ҚАЗЫНАЛЫ ҚАРТ

1 Октябрь 2019

     ҚАЗЫНАЛЫ ҚАРТ

  Елімізде 1 қазан — Халықаралық қарттар күні ретінде жыл сайын аталып келеді. Бұл күні ардагерлерге барынша көңіл бөлініп, төл мерекелерімен құттықтауды да мойынқұмдықтар әсте естен шығарған емес. «Араздасып ағайын кетер еді, бір қария болмаса бір ауылда»,- деп мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаев айтқандай, расында қарияларға құрмет көрсету бұл әрқайсымыздың алдымыздағы үлкен міндет екені даусыз. Осы тұрғыда ауданымыздағы жалғыз Ұлы Отан соғысының ардагері, биыл 97 жасқа толып отырған шығанақтық еңбек және соғыс ардагері Сағаш Әбдіровтің  есімі елге елеулі, халқына қалаулы екені сөзсіз.

Сағаш ата 1922 жылы ауданымыздың  Бурылбайтал ауылында дүниеге келген. Жастайынан еңбекке жан құмартып өскен қарияның соғыс жылдарында да ел үшін еткен еңбектері ерен. Ол «Кавказды қорғағаны үшін», Маршал Жуковтың 100 жылдық және басқа да мерекелік мадальдармен, Астананың 10 жылдың медалімен, 2 дәрежелі Ұлы Отан соғысы және «Жеңіс» ордендерімен марапатталған.

Сұрапыл соғыс аяқталғаннан кейін де еңбек етуден қол үзбей, мектепте ұстаздық етіп, оқу ісінің меңгерушісі, мектеп директоры, ауылдық Кеңестің төрағасы қызметтерінде абыроймен атқарды. Зейнетке шыққаннан кейін  ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы бола жүріп жас ұрпаққа тәрбие беру жолында көп еңбек сіңірді. Зайыбы Әлипа анамыз екеуі 10 баланы тәрбиелеп, өсірді. Қазыналы қарттың жасы 100-ге жақындаса да әлі де тың, ширақ. «Көпті білгеннен емес, көпті көргеннен сұра» демекші Сағаш ата Әбдіров бүгінде ауыл жастарына аталық ақылын, кеңпейілділікпен кеңесін һәм ақ батасын беріп жүрген абыз қария.

Біз атамызды бүгінгі қарттар күні мерекесімен құттықтап, зор денсаулық, отбасы амандығын тілейміз.

Уалихан ЖАЙЛАУ,

Последние новости

Телефон приемной

8 (00000) 0 00 00