Аудандық Ардагерлер және Қоғамдық Кеңестің аудан мекемелері, ұйымдары, өндіріс орындары мен шаруа қожалығы жетекшілері, кәсіпкерлерге арнаған ҮНДЕУІ

25 Июнь 2019

Аудандық Ардагерлер және Қоғамдық Кеңестің аудан мекемелері, ұйымдары, өндіріс орындары мен шаруа қожалығы жетекшілері, кәсіпкерлерге арнаған ҮНДЕУІ

amor
Биылғы жылы доллар бағамының күрт өсуі халықтың жағдайына көп әсер етіп отыр. Мұның зардабын біздің аудан тұрғындары да тартуда. Басқада заттармен бірге күнделікті қажетті азық-түліктердің қымбаттауы көп балалы, аз қамтылған отбасыларға қиындық туғызуда. Бұл ретте аудандағы аз қамтылған отбасы, жетім, жесір жандарға көмек қолымызды созып, бүгінгі қиындықтан алып шығу – біздің азаматтық парызымыз болмақ.
Қасиетті Рамазан айында ауданымызға танымал азамат, «Үркер» шаруа қожалығының жетекшісі, аудандық мәслихаттың депутаты Бәкір Исабеков бауырымыз осындай қиналған, аз қамтылған отбасыға үй сатып әперіп, азаматтық танытты. Бұған ол отбасы ғана емес, көпшілік қуанды. Енді міне көмек қолын созатын осындай қолы ашық, жүрегі жомарт жандар табылып жатса нұр үстіне нұр болар еді.
Ауданымызда жұмыс істемейтін, басында баспанасы жоқ, бірнеше бала тәрбиелеп отырған аз қамтылған отбасы, жалғыз басты аналар бар. Ал оларға ел болып жәрдемдесуіміз керек. Бұл ретте ауданымыздағы барлық мекеме, ұйым жұмысшы-қызметкерлері, сондай-ақ аудан көлеміндегі өндіріс орындары ұжымдары мен жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалығы жетекшілері өздерінің бір күндік айлық-жалақыларын аз қамтылған отбасыларға көмек ретінде өз еріктерімен аудандағы «Шапағат» қорына аударуын сұраймыз.
«Жетім көрсең – жебей жүр»-демекші біз өзіміздің қасымызда жүрген аз қамтылған отбасыларды назардан тыс қалдырмайық. Жиналған қаржы арнайы құрылған комиссия арқылы тиісті отбасыларға берілетін болады.
Құрметті ағайын! Ауданымызда ауызбіршілік танытып, қиналған жандарға көмек қолын созайық. Сауабы мол шарадан тыс қалмайық.

Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы
«Шапағат-ХХІ» қоғамдық қоры
РНН: 210700001800
ИИК:KZ14563 H 350000000644
БИК: KPSTKZKA
БИН:010540017231
АО «Казпочта» г.Алматы.

Последние новости

Телефон приемной

8 (00000) 0 00 00