ҚЫЗМЕТ ЕТУГЕ ШАҚЫРАМЫЗ

15 Август 2019

ҚЫЗМЕТ ЕТУГЕ ШАҚЫРАМЫЗ

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарына келісім-шарт бойынша солдат-сержанттарды жасақтау мақсатында аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі запастағы офицерлер мен солдат-сержанттар арасында қызмет етуге іріктеуде. ҚР ҚМ-нің 2012 жылы 16 ақпанында шыққан «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» заңының 6- тарауы 37, 38 –баптарына сәйкес тілек білдіргендер арасынан іріктеу жүргізіледі. Әскери қызметтің артықшылықтары туралы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» заңының 8-тарауы 44-бабы, әскери қызметшілерді әлеуметтік қамсыздандыру және 45-бабы әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету, ақысыз медициналық қамтамасыз ету және басқа да артықшылықтарының бар екендігі көрсетілген.
Құрметті ауданның запастағы офицерлері және солдат-сержанттары Сіздерді Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарына қызмет етіп, Отан қорғау ісіне ат салысады деп сенеміз. Тілек білдірген запастағы офицерлер солдат-сержанттарды аудандық қорғаныс бөлімінде күтеміз. Байланыс телефоны: 2-44-85.

Последние новости

Телефон приемной

8 (00000) 0 00 00