Ic – шаралар

Ic – шаралар

19.04.2018 жылы Мойынқұм ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің “Жастар ресурстық орталығы” КММ ұйымдастыруымен Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” атты мақаласы аясында “Елбасы Жолдауы – жаңғырудың жаңа кезеңі” атты ауылдық округтерде автокеруен өткізілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

11.04.2018 жылы Аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің психологы А.Сарыбаева мен заңгері Ж.Ильясованың ұйымдастыруымен “Бүгінгі қадам, ертеңгі өшпейтін із” атты пробациялық жастармен кездесу өтті.

 

06.04.2018 жылы Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” атты мақаласы аясында “Рухани жаңғыру-табысты Ел болуымыздың кепілі” атты “Жастар ресурстық орталығы” қызметкерлерінің арасында кіші футболдан облыстық турнир өткізілді.

Жергілікті жердегі жастар ахуалын анықтау бойынша Мойынқұм ауданы жастарының 2018 жылғы І тоқсан ақпараты

  1. 14 пен 29 жас аралығындағы жастардың үлесі                                                                                                                                  
Ауылдық округ атауы             Халық саны, адам Жалпы есеппен алғанда жастардың үлесі, %
Барлығы Соның ішінде 14-29 жас аралығындағылар
1 Мойынқұм

ауданы

 

32885

 

7787

 

23,7%

 

  1. Жынысына қарай жастарды бөлу
Ауылдық округ атауы 14-29 жас аралығындағы жастардың саны, адам
Ерлер Әйелдер
адам (%) үлесі адам (%)үлесі
жылдар жылдар
  2017   2018          2017         (11 ай) 2017                2018        2017             2018  
1 Мойынқұм ауданы 3878 3909 11,9% 12,0% 3951 3836 11,0% 11,6%

 

  1. Қаржыландыру көлемі
Жергілікті жастар ресурстық орталығына жалпы бөлінген қаржы көлемі (мың тенге) Іс-шаралар ұйымдастыруға бөлінген қаржы
2017 жыл  2018 жыл 2017 жыл 2018жыл
1 26млн 44 мың тг 29 млн 803 тг 1 млн. 600 мың тг 1 млн 70 мың тг

 

  1. «Жастар ресурстық орталығы» қызметі туралы

АҚПАРАТ

«Жастар ресурстық орталығының» КММ-нің штат саны Орташа жалақы Білімі
Жоғары Орта
1 26 48000 мың тг 16 10

 

  1. Мойынқұм аула клубының қызметі туралы

                     АҚПАРАТ

Мойынқұм аула клубының штат саны Үйірмелердегі бала саны
1 42 864
  1. Білім беру
Оқу орын атауы Оқу бітірген жастар саны

 

 

    2017 жыл                           2018 жыл
1 №8 Мойынқұм колледжі          124                               134

 

 

 

  1. «Нұр Отан партиясы» Мойынқұм аудандық филиалы

   «Жас Отан» Жастар қанаты туралы

Ауылдық округ атауы «Жас Отан» Жастар қанатының мүшелерінің саны

 

 

           2017 жыл          2018  жыл
1 Мойынқұм

ауданы

203

 

            203

 

 

  1. Жастар арасындағы қылмыс деңгейі
Ауылдық округ атауы 14-29 жас аралығында
барлығы 14-17 жас

аралығы

18-29 жас аралығы Үлесі, (%, +/-)
2017 2018 2017 2018 2017 2018
1 Мойынқұм ауданы 49 5 49 5 0,12%

 

  1. Жастар арасындағы неке қию және неке бұзу көрсеткіштері (16-29 жас аралығы)
Ауылдық округ

атауы

Неке қию туралы Неке бұзу туралы
2017 2018 Үлесі, (%, +/-) 2017 2018 Үлесі, (%, +/-)
1 Мойынқұм ауданы 69 28 0,8% 27 16 0,18%

 

  1. – әскер қатарында борышын өтеп жүрген жастар саны (ауылдық округ бөлінісі бойынша көрсетілу қажет);
Ауылдық округ атауы Әскер қатарына шақырылғандар саны Әскер қатарына жіберілгендер саны
1 Мойынқұм ауданы     50                      1

 

  1. NEET жастары (Жоғары және орта арнаулы оқу орындарында білім алған, 6 айдан аса уақытта жұмыс жасамаған, біліктілігін арттырмаған, атқарушы органдарда тіркелмеген 15 пен 28 жас аралығындағы жастар)
Ауылдық округ атауы NEET жастарының саны Кеңесші мамандар қызметі негізінде NEET жастары (жастар практикасына жолданғандар, уақытша, тұрақты жұмыспен қамтылғандар, жұмыссыз ретінде тіркелгендер) (нақты санын көрсету қажет) 2017 жылдың        6 айы бойынша NEET жастары саны
1 Күшаман ауылы 3 3
Барлығы      

 

  1. 14-29 жас аралығындағы жастардың әлеуметтік жағынан қорғау үлгілерін қолданғандары туралы мәлімет
Ауылдық округ атауы Жұмыссыз ретінде тіркелген жас азаматтардың саны Оның ішінде
Тұрақты жұмысқа орналасқан жастардың саны Қоғамдық жұмысқа жіберілген жастардың саны «Жастар тәжірибесіне» жіберілгендер саны

(Жергілікті бюджет есебінен)

«Жастар тәжірибесіне» жіберілгендер саны

(Республикалық бюджет есебінен)

Оның ішінде
«Жастар тәжірибесі» арқылы тұрақты жұмысқа орналасқандар саны
Мойынқұм

ауданы

30 15 5 5

 

13 . Мешітке баратын жастар туралы мәлімет

Ауылдық округтер Тұрақты жұма намазға баратын жастар саны Тұрақты 5 уақыт

намаз оқитын жастар саны

Барлығы

 

1 Мойынқұм ауданы                175                                89 264

 

  1. ЖАСТАРМЕН ӨТКІЗІЛГЕН ШАРАЛАР
Акция Сенбілік Кездесу Қайрымдылық көмек Дөңгелек үстел Байқау Спорттықұ жарыстар

 

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» асында өткізілген шаралар Мерекелік шаралар
1 10 5 15 6 14 9 12 5

 

  1. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша
Ауылдық округ атауы Ауданға келген жас мамандардың саны

 

 

          2017 жыл        2018   жыл
1 Мойынқұм

ауданы

70 маман 13 маман

 

 

Мойынқұм ауданында 2017 жылғы мемлекеттік жастар саястының іске асырылу барысы туралы

ЖАСТАР САНЫ

2015 жылдың 9 ақпанында қабылданған Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты туралы заңына сәйкес, 14-29 жасқа дейінгі азаматтар жастар санатына енгізілген. Осы орайда, ауданымызда мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға мүдделі жергілікті атқарушы органдармен, мекемелермен, білім ордаларымен бірлесе Елбасының «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты туралы заңын, «Қазақстан – 2020: болашаққа жол» мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыруды өзінің негізгі бағыты ретінде ұстана отырып, ауданымызда мемлекеттік жастар саясатын жүйелі жүргізіп келеді.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес бүгінгі күнге аудан бойынша 32 770 адам болса 14 пен 29 жас аралығындағы жастар саны, 7 866  жас бар. Яғни, жастар жалпы аудан халқының 23,7 пайызын құрап отыр. Оның ішінде халық санына шаққанда ерлер – 3982 (12,0 %), әйелдер 3884 (11,6%).

 

ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЛЕМІ ЖӘНЕ ШТАТ САНЫ

Ауданда мемлекеттік жастар саясатын іске асыру мақсатында аудандық бюджеттен  2016 жылға – 24 млн 583 мың теңге,(оның ішінде  арнайы іс-шараға 1 млн 200 мың тг)  бөлінсе, 2017 жылға. – 26 043,0 мың тг, (арнайы іс-шараға 1100,0 мың тг) бөлінді. Материалдық техникалық база. 1 жеңіл автокөлік, 1 проектор,  22 компьютер, 3 компьютерлік  жиһазбен қамтамасыз етілген. Газель автокөлігін жастарға алып беру қазан айына жоспарланып отыр.Аудан әкімдігінің білім бөліміне қарасты «Мойынқұм аула клубы» КММ 2014 жылдың қаңтар айынан бері жұмыс атқаруда. «Аула клубы» КММ-де  42 штат, үйірмелерде барлық бала саны 864. «Нұр Отан» партиясы Мойынқұм аудандық филиалы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанаты мүшелерінің  саны:  2016 ж – 493 мүше болса, 2017 ж – 203 мүше болып отыр.

БІЛІМ БЕРУ

Ауданда Мойынқұм колледжін 2016 жылы 134 студент  бітірсе, биылғы оқу жылында 124 студент  білім алуда, 2016 жылы 225 түлек ҰБТ тапсырды. Ұлттық бірыңғай тестілеуде шекті балды жинай алмаған түлектер саны – 64. 35 түлек ақылы негізінде ЖОО оқуға түсті. 25 түлек арнаулы оқу орындарына (колледж) оқуға түсті.

2017 жылдың 12 айлық есебі бойынша аудан бойынша 275 оқушы түлек, оның 260 ҰБТ тапсырады.

ЖАСТАР ЖӘНЕ ӘСКЕР

2016 жылы 95 жас әскер қатарына шақырылса 78 жас  Отан алдындағы әскери борышын өтеді.

Күзгі шақыру науқанында 45 жас шақырылып, 37 жас  әскерге жіберілді.

Шекара қызметі – 15 жас

Мемлекеттік күзет- 3 жас

Қарулы күштер- 27 жас

Ұлттық Ұлан – 14 жас

ҚРІІМ (ҚР ішкі істер министрлігі) – 19 жас

2017 жылдың 12 айында 88 жас әскер қатарына жіберілді.

Шекара қызметі – 30 жас.

Мемлекеттік күзет – 2 жас

Қарулы күштер -31 жас

Ұлан қатарына – 24

      «Дипломмен-ауылға» бағдарламасы бойынша:

2009 -2016 жылдар аралығында ауданға келген жас мамандар саны 400-ге жетіп отыр.  2016 жылы келген 77 жас мамандардың ішінде (51 білім  саласы, 24 денсаулық саласы,ветеринария саласынан 2. 2016 жылы келген жас мамандарға бөлінген көтерме жәрдемақы 11,3 млн.теңге. Ал бюджеттік кредитке тұрғын үй сатып алғандарға бөлінген қаржы көлемі 63,4 млн.тг.

        2017 жыл 25 маманға 80 млн үйге, 70 маманға котерме жәрдемақыға 11 млн бөлініп отыр.

 

ЖАСТАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ

 

     2016 жылы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне ресми 389 жас тіркелді. Тұрақты жұмысқа 307 жас орналасқан. Қоғамдық жұмысқа – 72 жас, жастар тәжірбиесі – 98, жастар тәжірбиесімен тұрақты жұмысқа орналасқан – 24 жас.

2017 жылдың 12 айында жұмыссыз – 87, тұрақты жұмысқа 432 жас орналасқан, 55 жас ақылы қоғамдық жұмысқа, әлеуметтік жұмысқа – 38 жас, жастар тәжірбиесі – 63 жас, соның ішінде 5 жас – жергілікті бюджеттен, 14 жас – республикалық бюджеттен қамтылды.

ЖАСТАР АРАСЫНДА ҚЫЛМЫС

      2016 жылы жастар арасында 41 қылмыс жасалынған.

Аса ауыр қылмыс – жоқ

Ауыр қылмыс – 3 ( 296 ст. дене жарақаты, 419 жалған ақпарат беру)

Орташа  қылмыс – 17 ( 339 ст. сексеуіл ұрлығы, жол ережесін бұзу)

Ұсақ бұзақылық – 17 ( 149 ст. алькоголдік ішімдік,ұрып соғу)

      2017 жылы 12 айда  1 ауыр қылмыс тіркелген.

НЕКЕ ЖӘНЕ АЖЫРАСУ КӨРСЕТКІШІ 

Қоғамда тағы бір алаңдатушылық тудырып отырған жастарға қатысты мәселе жас отбасылар арасында некелерін ойланбай бұзатындары болып отыр. 2016 жылы 92 жас некеге тіркеліп,  19 жас некені бұзған.

2017 жылдың 12 айда некеге тұрғандар–69 жас, ажырасқандар саны – 27 жас.

ЖАСЫЛ ЕЛ» БАҒДАРЛАМАСЫ

«Жасыл ел» еңбек жасақтарына облыстық бюджеттен: 2016 жылы 659,0 мың теңге бөлінсе (10 білімгер 1 айлық тал егу жұмыстарына тартылды). 2017 жылы (13 білімгер 2 айлық тазалық жұмыстарына сәуір, мамыр айларында  тартылды)

ЖАС МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР

Ауданда барлық мемлекеттік қызметкерлер орны штат бойынша 177. Оның ішінде нақты жұмыс мемлекеттік қызметкерлер 158, оның ішінде жас мемлекеттік қызметкерлер саны – 34 (Жылдың басында 42 бос орын болса, қазіргі таңда 18 бос орын бар,1 орын бала күтімі демалысында)  

        2017 жылдың 12 айында ауданда барлық  мемлекеттік қызметкерлер орны штат бойынша – 177. Оның ішінде нақты жұмыс мемлекеттік қызметкерлер – 164, оның ішінде жас мемлекеттік қызметкерлер саны – 47 (қазіргі таңда 17 бос орын бар)

ЖАСТАРДЫҢ ДІНИ АХУАЛЫ

 

Аудан жастары арасындағы діни ахуалда басты назарында. Шетелдік діни оқу орындарында оқып жатқан жастар саны –1 болып отыр (Түркия Республикасы Стамбул қаласында, дінтану мамандығы бойынша 2 курс оқып жатыр, 2017 жылы елге қайтаруға жұмыстар жүргізілуде)

Аты –жөні Туылған жылы Оқу орны Мамандығы

Қай курста?

Ата –анасы туралы мәлімет
1 Ақжігітов Жарбол Болатұлы 25.09.1995ж Стамбул қаласы Дінтанушы,

Ұстаз.

 

1 курста

әкесі – Тымақбаев Болат , вет. Зертхана қарауылы.

шешесі- Бейсенбекова Бұлбұл- М.Жұмабаев мектебінде еден жуушы

 

 

Аудан бойынша тұрақты мешітке жұма намазына  баратын жастар саны -175

Тұрақты 5 уақыт намаз оқитын жастар саны- 89

Мешітке баратын жастар туралы мәлімет

Ауылдық округтер Тұрақты жұма намазға баратын жастар саны Тұрақты 5 уақыт

намаз оқитын жастар саны

Барлығы

 

1 Мойынқұм 51 27 78
2 Жамбыл 12 9 21
3 Күшаман 13 7 20
4 Қызылтал 15 5 20
5 Бірлік 17 8 25
6 Кеңес 11 6 17
7 Биназар 12 8 20
8 Хантау 5 3 8
9 Шығанақ 7 4 11
10 Ақсүйек 2 1 3
11 Мыңарал 6 2 8
12 Ақбақай 3 3
13 Қылышбай 4 1 5
14 Қарабөгет 8 4 12
15 Ұланбел 7 3 10
16 Мирный 2 1 3
  Барлығы                175                                89 264

 

СПОРТ САЛАСЫ

Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ауданда барлығы 98 спорт нысандары бар, оның ішінде 1 стадион, 25 спорт алаңдары, 19 алаңдар (поля), 23 баскетбол алаңы, волейбол  алаңы 27, 3 гимнастика қалашығы  бар. Спорттық  іс-шараларды жастар арасында жандандыру мақсатында ауылдық/селолық округ әкімдерінің аппараттарына  жергілікті бюджет есебінен жастар  және спорт ісі жөніндегі 5 әдіскерлері алынып, қызметтерін атқарып келеді.

Аудан көлемінде жергілікті тұрғындардың, оның ішінде жастардың саламатты өмір салтын ұстануға, денсаулығын сақтауға ықпал етуге және спорт нысандарының қолжетімділігін арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Ауданымызда жастардың спортпен жүйелі түрде шұғылданатын 105 нысаны бар, бұл спорт нысандарының барлығында тегін қызмет көрсетіледі. Аудан халқының 6740-і бұқаралық спортпен айналысса, оның ішінде 4044 (60 пайызы)  жастар.

 

МӘДЕНИЕТ САЛАСЫ

Ауданда ауылдық клуб ғимараты – 18, оның ішінде 14-29 жас аралығында 14 жас қызмет атқарады.

ЖАСТАРМЕН ӨТКІЗІЛГЕН ШАРАЛАР

Жыл басында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»атты Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын міндеттерді ауыл жастарына түсіндіру мақсатында «Жолдау жастардан жастарға» атты ақпараттық автокеруені ауылдарды болып, ауыл тұрғындарымен кездесті.

Елбасының дәстүрлі Жолдауын насихаттау мақсатында әр сала өкілдерінен топтасқан автокеруен мүшелері тұрғындардың алуан түрлі сауалдарына жауап беріп, Жолдауда жүктелген міндеттерді бірлесе атқаруға шақырды.

Ұлттық спорт түрлерінен наурыз айында орталық тарапынан асық атудан турнир өткізілді. 9 мамыр «Жеңіс күніне» орай Көкжелек ауылы жастарының ұйымдастыруымен «Көкжелек барысы» атты қазақ күресінен аудандық турнир, Биназар, Жамбыл, Қылышбай, Күшаман ауылы жастарының  ұйымдастыруымен көкпар ойыны тұрақты өткізіліп отырады.          Сондай-ақ, «100 мейірімді іс!», «Жастар – ауылға», «Ардагерлерді ардақтайық!» сынды жобалардың шеңберінде және басқа да жоспарларды іске асыру мақсатында қоғамдық-саяси маңызы бар іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді.

Егеменді дамуының 25 жылында Қазақстан әлемнің ең дамыған 50 ел қатарына енді, 2030 Стратегиясын мерзімінен бұрын жүзеге асырып, 2050 Стратегиясын, “100 нақты қадам”: барлығына арналған заманауи мемлекет”

Ұлт жоспарын жүзеге асыруға кірісіп кетті. Сондай-ақ, осы айтулы мерекеге аудан жастары тарапынан да ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылды.

Аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің 12 айында атқарылған іс-шаралар жоспары бойынша «Ауғанның от – жалыны» атты соғыс ардагерлерінің кездесу, «Ауғанның от жалыны» тақырыбында ауған соғысы ардагерлерінің жастармен кездесу, «EXPO-2017 Қазақстанның болашағына жарқын қадам» атты жасөспірімдер арасында сурет салу сабағы, “Ана деген теңдесі жоқ ұлылық” тақырыбында «дөңгелек үстел« отырысы, “Туған жер – құтты мекен” атты кітап көрмесі, «Сенің құқықтарың мен міндеттерің» атты «дөңгелек үстел» отырысы, “Дін Ислам – діңгегім!” атты имандылық тәрбиенің құндылығы тақырыбында кездесу, «Салауатты  ұлт – Салауатты ұрпақ!» атты жас дәрігерлермен кездесу, “Тазалық тазалаған жерде емес – таза ұстаған жерде” атты жастар сенбілігі, “Дін және жастар” тақырыбында жастармен кездесу, ҚР қарулы күштеріне 25 жыл толуына орай “Отан үшін от кешкендер” атты жастармен кездесу, 7-мамыр Отан қорғаушылар күні мерекесіне орай “Айбары асқан сарбаздар” атты қорғаныс істері бөлімінің қызметкерімен кездесу, Партияның “Ардагерлерді ардақтайық” жобасы аясында Ұлы Отан соғыс ардагері Абдиров Сағашпен кездесу, “Сыбайлас жемқорлықпен күрес – баршамызға ортақ іс!”, “Мамандық таңдау – болашақты таңдау!” тақырыбында Ақбақайда экскурция, “Өткенге құрмет – мәңгілік міндет” атты жастар акциясы, 4-маусым Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне 25 жыл толуына орай велошеру, «Жастар арасында нашақорлықты алдын-алу» тақырыбында кездесу, «Мамандығым, мақтанышым» атты «дөңгелек үстел» отырысы, «Өз бизнесіңді баста» атты кәсіпкер бөлімімен кездесу, «Жеке тұлға және оны дамыту» атты семинар, «Гигиена – денсаулық кепілі» атты денсаулық саласы мамандарымен кездесу, «Есімі қасиетті тұлға» атты ауданның «Құрметті азаматы» М.Сейдалиевпен кездесу өтті. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» Елбасының бағдарламалық мақаласын түсіндіру мақсатында №8 Мойынқұм колледжі, М.Жұмабаев атындағы орта мектебі, Жамбыл мектеп-гимназиясы, Т.Рысқұлов тірек орта мектептері мен ауылдық округтің орта мектептерінде Жастар ресурстық орталығының орталық қызметкерлері мен ауылдық округтердегі жастар ісі жөніндегі нұсқаушы мамандары тиісті сала өкілдерін тарта отырып, кездесулер өткізді. Аудандық желілік кестеге сәйкес «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Денсаулықты сақтамау-аманатқа қиянат» атты жастар велошеруі, «Рухани жаңғыру –жастар тілегі» тақырыбында Дискусия, «Ата Заңым-айбыным!» атты жастар акциясы, «Тарихы терең Мойынқұм» атты жастар экскурсиясы,  қарттарға көмек көрсету мақсатында «Ардагерлерді ардақтай!» атты қайрымдылық акциялары өткізілді. Алдағы уақытта «Атадан аманат-ұрпаққа ұлағат» атты аудандық ақсақалдар байқауын өткізу жоспарлануда.

2017 жылы 12 айда «Жастар ресурстық орталығы» тарапынан  өткізілген шаралар саны – 160

Акция – 36

Сенбілік – 23

Түнгі рейд – 5

Кездесу – 29

Қайырымдылық көмек –6

Дөңгелек үстел – 14

Байқау – 3

Спорттық жарыс-9

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

аясында өткізлген шаралар – 15

Басқада мерекелік шаралар – 23

Соңғы жаңалықтар

Телефон қабылдау

8 (00000) 0 00 00