатысу үшін шет мемлекеттердің арнайы мақсаттағы бөлімшелері тартылуы мүмкін.
  3. Терроризмге қарсы операция жүргізу барысында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері осы Заңға және “Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы” Қазақстан Республикасының Заңынасәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша қолданылады.

Ескерту. 14-бап жаңа редакцияда – ҚР 2010.04.08 № 266-IV Заңымен; өзгеріс енгізілді – ҚР 10.01.2015 № 275-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
14-1-бап. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін терроризм актілерінің жолын кесу үшін қолдану

Ескерту. 14-1-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 10.01.2015 № 275-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

  1. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері:

1) терроризм актісін жасау үшін пайдаланылатын не террористер басып алған әуе кемелері ұшуының жолын кесуге;

2) Қазақстан Республикасының ішкі суларында және аумақтық теңізінде, Қазақстан Республикасының континенттік қайраңында орналасқан теңіздегі экономикалық қызмет объектілерінде терроризм актілерінің жолын кесуге, сондай-ақ теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін;

3) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген тәртіппен терроризмге қарсы операцияның өткізілуіне қатысу үшін қолданылады.

  1. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері терроризмге қарсы операцияны өткізу кезінде осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілеріне сәйкес арнайы құралдарды, қару мен жауынгерлік техниканы қолданады. Бұл ретте Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне терроризмге қарсы операцияны өткізу аймағында дене күшін, арнайы құралдарды, қаруды қолдану және жауынгерлік техниканы пайдалану шарттарына, тәртібі мен шегіне қатысты бөлігінде “Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы” Қазақстан Республикасы Заңыныңережелері қолданылады.

Ескерту. 4-тарау 14-1-баппен толықтырылды – ҚР 2013.01.08 N 63-V (алғашқы ресми жариялағанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді – ҚР 10.01.2015 № 275-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
14-2-бап. Әуе кеңістігіндегі терроризм актілерінің жолын кесу

  1. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қару мен жауынгерлік техниканы әуе кеңістігіндегі терроризм актісінің қатерін жою немесе жолын кесу мақсатында қолданады.
  2. Егер әуе кемесі жердегі басқару пункттерінің Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидаларын бұзуды тоқтату туралы радиокомандаларына және (немесе) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің оны жолдан ұстап қалуға көтерілген ұшу аппараттарының радиокомандалары мен көрінетін белгілеріне ден қоймаса не себебін түсіндірмей, радиокомандаларға және көрінетін белгілерге бағынудан бас тартса, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қару мен жауынгерлік техниканы осы әуе кемесін қонуға мәжбүрлеу арқылы оның ұшуының жолын кесу үшін қолданады. Егер әуе кемесі қону туралы талаптарға бағынбаса және адамдардың қаза табуының не техногендік апат туындауының нақты қаупі төнсе, қару мен жауынгерлік техника аталған әуе кемесін жойып жіберу арқылы оның ұшуының жолын кесу үшін қолданылады.
  3. Егер әуе кемесін терроризм актісін жасау үшін пайдалану туралы немесе әуе кемесін басып алу туралы анық ақпарат бар болса және бұл ретте қалыптасқан мән-жайлардан туындайтын, оны қондыру үшін қажетті барлық шаралар таусылса және адамдардың қаза табуының не техногендік апат туындауының нақты қаупі төнсе, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қару мен жауынгерлік техниканы аталған әуе кемесін жойып жіберу арқылы оның ұшуының жолын кесу үшін қолданады.

Ескерту. 4-тарау 14-2-баппен толықтырылды – ҚР 2013.01.08 N 63-V (алғашқы ресми жариялағанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
14-3-бап. Қазақстан Республикасының ішкі суларында, аумақтық теңізінде, континенттік қайраңында және теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде терроризм актілерінің жолын кесу

  1. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Қазақстан Республикасының ішкі суларында, аумақтық теңізінде, континенттік қайраңында терроризм актісінің қатерін жою мақсатында және теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде қару мен жауынгерлік техниканы қолданады.
  2. Егер теңіз немесе өзен кемелері және корабльдер (жүзу құралдары) Қазақстан Республикасының су кеңістігін пайдалану қағидаларын бұзуды тоқтату туралы командаларға және (немесе) белгілерге ден қоймаса не тоқтау туралы талаптарға бағынудан бас тартса, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери корабльдерінің (ұшу аппараттарының) қаруы терроризм актісінің қатерін жою мақсатында жүзу құралын тоқтауға мәжбүрлеу үшін қолданылады. Егер жүзу құралы тоқтау туралы талапқа бағынбаса және (немесе) оны тоқтауға мәжбүрлеу мүмкін болмаса және бұл ретте қалыптасқан мән-жайлардан туындайтын, оны тоқтату үшін қажетті барлық шаралар таусылса және адамдардың қаза табуының не экологиялық апат туындауының нақты қаупі төнсе, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери корабльдерінің (ұшу аппараттарының) қаруы жүзу құралын жойып жіберу арқылы оның қозғалысының жолын кесу үшін қолданылады.

Ескерту. 4-тарау 14-3-баппен толықтырылды – ҚР 2013.01.08 N 63-V (алғашқы ресми жариялағанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
15-бап. Терроризмге қарсы операция өткізілетін аймақтағы құқықтық режим

  1. Терроризм актісінің жолын кесу және оны ашу, оның салдарларын барынша азайту, тізбесі “Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы” Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ жеке адамның, қоғамның және мемлекеттің өмірлік маңызы бар мүдделерін қорғау мақсатында терроризмге қарсы операция басшысының шешімі бойынша оның өткізілу шегінде терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимі оны өткізу кезеңіне енгізілуі мүмкін.
  2. Терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимін енгізу туралы шешім (шегінде (соларда) осындай режим енгізілетін аймақты (объектілер тізбесін) және қолданылатын шаралар мен уақытша шектеулер тізбесін айқындауды қоса алғанда) және оның күшін жою туралы шешім тиісті аумақтың халқына, жергілікті атқарушы органдарына және жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, ұйымдарының әкімшіліктеріне, объектілерінің басшыларына бұқаралық ақпарат құралдары мен телекоммуникация желілері арқылы дереу жеткізіледі.

Ескерту. 15-бап жаңа редакцияда – ҚР 2013.01.08 N 63-V (алғашқы ресми жариялағанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді – ҚР 04.07.2014 N 233-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
15-1-бап. Терроризмге қарсы операцияны жүргізу кезеңінде қолданылатын шаралар мен уақытша шектеулер

  1. Терроризмге қарсы операцияны жүргізу аймағында терроризмге қарсы операцияға қатысушы тұлғалардың:

1) жеке басын куәландыратын құжаттарды тексеруді жүргізуге, ал олар болмаған жағдайда – жеке басын анықтау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жеке тұлғаларды ұстауды жүзеге асыруға және оларды ішкі істер органдарына немесе басқа да мемлекеттік органдарға жеткізуге;

2) жеке қарап тексеруге және жеке адамның заттарын қарап тексеруге, көлік құралдарын, оның ішінде техникалық құралдарды пайдалана отырып куәгерлердің қатысуынсыз қарап тексеруге;

3) құқық бұзушылықтарды немесе терроризмге қарсы операцияға қатысатын адамдардың заңды талаптарына кедергі келтіруге бағытталған өзге де әрекеттерді жасаған немесе жасайтын, сондай-ақ терроризмге қарсы операцияны жүргізу аймағына рұқсатсыз кірумен немесе кіруге әрекет жасаумен байланысты әрекеттері үшін адамдарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ұстауға және ішкі істер органдарына жеткізуге;

4) жеке адамдарды жекелеген объектілерден, жергілікті жер мен су кеңістігі учаскелерінен кетіруге, көлік құралдарының, оның ішінде дипломатиялық және консулдық өкілдіктердің көлік құралдарының жол жүрісін, оларды сүйреп әкетуді қоса алғанда, шектеуге немесе тыйым салуға;

5) радиоэфир мониторингін жүргізу, телефонмен сөйлесуді және телкоммуникациялық жүйелер арналары арқылы берілетін өзге де ақпаратты бақылау үшін, сондай-ақ электрлі байланыс арналары мен почта жөнелтілімдерінде іздестіруді жүзеге асыру үшін арнайы байланыс құралдарын қоса алғанда, байланыс құралдарын қызметтік мақсатта пайдалануға;

6) егер кешеуілдеу адамдардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндіруі мүмкін болса, жедел медициналық жәрдемді қажет ететін адамдарды емдеу мекемелеріне жеткізу, терроризм актісі жасалған жерге бару үшін, сондай-ақ терроризм актісін жасады деп күдік келтірілген адамдардың ізіне түсу және оларды ұстау үшін көлік құралдарын (дипломатиялық иммунитеті бар шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің көлік құралдарынан басқа) меншік иелеріне материалдық зиян келтірілген жағдайда оны Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен өтей отырып, пайдалануға;

7) адам күшін, қызметтік иттерді, әскери және өзге де техниканы, қаруды және арнаулы құралдарды террористерге қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген ескертулерсіз және шектеулерсіз қолдануға;

8) егер кешеуілдеу адамдардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп туғызатын болса, жеке және заңды тұлғалардың меншігіндегі немесе иелігіндегі және пайдалануындағы тұрғын үйлер мен өзге де үй-жайларға және оларға жеке меншік құқығымен немесе жер пайдалану құқығымен тиесілі жер учаскелеріне кедергісіз кіруге құқығы бар.

Оралымды штаб басшысы не ол уәкілеттік берген адам азаматтардың тұрғын үйіне кірген жағдайлар туралы жиырма төрт сағат ішінде прокурорға хабарлайды.

  1. Терроризмге қарсы операцияны жүргізу аймағында оралымды штаб басшысының шешімі бойынша мынадай уақытша шектеулер қолданылуы мүмкін:

1) қауіпті өндірістік объектілердің қызметін тоқтата тұру;

2) жеке және (немесе) заңды тұлғаларға байланыс қызметін көрсетуді тоқтата тұру және (немесе) байланыс желісі мен құралдарын қолдануды шектеу;

3) қоғамдық тәртіптің, мемлекеттік күзетке жататын объектілердің, халықтың тұрмыс-тіршілігін және көліктердің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін объектілердің, сондай-ақ ерекше материалдық, тарихи, ғылыми, көркем немесе мәдени құндылығы бар объектілердің күзетілуін күшейту;

4) терроризмге қарсы операция жүргізілетін аймақта тұратын жеке адамдарды уақытша көшіру;

5) карантин енгізу, санитариялық-эпидемияға қарсы, ветеринариялық іс-шараларды және өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу;

6) қарумен, оқ-дәрілермен, жарылғыш заттармен, күшті әсер ететін химиялық және улы заттармен сауданы шектеу немесе оған тыйым салу, дәрілік, есірткілік, психотроптық заттар мен прекурсорлар, этил спирті мен алкогольді өнімдер айналымының айрықша режимін орнату;

7) күзет қызметін тоқтата тұру.

  1. Терроризмге қарсы операция жүргізілетін аймақта осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген шаралардың бүкіл кешені мен уақытша шектеулер сияқты жекелеген шаралар мен уақытша шектеулер де белгіленуі (енгізілуі) мүмкін.
  2. Терроризмге қарсы операция жүргізу аймағында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің болуына және олардың дыбыс жазуды, фото және бейнетүсіруді жүзеге асыруына оралымды штаб басшысының рұқсатымен ғана жол беріледі.
  3. Терроризмге қарсы операция жүргізуге қатысушы адамдардың операция басталған кезден бастап ол аяқталған кезге дейінгі іс-қимылы қажетті қорғаныс жағдайында немесе аса қажетті жағдайда жасалатын іс-қимыл деп есептеледі.

Ескерту. Заң 15-1-баппен толықтырылды – ҚР 2010.04.08 № 266-IV Заңымен, өзгерістер енгізілді – ҚР 2013.01.08 N 63-V (алғашқы ресми жариялағанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.11.2014 N 244-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
5-тарау. Терроризм актісі салдарынан зардап шеккен адамдардың
залалдарын өтеу және оларды әлеуметтік жағынан оңалту

16-бап. Терроризм актісінің салдарынан немесе оның жолын кесу кезінде келтiрiлген зиянды өтеу

  1. Жеке және заңды тұлғаларға терроризм актісінің салдарынан келтірілген мүліктік зиянды өтеу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
  2. Терроризм актісінің салдарынан келтірілген моральдық зиянның орнын толтыру оны жасаған адамдардың есебінен жүзеге асырылады.
  3. Терроризм актісінің жолын кесу кезінде терроризм актісін жасаушы адамның (адамдардың) денсаулығы мен мүлкіне келтірілген зиян, сондай-ақ осы адамның (адамдардың) өлуінен туындаған зиян өтелуге жатпайды.
  4. Терроризм актісінің жолын кесу кезінде жеке және заңды тұлғаларға келтірілген зиянды өтеу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Ескерту. 16-бап жаңа редакцияда – ҚР 2013.01.08 N 63-V (алғашқы ресми жариялағанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
17-бап. Терроризм актісінен зардап шеккен адамдарды әлеуметтiк оңалту

Терроризм актісінен зардап шеккен адамдарды әлеуметтiк оңалту Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен тегiн қажеттi құқықтық көмектi, психологиялық және медициналық оңалтуды қамтиды.

18-бап. Терроризмге қарсы іс-қимылға қатысушы адамдарды қорғау

Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда – ҚР 2010.04.08 № 266-IV Заңымен.

Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдарының қызметкерлерiне, сондай-ақ терроризмге қарсы іс-қимылда көмек көрсететiн адамдарға және олардың отбасы мүшелерiне өмiрi мен денсаулығына қатер төнген жағдайда, олардың өтiнiштерi бойынша келбетiн, тегiн, атын және әкесiнiң атын, сондай-ақ жұмыс орны мен тұрғылықты жерiн осы органдарды ұстауға бөлiнген қаражат есебiнен өзгертудi жүзеге асыруға болады.

Ескерту. 18-бапқа өзгерту енгізілді – ҚР 2010.04.08 № 266-IV Заңымен.
19-бап. Террористі келтiрiлген зиян үшiн жауаптылықтан босату

Терроризмге қарсы операция жүргізу кезiнде осы Заңда белгiленген негiзде және шектерде террористің денсаулығы мен мүлкiне, сондай-ақ өзге де құқықпен қорғалатын мүдделерiне лажсыз зиян келтiруге жол берiледi. Бұл орайда терроризмге қарсы іс-қимылға қатысушы әскери қызметшiлер, мамандар және басқа адамдар терроризмге қарсы операция жүргiзу кезiнде келтiрiлген зиян үшiн немесе террористі жою туралы шешiм қабылдағаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықтан босатылады.

Ескерту. 19-бапқа өзгерту енгізілді – ҚР 2010.04.08 № 266-IV Заңымен.
6-тарау. Террористік іс-әрекетке қатысқаны үшін жауаптылық

20-бап. Адамдардың террористік iс-әрекетке қатысқаны үшiн жауаптылығы

  1. Террористік iс-әрекетке қатысушы адамдар Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіндекөзделген қылмыстық жауапты болады.
  2. Егер терроризм актісін дайындауға қатысқан адам мемлекеттiк органдарға дер кезiнде ескертсе немесе терроризм актісін болғызбауға өзге де әдiспен жәрдемдессе және оның iс-қимылында өзге қылмыс құрамы болмаса, ол қылмыстық жауаптан босатылады.

Ескерту. 20-бапқа өзгерту енгізілді – ҚР 2009.07.10 № 175-IV Заңымен.
21-бап. Ұйымдардың террористік іс-әрекет үшін жауаптылығы

  1. Террористік іс-әрекетті жүзеге асырған жағдайда ұйымның, сондай-ақ оның құрылымдық бөлімшесінің (филиалы мен өкілдігінің) іс-әрекетіне оны Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен террористік деп тану және тарату арқылы тыйым салынады.
  2. Террористік деп танылған ұйымды тарату кезінде оған (филиалы мен өкілдігіне) тиесілі Қазақстан Республикасы аумағындағы мүлкі тәркіленеді және мемлекет кірісіне өндіріп алынады.

Ескерту. 21-бап жаңа редакцияда – ҚР 03.11.2014 N 244-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
21-1-бап. Терроризм актісін жасауы салдарынан, сондай-ақ олар жасаған терроризм актісінің жолын кесу кезінде өлген адамдарды жерлеу тәртібі

Терроризм актісін жасауы салдарынан, сондай-ақ олар жасаған терроризм актісінің жолын кесу кезінде өлгендіктен, террористік іс-әрекетке қатысуына байланысты өздеріне қатысты қылмыстық қуғындау тоқтатылған адамдарды жерлеу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады. Аталған адамдардың мәйіттері жерлеуге берілмейді және олар жерленген орын туралы хабарланбайды.

Ескерту. 6-тарау 21-1-баппен толықтырылды – ҚР 2013.01.08 N 63-V (алғашқы ресми жариялағанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
7-тарау. Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарының арнаулы
мақсаттағы бөлімшелерін материалдық-техникалық жағынан
қамтамасыз ету

Ескерту. 7-тараудың тақырыбына өзгерту енгізілді – ҚР 2010.04.08 № 266-IV Заңымен.

22-бап. Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдарының арнаулы мақсаттағы бөлiмшелерiн материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету

Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді – ҚР 2010.04.08 № 266-IV Заңымен.

Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын арнаулы мақсаттағы бөлiмшелерiн материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету бюджет қаражаты есебiнен жүргiзiледi.

Ескерту. 22-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 2004.12.20 № 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2010.04.08 № 266-IV Заңдарымен.
8-тарау. Терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті
жүзеге асыру заңдылығын бақылау мен қадағалау

Ескерту. 8-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 2010.04.08 № 266-IV Заңымен.

23-бап. Терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметтің жүзеге асырылуын бақылау

Қазақстан Республикасында терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметтің жүзеге асырылуын бақылауды терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады.

Ескерту. 23-бап жаңа редакцияда – ҚР 2010.04.08 № 266-IV Заңымен.
23-1-бап. Меншік нысандарына қарамастан, террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының жай-күйін мемлекеттік бақылау

Меншік нысанына қарамастан, террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының жай-күйін мемлекеттік бақылау басшылардың немесе өзге де лауазымды адамдардың осы Заңның 10-3-бабында белгіленген іс-шараларды сақтау нысанына жүзеге асырылады.

Ескерту. 8-тарау 23-1-баппен толықтырылды – ҚР 04.07.2013 № 132-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
23-2-бап. Меншік нысандарына қарамастан, террористік тұрғыдан осал объектілер басшыларының немесе өзге де лауазымды адамдарының белгіленген іс-шараларды сақтауына тексерулер жүргізу тәртібі

  1. Меншік нысандарына қарамастан, террористік тұрғыдан осал объектілер басшыларының немесе өзге де лауазымды адамдарының осы Заңның 10-3-бабындабелгіленген іс-шараларды сақтауына тексерулерді Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары жылына кемінде бір рет жүргізеді.
  2. Тексеруді Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі әзірлеген және бекіткен тексеру парағына сәйкес Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары жүргізеді.

Тексеру парағы оларды сақтамау жеке адамның, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер төндіруге әкеп соғатын, террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының жай-күйіне қойылатын талаптардың толық тізбесін қамтиды.

  1. Тексеру тағайындау туралы акт негізінде тексеру жүргізіледі. Террористік тұрғыдан осал объектілерге тексеру жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары:

1) тексеру тағайындау туралы актіні;

2) қызметтік куәлікті;

3) тексеру парағын көрсетуге міндетті.

  1. Тексеру жүргізу мерзімі алдағы жұмыстардың көлемі, сондай-ақ алға қойылған міндеттер ескеріле отырып белгіленеді және жеті жұмыс күнінен аспауға тиіс.
  2. Тексеру тағайындау туралы актіні тексерілетін адамға табыс еткен кез тексеру жүргізудің басталған кезі деп саналады.
  3. Тексеруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы ішкі істер органының қызметкері тексеру нәтижелері бойынша екі данада тексеру нәтижелері туралы акт жасайды.
  4. Тексеру нәтижелері бойынша ескертпелер және (немесе) қарсылықтар болған жағдайда, тексерілетін адам оларды жазбаша түрде баяндайды. Ескертпелер және (немесе) қарсылықтар тексеру жүргізу нәтижелері туралы актіге қоса берілуі мүмкін, бұл туралы тиісті белгі жасалады.
  5. Тексерілетін адамның қолындағы түпнұсқадағы құжаттардың көшірмелерін қоспағанда, қосымшаларының көшірмелерімен бірге тексеру нәтижелері туралы актінің бір данасы танысу және анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қолдану және басқа да іс-қимылдар үшін тексерілетін адамға не оның уәкілетті өкіліне табыс етіледі.
  6. Тексеру жүргізу кезінде бұзушылықтар болмаған жағдайда, тексеру нәтижелері туралы актіде тиісті жазба жасалады.
  7. Тексеру тағайындау туралы актіде көрсетілген тексерудің аяқталған мерзімінен кешіктірмей тексеру нәтижелері туралы актіні меншік нысандарына қарамастан, террористік тұрғыдан осал объектінің басшысына немесе өзге де лауазымды адамына табыс еткен күн тексеру аяқталған күн болып саналады.

Ескерту. 8-тарау 23-2-баппен толықтырылды – ҚР 04.07.2013 № 132-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
23-3-бап. Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының жай-күйін бақылау нәтижелері

  1. Тексеру нәтижелері бойынша осы Заңда белгіленген іс-шараларды және оны іске асыру үшін қабылданған Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын бұзушылық (орындамау) анықталған жағдайларда, меншік нысандарына қарамастан, террористік тұрғыдан осал объектінің басшысына немесе өзге де лауазымды адамына бұзушылықтарды жою туралы нұсқама он жұмыс күні ішінде табыс етіледі.
  2. Нұсқама меншік нысандарына қарамастан, террористік тұрғыдан осал объектінің басшысына немесе өзге де лауазымды адамына жеке немесе жөнелту мен алу фактісін растайтын өзге де тәсілмен табыс етілуі тиіс.

Хабарламалы тапсырыс хат арқылы почтамен не хабарламалардың кепілді жеткізілуін қамтамасыз ететін электронды байланыс арналары арқылы электронды түрде жіберілген нұсқама почта немесе өзге де байланыс ұйымының жауабын алған күннен бастап не хабарламаны электронды түрде жіберген күннен бастап бес жұмыс күні өткен соң табыс етілген болып саналады.

  1. Тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы орындауды меншік нысандарына қарамастан, террористік тұрғыдан осал объектінің басшысы немесе өзге де лауазымды адамы оны табыс еткен (алған) күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде жүзеге асырады.

Ескерту. 8-тарау 23-3-баппен толықтырылды – ҚР 04.07.2013 № 132-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

24-бап. Терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы заңдылықтың сақталуын қадағалау

Терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті жүзеге асыру кезінде заңдылықтың сақталуына жоғары қадағалауды Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры және оған бағынысты прокурорлар жүзеге асырады.

Ескерту. 24-бап жаңа редакцияда – ҚР 11.07.2017 № 91-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

 

Соңғы жаңалықтар

Телефон қабылдау

8 (00000) 0 00 00