Қоғамдық кеңес

Қоғамдық кеңес

Құрметті Мирный ауылының тұрғындары!

       Елбасының тапсырмасына сәйкес, республика бойынша идеологиялық тұрғыда ескірген атауларды тарихи жер-су атаулары және ұлттық танымға жақын дәстүрлі атаулармен өзгерту жөнінде тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында ағымдағы жылдың 2018 жылы сәуір айының 2 жұлдызы  күні   Мирный ауылындағы мән-мағынасы идеологиялық тұрғыда ескірген көше атауларын қайта атау бойынша ауыл тұрғындарын жиынға шақырамыз!

          Өтетін жері: ауыл әкімдігінің мәжіліс залы, сағат 16:00

                                                                                  Мирный ауылы әкімінің аппараты

Уважаемые жители села Мирный!

     По поручению главы государства, по республике идет работа по переименованию идеологически устаревших наименований на исторические и традиционные названия земель и т.д. Приглашаем 2 апреля 2018 года  на собрание по поводу переименования идеологически устаревших наименований улиц села Мирный.

        Место проведения сельский акимат, актовый зал в 16:00

                                                                                             Аппарат акима села Мирный

Мойынқұм ауданы Мирный ауылы

    № Көшенің бұрынғы атауы Жаңа атаудың жобасы Көше ұзындығы Мағынасы
1 Абылайхан Абылайхан 800 метр өзгеріссіз
2 Ленина Жібек жолы 700 метр Тарихи жол атауы
3 Шахтопроходческая Балхаш 330 метр Көл аты
4 Комсомольская Жастар 330 метр Тұлғалар
5 Коммунистическая Жеңіс 330 Ұлы жеңіс
6 Пирогова Бейбітшілік 350 Тыныштық
7 Жамбыл Жамбыл 800 Өзгеріссіз
8 Строительная Құрылысшылар 400 Аударма
9 Пионерская Достық 400 Татулық бірлігі
10 Абай Абай 500 Өзгеріссіз
11 Октябрьская Тәуелсіздік 700 Ұғым
12 Космонавтов Ұшқыштар 700 мамандық
13 Гагарина Кеншілер 700 мамандық

 

                                          Түсініктеме

Жібек жолы- Тарихи ұлы керуен жолы

Балхаш көлі Мирный ауылына жақын көл, дүниежузіндегі ірі көлдің бірі

Жастар- Болашақтың тұлғалары

Жеңіс- Ұлы жеңістің құрметіне

Достық- Ынтымақпен татулықтың белгісі

Бейбітшілік-Адамдар мен мемлекеттер арасындағы достық қарым-қатынас, тыныштық, қауіпсіздік,тыныш өмір

Тәуелсіздік-Еркіндік,азаттық,ешкімге тәуелді болмау

 

                                      Мирный ауылы туралы тарихи

                                                           АНЫҚТАМА

    Мирный ауылы аудан орталығынан 150 км. қашықтықта орналасқан.

1954-55 жж. Мирный ауылы аумағының жер асты қазба байлықтарын зерттеген. Зерттеу нәтижесінде 2-уран кен орны табылған. 1955 жылы

№21 геологиялық зерттеу партиясының (ГРП) шағын ауылы соғылды.

1960 жылы Мирный ауылы құрылды. Алғашында жаппа үйлер соғылды. Олардың құрылысымен әр-түрлі қылмыстары үшін сотталған азаматтар айналысқан. Ауыз су құбырын 1962 жылы Хантау бөктерінен тартқан .

Ленина, Строительная, Пионерская, Пирогова көшелері алғашқылары болып соғылған.

1999 жылы Мирный кентінде 1824 адам тұрған.

2009 жылы Мирный кентінде 841 адам, 2018 жылы Мирный ауылында 802 адам тұрады,оның ішінде қазақ-337, орыс -413, украин- 15, неміс-10, татар-10, қырғыз-1, басқада ұлт 17 адам болды.  Ауылдың жер көлемі 362 гектар.

Ауылда 1 мектеп, 1 шағын орталық ,1 фельдшерлік дәрігерлік тірек,

1 кітапхана, пошта бөлімшесі қызмет көрсетеді. В.Терешкова атындағы орта мектеп 1967 жылы соғылған. Онда 100 оқушы оқиды. Мектепте 29 мұғалім жұмыс істейді. Шағын орталықта 5 адам жұмыс істейді. Онда 2 топта 25 бала тәрбиеленуде. Ауылда барлығы 7 шағын кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді. 1 шаруа қожалығы бар.

Ауыл бойынша мал басы МІҚ-49, қой-ешкі-2703, жылқы-72, құс-165 бас.

Ауылдағы кітапхана қорында 13900 дана кітап бар. Ауылда 13 көше бар.

Последние новости

Телефон приемной

8 (00000) 0 00 00