Қабылдаудың берері көп

25 Июнь 2019

Қабылдаудың берері көп

Өткен аптада «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының кеңсесінде аудан әкімі Мәден Тоқтарбайұлы Мұсаев аудан тұрғындарын өз өтініштері бойынша қабылдады. Қабылдауға аудан әкімінің орынбасарлары Бақытжан Есеев, Бақытжан Қалымбетов, аудандық мәслихаттың хатшысы Шахикерім Исабеков, аудан әкімінің кеңесшісі Ғаният Қашқымбеков, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Манарбек Көшкімбаев, тиісті бөлім, мекеме басшылары, қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Қабылдауға келген әр азаматты мұқият тыңдаған аудан әкімі Мәден Мұсаев әр келушінің жеке басындағы түйіні шешілмей тұрған түйіткілді мәселелеріне түсіністікпен қарап, кейбіреуінің өтініштерін сол жерде шешіп, әлде біреулерін мекеме басшыларына мұқият зерделеуді тапсырды. Ал қайсыбіреулерінің талап-тілектері, өтініштері еліміздің қолданыстағы заң талаптарына сай жіті қаралып, тиісті жауабы берілетіндігі айтылды.

Қабылдаудың берері көп

Последние новости

Телефон приемной

8 (00000) 0 00 00