Аудан әкімі М.Мұсаевтың Мемлекеттік қызметші және Полиция күні мерекелерімен құттықтауы.

23 Июнь 2020

Аудан әкімі М.Мұсаевтың Мемлекеттік қызметші және Полиция күні мерекелерімен құттықтауы.

Құрметті мемлекеттік қызметшілер мен полиция қызметкерлері!  Мемлекет қызметінің маңыздылығы мен қажеттілігі ескеріле отырып, 2013 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығына сәйкес, 23 маусым — Мемлекеттік қызметшілер күні болып бекітілгелі лайықты аталып келеді.  Заң аясында қалыптастырылған ережелерге сәйкес, халық тарапынан орындалуды қажет ететін бірқатар негіздемелерді түсіндіре отыра іске асырып, бағыттау да қоғам жаңашылдығының көрінісінен сипат беретінін білесіздер. Осы тараптан мемлекеттік қызметкер абыройлы міндет иесі деп бағалауымыз артық емес. Ел дамуы жолында бірқатар салалардың басын біріктіріп, әлеуметтік мәнге толы шараларды, экономикалық алға басы қадамдарын жұмыла атқаратын әкімшілік тарапындағы кызметкерлер. Сіздердің тынымсыз еңбектеріңіз аудан гүлденуі мақсатында аткарылған мәселелердің көрінісі, нәтижесі деп ұғынуға болады.  Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай келе, ұлтымыздың бірлігі мен берекесі үшін орындалып жатқан істеріңізге сәттілік, табыс тілей отырып, отбасыларыңызға амандық, ынтымақ тілеймін. *** Құрметті полиция қызметкерлері!  Өмірде орын алып жаткан түрлі оқиғалардың мән-жайын анықтап, түбегейлі зерттеп, тиісті шараларды қолданатын, ақ пен қараны ажыратушы беделді, мамандық иесі сіздер деп білемін.  Еліміз өткерген қиын-қыстау эпидемия кезінде бір кісідей атсалысып, қызмет бабын бұлжытпай орындаған, ел тыныштығы үшін тік тұрып екі есе қызмет жасаған сіздердің еңбектеріңіз қашан да марапатқа лайықты.

Последние новости

Телефон приемной

8 (00000) 0 00 00