Аудан әкімі аппаратының басшысы
Оразымбетов Сәбит Мәденұлы
1955жылдың 26 қарашасында Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Бірлік ауылында дүниеге келген. 1977 жылы Самарқанд ауылшаруашылығы институтын оқымысты-зоотехник «каракулевод» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1977 жылы Мойынқұм ауданы Айдарлы совхозында зоотехник-селекционер болып бастаған.
1979-1984 жылдары Мойынқұм аудандық комсомол комитетінің екінші хатшысы;
1984-1985 жылдары Мойынқұм аудандық партия комитетінің ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы;
1985-1988 жылдары Мойынқұм аудандық партия комитетінің ауылшаруашылығы бөлімінің нұсқаушысы;
1988-1989 жылдары Мойынқұм аудандық партия комитетінің ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы;
1989-1990 жылдары Мойынқұм аудандық партия комитетінің іс жүргізу секторының меңгерушісі;
1990-1991 жылдары Мойынқұм аудандық партия комитетінің жалпы бөлімінің меңгерушісі;
1991-1992 жылдары Мойынқұм аудандық атқару комитетінің жоспарлау бөлімінің экономисі;
1992-1995 жылдары Мойынқұм ауданы әкімшілігінің жалпы бөлімінің меңгерушісі;
1995-1996 жылдары Мойынқұм ауданы әкімшілігі аппаратының жетекшісі;
1996-1998 жылдары Мойынқұм ауданы әкімшілігі аппаратының жетекшісі аудан әкімінің орынбасары
1998-1999 жылдары Мойынқұм ауданы әкімінің орынбасары;
1999-2000 жылдары Мойынқұм аудандық тіл басқармасының бастығы;
2000-2009 жылдары Мойынқұм ауданы әкімі аппаратының жетекшісі;
2009-2010 жылдары Мойынқұм ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы;
2010-2012 жылдары Мойынқұм ауданы әкімдігінің білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі бастығының орынбасары;
2012-2015 жылдары Мойынқұм аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің басшысы
2015 жылдың 13 шілдесінен аудан әкімі аппаратының басшысы атқарады:
Ұзақ жылғы жетістікті еңбегінің арқасында ол өзін осы саланың білекті маманы ретінде көрсете білді.
Кішіпейілділік, қиындықтарды жеңе білудегі тәжірибесі мол мінезі ұстамды.
Отбасында 3 бала өсіріп, тәрбиелеп және аудандағы үлгілі отбасының бірі.