ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚОЗҒАЛҒАН

4 Октябрь 2019

ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚОЗҒАЛҒАН

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйектегі Жолдауында қазіргі белең алып отырған әлемдік мәселелерге көңіл бөле отырып, адам санасының тұманданып, неше түрлі қылмыстың белең алып бара жатқандығын, біздің елімізге де ұшқынын тигізіп жатқан есірткі бизнесі, жеке адамдар мен балаларға көрсетіліп жатқан зорлық-зомбылықпен күресудің маңыздылығын баса айтты. Санасыз әрекеттерге баратын қылмыскерлерге кез келген саналы азамат қарсы тұрып, жол бермеуі керек, бұл үшін тек құқық қорғау органдары  ғана емес бүкіл қоғам болып күресуге мүдделіміз.Мемлекет тарапынан ұстаздар да қолдау көретін кез жетті. Сондықтан білім саласындағы Президент көтерген бастама, игі қадам нақты шынайы түрде іске асқаны жөн. Бұл арнайы заңдармен бекітілуі қажет. Келесі бір мені ойландыратын мәселе – мемлекеттік тілдің жайы. Қазіргі кезде тіліміздің халық арасындағы сұранысы мүлдем төмен деңгейде. Кез келген  басшы әлеуметтік мектепке сұранысын сараптап, бұл мәселені біліп отыр.Экологиялық  болсын, экономикалық болсын, кез келген саладағы заңды құжаттар өмір талабына сай, мемлекет болашағын, ұлттың, ұрпақтың болашағын қамтуы керек.

Меруерт ТӘШЕЕВА,

Қ.Рысқұлбеков атындағы

орта мектебінің мұғалімі.

Бірлік ауылы.

Последние новости

Телефон приемной

8 (00000) 0 00 00