Мінез-құлық қағидаларының орындалу барысы туралы отырыс өткізілді

Мінез-құлық қағидаларының орындалу барысы туралы отырыс өткізілді

Мойынқұм ауданы әкімдігінде аудан әкімінің аппарат басшысы –Әдеп жөніндегі уәкіл Наметқұлов Амангелді Наметқұлұлының төрағалығымен мемлекеттік қызметшілердің әдептілік нормаларының және мінез-құлық қағидаларының орындалу барысы туралы отырысы өткізілді. Жиынға аудандық маслихаттың аппарат басшысы мен мамандары, округ, ауыл әкімдері, бөлім басшылары мен олардың кадр сұрақтары бойынша мамандары қатысты. Күн тәртібінде
— Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез –құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» №153 Жарлығы туралы, Қазақстан Республикасының Премьер-министрі кеңсесі басшысының «2018 жылғы 12 қазандағы №772 Жарлықтың 88—тармағы» бойынша ақпараты туралы;
-Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысындағы әдеп жөніндегі кеңестің 2019 жылдың 31 қаңтарында «жұмыс уақыты аяқталған соң үстеме жұмыстарға жол беретін мемлекеттік органдарды анықтау мақсатында жасалған талдаудың қортындысы туралы» өткен кеңес туралы;
— Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысындағы әдеп жөніндегі кеңестің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы №3-4/43 шешімі бойынша жұмыс уақыты аяқталған соң үстеме жұмыстарға жол беретін мемлекеттік органдарды анықтау мақсатында жасалған талдаудың қортындысы туралы;
— Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақытынан тыс істелетін жұмысқа,демалыс және мереке күндеріндегі жұмысқа тартудың тәртібіне қатысты» түсініктеме хаты туралы;
— Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «Мемлекеттік қызметшілердің іскерлік киімі туралы негізгі ұсынымдары» туралы
-Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы негізгі ұсынымдары туралы;
— «Жамбыл –адалдық алаңы» жобасы туралы (жеке жауапкершілік) туралы кеңінен баяндап берді.
Жиынға қатысқандар сұрақтарымен тиісті жауаптарын алды.

Последние новости

Телефон приемной

8 (00000) 0 00 00