Аудан әкімі Мәден Мұсаевтың аудан тұрғындарын ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы

30 Август 2020

Аудан әкімі Мәден Мұсаевтың аудан тұрғындарын ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы

Ардақты аудан тұрғындары, қадірлі қауым!
Баршаңызды еркіндігіміз бен елдігіміздің кепілі болған Қазақстан
Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мерекенің маңызы зор, мәні терең. Себебі, Ата Заң бағыт алып,
басшылық жасайтын темірқазығымыз. Дәл осы күні еліміздің басты
төлқұжаты қабылданып, тарихи таңдау жасалған. Конституция бүгінде
барлық Заң негіздерінің бастауы және адам құқығы мен бостандығының
кепіліне айналды. Биыл Конституциямызға 25 жыл толып отыр.
Басты құжатымыз қолданысқа енгізілген сәттен бастап еліміз
тұрақты даму жолына түсіп, әлемнің алпауыт елдерімен терезесін
теңестірді. Тұрақтылық пен берік бірлігіміздің нәтижесінде Қазақстан
халқы айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізіп, биік белестерді
бағындырды.
Біз әрдайым жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін мұқият
қарап, жіті зерделеу жұмыстарын жүргіземіз. Азаматтардың құқықтық
сауатын арттыруда түрлі кеңес беру алаңдары мен мемлекеттік
көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесін ұйымдастыруды дәстүрге
айналдырдық. Осы бағыттағы жұмыстың барлығы Ата Заңымыз белгілеп
берген заңнамаларға сүйеніп атқарылады.
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлы «Тәртіпсіз ел болмайды,
тәртіпке бас иген құл болмайды» деп заңға бағынып, тәртібі түзу ел
болуға шақырған. Ата –бабаларымыз да Қасым ханның қасқа жолын,
Есім ханның ескі жолын ұстанып, әз Тәукенің «Жеті жарғысына»
бағынғанын тарихтан жақсы білеміз. Біз де бабалар салған сара жолмен
заң қағидаларын жадымызда ұстасақ, келешегіміз кемел болары анық.
Қазақстанның әр азаматы елдің рәміздерімен бірге Конституциясын
да ардақтап, қастерлеуі тиіс. Сондай-ақ оның әр бабын, әрбір тармағын
жаттап, өзін құқықтық тұрғыда сауатты, құқығы қорғалған мемлекеттің
азаматы сезінуі тиіс.
Құрметті жерлестер, қымбатты ағайын!
Сіздерді тағы да Қазақстан Республикасының Конституциясына
ширек ғасыр толу мерекесімен құттықтаймын! Елімізге есендік, әр
шаңыраққа шаттық, ырыс пен ынтымақты ғұмыр тілеймін. Ел іргесі
даудан, шекарамыз жаудан аман болып, келешегіміз кемелдене берсін!

Последние новости

Телефон приемной

8 (00000) 0 00 00