ҚАРТТАРДЫ ҚАДІРЛЕЙ БІЛЕЙІК

4 Октябрь 2019

ҚАРТТАРДЫ ҚАДІРЛЕЙ БІЛЕЙІК

Мойынқұм аудандық Ж.Қуанышбаев атындағы музейінде  Халықаралық қарттар күніне  орай  еркін тақырыпта тәрбие сағаты өтті. «Өнер және қосымша білім беру» мектебі «Қарттарым –асыл қазынам» атты тәрбие сағатын өткізді. Баяндаманы Аяулы Аяпбергенова оқып, қазыналы қариялар жайлы мағлұматтар берді. Жүргізуші Жанар Қоңыратбаева  мақал –мәтелдер айта келе, оқушыларға ән кезегі берілді.«Ақниет» театр  үйірмесінің  жетекшісі  Айша Мумееваның ұйымдастыруымен оқушылар Жанель Алпысбай, Жанасыл Жарылқасын, Нұрайым Төлеген, Алтынай Жарылқасын, Нұрайым Серғалилар өлеңнен  шашу шашты. Шақырылған қонақтарға гүлден сый –сияпат жасалып, музейде қойылған көрмеге М.Қанқожаева шолу жасады.Сонымен қатар  Жамбыл ауылындағы Абай атындағы орта мектебінің  оқушылары «Қарттарын қадірлеген-ел ардақты» атты көрмеге экскурсия жасады.

Последние новости

Телефон приемной

8 (00000) 0 00 00