“Жануарларды өсіруді, жануарларды союға дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және сатуды жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жем және жемазық қоспаларын өндіру, сақтау және сату бойынша өндіріс объектілеріне тіркеу нөмірлерін беру” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 6 мамырдағы
№ 7-1/418 бұйрығына
5-қосымша
“Жануарларды өсіруді, жануарларды союға дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және сатуды жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жем және жемазық қоспаларын өндіру, сақтау және сату бойынша өндіріс объектілеріне тіркеу нөмірлерін беру” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. “Жануарларды өсіруді, жануарларды союға дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және сатуды жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жем және жемазық қоспаларын өндіру, сақтау және сату бойынша өндіріс объектілеріне тіркеу нөмірлерін беру” мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары;
2) “электрондық үкіметтің” www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 09.06.2017 № 235 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге немесе порталға құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап:
ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшесіне – 7 (жеті) жұмыс күні;
республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшесіне – 5 (бес) жұмыс күні;
өндіріс объектісінің жүзеге асырылатын қызмет түрін өзгертуге әкеп соқтырмай, атауы және/немесе ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген жағдайда – 5 (бес) жұмыс күні;
өндіріс объектісі қызметінің түрі өзгерген жағдайда, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында белгіленген мерзімдерде есепке алу нөмірін беру рәсімінен қайта өтеді;
сою алаңдары қолда бар есепке алу нөмірін растау үшін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында белгіленген мерзімдерде есепке алу нөмірін қайта ресімдеу рәсімінен өтеді.
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;
3) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Өтініш беруші құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті әрі қарай қараудан жазбаша дәлелді бас тартады.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 09.06.2017 № 235 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – жануарларды өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөптер мен жемшөптік қоспаларды өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірдің берілгені туралы растама (бұдан әрі – растама) беру немесе берілген есептік нөмірді қайта ресімдеу не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық түрде.
Растама электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады, қол қойылады және мөрмен расталады.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының “жеке кабинетіне” көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жолданады.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) тегін көрсетіледі.
8. Мыналардың:
1) көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және “Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы” 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – “Мерекелер туралы” Заң) 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.00-ге, 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге, 18.30-ға дейін.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.00-ге, 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;
2) порталдың жұмыс кестесі: – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және “Мерекелер туралы” Заңның 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 09.06.2017 № 235 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

9. Көрсетілетін қызметті алушы (не оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
көрсетілетін қызметті берушіге:
есептік нөмір беру үшін:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басты куәландыратын құжат және өкілдің өкілеттілігін растайтын құжат (сәйкестендіру үшін);
3) өндіріс объектісі қызметінің түрі, өндірілетін өнімнің көлемі мен түрі туралы еркін нысанда жасалған ақпарат.
Есептік нөмірді қайта ресімдеу кезінде, есептік нөмірдің атауын және (немесе) ұйымдастырушылық-құқықтық нысанын өзгерту кезінде, сою алаңына есептік нөмірді растау кезінде:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басты куәландыратын құжат және өкілдің өкілеттілігін растайтын құжат (сәйкестендіру үшін);
порталға:
есептік нөмір беру үшін:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) өндіріс объектісі қызметінің түрі, өндірілетін өнімнің көлемі мен түрі туралы еркін нысанда жасалған ақпараттың электрондық көшірмесі.
Есептік нөмірді қайта ресімдеу кезінде, есептік нөмірдің атауын және (немесе) ұйымдастырушылық-құқықтық нысанын өзгерту кезінде, сою алаңына есептік нөмірді растау кезінде:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
Жеке басты куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы, ветеринария-санитариялық қорытынды туралы, бұрын берілген есептік нөмір туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік ақпараттық жүйелерден “электрондық үкімет” шлюзі арқылы алады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
1) көрсетілетін қызметті берушіге – қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде оның көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылдау күні, уақыты, құжатты қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты көрсетіле отырып, тіркеу туралы белгі қойылғаны болып табылады;
2) портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының “жеке кабинетінде” мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:
1) өтініш беруші есепке алу нөмірін алу үшін ұсынған құжаттардың және/немесе оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) есепке алу нөмірін беру үшін қажетті ұсынылған құжаттардың, объектілердің деректер мен мәліметтердің сәйкес келмеуі;
3) берілген ветеринариялық-санитариялық қорытындыға сәйкес өндіріс объектісінің Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі, сондай-ақ егер, өтініш беруші өндіріс объектісі экспорттаушы болып табылса, экспорт жүзеге асырылатын елдің ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарына сәйкес келмеуі;
4) өтініш берушіге қатысты өндіріс объектісіне есепке алу нөмірін алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімнің (үкімнің) болуы;
5) өтініш берушіге қатысты заңды күшіне енген сот шешімнің болуы, оның негізінде өтініш беруші өндіріс объектісіне есепке алу нөмірін алуға байланысты арнайы құқығынан айрылуы.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 09.06.2017 № 235 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану кезінде: шағым Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсындағы “Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер” бөлімінде көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
Шағым жазбаша нысанда почта арқылы немесе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген жағдайларда электрондық түрде не жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Шағымда:
жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), почталық мекенжайы көрсетіледі;
заңды тұлғаның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.
Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта арқылы жолданады не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
13. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы сотқа жүгінеді.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып
қойылатын өзге талаптар
14. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында “Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер” бөлімінде орналастырылған.
15. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болу шартымен мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы “жеке кабинеті” арқылы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
17. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында “Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер” бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
“Жануарларды өсіруді, жануарларды,
жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты
дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және
өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне,
сондай-ақ ветеринариялық препараттарды,
жемшөптер мен жемшөптік қоспаларды өндіру,
сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік
нөмірлер беру” мемлекеттiк көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша
Нысан
_________________________________________________
(ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын
_________________________________________________
жергілікті атқарушы орган бөлімшесінің атауы)
_________________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
ЖСН, /заңды тұлғаның атауы, БСН)
Мемлекеттік тіркеу анықтамасының (куәлігінің*)
нөмірі___________________________________________
Мекенжайы________________________________________
Өтініш нөмірі:
Өтініш
_____________________________________________________________________
(өндіріс объектісінің, атауы қызмет түрі)
________________________________________________________есептік нөмір
беруіңізді сұраймын.
_______________________________________ мекенжайы бойынша орналасқан.
Ветеринариялық-санитариялық қорытындының берілген күні және нөмірі
_____________________________________________________________________
Мынадай құжаттарды қоса беремін:
_____________________________________________________________________
Байланыс телефоны __________________ E-mail _________________________
______________________________________________ 20__жылғы ____________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) өтінім берушінің қолы )
Қосымша: _____ парақта __________ 1 данада
ескертпе: “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді
есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу
туралы” 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы
күшіне енгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті)
мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік, заңды
тұлға қызметін тоқтатқанға дейін жарамды болып табылады.
Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Ұсынылып отырған мәліметтердің шынайылығын растаймын.
“Жануарларды өсіруді, жануарларды,
жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты
дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және
өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне,
сондай-ақ ветеринариялық препараттарды,
жемшөптер мен жемшөптік қоспаларды өндіру,
сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік
нөмірлер беру” мемлекеттiк көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша
Нысан
_________________________________________________
(ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын
_________________________________________________
жергілікті атқарушы орган бөлімшесінің атауы)
_________________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
ЖСН, /заңды тұлғаның атауы, БСН)
Мемлекеттік тіркеу анықтамасының (куәлігінің*)
нөмірі___________________________________________
Мекенжайы________________________________________
Өтініш нөмірі:
Өтініш
_____________________________________________________________________
(өндіріс объектісінің, атауы қызмет түрі)
__________________________________________________________________сою
алаңының есептік нөмірін қайта ресімдеуіңізді, растауыңызды
(керектісінің астын сызу қажет) сұраймын.
_______________________________________ мекенжайы бойынша орналасқан.
Ветеринариялық-санитариялық қорытындының нөмірі және берілген күні
_____________________________________________________________________
Мынадай құжаттарды қоса беремін:
_____________________________________________________________________
Байланыс телефоны __________________ E-mail _________________________
______________________________________________ 20__жылғы ____________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) өтінім берушінің қолы )
Қосымша: _____ парақта __________ 1 данада
ескертпе: “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді
есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу
туралы” 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы
күшіне енгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті)
мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік, заңды
тұлға қызметін тоқтатқанға дейін жарамды болып табылады.
Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын
мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Ұсынылып отырған мәліметтердің шынайылығын растаймын.

Соңғы жаңалықтар

Телефон қабылдау

8 (00000) 0 00 00