АРПА ТҮСІМІ МОЛ БОЛДЫ

27 Август 2019

АРПА ТҮСІМІ МОЛ БОЛДЫ

Былтыр аудан бойынша 3125 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімі егілсе, биыл 5074 гектар жерге жаздық арпа, дәндік жүгері, тары, күнбағыс, картоп, көкөніс және бақша дақылдары мен көпжылдық шөптер егілген. Аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің ақпаратына сәйкес, бүгінгі күні масақты дәнді дақылдардың ішінде арпаға орақ түсіп, 541,5 гектар жердің арпасы орылып, одан 865 тонна өнім алынды. Бұдан өткен жылмен салыстырғанда биыл өнім едәуір артқанын байқауға болады. Атап айтқанда, округтер бойынша астық оруға жұмылдырылған екі комбайн Кеңес ауылынан 140,5 гектар жерден 253 тонна, Бірлікте 114,2 га. -194 тонна, Биназарда 80 га. – 128 тонна, Қызылталда – 88 га.– 123 тонна, Қызылотауда – 98,8 га. – 138 тонна, Мойынқұм ауылдық округі – 20 га. – 28 тонна өнім алынды.
Аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Қызыр Елеусізовтің айтуынша, ауданның биылғы тағы бір жетістігі аудан әкімінің тікелей ықпалымен егін даласына жүйелі түрде жүгері егуге жете көңіл бөлінгендігі болып отыр. Яғни мал шаруашылығы дамыған ауданда 1000 гектардан астам жерге дәндік жүгері егілгені баршаға аян. Бүгін¬де үлкен сұраныс туғызып отыр¬ған сол жүгерінің шығымы өте жоғары. Ал бұл мойынқұмдық шаруалар үшін таптырмас мал азығы болатындығы анық. Ауданға басшы болып келе салысымен бірден егістікке ерекше бетбұрыс жасаған Мәден Мұсаевтың суармалы егістік жұмыстары бойына қан жүгіртіп, диқандар жұмысына жан бітіргені жасырын емес. Ендеше, егін егуге білек сыбана кіріскен мойынқұмдық дихандар үшін биыл «егістік жылы» болып, еккен өнімдерінен еселеп өнім алуларын тілейміз.

Последние новости

Телефон приемной

8 (00000) 0 00 00