Аудан әкімі М.Мұсаевтың медицина қызметкерлері күнімен құттықтауы.

22 Июнь 2020

Аудан әкімі М.Мұсаевтың медицина қызметкерлері күнімен құттықтауы.

Аудан әкімі М.Мұсаевтың медицина қызметкерлері күнімен құттықтауы.  Құрметті ақ халатты абзал жандар, денсаулық сақтау саласының ардагерлері!  Сіздерді мерекелеріңіз- медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл өмірде адам денсаулығы баға жетпес байлық. Сондықтанда адам жанының арашашысы саналатын дәрігерлер атқаратын жұмыстың ауқымы кең, жауапкершілігі жоғары. Кез-келген азамат басы ауырып, балтыры сыздаса дәрігерлерден көмек күтеді. Ал ақ халатты абзал жандар болса тәуліктің кез-келген уақытында науқастардың жанынан табылып, алғашқы көмегін көрсетуге даяр тұрады. Адамның денсаулығы – қоғамның тірегі, қоғамның байлығы. Ал бай қоғам – жарқын болашақ екені талас тудырмасы анық.  Тұңғыш Президентіміз, Елбасы Н.Назарбаев «Біз аурудың алдын алуға шындап кірісіп, бастапқы медициналық-санитарлық жәрдемнің сапасын арттыруымыз керек. Профилактикалық жұмыстарды сауатты ұйымдастырған жағдайда ерте сатыда-ақ аурулардың алдын алуға болады. Бірінші кезектен олар балалар, жасөспірімдер, бала туу жасындағы әйелдер» деп атап көрсеткен болатын. Бұдан басқа да әр жылдардағы жолдауларында Елбасы еліміздегі салауатты өмір салтын қалыптастыру туралы айтып келеді. Бұл ретте аудандық орталық аурухана мен жергілікті жерлердегі дәрігерлік амбулатория қызметкерлері де айтарлықтай іс атқарып, оңды нәтижелерге қол жеткізуде.  Біздің елімізде әсіресе ана мен бала денсаулығы басты назарға алынған. Ана тіршіліктің гүлі, өмірдің нұры болса, бала болашақтың тірегі екенін ешқашан естен шығармауымыз керек.  Құрметті медицина саласының қызметкерлері! Сіздерді төл мерекелеріңізбен тағы да құттықтап, еңбектеріңізге толағай табыс, отбасыларыңызға амандық тілеймін.

Последние новости

Телефон приемной

8 (00000) 0 00 00