ҮЕҰ Дерекқоры бойынша Жадынама

ҮЕҰ Дерекқоры бойынша Жадынама

 

ҚР ҚДМ үкіметтік емес ұйымдарды ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтерді тапсыру туралы хабардар етеді

ҚР Қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғам істері комитеті Үкіметтік емес ұйымдар дерекқорына мәліметтерді ұсынудың кезекті есеп кезеңінің өтуі туралы хабарлайды. Ағымдағы жылы 31 наурыз жексенбіге түскеніне байланысты ұйымдардың өз қызметі туралы мәліметтерді ұсыну мерзімі 2019 жылғы 1 сәуірде аяқталады (ҚР Азаматтық кодексінің 175-бабына сәйкес егер мерзімнің соңғы күні жұмыс істемейтін күнге тура келсе, содан кейінгі ең таяу жұмыс күні мерзімнің аяқталған күні болып саналады).

Осыған байланысты жеке мекеме, қоғамдық бірлестік (саяси партиялар, діни бірлестіктер мен кәсіптік одақтар түрінде құрылған қоғамдық бірлестіктерді қоспағанда), коммерциялық емес акционерлік қоғам (құрылтайшысы немесе акционері мемлекет болып табылатын коммерциялық емес акционерлік қоғамдарды қоспағанда), қоғамдық, корпоративтік және жеке қорлар, қауымдастық (одақ) нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі нысанындағы үкіметтік емес ұйымдарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын шетелдік және халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың филиалдары мен өкілдіктеріне infonpo.kz. веб-порталында электрондық есептілік нысанын уақтылы толтыруды ұсынады.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ҮЕҰ дерекқорында тіркелу мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және мемлекеттік гранттар шеңберінде әлеуметтік бағдарламаларды және (немесе) әлеуметтік жобаларды іске асыруға, сондай-ақ ҮЕҰ үшін сыйлық алуға арналған конкурсқа қатысу үшін міндетті шарт болып табылады.

ҮЕҰ қызметі туралы мәліметтерді электрондық түрде infonpo.kz веб-портал арқылы ұсыну үшін Халыққа қызмет көрсету орталығының жақын жердегі бөлімшесінде (ХҚКО) электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) алу қажет.

Интернет арқылы тапсыруға мүмкіндігі жоқ азаматтар үшін мәліметтерді пошта арқылы немесе қолма-қол қағаз және электрондық тасығыштарда (DOC, DOCX форматында CD-дискілерде немесе USB-флэш-жинақтағыштарда) тапсыру мүмкіндігі қалды.

ҮЕҰ қызметі туралы мәліметтерді ілеспе хатпен бірге пошта арқылы немесе қолма-қол мына мекенжайға жіберу қажет: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 15-кіреберіс, Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті.

ҮЕҰ дерекқорына мәліметтерді уақтылы ұсынбағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік көзделген.

Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі 2018 жылғы    1 шілдеден бастап ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақыны беру үшін өтінімдерді қабылдайды.

   Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыны беруге келесі бағыттар бойынша конкурс өткізу туралы хабарлайды:

1) білім беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізу;

2) азаматтардың денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау;

3) қоршаған ортаны қорғау;

4) жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау;

5) отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу;

6) халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдау;

7) жетім балаларға, толық емес және көп балалы отбасылардағы балаларға көмек көрсету;

8) халықты еңбекпен қамтуға жәрдемдесу;

9) азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау;

10) мәдениет пен өнерді дамыту;

11) тарихи-мәдени мұраны қорғау;

12) қоғамдық келісімді және ұлттық бірлікті нығайту;

13) өздерінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету кезінде пробация қызметтеріне жәрдемдесу;

14) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу;

15) азаматтық қоғамды дамытуға, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу.

Байқауға Қазақстан Республикасында тіркелген және Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорына мәліметтер ұсынған үкіметтік емес ұйымдар қатыса алады.

Бір үкіметтік емес ұйым бір номинациядан артық сыйлықақыны алуға  ұсыныла алмайды. Сыйлықақы алғаннан кейін үш жыл ішінде оны алу үшін қайта ұсынуға жол берілмейді.

Бір номинация бойынша сыйлықақы бір немесе бір мезгілде бірнеше үміткерге берілуі мүмкін. Бұл жағдайда сыйлықақы олардың арасында тең бөлінеді.

Сыйлықақыны алу үшін өтінімді ұсынуға арналған тізбе мыналарды қамтиды:

1)   өтініш (осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес  нысан бойынша бірінші басшы немесе оның міндетін атқаратын адам қол қойған үкіметтік емес ұйымның ресми бланкісінде);

2)   осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес сыйлықақыға үміткердің сауалнамасы;

3)   осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес сыйлықақыға үміткердің қызметі туралы сипаттама (растайтын материалдармен бірге);

4)   соңғы 3 (үш) жыл ішінде ұсынылған бағыт бойынша іске асырылған жобаларды және бірлескен жұмыс барысында қол жеткізілген нәтижелерді растау мақсатында байланыс деректері көрсетілген қоғамдастық (үкіметтік емес ұйымдар) және (немесе) мемлекеттік органдар өкілдерінің ұсынымдары (екіден кем емес);

5)   үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құрылтай құжаттарының және куәлiгiнің (анықтаманың) көшірмелері;

6)   банк шотының болуы туралы анықтама (түпнұсқа).

Сыйлықақыны алу үшін үкіметтік емес ұйымдарды ұсыну жөніндегі өтінімдер Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Азаматтық қоғам комитетіне қағаз және электронды жеткізгіштерде (СD-дискілерде не USB-флеш-жинақтағыштарында DOC, DOCX, Pdf форматында) 2018 жылғы 1 шілдеден бастап 1 қыркүйек аралығында келесі мекенжай бойынша қабылданады: Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 8, «Министрліктер үйі» ғимаратының 15-кіреберісіндегі 265-кабинет. Анықтама телефондары: +7 (7172) 74 05 11, 74 09 97.Естеріңізге саламыз, ағымдағы жылғы 13 маусымда Мемлекет Басшысымен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне коммерциялық емес ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойылды.

Заңның қабылдануымен сыйлықақы алуға ұсынуға үкіметтік емес ұйымдардың мүмкіндігі кеңейді.

Бұрын сыйлықақы алуға ұсынғаннан кейін үш жыл ішінде конкурсқа қатысуға шектеу болатын.

Заң қабылданғаннан кейін өткен жылы сыйлықақы алуға ұсынылған, бірақ жеңімпаз болып табылмаған үкіметтік емес ұйымдар, келесі жылдары да сыйлықақы алуға ұсынуға мүмкіндік алады.

 Қағидаға келесі сілтеме бойынша орналасқан https://diakom.gov.kz/kk/content/buyryktar

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрінің бұйрығына сәйкес, 2018 жылғы 15 қаңтардан бастап «Үкіметтік емес ұйымдардың өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру ережелерінің» жеңілдетілген нұсқасы қолданысқа енгізілді. 

Жеңілдетілген Ережелерге сәйкес:

– ҮЕҰ дерекқорына мәліметтерді енгізу бойынша нысан оңтайландырылды: бірқатар тармақтар жойылды және нақтыланды, ыңғайлы толтыру үшін ақпарат кесте түрінде ұсынылды;

– нысанды толтыру барысында дұрыс және жүйеленген ақпаратты қамтамасыз ету үшін өңірлер, ұйым қызметінің бағыттары, оның ұйымдастырушылық-құқықтық нысандар бойынша тиісті тізімдер қосылды;

– құрылтай құжаттарды, бухгалтерлік теңгерімді ұсынуға талап ететін нормалар жойылды;

– ұйымның кіріс және шығыс туралы тармақтар салық есебінің нысанына сәйкестендірілді.

2017 жылғы 1 наурыздан бастап «ҮЕҰ дерекқоры» ақпараттық ресурсы (infonpo.kz) өз жұмысын бастаған болатын. Мәліметтерді infonpo.kz веб-портал арқылы электрондық түрде ұсыну үшін Халыққа қызмет көрсету орталығынан (ХҚКО) электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) алу қажет.

Мәліметтерді пошта арқылы немесе қағазды және электрондық тасымалдаушыда (CD-дисктер немесе DOC, DOCX форматында USB-флэш арқылы) қолма-қол тапсыру баламалы нұсқа болып табылады. ҮЕҰ туралы мәліметтерді ілеспе хатпен қосып, пошта арқылы немесе қолма-қол келесі мекен-жайға жолдауға болады: 010000, Астана қ., Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 15-ші кіреберіс, Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті.

Infonpo.kz ақпараттық ресурсы іске қосылған 1 жыл уақыт ішінде өз қызметі туралы мәліметтерін электрондық түрде белгіленген мерзімде 3000 мыңға жуық ҮЕҰ (үкіметтік емес ұйымдар) ұсынған. Бұл сайтпен жұмыс жүргізудің қолжетімділігі мен есеп беру нысандарды толтыру рәсімінің жеңілдегенін көрсетеді.

Жоғарыда баяндалғанның негізінде infonpo.kz ақпараттық ресурсы арқылы үкіметтік емес ұйымдардың 2017 жылғы қызметтері туралы мәліметтерін 2018 жылдың 31 наурызына дейін тапсыруларын сұраймыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

Интервью председателя

Комитета по делам гражданского общества

Министерства по делам религий и гражданского общества

Республики Казахстан

А.К. Галимовой

 

В прошлом году сферу деятельности неправительственных организаций в Казахстане коснулся ряд нововведений. Это дополнительные формы финансирования в виде грантов и премий, введение в работу Базы данных неправительственных организаций, создание оператора грантового финансирования, определение уполномоченного органа в сфере взаимодействия с НПО, наделенного функциями реализации и мониторинга применения перечисленных новшеств.

О приоритетных задачах, ключевых направлениях и планах профильного ведомства мы поговорили с председателем Комитета по делам гражданского общества Министерства по делам религий и гражданского общества Республики Казахстан Галимовой Алией Кайратовной.

 

– Алия Кайратовна, расскажите, какая работа проводится Комитетом с момента его образования?

 

– За четыре месяца работы профильного Комитета (с 4 ноября 2016 г. – прим. автора) проделана значительная работа. Сформулированы цели и задачи ведомства, определены следующие основные приоритеты дальнейшей работы в сфере гражданского общества, среди которых:

– дальнейшее развитие различных форм взаимодействия государства и НПО, создание новых диалоговых платформ и совершенствование действующих площадок;

– повышение правовой, организационной и финансовой устойчивости НПО;

– расширение участия НПО в процессе принятия решений, мониторинг и анализ деятельности общественных советов;

– а также совершенствование процедур государственного социального заказа.

К примеру, в рамках организации общенационального диалога, Комитетом проведены такие мероприятия, как VII Гражданский форум Казахстана, заседание Координационного совета по взаимодействию с НПО при уполномоченном органе, серия заседаний рабочих групп по взаимодействию с НПО. По итогам VII Гражданского форума неправительственными организациями выработаны рекомендации по дальнейшему совершенствованию взаимодействия государства и неправительственного сектора. В результате обсуждений НПО и госорганами выработанных рекомендаций на заседании Координационного совета, Заместителем Премьер-Министра Республики Казахстан утвержден план мероприятий по их реализации.

Государственный социальный заказ продолжает оставаться одним из системных механизмов государственной поддержки неправительственного сектора. Объем финансирования социальных проектов НПО по республике в рамках госсоцзаказа, по данным Министерства финансов, с 2003 по 2016 годы составил 42 392,1 млн. тенге. При этом объем госссоцзаказа на местном уровне составил 30 814,8 млн. тенге, а на центральном – 11 577,3 млн. тенге.

Наблюдается тенденция увеличения объема финансирования по госсоцзаказу. Так, по данным Министерства финансов, по сравнению
с 2015 годом (7 143,9 млн. тенге), в 2016 году объем госсоцзаказа возрос на 20% и составил уже 8 878,6 млн. тенге.

Кроме увеличения объема финансирования, начиная с 2003 года, ведется работа по расширению отраслевого принципа реализации государственного социального заказа. И министерством в данном направлении также продолжена активная работа.

К примеру, в текущем году госсоцзаказ реализуют 8 центральных госорганов: министерства по делам религий и гражданского общества, здравоохранения, труда и социальной защиты, информации и коммуникаций, внутренних дел, энергетики, национальной экономики, Агентство РК по делам государственной службы и противодействию коррупции. На местном уровне в 2017 году госсоцзаказ размещают порядка 300 отраслевых подразделений местных исполнительных органов.

Кроме того, в целях повышения и укрепления финансовой устойчивости НПО в 2016 году в рамках Плана нации – 100 конкретных шагов в Казахстане впервые стали выделяться гранты для неправительственных организаций. Это новая форма финансирования НПО, не основанная на государственных закупках.

Первые гранты выданы в 2016 году оператором в сфере грантового финансирования в форме НАО «Центр поддержки гражданских инициатив» на реализацию 11 социальных проектов на сумму 208 млн. тенге.

Как результат, к концу прошлого года успешно завершены первые грантовые проекты НПО: к примеру, разработка карты медиаторов, открытие Национального контакт-центра по правам ребенка «111» и др.

В этом году объем грантового финансирования составляет уже
612 млн. тенге, гранты охватывают более 10 направлений социальной сферы и содержат 47 тематик, которые были отобраны по отраслевому и, территориальному принципам, а также по видам и долгосрочности грантовых проектов.

Как Вы знаете, в 2016 году в целях расширения участия НПО в процессе принятия решений, заработал новый механизм – общественные советы. Нормативную правовую базу деятельности общественных советов составляет Закон РК «Об общественных советах», постановление Правительства РК «Об утверждении типовых требований к порядку организации и проведения общественных слушаний».

Сегодня по республике работают 227 общественных советов. В их деятельности задействовано более 4-х тысяч человек, 75% которых – это представители гражданского общества.

Общественными советами используются все формы общественного контроля в рамках решения актуальных вопросов социально-экономического развития на центральном уровне и в регионах. Так, в 2016 году советами рассмотрено порядка 5700 НПА, по наиболее важным вопросам проведено около 450 общественных слушаний, заслушаны отчеты более 1000 руководителей государственных органов различного уровня.

В данном направлении министерством организован системный мониторинг и анализ деятельности общественных советов, обобщение лучших практик по проведению общественного мониторинга, подготовка рекомендаций по дальнейшему совершенствованию общественного контроля.

В целях дальнейшего укрепления системного диалога между государством и гражданским сектором мы продолжаем работу по оптимизации нормативно-правовой базы в сфере деятельности общественных советов. В настоящее время собраны предложения госорганов, общественных советов, международных организаций, НПО по совершенствованию Типового положения об общественных советах.

Кроме того, в текущем году в целях создания единой диалоговой площадки, а также повышения потенциала советов министерством планируется проведение Первого республиканского Мажилиса общественных советов.

 

– Каковы дальнейшие планы Комитета в данном направлении?

 

В Послании народу «Третья модернизация Казахстана: глобальная конкурентоспособность» Глава государства подчеркнул важность активного участия гражданского сообщества в борьбе с религиозным экстремизмом и терроризмом, формировании в обществе нулевой терпимости к любым радикальным проявлениям, принятии дополнительных шагов по духовно-нравственному воспитанию подрастающего поколения.

В рамках расширенного заседания Правительства РК по обсуждению вопросов взаимодействия государства и НПО, состоявшегося в январе т.г., министр по делам религий и гражданского общества Н.Б. Ермекбаев доложил Правительству о проведенной работе в сфере развития гражданского общества и определил основные задачи в данном направлении на предстоящий период в соответствии с приоритетами, обозначенными в рамках Послания.

Так, в целях повышения устойчивости НПО в текущем году значительно увеличен объем грантового финансирования НПО и спектр тематических направлений проектов. На сегодняшний день этап формирования и подачи конкурсных заявок на гранты завершен. В этом году рассматриваются около 400 заявок по 47 темам.

В текущем году впервые будет проведена оценка нужд и потребностей населения по регионам, включая сельские регионы. По итогам комплексного исследования по выявлению потребностей населения предусмотрена выработка рекомендаций и формирование карты нужд и потребностей населения страны.

Тема одного из других грантов посвящена подготовке методологии по проведению исследования и разработке показателей, отражающих вклад НПО в социально-экономическое развитие страны на основе международного опыта стран ОЭСР.

В текущем году в целях оптимизации механизма грантового финансирования мы проводим работу по дальнейшему совершенствованию правил предоставления грантов для НПО. В последующие годы к формированию тематик и объемов грантов также планируется привлечение центральных госорганов.

В целях дополнительного стимулирования, мотивации, повышения устойчивости неправительственного сектора 1 июля 2017 года впервые будет объявлен конкурс на соискание премии для НПО. В этом году на премии для НПО предусмотрено 68 млн. тенге.

Также, сейчас мы активно работаем в направлении развития взаимодействия НПО и бизнес-сообщества. Государство всегда было заинтересовано в сильных, устойчивых, конкурентоспособных НПО, в развитии их организационной, правовой и финансовой устойчивости.
С другой стороны, свою социальную роль бизнес мог бы раскрыть именно через партнерство с неправительственным сектором. В связи с этим, в целях обсуждения актуальных вопросов и решения задач социального предпринимательства нашим министерством инициировано проведение специальной диалоговой площадки.

Что касается результатов в области развития взаимодействия бизнеса и НПО, то они уже есть. И подтверждением этого является прошедший недавно I Форум корпоративной благотворительности, участниками которого стали представители бизнеса, международных организаций и НПО.

Полагаю, что подписанный в рамках Форума меморандум о сотрудничестве в области реализации совместных социальных проектов дал старт активизации отношениям бизнеса и НПО. Уверена, что мы достигнем больших положительных результатов через сплоченное, солидарное сотрудничество государства, бизнес-сообщества и НПО.

Еще одно важное направление – это деятельность нашего министерства, как уполномоченного органа, в рамках принятого в прошлом году Закона Республики Казахстан «О волонтерской деятельности». В рамках утвержденных регламентов наш комитет осуществляет координацию работы центральных госорганов по ведению реестра учета волонтерской деятельности, мониторингу реализации волонтерских программ, проектов и волонтерских акций, а также работы местных исполнительных органов по мониторингу волонтерской деятельности в целом.

В текущем году запланирована разработка методических рекомендаций по организации работы с субъектами волонтерской деятельности в рамках волонтерских программ, проектов и акций.

Кроме того, в целях изучения потенциала развития отечественной волонтерской деятельности планируется проведение масштабного исследования с последующим анализом состояния волонтерства в Казахстане.

Также в рамках законопроектной деятельности на 2017 год разработан проект Закона «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам деятельности некоммерческих организаций».

Изменения в рамках законопроекта направлены на повышение эффективности, открытости и прозрачности реализации государственного социального заказа, а также на оптимизацию перечня организаций, представляющих сведения в Базу данных НПО. Так, в рамках проекта Закона предлагается введение таких новых понятий, как «формирование государственного социального заказа», «оценка результатов государственного социального заказа».

К законопроекту подготовлены соответствующие проекты подзаконных актов, регулирующие формирование, реализацию, мониторинг и оценку госсоцзаказа, стандарты услуг НПО.

 

– Алия Кайратовна, Вы упомянули о Базе данных неправительственных организаций. Скажите, какими документами и регламентами должна руководствоваться неправительственная организация при подготовке сведений о своей деятельности для Базы данных НПО?

 

– Первый и основной документ – это Закон РК «О некоммерческих организациях». В соответствии с данной нормой некоммерческие организации в форме учреждений, общественных объединений, фондов, объединений юридических лиц, акционерных обществ, а также в иных организационно-правовых формах, которые не указаны в статье
17 Закона, и филиалы и представительства иностранных и международных НПО, осуществляющих деятельность на территории Республики Казахстан, должны ежегодно до 31 марта предоставлять сведения о своей деятельности в Министерство по делам религий и гражданского общества.

Второй документ – Правила предоставления сведений о своей деятельности неправительственными организациями и формирования Базы данных о них, утвержденные приказом № 51 от 19 февраля 2016 года.
В данных Правилах изложен подробный порядок формирования сведений и отчетная форма для заполнения.

Третье – Методические рекомендации о порядке предоставления сведений о своей деятельности неправительственными организациями и формированию Базы данных о них и памятка по Базе данных НПО.

Вся нормативно-правовая база, регламентирующая формирование Базы данных НПО, а также вспомогательные документы размещены на сайте Министерства по делам религий и гражданского общества в рамках специальной рубрики «База данных неправительственных организаций» (http://www.din.gov.kz/rus/baza_npo).

Также хочу отметить, что отчетность НПО перед государством – специальными уполномоченными органами в сфере налоговой деятельности, статистики, юстиции – существует на протяжении вот уже 16 лет в рамках Закона «О некоммерческих организациях» (статья 41 – прим. автора).

Норма об отчетности НПО является требованием сегодняшнего дня, ведь для того, чтобы у государства был четкий вектор развития, единые цели и задачи, необходим порядок и учет всех его сфер.

В рамках поправок в отраслевой Закон «О некоммерческих организациях» от 2 декабря 2015 года был уточнен формат отчетности и предусмотрена ответственность за нарушение законодательства о некоммерческих организациях.

В целом, База данных неправительственных организаций – это специализированный  о т р а с л е в о й  информационный ресурс, направленный на размещение информации о проектной деятельности НПО в Республике Казахстан.

 

– Какая работа проводится по переводу Базы данных в электронный формат? И какими преимуществами уже сейчас обладают НПО, зарегистрировавшись на infonpo.kz?

 

– С 1 марта 2017 года в работу запущен Интернет-портал Базы данных НПО по адресу http://infonpo.kz/.

Теперь НПО могут заполнять и самостоятельно загружать, а также обновлять сведения о своей деятельности через электронный портал. Для авторизации на сайте нужен ключ ЭЦП, который можно получить в любом Центре обслуживания населения.

Также на самом сайте размещены Руководство пользователя Интернет-портала infonpo.kz и обучающий видеоролик по процедуре регистрации и загрузке сведений в Базу данных НПО. На мой взгляд, вся информация изложена достаточно ясно и просто, у организаций не должно возникнуть сложностей при работе с сайтом.

В настоящее время министерством совместно с местными исполнительными органами при участии информационно-ресурсных центров проводится широкая информационно-разъяснительная работа по соблюдению законодательных норм о формировании Базы данных НПО, предусмотренных в рамках статьи 489-1 Кодекса Республики Казахстан
«Об административных правонарушениях».

Хотелось бы еще раз обратить внимание НПО о важности формирования Базы данных. Эффективность любого механизма проверяется лишь на практике. Поэтому нужно повсеместно принять участие в тестировании нового механизма в виде Базы данных, чтобы в дальнейшем совершенствовать систему государственной поддержки НПО, в том числе через введение определенных льготных условий, создать конкурентоспособную среду в неправительственной сфере.

Что касается преимуществ, то в соответствии с действующим законодательством, нахождение в Базе данных дает НПО дополнительный балл при прохождении конкурса по госсоцзаказу. Кроме того, регистрация на infonpo.kz дает возможность НПО участвовать в конкурсе на получение гранта: НПО, не зарегистрированные в Базе данных, не могут претендовать на грантовое финансирование от государства.

 

– Спасибо за содержательную беседу.

Жоба

 

БАҚ тарату үшін және әлеуметтік желілерде, ҚР ДІАҚМ сайтында  орналастыру үшін

 

Үкіметтік емес ұйымдардың Дерекқорын қалыптастыру туралы жалпы ақпарат

 

Қазақстанда ҮЕҰ қызметі саласындағы заңнамаға қабылданған өзгерістер аясында 2015 жылдың соңында үкіметтік емес ұйымдардың Дерекқоры жасалды.

 

Анықтама ретінде: Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 12 сәуірдегі  «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» Заңына (бұдан кейін – Заң)өзгерістер Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне үкіметтік емес ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңымен енгізілді http://10.61.43.123/rus/docs/Z050000036_

 

2016 жылдан бастап, қазақстандық ҮЕҰ, сондай-ақ,  халықаралық және шет елдік ҮЕҰ  филиалдары мен өкiлдiктері ҚР «Коомерциялық емес ұйымдар туралы» Заңының 41 б. 5 тармағына сәйкес жыл сайын 31 наурызға дейін уәкілетті  органға (Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі) өзінің қызметі туралы мәлімет жібереді. Үкіметтік емес ұйымдардың өз қызметтері туралы мәліметті жіберуі және олар туралы Дерекқорды қалыптасытрудың қағидасы (бұдан кейін – Қағида) Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 51 бұйрығымен бекітілді (http://10.61.43.123/rus/docs/V1600013355).

 

Анықтама ретінде: Қазақстан Республикасының «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңының 41 б. 5 тармағына сәйкес, Қазақсатан Республикасының аумағында қызмет ететін мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғам, қор түріндегі үкіметтік емес ұйымдар,  ассоциация (одақ) түріндегі заңды тұлғалар бірлестіктері, сондай-ақ бұл Заңның 17 бабымен қарастырылмаған өзге ұйымдастырушылық-құқықтық форма түрінде құрылған шет елдік және халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың филиалдары мен өкілдіктері (жекеленген бөлшектер) жыл сайын 31 наурызға дейін үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті  органға өзінің қызметі, соның ішінде өзінің құрылтайшылары (қатысушылары), меншік құрамы, үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы құзыретті орган бекіткен тәртіпте қаражатты қалыптастыру көздері мен жұмсау бағыттары туралы мәлемет беруі тиіс.

 

Үкіметтік емес ұйымдар туралы мәліметтер үкіметтік емес ұйымдармен №51 бұйрықпен бекітілген осы Қағидалардың қосымшасындағы нысанына сәйкес қазақ және орыс тілдерінде жыл сайын есептік мерзімнен кейін әр жылдың 31 наурызына дейін поштамен немесе қағаз және электронды нұсқада (Word форматында CD-дисктерде немесе USB-флэш-жинақтаушыларда) ұсцынылады:

– 2017 жылғы 31 наурызға дейін поштамен немесе қағаз және электронды нұсқада (Word форматында CD-дисктерде немесе USB-флэш-жинақтаушыларда)

– 2017 жылғы 1 наурыздан бастап ҮЕҰ мәліметтерді ҮЕҰ Дерекқорының http://infonpo.kz интернет-порталы арқылы ұсына алады. Интернет-порталға ХҚКО алынған ЭЦҚ көмегімен кіруге болады.

ҮЕҰ Дерекқорының http://infonpo.kz интернет-порталына кіргенде ҮЕҰ порталмен жұмыс істеудің қадамдық алгоритмі берілген Қолданушының нұсқаулығымен таныса алады.

ҮЕҰ деректерінің тізілімі http://www.register-ngo.kz сайты күші жойылған.

Осылайша, есепті ақпарат толтырылған кестенің екі нұсқада – қазақ және орыс тілдерінде ұсынылады.

Жалпы нысан 3 тараудан тұрады:  Жалпы мәліметтер, Қызмет туралы мәліметтер және Мүлік құрамы, үкіметтік емес ұйымның қаражатты қалыптастыру көздері мен жұмсау бағыттары туралы мәліметтер.

 

Анықтама ретінде: Қағидаларға ҮЕҚ Дерекқорына есеп беру нысанын толтыру бойынша Әдістемелік ұсыныстар  әзірленді, сондай-ақ ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтер ұсыну бойынша жиі қойылатын сұрақтарға  жауаптар әзірленді. Бұл құжаттарды Дін істері және азаматтық қоғам істері министрлігінің http://www.din.gov.kz/rus/baza_npo сайтында табуға болады.

Нысанды толтыру барысында үкіметтік емес ұйымның басшысына белгілі бір құжаттар тізімі: ұйымның жарғысы, құрылтай құжаттары, ұйым басшысының паспорттық және байланыс деректері, ұйымның филиалдары мен өкілдіктерін (бар болған жағдайда) тіркеу туралы мәлімет, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтама, бекітілген жобалық өтінімдер, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру туралы келісімшарттар, гранттық келісімдер және т.б. есептік мерзімі бойынша – 2016 жыл ішіндегі бухгалтерлік теңгерімінің көшірмесі, сондай-ақ жылжымалы және жылжымайтын мүлікке (бар болған жағдайда) құқық белгілеуші құжат қажет болады

Есептік мерзімі ретінде Дерекқорға мәліметтерді енгізу жылдың алдындағы күнтізбелік жыл болып саналатынын атап өткен жөн. Осылайша, 2017 жылдың наурыз айының жағдайы бойынша 2016 күнтізбелік жыл есептік мерзім болып есептеледі. Тиісті тарауға сай ҮЕҰ 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін аяқталған жобалар туралы ақпаратты белгілейді.

 

Маңызды: үкіметтік емес ұйымдардың ҮЕҰ Дерекқорында болуы Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» № 648  бұйрығына сәйкес мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша байқау өткізу аясында ықтимал жеткізуші ұсынған техникалық сипаттаманы бағалау кезінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы «Үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар беру және олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» № 413 бұйрығына сәйкес ҮЕҰ грант бөлу кезінде міндетті.

 

Бүгінгі таңда  «ҮЕҰ Дерекқоры» интернет-порталы әзірленді. Қазір портал сынақтық режимде жұмыс істейді. Интернет – порталды жалпыға ортақ қолдануға енгізгеннен кейін ҮЕҰ жыл сайын өз қызметі туралы ақпаратты қолданушылардың жеке  кабинетіндегі Үлгіге сәйкес жаңартып отырады деп күтілуде.

Қажет ақпаратты алу үшін «жедел желі» телефондарына жүгінуге болады : 8 (7172) 74-04-28, 74-04-47, 74-05-43.

Сонымен қатар, ҮЕҰ өз сұрақтарын Азаматтық қоғам істері комитетінің электрондық мекен-жайына жібере алады: 74-04-28@mail.ru.

Азаматтық қоғам істері комитетінің құрамындағы ҚР ДІАҚМ Азаматтық қоғам істері комитетінің Ведомствоаралық үйлестіру басқармасы ҮЕҰ Дерекқорын қалыптастыру үшін жауапты.

Әкімшілік жауапкершілік:

 

Үкіметтік емес ұйымдар уәкілетті органға Дерекқорға мәліметтерді ұсынбаған, кешіктіріп ұсынған және дәйексіз немесе көріне жалған ақпаратты ұсынған жағдайда уәкілетті орган «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде қарастырылған қабылдайды (489-1 бап: 1 тармақ – ескерту; 2 тармақ – қайталама бұзу – жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі айыппұл немесе 3 ай мерзімге уақытша жұмысын тоқтату).

 

 

ҮЕҰ Дерекқоры бойынша Жадынама

 

ҮЕҰ Дерекқоры жөніндегі мәселелерді реттейтін нормативтік құқықтық актілер:

–              «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» 2005 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы;

–              «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» 2001 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы;

–              «Үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 19 ақпандағы № 51 мәдениет және спорт министрінің бұйрығы.

 

ҮЕҰ Дерекқорына кімдер мәлімет беру керек:

«Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 41-бабы 5-тармағына сәйкес мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғам, қор, қауымдастық (одақ) нысанындағы заңды тұлғалар бірлестіктері нысанында, сондай-ақ осы Заңның 17-бабында көзделмеген өзге де ұйымдық-құқықтық нысандарда құрылған коммерциялық емес ұйымдар, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын шетелдiк және халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың филиалдары мен өкiлдiктерi (оқшауланған бөлiмшелерi) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға жыл сайын 31 наурызға дейін үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган бекітетін тәртіппен өз қызметі туралы, оның ішінде өз құрылтайшылары (қатысушылары), мүлкінің құрамы, ақшаны қалыптастыру көздерi мен жұмсау бағыттары туралы мәліметтерді ұсынады.

 

ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтерді қалай беру керек:

ҮЕҰ мәліметтерді МСМ-нің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 51 бұйрығымен бекітілген нысанға  (www.din.gov.kz/rus/pravovaya_baza/prikazy) сәйкес қазақ және орыс тілдерінде жыл сайын есептік мерзімнен кейін әр жылдың                            31 наурызына дейін:

2017 жылғы 1 наурызға дейін қағаз және электрондық түрде (Word форматында CD-дисктерде немесе USB-флэш-жинақтаушыларда) пошта арқылы немесе қолма-қол ұсынады;

– 2017 жылғы 1 наурыздан бастап ҮЕҰ-ның мәліметтерді Дерекқордың http://infonpo.kz интернет-порталы арқылы беруге мүмкіндігі болады. Интернет-порталда Халыққа қызмет көрсету орталығынан алынған ЭЦҚ (ЭЦП) кілті арқылы авторизациядан өтуге болады.

ҮЕҰ-дар Дерекқордың http://infonpo.kz интернет-порталына кіргенде порталмен жұмыс істеудің қадамдық алгоритмі берілген Пайдаланушылар нұсқаулығымен таныса алады.

Есептік мерзімі ретінде Дерекқорға мәліметтерді енгізу жылдың алдындағы күнтізбелік жыл болып саналады.

 

ҮЕҰ мәліметтер тізілімі сайты http://www.register-ngo.kzәрекетсіз сайт болып табылады.

 

Пошта арқылы ҮЕҰ Дерекқоры үшін мәліметтерді қайда жолдау керек:

010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, 15-кіреберіс,  Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті.

«Жедел желі» телефондары: 8 (7172) 74-04-28, 74-04-47.

Сондай-ақ, ҮЕҰ өз сұрақтарын 74-04-28@mail.ru электрондық мекен-жайға жолдай алады.

 

ҮЕҰ Дерекқорынаесеп беру нысандарын толтыру жөніндегі  Әдістемелік ұсынымдар, сондай-ақ жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар ДІАҚМ сайтында орналасқан (www.din.gov.kz/rus/pravovaya_baza/prikazy).

 

Әкімшілік жауапкершілік:

«Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» ҚР Кодексімен ҮЕҰ-мен Дерекқорға мәліметтерді ұсынбауы, уақтылы ұсынбауы, сол сияқты анық емес немесе көрінеу жалған мәліметтерді ұсынуы үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған(489-1-бабы: 1-тармақ бойынша – ескерту жасауға; 2-тармақ бойынша – қайталап жасалған әрекеттер үшін – жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не үш ай мерзімге қызметін тоқтата тұруға алып келеді).

 

 

 

 

2 қосымша

 

Үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру тәртібі туралы

әдістемелік ұсынымдар

 

1.Жалпы ережелер

  1. Осы Үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну (бұдан әрі – Мәліметтер) және олар туралы дерекқорды қалыптастыру тәртібі туралы әдістемелік ұсынымдар (бұдан әрі – Әдістемелік ұсынымдар) үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорын қалыптастырудың бірыңғай талаптарын қамтамасыз ету мақсатында жасалды және үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидалары туралы ережеге (бұдан әрі – Ереже) қосымша болып табылатын Нысанды толтыруға бірыңғай талаптарды белгілейді.

Деректер қорында барлық коммерциялық емес ұйымдар енеді, саяси партиялар, кәсіподақтар, діни бірлестіктер мен  «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңының 17 бабында көрсетілген коммерциялық емес ұйымдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы аумағында қызметін жүзеге асыратын шетел және халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың өкілдіктері мен филиалдарын  (оқшау бөлімшелері) қоспағанда [1].

2.Әдістемелік ұсынымдардың мақсаты үшін келесі түсініктер қолданылады:

1) Деректер қоры – үкіметтік емес ұйымдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында құрылатын және олар туралы қоғамды хабардар ету, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру шеңберінде қолдану, гранттар беру және сыйақылар тағайындау туралы ақпараттық мәліметтер қоры;

2) Үкіметтік емес ұйымдар – Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес олардың жалпы мақсаттарына бірлесіп қолжету мақсатында еркін түрде азаматтар және (немесе) мемлекеттік емес заңды  тұлғалар құрған (саяси партиялар, кәсіподақтар және діни бірлестіктерден басқа) коммерциялық емес ұйымдар. Әдістемелік ұсынымдардың мақсаты үшін үкіметтік емес ұйым деп Қазақстан Республикасы аумағында өзінің қызметін іске асыратын шет елдік немесе халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың филиалдары (оқшау бөлімшелер) түсіндіріледі.

3) Уәкілетті орган – ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі.

4) Есепті кезең – Деректер қорына мәліметтер ұсынатын жылға тиісті күнтізбелік жыл.

5) Мәліметтер –үкіметтік емес ұйымдардың қызметі туралы уәкілетті органға Ережеге сәйкес үкіметтік емес ұйымдардың өзі тікелей , сондай-ақ жергілікті атқару органдары ұсынатын ақпарат.

6) Сенімді ақпарат – есепті кезеңде жинақталған мәліметтерді көрсететін, уәкілетті органға немесе үкіметтік емес ұйымдары дерекқорының веб-порталында жарияланған уақытына сәйкес келетін мәліметтер. Ереженің 9 тарауында көрсетілген, уәкілетті органға жіберілген күндегі немесе дерекқорының веб-порталында орналастырылған күндегі ахуал бойынша өзекті болуға тиіс мәліметтер бұдан ерекшеленеді. Грамматикалық қателер үкіметтік емес ұйымдар туралы мәліметтерді қате деп есептеуге негіз бола алмайды.

7) Уақытында  ұсынылған мәліметтер – үкіметтік емес ұйымдардың есеп беру кезеңінен кейінгі жылғы 31 наурызға  дейін ұсынылған мәліметтер. Ал Ереженің 9 тарауында көрсетілген мәліметтер үшін – мәліметтерге тиісті өзгерістер енгізілген күннен бастап 20 жұмыс күні ішіндегі мәліметтер жатады.

8) Мәліметтер толықтығы – осы Ережеге қатысты қосымшада (кесте формасында) қарастырылған деректер тізімімен ұсынылған мәліметтер мазмұнының сәйкес келуі, сондай-ақ кесте формасындағы қосымша болып табылатын құжаттардың болуы.

9) Жоба – үкіметтік емес ұйымдар және донорлық ұйымдар, тапсырыс беруші немесе грант беруші арасында шартқа сәйкес жүзеге асырылатын ісшаралар мен қызмет жиынтығы.

10) Бағдарлама – өзара  қатысты жобалар кешені.

11) Мүлік – ақша, оның ішінде шетел валютасы, құнды қағаздар, сондай-ақ жылжымайтын және жылжымалы мүлік түріндегі натуралдық қалыптағы мүліктер.

 

  1. Деректер қорына  мәліметтерді енгізу тәртібі және әдістері

 

  1. Үкіметтік емес ұйымдар Нысандарды қазақ және орыс тілдерінде толтыру жолымен Ережеге қосымша болып табылатын мәліметтерді ұсынады.
  2. Үкіметтік емес ұйымдар өз қызметтері туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы  №144  бұйрығымен бекітілген мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттық басқару және құжаттандырудың үлгілі Ережесі 48 тарауының талаптарына сәйкес құжаттарға қажетті реквизиттерді сақтай отырып ілеспе хатпен ұсынады.
  3. Уәкілетті органға мәліметтерді ұсыну мерзімі оларды ұсыну әдістеріне байланысты:

1) қолма-қол жеткізу – уәкілетті органның электрондық және қағаз түрінде  ұсынылған мәліметтерді қабылдау мерзімі;

2) почта арқылы, тапсырыс хат түрінде жеткізілгендігі туралы хабарлама арқылы – электрондық және қағаз түрінде  ұсынылған мәліметтерді қабылдау туралы почта операторының  мерзімді белгілеуі;

3)  электрондық түрде веб-портал арқылы – кіріс номерді ұсыну және формаларды өңдеу, сервер жүйесімен қабылдау немесе  орталық  тораппен қабылдау мерзімі;

Үкіметтік емес ұйымдармен  қағаз түрінде 31 наурызға  дейінгі мерзімде почта  операторына тапсырылған  мәліметтер почта операторының қабылдау мерзіміне сәйкес  белгіленген мерзімде ұсынылған болып саналады.

Үкіметтік емес ұйымдар электрондық түрде 31 наурызға  дейінгі мерзімде телекоммуникация жүйесі бойынша хабарланған мәліметтер мерзімінде ұсынылған болып саналады.

  1. 2017 жылдың 1 наурызынан бастап  үкіметтік емес ұйымдар  веб- портал енгізумен байланысты, веб- портал арқылы өз бетімен Деректер қорына мәліметтерді енгізе алады және өзгерістер болған жағдайда жаңарта алады. 2017 жылдың 1 наурызына дейін  үкіметтік емес ұйымдар  мәліметтерді  Деректер қорына  енгізетін уәкілетті органға  жолдайды.
  2. Уәкілетті органға  ұсынған форма түрінде толтырылған мәліметтер  қолма- қол жеткізу немесе қағаз түрінде ілеспе хатпен почта арқылы және электрондық түрде (CD –дискіде немесе Word форматында USB –флэш-жинақтаушысында)   жіберіледі.

Үкіметтік емес ұйымдардың уәкілетті органға мәліметтерді электрондық түрде  веб- портал  арқылы беруді  үш сатымен жүзеге асырады:

1) нұсқаулық бойынша деректерді енгізу жолымен құпия сөз  және логин  алу  арқылы веб-порталға кіру;

2) веб- порталда  дереккөздерді тіркеу номерін алу жолымен үкіметтік емес ұйымдарды тіркеу;

3)  веб-порталға мәліметтер енгізу.

  1. Нысанда ескерілген мәліметтерге өзгерістер енгізген кезде, атап айтқанда:

1) «Жалпы деректер»  1 тарауында  көрсетілген  (қызметкерлер  туралы  мәліметтерді қоспағанда) мәліметтер;

2)  3 тарау тармағының 3 тарауында көрсетілген мәліметтер  (ағымдағы күнпарақ жылының ҚР гранттық қаржыландыру бюджеті).

Үкіметтік емес ұйымдар  осы туралы уәкілетті  органдарға  жиырма жұмыс күні ішінде  өзгерістерді  төмендегі  жолдармен хабарлауға міндетті:

1) уәкілетті органға  почта немесе қағаз түрінде  немесе электрондық тасымал (CD дискісінде немесе Word форматында USB- флеш-жинақтаушысында)  жіберумен;

2) электрондық түрде веб-порталға орналастырумен.

 

  1. Нысанды толтыруға жалпы талаптар
  2. Нысанның келесі тармақтарын толтыру міндетті емес (үкіметтік емес ұйымдардың өзінің қарауы бойынша):

1) Басшы туралы мәліметтер (жеке куәлік номері, берілген күні,  жарамдылық мерзімі, құжат берілген орган атауы; жұмыс өтілі; байланыс телефондары;  (почта мекенжайы немесе қалалық және ұялы телефон номерлері мен  электрондық почтасы); ЖСН; диплом бойынша мамандығы мен біліктілігі);

2) Бас бухгалтер туралы мәліметтер (почта мекенжайы немесе қалалық және ұялы телефон номері мен  электрондық почтасы);

3) Үкіметтік емес ұйымның  банктік есепшоты реквизиттері (банк атауы, банктің БСК, есеп айырысу шоты (ЖСК);

  1. Нысанның барлық тараулары таңбалық  әріптерімен кейбір сөздерді қысқартпай, мөлшері 12 шрифт көлемінен кем болмауы тиіс.
  2. Қарсы жауаптар берілетін Нысан  тарауларында  «жоқ» сөзімен толтырылады. Үкіметтік емес ұйымдарға сай келмейтін Нысан тарауларында берілген  (филиалға немесе шетелдік және халықаралық коммерциялық емес ұйымдар өкілдеріне) өздері туралы мәліметтерде  «сай емес» деген сөзбен толтырылады.

 

  1. Нысанның жекелеген тараулары/ бөліктерін

толтыру талаптары

 

  1. 1 тарау 2 бөлігіндегі мәліметтерді қоғамдық бірлестік ұйымдық -құқықтық нысанындағы үкіметтік емес ұйымдар толтырмайды.  Аталған ұйымдар бастамашы – азаматтар және/немесе қоғамдық бірлестік тізімі көшірмесін ұсынады (егер олар аталған қоғамдық бірлестіктің құрылуына қатысқан болса). Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын шетелдік және халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың филиалдары мен өкілдіктері (оқшау бөлімшелері) осы тарауда ұйымды құрушы заңды тұлға туралы мәліметтерді көрсетеді.
  2. 1 тараудың  «Қызметшілер туралы мәліметтер» 3 бөлігіндегі «Жалпы мәлімет»  1 тарауында еңбек шарты жасалған және әлеуметтік еңбек демалысында (жалақысы сақталмайтын демалыс, оқу демалысы, жүктілікке және босануға байланысты демалыс, бала асырап алу; үш жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты жалақысы сақталмайтын демалыс) жүргендерді есепке алумен  қызметшілердің жалпы санын көрсетеді.
  3. 1 тараудың «Қызметшілер туралы мәліметтер»  3 бөлігіндегі  «Жалпы мәлімет» 1 тарауының 1.1) тармақшасында Қазақстан Республикасында жұмыс істеуге рұқсат алуға талап етілмейтін және еңбек шарты жасалған қызметшілердің жалпы саны көрсетіледі.
  4. 1 тараудың «Қызметшілер туралы мәліметтер» 3 бөлігіндегі «Жалпы мәліметтер» 1 тарауының 1.2) тармақшасында өзінің волонтерлеріне (еркін түрде) есеп жүргізетін және/немесе жеке тұлғалар мен үкіметтік емес ұйымдармен волонтерлік қызмет етуге келіскеншарты бар үкіметтік емес ұйымдар тарапынан толтырылады.
  5. 1 тараудың «Қызметшілер туралы мәліметтер» 3 бөлігіндегі «Жалпы мәліметтер» 1 тарауының 1.3) тармақшасында Қазақстан Республикасының аумағында үкіметтік емес ұйымдардың ықпалымен жұмыс істеуге тартылған шетелдіктер деп танылатын немесе азаматтығы жоқ тұлғалардың,

_______________________________________

 

[1]Аталған мәліметтерді Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының аумағында гранттар беретін және тиісті бекітілген бюджеттері бар  шетел және халықаралық коммерциялық ұйымдардың филиалдары мен өкілдіктері (оқшау бөлімшелері) ғана тапсырады.

3Бұл талаптар 2017 жылдың 1 наурызынан бастап іске енгізіледі.

 

сондай-ақ,  Қазақстан Республикасында жұмыс істеуге арнайы рұқсатты талап ететін шетелдік қызметшілердің саны көрсетіледі.

  1. 1 тараудың «Қызметшілер туралы мәліметтер» 3 бөлігіндегі «Жалпы мәліметтер» 1  тарауының 2.9) тармақшасында Қазақстан Республикасы аумағында тіркелген басшысы есеп беру кезінде үкіметтік емес ұйымның құрылтайшысы (тең құрылтайшысы) болған коммерциялық емес ұйымдардың атаулары көрсетіледі. Қоғамдық және діни бірлестіктердегі құрылтайшылығын  көрсету талап етілмейді.
  2. 3 тараудың «Қызметшілер туралы мәліметтер» 3 бөлігіндегі «Жалпы мәліметтер» 1тарауында еңбекшарты негізінде жұмыс істейтін бас бухгалтер туралы мәлімет көрсетіледі.  Егер үкіметтік емес ұйымда аталған қызмет болмаған жағдайда ұйымда бас бухгалтердің міндетін атқаратын қызметші туралы мәліметтер  көрсетіледі.
  3. «Жалпы мәліметтер» 1 бөлігіндегі «Филиалдар мен өкілдіктер» 5 тарауында  қазақстандық үкіметтік емес ұйымдардың тіркелген филиалдары мен өкілдіктеріне қатысы туралы толтырады.
  4. 3 тарау 1 бөлігінің 2 тарауында  мақсатты аудитория ол үкіметтік емес ұйымның қызметіне қатысты немесе біреудің мүддесіне қызметті іске асыратын  адамдар тобы түсіндіріледі.
  5. 5 тараудың «Қызмет бағыты» 1 бөлігіндегі «Қызметтер туралы» 2 тарауында үкіметтік емес ұйымның (республикалық, аймақтық, жергілікті) аумақтық мәртебесі жарғысы негізінде көрсетіледі. Егер үкіметтік емес ұйым «аймақтық» немесе «жергілікті» мәртебесіне ие болса, үкіметтік емес ұйымның филиалдары мен өкілдіктері тіркелген облыстың  атауы көрсетіледі.
  6. 4 тараудың  «Есеп беру кезеңінде аяқталған, жүзеге асырылған жобалар/бағдарламалар» 2 бөлігіндегі «Қызметтер туралы» 2 тарауында үкіметтік емес ұйымдар жобалар/бағдарламалар іс-әрекеті кезінде Қазақстан Республикасы аумағында игерілген жобалар/бағдарламалардың  нақты жалпы сомасын көрсетеді, ал шетелдік және халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың өкілдіктері мен филиалдары жобаның/бағдарламаның іс-әрекеті кезеңінде Қазақстан Республикасы аумағында игерілген дәлелді жобаның/бағдарламаның аясындағы  нақты қаржыландыруын көрсетеді. Егер жобалар/бағдарламалар шетелдік валютада қаржыландырылған болса, үкіметтік емес ұйым жобаның/бағдарламаның аяқталғанын күніне орай, донорлық ұйымның, тапсырыс  берушінің, грант берушінің шартында көрсетілгендей Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен валюта бағамына сай нақты бюджеттің жалпы сомасын теңгемен қайта есептеу жүргізеді.
  7. 7 тараудың  «Есеп беру кезеңінде орындалған, жүзеге асырылған жобалар/бағдарламалар» 2 бөлігіндегі «Қызметтер туралы» 2 тармағында еркін формада жобалардың/бағдарламалардың қорытындысы орындалған жоба/бағдарлама туралы қысқаша сипаттаумен  ақпарат беріледі.
  8. 6 тараудың «Жүзеге асырылатын жобалар/бағдарламалар» 3 бөлігіндегі «Қызметі туралы мәліметтер» 2 тарауында                                         жобалар/бағдарламалар атқарушылары донорлық ұйым, тапсырыс беруші, грантберушімен шарт мәтінінде олар туралы мәліметтер болған кезде көрсетіледі.
  9. «Есепті кезеңде аяқталған жүзеге асырылған жобалар/ бағдарламалар» 2 тарауының және «Жүзеге асырылатын жобалар/ бағдарламалар» 3 тарауының  «Қызметі туралы мәліметтер» 2 бөлігінде,   сондай-ақ үкіметтік емес ұйымныңың өз қаржаты есебінен жүзеге асырылатын жобалар/бағдарламалар туралы  ақпарат көрсетіледі. Бұл кезде 1 тараудың  2 бөлігіндегі және 1 тараудың  3 бөлігіндегі 2 тарауда «өзін өзі қаржыландырады» деп көрсету қажет.
  10. «Ынтымақтастық/әріптестік туралы құжаттар жасалған ұйымдар/ органдар» 4 бөлігіндегі «Қызмет туралы» 2 тарауында Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының атауы немесе олармен ынтымақтастық/әріптестік көрсететін, олармен қандай бір құжаттарға   шетелдік коммерциялық емес ұйымдардың, қазақстандық коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың қандай болмасын құжаттарына қол қойылғаны көрсетіледі. Осы тарауда 2 және 3 бөліктеріндегі «Қызметі туралы мәліметтер» 2 тарауында аталғандар көрсетілмейді.
  11. «Мүліктік қалыптастыру негіздері» 3 тараудың 2 бөлігіндегі  «Мүлік құрамы, ақшалай қаражат негіздерін қалыптастыру және шығындар бағыты туралы мәліметтер» 3 тарауында есепті кезеңдегі келесі төрт жіктеме бойынша жалпы түсім сомалары көрсетіледі:

1)                Құрылтайшылардан түсетін жалпы сома түсімдері (қатысушылар, мүшелер) (1 тарау)

2)                Кәсіпкерлік қызметтен, оның ішінде дивиденттерді қосқандағы табыстың жалпы сомасы ( 2 тарау);

3)                Басқада заңмен тиім салынбаған түсімдер ( 2 тарау);

4)                Ақысыз алынған мүліктің жалпы сомасы (3 тарау).

  1. «Мүлікті қалыптастыру көздері» 1 тараудың 2 бөлігіндегі «Мүлік құрамы, ақшалай қаражат негіздерін қалыптастыру және шығындар бағыты туралы мәліметтер» 3 тарауында үкіметтік емес ұйымдар құрылтайшылардан (қатысушылар, мүшелер) түсімдердің жалпы сомасы көрсетіледі.

«Құрылтайшылар (қатысушылар/ мүшелер) түсімдері» деп кіру және мүшелік жарналар, ерікті мүліктік жарналар (салымдар) және қайрымдылық аударылмдарынан және үкіметтік емес ұйымдардың оның құрылтайшыларынан (қатысушылар, мүшелер) алынған басқа да тегін мүліктер жатады.

Шетелдік және халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың филиалдары мен өкілдіктері,  осы тарауда оны құрған заңды тұлғадан түскен ақшалай түсімдер көрсетіледі.

  1. «Мүліктік қалыптастыру негіздері» 2 тарау 2 бөлігіндегі «Мүлік құрамы, ақшалай қаражат негіздерін қалыптастыру және шығындар бағыты туралы мәліметтер» 3 тарауында мүлікті қалыптастыру көздерінің екі жіктеме бойынша жалпы сомасы теңгемен көрсетіледі:

1)                Кәсіпкерлік қызметтен, оның ішінде дивиденттерді қосқанда алынған табыстардың жалпы сомасы;

2)                Заңмен тиым салынбаған түсім табыстарының жалпы сомасы.

Бірінші  жіктеме  бойынша көрсетіледі:

А) Үкіметтік емес ұйымдардың кәсіпкерлік қызметтен дивидент түрінде алынған кірістері. Бұндай табыс егер үкіметтік емес ұйым өзінің ақшасын қаржы –несиелік мекемелердің депозиттік  және кіріс шоттарында, бағалы қағаздарында, сондай-ақ ҮЕҰ құрылтайшы болып табылатын ұйымнан дивиденттер алған кезде сақтайды.

Б) кәсіпкерлік қызметтен, заңмен белгіленген жағдайларда товарлар, жұмыстар,қызметтерді іске асырудан түскен табыстар түрінде, оның ішінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру шарты бойынша алынған табыстар.

Екінші жіктеме  бойынша көрсетіледі:

Заңмен тиым салынбаған, 1 тараудың және  3 тараудың 2 бөлігіндегі  3 тарауда көрсетілгендерден басқа табыстар.

Үкіметтік емес ұйымдардың «заңмен тиым салынбаған басқа да табыстары» болған кезде ондай табыс көздері көрсетілуге тиісті.

  1. 3 тарау 2 бөлігіндегі  3 тарауында ақысыз алынған мүліктің жалпы сомасы көрсетіледі,  олар мыналар болып табылады: гранттар, мемлекттік сыйлықтар және тегін алынған басқа да мүліктер (қайырылымдық, демеушілік, меценаттық көмектер, қайрылымдық  аударылымдарымен  тағы басқа),құрылтайшылар (қатысушылар, мүшелер) түсімдерінен басқа.
  2. «Ақшалай қаражат шығындары бағыты» 1 тарауының 3 бөлігіндегі «Мүлік құрамы, ақшалай қаражат негіздерін қалыптастыру және шығындар бағыты туралы мәліметтер» 3 тарауында есепті кезеңде үкіметтік емес ұйымнан басқа ұйымға жарна түрінде аударылған, үкіметтік емес ұйым оның мүшесі/құрылтайшысы болып табылатын,  аударылған ақшаның жалпы сомасы көрсетіледі.
  3. «Ақшалай қаражат шығындарының бағыты» 1 тарау 3 бөлігіндегі «Мүлік құрамы, ақшалай қаражат негіздерін қалыптастыру және шығындар бағыты туралы мәліметтер» 3 тарауда үкіметтік емес ұйымды ұстау шығындарының (коммуналдық шығындар, жалға алу, әртүрлі қызмет түрлері, еңбек ақы шығындары мен  басқа да шығындар) жалпы сомасы көрсетіледі.
  4. Ақшалай қаражат шығындарының бағыты» 1 тарауының 3 бөлігіндегі «Мүлік құрамы, ақшалай қаражат негіздерін қалыптастыру және шығындар бағыты туралы мәліметтер» 3 тарауында есепті кезеңде үкіметтік емес ұйым  мүшесі болып саналатын басқа коммерциялық ұйымдарға аударылған міндетті мүшелік жарналардың сомасы көрсетіледі.
  5. «Ақшалай қаражат шығындарының бағыты» 4 тарауының 3 бөлігіндегі «Мүлік құрамы, ақшалай қаражат негіздерін қалыптастыру және шығындар бағыты туралы мәліметтер» 3 тарауында   есепті кезеңде іске асырылған және іске асырылатын жобалар/бағдарламалар шеңберіндегі ісшаралар (тренингтер, конференциялар, форумдар, зерттеулер, дөңгелек столдар және тағы басқа) өткізу шығындарының жалпы сомасы көрсетіледі. Сондай-ақ, аталған тарауға үкіметтік емес ұйымның басқа ұйымға /органға/ жеке тұлғаға мүлік түрінде тегін берілген, оның ішінде қайырылымдық көмек, демеушлік көмек, қайырылымдық аударылымдары жатады. Егер үкіметтік емес ұйым №130 салық декларациясында  ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыруды көрсетеді, олар сондай-ақ 4 тараудың 3 бөлігіндегі 3 тарауына да кіргізу қажет.
  6. 1,2,3,4 тараулардың 3 бөлігіндегі 3 тарауда көрсетілген сомалар №130 салық декларациясында көрсетілген мәліметтерге сәйкес келуге тиісті (осындай декларация тапсыратын үкіметтік емес ұйымдар үшін).

Нысанға қосымша:

  1. PDF форматында сақталынған  құрылтайшы құжаттардың сканерленген көшірмелері:

1)                мекеме үшін  – меншік иесі (иелері) бекіткен ереже (жарғы) және құру туралы меншік иесінің (иелерінің) шешімі;

2)                қор, тұтыну кооперативі, коммерциялық емес акционерлік қоғам, қауымдастық (кеңес) нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі, басқа да ұйымдық -құқықтық нысандар үшін  –  құрылтайшылар бекіткен Жарғы және құрылтайшылық шарт.

3)                қоғамдық бірлестіктер үшін – Жарғы.

4)                бір тұлға (бір қатысушы) бекітетін коммерциялық емес акционерлік қоғамдар үшін – жарғы (ереже) және заңды тұлға (жалғыз құрылтайшы шешімі) бекіткені  туралы жазбаша түрде хатталған шешім.

5)                осы нысандағы ұйымдар туралы жалпы ереже негізінде әрекет ететін коммерциялық емес ұйымдар үшін – үлгі ереже. Шет елдік және халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың филиалдары мен өкілдіктері филиал (өкілеттік) туралы Ереже мен филиалдардың (өкілеттіктер) басшысына сенімхат ұсынады.

  1. Есеп беру кезеңде бухгалтерлік баланс алдын ала шығарылып, ұйымның бірінші басшысының қолымен және ұйым мөрімен расталған баланстың сканерленген көшірмесі түрінде ұсынылады. Баланстың сканерленген көшірмесі PDF форматында ұсынылуы тиіс.

 

Мәліметтер жіберілетін мекен- жай:

Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі

Мекенжай: Мәңгілік Ел даңғылы, 8, «Министрліктер Үйі»

Астана, 010000 , Қазақстан Республикасы

Телефондар +7 (7172) 74-11 -73, 74-13-12

 

 

 

 

 

3 қосымша

 

ҮЕҰ Дерекқоры бойынша

СҰРАҚ-ЖАУАПТАР

 

ҮЕҰ Дерекқоры дегеніміз не?

ҮЕҰ Дерекқоры – үкіметтік емес ұйымдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету және жұртшылыққа олар туралы ақпарат беру мақсатында, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру шеңберінде пайдалану, гранттар ұсыну және сыйлықақылар беру үшін қалыптастырылатын ақпараттық дерекқор.

 

         Қай мемлекеттік орган ҮЕҰ Дерекқорын қалыптастыру бойынша уәкілетті орган болып табылады?

Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі (ДІАҚМ) ҮЕҰ Дерекқорын қалыптастыруға жауапты уәкілетті орган болып табылады. Тікелей жұмысты ДІАҚМ-нің Азаматтық қоғам істері комитеті жүргізеді.

 

         ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтерді беру тәртібі қандай нормативтік құқықтық актілермен регламенттеледі?

  1. «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен (41-бабының 5-тармағы).
  2. «Үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 19 ақпандағы № 51 Мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен.

 

ҮЕҰ Дерекқорына кімдер мәліметтер беру керек?

«Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 41-бабы 5-тармағына сәйкес мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғам, қор, қауымдастық (одақ) нысанындағы заңды тұлғалар бірлестіктері нысанында, сондай-ақ осы Заңның 17-бабында көзделмеген өзге де ұйымдық-құқықтық нысандарда құрылған коммерциялық емес ұйымдар, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын шетелдiк және халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың филиалдары мен өкiлдiктерi (оқшауланған бөлiмшелерi) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға жыл сайын 31 наурызға дейін үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган бекітетін тәртіппен өз қызметі туралы, оның ішінде өз құрылтайшылары (қатысушылары), мүлкінің құрамы, ақшаны қалыптастыру көздерi мен жұмсау бағыттары туралы мәліметтерді ұсынады.

Қазіргі уақытта Дін істері және азаматтық қоғам министрлігімен аталған нормаға ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтер беретін коммерциялық емес ұйымдарды нақтылау жөнінде өзгерістер енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде.

 

ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтерді қашан беру керек?

ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтерді жыл сайын жыл сайын есептік мерзімнен кейін әр жылдың 31 наурызына дейін  беру қажет.

Есептік мерзімі ретінде Дерекқорға мәліметтерді енгізу жылдың алдындағы күнтізбелік жыл болып саналады.

 

ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтерді қандай нысан бойынша беру керек?

Мәліметтер ҮЕҰ-мен өз қызмету туралы мәліметтерді беру қағидаларға (МСМ-нің 19.02.2016 ж. № 51 бұйрығы) қосымша берілген нысанға (www.din.gov.kz/rus/pravovaya_baza/prikazy) сәйкес  қазақ және орыс тілдерінде беріледі.

 

ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтерді қалай беру керек?

Мәліметтер:

2017 жылғы 1 наурызға дейін қағаз және электрондық түрде (Word форматында CD-дисктерде немесе USB-флэш-жинақтаушыларда) пошта арқылы немесе қолма-қол ұсынады;

– 2017 жылғы 1 наурыздан бастап ҮЕҰ-ның мәліметтерді Дерекқордың http://infonpo.kz интернет-порталы арқылы беруге мүмкіндігі болады. Интернет-порталда Халыққа қызмет көрсету орталығынан алынған ЭЦҚ (ЭЦП) кілті арқылы авторизациядан өтуге болады.

ҮЕҰ-дар Дерекқордың http://infonpo.kz интернет-порталында порталмен жұмыс істеудің қадамдық алгоритмі берілген Пайдаланушылар нұсқаулығымен таныса алады.

 

Мәліметтерді пошта арқылы қай мекен-жайға жолдау керек:

Пошта арқылы ҮЕҰ Дерекқоры үшін мәліметтерді келесі мекен-жайға жолдау керек:

010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, 15-кіреберіс,  Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті.

 

http://www.register-ngo.kz ҮЕҰ мәліметтер тізілімі сайтына мәліметтер беруге бола ма?

Жоқ, ҮЕҰ мәліметтер тізілімі сайты http://www.register-ngo.kz әрекетсіз сайт болып табылады.

 

Есеп беру нысанын толтыру жөнінде ұсынымдар бар ма?

ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтер беру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар ДІАҚМ сайтында орналасқан (www.din.gov.kz/rus/pravovaya_baza/prikazy).

 

ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтер беру жөніндегі сұрақтар бойынша қайда хабарласуға болады?

«Жедел желі» телефондары: 8 (7172) 74-04-28, 74-04-47.

Электронндық мекен-жай: 74-04-28@mail.ru

 

         Үкіметтік емес ұйымдарға ҮЕҰ Дерекқоры не үшін қажет?

ҮЕҰ Дерекқоры қоғам мен донорлар үшін ҮЕҰ қызметі туралы ақпараттың ашықтығын, қол жетімділігін қамтамасыз етеді. ҮЕҰ Дерекқоры арқылы көмек қажет ететін азаматтар ҮЕҰ туралы керек ақпаратын ала алады, басқа ҮЕҰ мен донорлар әлеуетті ҮЕҰ серіктестерді таңдап, оларды дұрысырақ біле алады.

 

Үкіметтік емес ұйымдармен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидаларында қарастырылған ҮЕҰ-ның есеп беру нысандары жетілдіріле ме?

Ия. Қазіргі уақытта ҮЕҰ-ның ұсыныстарын ескере отырып Қағидаларды жетілдіру бойынша жұмыс жүргізілуде.

 

Мәліметтерді ұсынбау немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну үшін қандай шаралар қарастырылған?

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 489-1 бабына сәйкес:

  1. Коммерциялық емес ұйымдардың, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын шетелдiк және халықаралық коммерциялық емес ұйымдар филиалдары мен өкiлдiктерiнің (оқшауланған бөлiмшелерiнің) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға өз қызметі туралы, оның ішінде өзінің құрылтайшылары (қатысушылары), мүлкінің құрамы, ақшаның қалыптасу көздері және жұмсалу бағыттары туралы мәліметтерді ұсынбауы, уақтылы ұсынбауы, сол сияқты анық емес немесе көрінеу жалған мәліметтерді ұсынуы, – ескерту жасауға алып келеді.
  2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жылдың ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік), – жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не үш ай мерзімге қызметін тоқтата тұруға алып келеді.

 

2016 жылы ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтер бермеген ҮЕҰ-ны әкімшілік жауапкершілікке тарту жағдайлары болды ма?

Бүгінгі күнге дейін әкімшілік жауапкершілікке тарту жағдайлар болған жоқ. Қазіргі уақытта үкіметтік емес секторда кешенді ақпараттық түсіндіру жұмыстар жүргізілуде.

 

 

ҮЕҰ Дерекқорында тіркелмеген ҮЕҰ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, гранттар жөніндегі конкурстарға қатыса ала ма?

ҮЕҰ-ның Дерекқорда бар болуы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс конкурсының жеңімпазын анықтаған кезде өлшемдердің бірі болып табылады және жалпы ұпайлардың қосындысына әсерін тигізеді.

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» 2005 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-1-бабы 3-тармағына сәйкес Гранттар тарату процесіндегі, дәрменсіз (банкрот) деп танылған, мүлкіне тыйым салынған және (немесе) экономикалық қызметі тоқтатыла тұрған үкіметтік емес ұйымдарды қоспағанда, Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорына енгізілген үкіметтік емес ұйымдарға конкурстық іріктеу негізінде беріледі.

Соңғы жаңалықтар

Телефон қабылдау

8 (00000) 0 00 00