100%200%
Мойынқұм ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    Инвесторлар назарына

    Мойынқұм рухани байлыққа еркін бет алған, талант және дархандығымен даңқы шыққан өңір. Соның айқын белгісі ретінде Мойынқұм жері тамаша табиғатымен бірге жері де тұнған байлық.
           Ауданның жер қойнауында Менделеев таблицасының барлық дерлік элементтерін табуға болады. Өңірде уранның көлемді қоры, мұнай, табиғи газ, көмір, фосфор, барит, қорғасын, марганец, молибден, апатит, кварц, тұз тағы басқа да кен көздері жетерлік. Сондай-ақ Мойынқұм даласы гранит, мрамор, әк,асбест, алебастр, қой тасы сияқты табиғи құрылыс материалдары мол.
          Қазіргі   таңға Мойынқұм даласында өндіріліп, өңделген қазба байлықтары жер шарының түрлі түкпірлеріне жіберіліп жатқаны қаншама!
         Сонымен қатар аудан көлемінде кен байлығын барлау мен зерттеу шаралары жүйелі жалғасын табуда. Мыңарал, Хантау және Қияхты елді мекендерінде жергілікті құрылыс материалдарының нағыз көзіне айналатыны мойындалған, елімізде теңдесі жоқ аса ірі индустриялдық-инвестициялық жоба іске асырылуда. Ауданның кен байлығы мен болашағын жете сезінген Батыс Еуропа мен Азияның іргелі елдерінің     ірі инвесторлары аудан басшылығымен тығыз  байланыс орнатқан.
         Ауданды өркендету бағытындағы іргелі жоспарды жүзеге асыру үшін инвестиция тарту жөніндегі аудан әкімдігінің бағалы бастамасын Жамбыл облысының басшылығы мен Қазақстан Республикасының Үкіметі толықтай қолдап, қуаттап отыр. Әрине аталған ірі жобалардың орындалуы мақсатында біздің тарапымыздан барлық мүмкіндік толықтай іске асырылады және инвесторлармен жасалынған міндеттемелердің нақтылығына кепілдеме беріледі.
           Екі жақты жасалынған келісімге орай тиімді ұсыныстар қолдау таба беретініне нық сенім білдіреміз.

     

     
     

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Мойынкумского района